Қоғамдық ұйымдар туралы түсінік



Жоспар:
1. Кіріспе
2. Қоғамдық ұйымдар туралы түсінік, белгілері, қызметі;
3. Қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдардың пайда болуы және олардың негізгі құқықтары мен жұмыс істеу принциптері;
4. Қазіргі кезеңдегі қоғамдық.саяси қозғалыстар мен ұйымдар.
5. Қолданылған әдебиеттер.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Кіріспе

2. Қоғамдық ұйымдар туралы түсінік, белгілері, қызметі;

3. Қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдардың пайда болуы және олардың негізгі
құқықтары мен жұмыс істеу принциптері;

4. Қазіргі кезеңдегі қоғамдық-саяси қозғалыстар мен ұйымдар.

5. Қолданылған әдебиеттер.

1. Кіріспе
Қазіргі таңдағы қоғамның саяси өмірі — аса күрделі, әр қилы әрі қарама-
қайшылықтарға да толы. Оған қатысушылардың (саясат субъектілерінің) саны
орасан көп, олардың ішінде ең көрнекті орын саяси партияларға тиесілі.
Партия феодалдық қоғамның буржуазияға өту кезеңінде, яғни XVII ғасырдың
соңы мен XVIII ғасырдың басында қалыптаса бастаған еді. Феодалдық
мемлекетке қарсы әрекеттегі буржуазиялық, жаңа таптық қоғамның өмірге келуі
секілді факторлар осы үрдістердің тезірек қалыптасуына ықпал етті. XIX
ғасырда нақты пайда бола бастаған қоғамдық дамудың тенденциялары саяси
партиялардың қалыптасуына елеулі ықпал етті.
Қоғамдық дамудың әр түрлі бағыттарына тұжырымдар жасаған қалыптасқан
идеологияның нақты түрде көрініс беруі (либерализм, социализм, анархизм)
осы істе зор маңызға ие болды. Ал осы идеологияны қалың бұқараға жеткізетін
және сол мүддені білдіретін бірден-бір қозғалыс саяси партиялар еді.
Шындығында да, демократияның ережелері солардың идеологияларында көрініс
тапты. Олар мынандай бағыттар ұстанды: адамдардың келісімінсіз ешкім де
оларды басқаруға тиісті емес; өздерінің мүдделерін қорғау үшін азаматтар
билік құрылымдарына өздерінің өкілдерін жібере алады; өздерінің саяси
ұйымдарын құруға құқылы. Бұдан басқа да бірқатар демократиялық қағидаттар
керсетілген болатын. Осы аса мәнді демократиялық принциптерді өмірге енгізу
енді партиялардың қажеттілігі туралы мәселені күн тәртібіне койды.
Парламенттік, конституциялық, буржуазиялық мемлекеттердің дамуына орай
бірте-бірте партиялар өздерінің саяси және құқықтық мәртебелерін нығайта
бастады, қоғамның саяси өмірінің аса қажетті элементі екендіктерін танытты.

2. Қоғамдық ұйымдар туралы түсінік, белгілері, қызметі.

Саяси қоғамдық ұйымдарға халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп,
қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде
мүшелікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын
адамдардың бірлестігі жатады.

Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдардың мүдделерін іске
асырудың құралы ретінде пайда болады. Қоғамдық ұйымдар қоғамның саяси
өміріне қатысушы адамдардың мақсаттары мен қарым -қатынастарының әр
алуандылығын білдіреді.

Қоғамдық ұйымдар бірлесе амал, әрекет жасау үшін халықаралық,
жалпымемлекеттік, аймақтық, ұлттық, жергілікті көлемде ресми және бейресми
сипаттағы одақтарға, халықаралық ұйымдарға бірігуі мүмкін.

Қоғамдық ұйымдар әр түрлі келеді. Оған партиялар, кәсіподақтар, жастар
ұйымдары, кооперативтік бірлестіктер, шығармашылық (творчестволық) одақтар,
әр түрлі ерікті қоғамдар (ғылыми, ғылыми-техникалық, мәдени-ағарту,
спорттық, қорғаныс және т.б) жатады. Қоғамдық ұйымдар арқылы миллиондаған
адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өтеді.

Қоғамдық ұйымдар мынадай түрлерге бөлінеді:

1) Қоғамдық-саяси мүдделеріне сай құрылған ұйымдар. Бұған алдына саяси
мақсаттар қойған ұйымдар жатады;

2) Экономикалық мүддесіне қарай құрылған ұйымдар;

3) Таптық белгісіне сай ұйымдар (кәсіподақтар, шаруалар одағы);

4) Қызмет түріне қарай құрылған ұйымдар (ғылыми-техникалық, оқу-
ағарту, денсаулық сақтау, ұлттық-мәдени, спорттық, қорғаныс, діни,
т.б).

Көпшілік ұйымдардың ішінде айрықша көзге түсетіні -кәсіподақтар.
Кәсіподақ - бір мамандықтың немесе өндірістің бір саласында еңбек ететін
адамдарды біріктіретін қоғамдық ұйым. Алғаш рет кәсіподақтар капитализмге
тұңғыш аяқ басқан Англияда XVIII ғасырдың басында пайда болды. Кейінірек
олар өнеркәсібі дамыған барлық елдерде қалыптасады. Себебі, капитализмнің
әкелген аяусыз қанауына төтеп беру үшін жалданушы жұмыскерлер бірігіп,
ұйымдасқан түрде өз мүдделерін қорғайды. Олар жеке адамның өмір сүруіне
қажет ілімдер, ережелер мен айлықтар жүйесін меңгеруге, еқбекшілер мен
олардың отбасы мүшелерінің мәдени деңгейін көтеруге көмектеседі.

Кәсіподақтар өз қызметінде жұмысшы табына сүйенген саяси партиялармен
тығыз ынтымақтастықта болып,солармен бірлесе жұмыс істеген елдерде ең үлкен
рөл атқарады. Кәсіподақтар мен партиялар арасында мұндай келісе қимылдау,
әсіресе, Ұлыбритания, Германия, Скандинавия елдеріне тән. Бүл елдерде
жұмысшы табының арасында социал-демократтардың ықпалы жоғары. Олар
кәсіподақтарға идеологиялық және саяси жағынан әсер етеді. Кәсіподақтар
қамқоршы партияны күшейте түсуге және олардың үкімет басында ұзағырақ
болуына мүмкіндік жасауға тырысады. Бұл үшін олар жүмыс берушілермен
ымыраға келіп, еңбек нарқында тыныштықты сақтауға күш салады. Мұндайды
"жауапты" кәсіпорын дейді.

Үкіметке қарсы күрес жүргізуші партиялармен одақтасқан кәсіподақтар
болады. Олар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатына тікелей әсер
етпейді. Мемлекет тарапынан оларға да ешқандай көмек болмайды, мұндай
кәсіподақтарды "жауапсыз" кәсіподақтар дейді. Біздің республикамызда
кәсіподақтар мемлекеттік және қоғамдық істерді шешуге араласады.
Еңбекшілердің еңбек және тұрмыс жағдайларын жақсарту, олардың материалдық
және мәдени дәрежесін арттыруға басты көңіл бөледі. Олар еңбек және демалыс
жағдайларын жүйеге келтіретін заңдар мен қаулыларды, ұжымдық шарттарды
жасауға тікелей қатысады, әлеуметтік қамсыздандыру ісін басқарады, еңбек
сақтау мен техника қауіпсіздігінің ережелері сақталуын қадағалайды.
Шаруашылық басшыларын тағайындау мен босату мәселелері кәсіподақтармен
келісіліп шешіледі.

Кәсіподақтар өз міндеттерін үш түрлі жолмен шешеді:

1) Жұмысшылардың экономикалық, әлеуметтік тұрмыс жағдайын түзетуге
арналған өкімет тарапынан жекелеген жеңілдіктердің болуы;

2) Үздіксіз ереуілге шығып, өкіметке күшпен қысым жасау;

3) Кәсіподақтардың өз көзқарасын өкіметтің саясатымен сәйкестендіріп,
мемлекет, кәсіпкерлердің өкілдерімен бірлесе отырып, өзара тиімді
шешім іздестіру.

Аталған үш жолдың ішінде қазіргі кезде пайдалысы үшінші жол деп жүр. Мұны,
әсіресе, үкімет басында социал-демократтар отырған елдерде кеңінен
қолданылады.

Қоғамдық бірлестіктердің көпшілігі саяси өмірде белсенділік
танытқанымен, тікелей саясатқа араласа қоймайды. Шет елдерде, солардың
ішінде белдісіне қысымшы топтар жатады. Іс жүзінде олар парламент пен
үкіметке кеңес беру және оларды арнаулы нормативтік қызмет мәселелері
бойынша тиісті ақпараттармен қамтамасыз ету үшін құрылады. Қысымшы топтар
өз аттарынан сайлауға қатынаспайды. Олар мемлекеттік органдарға
идеологиялық ықпал жасаудан бастап, сатып алуға дейінгі қысым көрсетудің
алуан түрлерін пайдаланады. АҚШ-та бұларды лоббистік ұйымдар, мүдделі
топтар деп атайды. Ұлыбританияда оларды парламент агенттері дейді. Олар
көбінесе мүдделерінің ортақтығы негізінде және бұл топ пен билік
органдарының арасында болғанда пайда болады.

Қоғамдық ұйымдар белгілері:

1) Мүшелердің еріктілігі;

2) Анық мақсат қоюы;

3) Салыстырмалы ірі бірлестіктің болуы;

4) Жарғының болуы;

5) Өз бетінше басқарылуы;

6) Басқару органдары сайланады;

7) Қажетті материалдық негіз;

8) Билікке ұмтылмайды.

Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды
өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан
қоғамдық күштерді айтады. Саяси қозғалыстың ерекшелігі ол үкімет үшін
немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі.

Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп
болады:

1) Жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе алмайды.
Сондықтан өзі сияқтылармен топтасады;

2) Экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар, наразылықтар себеп болады.
Мысалы: Жаңаөзеңдегі (1989 ж.) әлеуметтік жағдайға наразылықтан онда
"Бірлік" деген ұйым қүрылды, ал Шевченко қаласында сол уақытта Парасат
деген ұйым дүниеге келді;

3) Ұлттық мәселелердің шешілмеуі. Мысалы, Қазақстанда Азат, Желтоқсан
партиялары солай туған болатын.

Саяси қозғалыстар көпшілік партияны құру жолындағы алғашқы саты болуы
мүмкін. Қозғалыстың партияға тән ұйымы, жұмысының бірыңғай бағдарламасы,
басқаруда айқын принциптері болмайды. Әдетте, оның әділеттілік, бостандық,
қарусыздану, бейбітшілік үшін күрес, ұлттың жаңарып өркендеуі, айналадағы
ортаны қорғау, т.с.с. жалпыхалықтық, азаматтың талаптарға негізделген басты
мақсаты қалыптасады. Бұл ұрандар көпшіліктің көңілінен шығып, бастарын
қосады, тіпті өзара айтарлықтай айырмашылықтары бар қоғамдық таптарды да
біріктіруі мүмкін. Көбіне қозғалыстар стихиялы түрде пайда болады.

Саяси қозғалыс бір қалыпта тұрмайды. Ол дамып, өзгеріп отырады және мынадай
сатылардан тұрады:

1) Қозғалысқа қажеттілік және оның пайда болуы;

2) Үгіт-насихат, әрекет ету сатысы;

3) Дамыған жұмыс кезеңі;

4) Саяси қозғалыстың өшу сатысы.

Қоғамдық қозғалыстардың ішінде кең тарағанының бірі - "Халық
майдандары". Оларға жалпы қоғамға қатысы бар, әлеуметтік таптардың
барлығының немесе көпшілігінің мүддесін қамтитын мәселелерді шешуге
бағытталған бірлестіктер жатады. Олар жалпы демократиялық принциптердің
негізінде құралады және жүмыс істейді. Онда қатаң айқындалған ұйымның түрі
мен мүшелігі болмайды. Оның құрамына қалың бұқара халықтың мүддесін
көздейтін саяси партиялар, кәсіпорындар, жастар және т.б. ұйымдар да кіруі
мүмкін. Халық майдандарының мынандай түрлері бар.

Қоғамда терең батыл өзгерістер кезінде саяси күштер дүниеге келіп,
қалыптасады. Сол саяси күштерден пайда болған халық майдандары. Бұған мысал
ретінде Африка, Азия елдерінде ұлттық азаттық алу барысында пайда болған
халық майдандарын келтіруге болады. Олардан кейін әлеуметтік топтардың
бөлшектенуі және саяси партиялардың мақсатының өзгеру барысында басқа
қозғалыстар шығуы мүмкін.

Өздерінің саяси ықпалы жетіспегенде маңызды мақсатқа жету, саяси
билікті алу үшін саяси партиялардың немесе олардың көсемдерінің бастауымен
құрылған халық майдандары. Мысалы, 80 жылдары КСРО-да пайда болған халық
майдандарын жатқызуға болады.

Соғысқа, фашизмге қарсы, демократияны қорғау үшін интернационалдық
негізде қалыптасқан халық майдандары. Олар 20-ші ғасырдың 30 жылдарында
капиталистік елдерде пайда болып, соғыс алдындағы жылдары фашизмге қарсы
күресті басқарады. Мысалы, Францияда халық майдандары 1936 жылдың
көктемінде парламент сайлауында және сүйенген үкімет боп елде фашизмнің
дамуына жол бермеді. 1936-39 жылдары Испанияда халық майдандары бұқара
халықты топтастырып, оларды фашизм мен реакцияға қарсы күреске жұмылдырды.

Жалпы екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында фашизммен реакцияға қарсы
күресте көптеген елдердің халық майдандары асқан зор рөл атқарды. Халық
майдандарының ерлігі 1991 жылы тамыз айында Ресейде төңкеріс жасауға
тырысқан бүлікшілерден демократияны қорғауда да айқын көрінді.

Бейресми бірлестіктер жастардың, студеттердің арасында да кең орын
алады. Олар алдына қойған мақсаты мен түрі, іс әрекеті мен тұрақтылығы,
оған қатысушылардың жасы мен жынысы жағынан әр алуан.

Олардың ішінде қоғамдық саяси, экологиялық, экономикалық, әлеуметтік,
діни, спорттық т.б. мәселелермен айналысатындары бар. Бірақ көбі мәдени-
шығармашылық және бос уақыттарын қалай өткізуге арналады. Оған әуесқой ән
шығарушылар, орындаушылар клубтары, өнер, театр, кино, би, және т.с.с.
төңірегіндегі шығармашылық бірлестіктер, кейбір орындаушылар мен спорт
клубының жанкүйерлерінің бірлестігі жатады.

Белгілі жастар қозғалысына Металистер, Фанаттар, Панкілер,
Хиппилер, Роккерлер, Брейкерлер, Пацифистер және т.с.с. жатады.

Қазіргі уақытта мынадай саяси қозғалыстар бар:

1) Консервативтік бағыттағы қозғалыстар: өткенді көксеу, дәріптеу, оны
сынсыз қабылдау, сонымен қатарлы дәстүрлі саяси формалар мен институттарға
ерекше сенім арту;

2) Реформистік бағыттағы қозғалыстар: олар капиталистік қоғамды бірте-бірте
реформалауды мақсат етеді;

3) Демократиялық қозғалыстар: өзекті мәселелерді демократиялық тұрғыда
шешуге бағытталған әр түрлі либералдық, діни, бейбітшілік және т.б.
ұйымдардың қызметі;

4) Неоконсервативтік қозғалыстар: мемлекеттің капитал мүддесіне бағынуы,
қызмет етуі, жеке-дара белсенділікті, әлеуметтік-теңсіздікті қолдау,
дәстүрлі моральдық мұраттарды дамытуды көздейді;

5) Революциялық бағыттағы қозғалыстар: бұлар - қоғамның әлеуметтік-
экономикалық құрылымында сапалы өзгерістер жасау арқылы дамудың
прогрессивті жолына түсуді көздейтін жұмысшы және коммунистік қозғалыстар.

Қоғамдық саяси қозғалыстардың түрлері

Негіздері Сипаты
Өмір сүрген құрылысқа Консервативті, реформаторлық, революциялық,
қатынасына контрреволюциялық
Таптың белгісі бойынша Топтық (жұмысшылар, шаруалар,
буржуазиялық), топаралық (ұлтазаттық,
антифашисттік т.б.), топтан тыс (зиялылар
т.с.с.)
Ұлттық белгісі бойынша Ұлтазаттық, ұлттын өзін-өзі сақтау
Демографиялық белгісі Жастар, студенттер, ардагерлер т.с.с.
бойынша
Ұйымдастыру деңгейі Стихиялы нашар ұйымдасқан, жоғары
ұйымдасқан
Көлемі жағынан Халықаралық, аймақтық, елде, штатта,
республикада
Әдістері, қызметі Ашық немесе жасырын формальді, бейресми

3. Қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдардың пайда болуы және олардың негізгі
құқықтары мен жұмыс істеу принциптері.

Қазіргі Қазақстанның қоғамдық дамуына алдымен саяси плюрализмнің орнығуы
мен дамуы тән. Бұл әртүрлі қоғамдық және саяси бірлестіктердің пайда болуы
мен дамуына байланысты. Олардың көбі бұрынғы клубтардан пайда болған.
Мысалы, 1988 жылдың жазында Көк майдан ассоциациясы пайда болды. Ол
астана ауасын ластайтын және Сорбұлақ көлі плотинасының бұзылып кету қаупі
сияқты мәселелерімен айналысты. Бірінші рет көпшілік ұйымдара да пайда бола
бастады. Солардың бірі халықаралық антиядролық Невада–Семей қозғалысы.
Бұл ядролық сынақтарды тоқтатуда ұлкен рөл атқарды. 1988 ж. соңында
Мемориал қозғалысымен бастауымен, оның бөлімшелері Алматы, Ақмола, Семей,
Петропавловск қалаларында құрылған болатын. Халықаралық қоғамға айналған
оның мүшелері Сталин кезеңінде қуғын сүргінге ұшырағандар туралы
тарихи–архив жұмыстарымен айналысып және оларға қайырымдылық көмек
көрсетті.

1989 жылдың сәуір–мамыр айларында студенттер мен басқа да жастар ұйымдары
пайда болды. Қоғамдық саяси ұйым Форум бірнеше студенттік ұйымдар
негізінде ұлттық бағытта құрылды. Республикалық студенттер кеңесі олардың
әлеуметтік құқығын қорғаумен айналыса бастады. 1990 ж. Қаңтарында Бірлік
тобы негізінде әскери–саяси ұйым мен тәуелсіз студенттер Одағы құрылды.
1990 жылдың көктемінен саяси партиялар мен саяси – қоғамдық қозғалыстардың
пайда болу процесі басталды. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық ұйымдар туралы түсінік, белгілері, қызметі.
Қазіргі әлемдік үрдісті реттеу және жаңа әлемдік саясат
Ұйым туралы түсінік, оның түрлері
Қоғамдық ұйымдар және қоғамдық қозғалыстар
ҚҰҚЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТҮСІНІГІ
ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ТҮСІНІК БЕРУ ТУРАЛЫ
Заңды тұлға туралы түсінік және оның түрлері
Құқықтық нормаларды іске асыру және оларға түсінік беру
Саяси жүйе және мемлекет. Құқықтың әлеуметтік нормалар
Заңды тұлға туралы ақпарат
Пәндер