БТА АҚ қаржылық қызметін талдау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
ІТАРАУ. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА БАНКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ . . . 7
- Банктің қалыптасуы мен даму тарихы . . . 7
- Банктің құрылуы және ұйымдастырылуы . . . 17
- Банктің атқаратын қызметі және оның реттелуі . . . 24
ІІ ТАРАУ. «БТА» АҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ . . . 32
2. 1 «БТА» АҚ қызметін ұйымдастыру және басқару құрылымы . . . 32
2. 2 «БТА» АҚ қызметінің қорытынды нәтижесін талдау . . . 50
2. 3 «БТА» АҚ қызметінің табыстылығы мен тиімділігін бағалау . . . 63
ІІІ ТАРАУ. ҚР БАНК ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . . 76
3. 1 ҚР коммерциялық банктердің қызметінің ұйымдастырылуын жетілдіру жолдары . . . 76
3. 2 Коммерциялық банктердің көрсететін қызмет түрлерін дамыту . . . 83
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Елімізде жүргізіліп жатқан экономикалық реформа банктік істі дамытудың жаңа кезеңін ашты. Ерекше актуальділікке біздің елде банктердің және басқа да несиелік институттардың даму болашағы мәселесі мен оны іс жүзінде жүзеге асыру ие. Қойылған міндетті шешу Қазақстандық және де шетелдік банктердің қызмет етуін зерттеу, тәжірибеде қолдану және тәжірибедегі жұмыс әдістері мен рационалды, прогрессивті формаларын өндірген жағдайда ғана мүмкін.
Тақырыптың өзектілігі нарыққа өту жағдайында біздің елде банктердің және басқа да несиелік институттардың даму болашағына байланысты мәселелер мен оны іс жүзінде жүзеге асыру қажеттілігі. Бүгінгі коммерциялық банктер қызметіндегі корпоративтік басқару, тәуекелді басқару және капиталды арттыруға жалпы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуге байланысты проблемалардың болуымен сипатталады.
Капиталдар нарығының дамуы қаражаттарды жинақтау мен инвестициялаудың өзара байланысты процесін жетілдіру аса маңызды. Жинақтау өзімен бірге табыс пен тұтыну арасындағы айырманы білдіреді. Инвестициялар бұл табыс алу мақсатындағы қаражаттар салымы.
Қазақстанның алдағы комерциялық банктерін өздерінің табыстылық базасын кеңейту үшін рентабельділігі мен бәсекелестік қабілеттілігін жоғарылату өз клиеттері үшін қызметтер мен операциялардың кең тобын орындауға талпынды. Сонымен бірге банктік қызметінің дамуы клиенттер үшін де, банктің өзі үшін де аз шығындармен банктік қызметтерді көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге икемді бағаларды қолдануды білдірді. Кең клиентуралы банктік операциялардың тиімді икемді жүйесі ішкі жинақтарды жинауға ықпал етеді.
Банктік қызметтер нарығындағы бәсекелестік банктік қызмет көрсетудің сандық және сапалық сипаттамасына әсер етеді. Тұрғындарға дәстүрлі банктік қызметтерді орындаумен бірге депозиттерге қаражаттарды тартумен, ссудаларды ұсынумен, тұрғындарға есеп айырысу кассалық қызметтерді көрсетуді жүзеге асырумен бірге біздің елде қазіргі банктік институттар электрондық қызметтер, клиенттер тапсырма бойынша маркетингтік зерттеулер, валюталық операциялар, қор операциялары, чектік операциялары, карточкалар ашу, ссудаларды ұсыну, құнды қағаздармен жүргізілетін операциялар, басқа да қызметтер, соның ішінде трастық, ақпараттық анықтамалық кеңес беру, қор операцияларын да орындайды. Тұрғындарға қызмет көрсететін банктердің рөлін арттырудың мәні аз шығындарды максималды әсерге, яғни банктік қызмет көрсетуде клиенттердің қажеттілігін толық қанағаттандыруға, жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету сапасын жақсартуға, банктік қызметтер спектірін кеңейтуге өзіндік құнының төмендеуіне әсер етуден тұрады.
Бүгінгі күні Қазақстанның жетекші банктері ел экономикасының жағдайының жақсаруымен байланысты, алдағы уақытта да несиелерге сұраныстың өсетіндігін ескере отырып, халықаралық қаржы нарықтарынан қарыз тарту саясатын жалғастыруда. Осы мақсатқа жетуде екінші деңгейдегі банктерге ІРО-ға шығу немесе онымен стратегиялық серіктестікке түсуі қажет.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стра-тегиялық күштің ілгерелуіне бағыт көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген.
Қазақстанның алдыңғы қатарлы коммерциялық банктері өзінің табыс базасын кеңейту, табыстылықты және бәсеке қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды білдіреді.
Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында өз шаруашылығын жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер де жаңа қызметтерді енгізуге және бұрынғы қызметтерді жетілдіруге үлкен назар аударып отыр.
Жаңа қызметтерге пластикалық карточкалар, банкаралық электрондық есеп-айырысулар, әлемдік Интернет байланыс жүйесіндегі қаржы нарығының құрылуы жатады.
Біздің еліміздегі қазіргі банктік институттар аталған жаңа қызметтерді атқара бастады. Клиенттің тапсырысы бойынша маркетингтік зерттеуді, валюталық операцияларды, басқа да қызметтерді, соның ішінде, трасталық, ақпараттық-анықтамалық консультациялық, қор және т. б. жүргізеді.
Халыққа қызмет көрсетіп жүрген банктер ролін жандандырудың мәні мынада: шығынды азайта отырып, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге, банктік қызмет көрсетуінде клиенттер қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыруға, жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету сапасын жақсартуға, банктік қызметтер спектрін кеңейтуге және олардың өзіндік құнын төмендетуге жағдай жасау.
Жоғарыда аталған көптеген мәселелердің шешу жолдарын табу үшін оған терең үңіліп, барлық тақырыпшаларға жеке - жеке тоқталып, ашатындай етіп, кешенді түрде қарастыру қажет. Банктік қызметтердің дамуы мен перспективалары - біздің еліміздегі арнайы ғылыми түрде аз зерттелген мәселе болса да, банк саласында қызмет атқарып жүрген көптеген экономистердің көкейінде жүрген маңызды сұрақтардың бірі.
Өзінің қызметі барысында банк әр түрлі аудиториялар типтерімен байланысқа түседі: бәсекелестермен, клиенттермен, мемлекетпен және т. б. Бұлармен банк пайданы оңтайландыру мақсатымен өзара әрекет етеді.
Бірақ та бұл банктің банктік қызметтер нарығында қызмет атқара отырып, көздеген жалғыз мақсаты емес. Бұдан басқа, банктер қаржы ресурстарының өтімділігі мен табыстылығының қолайлы үйлесімділігін, банк атын құру мен қолдауын және т. б. қамтамасыз етуге ұмтылады. Өз кезегінде, банктің жақсы беделі тек осы банкке келетін клиенттердің санына әсер етеді.
Банктің клиенттерімен қарым-қатынасы банк өнімдерін сатып алу-сату процесінде пайда болды. Оларға мыналар жатады: несие беру, депозиттік шоттарды ашу, бағалы қағаздарды шығару, сатып алу және сату бойынша операциялар, валюталық қатынастар, есеп-айырысу операциялары, сонымен қатар трасталық қызметтер, бағалы металдарды сақтау және т. б. болып табылады.
Бүгінгі таңда нарықтық қатынастардың дамуына орай аса көңіл бөлетін мәселелердің қатарына банктік қызмет саласын реттейтін заңдарды дамыту жатады. Ал банктік қызмет аясының жоғарғы деңгейде дамып, халықаралық деңгейге сәйкес болуы осы саланы реттеуге арналған заңдардың тиімді түрде жүзеге асуымен тығыз байланысты.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасындағы банктердің қызметі конституциямен және Ұлттық банк туралы заңмен және өзге де актілерімен, Қазақстан Республикасы президентінің «Банктер және банктік қызметтер туралы» заң күші бар Жарлығымен, «валюталық реттеу туралы» заңмен, Қазақстан республикасы жасасқан халықаралық шарттармен (келісімдермен), өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан республикасының заң құжаттары мен Президенттің Жарлықтары негізінде және оларды орындау үшін шығарылатын Ұлттық банктің нормативтік актілерімен реттеледі.
Зерттеу объектісіне - ҚР-ғы «БТА» АҚ қызметі, олардың клиенттерге қызмет көрсету түрлері мен операциялары және өнімдері
Диплом жұмыстың басты мақсаты - нарық жағдайына сай банктердің қызмет ету ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан зерттей отырып, банктердің қызметінің экономикалық негіздерін талдау арқылы жетілдіру жолдарын ұсыну болып табылады.
Қойылған мақсатқа жетуде мынадай міндеттерді шешу қажет:
- банктердің мәнін ашу;
- банктің атқаратын қызметін анықтау және оны реттейтін нормативтік құқықтық құжаттарды қарастыру;
- банктердің жіктелемін беру;
- банктің құрылуы және ұйымдастырылуын анықтау;
- ҚР-да банктік реформалардың ерекшеліктерін сипаттау;
- Банктерді ашу және ұйымдастыру тәртібін қарастыру;
- Екінші деңгейдегі банктердің қызметіне талдау жасау;
- Банктік қадағалау қызметін жетілдіру жолдарын қарастыру.
Тақырыпты зерттеудің негізгі мақсаттары болып мыналар саналады: банк кірісін ұлғайту; белсенді операцияларды жүргізуге тәуекелді төмендету; банктің қоғамдық және іскерлік беделін нығайту; банктік депозитінің барлық түрлеріне бос ақша қаражаттарын тарту; банк табысын ұлғайту; шығындарын қысқарту; клиенттерді ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізу.
Диплом жұмысының әдістемелік және теориялық негізі. Коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыруға бағытталып жазған шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектерінен алынған материалдар қолданылады.
Дипломдың жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен қолданылған әдебиттер тізімінен тұрады.
Банктік қызмет-нарық қажеттілігін маркетингтік зерттеу негізінде құрылған кәсіби интеллектуалдық өнім оның негізгі мақсаты-пайда алу. Банктік қызметтер-қызметті көрсетуде күшті жеке персонификациялы қызметтер. Жалпы банктік қызметтер келесі қасиеттерден тұрады: қызмет сапасының тұрақтылығының кепілдемесінің және жинақталуының банктік қызметтер сферасын қызметтің жоғары тәуекелді сферасы деп саналады. Банкттік қызметтердің тәуекелді екендігін растайтын және аса бір ерекшелігі болып табылатын факторға халықаралық көлемде қалыптасқан олардың патенттік қорғалмағандығы жатады.
Жаңа банктік қызметтерді көрсету ең жоғары тәуекелділікті қажет ететін шешім болып табылады. Әсіресе тәуекелді болып қызмет көрсетуге бейімделген индустрияға қызмет көрсету саналады, себебі бұл сферада бәсекелестермен мұндай қызметтер өнеркәсіптердің басқа өндірістік салаларына қарағанда тез ұдайы өндіріледі. Банктік істегі сәттілік және сәтсіздік жеке банктік фирмалардың бақылауынан тыс жалпы факторлармен анықталады. Оларға банктік қызметті реттеу, экономикалық жағдайлар, пайыздық ставкадағы ауытқулар.
Кез келген елдің банктік қызметтер механизмі мен банктік жүйесінің қызмет ету ерекшеліктері мен мәселелері өндіргіш күштердің даму деңгейі банктік қызметтер нарығында әрекет ететін жалпы заңдылықтар бірдей жұмыс істейді. Оларға, әсіресе, бәсекелестік күрес, пайда алу мақсатында ақша қаражаттарын тарту және орналастыру, банк қызметтерін мемлекеттік реттеудің міндетті жүйесі, ең алдымен орталық банктердің ақша-несие саясаты жатады. Интеграциялық процесстердің даму және әлемдік шаруашылыққа дамушы елдерді тарту шегі бойынша осы елдердің банктік жүйесі ссудалардың капитал және банктерден қызметтердің халықаралық нарығында болып жатқан процестермен өзара байланысты және соған тәуелді болады.
І ТАРАУ. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА БАНКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
- Банктің қалыптасуы мен даму тарихы
Бірқатар ғалымдардың пікіріне қарағанда алғашқы банктер капитализм дамуының мануфактуралық сатысында дүгиеге келіп, кредиттік қатынастардың кең ауқымда дамуына орай Италияда ХІV-ХV ғасырларда пайда болған.
Өзге ғалымдар болса банктер әлдеқайда ертеде, феодализм тұсында төлем делдалдары ретінде туындады, деп есептейді.
«Банк» сөзі «стол» дегенді білдіретін итальянша «banco» деген сөзден шыққан. Банк-столдар тауар саудасы қызу жүретін, аландарға орнатылатын болған. Сауда мемлекеттер, сондай-ақ қалалар, кейбір жеке тұлғалар басып шығаратын алуан түрлі монеталар арқылы жүргізілген. Бұл жағдайларда айналымға түскен толып жатқан сөлкебайлардың тегін біліп, түсінетін, оларды бағалап, кеңес бере алатын мамандар қажет болған. Осы мамандар-айырбасшылар базарларға өз столдарын апарып отыратын. Италия Х ғасырдан бастап әлемдік сауда орталығына айналды, оған түрлі елдердің тауарлары мен ақшасы ағылып жататын. Бұл орайда банкирлер сауда операцияларының бұлжымас қатысушыларына айналды. Делдал-айырбасшы-банкирлер өздерінің айрықша банк-столдарымен танымал болып, көне Грекияда (транзиттер деп аталатын, «трапеза» - стол дегенді білдіреді), ежелгі Вавилонда және басқа елдерде кең тарап үлгерді.
Түрлі монеталарды бір-бірімен кедергісіз айырбастау үшін олардың қоры болуға тиіс. Сөйтіп, бұл айырбас-столдар бағасы әр қилы монеталар айырбасталатын айырбас үйлеріне айналды.
Алайда банктердің табиғатын валюталарды айырбастау операцияларымен барабар қарау банктердің пайда болу себебін жаңылыс түсіндіруге әкелуі мүмкін.
Онда ақша әлемдік ақша функцияларын орындағанда ғана банк пайда болды, деген ұғым туындайды. Ақша ішкі нарықта ғана айналымда болған неғұрлым ерте кезеңдерде банктің өмірге келуіне күмән білдіреді. Ғалымдардаң пікірінше, б. з. д. VІ ғасырдың өзінде ежелгі Вавилонда салымдар қабылданған және олар бойынша пайыз ақы төленген. Мұндай валюталық және кредиттік операциялар Грекияда б. з. д. ІV ғасырда жүзеге асырылған.
Тарихшылардың пікірінше бұл операцияларды жекелеген тұлғалар, сондай-ақ шіркеу мекемелері орындаған. Мемлекет, сондай-ақ қауымдастық тарапынан зор сенімге ие болғандықтан храмдар ақша мен құндылықтарды сақтау үшін сенімді орын болып табылатын. Храмдар ақша операцияларын - есепке алу және есептесуді ұдайы жүргізетін, бұл операциялар салмақ бірліктерінде жүргізілетін. Олардан бөлінімділік, біртектілік, сақталушылық сияқты қасиеттер талап етілетін. Мұндай сипаттарға металдар, әсіресе алтын мен күміс ие болатын. Храмдар негізгі ақша операцияларымен қатар қарыз ақша берумен де айналысып, олар үшін пайыздық төлем алатын, бұлар заңнамалық нормаларды айрықша сақтай отырып рәсімдейтін.
Сол кезеңде адамдар қозғалыссыз жататын қомақты ақшалай байлықты үстемелей беру пайда әкелмей, қайта зиян шектіретінін түсіне бастады. Сондықтан да оларды уақытша пайдалануға беріп, үстінен пайыз алу немесе сауда және қолөнер орындарын ашу тиімді болып, табыс пен кіріс әкелетін.
Храмдар, өсімқорлар, сауда үйлері мен сауда агенттері жүргізген осы ақша операцияларының барлығы банктердің пайда болуының негізін қалады. Банк ірі кредиттік кәсіпорын болып саналады, сондықтан жоғарыда аталған кредиторлар әлі де банкке айналмаған болатын. Банк кредит ісінің даму дәрежесіне және түптеп келгенде кредитор өз клиенттеріне қызмет көрсету жөнінде орындайтын операциялар жиынтығына тәуелді болады. Өсімқор өз жүзеге асыратын кредит операциялары жүйеге алғанда, яғни кредиторлар бәсеке пайда болғанда өсімқор болудан қалады, мұнда өсімқор өз ссудалары үшін жоғары пайыз белгілей алмайды, онда қарыз алушы одан бас тартады. Кредит мәмілелерін жасаумен қатар кредитор өз клиенттерінің бұйрығымен есеп айырысу және басқа операцияларды орындай бастайды. Банк, сөйтіп, ақша шаруашылығы дамуының кредит, ақша және есеп айырысу операциялары біріге келіп, бір орталыққа шоғырланатын сатысы болып табылады. Мұндай мекемелер Италияның солтүстік қалаларында ХVІІ ғасырда пайда болды. 1619 жылы Венецияда қоғамдық серіктестік Жиоробанк деп аталды (лат. Gэro-айналым) . Металл монеталармен және оларды алмастырған төлем жасау олардың басты операциялары болды. Еуропа банктердің пайда болуын білдіретін ақша операциялары құрылып жатқан мемлекеттердің экономикалық қызметіне тұрақты түрде енген орталыққа айналды. Банк ісінің нағыз мәні мемлекеттер арасындағы сауда байланыстарының даму процесінде айқын көрінді. Банк ісін жүргізудің итальяндық тәжірибесі жеке банктерді құрудың ынталандырушы факторы ғана болып қалды. Амстердамда айырбас банк құрылып, ол депозиттік және жиробанкке, сөйтіп, түптің-түбінде ссуда банкіне айналды. Германияда итальян сауда үйлерінің негізінде неміс сауда үйлері пайда болып, олардан алғашқы неміс банктері бөлініп шықты. Францияда да солай болды, сөйтіп, ХVІІ ғасырда Еуропаның барлық елдерінде дерлік банктер пайда болды.
Ежелгі банктердің кредит операцияларымен бірге трансферт, яғни ақша қаражатын бір таблицадан (есептен) өзгеге ауыстыру арқылы есеп айырысу ісі дамыды. Банктер біртіндеп өздері мен клиенттер, клиенттердің өз араларында келісімшарттарға отыра бастады, сауда мәмілелерінде делдал болды. Есеп айырысуды қамтамасыз ету үшін ежелгі банктер банк билеттерін (hudu-«гуду») шығарды, олар ақшамен бірдей айналыста болды. Сөйтіп кредит, ақша және есеп айырысу операциялары бір орталықта (банкте) шоғырландырыла бастады. Ақша шаруашылығы дамуының осы сатысында банк сияқты кредит мекемесі пайда бола бастады.
ХVІІ ғасырдың 40 жылдарынан бастап Англияда банктер эмиссия операцияларын орындауға кіріседі және ХІХ ғасырдың басында оған елдің орталық эмиссиялық банкі мәртебесі беріледі. Оның банкноттары заңды түрдегі бірегей төлем құралына айналды.
Германияда 1846 жылы жерлердің 33 эмиссиялық банктерін біріктірген орталық банк ретінде Прусс банкі құрылды.
Ресейде банк ісі мемлекеттік тұрғыда дамыды, жеке эмиссиялық банктер болған жоқ. ХІХ ғасырдың соңында ғана (1894 жылы) эмиссиялық банк ретінде Госбанк (Мемлекеттік банк) пайда болды.
Қазақстанның ХХ ғасырдың 90 жылдардың басына дейін өз банктері болмады.
Қазақстанда ақшалай шщаруашылықтың, несиенің және банк ісінің пайда болуы, олардың қалыптасуы - елдің тарихи экономикалық дамуының заңдылық процестерімен және үрдістерімен тығыз байланысты.
Кесте 1- VII-ХХ ғасырдың басына дейінгі банктердің атауы
«Гитрифи» типіндегі, Бұл теңгелердің 1-типі 704 жылдан 766 жылға дейін үстемдік құрған Түркеш билеушілерінің өздерінің шығарған ақшалары деп есептеледі.
.
Қазақстан территориясында VІ-VІІІ ғасасырларда болған ақша айналымын жан-жақты сипаттайтын материал тапшы. VІ-VІІІ ғасырлардағы теңгелерді билік жүргізуші рулардың өкілдері шығарған, олар бұл ақшаларға өздерінің белгілерін - рудың идеограммалық таңбаларын қойған. Бұл таңбаларға қарап билеушінің руын, сондай-ақ қай рудың ежелгі ру екенін анықтауға болатын еді.
VІ-VІІ ғасырлардағы Оңтүстік Қазақстанның ең ірі саяси-экономикалық аудандарының бірі - Отырар болды. Бұл қаланың және оның маңындағы ойпаттың тұрмысы шет аймақтардың тұрмысына елеулі ықпалын тигізіп отырды. Отырар қолөнершілерінің шығарған өнімі Қаратаудың күңгейі мен теріскейінің, Сырдарияның орта ағысы мен Арыс аңғарының көптеген қалаларының базарларында сатылды. Отырар ойпатында ақшалы сауданың болғандығын Отырар төбенің өзінен және оның төңірегіндегі қалалардан ескі жұртынан (Мардан-Күйік, Құйрық-тепе) табылған заттармен дәлелденеді. Жиналған теңгелерді екі типке бөлуге болады.
Оның алғашқысы бет жағына түріктердің садақ және шаршы түріндегі дулық таңбасы салынған мыс теңгелер. Бұл теңгелердің сыртқы бетіне жүріп келе жатқан арыстанның суреті бейнеленген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz