Балалар әдебиеті арқылы оқушылардың тілін дамыту әдістемесі


КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Балалар әдебиеті арқылы оқушылардың тілін дамытудың психологиялық.педагогикалық негіздері ... ... ... ... ... ... . 6
1.2. Балалар әдебиеті арқылы оқушылардың тілін дамытудың ерекшеліктері ... ... . 19

2. БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1. Балалар әдебиеті арқылы оқушылардың тілін дамытудың жолдары мен әдіс.тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 24
2.2. Тәжіриелік.эксперимент жұмыстарының нәтижелері ... 37

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 52
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Көлемі: 48 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 900 теңге




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР
ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ
Педагогика және психология факультеті

Мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасы

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі:

п.ғ.д., проф. Қ.А.Аймағамбетова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы:
Балалар әдебиеті арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту

Орындаған: 3 курс студенті

Л.Акжаркынова
Жетекшісі: п.ғ.к.,
аға оқытушы

К.М.Метербаева

Алматы

2007

Мазмұны

КІРІСПЕ ----------------------------------- ---------------------------------
--- 3

1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Балалар әдебиеті арқылы оқушылардың тілін дамытудың психологиялық-
педагогикалық негіздері ------------------------- 6

2. Балалар әдебиеті арқылы оқушылардың тілін дамытудың ерекшеліктері -----
----------------------------------- ----------------- 19

2. БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1. Балалар әдебиеті арқылы оқушылардың тілін дамытудың жолдары мен әдіс-
тәсілдері ----------------------------------- ---------- 24

2.2. Тәжіриелік-эксперимент жұмыстарының нәтижелері ----37

Қорытынды ----------------------------------- -------------------------------
52

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ----------------------------------- - 53

Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі: Елдік пен еркіндікті аңсаған қазақ елі
бүгнде іргесін бекемдеп, саяси-экономикаық, әлеуметтік жағынан өркениетті
елдер қатарынан орын алуда.
Өтпелі кезең өзгерістеріне орай халыққа білім беру жүйесі де,
реформалануда. Білім беруді қоғам мүддесіне сәйкес қайта құру, оқыту мен
тәрбиелеу мазмұнын жаңарту, әдебиет пен мәдениетті өркендету бағытында
бірсыпыра шаралар жүзеге асырылып, жас ұрпаққа жаңа оқу бағдарламалары мен
оқулықтары, оқу-әдістемелік құралдары жасалып, мектеп өміріне енгізілді.
Мұнда көздеген ең басты мәелелердің бірі – болашақта қоғам мүддесін өтеуге
қабілетті, жан-жақты дамыған, өз еліне сүйіспеншілігі зор тұлғаны
қалыптастыру. Бұл міндеттер мемлекеттік құжаттарда, Қазақсатн
Республикасының Конституциясында, Тіл туралы Заңдарында т.б. атап
көретілген.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы жаңа ұрпақты өз ана тілінде
оқытуға, білім беруге, әдеби, мәдени мұраларымзды танып-білуге мол
мүмкіндік туғызды. Ата-бабадан бүгінгі күнге жеткен тарихи мұраларды таныту
халық қазынасы ауыз әдебиеті, балаларға арналған көркем әдеби
шығармалардлы кеңінен пайдалану арқылы жүзеге аспақ. Бұл жөнінде ел
президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде: ... біз
тарихи мүмкіндіктерді, әдеби-мәдени мұраларды таныта тәриелеуді мектепке
дейінгі кезеңнен бастап, үзіліссіз жүзеге асыруға тиіспіз. Осы арқылы
жастарды адамгершілікке, өз еліне сүйіспеншілікке, патриоттыққа тәрбиелеуге
тиіспіз, - дей келе, бәріміз де бала кезімізде халық ауыз әдебиетінің
баға жеткісіз бай мұрасымен сусындап өттік. Қазақ ертегілерін, батырлар
жырларын оқымаған қазақ баласы жоқ шығар деп есептеймін, - деен болатын.
Табиғат пен өмір әлемін поэзиялық өрмекпен біртұтас бейнеде суреттеп
көрсететін, балалардың ойын орнықтырып, игілігіне айналдыруда, олардың сөз
мәнісін түсінуге баулуда , тілін дамытуда балалар әдебиетінің тәлім-
тәрбиелік мәні ерекше.
Тәрбие – тарихи үрдіс, оған адамзат қоғамында талай ғасырды бастан
өткізіп, қасиетті мұраларға айналып, бүгінгі жас ұрпаққа жеткеніне,
Отанымызға оралған Күлтегін жазба ескерткіші әл Фарабидің философиялық,
педагогикалық, дидактикалық ой-пікірлері дәлел. Осы мақсатта қазақ халқының
ғұлама ғалымдары, ойшыл ағартушылары асыл мұралар қалдырған. Орта ғасыр
ойшылдары: Қорқыт ата кітабы, ұлы бабамыз Ж.Баласағұнидың Құтты білік ,
М.Қащқаридың Диуани лұғат ат-түрік шежіресі, А.Жүйнекидің Ақиқат сыйы
ғылыми-философиялық, әдеби тарихи еңбектерінің келер ұрпақты туған тілге,
әдеби-мәдени мұраларды танып-білуге қызығушылыққа, туған жерге, Отанға
сүйіпеншілікке тәрбиелеуде басты құрал екені сөзсіз.
Біз зерттеу барысында қазақ философтары Д.Кішібеков, Ұ.Сыдықов,
А.Қасабек, Қ.Мұханбетәли, Ж.Алтай т.б. еңбектерін негізге алдық.
Қазақстанда психология ғылымының негізін қалаушы ғалым Ж.Аймауытов пен
психлогтар: Т.Тәжібеков, М.Мұқанов, Е.Суфиев, С.Балаубаев, А.Темірбеков,
Қ.Жарықбаев, Х.Т.Шерьязданова т.б. зерттеулерінде оқушылардың тілін
дамытуда ауыз әдебиетінің алатын орны туралы ой толғады.
Бала тілін дамытуда көркем әдебиеттің құдіретті күші туралы ой
түйіндеген Ресей психологтары В.В.Давыдов, Д.В.Эльконин, Л.С.Выготский,
А.В.Запарожец, А.Леонтьев т.б. еңбектері зерттеуімізге өзек болды.
Қазақстан Ркспубликасы көлемінде балалар әдебиетінің дамуы туралы
Ш.Ахметов, С.Қалиев, Ә.Табылдиев, .Нұғыбаева, Б.Ыбырайымов, С.Ахметова,
К.Сейембаев, Н.Албытова т.б. зерттеулерінде балалар әдебиетінің бастауыш
сынып оқушыларын оқыту және тәрбиелеу үрдісіндегі тәлімдік және білімдік
мәні, әдеби шығармаларды оқу-тәрбие үрдісінде қолдану тәсілдері жөнінде
келелі ой қозғағанына көз жеткіздік.
Ғылыми зерттеу нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту
жөнінде С.Рахметованың Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту,
Т.Әбдікәрімованың Мәтін арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту
атты монографиялық еңбектері жарияланып, оларды көркем әдебиет арқылы
оқушылардың тілін дамытудың маңыздылығын байқадық.
Десек те, балалар әдебиетінің баланың дамуындағы құдіретті күші туралы
зерттеу еңбектері болғанымен, оқушылардың тілін дамытуда балалар әдебиетін
пайдаланудағы әдістемесі жайында арнайы нысана болған емес. Осының
нәтижесінде оқушылардың тілін дамытуда балалар әдебиетінің педагогикалық
мүмкіндіктері мен оларды пайдаланудың қазіргі жағдайының арасында қарама-
қайшылықтар туындап отыр. Аталған қайшылықтарды шешу мақсатыда жұмысымыздың
тақырыбын Балалар әдебиеті арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілін
дамыту деп алуымызға тура келді.
Зерттеудің мақсаты: Балалар әдебиеті арқылы бастауыш сынып оқушыларының
тілін дамытудың териялық және әдістемелік жолдарын айқындау.
Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие үрдісі
Зерттеудің ғылыми болжамы: Оқушылар тілін дамытуда балалар әдебиетін
пайдаланудың тиімділігі артады, егерде оқу-тәрбие үрдісінде балалар
әдебиетінің ілімдік және тәрбиелік мүмкіндіктері мен мазмұны ғылыми-
педагогикалық тұрғыдан негізделсе, оны іс-тәжірибеде қолданудың тиімді әдіс-
тәсілдері айқындалып, оқу-тәрбие үрдісіне енгізілсе, онда балалар әдебиетін
пайдаланудың мүмкіндігі жоғары деңгейде болады.

Зерттеу міндеттері:
- балалар әдебиеті арқылы бастауыш оқушыларының тілін дамытудың
теориялық негіздерін айқындау;
- оқушылардың тілін дамытуда балалар әдебиетін пайдаланудың
мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайын анықтау;
- балалар әдебиеті арқылы оқушылардың тілін дамытудың моделін құру
өлшемдері мен деңгейлерін және тиімді педагогикалық әдістерін
айқындау.
Зерттеудің әдістері: Зерттеу мәселесіне байланысты теориялық және
әдістемелік әдебиеттерді ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талдау, мектептегі
озық тәжірибелерді жинақтау, оны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану, жүргізілге
іс-тәжірибені сараптау, эксперимент нәтижесін қорытындылау, оларды
математикалық тұрғыда өңдеу.
Зерттеу нысанасы: Эксперименттік жұмыс Жаркент қаласындағы Ш.Уәлиханов
атындағы орта мектепте өткізілді. Экспериментке 30 оқушы қатысты.
Диплом құрылымы: Диплом кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Зерттеу жұмысында 5 кесте, 3
сурет берілген.

1. Оқушылардың тілін дамытудың теориялық негіздері.

1.1. Балалар әдебиеті арқылы оқушылардың тілін дамытудың психологиялық-
педагогикалық негіздері

Жаңа қоғамның тізгінін берік ұстайтын елдің ертеңгі болашағын оқыту мен
тәрбиелеу бесіктен, баланың нәрестелік шағынан басталып үздіксіз ұдайы даму
барысында қалыптасады. Бұл білім беру жүйесінің барлық буындарында үлкен
міндеттер жүктейді. Ол міндеттер Қазақстан Республикасы Білім туралы
Заңында және басқа да мемлекеттік құжаттарда нақты көрсетілген.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында жасына және өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, оның
толыққанды қалыптасуы үшін даму ортасын құрайтын үздіксіз білім берудің
бастапқы деңгейің анық белгілеген.
Бала тілін сәби кезінен бастап дамыту олардың ойын өрбіту, сол арқылы
жеке басының қалыптасуына жағдай жасау – оқу-тәрбие мәселесіндегі негізгі
мақсаттардың бірі. Бала өз ойын тілм арқылы жеткізеді. Ал бала тілінің
дамуы, оның сөйлеу мүмкіндігінің қалыптасуы бірде пайда болмайтын күрделі
психологиялық процесс. Ол жүйелі жүргізілетін жұмыс түрлерінің негізінде
жүзеге асады.
Осы міндеттерді жүзее асырудың алғы шарты ретінде үздіксіз тәрбие мен
білім берудің тұжырымдамалары жасалып, соның негізінде оқыту, тәрбиелеу
мазмұнын түбегейлі жақсарту көзделіп отыр.
Белгілі философтар Ә.Нысанбаев, Д.Кішібеков, Т.Әбжанов, т.б. адамның
рухани дамуы ана тілі негізінде жүргізілетінін қарастырады. Философтардың
ой-пікірлеріне сүйене отырып, біз оқушының тілінің дамуы оны көркем
әдебиетке деген сезімін, ойын тәрбиелеуге ықпал жасайды деген тұжырымға
келдік.
Баланың тілді меңгеруі жайлы ғылыми зерттеулер жазған психолог-ғалымдар
(Л.С.Выготский А.Л.Имедадзе, А.Л.Леонтьев, Н.С.Рождественский т.б.) жас
кезінде баланың танымдық, қабылдағыштық қабілеттерінің ерекше болатындығына
байланысты тілді тез меңгеретінін ғылыми негізде дәлелдеп берді.
Баланың тілдік сезгіштік қасиеті оқушылардың мектептің бастауыш оқыту
кезеңдерінде өз ана тілінің ерекшелігін айыра білу қабілетін дамытып
отырады. Тіл арқылы ойды қабылдау және сезінудің жолдары әрүрлі екендігі
белгілі, яғни оқылған көркем шығарма мазмұнын есту, түсіну, сөйлеу қабілеті
практикалық жұмыстармен байланысты дамиды. Осымен байланысты белгілі
психолог В.Б.Богословскийдің тұжырымдауынша, біз тыңдаған мазмұны
санамыздан ізсіз жоғалып кетпейді. Ми қыртысында бейнелер түрінде
сақталады, және қайта жаңғыртып айту болып табылады.
Психикалық процестерді бір-бірімен тығыз байланыстыра қарастырған
С.Л.Рубинштейн шығарма мазмұнын адам санасында дерексіздендіру, қорыту,
тұжырымдау олардың қатынастарымен байланыстарын анықтап, белгілеу ойлау
процесі екендігін дәлелдейді.
Қазақ халқының белгілі психологы Ж.Аймауытов тіл үйретуде оқушының өз
тәжірибесі, көрген-білгенін және балалар әдебиетінің орнын ереше бағалай
келе, сол балалар әдебиеті арқылы оқушының ойы қабылдауы, сезінуі
қалыптасып, тіл байлығы жетілетіндігін көрсеткен.
Ана тілінің баға жетпес құдіреті мен қуаты туралы тұңғыш ұлттық
педагогика пәнінің негізін қалаған М.Жұмабаев тілсіз ұлт, тілінен айрылған
ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтының ұлт
болуы үшін бірінші шарт – тілінің болуы. Ұлт тілінің кеми бастауы, ұлттың
құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмауы тиіс. Бір
ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп
тұратындығын көрсете келе, ана тілін ұмытқан халықтың толыққанды ел болып
өркендеп, қанат жаюы мүмкін еместігін дәлелдеген.
Белгілі қоғам қайраткері, тілші ғалым А.Байтұрсынов Өз ана тіліндегі
сөз ақыл-ой дамуының асыл қазынасы, дей келе, жас баланың лингвистикалық
тәрбиесінде өмірге келген сәттен бастап, өз ана тілінде жүргізілуі
керектігін ерекше атап көрсеткен. Сондай-ақ ғалымның тіл мен сөйлеу
психологиясы жөнінде: Тілдің міндеті, - деп жазды ол, - ақылдың аңдауын
аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенше, көңілдің түйінін түйгенінше айтуға
жарау... Сөз көңілге сипатын жағына көркемдігімен мағына жағының
күштілігімн жағады. Тіл дәлелдеу деп, ойлаған ұғымға сөз мағынасының сәйкес
келуін айтады.
Бұдан шығатын қорытынды: ғалым ауыз әдебиетіінң бай мұраларын халықтың
рухани қазынасының сарқылмас көзі деп таныған. Әліпбидегі танымдық
материалдар ретінде ұсынылған тақырыптардың барлығы дерлік адамгершілікті,
еңбексүйгіштікті, ізгілік сияқты және тіл дамыту қасиеттерді насихаттайтын
дидактикалық мәні зор мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, өлең жырлар болып
келеді. Мұның өзі оқушылардың тілін дамытуда ауыз әдебиеті үлгіерін
пайлануға негіз болады деп тұжырымдаймыз.
Баланың жас кезінде танымдық, қабылдағыштық қабілеттерінің ерекше
болатындығына байланысты тілді тез меңгеретіндігі туралы психологтар
Ә.Алдамұратов, Ғ.Рақымбеков, т.б. ғылыми тұрғыда зерттеп, құнды тұжырымдар
жасаған.
Ғалым Ә.Алдамұратов баланың сөйлеуінің дамуын бірнеше сатыда қарастыра
отырып, олардың психологиялық ерекшеліктерін көрсетсе, Ғ.Рақымбековтың
айтуынша шығарма мазмұнын қабылдау жүйесінің ойлау процестерімен қатар
дамып, қабылдаған мәтіннің мазмұнын, мәнін біліріп отырады. Бұл – қабылдау
процесінің дамуы. Бастауыш сыныпта оқушының жүйелі қабылдауы тәлім тәрбие
мен жеке пәндерді оқып үйрету нәтижесінде ғылыми тұрғыдан дамып өрістейді.
Бұл пікірден біз, егер оқушы шығарма мазмұнын дұрыс қабылдаса, онда оның ол
туралы білімі қалыптаса бастайтындығын пайымдаймыз.
Белгілі психолог М.Мұқанов Жас және педагогикалық психология атты
еңбегінде баланың психологиялық дамуына қойылатын талаптарды атапк
көрсеткен. Онда: біріншіден, мектепке кірген баланың оқуға деген ықыласы
болуы шарт. Кейде бала оқуға барам дегенмен, оған онша қызықпайды. Балалар
үшін мектепке тек партаға отырып, не арқасына сумканы салып жүруге мәз
болады. Ықылас дегеніміз – оқу процесінің өзіне қызығуы. Екіншіден, оқу
ойынға қарағанда өзінше жаңа әрекет болғандықтан, бала осыған төзе білуі
қажет, мектепке келгеннен кейін белсенді түрде тапсырмаларды орындап,
мұғалімнің сөзіне 45 минут шыдап, құлағын салып отыруы керек. Бұл
бастапқыда балаға қиын болса да, осыған орай баланың ерік-жігерін дамытып,
өзінің осындай ұзақ уақыт шыдамды болуына мектепке дейінгі кезеңде даярлау
қажет. Үшіншіден, сабақ үстінде мұғалімнің не өзге балалардың сөзіне зейін
қойып, соны қабылдай алуы шарт. Сабақ үстінде сан алуан сөздер не мазмұндар
қамтылады. Солардың қайсысы ең негізгісі, қайсысы екінші дәрежедегі мазмұн
екендігінен ажырата білуі керек. Төртіншіден, оқу материалын ұғынып, оны
саналы түрде есінде қалдырып, қиын мәселелерді шешуге бала ойлана бастауы
тиіс. Мектепке кірерде балалардың ойлауға қабілеті әртүрлі: біреуінікі
нашар дәрежеде кездеседі. Сонымен қатар, бала өзінің айтайын деген ойын ана
тілінде түсінікті етіп жеткізе алуға дағдылануы қажет, - дейді. Психолог
ғалымның пікіріне сүйеніп, оқушының тілін ұстартуда басшылыққа алуға
болатын талаптар деп білеміз.
Осы бағытта белгілі психолог Т.Тәжібаев Қазақстанның ауылдары мен
мектептерінде қазақ балаларын тәрбиелеу атты еңбегінде: Қазақтардың
мәдени өмірінде фольклор, музыка, қосалқы өнер және халықтық тәрбие
дәстүрлері маңызды роль атқарады. Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде
және тілін дамытуда фольклор үлкен мәнге ие: батырлар жыры, лирикалық эпос,
әртүрлі жанрдағы ертегілер және т.б. Фольлрдың үлгілері ұрпақтан-ұрпаққа
өтіп, адамдардың психологиясында байытылып, нығайып отырады.
Балалар әдебиетінің өсу, даму қарқыны олардың өзіндік ерекшеліктері
туралы Қазақстан оқу комиссириатының Жас балалар кітабына қойылатын
шарттар атты (Жаңа мектеп, 1927) нұсқау хатында бастауыш жастағы оқушылар
үшін жазылатын әдебиетке мынадай талаптар қойылады: : Бала кітабы жай бір
қара тақпақ тілмен жазылмасын. Кітап балаға қызғылықты, ойын оятатын, тілін
байытып көркейтетін болсын, бірігіп жұмыс қылуға тартатын болсын. Бала
кітабындағы кейіпкерлер айқын болсын. Кітапты бала бал жалағандай сүйетін
болсын. Кітап адам тұрмысын, жаратылыс, құбылысын түсіндірерлік,
араларындағы байланыстарын көзге елестетерлік болсын. Балаларға кітап
жазамын деген кісі ел әдебиетін, ел ертегісін зерттесін. Бұл жастағылар
нәрсенің сыртқы пішінінен көп әуескерлік болады. Сондықтан, суреттің әсері
мықты болады. Кітап суретті болуы керек. Суретпен бірге сөз болса, қысқа
және дауыстап оқылатын болсын. Бұл жаста баланың тілі байитын кезі. Тіл
байлығының қоры осы жаста жиналады.
Ы.Алтынсарин қазақ халқының ағартушы-педагогы, қазақ даласына ғылым мен
білімнің алғашқы қоңырауын соққан. Қазақ балаларына арнап көптеген
оқулықтар жазып, олардың жан дүниесіне әсер етіп, ұлттық дүниетанымын
қалыптастыру жолын ашты. 1879 ж. Қазақ хрестоматиясы атты кітап шығарып,
қазақ балалар жазба әдебиетінің атасы атанды. Ол қазақ балаларының табиғи
ерекшеліктеріне байланысты өлең-жырлар, әңгімелер жазып, олардың жан
дүниесіне әсер етіп, ұлттық көзқарасын қалыптастыру жолын ашып берді. Оның
Таза бұлақ, Әке мен бала, Мақта қыз бен мысық, Асыл шөп, Екі
жолдас т.б. шығармалары жас ұрпақты еңбек етуге, шыдамдылыққа,
сабырлылыққа, үлкеннің сөзін екі етпеуге, құрметтеуге, өз жолдастарына қол
ұшын беруге, қамқорлыққа т.б. тәрбиелеуде және әңгімелеп айтып беруде
маңызы зор.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев әдеби мұралары арқылы жас
ұрпаққа көптеген ағартушылық насихат қалдырған. Ұлы Абай баланың дүниеге
келген күннен бастап тәрбиеленетінін және оның тәрбиесіне бірден-бір
жауапты – ата-ана екендігін көрсетті. Сондықтан да, бала ес біле бастаған
күннен бастап, отбасында тәрбиеленуі керек десе, балаға білім берудің,
ғылым игерудің мәні жайында жан-жақты тоқталды. Қазақ халқының классигі
А.Құнанбаев әдебиеттің халықтығын ту ғып көтерді, поэзия алдымен халық
өмірінің айнасы болып, онда халықтық мәні бар келелі, шындықтар суреттелуін
талап етті. А.Құнанбаев адамның өсіп жетілуіндегі тәрбиенің роліне ерекше
тоқтала келе, өзінің 19-қара сөзінде: Адам ата-анадан туғанда есті
болмайды: көріп, естіп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды
таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады.
Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады, - деп
ақыл-естің, тәрбиенің жемісі арқылы жетілетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеп
береді. Абайдың балаларға үлгі боларлық, өнеге тұтарлық 7-қара сөзінде жас
баланы тәрбиелеуден бастап, бүкіл ұлттық өмір-тіршілікте көбінесе жан
азығына (білімге, өнерге, әсемдікке) ерекше көңіл бөліп, елді надандықтан
арылтуды өсиеттейді. Ол жас баланың психологиясын еске алып, талдаған. Бала
тәрбиелеу ісінде Абай оларды тіпті жас шағынан тәрбиелеу қажеттігін
ескерткен. Баланың психологиясын еске алып, дұрыс тәрбие беріп отыру,
олардың болашағын қамтамасыз етуде ата-аналардың да жауапкершілігін естен
шығарған емес. Осындай ойды жинақтай келе, Абай: тегінде адам баласы адам
баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады, - деген
қорытынды жасады.
Қазақ топырағында тұңғыш педагогика, психология ғылымдарына өзіндік
үлесін қосып, сүбелі ғылыми еңбектер жазған Ж.Аймауытов болды. Автордың
педагогика ғылымы саласына байланысты Тәрбиеге жетекші атты еңбегінің
маңызы зор. Аталған еңбекте автор: Баланы оқытудың белгілі ереже заңдарын
баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білімге тез жету шарттарын
көрсететін педагогиканың негізгі бөлімі – дидактикаға төмендегідей анықтама
берген: Дидактика мұғалімге жалпы жол-жоба көрсетіп, жетекшілік етеді...
сыннан өткен тиімді деген жолдарды ғана нұсқайды, - деп көрсете отырып,
оқытудың принциптері, әдіс-тәсілдердің тиімдісін шығармашылықпен мұғалім
қалай пайдалану керек дегенді меңзейді.
Оқу-ағарту саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырған белгілі қоғам
қайраткері, жазушы, ағартушы-педагог А.Байтұрсынов болды. Ол ауыл
мектебінде бала оқытып, тәрбие жұмысын жолға қоюға ат салысты. Автордың
Әліпби, Тіл құралы, Әдебиет танытқыш атты еңбектері қазақ балаларының
ана тілінде сауатын ашудан бастап, мектеп және оған керекті құралдар
жөнінде, сонымен бірге, қазақ тілінде жаңа емле енгізуі, қазақ тілінің пән
ретінде оқытылуына ат салысты. Әліпби оқу құралының материалдарын
әріптерді өтіп болған соң, тақырыптық жүйеде ұсынылған. Мысалы: Ойын -
ойыншықтар, Кимідер, Дене мүшелері, Туысқан-туған іліктес, Ыдыс-
аяқ, Малдар аты, Құстар, Құрт-құмырсқа, Жаңылтпаш, Жұмбақ,
Мақалдар, Өтірік өлеңдер т.б. Оқу құралының басты ерекшелігі балалардың
жас ерекшелігіне сәйкес, оларға лайықты тілмен жазылуында, тәрбиелік мәні
бар жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді, шағын мәтіндерді жүйелеп, саралап
берілуінде.
Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары Қазақ газетінің 1914
жылғы 62-санында Мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан
хабардар оқыта білетін мұғалім. Екінші – оқыту ісіне керек қралдар қолайлы
һәм сайлы болуы. Құралсыз іс істелмейді. Һәм құралдар қандай болса, істеген
іс те сондай болмақшы. Үшінші – мектепке керекгі белгіленген бағдарлама. Әр
іс көңілдегідей болып шығуы үшін оның үлгісі я мерзімді өлшеуі боларға
керек. Үлгісіз я өлшеусіз істелген іс солпы я артық, я кем шықпақшы..., -
деп көрсеткен. Бұдан шығатын тұжырым: оқытудың дидактикалық принциптерін
тұңғыш ғылыми тұрғыда нақтылы белгілеп бергенін көреміз.
Балалар әдебиетінің қалыптасы, даму тарихын терең зерттеп, іргелі
еңбектер жазған белгілі академик-жазушы М.Әуезов, зерттеуші-ғалымдар
М.Ғабдуллин, Ш.Ахметов т.б. атауға болады.
Академик-жазушы М.Әуезов ауыз әдбиетінің тәлім-тәрбиелік мәнін зерттеу
отырып, халық санасындағы Отаншылдық езімді, халық ұғымындағы адамгершілік
гуманизмді, халықтың қанатты үміті – оптимизмді ... әдет-ғұрпын, халықтың
коллектившілдік тәрбиесінің жемісін көреміз, - деген болатын. Қорыта
келгенде, ауыз әдебиетін жасаған – халық. Сондықтан да, ел ертеңі,
келешегі, ұлттық ұрпақтың болашағы, - деп халықтың бала тәрбиесіне баса
назар аударғанын көреміз.
Халқымыз балағ деген ыстық сүйінісін, жұмсақ лебізін, жылы жүрегін,
тәтті қиялын өлең-жырмен жеткізген. Жас нәрестенің дүниеге келуін қуаныш
еткен. Баланы жұбату, ойнату, тәрбиелеу, мақсат-тілектер өлеңмен, жырмен,
көркем сөзбен айтылған. Ал, халық ауыз әдебиетін жастайынан естіп өскен
бала, өсе келе оны сүйіп оқып, қызыға тыңдайтын болған. Балалар әдебиеті
бала тәрбиелеудегі халықтық педагогикамен тығыз байланысты. Ауыз әдебиеті
балалардың даму ерекшелігімен, психологиясымен анасудан туған. Олай болса,
халық ауыз әдебиеті – халық педагогикасының тынық мұхиты.
Ұлт әдебиетінде халық мұрасы ерекше орын алады. Белгілі ұстаз-ғалым
М.Ғабдуллин мақал-мәтел жөнінде: қай мақалды алсақ та, оның мазмұнында
өмірде болған елеулі оқиға, әңгімелер жатады, мақал соларға берілген
даналық қорытынды, тұжырымды түйін болып отырады. Ал, мәтедерде бұл секілді
мазмұнды, оқиғалы әңгімелер өте аз кездеседі. Мәтелдерде көбінесе, сөз
айшығы, көркем теңеу, сөз образы ретінде қолданылады. Мысалы: Көппен
көрген ұлы той, Тілге тиек жасап т.б. Егер мақалда дәлелдеу мен
қорытынды пікір бірдей келіп отырса, мәтелде бұл екеуінің бірі ғана болады.
Мәтел айтайын деген ойын турасынан білдірмей, жанама түрінде, р түрлі
салыстыру, теңеу арқылы жеткізеді. Бұл мәтелді өзіне тән ерешелігінің бірі
болып табылады, - деген. Зерттеуші-ғалым халық мақалдарының тақырыптарын
былайша топтастырады: еңбек ету жайларына арналған, мал бағу, мал басын
өсіру, егіншілік-кәсіп жайында, ынтымақ-бірлік жайында, ерлік, батырлық,
қоғамдық қарым-қатынас, әлеуметтік-таптық мәселелер, оқу-білім, тазалық
тәрбие, мінез-құлық, әдт-ғұрып жайлары. Т.б.
Балалар әдебиетін кеңінен зерттеген ғалым Ш.Ахметов республикамызда
балалар әдебиетінің арнайы пән ретінде оқылуына, төл әдебиетіміздің үлкен
бір саласы ретінде насихатталуына айтарлықтай үлес қосты. Ғалым Ш.Ахметов
Қазақ халқының бала тәрбиелеу дәстүрі атты ғылыми мақаласында:
Қазақстандағы тәрбие ісі негізінен басты-басты сегіз түрлі мәселені
қамтығанын атап көрсеткен. Біріншіден, тәрбие басы адамды әдептілікке
үйретуді көздеген, әдепті бол дегенді басты міндет етіп қойған. Екіншіден,
мейірімді болуға тәрбиелеген. Үшіншіден, тіл алғыш елгезек бол деп
үйреткен. Бұл еңбекке баулудың алғашқы көрінісі болатын. Төртіншіден,
ададық пен шындыққа баулуды көздеген. Бесіншіден, білгір бол, ұстаз бен
ғалымның көпті көрген данышпан қарияның сөзін тыңда, ақпа құлақ болма,
құйма құлақ бол дегенді бойларына сіңіре берген. Алтыншыдан, үлкенді, ата-
анаңды сыйлауға үйретуді басты міндет етіп қойған. Жетіншіден, кісі айыбын
бетіне баспа – дйді халық тәрбиесі. Бұл кемшілікті айтпа деген сөз емес,
қаріп-қсерлердің табиғи кемдігін (мұрны пұшық, көзі қисық, аяғы ақсақ деген
сияқты) көрсетпе деген сөз. Сегізіншіден, ел қорғаны батыр бол, халық
алдында қызмет ет, бар өнеріңді соған жұмса дегенді үйретеді. Қорыта
келгенде, авор халықтық шығармалардың бала тәрбиесіндегі тәрбиелік
маңызының жан-жақтылығына тоқталып, оладың тұлға ретінде қалыптасуындағы
ролін көрсеткен. Сондай-ақ, автор халық ауыз әдебиеті үлгілері: бесік жыры,
тұсау кесер, ұлттық ойындар, төрт түлік жырлары, жаңылтпаш, ертегі және
т.б. бала тәрбиесіндегі алатын орнын көрсете келіп, оладың танымдық
маңызын, еңбекке, адамгершілікке, патриоттық, батырлық, ерлік, дене,
эстетикалық тәрие берудің көзі екенін айтып өткен. Біз өз жұмысымызда
ғалымның осы тұжырымын басшылыққа алдық.
Жас ұрпақ тәрбиесіне қазақ қаламгерлері де үлкен үлес қосты. Қазақ
балалар әдебиетіне үлкен үлес қосқандар – С.Сейфуллин, І.Жансүгіров,
С.Көбеев, С.Бегалин, С.Мұқанов, Б.Майлин, Ө.Тұрманжанов, А.Тоқмағамбетов,
Б.Соқпақбаев, М.Әлімбаев, Ә.Табылдиев, Ә.Дүйсебиев, М.Жаманбалинов,
Қ.Ыдырысов, Ж.Смақов, Қ.Мырзалиев, Қ.Баянбаев, Т.Молдағалиев халықтық
шығармалардың дәстүрлерін пайдалана отырып, балаларға арнап, өлең-
жырларжазған. Оладың шығармалары бала тәрбиелеудегі ізгі мақсаттарды дұрыс
түсініп, балалардың тілін ширатып, ойын дамыады, еңбекке, Отанды сүюге
тәрбиелейді. Сондай-ақ аталған ғұламалардың шығармалары, өлеңдері
балалардың түсінуіне жеңіл, ығымына сай, қысқа тұжырымды, тілі көркем
жазылған.
І.Жансүгіров қазақ балалар әдебиетіне үлес қосқан ақын. Ол тәрбие мен
білім баланың жас кезінен бастап беріуі тиіс, - деді. Осы мақсатта бесікте
жатқан балаларға өлең мен ән жазған. Сол арқылы баланың көңіл күйі мен
ойын, эстетикалық сезімін оятып тезірек жетілуіне, дұрыс өсуіне
жәрдемдеседі. Ілияс балал тәрбиелеудегі ізгі мақсаттарды дұрыс түсініп, өз
өлеңдері арқылы оны шеберлікпен айта білген. Елген естіер керек, ер жет,
есей ертерек деп, балалардың болашағынан зор үміт күтеді. Балаларға
арналған өз елі, өз жері, оның байлығы (Жазғытұрым, Күз, Қыс, Тау
суреті) мен сұлу табиғаты туралы көптеген өлеңдерінің тәрбиелік мәні зор.
Мезгіл суреттері деген өлеңінде табиғатты тануға, оны аялауға, құрметпен
қарауға, сонымен қатар табиғаттың әсемдігін аңғартуға үйретеді. Ілияс
жЖансүгіровтың Малта, Шәркей, Күн шыққанда, Бөбек бөлеу т.б.
шығармаларының танымдық-тәрбиелік маңызы зор. Малта деген өлеңі арқылы
төңіректегі заттардың сыр-сипатын білуге, еңбекқорлыққа баулыиды, оның
ынтызарлық сезіміне қозғау салады.
С.Сейфуллин – қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы, балалардың
сүйікті жазушысы. Оның Балалар, Ананың хаты, Анаға жауап т.б.
өлеңдері бар. Еңбек еткен адамның сыйлы болып құрметке бөленетіні, Отанын
да, халқын да сүйсіндіріп, даңққа бөлеп отыратыны туралы айналысу баланың
ой-өрісін кеңейтіп, саналы да тәртіпті болуға баулиды. Балаларды еңбекке
тәрбиелеумен қатар, ересек адамдардың еңбектерін құрметтеу керектігі, сол
болашақ еңбекке, өмірге ат салысатын жасөспірімдепдің рухын жоғароы
дәрежеде көтеретіндей етіп суреттейді. Балалар деген өлеңінде таяқ мініп,
жалаң аяқ жүгірген дала баласына ақын ұлы Отаны, туған жері туралы
әңгімелейді. Олардың қылыш безеп, тез тізіліп, Отан үшін күрескер
болуын тілейді.
Қазақ классик жазушылары – С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин,
С.Мұқановтың қазақ даласындағы ұлы өзгерістерді мадақтаған алғашқы өлең-
жырларының балалар мен жасөспірімдерді жан-жақты тәрбиелеуде маңызы зор
екенін атап кетуге болады. Сәкен Сейфулиннің Балалар деген өлеңінде таяқ
мініп, жалаң аяқ жүгірген дала баласына ақын ұлы Отаны, туған жері туралы
әңгімелейді. Олардың қылыш безеп, тез тізіліп, Отан үшін күрескер
болуын тілейді. Сондай-ақ Кім басшы – аға халыққа? деген өлеңінде Сәкен
жөн білмей адасып, надандықта қалып отырған халыққа басшы болар адал,
ардагер ұлды аңсайды. Бұл өлеңдерде Жаңбыр, Бау-бақша өлеңдері ұғымына
жеңіл ойнақылығымен бейнелігімен қызықты.
Көбелектің көбін-ай,
Қызығын-айғ көгін-ай.
Бәрін ұстап алар ек,
Жолдастарды жоғын-ай, - деген бала ұғымының өзі қандай нанымды. Ал,
Қ.Ыдырысовтың Жаңбыр атты өлеңі арқылы табиғаттың қызықты көріністері –
аспанның ашу шақырып, найзағайдың бұлттарға атылуы, ақ жаңбырдың сабалап
құюы аяғында балағы,н түріп ап су сабалап жөнелген бала психологиясына
ұласады.
Ө.Тұрманжанов Көркем әдебиетті оқудың ерекшелігі атты еңбегінде:
Көркем әдебиет туындыларын оқу әрі ермек, әрі өрнек. Ермек дейтініміз: ол
ойнақы жеңіл оөқылады. Көркем әдебиет кітаптарындағы алуан-алуан, шым-
шытырық оқиғалар, сан қилы, сан түрлі адам мінездері мен әрекеттері,
күрестері мен күн көрістері, тіршілік тәсілдері, нені сүйіп, нені жек
көретіндері, неден жиреніп, неге ұмтылатындары көзіңізге көрініп,
көңіліңізге сезіліп, бойыңызға жеңіл сіңеді. Осыдардың жақсысына үйренесіз
де, жаманынан бой тартып жиренесіз. Өмірде қалай тұоуды, қалай өмр сүруді,
отбасынан, Отаныңызды қалай сүюді үйренесің. Отанға, өз ортаңа сүйікиті
болудан артық абырой бар ма? Осының бірн терең түсіінп, жақсы ұғынуыңа
көркем әдебиет кітабы зор көмегін тигізеді, - деп көһркем әдебиеттің ролін
атап көрсеткен. [98, -275 б.]. Жоғарыда зерттеуші ғалымдардың құнды ойларын
\, көзқарастарын бастауыш сыныпта көркесм шыармаларды оқу-тәрбие үрдісінде
пайдалануда, іріктеуде басшылыққа алдық.
Бұл бағытта ұлт қаламгерлері де ерен еңбек етті. Балалр әдебиетін
кеңінен зерттеген ғалым Т.Иманжанов Бөбектерге арналған әдебиет туралы
атты ғылыми мақаласында балалар әдебиетінің міндетін көрсете отырып,
бөбектерге арналған әдебиет туралы атты ғылыми мақаласында балалар
әдебиетінің міндетін көрсете отырып, бөбектерге арналған көркем
шығармалардың өзіндік ерекшеліктерін ажыратып, олардың бала психологиясын,
жас ерекшеліктерін ескере отырып жазылу керектігін айтқан. Балалар
әдебиетіне қойылатын негізгі талаптарға тоқталады.
1. Оның оқушысы - өзі оқи алмайтын, әдебиетті біреудің көмегімен
қабылдайтын оқушы. Әдебиет, оларға оқып беруге немесе мазмұнын айтуға
арналады. Балаларға арналып жазылатын шығарма мейлінше қысқа, әрі ұғымды,
әсерлі болып келуі керек. Бөбек ұғымы әрі саяз, әрі қалқамалы үстірт ұғым,
әрі жадына көп нәрсені бірден қабылдай алмайды. Оларға жазылатын
шығармалар, міне, осыны қатты ескертетін болады. Сондықтан, бөбектерге
арналған шығарма кілең қызықты іске, қимылға құрылуға тиісті.
2. Бөбектер ойы – бейнелі ой. Көбіне ол затты, құбылысты, сыртқы
түсіне, формасына қарап қабылдайды. Ендеше, жазушы оның көз алдына тұспалды
сөз, ұғым образын емес, нақты жанды образ әкелуі тиіс. Онсыз болмайды...
Оның ұғымының саяздығы тәжірибесіздігінің ғана жемісі екенін есте сақтау
керек. Оның ақылы түрлі ғибраттармен толтыра қоятиын қуыс ыдыс емес, лап
еткелі тұрған от, соны жанды сөзбен, бейнемен тұтата білуі керек. Шығарма
оның әрі ойын кеңейтуге көмектесіп, әрі тіл үйретсін...
3. Адамда болатын ыждаһатты (белсенділікті), енжар деп аталатын екі
түрлі зерденің бөбекте тек соңғысы бар. Ол көңілі соққанда қинала, әдейі
оралып, күш жұмсап, осыны білейінші дегенге бара алмайды. Әдебиеттің
міндеті ересек бөбекті жаңа білімге, жаңа сезімге есік ашатын ыждаһатты
зердеге бірте-бірте тәрбиелеуге көмектесу болып табылады. Бұл арада да өте
шеберлік, үлкен психологтік керек. Неге десеңдер, шығарма суытады, ол
жалығып кетеді. Ал, егер ылғи енжарлы зердеге азық ұсыныла берсе, келе-келе
бөбекте білуге деген талап сөніп, бойкүйездікке салынады. Кейін қайта
тәрбиелеу қиынға соғады, -деп ескерте отырып автор көркем шығармалардың
балалардың психологиялық ой-өрісіне, жас ерекшелігіне сай жазылумен бірге,
оның бала қиялын өрістетуіде таптырмайтын құрал екенін атап көрсеткен [99].
Белгілі әдебиет зерттеушісі Б.Ыбырайым Сырлы әлем атты ғылыми
еңбегінде фольклор жанрларының бірі мақал-мәтелдер туралы, жүйелі ой мен
алғыр зерденің, терең парасат пен ұшқыр шабыт, зерек зейіннің жемісі,
көрінісі, - деді. Ол баланың құлағына сіңіп, адамгершілік жолына бағыттап,
рухани есеюіне айрықша ықпал жасайды. Мақалдардың шындық өмірге жанасымы
мен болмыстың бейнелеу, өмірлік мәселені, құбылысты байыптап, дәл де терең
тұжырым жасау мен көкейге қонымдылығына қарай халытың ұлттық поэтикалық
ойлау ерекшелігін, автордың ой-өрісі мен рухани өмірлік тәжірибесін барлай
аламыз. Б.Ыбырайым бүгінгі балалар прозасында көркемдік ойды бейнелеуді
төмендегідей қарастырады. Олар:
1) Балалардың өзіндік өмірін, өзіндік әлеуметтік тіршілігіне зер
салу, олардың тыныс тірлігінің талай мәселелері ересектердің
әлеуметтік моральдық атмосферасымен де байланысты екенін ескеру;
2) Балалардың жан дүниесіне бойлауға ұмтылу, детальдарды,
штрихтарды, т.б. көркемдік құрал тәсідермен бояуларды
кейіпкердің психологиясына тереңдеп тануға жетелейтін кілт
есебінде пайдалану, психологизмге ден қою;
3) Балалардың мінез-құлықтарынан туындайтын і-әрекеттердің
эстетикалық-педагогикалық мәніне назар аудару;
4) Табиғат әлемі арқылы авторлық көркемдік ойды бейнелеу;
5) Тарихи кезең, тарихи тұлғалардың сыр-сипатына үңіліп, тағылымдық
сәттерге назар аудару, жас ұрпаққа Отаншылдық тәрбие беруге
ұмтылу. Бүгінгі балалар прозасында, онң ішінде балалар
әңгімесіндегі көркемдік ойға құйылатын негізгі арналар осылар ,
- деп тұжырым жасайды.
Бұл секілді саланы әдебиет зерттеушілері өзіндік ізденістерімен дамыта
түсті. Белгілі ғалым Б.Адамбаев Тозған қазды топтаған қарға жейді атты
еңбегінде халық ауыз әдебиетінің бір-біріне жақын, ұқсас екі жанрына
жататаны шешендік сөздер үлгілері мақал-мәтелдер жөнінде жүргізген
зерттеулер бойынша өзінің ой тұжырымдарын ұсынған. Автор онда мақал-
мәтелдердің маңызына тоқтала келіп: мақал дегеніміз – халықтың ғасырлар
бойы өмірден, табиғаттан көрген-білгендерін бейнелейтін шағын шығармасы сөз
өнері, - анықтама берген. Халық шығармаларының басқа түрлері сияқты мақал-
мәтелдерді де әу баста жеке адамдар шығарады, оны біреуінен естіп, жаттап
жаңғыртады, өңдейді, өзгертеді. Сөйтіп, олар бірте бірте жалпы ортақ
мұраға, халық шығармасына айналады. Демек, мақал-мәтелдерді халықтың
өмірден жасаған қорытындысы ақыл ой түйіні деуге болады [50]. Бастауыш
мектепте мақал-мәтелдерді пайдалануда оның мағынасын түсіндіруді,
оқушылардың тіліне дамытуда арнайы жүргізілген зерттеулер қорытындысына
сүйендік.
Зерттеуші ғалым С.Қирабаев балаларға арналған поэзияның, яғни өлеңнің
өзіндік ерекшеліктерін; тілінің жатық, идеясының анық болуында деп
көрсеткен. Сонымен қатар, ғалым бөбектерге арнап кітап жазу мәселесін де
көтерген. Онда: Оқушы жас болған сайын ол оқитын кітаптың да көркемдік
дәрежесінің жоғары болуына, оның әр түрлі тақырыпқа жазылуына, қоғамдық
өміріміздің әр түрлі құбылыстарын жас жеткіншектерге жеткізіп айтып беруге
қысымшылық жасауға тиіс. Балаларға арналған кітаптың ерекшелігі – оның
мейлінше қарапайым, нақты, әдеби образға бөлене жазылуына байланысты.
Бөбектердің кітаптары оларды әрі көңілдендіретін, қуанышқа бөлейтін, жеңіл
оқылатын, оның үстіне баланың санасын оятарлықтай ойға құрылу керек. Көркем
әдебиеттің басқа саласы сияқты ол да қайнаған өмірден алынып, образды түрде
жазылуға тиіс, - деп көрсетті [101]. Шын мәнінде, балалар әдебиетіінң
көркемдік жағы басым болғанда ғана бастауыш сынып оқушыларын қызықтыра
алады. Біз зерттеу жұмысымызға көркем шығарманы іріктеуде автордың ұсынған
өлеңінің өзіндік ерекшеліктерін басты қағида етіп алдық.
Зерттеуші ғалым Қ.Матыжанов өз еңбегінде: ең алдымен балаларға
арналған халық шығармалары – балалар психологиясын. Көркемдік талғамын,
шығармашылық мүмкіндіктерін танытатын асыл мұра. Ол өзінің бала қабілетіне
лайықтылығымен, логикалық жүйелілігімен, тілінің нәрлілілігімен, музыкалық
сазымен, өнегеді мазмұнымен, ойындық жеңіл формасыме балалардың рухани
азығына айеалған бағалы тәрбие құралы деп ауыз әдебиетінің педагогикалық
құндылығын саралап бергенін көреміз [102].
Ғалым Ә.Табылдиев Халық тағылымы [103] атты еңбегінде Мақал мен
мәтелге өз тұрғысынан анықтама берген. Мақалдар – нақыл, өсиет түрінде
атйлатын философиялық ой түйіндері, сөд мәйекгі. Мақалдар көбінесе өлеңдік
өрнекпен, сабырлы, салмақты ырғақпен айтылады. Қара сөзбен, яғни
шешендікпен айтылатын мақалдар да бар. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның
тіленбей тб.. Мәтелдер негізінен тұжырымы тұспалы өлеңде сыңар тармақты,
қара сөзде нұсқаулы сөз ретінде айтылады. Өлең сөздің патшасы т.б. Қазақ
халқы – сөз қадірін біліп, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай,
өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп, зерлеп келе жатқына
халық. Сөз зергерлерінің аузынан шыққан мақалдар мен мәтелдерді оқу-тәрбие
үрдісінде үздіксіз пайдаланып, үлгі етіп ұрпақ тәрбиесіне шарықтап
пайдалануды дәстүрге айналдырып отырмыз.
Балалар әдебиетінің теориясын алғаш жасаған орыстың ұлы жазушысы
М.Горький еді. Ол совет балалар әдебиетін жасауда жалпы педагогика мен
психологиясын басшылыққа алды. Балалар әдебиетінің басқа әдебиетке
қарағанда өзіндік ерекшелігіне тоқталады. Ол балалар әдебиеті талғамы, ойы,
қабілеті, тілі, баланың даму ерекшелігіне сәйкес келетінін айтты. Ол өзінің
мақалаларында еңбекті суреттеу жас өспірімдерге арналған әдебиеттің міндеті
болуы керек деп көрсетті. Балалар әдебиетіне араласатын автор әр алуан
жастағы балалардың барлық өзгешеліктерін ескеруі тиіс. Бұлай етпеген күнде
оның кітабы балаларға да, үлкендерге де керексіз, иесі жоқ кітап болып
шығады, - деді.
Балалар әдебиеті балалардың жасы кіші болған сайын анық көрінеді, ал
үлкейген сайын балалар әдебиеті мен ересектер әдебиетінің айырмашылықтарына
көрінбей, бірігіп кетеді. Сондай-ақ, М.Горький балалар әдебиетіне үлке мән
бере келе, оның тәрбие құралы екенін айтты. Балалар әдебиеті басқа
ғылымдармен (педагогика, психология, эстетика, музыка т.б.) тығыз
байланысты болуын талап етті.
М.Горький Әдеиет туралы еңбегінде : Бастауыш сынып оқушыларына ойын,
санақ, әзіл-сықақ үшін материал боларлық әрі қарапайым, әрі өте шебер
жазылған көркем өлеңдер керек. Осы күнгі балалар кітабының шеберлерінің
өлеңдерімен қатар, фольклордың таңдаулы үлгілерінен құралған бірнеше жинақ
шығару қажет, - деген. Сонымен қатар, балаларға арнаған кітаптың құрылысы,
мазмұны, сапасы туралы да өзінің ой-пікірін айта білген. Балаларға арналған
кітаптардың бәрі бірдей танымдық материал беруге тиісті деп ойлауға
болмайды. Ол бейнелі тілмен жазылған, көркем кітап болуы қажет. Бізге
балалардың сықақшылдық сезімін дамытатын көңілді, қызық кітаптар да қажет.
Балаларға арналған кітапшалар серияларының қаһармандары боларлық, күлкілі-
сықақты кейіпкерлер жасау қажет, - деп жасаған тұжырымы дәлел. Жазушының
сол уақытта айтқан құнды ой-пікірлері күгі бүгінге дейін өз мәнін жойған
жоқ. Ол қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында да балаларға арналып
жазылатын кітаптар басшылыққа алынады. Бастауыш сыныпқа арналған
кітаптардың суреттері айшықты, көңілді баланың назарын бірден өзіне
тартатындай қызықты болуы тиіс. Әртүрлі тапсырмалардан, баланың жас
ерекшелігіне лайықты көркем шығармаларды дұрыс іріктеуде, осы бастауыш
мектеп оқушыларын тәрбиелеу мен білім беру мәселесімен айналысқан ғалымдар
мен балалар суретшілері болғаны дұрыс. Бұл заман ағымынан туындап отырған
қажеттілік.
Орыс халқының ұлы сыншысы В.Г.Белинский Әдебиет деген сөздің жалпы
мағынасы туралы жазған еңбегінде ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің
айырмашылықтарына тоқталған. Жазба әдебиетінің қандай туындысын алсақ та,
оның авторы белгілі болады. Соғын қоса, оның өмірбаяны, шығармаларының
қашан, қандай тақырыпқа арналғандығы, қай кезде баспа жүзіне жарияланғаны
т.б. көпшілікке мәлім болып отырады. Ал, ауыз әдебиетіінң авторлары
белгісіз болады. Бұдан әрине, ауыз әдебиетінде автор болмайды деген ұғым
тумаса керек. Ертегі, әңгіме, жырлардың қайсысы болса да әуел баста жеке
авторлар шығарған. Бірақ, сол кезде жазу-сызу өнері болмағандықтан,
авторлардың өмірбаяны , аты-жөні сақталмаған. Ал шығармаларды ауызша айту
түрінде туып, ел арасына ауызша айту ретімен тарап кеткен. Олардың авторы
халықтың өзі болған. Ауыз әдебиетін халық әдебиеті деп атаушылық, міне,
осылай туған, - деп көрсеткен [106]. Бұдан В.Г.Белинскийдің пікірінің қазақ
зерттеуші ғалымдарының ой-тұжырымдарымен сәйкес келетінін байқаймыз.
Балалар әдебиетінің даму арналары, оның жанрлары да жеке зерттеу
саласын құрайды. Ал, қазақ балалар прозасының даму жолдары мен тәрбиелік
мәні, көркемдік деңгейі туралы С.Өскенбаев [115], бүгінгі балалар әңгімесі
туралы Ә.Өтегеновалар [116] кандидаттық диссертациялар қорғады. Қазақ
балалар әдебиеті Ресей, Орта Азия халықтарының озық шығармаларынң аударып
тлоыға түсуде. Атап айтсақ, жазушылары К.Чуковскийдің Доктор Айболит,
Кір қоймас [117], В.В.Маяковскийдің Жақсы деген немене, жаман деген
немене, Кім болам [118], А.Гайдардың Тимур және оның командасы [119],
С.Маршактың [120], А.П.Бартонның [121] т.б. өлеңдері мен әңгімелері қазақ
тіліне аударылып, оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануда.
Балалар әдебиеті – балалар психологиясын, шығармашылық
мүмкіндіктерін танытатын халықтың ғасырлар бойы жинаған асыл мұрасы. Ол
өзінің мектеп жасына дейінгі балалардың қызыға еліктей отырып, үйренуімен,
дағдыға айналуымен, шығармашылық қасиетінің артуымен, дүниетанымдық
қызығушылығымен, мәнділігімен бағалы. Балалар рухани әлемінің жеке сала
ретінде отау тігіп, ізінше енші иемденіп, балалар фольклоры деген атқа ие
болуы үстіміздегі ғасыр үлесіне тиді.
Қорыта айтарымыз, философиялық психологиялық еңбектерге жасалған
талдаулар бастауыш мектепте балалар әдебиетін пайдалану ғылыми тұрғыда
негізделді. Оқушылардың тілін дамытудың өзіндік ерекшеліктерін анықтау үшін
ғылыми-әдістемелік зерттеулерді талдау қажет деп санаймыз, Ол келесі
тармақшада қарастырылады.

1.2. Балалар әдебиеті арқылы оқушылардың тілін дамытудың ерекшеліктері

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері мемлекеттік тілі де еркін тыныстай
бастады. Тіл – адам баласы қарым-қатынасының негізгі құралы есебінде бүкіл
келелі мәселелерді шешеді.
Педагогика саласында тіл біліміне ерекше мән беріліп, тіл мен сана,
сөйлеу мен ойлау өте тығыз байланысты қарастырылады. Адам ойы сөйлеу
тілінде көрініс табатындықтан, дұрыс сөз құрау, өз ойын нақты да, тиянақты
жеткізу ақыл ойдың көрінісі болмақ. Сөздердің грамматикалық жүйесін, оларды
қолдану тәсілдерін меңгеру арқылы адамның ойдау жүйесі де дамиды. Сонымен
қатар, көргенін айтып талдау арқылы бала қоршаған дүниені таниды.
Көрнекті ағартушы-ғалым, психолог Ж.Аймауытовтың пікірінше Тіл – ішкі
сырды сыртқа шығаратын құрал. Төңірегіндегі табиғаттың түрлі құбылысына
кездессе, қорықса, қуанса, таңданса, бір жері ауырса, адам айқайлап дыбыс
шығарып жүрсе керек. Сол дыбыс адамның қандай күйге түскенін маңайындағы
басқа адамдарға білдірсе, міне сөйлеудің ең түбі осыдан басталған болу
керек дейді. Бұл – тілдің ең алғашқы дәуірі... [108]. Адам тілінің
осылайша өркендеген дәуірін бала да басынан кешірді.Олай болса, ересек адам
тіл жүзінде қандай жетіліп, жүре-бара нәрсе мен дыбыс арасындағы байланысты
қалдырған болса, бала да тап сол сяқты ұғымдарды, сонымен қатар сөздер
көбейген сайын ойын байланыстырып айтуға дағдыланатынын көреміз.
Психолог Н.И.Жинкиннің пікірінше ішкі сөйлеуде пайда болатын ой басқа
адамға акустикалық кешен арқылы жетеді. Дыбыс есту мүшелерінің қызметімен
нерв сигналдары түрінде миға жетіп, тыңдаушыға жетізіледі.
Сөйлеу механизмін оқып-білудің міндеті адамның қоршаған болмысты
қабылдауында ойдың, бейненің пайда болу кезеңдерінен қарастыру. Сонымен
сөйлеу механизмі үрдісі барысында талдау және жинақтауды ескеру қажет
делінген [109]. Бұдан шығатын қорытынды сөйлеу механизмі күрделі әрі сатылы
процесс, яғни, сөздерді қабылдау мен түсіну күрделі механизмдер арқылы
жүзеге асып отырады.
Сөйлеу түрді механизмдер арқылы жүзеге асып отырады да, олардың нақты
мазмұны мен мәніне, мақсатына орай дамиды. Сөздерді қабылдағанда біз
сигналдардың сигналы (2-сигнал жүйесі, бұл – адамның сөйлеу әрекетімен
байланысты жоғары жүйке қызметі) арқылы тітіркендіру нәтижесінде
нәрселердің мән-жайын қабылдап, олар туралы хабар аламыз. Әрине, ондай
хабарлар саналы да, санасыз да болуы мүмкін. Осы орайда сөйлеудің
физиолгиялық негізі И.П.Павлов іліміндегі екінші сигнал жүйесімен
негізделеді. Ал екінші сигнал дыбысты сөзбен, сөйлеу әрекетімен байланысты.
Адам сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп қана қоймай, оларды тең мағынада
сөз арқылы бейнелейді. Халқымызда Көз жеткізбегенді сөз жеткізеді деген
тамаша мақал бар. Мұның мағынасы тікелей таным арқылы бейнеленетін заттар
мен құбылыстардың қасиеттері түйсік, қабылдау, елес процестерінің шектеулі
шеңберін тереңдете түсіп, олардың мән-мағынасы сөз бен сөйлеу әрекеті
бейнелеуші-танымдық ерекшеліктері арқылы ұғынуға болады.
Психолог А.В.Запорожецтің тұжырымдауынша сөйлеу – адамдардың тіл арқылы
қарым-қатынасының тарихи қалыптасқан формасы. Сөйлеу мен тіл күрделі
диалектикалық тұтастықты құрайды. Сөйлеу қарым-қатынасы фонетикалық,
лекискалық, грамматикалық, стилистикалық, құралдар жүйесі қарым-қатынас
ережелерін білдіретін берілген тілдің заңдылықтары бойынша іске асады
(қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі). Сонымен бірге түрлі факторлардың
әсері арқылы (қоғамдық практиканың талаптары, ғылымның дамуы, тілдердің
өзара әсері) сөйлеу тілді өзгертеді және жетілдіреді [110].
Сөйлеу бізге қоршаған дүниені тануға көмектеседі. Қоғамдық практикада
сөздің арқасында уақыт, кеңістік туралы жалпы ұғымдар пайда болады. Бұл
адамға табиғат құбылыстарының мәнін түсінуге, күнделікті қоғамдық өмірдегі
уақиғаларды түсінуге, ғылымды жасауға мүмкіндік береді. Яғни, адамның
қоршаған дүниеге әсер етіп, оны басқара алатындығын көреміз. Бұл туралы ұлы
ғалым И.П.Павлов былай деген: Сөйлеу, сөз адамды болмыстың тәңірі етті
[111].
Сөз – тіл механизмінің негізгі буындарының байланысатын жері. Сөз
дыбыстардан тұрады. Сөздің дыбыстық элементтерін таңдап алу үшін
дыбыстардың қасиеттерін талдау және жинақтау қажет. Есту мүшелері арқылы
қабылданатын дыбыстың барлық қасиеттері біртұтас болып келеді. Сөз екі
форма арқылы жүзеге асырылады: сенсорлық, моторлық. Сенсорлық дегеніміз
сөйлеушінің тілін түсіну, ал маторлық дегеніміз адамның өзінің сөйлеуі. Бұл
екі форма бір-бірімен тығыз байланысты. Дегенмен, айырмашылықтар да бар.
Себебі, сенсорлық, маторлық сөз мидың әртүрлі бөліктері арқылы іске асып,
ойлау қабілетін туғызады. Бұл жөнінде ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Балалар тілін дамыту әдістемесі
Балалар әдебиеті арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту
Оқушылардың қазақша тілін дамыту
3-сыныптарда оқушылардың тілін дамыту
Балалар қабілетін ертегі арқылы дамыту
Оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамыту
Тарихи аңыздарды оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту
Ауыз әдебиеті арқылы бала қиялын дамыту
Ойын арқылы балалардың тілін дамыту
Арифметикалық ұғымдарды оқыту арқылы оқушылардың құзыреттілігін дамыту
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь