Жатыр денесіндегі рак аурулары



Арнайы жүргізілген есеп-санақ мәліметтеріне сүйенсек, жатыр денесіндегі рак оның мойынша рагындағы түріне қарағанда сирек кездеседі (ара қатынастары 1:5-ден 1,16-ға дейін) екен. Ал егер жалпы әйелдер жыныс мүшелеріндегі қатерлі ісіктердің жиілігіне келетін болсақ, онда ол тұрақты түрде үшінші орынды алады - 10—12% (жатыр мойыншасы және жатыр қосалқы мүшелерінен кейін).
Жатыр денесінің рак ауруымен көбінесе қарт әйелдер ауырады — 50—60 жастың арасындағылар. Бұл көрсеткіш жатыр мойыншасындағы ракта едәуір төмен, яғни кейінгі дерт етеккірі тоқталар кездегі уақытта байқалса, онда алдыңғы ауру тек етеккірі тоқталып, егде тартқан әжелерімізді жиі жарақаттайды. Ағзаның бала табу қызметіне сай дертке шалдығу себептерін қарастырсақ, онда жатыр денесіндегі ракта тұрмысқа шықпаған (16—20%), немесе екіқабатты болып көрмеген (бедеулік 25— 30%), бала таппаған (20—25%) және қыздығы сақталған (26— 29%) әйелдер жиі байқалады. Орташа есеппен әрбір жатыр денесіндегі рак ауруымен сырқаттанған адамда 1—3 екіқабаттылық кездессе, ал жатыр мойыншасындағы ракта аталмыш көрсеткіш 5—6-ға жетеді.
Дерттің пайда болу себептері. Көптеген біздің отандас және шетелдік ғалымдар сырқатты жыныс (эстрогендер) және мишық (гонадотропиндер) гормондарымен байланыстырады. Тәжірибе жұмыстарының қорытындылары ішкі және сыртқы зиянды әрекеттердің салдарынан ағзада эстроген гормондарының мөлшері тым ұлғайып кететіндігін көрсетті. Бұған клиникалық бақылаулар дәлел бола алады — дертпен жарақаттанған адамдарда эстроген гормоны бар дәрілерді жиі пайдаланды және етеккірі кеш тоқталды және жыныс мүшелерінен басқа да аурулар қабаттасып келді, мысалы, бездерді, жатыр бұлшық еттеріндегі қатерсіз ісіктер.
Эстроген гормондарының көбеюі созылмалы бауыр ауруларында да, болып отыруы ықтимал, себебі мұнда — ағзаның ішкі лабораториясында —

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ЖАТЫР ДЕНЕСІНДЕГІ РАК АУРУЛАРЫ

Арнайы жүргізілген есеп-санақ мәліметтеріне сүйенсек, жатыр
денесіндегі рак оның мойынша рагындағы түріне қарағанда сирек кездеседі
(ара қатынастары 1:5-ден 1,16-ға дейін) екен. Ал егер жалпы әйелдер жыныс
мүшелеріндегі қатерлі ісіктердің жиілігіне келетін болсақ, онда ол тұрақты
түрде үшінші орынды алады - 10—12% (жатыр мойыншасы және жатыр қосалқы
мүшелерінен кейін).
Жатыр денесінің рак ауруымен көбінесе қарт әйелдер ауырады — 50—60
жастың арасындағылар. Бұл көрсеткіш жатыр мойыншасындағы ракта едәуір
төмен, яғни кейінгі дерт етеккірі тоқталар кездегі уақытта байқалса, онда
алдыңғы ауру тек етеккірі тоқталып, егде тартқан әжелерімізді жиі
жарақаттайды. Ағзаның бала табу қызметіне сай дертке шалдығу себептерін
қарастырсақ, онда жатыр денесіндегі ракта тұрмысқа шықпаған (16—20%),
немесе екіқабатты болып көрмеген (бедеулік 25— 30%), бала таппаған (20—25%)
және қыздығы сақталған (26— 29%) әйелдер жиі байқалады. Орташа есеппен
әрбір жатыр денесіндегі рак ауруымен сырқаттанған адамда 1—3 екіқабаттылық
кездессе, ал жатыр мойыншасындағы ракта аталмыш көрсеткіш 5—6-ға жетеді.
Дерттің пайда болу себептері. Көптеген біздің отандас және шетелдік
ғалымдар сырқатты жыныс (эстрогендер) және мишық (гонадотропиндер)
гормондарымен байланыстырады. Тәжірибе жұмыстарының қорытындылары ішкі және
сыртқы зиянды әрекеттердің салдарынан ағзада эстроген гормондарының мөлшері
тым ұлғайып кететіндігін көрсетті. Бұған клиникалық бақылаулар дәлел бола
алады — дертпен жарақаттанған адамдарда эстроген гормоны бар дәрілерді жиі
пайдаланды және етеккірі кеш тоқталды және жыныс мүшелерінен басқа да
аурулар қабаттасып келді, мысалы, бездерді, жатыр бұлшық еттеріндегі
қатерсіз ісіктер.
Эстроген гормондарының көбеюі созылмалы бауыр ауруларында да, болып
отыруы ықтимал, себебі мұнда — ағзаның ішкі лабораториясында — алмасу
үрдісінін нәтижесінде пайда болған кез-келген зиянды заттар реттеліп
отырады, егер аталмыш қызымет бұзылса, онда кейінгілердің саны көбейіп
кетеді. Бауырдың гормондарды реттегіш қызметі, әсіресе витаминдер
жеткіліксіз болғанда да байқалады.
Ағзаның қалыпты жағдайдан тыс артық мөлшерде семіруі, қант ауруларының
және тағы да басқа ішкі секретті бездердің аурулары жатыр денесіндегі рак
ауруынын, жиілігіне өздерінің тікелей ықпалын тигізбей қоймайды. Тәжірибе
жәндіктерінде эстроген гормоны бірнеше тіндерде ісік ауруын туғызды. Мұндай
жағдайда оның ұзақ уақыт және дамылсыз енгізілуі қажет болды. Бұған қоса
тәжірибе жәндіктерінің түрі де, әсері де байқалды. Міне, осылардың бәрі
айналып келгенде тағы да бір қосымша рак туғызғыш себептердің қатысуын
керек қалды.

Патологиялық анатомия
Жатыр денесіндегі рак шырышты кілегей қабықтан пайда бол-ғандықтан ол
көбінесе аденокарциномаға жатады. Оған мынадай ісік алды аурулары —
эндометрий гиперплазиясы, аденоматозы және полипозы — кіреді.
Эндометрий гиперплазиясы деп шырышты кілегей қабығының қалыңдауын,
ондағы без және сіңір клеткаларынын, сан жағынан өсуін айтады. Аталмыш
өзгерістер тұрақсыз келеді және көбінесе етеккірі тоқталатын шақта
байқалады. Негізінде бұлар тек эстроген гормонының артық мөлшерінен болады.
Ал аденоматозда және полипозда (бүртпектер)—жасушаларда сапалы
өзгерістер енеді — атипия, полиморфизм (жасушалардың көлемі, химиялық
бояуды сіңіре беру және пісіп жетілу қасиеттерінің басқаша болуы). Бұлардың
екеуі де нақты ісік алды аурулар қатарына жатады. Ракқа ауысқанда
көрсетілген өзгерістер күшейе түсіп, ядродағы бөліну үрдістері айқындала
бастайды, сөйтіп пісуі жетілмеген жасушалардың саны басымырақ болады. Бұл
төменгі сатыдағы пісуі жетілмеген рак деп аталады. Аталмыш рак
аденокарциноманың ортасында жатқан (сіңір жасушалары басымырақ қатерлі
ісігі).

Клиникасы және анықтау тәсілдері
Жатыр денесіндегі рак ауруында мынадай клиникалық белгілер болады:
жыныс мүшелерінен сұйықтық көрінуі, іштің төменгі тұсының немесе белдің
ауыруы.
Сұйық неше түрлі — су сияқты және қан аралас болып келеді. Ал енді бұл
сұйықтар көбінесе етеккір тоқталып кеткен әйелдерде байқалады.
Кейде сұйықтың жатыр қуысында жиналып қалуы және оған микробтардың
қосылуы дененің қызуына, бұған қосымша жатыр бұлшық еттерінің (бала туған
кездегідей) оқтын-оқтын жиырылуына әкеліп соғады.
Осының салдарынан жатыр қуысына баратын жол (цервикальды канал)
ашылып, одан иісі жаман сұйық (ағарған, қанды-іріңді зат) көрінеді. Кейде
таза қан көрінуі ықтимал. Әрине, мұндайда бірнеше жыл етеккірі тоқталып
кеткен әйел ойпырмай, менде тағыда етеккірі келгені несі — деп таңғалады,
күйінеді, қорқады, тіпті, қуануы да мүмкін. Жатыр бұлшық еттерінің
жиырылуы, әрине, белдің немесе іштің төменгі жақтарының сыздап ауруына
себеп болады.
Жыныс мүшелерінен сұйықтын көрінуі орташа есеппен 90— 95% жағдайда
байқалады, ал белдің, іштің төменгі жақтарының ауыруы 5—10%-тен аспайды.
Аталмыш көріністер дерттің тікелей белгілеріне жатады. Сонымен қатар жанама
белгілерді еске салған жөн — оларға ағзадағы қабаттасып келген сырқаттар
(сезімдік, қан қысымынын, көтерілуі, қант диабет ауруы) жатады.
Осы аталған белгілерге ауру адам назар аударып, олардың тез арада
дәрігерге көрінуіне мәжбүр етеді. Өкінішке орай, өмірде бұлай бола
бермейді: тек шамамен 20—25%-ті ғана сырқаттанған мезеттен кейін 1—3 айлар
аралығында дәрігерге қаралады, ал 28—30%-ті жағдайда уақытты оздырып алады
да, 1—2 жыл өткен соң емделуге келеді. Не себептен былай болады? Мүмкін
дерт еш белгісіз жүретін шығар, сондықтан ауру адам хал-күйі өзгермеген соң
дәрігерге бармайды. Аталмыш жағдай шындығында сирек кездеседі (1—2%-тен
аспайды).
Жатыр денесіндегі рак кезінде етеккірдің тоқталуы кеш байқалады, бұл
да дерттің жанама белгілері болып саналады. Міне, осы бір жәйт ауру адамды
бейжай күйге түсіреді, әсіресе, жыныс мүшелерінен қан аралас сұйық
көрінгенде, адамдар оның себебін білмей шатысады, себебі ол етеккірім
келіп қалды — деп ойлауға негіз болады. Осыған байланысты әр әйел 48—50
жастан асқанда) және жыныс мүшелерінен белгілі бір уақыттан ауытқыпп
мезгілсіз кезде келген қанды сұйыққа күдікпен қарағаны жөн. Ал, етеккірі
тоқталып кеткен, егде тартқан әйелдерден қанды-сұйықтың көрінуі, әруақытта,
жатыр денесіндегі рак ауруының негізгі бір белгісі деп есептелінуі қажет.
Сонда ғана біз дерттің асқынуына жол бермейміз!
Дертті анықтау тәсілдеріне ұқыпты, әрі терең, жан-жақты жиналған
анамнез, гинекологиялық тексеріс, рентгенге түсу (гистерография), жатыр
қуысын сору және қырлау, сөйтіп жағындыға және ісік ұлпасына цитоло-гиялық,
гистологиялық зерттеу жұмыстарын жасау жатады.
Аурудың даму тарихын зерттегенде одан ағзаның хал-жағдайын аңғару
керек, әсіресе жыныстық қатынастың бұзылғанын, етеккірдін, ұзаққа
созылғанын, жүктіліктің болмағанын ескеру қажет. Созылмалы қабаттасып
келетін дерттердің бар-жоғын анықтау диагноз қоюды жеңілдетеді. Екі қолмен
гинекологиялық тексеріс кезінде жатыр денесінін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қан жасушаларының қызметі. Балалардағы лейкоцитарлық қиылысулар
Өсімдік ауруларының жіктелуі
Өндірістік санитария және адам тіршілік әрекетіндегі химиялық және биологиялық қауіпсіздік туралы жалпы ұғымдар
Фармакология бойынша
Эндемиялық бұғақ ауруына жалпы сипаттама
Өндірісте зиянды заттардың шекті рауалы концентрациясын (ШРК) қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар
Невроздың клиникалық-патопсихологиялық сипаттамалары
Қазақ тіліндегі халықтық медицина терминдеріне этнолингвистикалық сипаттама
Онкология
«Мұнай өңдеу және мұнай химия өнеркәсібіндегі зауытының санитарлық нормасы ».
Пәндер