Қазақстан Республикасының коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР
1.1 Коммерциялық банктер қаржы делдардары ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Ақша жасаудағы коммерциялық банктердің қабілеті ... ... ... ... ... ... ... 5
1.3 Банкті басқару құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
2.1 Банктердің қызметтері және операцияларын талдау ... ... ... ... ... ... ... .. 9
2.2 Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметерін талдау ... ... ... 18
2.3 Коммерциялық банктердің басқа да қаржылық қызметтерін талдау ... 20
3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРЫЛЫМЫ
3.1 Банктің функционалдық бөлімшелерінің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... 21
3.2 Экономиканы және халықты несиелендіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 23
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР
1.1 Коммерциялық банктер қаржы делдардары
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Ақша жасаудағы коммерциялық банктердің
қабілеті ... ... ... ... ... ... ... . 5
1.3 Банкті басқару
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 7
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ
ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
2.1 Банктердің қызметтері және операцияларын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . . 9
2.2 Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметерін талдау ... ... ...
18
3. Коммерциялық банктердің басқа да қаржылық қызметтерін талдау ... 20
3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРЫЛЫМЫ
3.1 Банктің функционалдық бөлімшелерінің
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... 21
3.2 Экономиканы және халықты
несиелендіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .. 23

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 25
КІРІСПЕ
Коммерциялық банктердің керемет мүмкіндігі мен оларды басқа
қаржылық институттардан ерекшелейтін сипаттама - ақшаларды кұру
мен жою болып табылады. Ақшаны құру несиелік жүйенің икемділігімен
іске асады. Өзінің депозиттік және несиелік операцияларымен уақытша
бос ақша қаражатгарын шоғырландырып несие түрінде ұсынады, сонымен,
олар халық шаруа ақшаға деген қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа
жолмен қаражаттарынн құрайды. Сонымен қатар, банктер өз қызметіі үрдісінде
ақшалардың бір бөлігін жояды. Бұл клиенттің банктегі өз шотынан қолма-
қол түрде ақша алғанда несиені өз шотынан ақшаны аудару арқылы
өтелен болады.
Банктің орындайтын операцияларының экономикалық мазмұны мен көлемі -
банкті ұйымдастырушылық жағынан құрудың негізгі критерийі болып табылады.
Банктің негізгі қызметтері: уақытша бос ақша қаражаттарын
шоғырландыру, экономика мен тұрғындарды несиелендіру, қолма-қолсыз
есеп айырысуды ұйымдастыру, жүргізу, инвестициялық қызмет пен басқа да
қаржылық қызметтер.
Банктердің ақша қаражаттарын оларды табысты орналастыру мақсатында
салымдарға тарту жұмыстары депозиттік (пассивтік) операциялар деп аталады.
Экономика мен тұрғындарды несиелендіру – банктік қызметтің ерекше
облысына және банктердің актнвтік операцияларына жатады. Осыған байланысты
банктер несиелік институттарға жатады.
Несиелік операциялар - бұл несие беруші мен несие алушының
арасында біріншінің екіншіге ақша каражаттарын төлемділік, мерзімділік және
қайтарымдылық шартымен беруі бойынша қарым-қатынасы.
Несиенің екі нысаны: ақшалай және тауарлық, несиелендірудің - тікелей
және жанама коммерциялық екі түрі бар.(1 бап 6 бет)
Несиенің негізгі принциптері: мерзімділік, төлемділік және
қамтамасыз ету болып табылады. Несиені қамтамасыз етудің басты түрлеріне:
кепілдеме, бағалы қағаздар, тауар және басқадай мүліктердің кепілі
және қозғалмайтын мүлік құжатгары жатады.
Қарыздар мерзімі бойынша: қысқа, орта және ұзақ болады; төтенше
жағдайларға қажет – перманентті, құрылыстық, тұтынушылық несие және
кепілхат вексельді кепілге салу, лизинг арқылы берілетін қарыздар бар.
Қарызды беру қарыз алушының есеп айырысу шотында қаражат болмаған
жағдайда қарыздың мақсаттық бағытына сай ашылатын жекелеген шоттар
арқылы тауарлы-материалдық құндылықтар (ТМҚ) және көрсетілген
қызметтер, келісім шартта белгіленген қарыздардың пайдаланылмаған
сомасы шегінде аккредитивтер мен чектік кітапшалар ашу үшін жүзеге
асырылады.
Қарызды пайдаланғандығы үшін төленетін төлем көлемі (пайыз) оны
пайдалану мерзіміне, қарыз алушының төлем қабілетсздігіне тәуекелдігіне,
несиелік ресурстар үшін төленетіне, объектінің сипатына, банктердің
мөлшерлемелеріне т.б. факторларға тәуекелі белгіленеді.
Қолма-қолсыз есеп айырысу - бұл банктік айналым ақшаларының қозғалысын,
яғни шаруашылық органдарының шоттары бойынша оларға төлемдер бойынша
міндеттемелерінің орындалу тәртібі жөніндегі ақшалай сомалардың жазбалар
түрінде аударылуын сипаттайды. Қолма-қолсыз есеп айырысудың кең етек алуы
қолма-қол ақша қозғалысы ауқымын шектеумен айналыс шығындарын азайтуға,
шаруашылық мәмілелерді аяқтауга мүмкіндік береді.
Есеп айырысу кезінде келесідей төлем кұрададары қолданылады:
төлем тапсырма, чектер, вексельдер аккредитивтер, пластикалық
карточкалар, жирочектер (тапсырмалар).
Есеп айырысу операцияларының арасында негізгі үш тобын көрсетуге
болады. Чектер мен вексельдің көмегімен жүргізілетін инкассалық
операциялар, аккредитивтер көмегімен жүргізілетін есеп айырысу, аударым
операциялары.
Инвестция түсінігінде халық шаруашылығына оны кеңейту мен қайта
құру, сондай-ақ табыс табу мақсатында ұзақ мерзімге қаражаттарды салуды
түсіну керек.
Бағалы қағаздар сол не басқа қаржылық мәмілесін жасау жайлы
қозғалысы бағалы қағаздар нарығын құрайды.
Курстық жұмыстың мақсаты, комерциялық банктердің қызметі мен
операцияларын жан-жақты талдап, ашып көрсету.
Курстық жұмыс үш үлкен бөлімнен және қорытынды мен пайдаланған
әдебиеттер тізімінен тұрады.(3,78бет)
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚБАНКТЕР
1.1 Коммерциялық банктер қаржы делдардары ретінде
Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет
көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын
дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық,
кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық
банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.
"Коммерциялық банк" термині банк ісінің ертеректегі даму
кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен
төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында болды. Негізгі клиенттері
саудагерлер болған (міне осында "коммерциялық банк" дегеи атауға ие болды).
Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге
де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің "коммерциялық"
деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің "іскер" деген
сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне
қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады.
Коммерциялық банктер - нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет
көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.(3,8 бет)
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр
алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар
коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда
өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.
Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін
пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің
коммерциялық банктері несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып
қалуы кездейсоқ емес. Олар өзгермелі ақша-несие нарығының жағдайына
көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады.
Депозиттік-қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялық
банктер қаржы делдалы ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі
жаққа да пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері
айналыс құралы қызметі мен өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей
жағдайда оның үстіне пайыз әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ
қарызды пайдаланады. Бұл кейде көптеген қарапайым клиенттердің банкке
аз ғана соманы қысқа мерзімге салғанның өзінде де мүмкін болады. Мұндай
кезде коммерциялық банктер ретінде іскерлік операциялар жүргізіп, уақытша
бос ақша қаражатын тарту мүмкін емес.
Шынында да, банктер мұндай операциялардан пайда көреді. Олар
салымдарға төлейтіндеріне қарағанда, қарыздарға біршама жоғары пайыз
мөлшерлемесін белгілеп табыс табады.
Жалпы қоғамға көмек, олар банктен алған карыздары есебінен
өздерінің өнімдерін өндіріп, алға қойған мақсатына жеткенде ғана пайданы
сезінеді (мысалға жалпы пайда нормасын 4-тен 5%-ға ұлғайтқанда).
Болашақ қарыз алушыларды дұрыс таңдай отырып, олардың ішінде берілетін
қарыз бойынша жоғары пайызды төлеуге кімнің жағдайы келсе, банктер
ақшалай каражаттарын бере алады.
Осы уақытқа дейін Қазакстанда несиелер үкіметтің
қажеттілігіне (Үкіметтің үкімі бойынша) беріліп, кейіннен олар
банктерге және олардың акционерлеріне пайда әкелмек түгіл, уақытында
қайтарылмай қалды. Ондай қарыздардың ешкімге де пайдасы болған жоқ.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әр
түрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын
қамтамасыз етсе, екінші өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін
қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға
жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып
табылады.(4 ,8бет)
1.2 Ақша жасаудағы коммерциялық банктердің қабілеті
Банктік несие - ең қолайлы және көптеген жағдайда орны
ауыстырылмайтын қаржылық қызметтердің формасы ретінде, ол нақты
қарыз алушының қажеттілігін ескереді және олардың қарыз алу
жағдайына көндігуіне мүмкндік береді.(6,66 бет)
Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік
жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта
кету керек. Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау
және басқару жүйелері өзгеруде.
Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер
қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие
беру.
Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттынан айырмашылығы және
ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып табылады. Бұл
жерде ақша қолма-қол акшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі
салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика
үшін өте маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып,
экономиканың өсуіне қажетті жағдай туғызады. Банк несиелерінің
жетіспеушілігі және өте жоғары пайыз мөлшерлемесі тұсында өндірісті
кеңейту мүмкін емес. Халық шаруашылығындағы осы сияқты іс-тәжірибелер
тиімсіз, себебі бір жағынан, мынадай ірі ақша сомасы белгісіз уақытқа
қозғалыссыз жататын болса, екінші жағынан, мұндай ақшалар қажетті емес.
Коммерциялық банктер мұндай сұрақтарды шешуде маңызды роль атқарады.
Өздерінің депозиттік және несиелік операцияларының көмегімен олар уақытша
бос ақша қаражаттарын жинақтайды және несие түрінде оларды бере
отырып, халық шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа
төлем кұралдарын жасайды.
Банктер өз қызметінде ақшаның бір бөлігін жоятыны да рас. Бұл біріншіден,
клиентгің банктегі шоттан нақты ақша алған уақытында
және екшшіден, несиені қарыз алушының шотының есебінен қайтару барысында
мүмкін болады.
1985 жылы АҚШ-та 15 мыңнан астам коммерциялық банктер
қызмет еткен. Олардың 5 мыңға жуығы ұлттық, яғни федералдық
үкіметтен чартер (рұқсат) алған банктер, 10 мыңнан астамы штаттардың
банктері (штаттардың үкіметінен чартер алғанда). Ұлттық банктер мен штаттық
банктерінің қызмет етуі банк жүйесінің қосарлы бағыныштылығын
жасайды.(6,78ет)
ФРЖ-ге қабылдауға өтініш жасайтын және оған мүше болуға
жіберілген коммерциялық банк ФРЖ-нің мүше-банкі болып табылады. Заң
бойынша барлық Ұлттық банктер ФРЖ-ге кіруге тиіс. Штат банктері
өздерінің қалаулары бойынша және ФРЖ-нің мүше-банктерге қоятын
талаптарына сай келген жағдайда ғана жүйеге кіре алады. Қазір штат 10%-ға
жуығы ФРЖ-ге мүше-банктер болып саналады. ФРЖ-ге мүше-банктер жалпы
коммерциялық банктер қатарының 40%-ын құрайды.
Депозиттік мекемелерді реттеу және ақша айналысына бақылау,
банктерді ФРЖ-нің банктік резервтерге қойылатын талаптарына бағындырды.
Бұл ФРЖ-ге мүше-банктер мен мүше емес банктердің арасындағы басты
айырмашылығын қалыпқа келтіреді. АҚШ-тағы ең көп тараған банктер типі –
филиалсыз банктер.
Екінші дүниежүзілік соғыстан соң АҚШ-та банктердің бөлімшелерін
ашу кеңірек қанат жайып, олар штаттар шегінде, сондай-ақ одан тысқары және
шетелдерде ашылған болатын. Көптеген ірі банктер банктік холдинг
компаниялардың бір бөлігі болып табылады. Банк ісінің бұл
ұйымдастыру формасы, тек қана банкі бөлімшелерінің ашылуына жол беріп
қоймай, сондай-ақ жаңа қызмет аумағына енуді жеңілдетті. АҚШ-та холдинг-
компаниялар 6 мыңға жуық, олар 8,6 мың банктерді және 35,6 мың
олардың бөлімшелерін бақылайды.
Банктердің бірігу процесін үкімет тарапынан реттеу, сондай-ақ
банктік холдинг-компаниялардың қызметін банк аумағында бәсекелестік
жағдайды қолдап отыруи мақсатын көздейді. Соңғы кездері бұл аумақтағы
бәсекенің артуына чартер берудің қатаң саясатын жүргізу, банктердің
бөлімшелерінің ашылуын кеңінен қолдау, электрондық терминалдардың пайда
болуы және АҚШ-та халықаралық банктік операциялардың таралуы септігін
тигізді. Сонымен қатар бәсеке, басқа да қаржы институттардың тез арада
өсуіне байланысты күшейді (мысалға жинақ коммерциялық 6анкетерге тән
көптеген қызмет көрсететін мекемелер және ақша нарығының өзара
қорлары).
1.3 Банкті басқару құрылымы
Банк жүйесін ұйымдастыру белгілеріне қарай филиалсыз банктерге,
бөлімшелері бар банктерге және банктік топтарға бөлуге болады. Көптеген
елдерде банк жүйесінің бір типі берілген, ал Қазақстанда дамымаған
түрдегі бантік ұйымдардың барлық түрлері бар.
Ұлттық банктің рұқсатымен банктер Қазақстан Республикасы аумағында
және одан тысқары жерлерде банктерін аша алады, ал өздерінің өкілеттілігін
- Ұлттық банкінің келесі бір хабарлауымен ашады.
Банк филиалы - бұл бас банктің берген құқықтары шегінде банктік
операцияларды жүзеге асыратын банктік мекеме. Банк филиалы заңды тұлға
болып саналмайды дербес балансы болмайды және өзінің бас банкі берген
қаражаттар мен өкілеттіліктер шегінде қызмет етеді.
Банк өкілдігі - депозит тартудан басқа белгілі бір банктік
операцияларды орындайтын және өз атынан, банктің тапсырмасымен жұмыс
жасайтын заңды тұлға болып табылмайтын, құрылымдық бөлімше.
Енішілес банк - жарғылық қордың 50%-нан астамы бас банкіге тиеселі,
заңды тұлға болып табылатын банктік мекеме.
Қазақстан бұрынғы КСРО-ның монополиялық банктік жүйесін
қабылдады. Бұрынғы мамандандырылған банктері (Тұранбанк, Кредсоцбанк,
Агроөнеркәсіпбанкі, Әлембанк, Халық банкі) республиканың барлық
аумағында өздерінің иеленіп, жаңадан кұрылған коммерциялық
банктер де сондай өз филиалдарын құрды (мысалға, Қазкоммерцбанк,
Центркредитбанк, Темірбанк және т.б.).
Әлемдік банктік тәжірибеге қарағанда, бөлімшелері бар банктердің
артықшылығы - олар бас банктің толық бақылауында және оның балансында
болады.(7 ,98)
Бірақ жоғарыда аталған мамандандырылған банктердің күрделі
иерархиялық құрылымы болды. Олардың бас кеңсесі Алматыда орналасқан, оған
облыстық басқармалар бағынса, ал соңғысына аудандағы бөлімшелер бағынышты
болып келді.
Шетелде банкі филиалдары заңды тұлға болуға және дербес мекеме
ретінде тіркелуге құқылы. Көптеген банктердің филиалдары тұтыну несиесі,
лизинг, факторинг, жылжымайтын мүлікті мерзімін ұзартып сатуға және
т.б. маманданды.
Қазақстандағы соңғы уақыттарда құрылған барлық коммерциялық банктер
филиалсыз, яғни шоғырланған болып келеді.
Батыс еуропа банктік жүйесінде ірі банктердің азғана топтары
елдің барлығында өз бөлімшелерінің торабын ашу үшін аумақтық шек кою деген
жоқ..
1988 жылы Германияда 6 ірі коммерциялық банктердің 3108 бөлімшесі, ал
барлық банктік институттардың (жинақ банктері мен мен несиелік
кооперативтерді қосқанда) филиал саны 39,7 мыңға теңесті. Франция, Канада,
Италия, Жапония және т.б. елдердің банктерінің бөлімшелері мен филиалдары
да көптеп саналады.
АҚШ-тағы банкі жүйесі біршама өзгеше құрылған. Штаттардың
заңында жекелеген банктерді ашуға шек қойылады. Сондықтан, кейбір штаттар
қала шегінде, егер оның бас кеңсесі сол қалада болса ғана, банктерге
филиалдар ашуға рұксат береді, өзгелері - штаттың аумағында ғана
ашуға, ал үшіншілері бөлімшелердің ашылуына мүлде тыйым салады.
Бірде-бір банкі өз штатынан тысқары жерде өзінің филиалын аша
алмайды. Осыған сәйкес бұл елде жалпы ұлттық филиалдар торабы жоқтың
қасы.
Банкі бөлімшелерін ашуға қойылатын шектеулер штатағы сепаратизм
дәстүрінен және ірі банктердің монополиялық қорқынышынан келіп туындайды,
Дегенмен де, бірқатар жағдайларға байланысты (өндірісті орталықсыздандыру
автомобиль жолдарының дамуы, қаладан тыс жерлерде сауда орталығының
ашылуы, халықтың қала төңірегіне жаппай қоныс аударуы және т.б.) банк
филиалдарының торабы тез арада өсуде: 1970 жылы 22,9 мыңнан 1988 жылы 50,4
мыңға дейін.
Бөлімшелер мен филиал тораптарының кеңірек таралуы банкке: бас
банктің толық бақылауында болуға, операциялар шеңберінің кеңеюі және
депозиттер тарту үшін көптеген аумақты жаулап алуға және осындай
факторлар есебінен пайданы ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Теріс жағы ретінде мұнда бас кеңсе тарапынан бақылаудың қиындығы
және монополиялық процестердің күшеюін айтуға болады.
Банкті ұйымдастырудың осындай және өзге де формасын таңдау көптеген
факторлармен анықталады: банктің стратегиялық міндеттерімен, оның бөлшек
сауда нарығына қатынасымен, сол мекемеде қабылданған басқарудың жалпы
философиясымен. Қазіргі тәжірибеде банк торабын орталықсыздандырған
түрде басқару қолданылады, себебі ол барлық сұрақтарды дербес түрде
шешуге мүмкіндік береді.
Банктің ұйымдастырылу құрылымы және соған сай операциялары
орталықсыздандыру дәрежесі, бірінші кезекте жалпылама түрде анықталады,
Сондықтан да банктің бір-екі бөлімшесі болатын болса, онда орталықтан
басқаруды жүзеге асыру тиімді. Кез келген жағдайда да барлық жүйені тиімді
жедел басқарудың болғаны міндетті, өйткені шешім қабылдау барысында кешігу
,бас кеңсе мен бөлімше арасында ақпараттық үзіліс болмауға тиіс.
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚБАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН
ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
2.1 Банктердің қызметтері және операцияларын талдау
Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын
функцияларды орындаудан көрініс табады.
Банк қызметін - банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді
орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің негізінде
кандай да бір кажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар мен
қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар
бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік
өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық
қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең
қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты
жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде
белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал
етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша
қаражатгарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік
қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық
негізі болып табылады.(8,97)
Коммерциялық банктер негізінен өз клиентгерінің шаруашылық
қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және
қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
"Қазақстан республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы"
Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:
- ақылы негізде депозиттерді тарату;
- клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу және
оларға кассалық қызмет көрсету;
- қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттары мен заңды және жеке
тұлғаларға қысқа мерзімік несиелер беру;
- инвестицияланатын каражаттар иелерінің немесе иеденушілердің
тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
- заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару
(чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды,
акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді);
- төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да
операцияларды жүргізу;
- ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін
кепілдеме және өзгеде міндеттемелерді беру;
- тауар тасымалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету,
осындай талаптардың орындалуы және бұл талаптардың инкассациялық
(факторинг) тәуекелін өз мойнына алу;
- банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету,
клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агентгері ретінде әрекет ету;
- клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды сақтандыру бойынша
қызметтер (сейфтік бизнес);
- комерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз
(форфейтинг);
- клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды
қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару);
- банктік кызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;
- лизингтік операцияларды жүзеге асыру.
Ұлттық банкінің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да
банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен
операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды
аударуға байланысты қызметтерді көрсету (инкассация).
Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі
қызметтерді былай құруға болады:
- уақытша бос ақшалай каражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар);
- экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар);
- қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
- ннвестициялық қызметті;
- клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.
Біздің елімізде банктер арасында есеп айырысуларды түпкілікті
жаңартудың басты бағыты банкаралық клирингті дамыту болып табылады.
Клиринг өзара талаптар мен міндеттемелерге негізделген тауар және
қызмет үшін ақшасыз есеп айырысу жүйесі болып табылады. Банктік жүйеде
клирингті негізінен банктердің корреспонденттік
шоттары құрайды. Клиринг әсерінен есеп айырысулар жеңілдетіледі,
арзандатылады, және жеделдітіледі, қолда бар ақша қаржысы осының есмебінен
есепе айырысуға қатысушылардың пайда жне өтімділік деңгейі көтеріледі. Оған
баруға негіз болған басты ерекшелігі шынайы ақшаға деген қажеттілік.
Клирингтің екі үлгісі қарастырылады: ақша қаржыларын алдын ала
депозиттеумен және депозиттеусіз. Классикалық клирингтің екінші үлгісі есеп
айырысу жүйесі дамыған елдерде кең таралған бірақ қаржыларды алдын ала
депозиттеуді талап етпейді. Егер клиринг сеансының аяғында қатсуышларыдң ең
болмса біреуінде дебеттік сальдо болмаса, бірақ оның қаржы табуға
мүмкіншілігі бар болса, онда клирингтік сеанс нәтижжесі тоқтатылады.
Классикалық үлгінің мынадай ерекшеліктері бар: ол қаржы айналымдылығынң
жылдамдығын және деңгейін ұлғайтуға қаржылардың бірінші үлгіде резервтеуді
талап ететін түрлерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Бірінші үлгіде есептік операциялар алдын ала депозиттелген
қаржыларды қолданып жүргізеді. Осы деерк сеанс қатысушыларына нәтижені
өзгерту мүмкіндігінсіз өзара есеп кепілдігін береді. Аталған жағдайда
клиринг мекемесі банк ретінде банктердің депозиттік шоотарын, өзіне жинай
отырып, қызмет етеді. Соған сәйкес клирингті бірінші модель бойынша жүзеге
асыру үшін шоттарда жұмылдырылған қаржылары болуы керек.
Банкаралық клирингті ұйымдастырудың бай тәжірибесі АҚШ Ұлыбритания,
Германияда жинақталған.
Банктерде құжат айналымын жетілдіру және шығындарды азайту әдістерін
іздестіру үнемі жүргізіледі. Болашағы бар нысандардың бірі чектер
трансакциясы, яғни чектің әрекетін одан әрі өңдеу үрдісінде оның деректерін
магнитті жеткізушілерге жазу арқылы тоқтату. бұл мәліметтер компьютерге
енгізіледі, одан соң мәліметтерді таратуға немесе автоматты есеп айырысу
палатасына жолдауға қолданылады. Чектің өзі микрофильмденеді немесе банк
мұрағатында сақталады, не болмаса жойылады. Бұл чектерді өңдеу немесе
сұрыптауға байланысты шығындарды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Клиринг бойынша есеп айырысу кезінде корреспондент банктер арасында
келесі өткізбелер құрылады.
Банк мекемесінде корреспондент банк есебіне төлем құжаттарын төлеу
кезінде мынадай жазба жасалынады:
Дт 2203 Клиенеттердің ағымдағы шотттары
Кт 2551 Басқа банктермен есеп айырысу
Корреспондент банктерден клиентура есебіне төлемдер түскен кезде
мынадай шоттар корреспонденциясы жасалады:
Дт 2551 Басқа банктермен есеп айырысу
Кт 2203 Клиенттердің ағымдағы шоттары
Клиринг бойынша таза позицияны анықтау кезінде келесі бухгалтерлік
жазба жасалады.
Жіберілген қаржыдан келіп түскен қаржы артқан кезде:
Дт 1052 Банкті ңбасқа банктердегі корреспонденттік шоттары
2551 Басқа банктермен есеп айырысу
Кт 1551 Басқа банктермен есеп айырысу
түскен қаржыдан жіберілген қаржы артқан кезде:
Дт 2551 Басқа банктермен есеп айырысуъ
1551 Басқа банктермен есеп айырысу
Түскен қаржыдан жіберілген қаржы артқан кезде:
Дт 2551 Басқа банктермен есеп айырысу
1551 Басқа банктермен есеп айырысу
Клиринг екі банк арасында біріншісінің қарыз талабы екіншісінің қарыз
міндеттемесі болып, ал екіншісінің қарыз талабы екіншісінің қарыз
міндеттемесі болып табылатын жағдайларда, сондай-ақ көп жақты талаптарға ие
міндеттемелер кезінде де қолданылады. Бұл кезде маңыздысы клирингтің әр
қатысушысының барлық қатысушыға қатысты арыз талаптарын және олардың
алдындағы міндеттемелерін ескеруіне және олардың алдындағы міндеттемелерін
ескеруіне және олар кезеңмен жағымды және жағымсыз шамада өтелуінде. Шынайы
ақшамен тек есептелмеген ақша төленеді. Бұл кезде ескеретін нәрсе: клириг
қатысушылары аарсында жүзге жуық және одан да көп операциялар жүргізіледі,
олардың әрқайсысы бойныша құжаттар өтеу үшін клиринг орталығына түседі және
қатысушылардың дербес шоты бойынша есептеледі.
Клирингтің техникалық орталық бірнгеше клирингтік сеанстар жиынтығын
ұсынады: реттеуші және қорытындылаушы сенастарды және төлемдерді өңдеукдің
барлық үрдісін қамтиды тексеру есептеу, сальдолау, жөнелтуші мен алушыны
ақпараттау.
Клирингтің артықшылығы:
- шынайы ақша қаржыларына деген қажеттілікті аздығы;
- өз міндеттемелері өз кінарат талаптармен өтеу арқылы есеп айырысуларды
жеделдету
Клирингтің кемшіліктері:
- клирингтік сенасқа қатысу үшін өзара қарсылама міндеттемелердің болу
қажеттілігі; бірінші үлгі клирингін жүзеге асыр кезінде қаржыларды
міндетте түрде депозиттеу.
- өзара есеп айырысудың оңтайлы нұсқасы, бірақ бұл нақты төлемдерді
жүзеге асыруға сәйкес келмейді. Бөлшек төлемдер жүйесі, қарсылама
төлемдер қағидасын қолданады, төлемдерді жүзеге асыру ақыты бір
операциялық күнге тең.
Ақиқаттағы растаудағы тәртіпте жұмыс істейтін жүйесін құру бойынша жұмысы
1995 жылы Ұлттық банкпен басталды. Тура бір жылдан кейін Қазақстан
банкаралық есеп айырысу орталығы (Бұдан әрі ҚБЕАО) негізінде функцияланатын
ірі төлем жүйесі (бұдан әрі ІТЖ). Ақиқатты уақыт режиміндегі есеп
айырысулардың ақырлылығы және пікірсіздігі қағазды растауды талап етпейтін,
нормативті-құқықтық негізімен дамытқан және Ұлттық банк тарапынан банк
өтімділігін нәтижелі басқаруын жүзеге асырумен электрондық құжаттарды
енгізу арқылы жетті.
БААЖ өнеркәсіптік пайдалануына 2000 жылдың желтоқсанында Ұлттық банк
және ҚБЕАО-мен енгізілді.
БААЖ бұл электрондық ақшасыз аудару жүйесі, оның пайдаланушылары
болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі қаржы Министрлігінің
Қазынашылығы, зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталық ,екінші
деңгейлі банктер, қор биржасы, бағалы қағаз депозитарииі және банктік емес
қаржылық ұйымдар. Жүйенің әрбір пайдаланушысының Ұлттық банктегі шоты бар.
БААЖ мейрам және демалыс күндерін қоспағанда аптаның барлық күндері жұмыс
істейді.
БААЖ-да V құрылымы болады және келесі үлгі бойынша жұмыс істейді:
Кепілдік банкі (А банкі) МТ 100, МТ 102 ақша аудару тралы БААЖ-ға
хабарлама жібереді.
Ақша аудару жағдайда БААЖ Кепілдік банкі МТ 900 және Банк Бенефиарды
(Банк В) ақшаны аударғаны туралы МТ 910 хабарлайды.
Содан кейін Ұлттық банк пайдаланушы позициясы қалдық маосында Ұлттық
банк жүйе шотынан Ұлтық банкте ашылған пайдаланушының корреспонденттік
шотына ақшща аударады.
БААЖ пайдаланушылардың кредиттік тәуекелімен және өтімділік
тәуекелімен басқару мақсатында, Ұлттық банк бөлімшесі жүйенің мониторингін
жүргізеді. Мониторинг пайдаланушылардың позицияларының ағымды күйі туралы
мәліметтерді, дебеттік және крежиттік айналымдары, кзеектегі құжаттар және
өткізілген төлемдердің саны мен клемі негізінде ақиқатты уақыт режимінде
жүргізіледі. Қажетті жағдайда Ұлттық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz