Банк балансының активі мен пассивін теңгерімді басқару арқылы өтімділікті қамтамасыз ету бағыттары


Мазмұны
Кіріспе . . . 6-7
1 Коммерциялық банк балансының құрылуы мен қалыптасуының
теориялық негізі . . . 8-22
1. 1 Коммерциялық банктердің балансы және оның құрылымы . . . 8-11
1. 2 Коммерциялық банктің балансы: балансты талдау және
оның мақсаттары . . . 11-16
1. 3 Коммерциялық банк балансының өтімділігі және оқыту әдістемесі . . . 17-22
2 «Темірбанк» АҚ-ның баланстық есеп берулерін талдау . . . 23-43
2. 1 «Темірбанк» АҚ-ның ұйымдастырылу құрылымы . . . 23-26
2. 2 Банктің активті және пассивті операцияларына баға беру . . . 26-33
2. 3 Банктің бағалы қағаздар операцияларын талдау . . . 33-35
2. 4 Банктің кірістері мен шығыстарын талдау . . . 35-41
2. 5 «Темір банк» АҚ-ң өтімділігіне баға беру . . . 41-43
3 Банк балансының активі мен пассивін теңгерімді басқару арқылы
өтімділікті қамтамасыз ету бағыттары . . . 44-
3. 1 Банк өтімділігін басқару қызметін жетілдіру жолдары . . . 44-50
3. 2 Коммерциялық банктер қызметінің табыстылығын
дамыту перспективалары . . . 50-57
Қорытынды . . . 58-59
Қолданылған әдебиеттер . . . 60-61
Қосымшалар
Кіріспе
Коммерциялық банктер, ең алдымен, спецификалық ұйымдар ретінде көрінеді, бір жағынан олар шаруашылықтардың уақытша бос қаржыларын өзіне тартады, ал екінші жағынан тартылған қаржылар есебінен кәсіпорындардың, ұйымдардың және тұрғылықты халықтың әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандырады. Банктердің және тауарлы - ақшалай қаржы- қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардан капиталдарын, халықтың жинақтарын және шаруашылық қызметін үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.
Дипломдық жұмысымның өзектілігі-бос ақша қаражаттарын неғұрлым көп жұмылдыру және оларды банктің оптималды активтеріне орналастыру. Осыған байланысты банк өз кірістері мен шығыстарын қадағалап, бақылап отыру мақсатында қаржы есеп берулерін жүзеге асырады. Мұндай есеп берулер белгілі бір құжаттар негізінде жүргізіледі. Олардың ең негізгісі болып бухгалтерлік баланс табылады.
Бухалтерлік баланс толық ретте банк жүргізетін операцияларды көрсетуі қажет және басқару шешімін қабылдау үшін база болып табылады.
Банктік баланс коммерциялық ақпарат құралдарына жатады және оперативтілік, нақтылық, ақиқаттық талаптарға сай жасалуы керек.
Банк бухгалтерлік балансы екі бөлімнен тұрады: активті және пассивті операциялар.
Активті операциялар - бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруда жүзеге асыратын операцияларды білдіреді.
Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады. Сондықтан да пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі ролі жоғары.
Пассивтік операциялар - бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің ресурстарын қалыптастыру операциялары болып табылады. Пассивтік операциялары - нәтижесінде пассивтік шоттағы немесе активті пассивтік шоттағы қаражаттардың өсуін, яғни пассивтік активпен арту формасын сипаттайтын операциялар білдіреді.
Жұмыстың зерттеу объектісі болып «Темір банк» акционерлік қоғамының бухгалтерлік балансы табылады.
1 Коммерциялық банк балансының құрылуы мен қалыптасуының теориялық негізі
1. 1 Коммерциялық банктердің балансы және оның құрылымы
Егер банктік есеп берушілік туралы толық түсінікке ие болатын болсақ, коммерциялық банк сипаттамасы соғұрлым толық және аяқталған болып саналады. Банктік есеп берушіліктің белгіленуі - бұл банк қызметі туралы толық сенімді қамтамасыз етуді; инвесторларға, кредиторларға, бүкіл мүдделілік танытқан органдарға түсінікті жедел ақпараттар беруді, кірістер, операциялардың көлемі мен тәуекелдер туралы бекітулерді білдіреді.
Коммерциялық банктің қаржылық жағдайын бағалау үшін банктің қызметі туралы жеткілікті ақпараттарға ие болуы қажет. Банктің жылдық есебі осындай ақпараттардан тұрады, ал оны бүге - шігесіне дейін талдау үшін бухгалтерлік есеп деректері пайдаланылады.
Әлемдік тәжірибеде банктің қаржылық есеп беру үлгілері (формалары) мынандай негізгі құжаттар арқылы берілген: баланс, пайдалар мен шығындар туралы есеп, қаржыландыру көздерінің қозғалысы туралы есеп, акционерлік капитал туралы есеп, балансқа және өзгелерге түсіндірме.
Банктің балансы ақшалай түрде көрсетілген коммерциялық банк ресурстарының жағдайын, оларды қалыптастыру көздері мен пайдалану бағыттарын, сондай - ақ есепті мерзімнің басы мен аяғындағы банк қызметінің қаржылық нәтижелерін сипаттайды.
Баланс деректері бойынша ақша ресурстарын қалыптастыру мен оны орналастыруға, бағалы қағаздар нарығын қоса отырып, несиелік, есеп айырысу және өзге де банк операцияларының жағдайына бақылауды жүзеге асырады. Коммерциялық банктің баланстары олардың есеп беруінің басты бөлігі болып саналады. Оларға талдау жасау банктердің өтімділігін (ликвидтілігін) бақылауға, банктің қызметін басқаруды жетілдіруге мүмкіндік береді. /20/
Коммерциялық банктер жылдық баланс деректерін және пайдалар мен зияндар туралы есептерді заңдық тәртіпте жариялап отырулары тиіс. Қазақстанның бүкіл коммерциялық банктерінің біріккен балансы тұтастай экономиканы және әр облыс пен аймақтардың жағдайын сипаттауға мүмкіндік береді. Банктердің баланс деректері ҚР Ұлттыұ банкінің ақша - несие саясатының негізгі бағыттарын әзірлеп - жасауы үшін негізгі көздер болып саналады.
Банктер балансының құрамы мен құрылымы олардың қызмет сипаты мен өзіне тән белгілеріне, банк операцияларында пайдаланылатын бухгалтерлік құрылу қағидаларына қатысты болады
Банк балансының базалық формасы:
Активтер=Міндеттеме+ Меншікті капитал
Банк активтері мен міндеттемелері негізі бойынша топтастырылатын баланстық есепті тапсырады және олардың салыстырмалы түрдегі өтімділігін көрсететіндей ретпен санамалап тізіп беруі тиіс.
Баланс коммерциялық банк қызметінің өзара байланысты көрсеткіштерінің арақатынасын білдіреді. Бұл белгілі бір күнге пассивтік және активтік операцияларды сипаттайтын, жинақталған баптарды (статьяларды) көрсететін қорытынды кесте. Актив және пассив арасында тепе - теңдік болуы тиіс.
Банктің баланстары әр елдің жүйеге келтірілген үлгісі бойынша құрылады және коммерциялық ақпараттардың маңызды көзі болып санала отырып, баспасөзде жарияланады. Банк жүйесіндегі бәсекелестік коммерциялық құпияға сәйкес жарияланатын ақпараттарды шектеу қажеттігін туғызады. Коммерциялық банктер баланстарының үлгілері (формалары) банк ісіндегі дәстүрлерге, осы саладағы мемлекеттік реттеулердің өзгешеліктеріне қатысты баптар (статьялар) бойынша ерекшеленуі мүмкін.
Коммерциялық банк балансының кәсіпорындардың балансынан өзгешелігі: күнделікті, ай, тоқсан, жыл сайын жасалады.
Банк балансының мынындай бөлімдері бар:
Пассив бойынша - банктің меншікті қаржылыры мен қатыстырылған ресурстары, ал актив бойынша - банк ресурстарының орналасуын көрсететін баланстық есептер.
Құндылықтар мен құжаттардың, сақтауға алынған құндылықтардың, чек банктері мен акциялардың есебі жүргізілетін баланстық емес есептер.
Балансты әр түрлі көзқарастар тұрғысынан зерттеудің бұл жердегі мүмкіндігі жоғары. Баланс өзінің қызметі үшін қатыстырылған ресурстар мен қаржыларды бөлудің көздерін көрсетеді. /11/
Коммерциялық банктің есеп шоттарының жоспары
ҚР екінші деңгейдегі банктерінің бухгалтерлік есебі, жалпы түрде қабылданған әлемдік тәжірибе стандарттары бойынша негізделген есеп шоттар жоспарының шоттарында жүзеге асырылады.
Есеп шоттарының жоспары сыныптар (кластар) бойынша бөлінген шоттар тізімін білдіреді:
1. Бірінші сынып “Активтер”
2. Екінші сынып “Міндеттемелер”
3. Үшінші сынып “Меншікті капитал”
4. Төртінші сынып “Кірістер”
5. Бесінші сынып “Шығыстар”
6. Алтыншы сынып “Шартты және болуы мүмкін міндеттемелер мен талаптар”
7. Жетінші сынып “Банк балансына меморандум есеп шоты”
Банктер балансының есеп шоттары баланстық және баланстық емес, активті және пассивті болып бөлінеді. Бастапқы үш сыныптың есеп шоттары банктің біріккен Балансында, ал төртінші және бесінші сыныптардың есеп шоттары қаржылық - шауашылық нәтижелері туралы есептерде көрсетіледі.
Есепті мерзім қорытындысының нәтижелері үшінші сынып “Меншікті капитал” есеп шотында көрсетіледі.
Үшінші сынып деректері бойынша банктің шартты және болуы мүмкін міндеттемелері туралы есептер жасалынады, ал жетінші сынып деректері - қосымша ақпараттар беру үшін қажет болып саналады, мысалы, трасталық операциялар бойынша.
Есеп шоттардың бірінші саны қай сыныпқа жатушылығын, екінші, үшінші сандар - есеп шоттарының тобын, ал төртінші сан одан әрі бүге - шегесіне дейін талдауды және есеп шоттар тобының мағынасын ашуды көрсетеді.
Банктің есеп берушілік құрамындағы коммерциялық банктің қаржылық есебі баланстан өзге пайдалар мен зияндар туралы есептерден тұрады, онда кірістер алу үшін қатыстырылған ресурстардың құны, өзге пайызсыз кірістер, сондай - ақ банктің бүкіл шығындары көрсетіледі. Банктің таза табысы нәтижелі көрсеткіш болып саналады.
Коммерциялық есеп айырысулар жағдайындағы жұмыс кезінде банктің бүкіл ағымдағы шығындары оның табыстары арқылы жабылуы тиіс, ал оны одан әрі дамыту осы мақсат үшін жинақталған меншікті қаражаттар есебінен қаржыландырылады. Сондықтан коммерциялық банк тиімді жұмыс жасай отырып, өз қызметінің тактикасы мен стратегиясын, сонымен бір мезгілде өндірістік - техникалық базаны дамыту үшін жеткілікті түрде ақша қаражатын жинақтайтындай етіп құруы тиіс. /13/
Табыс салығы, ұстап қалғандарды есепке ала отырып, банктің жылдық жиынтық табысы негізінде есептеледі. Банктің табыс салығы, түсетін кірістің 30 % - на тең болады. Табыс салығы бойынша бюджетке ағымдағы төлемдерді төлеу, банктің кірістері мен шығыстарының есептік көрсеткіштерінен шығарыла отырып, ай сайын жүргізіледі.
Банк бір жылдағы қаржы қызметінің қорытындысы бойынша бірінші айдың 15 - нен кешіктірмей, алдағы жылға бекітілген нормативтер бойынша:
Резервтік қорға;
Дивидендтерді төлеу қорына;
Жинақтау және тұтыну қорына аударымдар жасайды.
Банктің қорларын құру мен пайдалану тәртібі Банк Басқармасы бекіткен Ережелермен анықталады.
Пайдаларды бөлудің жобасы
1. Баланстық пайда 100%
1. 1. Табыс салығын аудару 30%
2. Банктің иелігіне қалған пайда (100% - ға қабылданады)
2. 1. Банк қызметін жүзеге асырумен байланысты резервтік қор 20%
2. 2. Дивидендтер төлеуге аударымдар жасау қоры 40%
2. 3. Жинақтау қоры 25%
2. 4. Тұтыну қоры 15%
Жоғарыда көрсетілген пайдаларды бөлу акционерлердің жалпы жиналысында бекітіледі.
Коммерциялық банк қызметін экономикалық зерттеу - арнайы білім жүйесінен, банк қызметтерін қаржы-экономикалық оқытумен байланысты факторлармен анықтау, шаруашылық процесінің тенденция және пропорциясынан тұрады.
Зерттеу объектісі -- әрбір банк және оның топтарының коммерциялық қызметтері. Зерттеу субъектісі: коммерциялық банктер Ұлттық банкпен қоса банк контрагенттері, несие органдары, мемлекеттік салық қызметі, аудиторлық фирмалар, орталық үкімет мүшелері, банк корреспонденті, клиенттері, басқа да заңдщы және жеке тұлғалар.
Әрбір субъект өзінің жеке мақсатын ұстайды. Осыған байланысты зерттеу бағыты және критериясы түрліше болады. Коммерциялық банктер өз қызметтері негізінде максималды пайда түсіру мақсатында активті және пассив операцияларының құрылымын оңтайлауға тырысады. Банк қызмет ететін ішкі шарттар мемлекетінің экономикалық саясат бағытында анықталады, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі - бақылаушы органы ретінде. Банк қызметінің ішкі зерттеулері оның қаржылай экономикаылқ жағдайы бағасында, нарықтағы әрекеті, техникалық жабдықталу деңгейінде, сонымен қатар бөлік құрылымының ұйымдастырушылық зерттеуі бойынша құрылады. УБ - орны зерттеу процесінде коммерциялық банкті қадағалау днңгейін анықтайды. Ресейдің ұлттық банкі алдымен банк жүйесінің жағдайын және тұрақтылығын қызықтырады, коммерциялық банк қызметтерінің несиелі - қаржылы саясатын және мемлекеттік зерттеудің негізгі бағытын анықтайтын зерттеу қызықтырады. Банктің реттеу банктік қызметі асырау бойынша инструкция (мәлімет) және арнайы ережелер жасау және қолдану, оларды бақылауды қажет етеді. Сонымен бірге, коммерциялық банктің қаржы жағдайын тексеру УБ - инструкциясын қадағалау және оның қаржы тұрақтылығын бағалауды қамсыздандырады. Реттеу процесі банк операцияларын бастамас бұрын жүргізілуі мүмкін. /18/
Коммерциялық банкті лицензиялау төмендегідей қорытындылайды. Капиталға минималды талап ету - бұл шарт банк қызметінің сферасына енуді шектеу немесе банкке лицензия беру санын шектеу мақсатында қойылған.
Басқару құрамының санасы - барлық басқарушылар және директорлар кеңесі мүшелері немесе банк иегерлері құқықтың - қаржылай жағдай тексеруіне жатқызылуы керек және тек компетентті және кәсіптік дайындалған тұлғалар ғана банк басқаруға қатыса алады.
Жеке құқық шектеу - банкті басқару құқықтығының көп бөлігі немесе толығымен осы елдің азаматына берілуі керек. Акционерлер тобы акционерлік капиталдың 15 - 20/-ін құраушы банк басқару жөнінде мәлімдейді, бұған келісімді үкіметтің жоғарғы мүшелері береді.
Мемлекеттік салық қызметін зерттеу процентінде бюджет алдындағы банктердің міндеттерінің орындалуына бақылау жасайды. Банктік қадағалау процесі 2 - формада: реттеуші (есеп беру, тексеру) және қадағалау (банк ревизиясы) . Белсенді және пассив операциялар жөніндегі деректер негізінде, сонымен қатар бухгалтерлік баланс зерттеу және пайда және шығын жөнінде есеп беру негізінде қадағалау мүшелері банк қызметін бақылайды.
Банк аудиторлары алдында банктің есеп беру дұрыстығын, сонымен қатар олардың қызметтері нәтижелерінің дәлелдеуін тексеру мақсаты тұр. Заң банктің жылда толық қаржы аудитын жүргізуді талап етеді. Банк клиенттері және корреспонденттер зерттеу негізінде банктің қаржы жағдайының тұрақтылығын, оның сенімділігін, даму перспективін, онымен әрі қарай қатынас жасау тұтастығын анықтайды . Алынған деректерді топтастырып басқа банк ақпараттарымен салыстыруға болады. Коммерциялық банк балансын зерттегенде, мынаны еске сақтау керек, олар өздерінің кірісі мен шығысын бөлектеп алып беруге міндетті емес. Бұның себебі деректер салымшылар арасында үрей туғызуы мүмкін. Одан басқа көптеген банктер резервтерін жарияламайды. Есте сақтау керек. Банк менеджментінің тез ауысуы банктің анықталған проблемалары барын көрсетеді. Бұл жүріп жатқан саясатқа келіспеген сұрақтар немесе көзқарас барын көрсетеді
1. 2 Коммерциялық банктің балансы: балансты талдау және оның мақсаттары
Банктің балансы комерциялық банктердің ресурсатар жағдайын ақша түрінде мінездейді, олардың қалыптасу көздерін және пайдалану бағыттарын көрсетуі, мен беру басы мен аяғына қарай банктердің қызметтерінің қаржы нәтижелерін көрсетуі. Банктің баланс бухгалтерін есеп жүргізудің негізгі құжатты болып табылады, талдаулық пен жүргізудің барлық жеке шоттардың қалдықтарының сомалары көрсетілуі, олардың номерлері экономикалық белгілері бойынша есептелуі. Баланс мәліметтерінің талдауы белгілі мезгіл бойынша банк қызметінің құрылымдық көрсетеді. Баланс талдауы нақты өзіндік ақшалардың бар болуын көрсетуі, ресурстар көздерінің құрылымында өзгерістерін, активтердің құрамын көрсетуі және т. б. Бұдан басқа баланс негізінде коммерциялау банктің өркендеу, өсу, даму мүмкіндіктері туралы мәлімет алуға болады. Комерциялық банктер заң бойынша жылдық бухгалтерлік баланс мәліметтерін және пайдалар мен шығындар шоттарын көпшілікке жария жасау қажет. Қазақстандық коммерциялық банктердің бірлікпен бухгалтерлердің балансы экономикалық жалпы жағдайын және әртүрлі облыстар мен аймақтардың экономикалық жағдайын көрсетеді. Коммерциялық банктердің баланс мәліметтері Халық банкінің ақша - несиелік саясаттың және банктердіғ қызметтерін реттеудің негізгі бағыттарын әзірлеу үшін негізін көз болып табылады. Бұл баланс мемлекеттік салықтық қызметке де қажет. /30/
Банктердің баланс құрылымының құрамы олардыңқызметтеріне, жүргізу қағидаларына, қолданатын банктік операцияларға байланысты болады.
Банк баланстің шоттары активті және пассивті болып бөлінеді. Активті шоттарда банк кассаларында нақты ақша сомаларының құрамы, құнды қағаздарға салынған салымдар, капитал салымдарын қаржыландыру, инвестицияларды сатып алу, дебиторлық қарыздар, негізгі қаражаттар және т. б. есептелуі.
Пассивтік шоттарда банктің ресурстары қалыптасу көздері көрсетілуі (ағымды және есеп айырысу шоттарының қалдықтары, несиелік қарыздар, бюджет кірістері және т. б)
Қазіргі уақытта коммерциялық банктердің қаржылық есеп беру жүйесі бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша Қазақстандардың халықаралық тәжірибе мен стандартарға белгілі бір деңгейге жету болып есептеледі. Халықаралық стандарттардың негізгі мақсаты қаржылық есеп беру пайдаланушылардың талаптарына сәйкес келу қажет болып табылады (банк акционерлері, депозиттер иелері, банк қызметкерлері және т. б. ) Барлық пайдаланушыларға банктің нақты қаржылық жағдайы туралы мәліметтер қажет. Бухгалтерлік есеп жүргізудің халықаралық қағидаларына мыналар жатады: қызметтің үзілмеуі, бухгалтерлік есеп жүргізудің ережелерінің тұрақтылығы, кірістер мен шығындарды, активтер мен пассивтерді нақты көрсету, және т. б.
Коммерциялық банктердің қаржылық есеп беруге баланстік есеп беру пайда мен шығын бойынша есеп беру де кіреді. Барлық есеп берулер коммерциялық банктің нақты қаржылық жағдай бойынша толық мәліметтер береді. Қаржылық есеп беру операциялардың нақты бағасы негізінде жасалады. Бұдан басқа, банктер кірістер мен шығындарды өсіру бойынша қағидаларды ескеруі, есеп беру күніне проценттерді төлеу бойынша төлемдер мерзім келмеген депозиттер несиелерінің және т. б. несиелік ұйымдарды ескереді. Сонымен қаржылап есеп беруде коммерциялық банкпен нақты алынған кірістер ғана көрсетіледі. Барлық күтіліп жатқан міндеттер мен потенциалды шағындар резервте көрсетіледі. Халықаралық пайда мен өздік қаражаттар мағынасына сәйкес еспе беру пайдасы біздің практикадан айырмашылығы бұл коммерциялық банктердің қызметтерінің нақты нәтижелері халықаралық форма бойынша жасалған баланстың есеп беруде активтер мен пассивтер мәні бойынша топталады және талап ету немесе өтімді азайту деңгейі бойынша орналасады. Бұл баланстік есеп беруде коммерциялық банктер мен орталық банктің өзара қарым - қатынастары бөлек көрсетілуі.
Қаржылық есеп беру талдауының міндетіне өткен және ағымды мерзімдер бойынша қаржылық мәліметтерді зерттеу кіреді, бұл банктің қаржылық жағдайына және қаржылық қызметіне баға беру мақсатымен жүргізіледі. Талдаудың негізгі обьектісі болып банк немесе олардың тобы табылады (аймақтық, функционалдық немесе басқа да белгілер бойынша) . Талдаудың субьектісі бұл коммерциялық банктер, және олардың келісімдері: Халық Банкі, басқа несиелік ұйымдар, аудиторлық фирмалар, жергілікті және орталық билік органдары, клиенттер, жеке және заңды тұлғалар; әрбір субьект талдау үдерісінде өз мақсаттарын қорғайды, сондықтан талдаудың бағыттары мен критерилері әр түрлі болады. Бірақ балансті оқу мен талдау әдістемесі бір болу қажет.
Баланстің талдауы банктік операцияларының кірістік, өтімдік жағдайын анықтайды, өздік және алынған қаражаттар көздерін белгілейді, белгілі бір күнге немесе белгілі мерзімге дейін салынған салымдарды анықтайды және банк қызметінің мамандығын белгілейді.
Банк балансінің негізгі талаптарына мыналар кіреді: баланс өте жеңіл оқыту қажет, өте айқын болу қажет, статьялар экономикалық және қиындық қағидаларымен негізделген болу керек.
Банк балансының талдаудың жұмысы бірнеше кезеңнен тұрады, талдаулық жұмыстардың белгілі бір кезеңінде банк қызметкерлерін қатысуына белгілі талаптар қойылады.
Банк балансының талдауы оның мақсаттарын міндеттерін белгілеуден басталады. Бірінші кезең балансты оқу мен оны талдауға дайындаудан тұрады. Балансты оқу үшін оның статьяларының құрамын қалыптастыру, пассив пен актив статьяларын топтпастыру қажет. Баланстің актив пен пассив статьяларын топтастырғаннан кейін талдауға қажет нормативті және бағалау көрсеткіштерін есептеуге болады, олар жинақталғанын көрсетеді. Банк балансын талдау үшін әртүрлі әдістер қолданылады - олар топтастыру, салыстыру, коэффициенттер әдістері, статистикалық, экономикалық әдістер.
Талдаудың ең кең тараған әдіс бұл топтастыру әдісі. Талдау кезінде баланс шоттарын топастыру қажет. Статьяларды банктік операциялардыңөтімдік, экономикалық мәні бойынша, кіріс деңгейі бойынша (актив), бағасы бойынша (пассив) топтастыруға болады. Банктік операцияларын баланс статьяларында депозитті мен айырысулық, қордың, инвестициялық агенттік, несиелік боп топтастыруға болады. Банк операцияларының экономикалық мінездемесін мәліше субьектілері белгілейді. Берілген критерий бойынша баланс статьяларын топтастыру кезінде операциялар: банктер аралық, банк ішіндегі, клиенттермен операциялар болып жіктеледі. /19/
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz