Қазіргі таңдағы қысқы мерзімді несиелендірудің Қазақстандағы рөлі және оны жетілдіру
КІРІСПЕ
1 НЕСИЕНІҢ ТҮСІНІГІ
1.1 Несиенің мәні, қызметі, түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Қысқа мерзімді несиелендіру жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2 ТҰТЫНУ НЕСИЕСІ
2.1 Қысқа мерзімді несиелендірудің Қазақстандағы даму жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ..11
2.2 Қысқа мерзімді несиелендіру жүйесін Центр Кредит банкінде қолдану ... ... ... ... ... ... ... .18
3 ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ҚЫСҚЫ МЕРЗІМДІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РӨЛІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Тұтыну несиесінің даму перспективалары мен проблемалары ... ... ... ... ... ... ... .21
3.2 Тұтыну несиесінің Қазақстан мен Ресейде қолданылуы ... ... ... ... ... 22
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ
1 НЕСИЕНІҢ ТҮСІНІГІ
1.1 Несиенің мәні, қызметі,
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Қысқа мерзімді несиелендіру
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 9
2 ТҰТЫНУ НЕСИЕСІ
1. Қысқа мерзімді несиелендірудің Қазақстандағы даму
жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...11
2.2 Қысқа мерзімді несиелендіру жүйесін Центр
Кредит банкінде
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
3 ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ҚЫСҚЫ МЕРЗІМДІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РӨЛІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Тұтыну несиесінің даму перспективалары
мен
проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .21
3.2 Тұтыну несиесінің Қазақстан мен Ресейде
қолданылуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...22
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, экономикамыздың гүлденуіне байланысты
көптеген жетістіктерге, өзгерістерге қол жеткізді. Банктер өз саясатын
дамыта отырып, несиенің берілуі мен қызметтің басқа түрлері арасындағы
қолайлы арақатынасты табуға тырысады. Банктің несиелік қызметі оны банктік
емес мекемелерден ерекшелендіретін басты критерии болып табылады. Әлемдік
тәжірибеде банк пайдасының айтарлықтай бөлігі, дәл осы несиелендірумен
байланысты.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев несие мәселесін қарастырған, несиенің әрі
қарай дамуын қолдады, жоғары оқу орындарындағы студенттерге несие арқылы
окуға төлеу мүмкіндігін ұсынды.
Қазіргі кезеңде несие қысқа мерзімді мінездемеге ие, ол коммерциялық
банктердің республикадағы экономикалық тұрақсыздық әсерінен қысқа мерзімде
пайда табу, қаражаттарды тартумен түсіндіріледі. Банкаралық бәсекелестіктің
өсуі жағдайында халықты неселендіруді жетілдіру банктің қоғамдық имиджін,
тартымдылығын және кіріс негізін күшейтетін фактор болып табылады. Соған
байланысты елімізде қысқа мерзімді несиелендіру жүйесі қолданылуда.
Қазіргі банктік несиелеу жүйесі нарықтық қатынастарды қалыптастыру мен
дамытуға, өндірістің тиімділігін арттыруға, мемлекет экономикасын
нығайтуға, айналыстағы негізсіз ақша массасының өсуін шектеуге, инфляциялық
процестердің алдын алуға және ұлттық валютаны нығайтуға бағытталған.
Менің осы тақырыпты таңдауымдағы мақсатым, Қазақстан Республикасында,
қазіргі таңда өте кең қолданысқа ие болған, жетілдіруді, дамуды қажет
ететін несие мәселесін, оның ішінде қысқа мерзімді несиелендіру жүйесін
түбегейлі зерттеу және осы салада өз білімімді толықтыру болатын.
Курстық жұмыстың мазмұны үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде, несие
жүйесіне түсінік, қысқа мерзімді несиелендіру жүйесінің мақсаттары мен
қызметтері қарастырылған. Ал, екінші бөлімде қысқа мерзімді несиелендіру
жүйесінің даму жағдайы және ондағы тәуекелділік, сонымен қатар осы
тәуекелділікті төмендетудегі өзге елдердің үлгілерімен Қазақстанды
салыстыру кезеңі көрсетіліп, үшінші бөлімінде, қазіргі таңдағы қысқа
мерзімді несиелендіру жүйесінің рөлі, оның Қазақстан тұрғындарының
әлеуметтік жағдайына тигізер әсері және жетілдірілуі анық көрсетілген.
Сонымен қатар, осы бөлімде Қазақстан мен Ресейдің тұтыну несиелері нақты
деректермен толықтырылған.
1. НЕСИЕНІҢ ТҮСІНІГІ
1.1 Несиенің мәні, қызметі, түрлері
Нарықтық экономикада несие жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы
кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен
төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың
жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде және жасайтын
капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру,
делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды
орындайды.
Несие ісі - ақшамен сауда-саттық негізінде несиелік операцияларды
орындауға бағытталған кәсіпкерлік - қызметтің ерекше бір саласы дегенді
білдіреді. Оларды әр алуан несиелік ннституттар жүзеге асырады, Шаруашылық
айналымға қызмет көрсетудегі операциялар ауқымы мен мәні бойынша негізгісі
банктер болып табылады.
Несиелік мекемелер түрлерін, оның ішінде банктік мекемелерді
қарастырудан бұрын бізге банк және банктік қызмет ұғымын білу қажет.
Әлемдік тәжірибеде банктік қызмет деп банктің басты кәсіби қызметтерін,
депозиттер қабылдау және қарыз беруді түсінеді.
Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан Республикасындагы
банктер және банктік қызмет туралы заң күші бар Жарлығының 1-бабында,
банктің ресми мәртебесі ¥лттық банктің оны ашуға берген рұқсатымен, Әділет
министрлігінің банк ретінде заңды тұлғаны мемлекеттің тіркеуден өткізуімен
және банктік операцияларды жүзеге асыруға берілген КР Ұлттық банкі
лицензиясының болуымен анықталады.
саласында кең ауқымда тарауда. Олар халықтың ұсақ жинақтарын тарту,
капиталды инвестициялау бағалы қағаздарды орналастыру және т.б. –
айналысады.
Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға
берілетін ссудалық капитал қозғалысы. Зерттеу заты сияқты несие құрылымы
бір- бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтер ең
алдымен несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша
несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші- қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші-
бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады. Қарыз
берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық
субъектілері және халық жатады. Қарыз алушы- бұл несиені алушы және оны
қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз
алушы бір-бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әртүрлі.
Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке,
салықтарға және т.б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ бұл жерде
ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық
қатынасты емес, сондай-ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш
– бұл өте ауқымды ұғым. Ал қарыз алушы – бұл қосымша қаражатқа деген
сұранысы бар тұлға. Несиенің экономикадағы орны мен рөлі, оның атқаратын
қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде
мынадай қызметтерді атқарады:
- қайта бөлу;
- айналыс шығындарын үнемдеу;
- айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
- капиталдың шоғырлануын жеделдету;
- ғылыми- техникалық прогрессті жеделдету.
Несиенің қайта бөлу қызметі кез келген елдің ұлттық
экономикасының толық қанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл
қызметінің көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір
саласына капитал ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің қаржының қайта
бөлу қызметінен айырмашылығы қаржынының бөлінуі әкімшілік негізде
жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы,
яғни ол нарықтық механизм негізінде жүзеге асырылады.
Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзінде асуы несиенің
экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай
қаражаттардан түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей
жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады.Міне,
сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары
өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін
несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана
қоймай, айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды. Ал келесі
қызметі, яғни несиенің айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша
алмастыруы. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орнын алмастыруға толық
мүмкіндік бар. Бұл қызметі іске асу процесінде тек қана тауар айналысын
ғана емес, сондай- ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша
айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер,
вексельдер, несиелік карточкалар көмегімен жүзеге асырылады. Несиенің бұл
қызметі арқылы ақша айналысының жылдамдығымен қатар, айналыстағы ақша
массасына және төлем айналымына да ықпал етеді.
Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты дамуына жағдай
жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндеттерді шешуде несиенің бұл
қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік береді.
Несиенің ғылыми- техникалық прогрессті жеделдету қызметі ғылыми- техникалық
ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да, несиенің
көмегінсіз көптеген ғылыми- зерттеу орталықтарының жұмыс жасауы қиынға
түседі. Сондай-ақ несие өндіріске ғылыми технологияларды жаңалық ретінде
енгізу үшін де аса қажет болып табылады. Себебі, ондай шығындар бастапқыда
кәсіпорынның қаражатымен, оның ішінде орта және ұзақ мерзімді банктің
несиелері есебінен қаржыландырылады. Несиенің формасы – бұл несиелік
қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан
сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай
өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады. Несиенің екі
формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені
– коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені банктік деп атайды. Қалған
несиенің түрлері осы екі форманың тәжірибеде қолдануынан туады.
Коммерциялық несие- бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген
тауарын білдіреді. Коммерциялық несиенің басты мақсаты, тауарлардың өту
процесін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу. Мұнда қарыз алушы да және
оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады.
Коммерциялық несие көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы
барысында туындайды. Мұндай жағдайда айналыс құралы ретінде қарыз алушының
көрсетілген соманы уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық
міндеттеме- вексель қолданылады. Коммерциялық несиенің банктік несиеден
айырмашылығы мынадай:
- қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметті
сатумен айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады;
- коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
- қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
- коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз
мөлшерімен салыстырғанда төмен болады.;
- Қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңды
түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар
бағасының құнына қосылады.
Банктік несие – бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде
берілетін несиені білдіреді. Банктік несие негізінен экономикадағы кеңінен
тараған несиелік қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие
бойынша несиелік қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім
жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері
болса, ал қарыз алушылар ретінде.кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен
щұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым
болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты- бұл пайыз түріндегі
табыс алу. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер
береді. Соның ішінде қазіргі нарықтық экономика жағдайында көп сұранысқа ие
болған тұтыну мақсатына берілетін несиелер. Бұл несиелердің көптеген
түрлері бар. Бірақ біз курстық жұмыстың жазылуына арқау болып отырған қысқа
мерзімді несиелендіру жүйесіне ғана тоқталамыз.
Несиені экономикалық категория ретінде карыз мәмілесі негізінде
көрінетін және дамитын өндірістік катынас аркылы анықтау керек. Қарыз
мәмілесі несиені экономикалық категория ретінде ез бетінше сипаттамайды;
оны осы мәміле негізінде пайда болатын өндірістік байланыстар немесе жүзеге
асу формасы - қарыз мәмілесі болып табылатын өндірістік катынастар
сипаттайды. Қарыз мәмілесі тауар шаруашылығының әр түрлі сатыларына тән.
Экономиканың тарихи дамуымен бұл мәмілелер жиілейді, ұлғаяды жетілдіріледі
және жалпылама мәңге ие болады.
Әр түрлі шаруашылық жүйелерінде кездесетін мәміле типтерінің формалды
ұқсастығы олардаң бір атауымен - несие - бекітіледі, бірақ әр түрлі
дәуірлердің несиелік қатынастары бір атауды сақтай отырып әр түрлі мәнге,
мазмұнға, табиғатқа ие.
Несие шаруашылық жүйелерінің ауысуына жағдай жасай отырып өзі де ауысып
отырады, өз мазмұнын өзгертеді. Кез келген халық шаруашылығы жүйесінің
алдыңғы жүйені жеңетіні және жоққа шығаратыны сияқты несие де бір
шаруашылық жүйе жағдайындағы шаруашылық жүйесіндеғі несиені жеңуші және
жоққа шығарушы болып табылады. Несие мәміле типі ретінде тауар натуралды
шаруашылықтан тауар шаруашылығына өткен уақыттан бері дамып келеді. Несие
айырбас процесінің өндірістік байланысының типі, тауарлы өндірістің
экономикалық категориясы ретінде ғана емес, тауар шаруашылығы шеңберінде
диалектикалық дамушы құбылыс ретінде де қарастырылуы қажет. Тауар
шарттарымен анықталады, осы себептен тауарлардың неліктен шығарылуы уақыт
бойьшша олардың бағасының өткізілуінен бөлініп қалады, Бұл шарттар мынаған
байланысты: тауарлардың бір типі өз өндірісіне көп уақытты, ал басқа түрі
анағұрлым аз уақытты талап етеді, Әр түрлі тауарлардың өндірісі жылдың әр
түрлі мерзімімен байланысты. Бір тауар өз нарығында пайда болса, басқасы
алыс нарыққа сапар шегуі қажет. Сондықтан, әлде бір тауар иеленуші келесі
бір сатып алушыдан бұрын сатушы ретінде көрінуі мүмкін. Бірдей мәмілелердің
бір тұлғалардың арасында жиі қайталануы кезінде тауарларды сату шарттары
олардың өндіріс шарттарымен реттеледі, Екінші жағынан, тауарлардың белгілі
бір түрін пайдалану, мысалы үйді, белгілі бір уақыт аралышна сатады. Бұл
жағдайда сатып алушы тек мерзімі өткеннен кейін ғана шын мәнінде тауардың
тұтыну құнын алады. Сондықтанда ол тауарды төлемі төленгеннен бұрын алады.
Несиенің' ұдайы өндіріс процесіне бұлай әсер етуі өнім өндіріліп және
ұдайы өндіріс субъектілерінің игілігіне түскен кезде, ал айырбас фазасында
субъектілердің біреуінде қозғалысы тоқтаған уакытша босаған кұн мен басқа
субъектітің оны қосымша пайдалану қажеттілігі арасында қарама-қайшылық
пайда болған кезде мүмкін болады. Несие өндіріс факторы бола келе, өндіріс
пен үлестіруден шыға отырып кайта бөлу категориясы ретінде өзінің
дербестігін жоғалтпайды, шынында тауарлар айырбасынын формасы ретінде
болады.
Несие айырбас сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмілесінің формасы
ретінде құн қозғалысының уздіксіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Құн қозғалысы
несие қозғалысының ядросы болып табылады. Айырбас процесінде мәміленің екі
түрі ажыратылады: қарыз мәмілесі және сатып алу-сату мәмілесі. Несие қарыз
мәмілесі ретінде тауарлар айналысы процесіне себепші болады. Қарыз мәмілесі
тауар айналысының ерекше формасы және сатып алу-сату мәмілесіне қарсы қойып
салыстыру арқылы сипатталуы мүмкін. Олардың арасындағы негізгі айырмашылық
мынада: сатып алу-сату кезінде тауарларды өзара ұсыну бір мезгілде жүреді,
қарыз мәмілесі кезінде эквиваленттің қайтарылуы кейінге қалдырылады.
"Сатушы тұтыну құны ретіндегі тауарды шеттете отырып, оның өзіндік айырбас
құнынымен және ақшаның тұтыну құнын жүзеге асырады. Бұған керісінше, сатып
алушы айырбас қүны ретінде ақшаны иелігінен шығара отырып ақшаның тұтыну
құнын және тауардың бағасын өткізеді. Осыған сәйкес тауар мен ақша
орындарының ауысуы жүреді.
Осылайша екі жақты полярлы қарама-қайшылықтың жанды процесі
енді қайтадан өз барысында тағы да екіге жарылады. Сатушы шын
мәнінде тауарды өзінен шеттетеді, бірақ оның бағасын бастапқыда тек идеалды
түрде ғана белгілейді. Ол тауарды өз бағасы бойынша сатты. Алайда ол баға
тек кейінірек, белгіленген мерзімде өткізіледі. Несие ақшаның төлем
кұралы функциясындағы ақшаның дамуы болып табылады. Ал
эквивалент қайтарылуының кейінге қалдырылуы құн козғалысының
сатып алу-сатудан дербес, сапалық жағынан ерекше қозғалыс
формасын жасайды.
Сондықтан қарыз мәмілесін сатып алу-сату мәмілесінің бір түрі деп
ойлауға болмайды.
Айырбастьң екі контрагентінің бірегей келісімі ретінде алынған
сатып алу-сату мәмілесі олардың арасында кездейсоқ, өткінші байланысты
жүзеге асырады. "А" тауарды "В"-ға береді және одан ақша алады. Олардың
арасында тікелей байланыс тек тауарлар мен ақшалар қозғалысы
мерзімінде ғана орнатылады. Тұтастай алғандағы сатып алу-сату мәмілесі
барлық қоғамда барлық тауар иелерін байланыстырушы фактор кызметін
атқарады, бірақ бұл мәміле өзінің жекелеген көріністерінде
кездейсоқ, өткінші байланысты жасайды. Әрбір қарыз мәмілесі, тіпті жеке
алынғаны да, басқа осындай мәмілелермен немесе экономикалық қатынастың
басқа формаларымен байланыстан тыс мәміленің контрагенттері
арасында ұзаққа созылған қатынасқа көшеді. Өзара ынтымақ, мақсаттың бірлігі
пайда болады.
Сатып алу-сату мәмілесі кезінде тұтыну құнының қозғалысы жүреді, ал
құн мәмілесі контрагенттерінің қолында қалады. Қарыз мәмілесі кезінде
тұтыну құнының ғана қозғалысы жүріп қоймайды. "Біз жай тауар туралы, тап
осындай тауар туралы, айтқанда сатып алушы қолында бірдей құн
қалады, бірақ әр түрлі формада; сауда мәмілесіне дейін де және одан кейін
де олардын қолында иеліктерінен шығарған құн болады, бірақ біреуінде ол
тауар формасында, басқасында ақшалай формада болады". Қарыз кезінде
"ақшалай капиталист бұл мәміледе құнды беретін жалғыз тұлға болып
табылады; бірақ ол оны артынан оның қайтып келуі
арқасында ғана сақтайды. Қарыз кезінде тек бір тарап қана құнды алады,
өйткені оны бір тарап қана береді".
1.2 Қысқа мерзімді несиелендіру жүйесі.
Банк аралық бәсекелестіктің өсуі жағдайында халықты несиелендіруді
жетілдіру банктің қоғамдық имиджін, тартымдылығын және кіріс негізін
күшейтетін фактор болып табылады. Соған байланысты елімізде қазіргі таңда
қысқа мерзімді несиелендіру жүйесі қолдануда. Ол коммерциялық банктердің
республикадағы экономикалық тұрақсыздық әсерінен қысқа мерзімді
несиелендіру жүйесі несиелік ресурстарды қолданғаны үшін аз шамалы пайыз
мөлшерін төлеумен қаражат жетіспеушілігін уақытша толтыруға мүмкіндік
береді. Одан басқа, пайыз мөлшері қысқа мерзімді несиелендіру жүйесін
қолдану кезінде тұрақты болып, қарыз алушы жалпы несиеге кететін шығын
бюджетін алдымен ала есептей алады. Қарыз алушылар үшін маңызды аргумент,
салық ауыртпалығын төмендету болып табылады. Ақпараттар бойынша
республикамызда өзге несиелерге қарағанда қысқа мерзімді несиелендірудің
салыстырмалы мөлшері елу пайызды құрайды.[13.32]
Қысқа мерзімді несиелендіру жүйесінің басты мақсаты болып, айналым
қаражаттарының толығуы, сонымен қатар азаматтардың тұтыну мақсаттары болып
табылады. Айналым және негізгі қаражаттарды толықтыру несиелері, сауда
операцияларын жүргізу, енгізу, негізінен банктік емес заңды тұлғаларға
арналады. Оның басым бөлігін бұрын сауда- делдалдық операцияларымен
айналысқан, қазір өндіріс және қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындардың
иеленушілері болып табылады да, оны жеке кәсіпкерлер құрайды. Бірақ, қысқа
мерзімді несие өзінің кірістілігімен қатар, эканомикалық тұрақсыздық
жағдайында, өнеркәсіп құлдырауы жағдайында тәуекелді келісім болып
табылады. Елімізде эканомикалық сауда секторына бағытталған несиелік
салымдардың үштен бір бөлігін құрайды. Осы жағдай өнеркәсіптік салаға
қарағанда, сауда операцияларының айналымдылығы, пайдалылығы өте жоғары
екендігін көрсетеді. Негізінен қысқа мерзімді несиелендіру жүйесі:
- ұзақ мерзімді қолданылатын тұтыну тауарларын иемдену; (жиһаз,
тұрмыстық техника)
- автомашина сатып алу;
- мерекелерді тойлау;
- үйде бөлшек жұмыстарын жүргізу;
- жеке білім алу мен емделу төлемі;
- шоп- турлар, туризм сияқты өздерінің тұтынушылық мақсаттарын
қанағаттандыру үшін қолданылады.
Тұтыну несиесі- бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және
тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық және банктік формада
берілетін несие. Тұтыну несиесінің негізгі міндеті- тұтынушыларға
тауарларды сатуға қолдау көрсету. Бұл несие бөлшек саудамен тығыз
байланысты: бір жағынан- тауар айналымының ұлғаюымен несиенің көлемі де
өседі, өйткені тауарларға болған сұраныс несиеге де сұраныс тудырады,
екінші жағынан – тұрғындарды несиелендірудің өсуі төлем қабілетіне
сұранысты көбейтеді. Бұл тәуекелділік, әсіресе, қазіргі уақытта нарықтың
тауарлармен толығу жағдайында көрінеді. Тұтыну несиесі көптеген елдердің
экономикасында үлкен рөл атқарады, сондықтан ол мемлекеттік органдар
тарапынан белсенді реттеуге ұшырайды. Бұл реттеуді екі түрге бөлуге болады:
беру деңгейі және пайдалану деңгейі бойынша. Беру сатысында мемлекет
тұтынушыларды несиелеуде кейде қолдап, кей кезде тежейді.Банктер және
қаржылық компаниялар қызметтерінің бұл түріне несиелік шектеу әрекеті
таралады.
2. ТҰТЫНУ НЕСИЕСІ
2.1 Қысқа мерзімді несиелендіру жүйесінің Қазақстанда
даму жағдайын талдау
Банктің несиелік қызметі оны банктік емес мекемелерден
ерешелендіретін басты критерии болып табылады. Әлемдік тәжірибеде банк
пайдасының айтарлықтай бөлігі, дәл осы несиелендірумен байланысты. Қазіргі
кезеңде несие қысқа мерзімді мінездемеге ие, ол коммерциялық банктердің
республикадағы экономикалық тұрақсыздық әсерінен қысқа мерзімде пайда табу,
қаражаттарды тартумен түсіндіріледі. Қарыз алушыларға қысқа мерзімді
несиелендіру жүйесі несиелік ресурстарды қолданғаны үщін аз шамалы пайыз

қолдану кезеңінде тұрақты болып, қарыз алушы жалпы несиеге кететін шығын
бюджетін алдымен-ала есептей алады. Қарыз алушылар үшін маңызды аргумент,
салық ауыртпалығын төмендету болып табылады.
Деректер бойынша Республикамызда басқа несиелерге қарағанда
қысқа мерзімді несиелендірудің салыстырмалы мөлшері 50% құрайды. Соған
қарамастан экономикалық сауда секторына бағытталған несиелер басқа несиелік
салымдардың үштен бір бөлігін құрайды.[14.48] Осы жағдай өнеркәсіптік
салаға қарағанда, сауда операцияларының айналымдылығы әлдеқайда жоғары
екендігін көрсетеді. Одан басқа несиені қолданғаны үшін төленетін пайыз
мөлшері тауар өндірушілер үшін күшке келмейтін жүк болып табылады. Өте
үлкен банктік пайыз өндіріс саласындағы өнімнің не өзіндік құнына қосуға,
не пайда табуға мүмкіндік бермейді.Сондықтан мұндайнесие пайызын негізінен
тек сауда немесе делдал фирмалар ғана төлей алады. Әрине, нарықтың
тұрақтануы, инфляция қарқынының төмендетілуі және теңгенің нығаюы
көзқарасынан өндіріс саласына несиелік қаражаттарды салу тиімдірек болып
табылады. Қысқа мерзімді несиелендіруді несие объектілері бойынша
қарастырсақ, келесідей шешімге келеміз. Өткен жылдағы сияқты несиелердің
басты мақсаты болып, айналым қаражаттарының, негізгі қаражаттардың толығуы,
сонымен қатар азаматтардың тұтыну мақсаттары болып табылады. Айналым және
негізгі қаржаттарды толықтыру несиелері, сауда операцияларын жүргізу,
енгізу,негізінен банктік еме заңды тұлғаларға арналады. Оның басым бөлігін
бұрын сауда- делдалдық операциялармен айналысқан, қазір өндіріс және қызмет
көрсету саласындағы кәсіпорындардың иеленушілері болып табылады да, оны
жеке кәсіпкерлер құрайды. Бірақ қысқа мерзімді несиелендіру өзінің
кірістілігімен қатар, экономикалық тұрақсыздық жағдайында тәуекелді келісім
болып табылады. Қазіргі заман шарттарында банк клиенттерінің ссуда
қайтарымдылығын кешіктіруі, не несиені мүлде қайтармауы үйреншікті
құбылысқа айналуда. Осындай жағдайлардың туындауынан құтылу үшін ең бірінші
несие қаражаттарын алу өтінішін қарастырудағы банктің аналитикалық жұмысын
жақсарту, клиенттің борыш төлеу қабілеттілігін қатаң тексеру маңызды.
Өтініштерді терең зерттеу, тәуекелділіктің алдын- алуға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезеңде клиент менеджментінің талдануы үлкен мәнге ие,
өйткені клиенттің банкроттығы нәтижесінде несиенің қайтарылмаушылығы өз
қатарында нашар менеджменттің салдары болып табылады. Американдық
кәсіпорындардың қаржылық жағдайы туралы сан ғасырлық қорытындыланған
ақпараты бар “Дан энд Брэдстрит” фирмасы, кәсіпорындардың жыл сайынғы
сәтсіздікке ұшырауы белгілі: біліктіліктің жетіспеушілігі, басқарушылық
тәжірибенің жоқтығы, қаржыдағы, маркетингтегі, жабдықтаудағы және
өндірістегі тәжірибенің жетіспеушілігі, салақтық деген сияқты жағдайлармен
байланысты деген. Кәсіпорынның жиі сәтсіздікке ұшырау себебі, өспелі
басқару шарттарын орындай алмаушылығы.[7.125]
Он шақты жұмысшылары бар кәсіпорынды басқару басқа да, ал жүз шақты
жұмысшылары бар кәсіпорынды басқару мүлде басқа нәрсе.Егер бізде клиенттің
несиеге қабілеттілігі туралы ақпарат жинау жүйесі, сонымен қатар олардың
алған және өтелген несиелері туралы мағлұматтар жүйесі болса, онда несиеге
қарыз алушының несиеге қабілеттілігін талдау әлдеқайда оңай болушы еді.
Мысалы, Францияда аталған қызметпен айналысушы, Тәуекелділік қызметі
орталығы қаланған. Қарыз алушы туралы ақпарат жинағысы келген кез келген
банк, осы қызмет көмегіне жүгінуге құқылы. Несие жүйесінің жетілдірілуі
үшін осы жүйені елімізде енгізу пайдалы болар еді. Бұл жағдайда
өзклиенттері туралы мағлұматтар алғысы келетін коммерциялық банктер арнайы
телекоммуникациялық желі арқылы бірнеше секундтар ішінде қарыз алушының
қаржылық жағдайының қандай екедігін біле алады. Жалпы қарыз алушылар туралы
ақпарат жинау жүйесі елімізде болжамдалған. Американдық “ Дан энд
Брэдстрит” компаниясы Қазақстандық нарыққа шығып, коммерциялық банктерге
келесідей қызмет түрлерін, яғни жеке компанияның қаржылық жағдайын бағалау,
есепшот төлеу тәжірибесі, бизнестің басқа да этикалық нормаларын ұстану,
оның қатысуымен төрелік сот талдануы, аймақтық және салалық маркетингтік
зерттеулер, толық шолумен елдердің экономикалық жағдайы, кедендік және
валюталық реттелуі, төрелік сот және төлем шоттарының анықтамасы, салалық,
аймақтық және арнайы анықтамалар көрсетуді ұсынған болатын. Бірақ
кәсіпорындармен ұйымдар- коммерциялық банктердің клиенттері өздері туралы
ақпарат беруді қаламаушылықтан, керекті мағлұматтарды жинастыру қиынға
түседі.[9.257] Батыста осы тәрізді ақпараттарды бермеу, компанияны жағымсыз
жағынан сипаттаудағы маңызды көрсеткіш болып табылады. Әзірге кәсіпорындар
өзі туралы ақпарат жүйесін беруге қорыққандықтан, Қазақстанда барлық
кәсіпорындарға, қарыз алушыларға ортақ ақпарат жүйесі жоқ, соған байланысты
несиелік тәуекелділіктер жоғары. Бұл жағдайда Қазақстанда өркениетті нарық
қалыптастыру мақсатымен заң органдарының тартылуы арқылы кешенді ыңғай
қажет. Отандық банк тәжірибесінде несиелік шарттардың экономикалық
жетілдірілмеуі сияқты жетіспеушілікке көңіл аудармау мүмкін емес. Осылайда,
несиелік шарттар негізгі қарызбен, несиелік пайыз төлемдерінің негізінің
өтуіне байланысты қолданылатын шараларды қарастырмайды, ал құқықтық
қатынастар берілген несиенің қайтарылуын қамтамасыз етпейді. Тіпті сотқа
жүгінген күйде де шартты орындау оңайға түспейді, өйткені келісім- шарт
жасасқан қарыз алушыны іздеу мүмкін емес немесе негізгі қарызды және
тиесілі пайызды төлейтін нақты қаражат көзінің жоқтығы болып табылады.
Көптеген несиелік келісім- шарттар заңды дұрыс құрастырылмаған, кей кезде
оған уәкілетті емес тұлғалар қол қояды. Батыста несиелік келісім-шарт екі
жақтың міндеттемелерін белгілейтін, ең маңызды құжат болып табылады. Осыған
орай несиелік келісім – шартта сауатты көрсету, терең зерттеу қажет. Келесі
мәселе- ол республикамызда қолданылатын кепілдік механизмінің
жетілдірілмеуі, мысалы, жерге жеке меншік туралы заңның жоқтығынан
жылжымайтын мүлікті кепілдік ретінде қолдану тежелуде. Кепілдік келісім-
шарты бойынша несие берушінің талаптарының қанағаттандырылуы салынған мүлік
құнынан өндіріледі. Егер кепілдікті жүзеге асырғанна түскен сомма банк
алдындағы негізгі қарызбен қоса, пайызды, өсімді, сонымен қатар төлету
шығындарын жаппаса, онда банк жетіспейтін сомманы қарыз алушының басқа да
мүліктерінен алады. Бірақ ҚР-ның азаматтық – процессуалды заңнамасында
келесідей төлемдер кезектілігі қарстырылады. Ең бірінші кезекте банкроттық
мүлкіне төрелік сот кіріседі, осылайша ол өзінің банкроттық процесіне
кеткен шығынды жабады., екінші кезекте, “социалды сала”: алименттер
төленеді, кемтарлық жәрдемақысы, жұмысшылардың жалақысының қалдығы. Сонан
соң төлем құқығын бюджет иеленіп, республикалық және жергілікті салық
төлемдерінің қарыздары өтеліп, тек содан кейін ғана кезек ең алдымен
ссуданы кепілдікке берген, содан соң басқа несие берушілерге келеді. Көбіне
осы уақытқа дейін банкрот болған адамның еш мүлкі қалмайды да, банк құр қол
қалады. Жоғарыда көрсетілгендердің бәрі кепілдік заңының негізгі
принциптерінің бірі- несие берушілердің басқа талаптарының алдындағы
кепілдік талаптарының артықшылықтарының қарсы. Осыдан несиелік
тәуекелділіктің мүмкіндігін төмендету үшін ең алдымен кепілдік механизмін
жетілдіру қажет.
Банк аралық бәсекелестіктің өсуі жағдайында халықты
несиелендіруді жетілдіру банктің қоғамдық имиджін, тартымдылығын және кіріс
негізін күшейтетін фактор болып табылады. Осы тұтынушылық несиеге тән
қасиет оған деген көңілдің артуын қамтамасыз етеді. Банктің осындай бөлшек
қызмет көрсету қабілеті потенциялдық келісімдер тәуекелділігін ескере
отырып тиімді мерзімде бағаланатын үлкен көлемдегі несие беру өтініштерімен
байланысты.
Несиелік операциялардың табыстылығын жоғарылыту, несиелік
тәуекелділік сапалығын жақсартумен тығыз байланысты. Банк клиенттің қай
тәуекелділік классификациясына жататындығына байланысты, несие беруге
болады ма, әлде жоқ па, қандай несиелендіру лимиті және пайыз белгілеу
екендігін шешеді.
Скоринг, көбіне жеке тұлғаларды несиелендіруде, әсіресе, тұтыну
несиесінде қолданылады. Батыс банктерінің тәжірибесінде жеке тұлғалардың
несиеге қабілеттілігін анықтауда, өзара байланысты екі әдіс қолданылады.
Бірінші әдіс (логикалық) болжамдалған эксперттік бағалауға және әлеуетті
қарыз алушының жеке қасиеттерімен, қаржылық жағдайына сүйенеді. Қолда бар
ақпарат негізінде банк маманы несие алуға өтініш білдірген адамның
“жинақталған образын”, әртүрлі дәрежеде несиелік тәуекелділік тудырған
қарыз алушылардың “стандартты образымен” салыстырады. Төлем қабілеттілігін
бағалаудың логиакалық әдісі, әдетте әлеуетті клиенттердің несиелік тарихын
ашатын мониторинг жүйесінің дамуымен нығаяды. Осы мақсатпен көптеген
экономикасы дамыған елдердің банктері, қарыз алушылардың қаржылық,
мүліктік жағдайы туралы ақпараттарды әрқашан топтастырып, жинақтап,
отыратын несиелік бюро қызметіне сүйенеді. Осылайша АҚШ-тың 2000-нан астам
жеке ұйымдары, жеке тұлғалардың бұрын несие алғандығы, осы несиені өтеу
тарихы және қарыз алушылардың несиелік рейтингі туралы ақпаратты иелене
алады.
Несиелік бюроларда келесідей деректер болады:
- әлеуметтік-демографиялық сипаттамалар;
- сот шешімдері (егер несие қайтарылмай
сотқа жүгінген жағдайда);
- банкроттық туралы ақпарат,
- несиелік ұйымдардан алынатын
индивидуалды қарыз алушылар
туралы дерек;
“Сен- маған, мен-саған” принципімен, яғни банк басқа банктердің
клиенттері туралы ақпаратты ала- алады, егер өзі сол банктерге ұқсас
ақпараттарды жеткізсе. Клиент өзінің қаржылық жағдайы туралы несиелік
бюродағы ақпаратты тексеруге құқылы, егер қате болатын болса, онда
ақпаратты дұрыстауға өтініш жаза алады. Бюрода сақталушы ақпараттың көлемі
мен сипаты, әр елдерде қатаң заңнамамен реттелініп отырады.
Екінші көп тараған, жеке қарызалушылардың несиеге қабілеттілігін
анықтайтын, несиелік өтініштерді таңдаушы скорингтік әдіс. 1941жылы
американдық экономист Дэвид Дюронмен ұсынылған осындай жүйе бақылау
нәтижесінде жинақталған деректер базасын “ жақсы” және “ нашар” несие
топтарына бөліп қарастырды. Бұл несие қайтарымдылығына әсерін тигізуші
қаржылық, экономикалық , мотивациялық факторлардың салмағын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz