Статистикалық көрсеткіштің мәні мен маңызы



Жоспар
Кіріспе 4

1.1 Статистикалық көрсеткіштің мәні мен маңызы 5
1.2 Статистикалық көрсеткішті топтастыру 6
1.3 Нақты шаманың мәні мен маңызы 7
1.4 Қатысты шама 8
1.5 Қатысты шама көрсеткіштерін есептеудің жалпы қағидасы 11
1.6 Көрсеткіштер жүйесі 12

Қорытынды 13
Пайдаланылған әдебиеттер 14

Пән: Статистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 4
1.1 Статистикалық көрсеткіштің мәні мен маңызы 5
1.2 Статистикалық көрсеткішті топтастыру 6
1.3 Нақты шаманың мәні мен маңызы 7
1.4 Қатысты шама 8
1.5 Қатысты шама көрсеткіштерін есептеудің жалпы қағидасы 11
1.6 Көрсеткіштер жүйесі 12
Қорытынды 13
Пайдаланылған әдебиеттер 14

Кіріспе

Әлеуметтік – экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеруіне
талдау жасау кезінде нақта,қатысты,орташа шамалар немесе коэффиценттер мен
проценттер сияқты түрлі қорытындылаушы көрсеткіштер қолданылады.
Осындай қорытындылаушы көрсеткіштердің ішінде ең көп тараған
түріне жататыны статистикалық көрсеткіш әдістері болып табылады.
Статистикада біріне-бірін тікелей қосуға болмайтын белгілерден
тұратын күрделі әлеуметтік – экономикалық құбылыстардың жеке себептерінің
үлесін анықтауға қолданылатын жеке уақытқа байланысты кеңістіктегі орташа
өзгеруін сипаттайтын қатысты шаманың ерекше түрін статистикалық көрсеткіш
әдіс деп атайды.
Мысалы, өнеркәсіп орындарында табиғи – заттық негізде шығарылған
әр түрлі өнімдердің мөлшерін біріне – бірін тікелей қосуға болмайды. Оны
есептеу және салыстырмалы түрге келтіру үшін ортақ өлшем белгілері
қолданылады. Оған өнімнің мөлшері, өзіндік құны, бағасы, жұмсалған жұмыс
уақытының шамасы және т.б жатқызылады. Бірақ, экономикалық мәні бірдей
аттас көсеткіштердің белглі бір уақыт аралығындағы салыстырмалы
көрсеткіштер арқылы есептеуге болады.
Олардың ішінде ең негізгісі – қоғамдық құбылыстарға әсерін тигізетін
себептерді анықтау. Демек, қоғамдық құбылыстардың өзгеруіне қандай
себептердің қалай әсер ететіндігін талдау жасай білуіміз керек. Міне, осыны
анықтау үшін статистикалық көрсеткіштерді қолданамыз.

1.1 Статистикалық көрсеткіштің мәні мен маңызы

Әлеуметтік – экономикалық құбылыстың сапалық, сандық сипаттамасын
көрсеткіш дейді. Сапалық көрсеткіш арқылы құбылыстың белгілі бір
жағдайдағы, уақыттағы мәні сипатталады. Сандық көрсеткіш, сол сияқты,
нақтылы жағдайдағы, мезгілдегі құбылыстың мөлшерін нақты және қатысты
шамасын көрсетеді.
Тұрмыстағы әлеуметтік - экономикалық құбылыстың өзгеруін, оның
заңдылығыны, келешегін зерттеу, талдау үшін статистикалық көрсеткіштің
мәнін, түрін, қасиетін біліп, дұрыс пайдалану шарт. Философиялық тұрғыдан
алғанда көрсеткіш заңдылық құбылыстың сапалық және сандық көрінісінің
сипаттамасы.
Стаистика қоғамдық көпшілік құбылысты, өзгерісті зерттейтін
болғандықтан, статистикалық көрсеткіші жиынтықты сипаттамаға жатады. Бұл
жағдайда нышан мен статистикалық көрсеткіштің мәнін айыра білу қажет.
Мысалы, жеке адамның өмір сүрген уақытының ұзақтығы нышанға жатады да,
белгілі бір буынның өмір сүру уақытының орташа шамасы статистикалық
көрсеткіш болып саналады. Кез келген сан көрсеткіш өлшем емес.
Статистикалық көрсеткіш болу үшін сан құбылысты сапалық, сандық жағынан
белгілі бір кеңістікте және белгілі бір уақыт аралығында сипаттауы шарт.
Мысалы 1997 жылдың басында қазақ елінің халқы 15,9 млн. болған. Бұл
статистикалық көрсеткішке жатады. Өйткені 1997 жыл басы дегеніміз –
белгілі бір уақыт аралығындағы анықтылық. Қазақ елі – кеңістік мәні халық
сапалық мәнге және 15,9 млн сандық мәнге жатады. Сөйтіп сан және оның
мәндерін қосып алғанда ғана көрсеткішке айналады.

Көрсеткіштің мәндік жүйесі былай құрылады.
Сапалық жағы Сандық жағы: Байқау орнының Уақыттың аралығы
Байқау орны Сан,өлшем, бірлігі аумақтық, салалық немесе мезеті
Онық қасиеті түрі шегі

Зерттеуге жататын құбылыстың сапалық және сандақ көрінісі ретінде
көрсеткіш негізгі зерттеу құралына жатады.
Статистикалық зерттеуге жататын құбылыстар, өзгерістер сан алуан.
Сондықтан, статистикалық көрсеткіш өте көп және әр түрлі.

1.2 Статистикалық көрсеткішті топтастыру

Статистикалық көрсеткішті сапалық, сандық және сипаттау
тұрғысынан жүйеге келтіруге болады.
Статистикалық көрсеткішті топтастыру түріне тоқталайық. Сапалық
көрсеткіш өз алдына белгілі бір құбылыс қасиетінің көрсеткіші және кез –
келген жалпы құбылыстың, өзгерістің статистикалық қасиетінің көрсеткіші
болып бөлінеді. Қасиетті сипаттау тұрғысынан көрсеткіш тікелей және керілік
болып бөлінеді.
Белгілі құбылыс (кәсіпорын, ұйым, зат, нәрсе, тауар, тағы сол
сияқты) қасиетінің көрсеткіші барлық статистикалық көрсеткішінің ішіндегі
ең көбі. Бұған шығарылған жалпы өнім, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім,
жалпы таза өнім, жалпы ұлттық табыс, тағы сол сияқты ірі экономикалық
көрсеткіштер; өндіріс саласындағы өнімнің өзіндік құны, еңбек өнімділігі,
халық санының өсімі, некелесу, адам жасының ұзақтығы, сол сияқты
көрсеткіштер жатады. Статистиканың жалпы ілім қағидасына сүйене отырып,
статистика бұл көрсеткіштің құрау жолын белгілейді.
Кез келген құбылыстың статистикалық көрсеткішінде орташа шама,
өзгермелі көрсеткіші, нышан арасындағы қатынас құрылымының құрамы,
таратылым ауытқуы ішінара байқаудағы статистикалық дәлдік, статистикалық
болжамның сенімділігі сияқты көрсеткіш жатады.
Көрсеткіштің бұл екі түрін бір – бірінен айыруға болмайды. Олар
бір – бірімен тығыз байланысты.
Жылда жиналған астықтың көлімі белгілі құбылыс қасиетінің
көрсеткішіне жатады. Ал астықтық орташа жылдық өсім қарқынының шамасы,
оның ауытқуы, тұрақтылығы өсудің орташа қарқыны кез – келген құбылыстың
статистикалық қасиетінің көрсеткішіне жатады. Бұл көрсеткішті есептеу
статистикасының жалпы ережесіне сүйене отырып жүргізіледі.
Сандық тұрғыдан алғанда көрсеткіш нақты шама және қатысты шама
болы екі түрге бөлінеді.

1.3 Нақты шаманың мәні мен маңызы

Құбылыстың шамасын, өзгермелі нышанның нәтижесі көрсеттетін
сандарды сандық (абсолют) шама деп атайды. Мысалы; белгілі бір уақыт
аралығындағы халықтың саны, өнімнің көлемі, жол жүк айналымы, жалақының
қоры, еңбеккерлердің саны және сол сияқты өлшемдер нақты шамаға жатады.
Нақты шама еңбектің, материалдың, қаржының қорын, өнімді
өндірудің, тұтынудың шамасын сипаттайды. Нақты шама арқылы тұжырымдық
көрсеткіштер шығарылады. Нақты шама заттық, еңбектік, құндылық өлшем
бірліктері бойынша сипатталады.
Заттылық нақты шама құбылыстың табиғи қасиетіне сәйкес ұзындық,
салмақ, көлем, қуат, және т.б. жиынтық өлшем бірлігіне сай анықталады.
Мысалы:, өндірілген көмір – тонна мөлшері бойынша, жөнделген қозғалмалы
құрам локоматив, вагон саны арқылы анықталады.
Кейбір құбылыс бірнеше заттай өлшем бірлігімен беріледі. Мысалы.
Темір жолда тиелген жүн тонналап және вагондап есептелінеді
Күрдлі құбылыс заттай құрам өлшем бірлігіне қарай сипатталады.
Тасымалданылған жүк, жолаушы тиісінше тонна шақырым, жолаушы – шақырым
бойынша есептелінеді. Мұнда топпен – тасымалданылған жүктің салмағы,
шақырым – жүк тасымалданылған жүктің салмағы, шақырым – жүк
тасымалданылған қашықтық.
Кейбір жағдайда шартты – заттай өлшем бірлігі қолданылады. Отын
тұрінің қызу шығаруы әр түрлі болғандықтан жалпы малмағын есептеу үшін оның
салмағын бір – біріне тікелеі қосуға болмайды.Қызу шақыру көрсеткіштері
арқылы отынның шартты салмағы есептелінеді
Еңбектің өлшем бірлігіне адам –сағат, адам – күн, адам – жыл
жатады. Құндық өлшем бірлігіне ел ақшасының бірлігі – теңге, сом, доллар,,
рубль, фунт – стерлинг т.б. Құндылық өлшем бірлігінде ұлттық табыс, оның
табысының кірісі және шығысы, негізгі айналым қоры, өндіріс, айналыс
шығыны, пайда т.б. құбылыстар сипатталынады.
Егер нақты шама құбылыстың бір мезеттегі жағдайын көрсетсе,
сәттік шама, ал бір мезгіл аралығындағы құбылыстың жиынтығын көрсетсе,
сәттік шама, ал бір мезгіл аралығындағы құбылыстың жиынтығын көрсетсе,
аралықты нақты шама деп атайды. 1 – қаңтардағы халық саны – мезеттік нақты
шамаға, бір айдың ішінде өндірілген электр энергиясы аралықты нақты шамаға
жатады.

1.4 Қатысты шама

Құбылыстың нақты және қатысты сандық сипаттамасының қатынасын
қатысты шама деп атайды. Елдегі еркектер мен әйелдер санының үлесі,
болжамның проценті, тағы сол сияқтылар қатысты шамағы жатады.
Қатысты шама әр түрлі шамалы құбылысты салыстыруға мүмкіндік
береді. Мысалы екі кәсіпорында кадр тұрақсыздығы салдарынан бірінде 26 және
екіншісінде 18 адам кеткен делік. Бұдан бірінші кәсіпорындағы еңбекшілердің
тұрақсыздығы көп деп кесімді тұжырым жасауға болмайды. Ақиқат тұжырым жасау
үшін қатысты шаманы пайдалану керек. Бірінші кәсіпорында 260, екіншісінде
100 орташа жылдық еңбеккер жұмыс істейді десек, бірінші кәсіпорында
тұрақсыздық көрсеткіші 10 процент (26260100), ал екінші (18100100) 18
процент, екінші кәсіпорында біріншіге қарағанда еңбеккердің тұрақсыздығы
әлдеқайда жоғары, дәлірек айтсақ 8 процент артық.
Қатысты шаманы есептеу статистикалық талдаудың бірінші
баспслдағы, сатысы болып табылады. Сөйтіп, қатысты шама екі көрсеткішті бір-
бірімен салыстыру арқылы шығрылады, Нақты шаманы нақты шамамен, орташа
шаманы орташа шамамен, қатысты шаманы қатысты шамамен салыстыры отырып
шығрылады. Салыстыратын шама оның негізі болып табылыды да базлық шама деп
аталынады.
Салыстырылатын шама ағымды немесе есепті шама делінеді. Қатысты
шама негізне қарай коэффициент бойынша, процент боынша, промил тұрғысынан
продецимил түрінде беріледі. Темір жолда тасымалданған жолаушының саны 1996
жылы 32,0 млн адам, ал 1985 жылы – 34,1 млн. адам. Соңғы жылды 1985 жылмен
салыстырғанда тасымалданылған жолаушының саны 0,94 болып немесе 6 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нақты шамалардың маңызы, өлшем бірліктері
Статистикалық көрсеткіштің мәні, маңызы
Оқушылардың дене тәрбиесі белсенділігі мен қимыл - қозғалысты қалыптастырудың бүгінгі жағдайы және мүмкіндіктері
Аймақтық экономиканын бәсекеге қабілеттілік деңгейін анықтау және бағалау
«Статистика» пәнінен дәрістің қысқаша конспектісі
Экономика дәрістер кешені
Статистикалық бақылау зерзаты
ҚР білім беру туралы статистикалық көрсеткіштер жүйесі
Педагогикалық құбылыстарды зерттеу
Статистика туралы түсінік және ғылыми міндеттері мен мақсаттары. Сұрақ-жауап түрінде
Пәндер