Кәсіпорынның айналым қаражаттарын қалыптастыру көздері және оны пайдалану көрсеткіштері


КІРІСПЕ
Кәсіпорынның айналым капиталын басқару механизмін жетілдіру отандық экономика дамуының қазіргі сатысында өндірістің экономикалық тиімділігін жоғарлатудың маңызды факторларының бірі болып табылады. Әлеуметтік - экономикалық тұрақсыздық және нарықтық инфраструктураның өзгермелілігі жағдайында қаржылық менеджердің ағымдық күнделікті жұмысында айналым қаражаттарын басқару мағызды орынды алады, себебі осындан кәсіпорынның сәтті және сәтсіз өндірістік - коммерциялық операцияларанының себебін байқауға болады. Айналым қаржыларын олардың жеткіліксіздігі жағдайында үнемді қолдану қазіргі кезде әрбір кәсіпорын қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Курстық жұмыстың өзектілігі айналым құралдар мен инфляцияның экономикалық рөлін айқындау, қолданылуын жетілдіру, басқару жолдарын танып білу.
Инфляция проблемасы экономикалық ғылымда маңызды орын алады оның көрсеткіштері мен әлеуметтік - экономикалық салдарлары елдің және бүкіл әлемдік шаруашылықтың экономикалық қауіпсіздігін бағалауда күрделі рөл атқарады. Қазіргі замандағы жағдайларда осы мєселенің өзектілігі инфляцияның дамуының мәнін, тереңдетілген себептерін және оның ерекшеліктері мен антиинфляциялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау қажеттілігімен анықталады. Менің курстық жұмысымның тақырыбын таңдауыма инфляция проблемасын жеткіліксіз зерделеу аспектісі елеулі әсерін тигізді.
Курстық жұмыстың мақсатына айналым капиталының рөлін, орнын, атқаратын қызметтерін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- айналым қаржыларының қалыптасуы, құрамы мен құрылымын талдау;
- айналым капиталын тиімді пайдалану көрсеткіштерін есептеу;
- инфляцияның салдары мен ерекшеліктерін айқындау.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
I Бөлім. Айналым капиталының экономикалық мәні және инфляция ұғымы. Мұнда айналым кәсіпорынның жалпы түсінігі инфляциның мәні, қалыптасуы мен құрамы жайлы мәлімет беріледі.
II Бөлім. Кәсіпорынның айналым қаражаттарын қалыптастыру көздері және оны пайдалану көрсеткіштері. Бұл тараудың негізгі мақсаты - кәсіпорындағы айналым капиталының қалыптасу көздері мен қажеттілігі көрсетіледі. .
ІІІ Бөлім. Инфляцияның экономикалық-әлеуметтік салдары, антиинфляциялық саясат және Қазақстан Республикасындағы инфляцияның ерекшеліктері туралы айтылады. Кәсіпорынның айналым қаржыларын тиімді пайдалану көрсеткіштері және тиімді басқару көздері анықталады
1 АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯ ҰҒЫМЫ
1. 1 Айналым қаражаттарының қалыптасуы, құрамы мен құрылымы
Кәсіпорындардың іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт - қолда бар айналым қаражаттарының (айналым капиталы) болуы. Айналым қаражаттары - бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым қаражаттарының мәні ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен анықталады.
Айналым қаражаттарының құрылымы- деп барлық жиынтықтағы олардың бөлек элементтерінің ара қатынасын атайды. Кәсіпорындағы айналым қаражаттарының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол, не бұл мезетін сипаттайды. Мысалы, дебиторлық берешек үлесінің шамадан тыс артуы, қоймадағы дайын өнімдер, аяқталмаған өндіріс кәсіпорынның қаржы жағдайының нашарлығын білдіреді.
Айналым капиталының құрылымы әр салада әр түрлі. Ол өндірістің техникалық деңгейіне, кәсіпорынның мамандану қарқынына, қайта өнделетін материалдардың ерекшеліктеріне байланысты. Осыған қарамастан айналым қаражаттары өндірістік қорлардың 80 пайызына дейін үлесін алады. Айнымалы қорлар мен айналыс қорлары өндірістің айнымалы қаражаттарын қалыптастырады. Айнымалы қаражаттар екі бөлімнен тұрады:
1) Айналым өндірістік қорлар. Бұл өндіріс сферасымен байланысты қорлар. Олар еңбек ресурстарында және құны төмен және тез тозатын зат түріндегі еңбек құралдарында көрініс табады және өндірістік запастар, аяқталмаған өндіріс, кәсіпорын жасаған шалафабрикаттар түріне өтеді.
2) Айналыс қорлар. Бұл айырбас, яғни сату, сатып алу сферасымен байланысты қаражаттар.
Өндірістік айнымалы қорларға келесілер жатады:
1. өндірістік запас түріндегі айнымалы қаражаттар: материалдар, шикізаттар, жартылай фабрикаттар, қосымша бөлшектер, ыдыстар, құрылыс материалдары.
2. өндірістегі айналмалы қаражаттар: аяқталмаған өндіріс: негізгі өндіріс, көмекші өндіріс.
Аталған өндіріс запастарға және аяқталмаған өнімде қатысатын заттай элементтермен қатар өндірістік айнымалы қорлар жаңа құрылғыны орналастыруға кететін болашақ кезең шығындарынан тұрады.
Айналыс қорларына келесілер жатады:
1. дайын өнім: өндірілген және сатып алынған тауарлар.
2. ақшалай қаражаттар: инвестициялар, акциялар, облигациялар, ақшалай аударымдар, есеп шоттағы ақшалай қаражаттар.
Айналыс қорлары өндіріс процесіне тікелей қатыспайды. Олардың мақсаты - айналыс процесін ресурстармен қамтамасыз ету, кәсіпорынның қаражаттарының айналымын ұйымдастыру және өндіріс пен айналыстың біркелкілігін жасау.
Айналым қаражаттары кез келген күйде, яғни қоймадағы дайын өнім, артық шикізат пен материалдар күйінде артық ұстау шығындарды өсіреді, ал бос ақша пайда алудың тиімді бағыттарына үнемі қозғалып отыруы қажет.
Өндірістік айналым қорлар мен айналыс қорларын айналым қаражаттары деген категорияға біріктірлуі былайша негізделеді:
Ұдайы өндіріс процесі - бұл өнімді өндіру мен өткізу процестерінің қосындысы. Айналым капиталының элементтері өндірістік сферадан айналыс сферасына үздіксіз айналып отырады. ;
Айналым қорлары мен айналыс қорларының элементтері үздіксіз процесті қалыптастыратын айналымның қозғалысы бірдей сипатта болады. қайталану және жаңартудың үздіксіз процесі ретінде алынған қаражаттардың қозғалысы қаражаттардың айналымы, ал оған қатысатын қаражаттар айналым қаражаттары деп аталады.
Айналым қаражаттарының ерекшелігі - ол шығындалмайды, қолданылмайды, тек қана шаруашылық жургізуші субъектінің ағымдағы шығындарына авансталып отырады. Авансылаудың мақсаты қажетті материалды запастарды, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім және өны өткізу шарттарын жасау болып табылады. [3, 67б. ]
Өндірістік айналым қоры - еңбек заттары мен еңбек құралдарыныңарзан бағалы және тез тозатын заттарды есепке алғандағы заттық мазмұны. Мұның экономикалық мәні өздерінің толық құнын дайын қнімге түгелдей көшірумен сипатталады.
Айналым капиталы процесіне тікелей қатынаспайды, алайда өндіріс және айналыс бірлестіктерін қамтамасыз ету үшін қажет. Өндірістік айналым қоры мен айналыс өоры ауыспалы айналым қаржылармен үздіксіз қамтамасыз етуде тұрақты қозғалыста болуы тиіс, осыдан аванстық құнының тұрақты және заңды ауысым нысаны пайда болады:
- ақшалайдан тауарларға
- адан кейінгі өндірісте
- қайтадан тауарлы және ақшалай нысанда.
Қорытындысында айналым қаражатын береді.
Айналым қаражаты - өнім мен оны сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ету мақсатында өндірістік айналым мен айналыс қорларын құру үшін бірлестіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға алдын ала берілетін ақшалай қаржылардың жиынтығы.
Айналым қаржылардың қызметі өнімді өндіру және сату кезеңдерінде төлем - есеп айырысу жұмыстарынан тұрады. Бұл жағдайда өндірістік айналым қорларының қозғалысы дер кезінде материалдық факторлардың айналымын қаржылық қозғалысы ақша - төлем айналымына жалғасады.
Айналым қаражаты ауыспалы айналым процесіне қарай:
- өндірістік айналым қоры
- айналым қоры
Қалыптастыру көздеріне қарай:
- меншікті
- қарыз
Жоспарлау ерекшелектеріне қарай:
- мөлшерлеу
- мөлшерлемеу
Кәсіпорын жарғылық қорын анықтағаннан кейін дербес өндірістік қызметінің мүмкіндіктеріне қарай қаржылық мөлшерлерін белгілейді.
Айналым қаржыларының ауыспалы айналым кезеңдері:
- Кәсіпорын ақша қаржыларын еңбек заттарын шикізатты сатып алуға жұмсайды. Ақша қаражаты ақшалай нысанмен тауарлы нысанға, ақша қаражаты айналыстан өндірістікке өтеді.
- Өндірістік қор мен жартылай фабрикаттар айналымының нәтижесінде дайын өнім пайда болады.
- Дайын өнім сатылады айналым қоры өндірітен айналысқа көшеді және ақшалай нысанға айналады.
Капиталдың ауыспалы айналымын келесідей формуламен көрсетуге болады.
ҚЖ
А-Т . . . Ө . . . Т'- А'
ЖК
Мұндағы: А - капитал, Т - шикізат, ҚЖ - құрал - жабдық, ЖК - жұмыс күші, Ө - өндіріс, Т' - дайын өнім, А' - түсім
Айналым қаражаттарын ұйымдастыру келесідей әрекеттерден тұрады: айналым капиталының жеке элементтері бойынша және жалпы кәсіпорын бойынша оларға деген жоспарлы қажеттілікті анықтау, өндіріс және айналыс сферасында рационалды орналастыру, қаржыландыру жүйесін таңдау, нақты жағдайы мен тиімділікті қолдануды бақылау. [5, 145б. ]
Жоспарлау, есептеу және талдау тәжірибесінде айналым қаражаттары келесілерге бөлінеді:
- Функционалдық арналымы бойынша - ақша қаражаттары олардың өнімді өндіружәне өткізу процестеріне қатысу ерекшеліктерін ескере отырып, олар айналымдық өндірістік қорлар мен айналыс қорларға бөлінеді.
- Айналым қаражаттарын былай бөлу олардың айналыс және өндіріс фераларында болу уақытын талдау және есептеу үшін қажет.
- Ұйымдастыру және жоспарлау принципі бойынша айналым қаражаттары нормаланатын және нормаланбайтын түрлерге бөлінеді. Бұл жағдайда айналым қаражаттары айналым активтердің ұдайы өндірісінің коценциясына негізделеді.
- өтімділік деңгейіне қарай (ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына) айналым қаражаттары келесілерге бөлінеді:
- абсолютті өтімді: банк шоттарындағы ақша қаражаттары, қысқа мерзімді салымдар;
- тез өткізілетін активтер: жіберілген тауарлар, дебиторлық қарыздар және басқа да активтер;
- өтімділігі төмен активтер: өндірістікзапастар.
Кесте 1- Айналым қаражаттарының тәуекелділік деңгейі бойынша құрамы мен құрылымы.
Айналым қаражаттарының тобы
Баланс активтерінің баптары
1. 1Ақша қаражаттары:
- касса
- есеп айырысу шоты
- басқа ақша қаражаттары
1. 2. Қысқа мерзімді қаржылық салымдар
2. 1. Күмәнді қарыздарды қоспағандағы дебиторлық борыштар
2. 2. Өндірістік запастар
2. 3. Дайын өнім мен тауарлардың қалдықтары (сұранысы төмендерді қоспағанда)
3. 1. Құндылғы төмен және тез тозатын заттар (қалдық құны бойынша)
3. 2. Аяқталмаған өндіріс
3. 3. Болашақ кезең шығындары
4. 1. Күмәнді дебиторлық борыштар
4. 2. Тұрып қалған өндіріс запастары
4. 3. Нормадан жоғары өндірілген аяқталмаған өндіріс
4. 4. Сұранысы төмен дайын өнім мен тауарлар
4. 5. Жоғарыдағы топтарға кірмеген ақша қаражаттарының басқа да элементтері
Меншікті айналым қаражаттарының қалыптасу көздері болып жарғылық капитал, резервтік капитал, жинақталған пайда және тұрақты пассивтер табылады.
Қарыз қаражаттары қаржылық ресурстарға деген уақытша қажеттілікті жабады. Оларды тарту өндіріс сипаты мен төлемдік-есептесу қатынастарымен ескеріледі. Сырттан тартылған қаржыларға: банктік және коммерциялық несиелер, салықтық несие, салық төлемдерін уақытша төлемеу, займдар және де факторинг, франчайзинг, дебиторлардан салық ұстау сияқты қаражаттарды тарудың альтернативті нысандары.
Сонымен қатар меншікті капиталының өзінің құны болады. Ол инвестицияларды қолдану үшін компенсация ретінде акцонерлерге төленетін дивиденд арқылы анықталады.
Айналым капиталының рационалды құрылымын қалыптастыруды әрбір айналым қаражаттарының элементтерінің негізделген көлемі мен нақты өндірістің қажеттіліктерін ескере отырып олардың жалпы көлемін анықтау жолымен жеткізіледі. [5, 268 б. ]
1. 2 Айналым капиталының негізгі капиталдан айырмашылығы, айналым қаражаттарының ауыспалы айналымы
Айналым капиталының негізгі капилалдан айырмашылығын келесі кестеден көруге болады.
Кесте 2 - Негізгі және айналым капиталының өндірісінің сипаттамасы.
1. Ұзақ мерзім бойы жұмыс істейді.
2. Өзінің материалды-заттай қолпын өзертпейді, өзінің тұтыну құнын ұзақ мерзім бойы жоғалтпайды.
3. Бір айналымды ұзақ мерзім бойында жасайды, әдетте бірнеше жылдар бойы.
4. Өзінің құнын өнімге біртіндеп және бөлшектеп енгізеді.
Бір өндірістік циклда толық шығындылады.
Өзінің бастапқа натуралды-заттай кейпін еңбек процесінде толығымен өзгертеді, өндіріс процесінде тұтынушылық құнын жоғалтады.
Айналым өндірістік циклға байланысты болады, кейде жылына бірнеше айналым болуы мүмкін
Өзінің құнын дайын өнімге толығымен және бірден енгізеді.
Осылайша, өндірістік айналым қаражаттары өндіріс сферасында қызмет етіп, бастапқы формасын ауыстырып, жаңадан жасалған өнімге өзінің құнын толығымен енгізеді.
Айналым қаражаттарының ауыспалы айналымы. Айналым қаражаттары үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең аралығында олар өзінің бастапқы формасын өзгертіп үш сатыдан тұратын ауыспалы айналым жасайды. Бірінші сатыда кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын (айналым қорларын) сатып алу үшін шарттарды төлеуге жұмсайды. Бұл сатыдан айналым қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.
Екінші сатыда алынған айналым қорлары өндіріс процесіне тікелей өтіп, әуелде өндіріс босалқы қорларына және шала фабрикаттарға, содан соң аяқталған өндіріс процесі - дайын өнімге (тауар нысанына) айналады.
Үшінші сатыда дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады. [2, 98 б. ]
Ауыспалы айналым қаражаты мына тәсілмен шығады:
А - Қ . . . Ө . . . Д - А1,
мұнда А - шаруашылық субъектілерін авансылаудағы ақша қаражаттары;
Қ - өндіріс құралы;
Ө - өндіріс;
Д - дайын өнім;
А1 - өнімді сатудан және өзіне қосылған пайданын ақша қаражаттары.
Кесте 3 - Айналым капиталының айналымының сатылары мен нысандары.
Ақшалай
(қамсыздандыру)
А - Т
Өндірістік
(өндіріс)
Т - Ө - Т’
Тауарлы
(өткізу)
Т‘ - А’
Ақшалай
Тауарлы
Тауарлы Өндірістік
Тауарлы
Тауарлы
Ақшалай
А - Ө . . .
Айналыс қорлар
Қ - Ө -Д
Өндірістік айналым қорлары
Д - А’
Айналыс қорлар
Айналым қаражаттарының айналымдылығын сипаттайтын бірнеше көрсеткіш болады. Олардың ішінде ең қарапайымы - айналым қаражатының айналымдылық коэфиценті. Ол мына формуламен анықталады:
мұнда, Өқ - белгілі бір кезеңде өткізілге өнімнің құны (өнімді өткізуден түсетін түсім) .
Оқ - сол кезеңдегі айналым қаражатының орташа қалдығы.
Егер де өткізуден алынған түсім бір жылға есептелгенде, онда айналым қаражатының орташа қалдығы да сол жылға алынады. [8, 158 б. ]
1. 3 Инфляция ұғымы, мәні және түрлері
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көп уақыт бойы қолданылып келе жатыр. «Инфляция» термині АҚШ-та 1861-1865жж. азамат соғысы тұсында, екі жыл ішінде доллардың 60% - ға сатып алу қабілетінің төмендеуі кезінде қолданыла бастады. Инфляция дегеніміз не? Инфляция - бұл бағаның жалпы деңгейінің өсуі . Ал инфляцияның жалпы анықтамасы - бұл елде айналымдағы қағаз ақша көлемінің тым көбейіп кетіп, оның ақша тауары (алтын) жөнінде құнсыздануына ұласуы және соның салдарынан тауар бағасының өсуі. Қазіргі кезде қолданылып келе жатқан анықтама - бұл ұсыныс пен сұраныс арасындағы дисбаланс жєне бағаның өсуіне байланысты басқа да ұлттық шаруашылық пропорциялар бұзылуы нәтижесі. Инфляция - қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктен туындайтын бағаның өсуі ретінде анықталады. Ақша массасының өсуі ірі масштабқа жеткенде инфляцияның басты факторлары ақша массасындағы өзгеріс болып табылады.
Инфляция - бұл күрделі де, көпфакторлы құбылыс; ал қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады. Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеде.
Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз, ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған: қажетті ақша көлемі алтын - күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектелуі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктеп тыс өседі. Артық ақша сұранымды арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.
Инфляцияны әртүрлі белгілері негізінде жіктейді. Инфляцияның мыныдай типтері болады.
Баға өсуінің қарқыны бойынша:
1. Бірқалыпты - жылына 10% - ға дейін
2. Шоқырақтау - жылына 20% - дан 200% - ға дейін.
3. Гиперифляция - жылына 1000% - ға дейін.
Экономика теориясында, жеке алғанда осы күнгі Кейнсті жақтаушы экономистер инфляцияның бірқалыпты(баяу) түрін өндірістің дамуына қосымша оңды әсер ететін фактор ретінде қарастырады. Баяу инфляцияны олар мемлекеттің бірден - бір тиімді саясат жүргізу құралы ретінде түсіндіреді. Бірқалыпты инфляция саясаты өндіріс пен нарық жағдайларының өзгеруіне сәйкес бағаларды реттен отыруға мүмкіндік береді.
Шоқырақтау (қарқынды) инфляция - экономика үшін едәуір қиын жағдай, біраз іскерлік қатынастардың көбі қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп, оған икемделе береді.
Гиперинфляция - инфляцияның ұлттық өндіріс пен жұмыс бастылық, көлеміне күйретерліктей ықпал жасайтындай төтенше тез қарқынды өсуі болып табылады. Гиперинфляциянда бағалардың жалпы деңгейі мыңдаған процентке артқан жағдаймен сипатталады. Гиперинфляция кезінде бағалардың асу қарқыны айналымға шығарылған ақша көлімінің өсуінен көп есе артып кетеді. Мәселе мынада, егер бағалар жайлап, тұрақты өсіп келе жатса халық пен кәсіпорын олардың одан әрі көтеріле түсуіне дайындалады.
Инфляция ашық және басыңқы деп ажыратылады. Біріншісі - бағаның өсуі, екіншісі - тауардың жоғарлуы.
Ашық инфляция жағдайында бағалардың өсуі және өсу қарқыны айқын байқалады және ресми түрде есепке алынады. Бірақ, бағалардың деңгейі ресми түрде өспеген болса да, құнсыздану (инфляция) жағдайы қалыптасуы мүмкін. Инфляцияның бұл түрлі тауар тапшылығынан көрінеді. Тауарлардың тапшылығына байланысты оларды ақшаға сатып алу қиындайды, яғни ақша (табыс) құнсызданады.
Ашық инфляцияны жіктеу үшін бірніше белгі қажет:
1. Бағаның өсу қарқыны (баға индексі) .
2. Әр түрлі тауар топтары бойынша бағаның өсу деңгейінің алшақтауы.
3. Инфляцияның күтілуі және алдын ала болжануы.
Бірінші белгі тұрғысынан жоғарыда аталып кеткендей бояу, секірмелі
және гиперинфляция деп ажыратылады.
Екінші белгі тұрғысынан инфляцияның екі түрін ажыратады: тең және тең емес. Тең инфляцияда әр тауардың бағасы бір - біріне қатысты -өзгермейді, ал тең емес инфляцияда әр тауардың бағасы бір - біріне қатысты үнемі өзгеріп тұрады.
Инфляция теңгермелі түрде болуы мүмкін, яғни бағалар бір қалыпты және баяу өседі. Бұл жағдайда бағалардың бір жылдық өсуіне сәйкес процент кесімі (ставкасы) де өседі. Нарықта тепе - теңдік (тұрақтылық) сақталады. Теңгермелі емес инфляция кезінде жеке товар топтарына бағы бірқалыпты емес, әртүрлі қарқынмен өседі.
Үшінші белгіден күтілетін және күтілмейтін инфляцияны бөледі. Күтілу факторы инфляцияның салдарынан білінеді. Егер фирмалар мен халық келесі жылы баға 5 есе өсетінін білсе, онда тиімді нарық жағдайында олар келесі жылы өздерінің тауар бағасын 5 есе көтереді және ешкім күтілетін инфляциядан зардап шекпейді. Ал күтілмейтін инфляция жағдайында бағаның 10%- ке өсуі экономикалық жағдайды күрт нашарлатады.
Тосылған инфляциясы тосын инфляциядан айыра білген жөн. Тосылған инфляцияны алдын ала болжауға болады, немесе оны үкімет арнайы мақсатпен «жоспарлайды». Тосын инфляция бағалардың кенеттен және тез өсуінен көрінеді. Мұндай жағдай ақша айналымын және салық жүйесін бұзады. Тұрғындар бағаның өсуінен сескеніп, қолындағы қаражатын сақтап қалу мақсатында тауарларды жаппай сатып ала бастайды. Сондықтан нарықта қалыптасқан жағдай бұзылады, сұраным мен баға бұрынғыдан да тез өсетін болады. Сонымен бағалардың кенеттен, тосын түрде өсуі тұрғындардың «инфляциялық, тосу психологиясын» туғызады. Егер тосын инфляция (бағаның кенеттен өсуі) экономикасы дамыған елде пайда болса, ал нарық жағдайына қатты әсер етпейді.
Басыңқы инфляция жағдайында бағаны мемлекет реттейді, бұл СССР (КСРО) - да орын алған. Сондықтан тауарға сұраныстың өсуінде баға көтерілмейді (бұл нарық шартына сәйкес) және тепе - теңдіктен төмен болады. Содан дефицит пайда болады. Дефицит көлеңкелі экономиканы тудырады.
Инфляция - қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде сәйкессіздіктен туындайтын бағаның өсуі ретінде анықталады. Ұзақ мерзімді болашақта, сондай ақ ақша массасының өсуі ірі масштабқа жеткенді, инфляцияның басты факторы ақша массасындағы өзгеріс болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz