Киімнің сапасы және экспертиза


Киімнің сапасы және экспертиза
Киімнің сапасы көптеген факторларға байланысты болады. Ең жоғары маңызға киімнің сапасын құрылымдауға тікелей қатысатын факторлар ие: бастапқы материалдардың сапасы, бұйымды жобалау (модельдеу және конструкциялау), технологиялық өңдеу.
Маталардың, трикотаждардың, мата емес денелердің және көптеген материалдардың сапасы, олардың қасиеттері (эстетикалық, гигиеналық, беріктіктік) көпшілік жағдайда сәйкес алынатын киімдер қасиеттерін анықтап береді. Материалдарға киімдердің функционалдық арналуы бойынша сәйкестігі, тұтынушылар жасы және бет пердесі, сонымен қатар моданың бағыты байланысты болады. Материалдардың гигиеналық қасиеттерінің кешені киім астылық кеңістік микроклиматының жағдайына әсер етеді, белгілі болғандай, адамның өзін сезінуіне және жұмыс істеуге қабілеттілігіне әсер етеді. Материалдардың серпімді - эластикалық қасиеттеріне, қаттылығына, деформациялануына, қалыптану қабілетіне қажетті көлемді - кеңістіктік формасын құру мүмкіндігі және оның эксплуатациялаудағы тұрақтылығы байланысты болады.
Киімдерді жобалау процесінде оның көлемдік - кеңістіктік формасы және композициясы, конструктивтік шешімі, шамаланушы өлшемдері, қосылу тәсілдері және жеке бөлшектерінің өзара байланыстылығы және бұйым түйіндернің өзара әсерлесуі анықталады. Осы сатыда сонымен қатар киімнің тек қана көркемдік - эстетикалық қасиеттері құрылымданып қана қоймай, сонымен бірге осының сапасының маңызды көрсеткіштері, атап айтатын болсақ экономикалылығы және технологиялылығы қамтамасыз етіледі. Соңғылары, киім өнеркәсіптік өндірісінің экономикалық мақсаттылығын анықтап береді.
Киімдерді технологиялық өңдеу де оның сапасына үлкен әсерін тигізеді. Бөлшектердің және түйіндердің қосылу сапасы, ылғалды - жылулық өңдеу және соңғы біржола безендіру негізінен киімнің сапа көрсеткіштерін, оны фигураға отырғызу сапасын, тозуға төзімділігін және т. б. анықтап береді. Бұйымды технологиялық өңдеу процесінде қажетті көлемдік формаға және тауарлық түрге ие болады. Технологиялық өңдеу процесінде қалыптанатын киім сапасы едәуір дәрежеде қолданылатын технологиялық жабдықтардың (машиналар, жартылай автоматтар, пресстер және т. б. ) жағдайына және сапасына, атқарушылардың еңбегінің сапасына байланысты болады.
Киімдердің сапасын сақтау үшін бұйымды бумалау және маркілеу, оларды сақтау шарттары, тасымалдау, тарату және эксплуатациялаудың маңызы да жоғары.
Киім сапасы көрсеткіштері және қасиеттерінің классификациясы
Киімнің сапасы, және кез - келген тауардың сапасы олардың жарамдылығын, арналуына байланысты белгілі бір тұтынушылық талаптарын қанағаттандыруына негіз болатын қасиеттер жиынтығының сипаттамасы болып табылады. Сапа - тұтыну процесінде көрінетін әртүрлі қасиеттердің кешенінен тұратын және пайдалылығын сипаттайтын киімнің күрделі сипаттамасы.
Арналу көрсеткіштері (функционалды) бұйымның арналуының, жасының және тұтынушы көзқарасына моданың сәйкестігін қосады.
Эстетикалық көрсеткіштер тобына келесілер кіреді: модельдердің стильдік өрнектелуі, басқаша айтқанда моданың формасы, қапттамасы, конструктивтік және декоративтік сәнінің, түтсітк өрнегінің, материалының, безендірілуінің және т. б. сәйкестігі; композициялық шешімінің мақсаттылығы (модельдің архитектоникасы) ; модельдер конструкциясының формасымен материал қасиетінің өрнектелу рационалдылығы (модель тектоникасы) ; жаңышылдығы, модельдің айқындылығы және оригиналдылығы; барлық ашық элементтерінің безендірілуінің тамашалығы және жетілдірілгендігі; фирмалық белгілердің өрнектілігі және белгіленуі; көркемдік - техникалық безендірілуі және буманың сапасы.
Эргономикалық көрсеткіштерге келесілер жатқызылады: бұйым конструкциясының өлшемдерінің және формасының адам денесіне сәйкестігі (балансы, бұйымның отыру сапасы) ; динамикада бұйым конструкциясының қолайлылығы; бұйым конструкциясының адамның психофизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкестігі.
Гигиеналық көрсеткіштер бұйымның конструкциясының және материалының санитарлы - гигиеналық талаптарға және нұсқауларға сәйкестігінен тұрады.
Ұзақ мерзімділік көрсеткіштері тобына, яғни бұйымның қызмет ету мерзімін анықтайтын көрсеткіштер құрамына бұйым формасының эксплуатациялаудағы тұрақтылығы, материал құрылымы және безендірілуі, бұйым материалының эәне конструкция элементтерінің физика - механикалық әсерлерге төзімділігі жатқызылады.
Технологиялық көрсеткіштер құрамына келесілер жатқызылған: бұйымның түйіндері және бөлшектерінің, негізгі элементтерінің конструктивті шешімдерінің рационалдылығы (сызықтар конфигурациясы, бұйымның көлемді формаларын алу тәсілдері) ; базалық конструктивтік негіздер, стандартты және унификацияланған бөлшектер және түйіндердің конструкция шешімдерін шешуде пайдаланылуы; материал сыйымдылығы және еңбек сыйымдылығына қатысты алып қарағандағы конструктивті шешімдердің оптимальдылығы (конструкцияның технологиялылығы) ; қабылданған технологияға сай бұйым дайындаудың жоғары дәлдігі; дайындаудың өнкеркәсіптік құралдардың енгізілуі деңгейі (механикаландыру деңгейі) ; прогрессивті кмекші материалдардың және байланыстыру құралдарының бұйымды дайындау кезінде пайдаланылуы.
Экономикалық көрсеткіштері модельді құру үшін жұмсалған шығындардан, негізгі және көмекші материалдардың құнынан, өңдеу құнынан және бұйымды эксплуатациялауға жұмсалатын шығындардан тұрады. Киімнің сапасы туралы оған қойылатын талаптардың қанағаттандырылу дәрежесі бойынша әңгіме қозғайды. Жоғарыда аталып өткендей, киімдерге қойылатын тұтынушылық талаптар әртүрлі болады, басқаша айтқанда, жеке пайдалану заттарына және сонымен қатар өндірістік (техника - экономикалық), өнеркәсіптік өндіріс өнімдеріне қойылатын талаптар әртүрлі болып келеді.
Әлеуметтік көрсеткіштер берілген белгілі бір арналудағы қоғамдық қажеттілікті анықтайды (функцияларды) . Оларға бұйымның тұтынушылық сұраныстар болжамына сәйкестігі, тұтынушылық сұранысқа және қажеттіліктерге киім ассортиментінің өлшемдік - жастық сәйкестігі және киімнің бәсекеге қабілеттілігі жатқызылады.
Функционалды көрсеткіштер киімнің арналуына сәйкестігін анықтайды. Олар келесі көрсеткіштер болып табылады: бұйымның нақты бір арналуға және эксплуатациялау шарттарына сәйкестігі және киімнің тұтынушы жынысына сәйкестігі, адам жасына және тұтынушылардың өлшемдік - толықтық сипаттамасына сәйкестігі жатады.
Эстетикалық көрсеткіштер киім сапасын бағалауда маңызды рольді атқарады. Олар үш көрсеткішпен ұсынылады: киімнің заманға сай стильге және модаға сәйкетігі, композиция жетілдірілгендік дәрежесіне және бұйымның тауарлық түріне сәйкестігі.
Бұдан ары келтірілетін топтық көрсеткіштер бірлікті эстетикалық көрсеткіштермен сипатталады. Алып қарайтын болсақ, киімнің заманға сай стильге және модаға сәйкестігі силуэтпен, беткі қабатымен, модельдің түстік шешімдерімен, материалдар фактурасымен және т. б. көрсеткіштерімен сипатталуы мүмкін; композицияның жетілдірілгендік дәрежесінің көрсеткіші - форманың архитектоникасына, форманың пластикалық айқындылығына және форманың тектоникалылығымен сипатталады.
Архитектоника - бөлшектер және тұтас бұйымның өлшемдерге сәйкестігі, ішкі құрылымының ұйымдастырылғандығы, бұйым композициясының тұтастығы.
Пластикалық айқындылығы немесе өрнектелуі - бұйымның конструктивтік элементтерінің тамашалығы және тазалығы.
Тектоника - көлемдік - кеңістіктік форманың өзара байланыстылығы және бұйым конструкциясының материалдар қасиеттерімен өзара байланыстылығы.
Топтық эстетикалық көрсеткіштерді тауарлық типтегі бұйымда сипаттау үшін сыртқы көрінісі, ішкі безендірілуі, фирмалық белгілердің айқындылығы сияқты жеке бірлікті көрсеткіштерді пайдаланады.
Эргономикалық көрсеткіштер киімнің «адам - бұйым - орта» жүйесінде эксплуатациялаудағы қолайлылығын және комфортын сипаттайды. Олар келесі топтық көрсеткіштермен өрнектеледі: бұйымның антропометриялық, гигиеналық және психофизиологиялық сәйкестігі. Бұл көрсеткіштердің әрқайсысытөртінші деңгейде келесі көрсеткіштерге бөлінуі мүмкін: антропометриялық сәйкестігі - статикалық және динамикалық; гигиеналық - жылуоқшағыш функцияларға, желдетушілік дәрежесіне және ішкі және сыртқы ылғалдардан қорғалуы; психофизиологиялық - киюдегі қолайлылығы және киімнің шешілудегі ыңғайлылығы, бұйымның эеке элементтерін пайдаланудағы қолайлылығы, киімнің массасы және т. б.
Әрбір келтірілген көрсеткіштер бірлікті көрсеткіштермен, анағұрлым қарапайым түрплерімен нақтыланады. Мысалы, статикалық сәйкестік көрсеткіштері екі көрсеткішпен - өлшемдерінің сәйкестігімен (адам денесінің өлшемдерінің киім конструкциясымен сәйкестігі) және баланспен (дене формасына конструкциясынң сәйкестігі) сипатталуы мүмкін; ішкі және сыртқы ылғалдардан қорғалу көрсеткіші - гигроскопиялылықпен және гидрофобтылықпен сипатталуы мүмкін.
Эксплуатациялық көрсеткіштер (сенімділігі) үш топтық көрсеткіштермен: пішінтұрақтылығымен, материалдардың төзімділігімен және қосылу орындарының үзілуге төзімділігімен, материалдар және конструкция элементтерінің тозуға төзімділігімен сипатталады. Төртінші деңгейде әрбір топтық көрсеткіштер бірлікті көрсеткіштермен сипатталуы мүмкін. Алып қарастыратын болсақ, пішін тұрақтылығы көрсеткіші серпімділігімен, қатаңдығымен, драпирленушілігімен, салбырамйтындығымен, шөкпейтіндігімен, ылғалды - жылулық өңдеулерге төзімділігімен, киім конструкциясиясының өз қалпын сақтап қалу қабілетімен сипатталуы мүмкін.
Киімнің техника - экономикалық көрсеткіштері үш топтық көрсеткіштермен сипатталады: стандарттау және унифиркациялау, технологиялылық және экономикаллық. Стандарттау және унификациялау көрсеткіштері киімдер модельдері серияларын бір базалық форма және бір конструктивті негіз бойынша жобалау шарттарында өте жоғары маңызға ие болып табылады. Модельдер «отбасылығын» жасап шығару модельдердің конструктивті және технологиялық жарамдылығын және өндірісте немесе тұрмыста қолданушылығын қамтамасыз етеді, сонымен бірге унификацияланған бөлшектерді қолдануды қамтамасыз етіп және киімді жобалауға жұмсалатын шығындардың азаюына әрекет етеді. Үшінші деңгейде стандарттау және унификациялау көрсеткіші екі топтық көрсеткіштермен ұнынылады: серия модельдерінің конструктивті жарамдылық дәрежесімен және серияның технологиялық жарамдылық дәрежесімен.
Технологиялылық көрсеткіші конструкцияда үшінші деңгейде екі көрсеткішпен - бұйымның өндірістік және эксплуатациялық технологиялылығымен сипатталады.
Экономикалыщық көрсеткіші үшін деңгейде екі көрсеткіштермен өрнектеледі: өнімнің бірлігіне тура келетін өндірістік шығындар деңгейімен және бұйымдардлы эксплуатациялау үшін жұмсалатын тұтынушылық шығын деңгейімен. .
Сапа көрсеткіштерінің бұл жүйесі негізінде жалпыдан жеке қарай тартылу принципінде құрастырылған, және толықтырылып және жетілдірілуі мүмкін. Ол негізінен киімнің сапасын бағалау үшін жасалынған және сапаның 100 ден астам көрсеткіштерінен тұрады.
Нормативтік - техникалық құжаттамаларда тоқыма және тігін бұйымдарының сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы келтірілген, оларды ғылыми - зерттеу жұмыстарын орындауда тігін бұйымдарының сапа деңгейлерін бағалау үшін, және нормативті - техникалық құжаттамаларды жасауда пайдаланады. Оларда бірінші деңгейде негізінен сапа көрсеткіштерінің төрт тобы бөлініп көрсетілген: арналуы, сыртқы әсерлерге төзімділігі, эрогономикалық және эстетикалық көрсеткіштер келтірілген.
Тағайындалу көрсеткіштері модельдің функционалдық арналуына сәйкестігін анықтайды. Бұл топқа келесі көрсеткіштер кіреді:
- бұйымның негізгі функционалдық тағайындалуна сәйкестігі, басқаша айтқанда адам өмірінің образына, еңбектің нақты жағдайына және демалысқа сәйкес келуі;
- бұйымның өлшемдік және адамдардың жартылай жастық кезеңіне, басқаша айтқанда сыртқы бет әлпетіне, жастық және психологиялық ерекшеліктерге сәйкестігі;
- киімнің жыл мезгіліне, қолдану сферасына және эксплуатациялау шарттарына сәйкестігі;
- қолданылатын материалдардың, безендіру материалдары және фурнитураның физика - механикңалық көрсеткіштері бойынша бұйымның арналуына сәйкестігі.
Сыртқы әсерлерге төзімділік көрсеткіші (эксплуатациялық) келесілерден тұрады:
- мүмкін болатын химиялық тазалаулар, жуу және үтіктеу. Ол бұйымның төзімділігімен және пішінін сақтау қабілетімен, материалдардың қасиеттерімен және олардың химиялық тазалау, жуу және үтіктеудегі колористикалық безендірілу төзімділігімен анықталады.
- Бөлшектердің қосылу орындарының төзімділігі, басқаша айтқанда тігіс орындарының және конструкция элементтерінің, бөлшектер пішінінің және бұйым шеттерінің күштерге және эксплуатациялаудағы сыртқы әсерлерге беріктігі.
Эргономикалық көрсеткіштер тобына антрпометриялық көрсеткіштер, пайдаланудағы қолайлылық және гигиеналық көрсеткіштер жатқызылады.
Антрпометриялық көрсеткіштер бұйым конструкциясының өлшемдерге және адам денесінің пішініне конструкция бойынша тұтас динамикалық және стаикалық сәйкестік көрсеткіштерінен тұрады. Статикалық сәйкестік бұйымның фигураға отыру сапасыне сипаттайды, ал динамикалық көрсеткіші - адамның еркін қозғалу дәрежесін және бқйым бөлшектерінің эксплуатациялау процесінде деформациялану дәрежесін сипаттайды.
Пайдаланудағы қолайлылық көрсеткіші киімді кию және шешу қолайлылығымен, оның жеке элементтерін пайдаланудағы, мысалы, түймелер және қалталарды пайдалану қолайлылығымен сипатталады.
Гигиеналық көрсеткіштерге жалпы қосынды жылулық кедергі және киімнің ауаны өткізу дәрежесі жатады.
Эстетикалық көрсеткіштер келесі көрсеткіштерді біріктіреді: бұйымның моданың заманға сай бағытына сай келуі (силуэт бойынша, конструктивті шешімдері, пропорциялары, түсі және құрылымы, материалдар суреттерінің, безендіру бөлшектерінің, фурнитурасының сәйкестігі) ; бұйымды өңдеу деңгейі және безендірілу деңгейінің сәйкестігі (өңдеудің дәлдігі және тазалығы және барлық тігіс орындарының тазалығы, безендіру бөлшектері және киімнің басқа да элементтерінің дәлдігі және тазалығы, бұйымның желдетілу сапасы) ; тауарлық белгілер және жарналарының анықтығы және айқындылығы.
Тігін бұйымдарының барлығы үшін міндетті болып табылатын негізгі көрсеткіштерге келесілер жатады: негізгі функционалдық арналуының сәйкестігі; химиялық тазалау мүмкіндігі; бұйымның заманға сай мода бағытына сәйкестігі; бұйымды өңдеу және безендіру деңгейі; тауарлық белгілер және жарналарының анықтығы және айқындылығы.
Нормативті - техникалық құжаттама трикотажды бұйымдардың сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын орнатады, олар келесідей түрде топталады: арналу көрсеткіші, эксплуатациялық, эстетикалық және гигиеналық көрсеткіштер. Нормативті - техникалық құжаттама тағайындалу немесе арналу көрсеткіштеріне бұйымның шикізаттық құрамын, иірім жіп және жіптердің сызықты тығыздығы, бұйымның сызықты өлшемдерін, ілме тоқыма түрлерін, байласу тығыздығын және трикотажды жолақтың беттік тығыздығын жатқызады.
Экспплуатациялық көрсеткіштер мата таспасының үзілгіштік күшін, оның шөгу шамасын, үгітілу немесе мүжілуге төзімділігін, бояу беріктігін, қайтымсыз деформация үлесін, пиллинг түзілудегі , күйеге төзімділігін, тұрақтылық дәрежесін, қалыңдығын және тігістерінің созылғыштығын, бұйымның жеке бөлшектерінің созылғыштығынан тұрады.
Эстетикалық көрсеткіштер - колорикалық безендірілуі, суреті, ілмелік тоқымасы, жолақ моделі, конструкциясы, бұйым силуэті, бұйымды дайындау сапасы, ақтығы, безендіру материалы, фурнитурасы.
Гигиеналық көрсеткіштер тобына гигроскопиялылық, ауаөткізушілік, жалпы жылулық кедергісі, меншікті электрлік кедергі, адам организміне кері әсер ететін заттар мөлшері және т. б. жатқызылады.
Нормативті - техникалық құжаттамада трикотажды бұйымдардың барлық сапа көрсеткіштері жалпы және арнайы болып екі топқа бөлінген.
Жалпы көрсеткіштер бұйымдардың барлық түрлері үшін міндетті болып табылады. Оларға бұйымның арналуына байланысты барлық көрсеткіштер, жатқызылады, бұл көрсеткіштерге тек қана беттік тығыздық, бояудың физика - механикалық әсерлерге төзімділігі және ақтығынан басқа барлық эстетикалы көрсеткіштері жатқызылады.
Арнайы топтағы сапа көрсеткіштерін тек өздерінің арналуына байланысты талшықты құрамдағы және ілме тоқыма тәсілі және безендіру тәсіліне байланысты ерекшеленетін бұйымдар үшін қолданылады. Оларды міндетті және міндетті емес деп екіге бөледі:
Міндетті арнайы топталған көрсеткіштерге - беттік тығыздық, үзу кезіндегі күші, шөгу шамасы, мүжілуге төзімділігі, қайтымсыз деформация үлесі, күштеу кезіндегі бұйымның жеке бөлшектерінің созылғыштығы, тігістер қалыңдығы және созылғыштығы, ақтығы жатады.
Міндетті емес арнайы топталған көрсеткіштер нормативті - техникалық құжаттамаға қосылмаған және жаңа өнімді өндіріске қою кезінде және жаңа өнімді жасау сатыларында қолданылады. Оларға, мысалы, пиллинг түзу үшін төзімділігі, созылғыштығы, салбырамаушылығы, күйе түсуге қарсы беріктігі, тұрақтылық дәрежесі және барлық гигиеналық көрсеткіштер жатқызылады.
Киімдерді сұрыптау
Сапаны бақылау тауарлықдың сорттарын анықтау үшін негізгі мәселе болып табылады және сорттар үшін жасалған нормативтік - техникалық құжаттамалар талаптары негізінде жүргізіледі.
Сапа дәуірі бірінші жоспарға адамның жылжуын өрнектейді, өзінің ұйымдастырушы, жетекші, ғылымды және өндірісті бақылаушы, жобалаушы және қоғамға қажетті өнімдерді дайындаушы және оны тұтынушы ретінде материалды игіліктерді сапасының қажеттігін қамтамасыз етудегі ролін тануына ықпал етеді.
Тігін бұйымдарының және трикотажды бұйымдардың сорты тәуелділіктердің шектелген жүйесі бойынша, ақаулар саны және орналасқан орны бойынша анықталады, ақаулар саны және орналасу орны өз кезегінде сыртқы қарап тексеруде анықталады.
Тігін бұйымдарының сортын анықтауда негізгі тұтынушылық қасиеттердің нормативтік - техникалық құжаттамалар талаптарына сай эталон үлгілермен салыстыру немесе сәйкестендіру арқлы анықтайды, мысалы: сыртқы көрінісін, бұйымның фигураға отыру қасиетін, өлшемдердің сәйкестігін, материалдардың сапасы және дайындаудың технологиялық процесін сақтау сияқты көрсеткіштерді салыстырумен анықталады.
Тігін тауарларының ақаулары нормативтік техникалық құжаттамаларда топтарға бөлінеді: сыртқы көрінісінің ақаулары және бұйымның фигураға отыру қасиеті, өндірістік - тігіндік және сыртқы көрінісі ақаулары мен ластығы және материалдардың ақаулары.
Бірінші және екінші сорттағы бұйымдарда сыртқы көрініс ақаулары және бұйымның фигураға отыру қабілетінде ақаудың болуына жол берілмейді.
Өндірістік - тігіндік ақаулар, яғни сыртқы көрініс сапасына әсер етпейтіндері, эстетикалық қасиеттері және киіп жүрген кездегі салбырамаушылығы ақаулары егер киім сапасына әсер етпейтін болса, онда киімді сорттарға бөлуде ескерілмейді. Бұл ақаулар неегізінен бұйымды дайындау технологиялық процесінің талаптарын және режимін сақтамаудан пайда болады, олар безендіру операцияларын жауапсыз орындаудан, жабдықтар жұмысын қадағаламау салдарынан туындайды. Өндірістік ақаулардың саны және өлшемдері әрбір бұйым үшін тауардың сорттылығына байланысты 1 ші және 2-ші сорттар үшін нормативтік техникалық құжаттама талаптары бойынша компенсацияланады.
Материалдар сапасы, әсіресе сыртқы көрініс бұйымның сапасына тұтас алғанда әсер етеді. Нормативтік - техникалық құжаттамаларда рұқсат етілген маталар ақаулары 1 ші сорттадайын бұйымдар үшін жіберілуі мүмкін. Материалдардағы мүмкін болатын ақаулар 2 ші және 3-ші сорттар үшін дайын бұйымдарда 2 - ші сорт үшін рұқсат етілуі мүмкін. Бір сортпен бағаланатын бұйымдарда барлық жалпы таралатын ақаулар болуына жол берілуі мүмкін.
Жергілікті ақаулар және олардың орналасу орны тігін бұйымдарының қасиеттеріне және сапасына едәуір әсер етеді, бірақ олар жабық бөліктерде және бұйым бөлшектерінде ескерілмейді.
Нормативтік - техникалық құжаттамаларда жабық бөліктер және бөлшектердің тізімдері қарастырылған: жартылай борт, төменгі жаға, таяқшалар бөліктері, жабық борттар, лацкандар, бұйым бөлшектері, жабық қабаттық бөлшектермен жабылған бөліктер - өрнектер асты, астарлар, гульфиктер және шалбар ойықтары және ауы, бас киімдер жабық бөліктері, жоғарғы құлақ қаптама төменгі бөлігі, блузкалар, шалбар ішіне салынатын көйлек жабық бөліктері.
Тігін бұйымдарның 1 - ші сорты - ақаусыз және ақаулы бұйымдар, бірақ өндірістік немесе материал ақауларының саны үштен көп болмауы қажет.
Қосымша өндірістік - тігіндік ақаулар және материалдар ақаулары бар тігін бұйымдары, бұл нормативтік - техникалық құжаттамада қарастырылған, бірақ атаулары бойынша бестен жоғары ақау болмауы қажет және 1 - ші сорт пен 2 - ші сорт арасында алшақтық болады.
Өлшемдердің сәйкес еместігі бұйымдардың сорттылығының өзгеруіне және ақауға шығарпылуына алып келеді.
Сорттар өзгерілместен келесілер таратылады: өлшеулердің негізгі орындары бойынша жас аралық айырманың жартысынан жоғары емес шамаға қысқартылған бұйымдар; ең кіші өлшемдегі бір жас айырмадан жоғары емес шамаға кішірейтілген бұйымдар; өлшеулердің негізгі оырндары бойынша жас аралық айырманың жартысынан жоғары емес шамаға қысқартылған бұйымдар, бірақ фигураға отыру қабілеті нашарламаған болуы қажет және оны кіші өлшемге жатқызады.
Бұйым комплектілігінің сортын анықтауда сорт төменгі сорттағы бұйым бойынша анықталады, бірақ әрбір бөліктің сорты жеке жеке анықталады және даралық бағадағы скидка комплектінің төменгі сортқа ие бөлігімен орнатылады.
Тримкотажды бұйымдардың сорттылығын анықтай отырып, бұйымның әрбір тобы үшін нормативтік - техникалық құжаттамаларда көрсетілген жалпы принциптерге жетекшілік етеді.
Трикотажды бұйымдар ақаулары матаның сыртқы көрінісінің ақауларына және өндірістік - тігіндік болып бөлінеді.
1 - сорт - нормативтік - техникалық құжаттама талаптарына және эталон үлгіге сай келетін бұйымдар. Тауардық тұтынушылық қасиетіне немесе сапасына әсер етпейтін мата кейбір есептелмес ақаулары және өндірістік ақаулар болуына жол беріледі (байқалмайтын ақаулар) .
2 - ші сорт - нормативтік - техникалық құжаттамада рұқсат етілген ақауларға ие болып келетін бұйымдар (мүмкін болатын шамалар шегінде) .
Комплектілер және жұпты шұлықтық - носки және қолғапты бұйымдар сорттылығы тігін бұйымдары үшін бекітілген тәртіптер бойынша анықталады (төменгі сападағы бұйым бойынша немесе бұйым жұбының сапасы төмені бойынша бағаланады) .
Байқалуы елеусіз болып келетін ақаулар мүмкін болатын шегі тек қана бұйымды эталонмен салыстыру кезінде анықталуы мүмкін. Жабық бөліктердегі және бөлшектердегі ақаулар есепке алынбайды.
Сонымен қатар бұйымдарда сызықты өлшемдерінің ауытқуы анықталмайды, олар трикотаждан жасалған тауарлар сапасына әсер етеді.
Тігін бұйымдарының ақаулары
Өндірістік және өндірістік емес сипаттағы ақаулар болып бөлінеді. Өндірістік сипаттағы ақаулар өз кезегінде өндірістік - тігіндік және материал сыртқы көрінісінің ақаулары болып бөлінеді.
Тігін бұйымдарын дайындау процесінде пішу ақаулары (қыртысталғандары, қысқартылған немесе түйіскен бөлшектер), сурет кесінділерінің сәйкес келмеуі, симметриялы орналаспауы, суреті бар материалдардың түйіспеуі, қосылу ақаулары (тігіс орны, қатарлар және жапсарлар), ылғал - жылулық өңдеудің ақаулары және аяқтаушы безендіру операциясында орын алатын ақаулар.
Стандарттармен бекітілген және техникалық шарттарда қарастырылған бумалау ережелерін, сақтау және тасымалдау талаптарын орындамау өндірістік емес сипаттағы ақаулардың туындауына алып келуі мүмкін.
Материалдардың сыртқы көрінісінің ақаулары, дайын бұйымдарда кездесетіндері жергілікті және материалдардың шектелген бөлігінде орналасқан болып бөлінеді (мысалы, маталарда - жуан жіптердің болуы, ақтығының бірқалыпсыздығы, суреттердің бұзылуы және т. б. ), және барлық бұйымға таралған немесе оның жеке бөлшектеріне таралатын ақаулар болып бөлінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz