Моңғолиядағы социалистік құрылыс жылдарындағы қазақ диаспорасы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 86 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

І-тарау. Моңғолиядағы қазақтардың Қобда өлкесіне қоныстану тарихы.

1. 1 Абақ керейлердің түп тарихы.

1. 2. Қазақтардың Моңғолия жеріне қоныстана бастауы

1. 3. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Моңғолиядағы қазақтардың әлеуметтік-саяси құрылымы.

ІІ-тарау. Моңғолиядағы социалистік құрылыс жылдарындағы қазақ диаспорасы.

2. 1. Батыс Моңғолиядағы қазақтардың 1920 жылдардағы қоғамдық саяси өмірге қатысуы.

2. 2. Коминтерннің Моңғолиядағы өкілі.

2. 3. Моңғол мемлекеті және оның халқы үшін социалистік эксперименттің ауыр зардаптары.

ІІІ-тарау. Моңғолиядағы қазақ диаспорасының қазіргі жағдайы мен болашағы.

3. 1. Баян-Өлгий аймағының құрылуы, ұлттық бірліктің негізінің қалануы және оның тарихи маңызы.

3. 2. Моңғолиядағы қазақтардың экономикалық проблемалары.

3. 3. Моңғолиядағы қазақ диаспорасының қазіргі жағдайы мен болашағы

Қорытынды

Пайдаланылған деректер мен әдебиеттер.


Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Шет елдердегі қазақ диаспорасы тақырыбы отандық тарих ғылымында әлі, жеткіліксіз зерттелген мәселелердің біріне жатады. Біртұтас қазақ халқының бір бөлігінің басқа елдерге шашырап кетуінің салдарынан қазақ диаспорасының қалыптасуы, оның қазақ халқының, қазақ ұлтының қалыптасуына тигізген ықпалы сияқты бұл тақырыптың көптеген көкейтесті мәселері ұзақ жылдар бойы ғалымдардың назарынан тыс қалып келді.

Кеңес өкіметі тұсында, коммунистік-тоталитарлық идеология үстемдік құрған кезде қазақ диаспорасы тақырыбының ғылыми тұрғыдан зертелмегенін былай қойғанда, көпшілікке арналған әдебиетте өз орнын таба алмай келеді. Ұлттардың ірге ажырауының салдарынан диаспораның пайда болғанын, оның себептерін ашып көрсету сол өктемдік саясаттың бет-пердесін ашу деген сөз еді. Қазақ диаспорасының ауқымды бөлігі 1917 жылғы қазан төңкерілісінен кейін қазақ халқы арасында жүргізілген әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді күш қолдану әдісімен жүзеге асырудың салдарынан туындаған қателіктермен бұрмалаушылықтың әсерінен пайда болды. Қуғын-сүргіннің, қудалаудың салдарынан, аштықтан бас сауғалап атамекеннен ауа көшкендерге “опасыздар”, “отанын сатқандар”, “мал-мүлкі үшін қашқандар” деген айдар тағылды. Осындай себептерден пайда болған диаспора туралы кеңестік кезеңде ғылыми-зерттеу жұысын жүргізуді былай қойғанда, бұл мәселені ауызға алып, айтудың өзі қауіпті болғаны белгілі. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында жасаған баяндамасында Н. Ә. Назарбаев: “Қайта оралуға осында өзің күтіп тұрған жазадан қорқып, мыңдаған адам туған жерді бір көруге зар болған күйінде өмірден өксіп өтті. Біз демократиялық мемлекет, адам құқығын қорғайтын қоғам құру жолына түскен ел ретінде тоталитарлық жүйе санамызға сіңірмек болған мұндай тарихи әділетсіздікті, мұндай қатыгез идеологияны түп-тамырымен айыптаймыз”/1/ - деген еді.

Жоғарыда айтылғандардан, біріншіден, қазақ диаспорасы тақырыбы көп жылдар бойы ғалымдардың назарынан тыс келгені, екіншіден, бұл тақырыптың тарих ғылымында теориялық және практикалық зор маңызы бар, зерттеуін күтіп түрған мәселе деген қорытынды жасауға болады. Бұл зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігінің айғағы.

Орталық Азияның байырғы халықтарынын, өткен тарихы, бүгінгі қоғамдық-саяси ахуалы, келер болашағын байыпты саралап, қортынды жасау замана қажеттілігінің табиғи талабы. Қазіргі дәуірде түркі тектес жұрттар, соның ішінде қазақ халқының өмірінде бұрынды-соңды болмаған ірі оқиғалар болып жатыр. Қазақстан - дүниежүзіне шашырап кеткен барлық қазақтардың тарихи Отаны, ежелгі мекені, жиналар тұрағы. Еуроазияның кең байтақ өлкесінде болып өткен ірі империялардың отарлау саясатының кесірі Қазақ мемлекетіне де тимей қойған жоқ. Қазақ халқының этно-саяси құрылымын ыдыратуға Ресей мен Манж-Цин империяларының отаршылдық саясаты әр кез үлкен нұқсан келтіріп отырды. Сол империялардың отарлау саясатының жүзеге асуына қазақ елінің тәуелсіздік жолмен дамуы кедергі болу даусыз еді. Қазір қазақ ұлтының өкілдері қай елде өмір сүріп жатқанына қарамастан тарихи Отаны - Қазақстанға бет бұрып өмір тірлігін ұлттық ортада Атамекенде жалғастыруға ұмтылуда. Сондықтан да тарихи Отан мен қазақ субэтностары, диаспоралары арасында рухани және басқадай байланыстарды қайта қалпына келтіру маңызды, көкейтесті іс болып табылады. Дүние жүзіне шашыраған қазақтарды Отанға қайта қоныстандырып ұлттың біртұтастығын қалыптастырудың маңызы зор. Бұл ұлы іс бастау алып, қарқынды жүріп жатқанымен, одан ары жалғастырып, жандандырып, қарқындандырып, жемісті аяқтау үшін қазақтардың тарихи Отанын, қазақ субэтностары, диаспораларын зерттеу, танып білу, соған орай пәрменді бастамалар көтеріп, батыл қимыл жасау қажеттігі арта түсуде. Олардың басынан өткізген тағдыр талайына есеп жасап, қортындысын тарихи сабақ ретінде ұлт пен субэтностар, диаспора мәселелеріне қатысты стратегиялық болжам белгілеп, табанды саясат ұстану ұлт мүддесінен туындайтын көкейтесті іс болмақ.

Қазақстан Республикасы - егеменді ел тәуелсіз мемлекет дербестігін жарияламастан бұрын Моңғолиядағы қазақтар тарихи Отаны Қазақстанға ұлы көшті бастап, өз ұлты алдындағы асыл парызын өтеуге бет алды. Қазақ ұлтының осы бір шоғырының мұндай парасатты іске құлшына бет бұруының, ұлтжандылығының түпкі негіздерін ашып керсету үшін олардың өткен тарихына, қазіргі жайына, Атамекенге үздіксіз қоныстанып жатқан ағайындар мәселесі, келешегіне көз жүгірте болжам жасау, қазақ репатриаттарының өзекжарды көптеген мәселелерін ұлттық тұрғыдан шешуге маңызы зор.

Алтай тауының теріскей бетіне қазақтың Орта жүзінің Абақ - Керей тайпасының кейбір рулары ірге тепкен дәуірден бергі 130-дан астам жылда бұл өңірде қазақ ұлтының бір тобы өз бетінше дербес өмір кешіп, қазақ субэтносын қалыптастырып, дамыған процессті жан-жақты саралап, қортынды жасау қазақтануда ғылми маңызды іс болып табылады.

Хан Абылай заманыннан шығысқа, ежелгі түркілердің тарихи мекені Алтай тауына бет алып, оның теріскей жағы - Қобда өңіріне қоныстанған қазақтардың бір жарым ғасырдан бергі өмір тарихы осы өңірде өтіп, жаңа гео-мето-био ортаға бейімделе тірлік кешіп, ұлттық қасиет пен менталитет, мінезін сақтай отырып, қазақ субэтносын қалыптастырып, қанат жая дамып бүгінгі күндерге келіп жетті. Олардың ата-бабалары Шығыс Түркістанға қоныстанғаннан бері оннан - он екі ұрпақ, Алтай тауының теріскей бетіне келгелі бестен алты ұрпақ жалғасып, осы өңірдің гео-мето жағдайына сәйкесе бейімделіп, өзара био-қоғамдық, рухани қатынастарын үзбей жалғастырып, әр дәуірдің саяси ахуалына орай үйлесіп, жиырма бірінші ғасыр баспалдағына көтерілуге жақын келді. Олар қазақ ұлтының ажырамас бөлігі, генетикалық, биологиялық, тарихи, қоғамдық дамуының заңды жалғасы болып табылады. Алайда, Қобда еңірінід табиғаты, шаруашылық, тіршілік түр тұрпаты, саяси, қоғамдық өмір оларға өз әсерлерін де тигізбей қойған жоқ. Моңғолиядағы қазақтар - қазақ субэтностары мен диаспоралары арасында, Шығыс Түркстаннан кейін екінші орын алады. Бұл өңір қазақтары ұлттық мінез, сана-сезім, тіл, салт-дәстүрді байырғы қалпында сақтау мен қатар рухани мәдениет, білім саласындағы өзіндік жетістігімен, Моңғолияның саяси, әлеументтік, экономикалық өміріне белсене араласатын дербестігімен ерекшеленеді. Жалпы алғанда, Моңғолиядағы қазақтар тіршілік әрекетінде этномәдени идентификациясы және қоғамдық-саяси ортаға бейімделу арасындағы тепе-ендігін сақтай білді.

Аптай тауының теріскей беті - Қобда өңірін мекендеген қазақтардың көне тарихы жалпы қазақ халқының тағдыр, тарихымен сабақтас. Шығыс Түркістанда өз өмір тарихының аз емес бөлігін артқа тастап, Қобдаға асып мекен етіп, Манж-Цин империясы ыдыраған соң олар моңғолдармен бірге жаңа тәуелсіз мемлекеттің, шаңырағын шыт жаңа көтерісуге ат салысты.

Бұл өлкеге мекенденген қазақтардың тарихы, шығу тегі, рулық кұрылысы, этномәдениеті, демографиясы, экономикасы әредік қаралғанымен ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеліп толғамды қортынды жасалмаған. Немесе, кейбір зерттеулер нақты тарихи байырғы қайнар бұлақтарға жүгінбей ғылыми талап тұрғысынан алшақ, атүсті, жекелей зерттеудің салдарынан қазақтың осы бір субэтносының бет бейнесі, кескіні толық ашылмай көмескі қала берді. Сондықтан, Орта жүздің кейбір руларынан құралған қазақтардың осы өлкеге қоныстанғаннан бергі тарихы мен қоғамдық-саяси экономикалық өміріне материалдық және рухани мәдениетін жан-жақты зерттеп, біртұтас кемелді қортынды жасау бұл еңбегіміздің негізгі мақсаты балып табылады. Моңғолиядағы қазақ субэтносның қалыптасуы мен дамуы жөніндегі зерттеу бірнеше ғылымдар түйілісінде обьективті түрде зерттеуді қажет етеді. Қазақ субэтносның тұтас бейнесі мен ерекшеліктерін уақыт және кеңістік тұрғысыннан керсетуге күш жұмсадық.

  • Алтай тауының теріскей бетіне қоныстанған қазақ руларының жағдайын мекендене бастаған алғашқы жылдарынан бастап, тарихи калыптасуы мен дамуы мәселесіне назар аудару;
  • Бұл өлке де қазақтар қоныстануга әсер еткен басты себептер мен гео-мето-био жағдайға үйлесу жолдарын саралау;
  • Моңғолиядағы қазақтардың тарихын бұрынғы таптық, идеологиялық тұрғыдан сыңаржақтылықпен қаралып келген кемшіліктерден арылту;
  • Моңғолия қазақтарының материалдық және рухани құбылыстарына этнотарихи сипаттамалар беру;

Зерттеу жұмысының тарихнамасы: Қазақ диаспорасын зерттеу отандық тарих ғылымында жаңа дамып келе жатқан сала. Әзірше тек кейбір елдерде тұратын қазақтар хақында ғана еңбектер жазылған.

Осы мәселеге байланысты жақын шет елдерді алатын болсақ, тек бірнеше мемлекеттердегі қазақ диаспорасы туралы еңбектер жарық көрді. Атап айтқанда, Ресей қазақтары туралы А. В. Коноваловтың, К. Н. Балтабаеваның, Г. М. Меңдіқұлованың,

Д. Б. Ескекбаевтің және т. б. зерттеулері оқырмандарға белгілі /2/. Бұрынғы Орта Азия республикалары бойынша Өзбекстан және Қарақалпақстанда өмір сүріп жатқан қазақтар туралы У. Х. Шәлекенов, С. Мадуанов, Б. К. Қалшабаеваның зерттеулері ғана бар /3/.

Алыс шет елдерден Қытай, Түркия, Моңғолиядағы қазақ диаспорасы біршама зерттелгенін байқаймыз.

Жалпы қазақ диаспорасы тақырыбы өзінің толық мағынасында оқушы қауымға тек 1992 ж. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы қарсаңында ғана мәлім болды. Құрылтай өтер кезде “Егеменді Қазақстан” газетінде белгілі ғалымдар Ә. Нысанбаев пен Ә. Арғынбаевтың “Қазақ диаспорасының бүгіні мен ертеңі” /4/ деген көлемді мақаласы жарық көрді. Моңғолиядағы қазақ диаспорасының пайда болып, қалыптасу мәселесіне байланысты XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Шыңжаң өлкесін, Моңғолияның батыс бөлігін зерттеген орыс саяхатшылары мен ғалымдары құнды деректер қалдырғанын атап кеткен жөн. Моңғолиядағы қазақ диоспаросы туралы еңбектер, 90-жылдардан бұрын маркстік-лениндік теорияға, коммунистік идеологияға, таптық партиялық принциптерге сай жазылғандықтан, оларда белгілі қателіктер мен бұрмалаушылықтар орын алды. Сондықтан сол елдегі қазақ диоспарасы тарихы туралы қолға түскен жаңа деректер мен құжаттарды пайдалана отырып, тарихи оқиғаға өркениет теориясы, ұлттық сана идеология тұрғысынан, тарихи-обективтік шындық принциптері негізінен ғылыми ізденіс қажет болып отыр.

Алтай тауында мекен еткен қазақтар жөнінде орыс ғалымдары Г. Н. Потанин, Г. Е. Грумм-Гржимайло, В. В. Бурдуков т. б. құнды деректер қалдырды. Әсіресе, Г. П. Потанин аталмыш өлкеге 1876 - 1877, 1877 - 1880-ші, жылдарды жасаған ғылыми экспедиция барысында бұл өлкедегі қазақтардың этнографиясы мен әдебиеті жайында құнды деректер жинады. Г. Е. Грумм-Гржимайлоның “Западная Моңғолия и Урянхайский край” еңбегінің үшінші томында: “Батыс Моңғолияда мекен ететін тек топтары”, “Абақ-Керей, Найман” - бөлімінде осы өңірдегі қазақтар жайына кең тоқталған /5/.

1960-шы жылдардан біршама қарқынды басталған Моңғолиядағы қазақтардың тарихын, тілін, әдебиетін, халық педагогикасын, мәдениеті мен музыкасын зерттеуге, жинақтауға бағытталған еңбектер көптеп жарық көрді. Ә. Мініс, А. Сарай, Қ. Ислам, Қ. Зардыхан, С. Қаржаубай, Т. Алданыш, С. Қабышай, А. Сатыпалды, Т. Мәдениет, А. Қажекберлер тарих мәселелері бойынша; тіл зерттеу саласында Б. Базылхан; әдебиеттануда Қ. Қабидаш, Ж. Қуанған, Д. Цэнд, Х. Шарипа, І. Яки; музыка саласында А. Қабыкей, К. Төлеухан, Т. Ысқақ педагогика саласында К. Қобдабай, А. Әбдікерім, ұлттық мәдениет саласында К. Бикұмар, Қ. Досымбек қатарлы азаматтардың еңбектерін бұл зерттеуімізде арқау еттік /6/. Сонымен қатар, Қазақстан ғалымдары Х. Тастанов, Ш. Аманов моңғолиядағы қазақтардың мәдениеті, білім-беру саласы жайында жазған мақалаларына кеңінен таныстық /7/.

Кеңес ғалымы Тойчиев Абдувахид Халбекович “Социально-экономическое развитие Баян-Ульгийского национального казахского аймака МНР” - деген тақырыпта ғылыми еңбек жазып, қазақ, орыс тілінде әлденеше мақала жариялады /8/.

Сонымен бірге, Моңғолиядағы қазақтар туралы Мажар, Ресей, АҚШ, Швед, Түрік, Германия ғалымдарының жазған мақалалар, зерттеулері басылған. Әсіресе, Қобда аймағының Қобда сұмыны қазақтарын зерттеген Германия ғалымы Петр Финкенің, ғылыми, еңбегіне арнайы назар бөлдік.

Соңғы жылдары басылған “Қазақ” (А., 1994), “Қазақстан шетел әдебиетінде” (А., 1994), “Қазақ шежіресі” (А., 1994), Бошай Кітапбаев “Шежіре” (екі кітап), (А., 1994), М. Т. Лаумулин, Т. К. Бейсембиев “Зарубежные исследователи Срёдный Азии и Казахстана” (“Библиографический указатель”, А., 1994), “Қазақ диаспорасының ғылыми-зерттеу мәселелері” (А., 1992), “Казахская диоспора” (Проблемы этнического выживания) (А., 1996) Т. Сұлтан “Шежіре” (УБ., 1995), Қ. Зардыхан “Жылаған жылдар шежіресі” (А., 1995), К. Биқұмар “Моңғолиядағы қазақтардың салт-дәстүрлері” (Өлгий, 1995), “Қазақ шежіресі” (Іле, 1990) . “Абақ-Керей” (Іле халық баспасы, 1993) Р. Шынай “Моңғолия Қазақтарының ата-тек шежіресі” (Өлгий, 1997) т. б. қатарлы зерттеулерді, шежірелік мәліметтерді кеңінен пайдаландық.

Сонымен қатар, бұрын-соңды ғылыми айналымға түспеген көптеген соны деректерді мейлінше кеңінен пайдалануымыз зерттеудің құндылығын арттыра түспек. Сонымен қатар, Моңғолняның төрт реткі Негізгі заңы, Мемлекеттік ұлы, кіші Құрылтайлар құжаттары мен шешімдері ескерілді. Мемлекет, үкімет, партия тарапынан Баян-Өлгий аймағына қатысты шыққан қаулы-қарарларды да пайдаландық.

Соңғы 40-тай жыл ішінде бұл салада ғылымда жинақталған деректерді қорыту, жаңа қайнарлар, құжат, дерек, статистикалық мәліметтер ғылыми айналымға арқау етіліп отыр.

Субэтностың қалыптасуы мен дамуы гео-мето-био шарт, табиғат - адам - қоғам арасындағы сан алуан қатынастардың нәтижесі. Субэтностың тұтас бейнесін сындарлау үшін этноэкологиялық жайдың ғасырлар бойы қордаланған жиынтығын кешенді түрде зерттеп, жан-жақты қортындылау қажет. Бұл өлкеде қазақ тегінің бір белгі өз этногенезін жалғастырып, жаңа био-лито, био-абиолық, экологиялық шартта, өзгешелікті қоғамдық ортада өмір сүріп, әлденеше ұрпақ алмасып, рулар өз ішінен кеңейіп, бөлек аталарға бөлінген жайға динамикаға назар аудардық. Қазақтардың бірқалыпты өмір тіршілік ырғағына гео-мето-био жағдай, көршілес этностармен қатынас, шаруашылық іс-әрекеті, қоғамдық-саяси өмірдің есері, көріністерінің негізін ашуға осы еңбегіміз бағытталды. Сонымен қатар ірге тепкен мекеннің жер-суы, ауа-райы, бедер ерекшелігіне қазақтар бейімделе отырып, тіршілігінің басты көзі-мал шаруашылығын үйлестіріп, қолданбалы мәдениет үлгілерін жасау, технологиясын дамыту, рухани мәдениетін көтеріп оған өз үлестеріне қалай қосқандыгын баян етіледі.

Моңғолиядағы қазақтар ұлттық эпицентерден салыстырмалы шамада алшақ қалғанымен ұлттық менталитеттегі басты қасиеті, тұлға тұрпаты тілін этномәдениетін сақтап, био, литосфер, био-экологиялық әсер күші мен өзара қатынас, уақыт ағысында өсіп-өніп, әрбір ұрпақ өзі өмір сүрген дәуірдің саяси, тарихи өзгерісіне икемделіп, немесе, икемделе алмаған қазақ адамын арқау еткен қазақ ұлтының этникалық тек тармағы (субэтнос) қалыптасып, дамыған деген көзқарасты ұсынамыз. Оның сыртында саяси ортаға орай бейімделіп, өзге этникалық ортаның әсерінен шаруашылықта, рухани мәдениетте, психологияда пайда болған белгілі мөлшердегі өзгешеліктерді қазақ субэтносының түр аумағына қатысты деген тұжырым жасаймыз. Осы ой-тұжырымдарды дәлелдеу үшін;

а) Қобда өңіріне қазақтың бір тобы қоныстанғаннан бергі тарихы, рулық құрылымы, демографиясы, шаруашылығы, мәденитіне байланысты ғылыми айналымға түскен дерек, мәлімет, нұсқа-қайнар бұлақтар, ғылыми-зерттеу туындыларымен танысып, нақты өмірге талдау жасау арқылы сипатталады.

б) Этникалық тек тармағы дегеніміз антропологиялық құбылыс, биосфер, гео-мето-био шарт, тіл, этномәдениет, тарихи, саяси-қоғамдық өмірдің жиынтығы, үзінді туындысы деген көзқарасты арқау етеміз.

в) Бұрынғы зерттеулерді түп тамыр ретінде нығайтумен бірге сыңаржақ, ағымдық көзқарастардан аулақ пікірлерді арқа тұтамыз.

Зерттеудің негізгі мақсаты мен міндеттері. Тақырыптың маңыздылығы мен оның бүгінгі күндегі өзектілігін ескере отырып, автор жаңа тарихи пайымдау тұрғысынан Моңғолиядағы қазақ диаспорасының тарихын зерттеуді жұмыстың негізгі мақсаты етіп алды. Ұсылынып отырған зерттеу объектісі Моңғолиядағы қазақтар жалпы қазақ этносының тек тармағы-субэтносы. Бұл туындының басты мақсаты Алтай тауының теріскей беті - Қобда өңіріне Қазақтар қоныстанғаннан бергі тарихы, рулық құрамы, саяси қоғамдық, әлеуметтік Өмірі, олардың шаруашьшығы мен мәдениетінің өзіндік сипаты, ұлттың ішкі даму заңдылығы аумағында қазақ субэтносы қалыптасуы мен дамуын ашып көрсету басты мақсат болып саналады. Осыған сай мына міндеттер айқындалды:

- қазақ диаспорасының қалыптасуының себебіне, уақытына, географиялық ортасына тарихи сипаттама беру;

- қазақтардың бір бөлігінің Моңғолияға қоныстануы, олардың XX ғасырдың басына дейінгі тарихын қарастыру;

- қазақтар ортасында “социалистік» эксперименттердің жүргізілуін, оның Моңғолиядағы отандастарымыздың саяси, әлеуметтік, экономикалық өміріне тигізген салдарын анықтау;

- Моңғолиядағы қандастарымыздың қазіргі кездегі және болашақтағы даму жолдарын, олардың тарихи отанына көшуінің кейбір мәселелерін қарастыру.

Зерттеудің теориялық негіздері:

Зерттеудің теориялық негізгі - этногенез тану, тарих танудың негізгі теориялық қағидалары бойынша сипатталады. Қазақтың тарих баяндау дәстүрі, қазақ этногенезіне байланысты ғылымда орныққан басты қағидалары, этногенез зерттеудің осы заманғы теориясына негізделді. Қазақ ғалымдары М. Қ. Қозыбаев, М. Ақынжанов, О. Смағұлов, К. Сиқымбаева, М. С. Мұқанов т. б. пікірлері басты назарда болумен катар, Л. Н. Гумилев, Р. Ф. Итс, Ю. В. Бромлей, Сюн Сиюань, Ван Годун, т. б. ғалымдардың осы саладағы мәлімет пікірлеріне де сүйендік /9/.

Еңбектің деректік негізі. Зерттеуде қазақ диаспорасына, соның ішінде Моңғолиядағы қазақтардың тарихына, байланысты жарық көрген басылымдардан тысқары ғылыми жетекшімнің жеке архивінен, сондай-ақ Баян-Өлгей, Қобда аймақтарының мемлекеттік архивінен алынған деректер, Моңғолиядағы қазақ диаспорасының тарихы, бүгіні мен болашағына байланысты мақалалар басылған мерзімді баспасөз материалдары пайдаланылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

- Моңғолиядағы қазақтардың жағдайы туралы тың деректер негізінде Моңғол үкіметінің оларға деген көзқарасы мен саясаты ашып көрсетілді;

- Диссертацияда Моңғолияда тұратын қазақтарға қатысты Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына назар аудару және кезінде Т. Рысқұловтың сол өлкедегі қазақтарға қолдау көрсеткендігін, осы үрдісті қазіргі кезеңде де жалғастыру өмір талабына сай екендігі айтылды;

  • зерттеуде Моңғолиядағы қазақ ғалымдарының өз отандастары туралы жазылған еңбектеріне талдау жасалды.
  • бұрынғы және қазіргі ғылыми деректерді салыстыра отырып Моңғолиядағы қазақ диаспорасының дамуы мен болашағына оң әсер ететін ғылыми тұжырымдамалар мен қорытындылар жасалынды.
  • әр түрлі жаңа деректер ғылыми айналысқа енгізіледі.
  • зерттеудің теориялық әдістемесін негіздеді.


І-ТАРАУ. МОҢҒОЛИЯДАҒЫ ҚАЗАҚТАРДЫҢ ҚОБДА ӨЛКЕСІНЕ ҚОНЫСТАНУ ТАРИХЫ.

1. 1 Абақ керейлердің түп тарихы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Монғолия жерінде қазақ диаспорасының қалыптасуы, тарихы мен ерекшелігі
МОҢҒОЛИЯДАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫ: КӨШІ-ҚОН ЖӘНЕ БЕЙІМДЕЛУІ
ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ
Шетелдегі этникалық қазақ қауымының қалыптасуы мен қазақтардың репатриациясы тарихын зерттеудегі негізгі тұжырымдар
Моңғолиядағы алғашқы қазақ журналдары
Шетел қазақтары (тарихи-этнологиялық зерттеу)
Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы
Қазақ диаспорасы бар елдерде Қазақстанның мәдениет күндерін өткізу
Алыс, жақын шетелдік қазақтар тілінің зерттелуі
ҚАБДЕШ ЖҰМАДІЛОВТІҢ СОҢҒЫ КӨШ РОМАНЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ИДЕЯЛЫҚ СИПАТЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz