Бетон



Мазмұны
Нормативтік сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Анықтама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Белгілеулер мен қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 Негізгі бөлім
1.1 Әдеби шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Тақырыпқа байланысты теориялық мәліметтерді таңдау ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Мемлекеттік стандарт талаптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.4 Эксперименттік бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.5 Материалдың физика.механикалық қасиеттерін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.6 Бетонның ылғал сыйымдылығы және ылғал өткізгіштігі ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.7 Бетонның негізгі беріктік заңы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2 Сынаққа қажетті құрал.жабдықтар мен приборлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Сынықты жүргізу әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3 Бөлім бойынша қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4 Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Нормативтік
сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .
Анықтама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Белгілеулер мен
қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 Негізгі бөлім
1.1 Әдеби
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Тақырыпқа байланысты теориялық мәліметтерді
таңдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ..
1.3 Мемлекеттік стандарт
талаптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...
1.4 Эксперименттік
бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .
1.5 Материалдың физика-механикалық қасиеттерін
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.6 Бетонның ылғал сыйымдылығы және ылғал
өткізгіштігі ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.7 Бетонның негізгі беріктік
заңы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ..
2 Сынаққа қажетті құрал-жабдықтар мен
приборлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Сынықты жүргізу
әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...
3 Бөлім бойынша
қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...
4 Еңбекті қорғау және тіршілік
қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ..

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі сілтемелер қолданылған:
МЕСТ 10180-90 Бетондар.Бақылау үлгілерінің беріктігін анықтау әдістері.
МЕСТ 12730-78 Бетондар тығыздық,ылғалдылық,су жұту,кеуектілік және су
өткізгіштігін анықтайтын тәсілдердің жалпы талаптары.
МЕСТ 310.2-76 Цементтер. Ұнтақ майдалығын анықтау эдістері.
МЕСТ 7473 - 94 Бетон араласпа. Техникалық шарттар.

МЕСТ 8735-88 Құрылыс жұмысындағы құм. Сынау әдістері.
МЕСТ 10180- 90 Бетондар. Бақылау үлгісінің беріктігін аныктау әдістері.

Анықтамалар

Бетон - ірі және майда толтырғыштан, судан, тұтқыр заттан құралған, қату
арқылы пайда болған жасанды зат.
Бетон араласпасы - ірі және майда толтырғыштан, судан, тұтқыр заттан
құралған, бірақ қатпаған жылжымалы жасанды зат.
Жылжымалылық - конус арқылы анықгаған кездегі жайғасымдылық.

Қатаңдылық -вискозиметр арқылы анықтаған кездегі жайғасымдылық.

Орташа тығыздық - материалдың табиғи жағдайындағы бірлік көлемінің
салмағы.
Нағыз тығыздық - материалдың абсолютті тығыз жағдайындағы бірлік
көлемінің салмағы.

Белгілеулер мен қысқартулар

МС (МЕСТ) - мемлекеттік стандарты
БСС - құрғақ бетон араласпасы
БСГ - дайын бетон араласпасы
КО - конустың отыруы
СЖ - қышқылдық
Ж – қаттылық
П - жылжымалығы
П2 - жайғасымдылық маркасы
МПа - Мегапаскаль
мм - миллиметр
см - сантиметр
км - километр
кг - килограмм
м - минут
с-секунд
л – литр

Кіріспе

Бетон – белгілі мөлшерде алынатын щебеннен (гравийден), құмнан,
қоспалардан тұратын бетондық араластың қалыпталыну және қатаю нәтижесінде
пайда болатын жасанды тас материалы. Бетондар өнеркәсіптік, азаматтық ,
гидротехникалық және басқа да ғимараттарда кеңінен қолданылады. Олардан
тұтастық (құрылыс орнында жасалынатын) және жиналмалы (зауыттарда,
полигондарда индустриялық тәсілмен жасалынатын) ғимараттар элементтерін
(іргетастарын, бағаналарын, арқалықтарын, жамылтқыларын және т.б.) жол және
әуежайлары жабындыларын жасайды. Бетонды машина құрылысында машиналардың
салмақты бөліктерін жасау үшін де қолданады.
Бетонның шаруашылықта кең қолданылатын себебі одан жасалынатын бұйымды
қажетті қасиетімен, өлшемімен,пішінімен және бет сипатымен алуға
болатындығында. Бетондар жұмысын қысқы мезгілде және жылдың кез келген
уақытында орындай беруге болады. Бетонның физикалық-механикалық
қасиеттерін (тығыздығын, мықтылығын, мәңгілігін және т.б. қасиеттерін)
кең аралықта реттеу және берілген бағытта қалыптастыру үшін тиісті
құрамын таңдап алады, бетондар араласпасын өндірудің рационалдық
технологиясын қолданады және бетон структурасы құрылу процесін реттейді.
Прогрессивті құрылыстық материал ретіндегі бетонның ең маңызды
сипаттамасы - технологиялық процестерін толық механикалау және
автоматикалау мүмкіндігінде. Бетон бұйымдарының пішіні мен бет сипаты
әрқалай болуы мүмкін. Сәулеттік жағынан бетон жетерліктей икемді. Қажет
болған жағдайда бетон бет өңін, бедерін түрлі қалыптар қолдану арқылы
әрқалай бейнеде алуға толық мүмкіндік бар. Түсті цементтерді қолданғанда
бетон бұйымдарының түстері қалауымызша өзгертіледі. Бетон және
темірбетон бұйымдарының сәулеттік мәнерлігін таңдау және реттеу үшін
құрылысшылардың бұдан басқа да мүмкіншіліктері жетерліктей. Сонымен
бірге бетонның кемістіктері де бар. Кемістіктерінің ең бастысы игендегі
(созғандағы) салыстырмалы мықтылығының төменділігі. Бұл кемістігін жою үшін
бетон бөлшектеріне керекті жағдайларда металдық стержень, тор (арматура)
салады. Бетондардың ұзақ уақыт қатаятындығынан олардан алынатын
конструкцияларды жасай салып, бірден пайдалануға беруге болмайды. Бетон
араласпасын конструкцияға құйып және қалыптап болған соң оңды қатаюы
үшін оған тиянақты түрде күтім қажет болады. Технологиялық мән - жайын
ғылыми негізде шешу арқылы бетонның агрессивтік ортада тұрақтылығы
жетімсіздігін, шөгіну және ісіну кезіндегі деформациялануын, ыстыққа
шыдамсыздығын және т.б. жаман қасиеттерін жоюға мүмкіншілік бар. Бетон
құрамдарының әрқайсысы оның қасиетіне өзінше айтарлықтай әсерін тигізеді.
Айталық, оның 80-85% көлемін құрайтын щебень (немесе гравий) және
құм бетонның қатты қаңқасын құрастырады. Олар көпшілігінде жергілікті
табиғи материалдар немесе өндіріс қалдықтары болып келетіндіктен,
бетонның құнын төмендетеді. Цемент және су өзара физикалық –химиялық
әрекеттесу нәтижесінде пайда болатын жаңа құрамдар щебень мен құмнан
құралған қатты қатты қаңқаны біріктіре тұтастайды. Бетон араласпасын
және бетон қасиетін реттеу мақсатында тиісті құрамын таңдап арнаулы
қоспалар қолданады. Олар бетон қоспасының қатаюын тездетуді немесе
баялатуы, азғантай су шығынында оның төселімдігін жақсартуды, беріктігін
және аязға төзімділігін жоғарылатуды, сондай-ақ, қажетті жағдайда бетон
қасиетін берілген бағытта өзгертуді қамтамасыз етеді. Бетондар
қасиеттері тек құрамаларының сапасына ғана емес, олардың құрылымдарына
көбірек байланысты болады. Материалдарды дұрыс таңдай отырып, бетондар
структурасын қатаю процесінде реттеу жолдарымен бірдей құрамалар
негізінде алынатын бетондар қасиеттерін кең аралықта өзгертуге әбден
болады.
Бетонның құрылыстық көрсеткіштері құрылымдарының ірілігімен,
гранулометриялық құрамымен, түйіршіктер пішінімен және олардың сандық
қатынастарымен, өзарпа орналасуымен және структуралық байланыстарымен,
сондай-ақ, кеуектері мен ақауларының болуымен анықталады. Құрамаларының
(щебеннің, құмның, цемент тасының) қасиеттері әртүрлі болғандығынан,
бетондар структурасы біркелкі болуы мүмкін емес. Оның үстіне бетондар
бұйымдарын жасау процесінде бетон структурасында пайда болатын көптеген
ақаулар (микрожарықтар, кеуектер) болады. Бұл жоғарғы дәрежеде шоғырланған
ішкі кернеудің бетонда пайда болуына себепкер болып, оның механикалық
қасиеттеріне күшті әсерін тигізеді.

1 Негізгі бөлім

1.1 Әдеби шолу

1.2 Тақырыпқа байланысты сипаттама

Ауыр бетон - құрылыстық бұйымдар мен конструкцияларды көптеп шығаруға
қолданатын бетонның басты түрі.
Қазіргі кезде көбінесе В20 кластағы бетондарды өте жиі қолданады.
Дегенмен, құрылыста төменгі кластағы бетондар үлесі төмендеп, орташа және
жоғарғы кластары көбеюге бет алған, бірақ әлі де бұрынғысынша қолданып
жатқан бетонның басым көпшілігі В25 класқа дейінгі бетон араласпасының
жылжымалылығына, қолданылатын толтырушыларға, цемент сапасына байланысты
бірдей класстағы бетон алуға кететін цемент шығыны кең аралықта ауытқиды.
Бірқатар темірбетон конструкциялары мәңгілігінің төмендеу және цемент
шығыны артық болу (100 кгм дейін) себебінің бірі - ірі толтырғыш ретінде
құм-гравийлық араласпаны, сондай-ақ, сапасы төмен фракцияланбаған және
былғаныш щебеньді қолдану. Қазір жуылған және фракцияларға бөлінген шағал
тас мұқтаждығын 20-30% ғана қанағаттандырады. Бетонды тек жуылған және
фракцияланған толтырушылар негізінде алуға толық көшу -болашақтың меншігі.
Мысалы, үш-төрт фракциядағы ірі және екі фракциядағы майда толтырушылар
негізінде және ең аз цемент шығыны мен сапасы жақсы, структурасы бір текті
бетондар алынатындығында күмән жоқ.
АҚШ, мысалы, 15 фракция түрлі толтырушылар шығарады. Шет елдерде
көптеген ғимараттар үшін қолданылатын материалдар сапасы, дозалау және
бетон араласпасын дайындау деңгейі нәзік химиялық технология процестері
деңгейінде ұйымдастырады.
Ірі толтырғыштары жоқ Қазақстанның бірқатар аудандарында майда
түйіршікті бетон қолдану тіпті тиімді. Солай болғанда, кұрылысты тездету
және бұйымдар мен конструкциялар құнын төмендету мүмкіншілігі туады. Майда
түйіршікті бетондардан бұйымдар мен конструкцияларды, әдетте, кәдімгі
темірбетон бұйымдары және конструкцияларына арналған сызбалары бойынша,
белгілі жабдықтарды қолдана жасап шығарады.
Майда түйіршікті бетоннан бұйымдар мен конструкцияларды жасарда щебень
негізінде алынатын сол маркадағы бетонмен салыстырғанда, цемент шығынын
көбірек (13-14%-ке) талап етеді. Бірақ конструкциялардың жалпы құны
(аймақтық жағдайға, құм ірілігіне және конструкциялардың нақтылы түріне
байланысты), құм құны онша жоғары болмайтындығынан 15-30% төмен болып
шығады. Олай болса, ірі түйіршікті толтырушылары жоқ аудандарда майда
түйіршікті бетоннан жасалынған құрылыстық бұйымдар мен конструкцияларды
қолдану тиімді болатындығы сөзсіз.
Сараптап аңғаратын болсақ, В30-В40 кластардағы бетондармен салыстырғанда
В60-В80 кластардағы мықтылығы жоғары бетондарды қыспалы және кейбір имелі
күш әсерінде істейтін конструкциялар элементтеріне, оның ішінде алдын-ала
кернеуленген конструкцияларға да, пайдалану олардың қимасын 20-40%
азайтуға, металл шығынын 50-250 кгм3 төмендетуге жэне де кұны мен еңбек
сыйымдылығын едәуір кішірейтуге мүмкіндік тудырады. Оның үстіне, мықтылығы
жоғары бетон мәңгілігі талапқа сай келеді, сондықтан, - оны агрессивтігі
жоғары жағдайда немесе соққылық әсерінде тұратын бұйымдар мен
конструкцияларға, мысалы, жол жағалық тастарға, тротуар және жол
плиталарына, діңгек қадаға, баспалдақтарға, көпір кұрылысындағы
аралықтарға, эстакада таяныштарына және т.с.с. конструкцияларға қолдану
тиімді-ақ.
Жоғарыдағы айтылған мәліметтерге сүйенер болсақ, 550, 600 маркалы цемент
жетерліктей болса және болашақта конструкциялар номенклатурасы кеңеюін,
жаңа техникалық құжаттар, өндіріс құралдары жасалу мүмкіншілігін ескерсек,
жоғары мықтылық бетондардың жалпы жылдық қолдану көлемі жылдан жылға өсіп
отыруы тиісті.
Суперпластификатор қоспасын қолдану пайдаланған цементтердің маркасына
және 1 м бетонға қажет шығынына, толтырушылар гранулометриясына қойылатын
талаптарды төмендетуге мүмкіндік тудырады. Зерттеу және көптеген зауыттар
тәжірибелері көрсеткендей, мұндай жағдайда маркасы 500 цементтермен В50 -
В60 класстар бетонын, маркасы 550-600 цементтер және сапалы толтырушылар
пайдаланып, В70-В80 кластар бетонын алуға толық мүмкіндік бар.
Жоғарғы мықтылық бетондар алу жолында жоғарғы маркалы цементтер мен
жоғарғы сапалы толтырушылар жетімсіздігінен туатын шын мәніндегі
технологиялық қиындықтарды бетон араласпасына суперпластификаторларды қосу
арқасында едәуір дәрежеде жоюға болатындығына көз жеткізілген. Мықтылығы
жоғары бетондардан жасалынатын конструкцияларды және бұйымдарды құрылыс
практикасында барынша кең қолдану үшін Қазақстан аймақтарының барлығында
сапалы толтырушылар алуға жарайтын, қатты тау-тас жыныстары жетерліктей.
Қолданылу көлемі бойынша қазір басымдау жасанды кеуекті толтырушылар
тығыз толтырушыларға қарағанда қымбаттау. Сондықтан, кеуекті толтырушыларды
қолданудың тиімділігін үй мен ғимараттарды салу және пайдалану
жағдайларымен байланысты болатын проблемаларды жинақтай қарастырған дұрыс
болады. Соңғы кездерде кеуекті толтырушыларды өндіру келемі 45 млн. м3
болды. Оның басым көпшілігі (83%) өртеп алынатын жасанды толтырушылар
болды, мұның 70% керамзит үлесіне келетін. Сол цементтермен дайындалып
жатыр, кейбір жағдайларда тіпті марка 500 колданады. Сөйтіп
байланыстырушыларды оңтайлы қолданбай, алынған ерітінділер маркасы,
жобалықтан едәуір жоғары болып шығады. Сондықтан осындай мақсаттар үшін
қолданатын құрамында 50-70 % тапшы емес қоспалары бар цементтерін шығаруды
сұранысқа сәйкестендіре ұйымдастырған ұтымды болады.
Бұрыннан белгілі цементтер номенклатурасымен қатар арнаулы қасиеттерімен
сипатталынатын жаңа цементтер (кернелуші цементтер (КЦ), өте тез қатаюшы
цементтер (ӨТКД), сульфатқа тұрақты цементтер және т.б.). кеңінен
қолданылады.
Кейінгі жылдары домналық гранулданған шлактар мен өткір сілтілер
базасында алынатын жаңа шлактісілтілік байланыстырушы негізінде жасалынатын
бетондар құрылыста кең орын алып келеді. Шлакосілтілік байланыстырушыны
қолдану мықтылығы 100 МПа дейінгі бетондар алуға мүмкіншілік тудырды.
Мұндай бетондар кейбір химиялық ортада жоғары тұрактылықты көрсетеді.
Жылумен өңдеу тәсілімен жасалынатын бұйымдар үшін шлак сілтілік
байланыстырушыны пайдаланғандағы тиімділігі - бетонның аз уақыт ішінде
маркалық мықтылығын қабылдауында (6-12 сағат ішінде бетон және темірбетон
бұйымдары маркалық мықтылығының 90%-іне ие болып үлгереді). Келешекте
цементтің арнаулы түрлерін (кернелуші, тез және өте тез қатаюшы,
гидрофобтық, түсті және т.б.) өндіру бірнеше рет өсуге тиісті. Цементтердің
қолдану түрлері бойынша топталуы және маркалықтарының өсуі 1 м бетонға
келетін олардың орташа шығынын төмендеуіне ықпалын тигізеді.
Пайдаланудың барлық сатысындағы болатын цемент жоғалымы әлі орасан зор -
12-15% құрайды. Құрылыстағы цемент жоғалымының себептері көп, олар: сапасы
төмен толтырушылар қолдану, жинақтамалы темірбетон конструкцияларын жасауда
жіберердегі мықтылығы негізсіз көтеріңкі болатындығы, бетон көлемінің бір
өлшемесіне келетін цемент шығынын асыру арқылы бетондық араласпасының
ыңғайлы төсемділігін жоғарылату, жобалықтығымен салыстырғандағы
конструкцияларының геометриялық мөлшерлерінің артықтығы, сондай-ақ,
олардағы бетон мықтылығының жобадағы маркасынан жоғарылығы және т.б.
факторлар. Тиеу-түсіру операциясы кезінде 1% цемент жоғалады; тұтастық
конструкцияларын тұрғызғанда - 2%; теміржолмен тасымалдағанда - 1%;
жиналмалы темірбетон бұйымдарын жасарда -1,5%.
Бетонның беріктігін байқаудағы мемлекеттік талаптарды бұзуды жіберу
үлкен мөлшерде цемент жоғалтуды тудырады. Бетоннан байқаулық үлгілер жасау
үшін геометриялық параметрлері және қабырға беттерін өңдеу сапалары бойынша
талапқа сәйкес келмейтін қалыптар жиі қолданады. Мұндай қалыптарда
жасалынған үлгілерді сынағанда бетон мықтылығын бұйымдардағы бетондардың
факторлық мықтылығынан төмен көрсетеді.
Мөлшері 100 х 100 х 100 мм сыналынған үлгілер мықтылығының мөлшері 150 х
150 х 150 мм базалық үлгілер мықтылығына қатынасын сипаттайтын масштабтық
коэффициенттерді міндетті түрде экспериментальдық жолмен табу талаптары да
жиі бұзылады.
Әдетте, стандартпен рұксат етілетін ең кішкентай мағынадағы
коэффициенттер қолданады. Олар көптеген кэсіпорындарында шын мәнісіндегіден
3-6 %-ға төмен.

1.3 Мемлекеттік стандарт талаптары

- Мемлекеттік құрылыс СССР темірбетон және бетонды технологиялық
институтта және жобалап құрастырылған ғылыми-зерттеуге өңделген және
енгізілген.
- СССР-дің 16.05.91.№21 мемлекекттік құрылыс комитетінің бұйрығымен
қозғалысқа енгізілген және бекітілген.
№1 өзгертулер 07.12.2001 құрылыста сертификацияланған және техникалық
нөмірленген стандартизация бойынша мемлекет аралық ғылыми –техникалық
комиссияда қабылданған.

1 - кесте
Өзгертулерді қабылдағанға дауыс бергендер

Мемлекеттер атауы Құрылыс басқару мемлекеттік органдар
атауы
Армения республикасы Армения республикасының құрылыс
министрлігі.
Қазақстан республикасы Қазақстан құрылыс төралығы.
Молдава респукбликасы Молдава республикасының
территорриясының дамуы мен құрылыс
экология министрлігі.
Ресей Федерациясы Ресей мемлекеттік құрылысы
Өзбекстан республикасы Өзбекстан республикасының мемлекеттік
төралығы архитек құрылысы.

- Стандарт халықаралық ИСО 3893-78 және СТСЭФ 1406-78 стандартына
сәйкес келеді.
- Орнына МЕСТ 10268-80 және МЕСТ 26633-85
- Нормативті – техникалық құжаттарға сілтеме.
- №1 өзгерту 2001ж желтоқсанда бекітілген баспа.
Нағыз стандарт құрылыстың барлық түрінде қолданылатын ауыр және ұсақ
түйірлі бетондарды конструкциялауға кең таралған.
- Нағыз үлгі қалыптың талаптары зауыттың дайындау құрылысы және құрама
бетон және темір бетон бұйымдарын технологиялық және жобалық құжаттары жаңа
және қолданыстағы стандарттарды және техникалық шарттарды қайта құрастыру
кезінде қадағалау қажет.
- Бетондарды белгілі тәртіппен бекітілген құрастырудың нақты түрлерін
технологиялық және жобалшық құжаттама бойынша қазіргі стандарттың
талаптарына сәйкес дайындау қажет.
- Сипаттама.
- Бетонға деген талаптар халықаралық ИСО 3893,СТСЭВ 1406 стандарттары
және МЕСТ 25192 сәйкес бекітілген.
- Жобалаудың өсуінде бетонның беріктігі сығу кезіндегі майысу,біліктің
созылуы, сығуға беріктік топтарымен сипатталады.
Бетондар үшін келесі топшалар бекітілген.
Қысу беріктігі: В3,5; В5; В7; В7,5; В10; В12,5; В15; В20; В25; В30;
В35; В40; В45; В50; В55; В60; В65; В70; В75; т В80.
Созылу беріктігі: Вt0,4; Вt0,8; Вt1,2; Вt1,6; Вt2,0; Вt2,4; Вt2,8;
Вt3,2; Вt3,6; Вt4,0.
Сығу кезіндегі созылуға беріктігі: Вtb0,4; Вtb 0,8; Вtb 1,2; Вtb 1,6;
Вtb 2,0; Вtb 2,4; Вtb 2,8; Вtb 3,2; Вtb 3,6; Вtb 4,0; Вtb 4,4; Вtb 4,8; Вtb
5,2; Вtb 5,6; Вtb 6,0; Вtb 6,4; Вtb 6,8; Вtb 7,2; Вtb 8,0.
- Құрастырудағы бетондар үшін өзгермелі эксплуатация процестеріне
ұшырайтын, мұздау және еруде бетонның келесі маркалары мұзға тұрақты.
- Құрастырудағы бетондар үшін өткізгіштің шектігі мен тығыздығының
жоғарылауы және тотығуға тұрақтығына талапта су өтпейтіндігі бойынша
маркалары бар. Олар келесі маркалар бекітілген.
- Бетон беріктігі бойынша топтар бетонның нақты түрлерінің су өткізбей
және суыққа төзімділігі бойынша маркалары осы құрастыруда жобалық
құжаттамада және техникалық шарттарға стандарттарда көрсетілген және
жобалаудағы нормалармен сәйкес орнатады.
- Бетон жұмысының шарттарына байланысты, стандарттарында және техникалық
шарттарда және бетон, темір бетон жұмыс сызбаларында құрастыруды МЕСТ 4.212
қарастырылған бетондардың сапасына қосымша талаптарды қою қажет.
- Осы құрылысқа техникалық шартта немесе стандартта көрсетеді және
жобада нақты құрастыруда бетонның беріктігі бекітілуін нормалау мәні.
- Бетон қоспаларына талаптар.
- Бетон қоспалары МЕСТ 7473 талаптарына сәйкес болуы шарт.
- Бетонның құрамын МЕСТ 27006 бойынша таңдайды.
Бетонның құрамын таңдау үшін материалдарды таңдау кезінде осы
материалдарды радиациялы-гигиеналық бағалау жүргізеді.
- Жол және аэродром үшін бір қабатты және сыртқы қабатын екі қабатпен
сулы цементпен қатынасын бетон қоспасы 0,50 көп емес, ал екі қабатты
төсеменің астыңғы қабаты үшін 0,60 ден көп болмауы қажет.
- Жол және аэродром үшін бетонның қоспасындағы ауаның қаптама көлемі 1-
кестедегі көрсеткіштерге сәйкес болуы қажет.

2 – кесте
Ауаның қаптама көлемі

Төсеменің құрастырмалы Бетон қоспасындағы ауа көлемі %,бетон үшін
қабаты
Ауыр Ұсақ түйірлі
Екі қабатты және бір 5-7 2-7
қабатты төсеменің төменгі
қабаты.
Екі қабатты төсеменің 3-5 1-12
төменгі қабаты.

-Гидротехникалық жабдықталу үшін нормаланған суыққа төзімділігі Ғ 200
және одан да жоғары теңіз немесе минералданған сумен эксплуатирленген
жағдайларда бетон қоспасындағы ауаның көлемі 2-кестеде көрсетілгенмен
сәйкестенуі керек.

3 – кесте
Бетон қоспасындағы ауа көлемі

Толтырудың саксималды Бетон қоспасындағы ауа көлемі,%ВЦ кезінде.
ірілігі,мм
0,41аз 0,41-0,50 0,50ден көп
10 2-4 3-5 5-7
20 1-3 2-4 4-6
40 1-3 3-5
80 2-4

- Массалы бетондардың құрылысы нормаланған суыққа төзімділігі үшін бетон
қоспасындағы қатысты ауа көлемін құрастырудың нақты түрінде бетонға
қойылған техникалық шарттар және стандарттар бойынша қабылдайды:ол аспауы
қажет,%;
2-5-көпірлік бетон және темір бетон құрастыру үшін;
5-6- көпірдің жүретін бөлігіне төсеме үшін.
- Цементтің МЕСТ 10178 және МЕСТ 22266 бойынша минималды шығыны құрылыс
түріне және шарттарына оларды тасымалдауға байланысты.
- Байланатын материалдарға талаптар.
-Байлайтын материалдар сапасында МЕСТ 10178 бойынша
шлакопортландцементтер және портландцементтің сульфат тұрақты және МЕСТ
22266 бойынша пуццоланды цементтерді және басқа да құрастырудың нақты
түрлері үшін оны қолданатын облыстарға сәйкес техникалық шарттармен
стандарттар бойынша қолдану қажет.
- Цементтің маркасын және түрін конструкциясы және эксплуатациялау
шарттарына,бетонның талап етілген класының беріктігі бойынша, суыққа
төзімділік және су өткізбейтіндігі бойынша маркасы МЕСТ30515 талаптарға
сәйкес осы құрастырудың жобалық құүжаттамасы немесе технологиялық шарттар
жинақтама құрастыруды стандарттар таланттарының негізі үшін бетонның
берілетін беріктігі немесе жіберілетін мәніне сәйкес таңдау қажет, сол
сияқты бетонға толтырғыштардың қоспаға кері әсерін тигізетіні болуы
мүмкін.
- Жинақтама құрастыруды жүргізу үшін жылы өңдеуге қажетті І және ІІ
топтағы цементті МЕСТ 10178 бойынша булау кезінде тиімдісін қолдану
қажет.ІІІ топтағы цементті қолдану тұтынушының келісімімен және технико-
экономикалық негізде,ғылыми-зерттеу институттерімен мамандардың келісуі
кезінде жіберіледі.
- Жол және аэродромды төсемедегі бетон үшін, түтін шығарғыш және желдету
құбырларын желдеткіш және бұзылған градирен, электр бергіті жоғары вольтті
желінің тесігі, темірбетонды ағымдағы және ағымысыз құбыр,темірбетон липал,
көмірді құрастыру,опорды құрастыруда МЕСТ 10178 бойынша нормаланған
минералды құрамдағы клинкера негізінде портландцемент қолдануы қажет.
- Ауыр бетондар үшін ірі толықтырғыштар сапасында МЕСТ 8267 бойынша
тығыз таулы құм гравші және қиыршық тастар, МЕСТ 5578 бойынша түсті
металлургия жезді балқымалы қалдықтар және жабысатын домена және
ферробалқытатын шлактардағы түсті металлургиядан алынған қиыршықталған
тастар, сол сияқты МЕСТ 26644 бойынша ТЭЦ шлактардың қиыршық тастар
қолданылады.
- Төменде көрсетілген мемлекеттік стандарттардың талаптарының сапа
көрсеткіштерімен толықтырғыштарды қолдану қажеттілік жағдайында сол сияқты
қазіргі стандарттың талаптары сапасын нормаланған көрсеткіштерімен
бетондарды алуда технико-экономикалық мақтаты үлгідегі және мүмкіндігі
мақылдау үшін оны бетондарда зерттеу арнайы орталықтарда жүргізілуі қажет.
- Ірі толықтырғыштарды бетонға қойылған талаптарға байланысты келесі
көрсеткіштер бойынша таңдайды: түйіршік құрамына және оның ірілігі, шаңды
және сазды бөліктерінің мазмұндауы, зиянды қоспалар, петрографикалы
құрамына және радиационды-гигиеналы сипаттама.
Бетон құрамын таңдау кезінде тығыздығын, кеуектігі, суды сіңіргіштігін
толықтырғыштарды түйіршіктің орташа тығыздығы 2000 нан 3000 кгм3 дейін
болуы қажет.
- Ірі толықтырғыштарды бетон қоспасын дайындау кезінде өлшенген
фракцияларын жеке түрінде қолдану қажет. Толықтырғыштың өте ірілігі бетон
және темір бетон құрастырудың жұмысшы сызбаларда немесе техникалық
жағдайда, стандарттарда бекітілген болуы қажет.

1.4 Эксперименттік бөлім

1.5 Бетонның физика – механикалық қасиеттері

Бетонның ең маңызды құрылыстық қасиеттерінің бірі - оның беріктігі. Ол
бетонның сыртқы күш әсеріне төзімділік қабілетімен сипатталынады. Жүк
астында бетонның бүкіл қиылымы бойынша қирату кернеуі оның беріктік
шегінен асқан кезде, демек, бір бөлігін басқа бөліктерінен ажыратуға
кедергілігінен үстем болған кезде бетон қирайды. Бетон беріктігі көп
факторлы мағынаға ие. Оның ішіндегі ең бастылары: қолданылған
материалдардың сапасы, оның құрамы, дайындау, қатаю, пайдалану және сынау
жағдайлары.Ауыр бетонның беріктігін немесе маркасын стандарттық бетон
кубтарының 15х15х15см қысқандағы мықтылық шегімен анықтайды. Бұл кубтарды
стандартты металлдық қалыптарда жұмысшы бетондық араласпадан жасап, 28
тәулік бойы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бетон араласпасының технологиялық қасиеттері
Әшекей бетондары
Технологиялық карта
Кұрылыста қолданылатын бетонның сапасын сараптау
Газоблок сапасын сараптау
Бетон өнімінің қоспаларын сынау
БЕТОН ҚАЛДЫҚТАРЫН КЕШЕНДІ ЖОЛМЕН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ АЗҚИЫРШЫҚТАСТЫ БЕТОННЫҢ ТИІМДІЛІГІН ЖОҒАРЫЛАТУ
Бетон қоспасын дайындау технологиясы
Қазақстан құрылыс экономикасында бетонның алатын орны және оның даму перспективалары
Темірбетон бұйымдарын қалыптау
Пәндер