Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының еуропа векторының халықаралық құқық қырлары


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Халықаралық қатынастар факультеті

Халықаралық құқық кафедрасы

Бітіру жұмысы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ

ЕУРОПА ВЕКТОРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚЫРЛАРЫ

Алматы

2007

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

  1. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының Еуропа векторының жалпы анықтамалық жүйесіҚазақстанның сыртқы саясаты еуропалық векторының мәні мен мазмұныЖалпы және арнайы нормативтік актілердегі еуропалық вектордың орны және рөлі
  2. Қазақстан Республикасының арнайы еуропалық құрылымдарымен қарым-қатынасыЕуропалық Одақ және Қазақстан серіктестігі мен ынтымақтастығының құқықтық негіздеріҚазақстан және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы арасындағы екі жақты қатынастар үрдісіҚазақстан Республикасының Еуропа Кеңесі ұйымына қосылу мәселелері мен олардың шешу жолдары
  3. Қазақстан Республикасы мен Еуропа мемлекеттері арасындағы екіжақты қатынастар«Ескі Еуропа» мен солтүстік Еуропа мемлекеттері және Қазақстан РеспубликасыОрталық және шығыс Еуропа мемлекеттерінің Еуропалық Одақтың жаңа мүшелері мәртебесінде Қазақстан Республикасымен қарым-қатынастары

Қорытынды

Библиография

3

7

7

12

18

18

29

36

42

42

50

55

58

КІРІСПЕ

1991 жылы бұрынғы КСРО орнында пайда болған жаңа мемлекеттер үшін өз ішкі және сыртқы саясатын қалыптастырудың, дүниежүзілік қауымдастықта өз орнын алудың мақсаты пайда болды. Бұл мақсатқа жетуде Қазақстан Республикасы өз алдына нақты міндеттер қойды. Қазақстан ядролық қарудан бас тартып халықаралық аренаға бейбіт мемлекет ретінде шығу, жаңадан қалыптасып келе жатқан көпполярлы жүйенің мәнін ескере отырып, сыртқы саясатының бағыттарын барынша диверсификациялау жолын таңдады. Сол бағыттардың бірі болып Еуропа векторы табылады. Көпвекторлы сипаттағы Қазақстан Республикасының сыртқы саясатында экономика, саясат және мәдениеттің дүниежүзілік орталығы болып табылатын Еуропа ерекше орын алады. Яғни Қазақстанның Еуропамен қарым-қатынастарды дамытудың қажеттілігі мен басымдығы Еуропаның дүниежүзілік саясатта, экономикада, білім беруде және мәдениетте алатын орнымен сипатталады.

Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының Еуропа векторының мақсаттарын екіжақты қатынастармен қатар көпжақты нысандағы қарым-қатынастар арқылы жүзеге асырады. Өйткені қазіргі таңда интеграцияның ерекше үлгісін көрсетіп жатқан Еуропамен ынтымақтастықты дамытуда Еуропалық Одақтың рөлі ерекше. Яғни, болашақта Еуропаның атынан сөйлеп, ортақ сыртқы саяси бағытты анықтайтын ұйыммен ынтымақтастық пен серіктестікті дамыту - Қазақстан үшін басым мақсатқа жатады. Оған қоса әртүрлі бағыттарда әрекет ететін еуропалық құрылымдармен байланыс орнату мен дамыту Қазақстан Республикасы үшін маңызды болып табылады.

Өз жағынан еуропа меммлекеттері үшін Орталық Азиядағы сыртқы саясатының мәселелі қыры болып аймақтағы серіктесті табу мен сыртқы саясатын сол серіктес арқылы жүргізу болып табылады. Аймақтағы көшбасшы рөліне талпынған Қазақстан Республикасы үшін сыртқы саясатын жүзеге асыруда осы факторды пайдалануы маңызды болып табылады.

Еуропа мемлекеттері мен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым-қатынастар бастапқы кезеңнен экономикалық бағыт алып, ерекше мәселе болып энергетикалық сұрақ табылатынын атап өткен жөн. Бұған дәлел болып Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған сәтінен бірінші қосылған көпжақты құжат болып Еуропалық Энергетикалық Хартия екендігі табылады. Яғни, Еуропа да, Қазақстан да өзара тиімді қарым-қатынасты дамытуда мүдделі. Ал бұл мүдделер мен қызығушылықтарды жүзеге асырудың мүмкіндіктері қандай және қандай кедергілер болуы мүмкін сұрағына жауапты табу үшін бұл қатынастардың халықаралық құқық қырларын зерттеу қажет.

Осы бітіру жұмысының өзектілігі қысқаша түрде келесідей. Біріншіден, 1 қаңтар 2007 жылы Еуропалық Одақ мүшелер саны 27 мемлекет болды. Екіншіден, 2007 жылы маусымда Еуропалық Одақ Орталық Азияға қатысты жаңа стратегия қабылдауға дайындалып жатыр1. Яғни, Біріккен Еуропа шекаралары кеңеюде және Еуропа мемлекеттерінің Орталық Азия аймағында, соның ішінде Қазақстанға қатысты қызығушылығы өсуде. Ал энергетикалық мәселелердің күннен күнге көбейе беруіне байланысты жақын уақыт арасында Еуропаның бұл қызығушылығы кемімейтіні анық. Қалыптасып отырған осындай жағдайларда Қазақстан Республикасының қабылдаған сыртқы саяси бағытын жүзеге асыруға халықаралық құқық қандай жағдайлар жасайтынын зерттеу, және ондай жағдайлар болмаса, қойылған мақсатқа жету үшін қандай нормативтік негіз қалыптастыру қажеттілігі өзекті мәселе болып табылады.

Проблеманың зерттелу жағдайын сипаттау кезінде, келесі тұжырымға келеміз. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты тақырыбына көп зерттеулер арналған. Атап өтетін болсақ, Қазақстан Республикасының көрнекті саяси тұлғасы, сыртқы істер ведомствосының бұрынғы басшысы Тоқаев Қ. Қ. еңбектері: «Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының өзекті мәселелері»2, «Тәуелсіздік туының астында»3, «Қазақстан Республикасының дипломатиясы»4. Бұл еңбектерде Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негіздері, жүзеге асырылу қағидалары және бағыттары қарастырылады. Қазақстан мен Еуропа мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастарды сипаттауға кейбір тараулар ғана арналған. Нақты Қазақстан мен Еуропа арасындағы қарым-қатынастар бойынша маман болып ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің профессоры Ибрашев Ж. О. табылады. Бұл жұмысты орындау кезінде аталған маманның «Қазақстан Республикасы сыртқы саясатындағы Еуропалық Одақ» атты еңбегі пайдаланылды5. Аталған мәселе «Еуропалық интеграция және адам құқықтары»6, «11 қыркүйектен кейінгі Орталық Азия»7 сияқты мақалалар жинақтарында қарастырылады. Алайда Қазақстан мен Еуропа мемлекеттерінің қарым-қатынастарының нақты құқықтық қырларына арналған еңбектер жеткілікті емес. Бұл тақырыпқа арналған іргелі зерттеулер жоқтың қасы. Аталмыш қатынастардың құқықтық реттелуіне ағымдағы басылымдардың жеке мақалалары арналған. Бұл мақалаларда Қазақстан Республикасының Еуропамен қарым-қатынастардың нысандарының жеке түрлерінің құқықтық қырлары зерттеледі. Мысалы, жұмыстың авторы жиі түрде келесі мақалаларға жүгінді: «Азиядағы өзара әрекеттесу және сенім шаралары бойынша кеңес процесі үшін аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының халықаралық-құқықтық тәжірибесін пайдалану» (Аманжолов Ж. М. ) 8, «Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Орталық Азия векторы» (Аманжолов Ж. М. ) 9, «Еуропалық Одақ және Қазақстан Республикасы ынтымақтастығының құқықтық аспектілері» (Байзақова Қ. Е. ) 10.

Осылайша, Қазақстанның сыртқы саясатының Еуропа векторының құқықтық қырларының жеткіліксіз зерттелуі жұмысты дайындауда қиыншылық тудырды. Сондықтан автор негізінен бірінші реттік қайнар көздерге, яғни, нормативтік құқықтық актілерге, халықаралық құқықтық актілерге жүгініп отырды.

Бітіру жұмысының мақсаты болып Еуропа векторының Қазақстан Республикасы сыртқы саясатындағы мәнін анықтау арқылы Қазақстан мен Еуропа мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастардың құқықтық реттелуін зерттеу.

Анықталған мақсатқа сәйкес зерттеу кезінде келесі міндеттер қойылды:

  • Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы Еуропа мемлекеттерінің орны мен рөлін нормативтік актілерді талдау арқылы анықтау;
  • Қазақстан Республикасының дүниежүзіндегі бірден бір саяси құрылым - Еуропалық Одақпен ынтымақтастығының құқықтық реттелуін анықтау;
  • Қазақстанның Еуропадағы арнайы құрылымдарда қатысуының мәселелерін қарастыру;
  • Қазақстан Республикасының Еуропа мемлекеттерімен екіжақты қатынастарының құқықтық негіздерін зерттеу.

Зерттеудің объектісі болып Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы әрекеті негізінед туындайтын қоғамдық қатынастары табылады. Ал зерттеу пәні Қазақстан Республикасының Еуропа континентінде орналасқан мемлекеттермен қарым-қатынастарының құқықтық реттелуі болып табылады.

Зерттеу кезінде ғылыми танымның жалпы әдістері қолданылды. Атап өтсек, нормативтік актілерді зерттеу, салыстыру, талдау және синтез. Бұл әдістерді пайдалану арқылы аталған пәнді зерттеуге қол жеткізілді.

Мәселені зерттеу барысында жасалған және қорғауға шығарылатын ережелер келесі.

  1. Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының толық мүмкіншіліктерін ұйымды реформалау бағытындағы ұсыныстарды жасау арқылы пайдалану қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі уақытта аталған еуропалық ұйым өзінің негізгі үш бағыттағы қызметтерінің біреуін ғана (адам кеңістігі) атқаруда. Бұның өзі республикамен қарым-қатынастарын тек сайлау процестерін сынға алумен байланысты. Ұйымды реформалау арқылы қол жеткізуге болатын әскери-саяси, экономикалық-экологиялық потенциалдарын пайдалану қажет. Алайда ұсынылатын реформалаудың нақты жолдары тереңірек зерттеуді қажет етеді.
  2. Қазақстан Республикасының Еуропа Кеңесінде мүше мемлекет ретінде қатысу - халықаралық құқық нормаларына қайшы келмейді және адам құқықтарын қорғауда Қазақстан үшін алға үлкен қадамы болады. Еуропалық адам құқықтары жөніндегі сотқа жүгіну мүмкіндігі - Еуропа Кеңесінің мүшелеріне ұсынылатын игілік. Бұл мүмкіншілікті пайдалана алу үшін Еуропа Кеңесінде тек бақылаушы немесе «арнайы шақырылған» мәртебесін алу жеткілікті емес. Сондықтан бұл ұйымда мүшелікке барынша ұмтылу қажет.
  3. Қазақстан Республикасының еуропалық құрылымдармен ынтымақтастығын еуропа мемлекеттерімен екіжақты қарым-қатынастарды дамыту арқылы нығайту. Екіжақты қатынастардың мүмкіндігінше терең және өзара тиімді болуы, бұл байланыстың көпжақты нысандағы қарым-қатнастарда өз жағымды әсерін тигізеді. Сондықтан, Еуропа мемлекеттерімен, әсіресе шығыс және орталық еуропа мемлекеттерімен екіжақты байланыстардың құқықтық негіздерін кеңейте беру қажет.

Зерттеу кезінде жасалған қорытындылар мен қол жеткізілген нәтижелер Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын, Қазақстан Республикасының Еуропа мемлекеттерімен қарым-қатынастарының құқықтық қырларын зерттеуге және талқылауға өз үлесін қосады. Жинақталған екіжақты келісімдер тізімдері, еуропалық құрылымдар туралы жинақталған ақпарат зерттеуді жалғастыруға көмек көрсетеді. Ал жалпы жұмысты дайындау барысында жасалған қорытындылар заңнаманы, халықаралық құқықтық нормаларды жетілдіруге қолдану мүмкіншілігі бар. Осы аталғандар жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңыздылығын құрайды.

Жұмыстың құрылымы қалыпты кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және библиографиядан тұрады. Негізгі бөлім үш бөлімнен, бірінші және үшінші бөлім екі кіші бөлімнен, ал екінші бөлім үш кіші бөлімнен тұрады. Негізгі бөлімде, біріншіден, халықаралық актілер мен ішкі нормативтік актілерді талдау арқылы сыртқы саясаттағы Еуропа векторы түсінігіне, яғни оның орны мен рөліне анықтама беріледі. Екіншіден, Еуропадағы интеграцияның маңызын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Еуропадағы құрылымдармен ынтымақтастығының құқықтық негіздерін қарастыру көзделген. Үшіншіден, автор Қазақстанның еуропа мемлекеттерімен екіжақты қатынастарының реттелуін сипаттауға тоқталады. Яғни, жұмыстың құрылымдық элементтерінің осындай кезектілігі жоғарыда аталған міндеттерге қол жеткізу үшін жасалған. Бітіру жұмысының жалпы көлемі - 64 бет.

1. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты еуропалық векторының жалпы анықтамалық жүйесі

Қазақстан Республикасы сыртқы саясаты еуропалық векторын дұрыс түсіну мақсатында оның мәні мен мазмұнын, және нормативтік актілерде алатын орнын ұғыну қажет.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын, соның ішінде еуропалық веторын Конституция бойынша Президент анықтайды. Сондықтан ҚР Президенті жасаған ресми мәлімдемелерге мұқият шолу жасау арқылы Қазақстан Республикасы Конституциясы негізінде сыртқы саясат нақты бағытының мәнін ашуға мүмкіншілік туады. Ал сыртқы саясат белгілі бағытының мазмұнын ашу үшін міндетті түрде оның мақсаттары мен міндеттерін, көрініс алу нысандары мен бағыттарына сипаттама беру қажет. Бұл мақсатқа жету үшін ҚР сыртқы саясатын «іске асырушылар», зерттеушілер еңбектерін қарастыру міндеті тұр. Мұндай ақпарат ресми мәлімдемелер, ғылыми еңбектер, жалпы жаңалықтар легімен қатар нақты нормативтік актілерде орын алады. Осындай жалпы және арнайы сипаттағы нормативтік актілерге талдау жасай отырып олардағы сыртқы саясат еуропалық векторының рөлін, және жалпы сыртқы саясат бағытын анықтау және жүзеге асырудың мүмкіншіліктерін түсінуге болады.

Аталған жолдар арқылы осы бөлімде ҚР сыртқы саясаты еуропалық векторының анықтамалық жүйесін қалыпатстыру көзделген.

  1. Қазақстанның сыртқы саясаты еуропалық векторының мәні мен мазмұны

Сыртқы саясат деп мемлекеттің халықаралық істердегі жалпы бағытын айтады. Ол мемлекеттің халықаралық қатынастардағы әрекеттерінің мақсаттарын, міндеттері мен бағыттарын, және де нысандары мен әдістерін анықтайды. Сыртқы саясат кез келген мемлекеттің егемендігінің көрінісі. Өйткені мемлекеттік егемендік - мемлекеттің өз аумағындағы билігі және халықаралық қатынастардағы тәуелсіздігі. Яғни егемендік деп мемлекеттің ерекше саяси-құқықтық қасиетін айтады. Бұл қасиет мемлекетке оның пайда болған сәтінен тиесілі және мемлекеттің жойылуымен бірге жойылады11. Ал сыртқы саясат егемендіктің, мемлекет болудың бірден бір белгісі12.

Қазақстан Республикасы 16 желтоқсан 1991 жылы Тәуелсіздік туралы заң қабылданғаннан бері халықаралық жүйенің толыққұқықты субъектісі болды. Жаңа мемлекет алдына сыртқы саясат концепциясын, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және сыртқы экономикалық қызметінің концепцияларын құрудың міндеті пайда болды. Бұл мақсаттар Қазақстан үшін қиын болды, өйткені сол уақытқа дейін өзінің сыртқы саясаты, сыртқысаясаттық доктринасы, дипломатияны жүргізу тәжірибесі, ұлттық дипломатиялық кадрлары жоқ еді13. Қазақстан осы іргелі міндеттерді жүзеге асырудың тәжірибесі жоқ болғандықтан бұл жұмыстарды жаңадан бастауы қажет болатын.

Жалпы Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының орнығуын үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең - сыртқы саясаттың құрылуы мен орнығуы, яғни 1990 жылдардың бірінші жартысы; екінші кезең - республиканың сыртқы саясаты қызметінің тереңдеуі мен дамуы; үшінші кезең - 11 қыркүйектегі қаралы оқиғалардан бастап, Қазақстан республикасының сыртқы саясатының дүниежүзіндегі стратегиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты түзетілуі14.

Атап өтілген кезеңдерге негізделетін болсақ, «Көпвекторлы дипломатия» доктринасы екінші кезеңде пайда болды. Бұл доктрина бірінші кезеңде қалыптасып жұмыс істеп келген «Еуразиялық көпір» концепциясының трансформациясынан пайда болады. Сыртқы саясаттың негізі болып көпвекторлық қағидасы орнығады, бұл қағидаға сәйкес мемлекет өзі үшін маңызды бағыттардың барлығында тең және диверсификацияланған қатынастар орнатады. Қазақстан үшін басты бағыттар мен әріптестер болып Ресей, Қытай, ТМД елдері, АҚШ, Еуропа және де Жапония, Үндістан, Түркия, Иран анықталады.

Көпвекторлы сыртқы саясат концепциясына сәйкес Қазақстан қарым-қатынастарын тек қана жақын көршілерімен ғана емес, кеңірек саяси және географиялық кеңістікте байланыстар мен ынтымақтастықты дамытуды жөн көреді. Әрине осындай сыртқы саясат республиканың экономикалық және саяси мүмкіншіліктеріне сәйкес болуы тиіс15.

Жалпы осылайша Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын аша келе, және оның «көпвекторлығын» түсіне отырып, бұл бөлімде ҚР сыртқы саясатының нақты еуропалық бағытының мәні мен мазмұнын ашуға мақсат қойылған.

ҚР Президентінің ресми мәлімдемелеріне негізделе отырып Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты еуропалық векторының мәнін келесідей түрде анықтауға болады: қазіргі дүниежүзілік тәртіпті анықтауға маңызды үлес қосатын мемлекеттермен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту. Яғни Еуропамен қарым-қатынасты дамытудың болашағы мен қажеттілігі Еуропа мемлекеттерінің дүниежүзілік саясат, экономика, білім беру мен мәдениетте алатын орнымен түсіндіріледі16.

Тақырыпты жалғастыра отырып ҚР сыртқы саясатының еуропа векторының мазмұнын айқындау үшін осы бағыттағы сыртқы саясаттың (i) мақсаттарын; (ii) міндеттерін; (iii) нысандарын; және (iv) бағыттарын анықтау қажет.

Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан - 2030» Қазақстан халқына жолдауында белгіленген бірінші ұзақ мерзімді басым мақсат болып Ұлттық қауіпсіздік белгіленген. Осы бағыттың негізгі құрамдас бөлігі - демократиялық, индустриалды дамыған мемлекеттермен байланысты күшейту. Бұл мемлекеттер тәуелсіз және дамыған Қазақстанды құру олардың ұлттық мүдделеріне сай келетіндігін түсіне бастауда. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі басты мақсат сыртқы саяси қызметке бағытталған және оның негізі болып дүниежүзінің көшбасшы мемлекеттерімен қарым-қатынас құру болып табылады17. Бұл көшбасшы мемлекеттерінің қатарына әрине жоғары дамыған Еуропа мемлекеттері жатады және осы бағыттағы сыртқы саясаттың (i) мақсаты Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.

Жалпы айтқанда Қазақстан Республикасының Еуропа елдерімен ынтымақтастықта мүдделілігі келесімен түсіндіріледі: біріншіден, Еуропадағы интеграцияның жоғары деңгейімен, екіншіден, ҚР аумағының кейбір бөлігі Еуропада орналасқанымен байланысты18. Яғни бұл пікірді талқылайтын болсақ, Қазақстанның Еуропа мемлекеттерімен қарым-қатынаста қызығушылығында іргелі екі себеп жатыр және олар сыртқы саясаттың Еуропа бағытындағы негізгі (ii) міндеттерді құрайды: біріншіден, Еуропа мемлекеттерінің тәжірибелерін (соның ішінде интеграция мәселесіндегі тәжірибесі) Қазақстан өз мақсатына пайдалану; екіншіден Еуропа мен Қазақстан шартты түрде көршілес болғандықтан (Еуропа Одағының шекаралары кеңеюде, және де география тұрғысынан Қазақстанның бір бөлігі Еуропа континентіне жатады) екі жақта да орын алып жатқан оқиғалардың өзара қауіпсіздік, экономика және басқа да мәселелер үшін әсері зор; сондықтан қарым-қатынас бағыттарын мүмкіндігінше диверсификациялау. Яғни жоғарыда атап өтілген мақсатқа жету үшін осы міндеттерді орындау керек.

Соңғы уақытта ҚР ішкі реформаларының үрдісіне сәйкес сыртқы саясат мақсатына жетудің жаңа міндеттері қойылып жатыр. Қазіргі сыртқы істер министрі Марат Тажин Қазақстан Республикасы Батыс мемлекеттері үшін Орталық Азиядағы іргелі серіктес ретіндегі рөлді қалыптастыруда, және оны бекіту қажет деп санайды. Оған қоса ҚР экономикасының қарқынды даму арқасында дамыған мемлекеттерден тек үйрену міндеті (жоғарыда аталғандай) ғана емес, отандық бизнес мүдделеріне сыртқы рынокта, соның ішінде Еуропада, қамқорлық жасау қажет19.

Қазіргі уақытта Еуропалық Одақтан дамыған сауда-экономикалық және саяси интеграциялық бірлестік жоқ. Халқы саны соңғы кеңеюден кейін 500 млн. адам шамасында, жалпы ішкі өнімі Америкамен теңестіруге келетін және Жапонияның жалпы ішкі өнімінен үш есе артық. Дүниежүзілік тауарлар саудасының 40 процентін, қызмет көрсетудің 30 процентін қамтамасыз ететін, АҚШ-тан кейінгі ғылыми-техникалық және қаржылық мүмкіншілігі бойынша екінші орындағы бірден бір құрылым болып табылады20.

Қазақстан Республикасының сыртқы саяси қызметі бірінші күннен бастап екі деңгейде: көпжақты және екіжақты деңгейде жүзеге асырыла бастады21. Дәл осыны сыртқы саясаты еуропа бағытының (iii) нысаны деп атаймыз, яғни сыртқы саясаттың нақты көрініс алуы. Көпжақты деңгейде Қазақстан Еуропалық Одақпен, Еуропалық қайта құру мен даму банкімен, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен (ЕҚЫҰ) белсенді түрде ынтымақтаса бастады. Екіжақты деңгейдегі қарым-қатынасты қарастыратын болсақ, қазіргі кезде Қазақстан дүниежүзінің 120 мемлекетімен дипломатиялық қатынастар орнатқан, солардың ішінде Еуропа мемлекеттері алдыңғы қатарда. Қазақстан сыртқы саясатының еуропа бағытын жүзеге асыруын аталмыш екі нысанның жағымды жақтарын толықтай пайдалану қажет, және тек бір нысандағы ынтымақтастықты жүзеге асыруға талпынбауы керек. Әрине Еуропалық Одақ болашақта басқа елдермен қарым-қатынаста бүкіл Еуропа атынан әрекет ететін болады22. Сондықтан көпжақты форматтағы қарым-қатынастың маңыздылығын елемеу қателік. Алайда осы көпжақты ынтымақтастықты жүзеге асырудың жемістілігі Қазақстан Республикасының Еуропа елдерінің әрқайсысымен екіжақты қарым қатынасына тікелей байланысты. Осылай сыртқы саясат бағытының нысандарының диверсификациясының маңыздылығы көрініс табады.

Сыртқы саясат еуропалық векторын жүзеге асырудың (iv) бағыттарын келесідей анықтауға болады.

Негізгі бағыттардың бірі халықаралық қарым-қатынастар үшін құқықтық негіз жасау. Сыртқы саяси бағытты эффективті түрде жүзеге асыру үшін қабылдауға қажетті негізгі шарттар тізімі бар:

  1. Мемлекетаралық қатынастардың қағидалары туралы келісімдер;
  2. Инвестицияларды қолдау және өзара қорғау туралы келісімдер;
  3. Екіжақты салық салуға жол бермеу туралы келісімдер;
  4. Құқықтық көмек туралы келісімдер;
  5. Консулдық қатынастар туралы келісімдер;
  6. Мәдениет және гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы келісімдер23.

Жалпы мүмкіндігінше барлық қатынастардың құқықтық реттелуі олардың эффективтілігінің негізі болып табылады.

Басымды бағыттардың бірі болып сыртқы экономикалық қатынастарды дамыту мен нығайту болып табылады. Бұл республикамыздың сауда-өндірістік мүмкіншіліктерін іске асыруға жағдай жасайды. Мысалы, Австрия мен Германия ҚР үшін кредит ашты; Еуропалық қайта құру мен даму банкі, Еуропалық Экономикалық Қауымдастығымен қаржылық көмек туралы келісімдер жасалды.

Еуропа мемлекеттерінің қуат ресурстарының үлкен тұтынушысы ретінде Қазақстанда ауқымды мүдделері бар. Болашақтағы бұл тұтынудың тек өсуін ескере отырып Еуропа мемлекеттері қуат көздерін өндірумен, мұнай-газ құбырларын салумен байланысты жобаларға қатысуға қызығушылық білдіріп отыр24.

Сыртқы саясат еуропалық векторының басқа да бағыттары туралы атап өтетін болсақ, олар транспорттық және техникалық ынтымақтастық, білім беру жөніндегі ынтымақтастық. Осы бағыттар аясында ИНТАС, КОПЕРНИКУС, ТАСИС, ТРАСЕКА, ИНОГЕЙТ сиықты маңызды бағдарламалар қабылданған.

Жалпы сипаттамадағы ҚР сыртқы саясаты еуропалық векторының мәні мен мазмұны осындай. Алайда ҚР сыртқы саясаты мен нақты векторларын дұрыс түсінуде келесілер ескерілген жөн:

Қазақстан Республикасы өз қарым-қатынастарында тек бір ғана мемлекетке арқа сүйеп немесе сол мемлекетке ғана тәуелді болуы мүмкін емес25.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның еуропа мемлекеттерімен байланысы
Еуропалық қауымдастықтан Еуропалық одаққа дейін
Сыртқы саясаттың негізгі бағыттары
Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық қатынастардағы ролі
Еуропалық одақтың құрылуының тарихы
Қазақстан және Батыс ынтымақтастықтың саяси қырлары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Қазақстан Республикасына шетел жұмысшыларын жұмысқа тарту мәселесі: халықаралық құқықтық қырлары
Сауда саясатының теориялық негіздері
Негізгі құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру және қорғау кепілдіктері, адамның және азаматтың міндеттерін орындау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz