Шағын кәсіпкерлікке макроэкономикалық механизмдердің әсері
Мазмұны
КРІСПЕ
1.НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК: РӨЛІ МЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДАҒЫ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
1.1.Шағын кәсіпкерліктің нарықтық экономикадағы мәні мен рөлі, артықшылықтары мен кемшіліктері 4
2. ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІККЕ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕРДІҢ ӘСЕРІ
2.1.Шағын кәсіпкерлік қызметін реттеудің қаржы.несиелік механизмдері мен лизинг 11
2.2. Шағын кәсіпкерлікті салықтық ынталандыру механизмдері 21
3. ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ТЕТІКТЕРІ
3.1.Шағын кәсіпкерлікті қаржы.несиелік қолдау саясатын жетілдірудің кейбір мәселелері 28
ҚОРТЫНДЫ 31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 35

2
1.НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК: РӨЛІ МЕН ҚАЗІРГІ
ЖАҒДАЙДАҒЫ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
1.1.Шағын кәсіпкерліктің нарықтық экономикадағы мәні мен рөлі,
артықшылықтары мен кемшіліктері 4

2.1.Шағын кәсіпкерлік қызметін реттеудің қаржы-несиелік
механизмдері мен лизинг
11
2.2. Шағын кәсіпкерлікті салықтық ынталандыру
механизмдері
21

3.1.Шағын кәсіпкерлікті қаржы-несиелік қолдау саясатын
жетілдірудің кейбір мәселелері
28
ҚОРТЫНДЫ
31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
35
Кiрiспе
Тақырыптың кезектiлiгi. Шағын бизнес – нарықтық экономиканың маңызды
элементi, онсыз мемлекет жан-жақты дами алмайды. Ол көп жағдайда
экономикалық өсу қарқындарын, жалпы ұлттық өнiмнiң құрлымы мен сапасын
анықтайды. Бұл сектор өзiнiң мәнi бойынша нарықтық инфрақұрлымның шешушi
элементi болып табылады.
Шағын кәсiпкерлiктiң жолдары, даму деңгейi нарықтық-бәсекелiк
шаруашылықтық қажеттi бөлiгi болып табылатындықтан, оның түрлi формаларын
дамытпайынша нарыққа өту мүмкiн емес.
Кәсiпкерлiктiң кез-келген формасын дамыту негiзiнен жалпы елдегi,
оның аймақтарындағы iшкi экономикалық жағдайлар және кәсiпкердiң өз
мақсаттарын жүзеге асыру үшiн берiлген құықтарын пайдалана алу қабiлетi
сияқты екi шартқа байланысты.
Бұрынғы КСРО-да шағын бизнестi дамыту үшiн шын мәнiнде Кооперация
туралы (1987) заңының шығуынан басталды. Бұл заң экономиканың мемлекеттiк
емес секторындағы ашық қызмет етудiң құқтық негiзiн салып, жеке шағын
кәсiпорындардың пайда болуына жол ашты. Жоспарлы шаруашылықтың толық
үстемдiгi болған кезде шағын бизнес көлеңкелi экономиканың құрылыс, тұрғын
үй, көлiктiк қызмет көрсету саласында орын алып қана қоймай, өрлей бастаған
болатын. Бiрақ кәсiпкерлiктiң жалпылық базасын құру үшiн тағы да бес жылЉа
жуық уақыт қажет болды.
Шағын кәсiпкерлiктiң дамуына қажеттi алғышарттардың қалыптасуына
елiмiзде жүзеге асқан мемлекетiк меншiктi ыдырату мен жекешелендiру процесi
негiз болып, экономикада жеке сетор пайда болуына алып келдi.
Қазақстанда жеке кәсiпкерлiктi қолдау мәселесi алғаш рет 1992 жылы
шiлденiң 4-шi жұлдызында қабылданған жеке кәсiпкерлiктi қорғау мен қолдау
туралы Қазақстан Республикасының заңында көрiнiс алды.
Соңғы уа‹ытта шағын кәсiпкерлiктi қолдау бағытында елiмiзде Қазақстан
Республикасы Президентiнiң 5 заңы, заңдық күшi бар 7 қаулысы, сонымен қатар
Қазақстан Республикасында шағын бизнестi дамыту мен қолдаудың 1999-2003
жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды.
Шағын кәсiпкерлiктi қолдауға байланысты соңғы жылдары жүргiзiле
бастаған мемлекеттiк саясат барысында шағын кәсiпкерлiктi қалыптастыру және
оны әрi қарай дамутуға байланысты қолайлы өзгерiстер жасалынып жатыр.
Дегенмен, Қазақстанның нарықтық экономикаға бет бұрып, оған қажеттi
жағдайлардың бiртiндеп қалыптасып келе жатқандығына қарамастан, шағын
кәсiпкерлiк баяу қарқынмен және қайшылықты түрде дамып келедi. Қазiргi
уақытта нарықтық экономиканың ерекше секторы ретiндегi шағын кәсiпкерлiктiң
қалыптасуының алғашқы қадамдары ғана жасалды. Әлi буыны қатып, бекiмеген,
дербес өмiрге аяқ басқан кезеңде кемшiлiктердiң болуы табиғи нәрсе.
Дегенмен, шағын кәсiпкерлiктiң рөлiн бағаламаушылық, оның техникалық-
өндiрiстiк және әлеуметтiк-экономикалық әлеуетiн есепке алмау экономика
дамуының қазiргi жағдайында iрi көлемдi қателiктерге алып келедi.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметтерi жөнiндегi экономикалық
әдебиеттер мен нақты статистикалық деректер нарықтық экономикасы дамыған
елдерде де шағын кәсiпкерлiктiң рөлiнiң күшейгендiгiн көрсетедi. Шағын
кәсiпорындар санының өсiп, дамыған инфрақұрлым мен мемлекеттен қолдау
тапқанда шағын кәсiпкерлiк экономикалы, әлеуметтiк, сонымен қатар,
тұрғындарды жұмыспен қамту мәселелерiн шешудiң маңызды факторына айналады.
Шағын кәсiпкерлiктiң осындай экономикалық және әлеуметтiк саяси
қызметтерi оның дамуын маңызды мемлекеттiк мiндеттер қатарына қойып,
Қазақстан экономикасын реформалаудың құрамдас бөлiмiне айналдырады. Шағын
кәсiпкерлiктiң болашағы зор. Бiрақ, маңыздылығына қарамастан, бұл мәселе
Қазақстанның экономикалық ғылымында жеткiлiксiз зерттелген. Ал жарық көрген
кейбiр зерттеулерде көрсетiлген мәселенiң кейбiр жақтары ғана
қарастырылады, оның макроэкономикалық механизмдерiн жетiлдiру мәселесi
толық зертеле қойған жоқ.
Республикадағы нарықтық қатынастардың алға басып, экономика мен
әлеуметтiк саладағы дағдарыстан шығу қажеттiлiгi шағын бизнестi
қалыптастыру мен дамыту мәселелерiн терең зерттеудi талап етедi.
Әлемдiк тәжiрибе, экономикалық дағдарыс шағын кәсiпкерлiктiң дамуын
қолдауға бағытталған саясат қана экономикалық өсудi жүзеге асыруда керектi
нәтиже беретiндiгiн көрсетедi. Кәсiпкерлiктi қолдау ең алдымен аймақ пен
қалалардың мiндетi болып табылады. Қазiргi кезде аймақтар еркiндiк алып,
орталық ұйымдарының ықпалынан шықты. Сондықтан нарықтың бiртiндеп күш алып,
қалыптасып келе жатқан уақытында территорияны әлеуметтiк, экономикалық
және экологиялық дамыту мәселесi толығымен аймақ (қала) әкiмшiлiгiне
жүктеледi.
Тауарлар мен қызмет көрсету нарығында монополистiк құрылымдар мен
шешушi деңгейде нарықтың сақталуын қамтамасыз етiп, әлеуметтiк және
экономикалық мәселелердi шешуге көмектесетiн шағын кәсiпорындардың қажеттi
саны болғанда ғана аймақтағы (қала) тиiмдi нарық шаруашылығын жүзеге
асыруға болады. Сол себептi кәсiпкерлiк саласын жан-жақты қолдау қалалық,
аймақтық және республикалық деңгейдегi жүзеге асырылып отырған мемлекеттiк
саясаттың жетекшi мақсаттарының бiрiне жатқызылуға тиiстi екендiгiн
экономикалық өмiрдiң өзi дәлелдеуде.
1. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ШАҒЫН
КӘСIПКЕРЛIК: РӨЛI МЕН ҚАЗIРГI
ЖАҒДАЙДАҒЫ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
1. Шағын кәсiпкерлiктiң нарықтық экономикадағы мәнi мен рөлi,
артықшылықтары мен кемшiлiктерi
Нарықтық экономика тақырыбы, мiне, бiрнеше жылдардан берi бiздiң
қоғамдық санамызда жетекшi орын алып келедi. Бәлкiм, нарықтық экономиканың
ең сиымды да қысқа анықтамасы, еркiн кәсiпкерлiк экономикасы сөз
тiзбегiнде жатқан болар.
Шынында да, нарық ең тиiмдi кәсiпкерлiк орта болып табылады.
Кәсiпкерлiк нарықтық қатынастардың қасиеттерi мен сапалық сипаттамасының
жиынтығы. Сондықтан кәсiпкерлiктiң әртүрлi формалары мен түрлерiн
дамытпайынша нарыққа өту мүмкiн емес.
Кез-келген экономикалық қызмет ұдайы өндiрiс циклiнiң типтес
фазаларымен байланысты болғандықтан, кәсiпкелiктiң мынадай түрлерiн бөлiп
айтуға болады: өндiрстiк, коммерциялық, қаржылық.
Өндiрiстiк кәсiпкерлiк негiзiнен тауарлар мен қызмет көрсетудi өндiру
мен тұтынуға; қаржылық - айналысқа, құндар айырбасына байланысты жүзеге
асады. Кәсiпкелiктiң бұл түрлерiнiң ұйымдастырылуы мен қызмет етуiне
байланысты әрқайсысының өзiне тән ерекшелiктерi болғанмен, олардың барлығы
бiрiн-бiрi толықтырып тұрады. Шағын кәсiпкерлiк кәсiпкелiктiң ерекше түрi
болып саналмайды, бұл термин мөлшерлiк кЌлем деңгейiн ғана анықтайды, оның
формасы кез-келген түрде: жекешелiк, серiктестiк, шектеулi жауапкершiлiктi
қоғам ретiнде болу мүмкiн . Ұсақ кәсiпорындарды жекелеген азаматтар,
мемлекеттiк ұйымдар мен кәсiпорындар, сол сияқты қоғамдық үйымдар да құруға
құқықты.
Шағын кәсiпкелiктiң экономикалық мәнi: бiрiншiден, оның объективтi
түрде өмiр сүруi және экономиканың секторы ретiнде дамитындығымен;
екiншiден, кәсiпкерлiк қызметтiң ерекше түрi болып табылатындығымен
анықталады .
Шағын кәсiпкелiктi экономиканың секторы ретiнде қарасыру қоғамдық
өндiрiстiң екi – техникалық-ұйымдастыру мен әлеуметтiк-экономикалық жағың
бiрлiгiн анықтауға негiзделедi. Оның бiрiншi жағы өндiргiш күштер, яғни,
өндiрiстiң матеиалдық-заттық элементтер жиынтығы, жұмыс күшi мен өндiрiстi
ұйымдастырудың түрi арқылы анықталса, екiншi жағы- өндiрiстiң қоғамдық
түрiн құрайтын өндiрiстiк қатыныстармен анықталып отырады.
Экономиканың мөлшерлiк құрлымы көлемi жағынан әртүрлi кәсiпорындардың
бiрге өмiр сүретiндiгн көрсетедi. Нарықтық экономика жағдайында шағын
өндiрiстiк өлшемнiң қоғамдық формасы шағын кәсiпорын болып табылады.
Нарықтық монополистiк емес құрлымын қалыптастыруда, экономикалық
монополизiмдi жеңуде шағын кәсiпорындар маңызды рөл атқарады.
Шағын кәсiпорындар – заң жағынан ерiктi, салыстырмалы түрде капитал
айналымы мен тауарлар, қызмет пен қамту көлемi шағын компаниялар. Шағын
және орташа кәсiпорындар деп халықаралық практикада қамту саны 500 адамға
дейiнгi кәсiпорындарды айтады.
Шағын кәсiпорынның негiзгi экономикалық белгiлерi:
1) оқшаулануы (шаруашылықты тәуекелдiлiкпен жүзеге асыруы);
2) қызметтiң белгiлi бiр түрiне мамандануы; 3) өндiрiлген тауарлардың
(қызметтiң) нарықта сатып алу – сату арқылы өткiзiлуi (бұл жерде әңгiме
шағын тауарлы кәсiпорын туралы болып отыр).Мұны төмендегiдей сызба түрiнде
көрсетуге болады:
1- сурет
Шағын кәсiпорынның әлеуметтiк-экономикалық нақтылығы, бiрiншiден,
оның иесi мен отбасы мүшелерiнiң еңбегiне, екiншiден, жалдамалы еңбектi
пайдалануға негiзделумен толықтырылады.Ал өндiрiстiк басқару қызметiн
кәсiпорын иесi (отбасы иесi) жүзеге асырылады.
Шағын кәсiпорын шағын кәсiпкелiктiң клеткасы болы табылады. Осыдан
шағын кәсiпкерлiктiң шағын кәсiпорындардың жиынтығын құрайтын экономиканың
ерекше секторы немесе нарық жағдайындағы өндiрiстiң ерекше қоғамдық формас
екендiгi анықталады.
Сонымен, шағын өндiрiс өндiрiстiң техникалық ұйымдастыру жағын
сипаттаса, шағын кәсiпкерлiк оның әлеуметтiк-экономикалық өлшемiне жатады
және осы жағынан шағын бизнес түсiнiгiмен сәйкес келедi.
Кәсiпкерлiк қызметтiң түрi ретiндегi шағын кәсiпкерлiктiң мәнi оның
субъектiлерiне, яғни кәсiпкерге сипаттама беру арқылы толығырақ ашылады.
Экономикалық әдебиетте кәсiпкер түсiнiгi бiрiншi рет 1723 жылы Парижде
шыққан коммерцияның жалпылама сөздiгiнде пайда болды. Онда кәсiпкер деп
өндiрiс пен құрылысқа байланысты мiндеттемелердi өзiне алатын адамды
атайды .
Кәсiпкер түсiнiгi ғылыми термин ретiнде XVIII ғасырдың басында
Ричард Кантильонның еңбектерiнде пайда болды. Ол кәсiпкерлiктiң бiрiншi
концепциясын жасады, ал кәсiпкер деп тәуекелдiлiк жағдайында әрекет ететiн
адамды түсiндi .
Француз экономисi К.Бодо (физократ) Р. Кантильонның ойларын әрi қарай
дамыта келе, кәсiпкер түрлi ақпараттар мен бiлiмдердi игеруге тиiстi деп
санады . Басқа француз экономисi Тюрго кәсiпкер тек белгiлi ақпарат ғана
емес, сонымен қатар капитал иесi болуға тиiстi деп есептедi . Ол бүкiл
экономиканың негiзгi капитал, ал кәсiпкер жетiстiгiнiң мақсаты, өндiрiс
дамуының негiзгi- пайда екендiгiн атап көрсеттi.
А. Маршалл және оның iзбасарлары кәсiпкердiң ұйымдастыру қабiлетiне
үлкен көңiл бөлдi, сөйтiп кез-келген адам кәсiпкер бола алмайды деп
тұжырымдады .
Кәсiпкерлiк теориясының негiзiн салушылардың бiрi Й.Шумпетер
әсiпкерлiктiң даму концепциясының мәнiн алғаш рет құрастыра отырып,
кәсiпкерлiкке төмендегiдей анықтама бередi: Кәсiпорын деп бiз жаңа
кобинациялардың жүзеге асырылуын, сондай-ақ бұл комбиннациялардың неден
көрiнiс беретiндiгiн : заводтарды және т.б.түсiнемiз. Кәсiпкерлер деп
қызметтерi сол жаңа комбинацияларды жүзеге асыру болып табылатын, оның
белсендi элеметi ретiндегi шаруашылық субъектiлерiн айтамыз .
Қазiргi шыққан сөздiктерде кәсiпкер сауда саласында қызмет етуге
маманданған адам ретiнде анықталғанымен, соңғы кезде кәсiпкер деп кәсiпорын
иесiн, табыс әкелетiн белгiлi бiр экономикалық қызметтiң түрiмен
айналысатын тұлғаны келтiредi . Дегенмен, кәсiпкер мәнiн толығырақ ашып
көрсететiн анықтама төмендегiдей болып табылады: кәсiпкер - ынта мен
жаңалық негiзiнде толық экономикалық жауапкершiлiктен қорықпай, тәуекелге
баруға және болашақта қосымша табыс түсiретiндей етiп, басқа өндiрiс
фактордарын тиiмдi түрде бiрiктiруге қабiлеттi ұдайы өндiрiстiң субективтi
факторы .
Жеке тұлғаның кәсiпкелiкпен айналысу тиiмдiлiгi ең алдымен
кәсiпкерлiктен түсетiн жеке табыс пен сол фирмада жалдамалы жұмысшы болған
күнде алатын жалақымен салыстыру арқылы бағаланады. Егер жалақы көбiрек
болса, онда әлеуеттi кәсiпкер жалдамалы қызметкер болады. Ал кәсiпкерлiктен
түсетiн жеке табыс көбiрек болса, ол кәсiпкер болады.
Кәсiпкер түсер –түспесi белгiсiз пайданы таңдаушы да, ал жалақыны
таңдаушы- қанша жалақы алатынын бiлетiн жалдамалы жұмыскер. Түсер –түспесi
белгiсiз пайданы таңдаушылар өндiрiлген өнiмнiң құны мен өндiрiс шығыны
арасындағы айырмашылықты алуға заңды түрде құқығы бар белсендi кәсiпкерге
айналады. Кәсiпкердiң нарықтық экономиканың басқа агенттерiнен айырмашылығы
- өзiнiң экономикалық әрекетiнiң нәтижесiнде пайда түсiре бiлетiндiгiнде
(пайда-кәсiпкердiң сұранысты қамтамасыз ету мақсатымен шығындалған қаржысы
мен баға арасындағы айырмашылық). Бұл қасиеттер шағын кәсiпкерлiк үшiн де
әдiлеттi болып табылады. Бiрақ олардың салыстырмалы түрдегi көлемiнiң
шағындығы (яғни сандық факторы) шағын кәсiпкерлiктiң өзiне тән
ерекшелiктерiн туғызады.
Шағын кәсiпорынға мөлшерлiк сипаттама бергенде сандық белгiлерi
неғұрлым жиiрек қолданылады. Осы мақсатта экономикасы дамыған нарықты
елдерде әртүрлi көрсеткiш белгiлерi қолданылады. Оларға жататын негiзгi
көрсеткiштер: еңбекпен қамтылғандар саны, капитал айналымының көлемi
(өткiзу көлемi), сондай-қ жылдық табыс көлемi мен басқа фирмаларды
капиталына қатысу дәрежесi сияқты қосымша көрсеткiштерi де пайдаланылады.
Қамтылғандар саны көрсеткiшi практикада қолдануға жеңiлiрек болғандықтан
барлық жерде есепке алынады. Бiрақ оның мөлшерi әр елдерде ғана емес,
салалар бойынша да өзгерiп отырады. Мысалы, тау-кен Ќнеркәсiбi, транспорт,
құрылыс, өңдеу өнеркәсiбi, байланыс, несие, коммуналды шаруашылық, ‹аржы,
сақтандыру, жылжымайтын мүлiкпен операциялар сияқты салаларда жұмыс
атқаратындардың саны 300 адамнан аспауы қажет. Көтерме саудада- 100 адамнан
төмен; бөлшек саудада –50 адамға дейiн; өндiрiс және т.б. –20 немесе одан
да аз; коммерция, қызмет көрсету саласында –5 және одан да аз адам қызмет
етуге тиiстi.
АҚШ-та Шағын бизнес Әкiмшiлiгiнiң (ШБЃ) анықтамасы бойынша шағын
бизнес жұмыс күшiнiң орташа жылдық көлемi 500 адамЉа дейiн қамтылған
кәсiпорындар саласында орын алады. Бұл анықтамаға көтерме және бөлшек
сауда, қызмет көрсету саласы, тұрғын үй, сонымен қатар ауыл шаруашылығы,
орман мен балық өнеркәсiбi кiредi
Германияда шағынға құрамында бiр адамнан елуге дейiн қамтылған
жұмыскерлерi бар кәсiпорындарды, орташаға –50-ден 500-ге дейiн адамы бар
фирмаларды жатқызады.
Австрияда қамтудың жоғарғы шегi 100 адам.
Ұлыбританияда өңдеу өнеркәсiбiндегi қамтылғандардың саны 200
жұмыскер; құрлыс, кен қазу мен көмiр өнеркәсiбiде –20 жұмысшыдан аспаса
ғана фирма шағын болып есептелiнедi.
Францияда шағын және орташа кәсiпорындаға жұмысшылар саны 500-ден
аспайтын компаниялар жатады .
АқШ, Ұлыбритания және Францияда шағын және ұсақ кәсiпорындардың
жартысынан астамын, ал Жапонияда –34 бөлiгiн құрайды (1-кесте) .
1-кесте
Өнеркәсiптiк кәiпорындардың жалпы санындағы шағын
Кәсiпорындардың үлесi, (% бойынша)
Елдер Ұсақ кәсiпорындар, 1-ден 19Шағын кәсiпорындар, 19-дан
адамға дейiн 500 адамға дейiн
АҚШ 26 28
ЖАПОНИЯ 49 28
ҰЛЫБРИТАНИЯ 26 23
ФРАНЦИЯ 32 28
Каптал айналымның көлемi (өткiзу көлемi) бойынша есепке алу
көрсеткiшi АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, ал капитал көлемi немесе
өндiрiстiк қорлар фирмалардың мөлшерi көрсеткiшi Жапонияда қолданылады.
Сонымен қатар, кейбiр елдерде (Германияда) басқа фирмалардың
капиталына қатысу (13-ден кем болмауы керек) табыстың жылдық көлемi
қосымша көрсеткiштерi де пайдаланылады. Мысалы, АҚШ-та қызмет көрсету
саласында шағын Каптал айналымның көлемi (өткiзу көлемi) бойынша есепке алу

өндiрiстiк қорлар фирмалардың қатарына жылдық табысы 2,2-14,5 млн долл,
құрылыста –9-21 млн, бөлшек саудада –3,5-13,5 млн, өнерәсiбiнде –3,5-20 млн
долл болатын компаниялар жатады .
Бiрақ, жоғарыда келтiрiлген көрсеткiштердiң ешқайсысы да шағын
бизнестi анықтайтындай толық деңгейдегi көрсеткiш бола алмайды.
Кей жағдайларда шағын, орташа және iрi кәсiпорындарға жiктеу қамту
саны бойынша да, өткiзу көлемi бойынша да жүзеге асады. Бұл фирма көлемiн
анықтауда капитал салу саласының шешушi рөл атқаратындығын көрсетедi.
Дегенмен, халықаралық практикада, шағын бизнестiң нақты анықтамасы болмаса
да, оған қамту мөлшерi бойынша 500-ге дейiн адамы бар фирмаларды жатқызады.
Қамту саны бұл шектен жоғары фирмалар iрi кәсiпорындарға жатқызылады .
Қазақстанда шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерiден, Қазақстан
Республикасының 1997 жылғы маусымның 19-да шыққан № 131-1-шi заңына сәйкес,
жұмыскерлерiнiң жылдық саны 50 адамнан, ал активтер құны 3480 мың теңгеден
аспайтын комерциялық үйымдарды айтады.Шағын кәсiпкерлiкпен жеке тұлғалар,
сол сияқты заңды тұлғалар да айналыса алады.
Шағын бизнестiң белгiлi бiр бағыттық сипаты алғашқы капитал салымы
мардымсыз болған күнде де өз сатып алушыларын қалыптастырып, iрi фирмаларын
бәсекеге түсуге мүмкiндiк бередi.
Шағын кәсiпкерлiктi тәуекелдi бизнес саласына жатқызады, себебi әрбiр
10 кәсiпорынның 2-3 ғана аяғынан тұра алады. Ұсақ кәсiпорындарды, әдетте,
өз ойларын, зерттеулерi мен жаңалықтарын тезiрек енгiзгiсi келетiн
ғалымдар, инженерлер, өнертапқыштар басқарады.
Шағын бизнеспен айналысатын кәсiпкерлер әлеуметтiк жағынан бiркелкi
емес – олар әртүрлi топтар мен қоғамдық құрлымнан шыққандар. Бiрақ шағын
кәсiпкерлiк қарапайымдылығымен көптеген адамдарды тартады.
Нарықтық экономикада шағын бизнес негiзгi төрт қызметтi атқарады:
-жұмыс орындарын қалыптастыру. Шағын бизнесте жасалатын жұмыс орындарының
iрi компанияларда ашылатын орындармен салыстырғанда өз ерекшелiктерi бар.
Шағын фирмалар, әдетте, негiзгi жалақыны да, қосымша төлемдердi де аз
төлейдi. Бұл жұмыс орындарындағы жұмыскерлердiң көбiсi ешқашан жұмыс
iстемегендер, кейбiреулерi жұмыс орнын ұсақ фирмадан тапқанға дейiн ұзақ
уақыт бойы жұмыс iздегендер. Орташа есеппен алғанда шағын кісiпорындардың
қызметерлердiң iрi компаниялардың қызметкерлерiндей бiлiмдерi жоқ.
Корпорация-
лардың талабына толық сәйкес келмейтiн жұмыскерлердi жалдай отырып, ұсақ
кәсiпорындар елдегi тұрақтылықтың маңызды факторы болып табылады;
-шағын бизнес жаңа тауарлар мен қызметтiң түрлерiн енгiзу қызметiн
атқарады. Осы артықшылығына байланысты шағын кәсiпкелер экономикалық
өрлеуге маңызды үлес қосады. Бұл тұрғыдан алғанда, шағын бизнестiң
жетiстiктерi қауiпсiз сақал қырғыштар, электрондық қол сағаттары, вертолет,
тот баспайтын болат пен көшiрме аппараттары өндiрiсiне әсер ете отырып,
аталған салалар бойынша нағыз төңкерiс жасады.
Дүниежүзiлiк тәжiрибе шағын фирмалардың iрi компанияларға қарағанда
әр қамтылған адамға шаққанда 2,5 еседей көп жаңа өнiм шығарып, қолданымдағы
технологияны жақсарту бойынша 2 есе көп мәндi ұсыныстар жасайтындығын
көрсеттi;
-шағын кәсiпорындар жоғарыда айтылған қызметтерден басқа өнiмдерiн
өткiзу, қызмет көрсету, жабдықтаумен айналысу арқылы iрi корпарациялардың
қызметiнде маңызды орын алады;
-көптеген шағын фирмалар тұтынушылардың ерекше мұқтаждықтарын
қамтамасыз етуге қабiлеттi болғандықтан (яғни арнайы тауарлар мен
қызметтердi жүзеге асыратындықтан) өмiр сүре алады. Iрi компаниялар бұл
сияқты қызметтен қашуға тырысады. Бай тұтынушылар ерекше талғамдармен
ажыратылады. Олар жеке тапсырыс бойынша дайындалған, әдеттегi тауарларға
ұқсамайтын өнiмдердi қажет етедi. Сондықтан да кейбiр шағын кәсiпорындар
осындай ерекше қажеттiлiктi қанағаттандыру арқылы жетiстiкке жеттi.
Шағын кәсiпкерлiктiң осы қасиетерi оның дамуын маңызды факторға
айналдырады.
Шағын бизнестi ұйымдастыру iшкi өндiрiстiк артықшылықтары ереше көңiл
бөлуге тұрарлық. Шағын фирманы ұйымдастыру артықшылығының қарапайым мысалы
ретiнде оның бiркелкi топтық құрамын келтiруге болады. ұжым мүшелерiнiң
мамандықтары бiрдей, барлығы бiр мақсатқа ұмтылады. Бұл бәсекелiк нарықта
үш артықшылықты бередi:
-iрi кәсiпорындарда толық пайдаланылмайтын бөлiнбейтiн
мүлiкке(ғимарат, жабдықтар, компьютер және т.б.) деген шектеулi құқығы бар
ұйымшыл шағын топ оны жақсырақ пайдалана отырып, бiрiгiп әрекет етудiң
нәтижесiнде шығындарды азайтады;
-топ iшiндегi тығыз байланыстар олардың мiндеттерiн нақтылауды қажет
етпейтiндiктен, келiсм жүйесi жеңiлдейдi;
-жақсы ұйымдасқан топ өз бетiнше шаруашылық жүргiзетiн тұлғалар үшiн
қауiптi болып саналатын күтпеген жағдайларға неғұрлым сәттi қарсы тұра
алады.
Бiрақ бiркелкi топтық-ұйымдастырудың да әлсiз жақтары бар. Ол ұлғайған
сайын топ iшiндегi араласу, байланыс қиындайды, менеджерлерге деген
қажеттiлiк пайда болады, мұндай құрылым-менеджер өзiмен бiр мамандықтағы
қызметкерлер тобын басқарып, бағыт беретiн иерархияның қарапйым түрi .
Жаңа әлеуметтiк қоғам құрылымын қалыптастыру, басқару аппаратының
үлкендiгi, нарықтық экономикадағы икемсiздiгi,тұтынушылармен керi
байланыстың жоқтығына iрi шаруашылық құрылымдарының шеше алмайтын
әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi шешуде шағын бизнестiң алатын орны
ерекше. Экономикада шағын кәсiпорындардың көп болуы бүкiл басқару жүйесiнiң
орталықтануын әлсiретедi және қоғамдағы еңбек бөлiнiсi жүйесiнде қызметтiң
неғұрлым тиiмдi бөлiнуiне ықпал етедi.
Нарықта мамандандырылған, жоғары технологиялы көптеген шағын және
орта кәсiпорындар анағұрлым селсоқ iрi бизнеспен бәсекеге түседi. Бұл
бәсеке олардың ‹ызметiнiң ынталандырушысы рөлiн атқарады және монополистiк
нарық құрлымының пайда болуына кедергi жасайды.
Шағын кәсiпкерлiктiң дамуына ден ‹ою – экологтардiң
бағдарламаларындағы басты орындардың бiрi.
Мысалы, АҚШ-та соңғы жылдары өз электр станцияларын салу бойынша ұсақ
тәуелсiз кәсiпкерлердiң қызметi браған сайын кеңiрек тарап келедi. Олар
энергиялық ресурстар ретiнде газ, жел, тау өзендерiнiң ағысы, биоотынды
пайдаланылады.
1982-1987 жылдар аралығында АҚШ-тағы тәуелсiз электр станцияларындағы
электр энергиясын игеру жылына 5 млрд-тан 12,5 млрд киловатт-сағатқа дейiн
Ќстi .
Шақын кәсiпорындардың сәттi шаруашылық қызметiнiң қажеттi элементi-
олардың сыртқы нарыққа шығуы.
Егер тек қана экспортты алатын болсақ, дүниежүзiлiк нарықтағы
американ бизнесмендерi өткiзген тауарлық өнiмнiң жалпы көлемiнiң 20%-ке
жуығы АҚШ-тағы шағын компаниялардың үлесiне келедi.
Голландия, Бельгия, Германия сияқты елдерде ол жекелеген жылдары 35-
40%-ке жетедi.
Жапония экспортындағы шағын бизнестiң алатын үлесi 70-шi жылдардың
басынан берi 32%-тен 39%-ке дейiн өстi.
Шағын фирмалардың басым бөлiгi шығарылатын тауарлар көлемiнiң 5-10%-iн
дүнежүзiлiк нарықта өткiзедi .
Iрi кәсiпорындардың толып жатқан артықшылықтары бар. Өндiрiс
көлемiнiң үлкендiгi оларға еңбек бөлiнiсiнiң мүмкiндiктерiн кәсiпорын
iшiнде пайдалануға жол ашады. Еңбек процесiнiң ұсақ операцияларға бөлiнуi
әр жұмыскердiң қандай да бiр операцияға маманданып, басынан аяғына дейiн
өнiм жасау жұмысын орындау процесiмен салыстырғанда, көбiрек операциялар
орындалуына алып келедi. Кезiнде Смит мұндай еңбек өнiмдiлiгiнiң қалай өнiм
өндiрудi ұлғайтатынын түйреуiш мануфактурасының мысалы бойынша көрсеткен
болатын. Сөйтiп, кәсiпорын шеңберiндегi еңбек бөлiнiснiң Өзi оның
өнiмдiлiгiн арттырудың күштi факторы болып саналады.
Еңбек бөлiнiсi машиналы техниканы пайдаланғанда одан да көбiрек
дәрежеде өседi. Бұл арнайы мамандандырылған машина мен жабдықтарды
пайдалануға мүмкiндiк бередi. Ал әр өнiмнiң шығынын азайту үшiн қажеттi
мұндай жабдықты сатып алуға тек iрi кәсіпорындардың ғана шамасы келедi.
Iрi кәсiпоындар ресурстарды көтерме жеңiлдiктер беретiндей көлемде сатып
ала алады.
Сондай-ақ, iрi кәсiпорындар өндiрiс шығынын азайтуға және жоғары
сапалы өнiм шығаруға мүмкiндiк беретiн ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-
конструкторлық бағдарламаға қаржы салуға қабiлеттi.
Дегенмен, iрi өндiрiстiң артықшылықтары шексiз емес: кәсiпорындардың
үйлесiмдi көлемiн өсiргенде өндiрiстiк бiрлiктiң бұзылуы, басқару
деңгейiнiң нашарлауы және т.с.с. керi нәтижелер тууы мүмкiн. Сондықтан
кәсiпкердiң мiндетi өндiрiстiң жалпы көлемiн ұлғайтуға ғана емес, сол
сияқты оның үйлесiмдi көлемiн таба бiлу.
2. Шағын кәсіпкерлікке макроэкономикалық механизмдердің әсері
2.1Шағын кәсiпкерлiк қызметiн реттеудiң қаржы-несиелiк механизмдерi
және лизинг.
Экономикалық зерттеулер өндiрiсi дамыған елдерде экономиканың бұл
секторының мемлекет тарапынан қолдау тауып, шағын бизнестi дамытуға
бағытталған қаржы-несиелiк саясатын жүргiзетiндiгiн көрсетедi.
Бұл елдердегi ШК-тi дамыту үшiн мемлекет тарапынан көрсетiлетiн қаржы-
несиелiк көмек тармақталған экономикалық дамыған тетiктерге негiзделген.
Қаржыландырудың екi түрi бар: iшкi және сыртқы. 3-суретте өзiндiк
қаржылардан бастап, мемлекеттiк бағдарламаларға дейiнгi қаржыландырудың
түрлi көздерi көрсетiлген .
Қаржыландыру көздерi :
3-сурет
ШК қаржылық қолдау мақсатында коммерциялық банк, ШБҚ-нiң қарыздары,
үкiметтiң беретiн қаржылық көмектерi, жеке салымдар, венчурлық капитал және
басқа капитал көздерiнiң АҚШ, Жапония, Франция, Ұлыбритания, Германия
сияқты нарықты экономикасы дамыған елдерде қалай пайдаланатындығын
қарастырып өтелiк.
Мысалы, АҚШ-та қаржылық көмек шағын бизнес әкiмшiлiгi (ШБҚ) арқылы үш
түрде: тiкелей, аралас, және кепiлдiк қарыз беру жолымен жүзеге асады.
Қарыздың бұл түрлерi шағын фирмаларға белгiлi бiр мерзiмге жеке қарыз
капиталы нарығнда ұсынылатын несиемен салыстырғанда неғұрлым төмендетiлген
проценттiк мөлшерлемесiмен берiледi.
Тiкелей берiлетiн қарыздар шағын кәсiпорындарға мемлекеттiк
қаржыландыру көздерi арқылы жалпы бантiк процент мөлшерлемесiмен ауытқып
тұратын процент бойынша ұсынылады.
Аралас қарыздар мемлекеттiк ғана емес, сондай-ақ жеке қаржы көздерi
арқылы да жүзеге асырылады.
Ал қарыз ұсынудың үшiншi түрi жүзеге асқанда, ШБҚ-гi несие берушiлерге
қарызға берiлетiн капиталдың 90%-тiк көлемiне дерлiк мемлекеттiк кепiлдiк
беру арқылы капиталды жоғалту қаупiн төмендетедi.
Жапонияда шағын кәсiпорындарды қаржыландыру үшiн мақсатты бюджеттiк
қаржыландыру саясаты қолданылады. Мұнда шағын бизнеске көмек ретiнде
бюджеттiң 0,3%-ке жуығы бөлiнiп отырады.
Бұл қаржылардың ауқымды бөлiгi ұлттық қаржы корпорациясы, шағын
бизнестi қаржыландыру корпорациясы, шағын бизнеске берiлетiн несиелердi
қауiпсiздендiру корпорациясы сияақты басқада ұйымдарға саналатын жинақ
ретiнде пайдаланылады. Осы ұйымдардан қаржылар елдегi ШК-тiң дамуына
мүдделi банктер, инвестициялық, сақтандыру және басқа компаниялар сияқты
арнайы қаржыландыру ұйымдарына келiп түседi. Сонымен қатар аталған
ұйымдардың қажылары жергiлiктi өкiметоргандарының корпоациялар мен қаржылық
және сақтандыру институттарының жинақтары есебiнен де жинақталады.
Жетекшiлiк рөлдi үкiметтiк үш институттар атқарады.
Орталық кооперативтiк банк сауда мен өнеркәсiптi қаржыландыру үшiн
құрылған.
Шағын кәсiпорындарды қаржыландырудың Халықтық корпорациясы
кепiлдiксiз несие берудi жүзеге асырады. Бұл корпорация ең ұсақ
кәсiпорындарды қаржыландыру үшiн ұйымдастырылған.
Мемлекеттiк қаржылық корпорациясы инновациялық, тәуекелдi,
экономиканың басты бағыттарында әрекет ететiн кiшiгiрiм кәсiпорындарға
қаржы бөледi.
Шағын кәсiпорындарды қаржыландыруға қажеттi бюджеттiк қаржылардың
мардымды бөлiгi мемлекеттiк инвестициялар мен қарыздар бағдарламаларының
құрамындағы арнайы бюджеттiк шоттар арқылы да түсiп отырады.
Жапонияда несие ШК үшiн шамамен бiр процентке қымбатқа түседi. Оларға
несиелiк көмек көрсету үшiн несиелiк кепiл мен сақтандыру жүйесi дамып
келедi.
Кепiл болушылар кепiл қарыздары бойынша қызмет ететiн ассоциациялар
болып табылады. Олар коммерциялық негiзде қызмет атқарушы қоғамдық ұйымдар
ретiнде әрекет етедi: кепiлдiк бермегенi үшiн корпорациялар қарыз сомасының
бiр процентiн алады.
Кәсiпорынның төлем қабiлетсiздiгi жағдайында несие толығымен кепiлдiк
берушi арқылы жабылады. Бiрақ ол да сақтандыру ұйымдарынан сақтандыру
қаржыларын ала отырып, оның орнын толтыратын қаржыны кейiннен кәсiпорыннан
ұстауға құқық алады. Ассоциацияның қорларына қажеттi қаржыларды жергiлiктi
үкiмет органдары да бөлiп отырады.
Сонымен бiрге экономиканың бұл секторын қаржыландыруға қажеттi
қаржылардың мардымды бөлiгi мемлекеттiк инвестициялар мен қарыздар
бағдарламаларының құрамындағы арнайы бюджеттiк шоттар арқылы да келiп
түседi.
Қаржыландырудың тағы бiр түрi – акциялардың бiр бөлiгiн сату арқылы
шағын кәсiпорынның акционерлiк капиталға қатысуы болып табылады. Мысалы,
Жапонияда орын алған қарыздық қаржыларды қауiпсiздендiру жүйесi мен
акционерлiк капиталға қатысу шағын кәсiпкерлердiң несие алуын жеңiлдетедi.
Жоғарылатылған прценттер өндiрiс шығындарын азайтуға мәжбүр етедi және
шығындардың бiр бөлiгi салық салудың неғұрлым жеңiлдетiлген тәртiбiмен
толтырылады.
Қаржылық көмек шағын бизнестi дамытуға бағытталған несиелiк
бағдарламалардың да маңызы зор. Маңызды несиелiк бағдарламалардың мысалы
ретiнде ШБҚ-нiң 1989 жылы жүзеге асырған кәсiпкерлердi несиелендiруге
байланысты 15 бағдарламасын алуға болады. Олардың кейбiреулерi қысқаша
төменде сипатталған.
Кепiлдiк бойынша берiлетiн несиелер. Берiлген несиелер бойынша банк
душар болған кез-келген шығындардың бiр бөлiгiн ШБҚ толтыруға кепiлдiк
берсе ғана кісiпкер коммерциялық банктен несие ала алады. ШБҚ-гi 750 000
долл-дан аспайтын несиенiң 90%- не дейiн толтыруға кепiлдiк бере алады.
Мұндай несиелердiң мерзiмi 25 жылға жетуi мүмкiн. ШБҚ-нiң несиелiк
қызметiнiң негiзгi бөлiгi осы бағдарлама арқылы жүзеге асады.
Сыртқы сауданы дамытуға берiлетiн несиелер сыртқы сауданы дамытуға,
несиелер ұсыну бағдарламасына сәйкес,ШБҚ басқа елдерге сатуға арналған
тауарлар мен қызметтi шығару үшiн пайдаланылатын өндiрiстiк жабдықтарды
сатып алу, дайындау, жаңартуға байланысты берiлетiн 1 млн. долл-ға дейiнгi
несиелерге кепiлдiк беруi.
Тiкелей берiлетiн қарыздар. 350 000 долл-дан аспайтын тiкелей
қарыздар банктермен емес, ШБҚ-нiң өзiнен берiледi.
Ығысып шыққан кәсiпорындарға берiлетiн несиелер. Егер ШБҚ
кәсiпорындар қандай да бiр мемлекеттiк жобаны жүзеге асыру салдарынан
қаржылық зиян таптыдеп есептесе, онда берiлетiн мұндай несие кәсiпкерлердiң
бизнесте қалуына мүмкiдiк туғызады. Бұл несиелер кәсiпкерге жер сатып алу
немесе сол жерге жаңа кәсiпорын салу үшiн берiледi.
Шағын кәсiпорындардың аңдылық талаптарға сәйкестендiру үшiн берiлетiн
несиелер. іәсiпкерлер өз кәсiпорындарын заңдық талаптарға сәйкестендiру
үшiн несие ала алады. Ал оны орындамаған жағдайда ол ақталмайтын қаржылық
шығынға ұшырайды. Еңбектi қорғау, таза ауа туралы заңдардың орындалуы
мiндеттi болып табылады.
Қай елдердiң меншiгiндегi кәсiпорындарға берiлетiн несиелер. Аталған
баЉдарлама шағын кәсiпорындардың иелерi – әйелдерге 50 000 долл-ға дейiн
несие алуға кепiлдiк бередi. Ондағы мақсат көбiне әйелдердi қамтитын, аз
қарыз қаржысын қажет ететiн қызмет көрсету саласының кісiпорындарына көмек
көрсету болып табылады. Ал iрi қарыз берушiлер мұндай ұсақ түйекпен
айналысқысы келмейдi.
Қоршаған ортаны қорғауға байланысты шараларға берiлетiн несиелер ШБқ
кәсiпкерлерге қоршаған ортаны ластауды болдырмайтын жабдықтарды шағын
кәсiпорындарда орналастыру үшiн 1 млн долл. Мөлшерiнде ұзақ мерзiмдi несие
алуына көмектеседi.
Мүгедек кәсiпкерлердi қолдау мақсаттарында ұсынылатын несиелер. Бұл
бағдарлама мүгедек кәсiпкерлерге көмек көрсетуге арналған.
Көптеген елдерде венчурлық қаржыландыруды өркендетуге үлкен көңiл
бөiнiп отыр. Бұл енчурлық фирмалар арқылы шағын инновациялық бизнестi жеке
капиталмен қаржыландырудың түрi болып табылады. Венчурлық капитал процентi,
әсiресе, АҚШ-та жоғары деңгейде.
Венчурлық қаржыландыру серiктестiкке немесе зейнеткерлiк,
қайырымдылық қорларына кiретiн бай серiктестердiң қаржыларынан құралады.
Қаржылық мәселесiн шешудiң тағы бiр әдiсi шетелдерде кеңiнен тараған
қаржылық ресурстарды қою биржалары арқылы жинақтау болып табылады.
Бiрқатар елдерде (АҚШ, Ұлыбритания, Франция және т.б.) шағын және
орташа компанияларға арналған бағалы қағаздардың екiншi деңгейдегi нарығы
құралған.
Шағын бизнестi несиелендiру белгiлi бiр тәуекелдiлiк пен сенiмдiлiк
деңгейiмен байланысты болғандықтан, банктер шаруашылық қызметтiң лизинг,
факторинг сияңты түрлерiн кеңiнен қолданады.
Лизинг-инвестиция немесе тұтыну тауарларын арендаға беру - қажеттi
өндiрiс құрал жабдықтарын сатып алудың тиiмдi жолы болғандықтан, соңЉы 10-
15 жылда кең өрiс алып келедi. Басқаша айтқанда, лизинг сатып алу-сату мен
арендалық қатынастарды қамтиды. Бұл қатынастардың өзегi несиелiк
операциялар болса, ал басты тұлғасы – лизингтiк компания.
Лизинг сөзi өткен жүзжылдықтың соңғы төртiншi бөлiгiнде, Белл
телефон компаниясы өз аппаратарын сатпай, арендаға беру жөнiнде шешiм
қабылдаған кезде пайдалануға енгiзiлдi. Бiрақ лизинг операциясы негiзгi
қызметi болып табылатын қоғам құрылғанға дейiн көп уақыт өттi. Бiрiншi
тәуелсiз лизингтiк Юнайтед стейтс лизинг корпорейшн компаниясы 1952 жылы
Сан-Францискода құрылды.
Қазiргi лизинг арқылы АҚШ-та өнеркәсiпке капитал салымының 25-30%-i
жүзеге асады; Ұлыбританияда-20%-тен жоғары, Францияда-16-17%, Германияда-
15%, Австралияда өнеркәсiптiк инсвестицияның 30-35%-i лизинг негiзiнде
қаржыландырылады.
Лизинг (несиемен салыстырғанда) траст, трат, кепiлдiк беру мен
несиенiң элементтерiн бiрiктiре отырып, банктердiң тәукелдiлiгiн едәуiр
төмендетедi және қаржылардың экономиканың тауарлы емес бөлiгiне өтiп
кетуiн мүлдем болдырмайды.
Лизингтiк компаниялар машина, жабды‹ және басқа тауарлар
өндiрушiлерiнiң өнiмдерiн өткiзуiн жеңiлдетедi, сонымен бiрге өз қызметiнiң
дамуына көмектеседi. Лизинг алушылар (лизингтiк келiсiмдi дұрыс жүргiзген
жағдайда) қаржыландырудың неғұрлым арзан әдiсiн қолдана отырып, өздерiнiң
негiзгi қорлары мен технологиясын тез арада жаңартуға мүмкiндiк алады.
Лизинг шағын бизнестi қолдаудың неұрлым тиiмдi формаларының бiрi.
Бiрiншiден, қаржылық лизинг шағын кәсiпорындарға жабдықтарды сатып
алуға қажеттi ақша емес, жабдықтың өзiн берудi қарастырады.
Екiншiден, лизингтi пайдалану берiлген қаржыларды жоғалту қаупiн күрт
түсiруге мүмкiндiк бередi.
Үшiншiден, жабдықтарды түсiру мен енгiзудiң нақты мерзiмдерiн ескере
отырып, лизинг берушi мен оны алушының есеп айырысу схемасын күнi бұрын
келiсiп, жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.
Төртiншiден, лизингтi пайдалану кәсiпкерге өзiнiң болашаққа
бағытталған даму жоспарын анық iске қосуына нақты жағдай жасайды.
Лизингтiң негiзгi үш жағы бар:
а) лизинг белсендi маркетинг құралы ретiнде қызмет атқарады, анығырақ
айтқанда:
1) машиналы-техникалық өнiмдердi өткiзу көзi;
2) өндiрiстi материалды-техникалық жабдықтаудың экономикалық формасы;
лизинг – iшкi нарықтағы инвестициялау, капитал салымының тиiмдi
формасы:
1) банктiк қызметтiң жаңа түрi, несиенiң жаңа формасы ретiнде;
2) лизинг – арнайы лизингтiк компаниялар арқылы несие бермей-ақ
қаржыландыру болып табылады (аренда арқылы қаржыландыру).
б) лизинг – сыртқы экономикалық стратегияның әрекет ету формасы, оның
төмендегiдей қабiлеттерi бар:
1) экономикалық шикiзаттық бағытын жеңу;
2) елдiң жоспарлық әлуетiн ынталандыру;
3) ұлттық экономиканың сыртқы нарықтар үшiн күресiндегi бәсекелiк
қабiлетiн арттыру;
4) мемлекеттiң сыртқы қарыздарының қауiптi ұлғаюын болдырмау (лизинг
инвестициялаудың неғұрлым қауiпсiз түрi болып табылады).
Факторинг өнiм берушi кәсiпкердiң (фактордың) қолма-қол өтеу шартымен
клиенттердiң қарыздық мiндеттемелерiн сатуы болып табылады. Қолма-қол есеп
айырысуға жатпайтын шығындарды банктер алады, ал кәсiпкер-алушы
(факторингтi) несие үшiн төленетiн проценттен басқа, факторға тәуекелдiлiк
компенсациясын төлейдi.
ШК-тi қаржы бойынша қолдаудың тағы бiр жолы – төмендетiлген
проценттiк мөлшерлеме мен өтеу мерзiмi ұлғайтылған несиелер беру.
Жоғарыда көрсетiлген бағыттардан басқа дамыған елдерде шағын бизнестi
қаржылық қолдаудың шағын және орташа фирмалардың капиталына қатысу жүйесi
мен франчайзинг сиқты жолдары да кеңiнен тараған.
Шағын және орташа фирмалардың капиталына қатысу жүйесi Германияда
тиiмдiрек пайдаланылуда. Бұл қызметтi банктер құрған коммерциялық фирмалар
жүзеге асырады. Мысалы, Коммерцбанк жүйесiнде ШОК капиталдарына үатысуды
жүзеге асыратын арнайы фирмалар құрылған. Олар жылдық айналымы 10 млн
маркадан кем емес фирмаларды қаржыландырады, қатысу үесi 10-нан 25-ке
дейiнгi процент шеңберiнде болға тиiстi.
Франчайзинг көптеген елдерде кеңiнен тараған.
Франчайзинг сөзi босату деген мағынаны беретiн француздың franhir
сөзiнен шыққан. Алғашында ол құндылықтан босату деген мағананы берген,
ал қазiр саланың түрiне байланысты басқаша мәндi бередi. Франчайзингтiң
мәнi белгiлi шартпен бiр компанияның (франчайзер) тауарының белгiсi мен
атын пайдалану құқын басқа компанияға (франчайзи) пайдалануға беру болып
табылады. Iс жүзiнде тауарлық марка мен өнiмге деген құқық қана берiлiп
қоймайды, франчайзер құрамы жарнамалық саясатты, тауарды өндiру процесi мен
оның нарықтағы қозғалысы, бизнестi жүргiзудiң түрлi
5-кесте
Әлем кеңестiгiндегi франчайзнигтi қолдану деңгейi
Елдер Деректер түскен Бас фирмалар Кәсiпорын-оператСатылым көлемi
жылдар саны(франчайзерлорла- (млн. АҚШ долл.)
ер) рның саны
(франчайзи)
Австралия 1989 230 1033 Дерек жо‹
Австрия 1988 30 1360 Дерек жо‹
Бельгия 1987 77 4045 2,00
Канада 1993 1000 45000 38,4
Дания 1989 60 500 3,31
Франция 1990 675 29698 10,0
ГФР 1994 180 9000 3,38
Италия 1994 197 11550 2,10
Жапония 1995 812 122450 32,70
Голландия 1988 244 8252 3,60
Норвегия 1989 120 850 0,30
Испания 1990 215 20000 Дерек жо‹
Швеция 1993 60 1000 1,50
Ұлыбритания 1994 385 19800 5,50
Автомобиль бизнесi мен салқын сусын саудасынсыз.
технологиясын ‹амтитын тұтас бизнес-жүйенi пайдаланып қалуға жиi мүмкiндiк
берiп отырады. Олай болса, франчайзи үолына методологиялық, кеңестiк және
жарнамалық қолдану жиынтығын бiрiктiретiн бизнес жүргiзудiң орныққан,
тексерiлген, концепциясын алады. қарапайым тiлмен айтқанда, франчайзингте
жеке иеленушiлiк ынтасы мен iрi бизнестің басқару және техникалық шеберлiгi
сәйкес келедi.
Франчайзинг кәсiпкерлерге өсудiң ең қық‹а жолын ұсынады, себебi олар
дайын iстi жүргiзедi. Франчайзер үшiн франчайзинг жылдам ұлғаюына жол
ашады. Сонымен қатар белгiлi саудалық марка атын пайдалану бизнестi
жүргiзудiң корпоративтiк қалыптасқан тәртiптерiн сақтаумен байланысты
болғандықтан, франчайзинге франчайзермен пайдасының бiр бөлiгi мен
бостандығын бөлiсуiне тура келедi.
Франчайзингтiң тартымдылығы франчайзингтiк қатынасқа қатысушылардың
екi жағы үшiн де артықшылығыны болуында. Шағын кәсiпорындар мен жеке
кәсiпкерлерге ол тұрақты да табысты бизнес ұсынса, атақты фирмаларға
ұлғаюға және нарықтарға өздерiнiң орнын ұстап қалуға мүмкiндiк бередi.Оның
Европа мен Америкада қанат жайып, кеңiнен тарауын осымен түсiндiруге
болады. осы күнi тек АҚШ пен Канадада франчайзерлердiң 3200 компаниялары
(олардың iшiнде де 2400 АҚШ-та) әрекет етуде. Олардың ондаған елдерде 600
000 өкiлдiк франчайздары бар.
Халықаралық практикада франчайз шарты бойынша бiрiккен негiзгi үш
сала бар:
а)өнеркәсiп саласындағы бiрлестiк. Ол өндiрiстiк құрылымдар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz