Қазақстан мұнай-газ ресурстарының тиімділігін арттыруды көтерудің негізгі жолдары


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 89 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І МҰНАЙ-ГАЗ РЕСУРСТАРЫН ИГЕРУ КЕЗІНДЕГІ САЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 5

1. 1 Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсібінің дамуы мен қалыптасуы . . . 5

1. 2 Мұнай-газ саласы құрылымын жетілдіру жөніндегі теориялық мәселелер . . . 9

1. 3 Қазақстанның мұнай-газ саласындағы вертикальді-интегралды құрылымдардың қалыптасу алғы шарттары . . . 22

ІІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕСУРСТЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП САЛАНЫҢ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫ ҚАЙТА ҚҰРЫЛУЫН ТАЛДАУ . . . 30

2. 1 Қазақстан мұнай-газ ресурстарының қазіргі және болашақтағы потенциалдары . . . 30

2. 2 Қазақстандағы мұнай-газ ресурстарын пайдалану тенденциясы . . . 41

2. 3 Қазақстанның мұнай-газ кешенінің ресурстық потенциалын бағалау……. . 52

ІІІ ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙ-ГАЗ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫ КӨТЕРУДІҢ НЕГІЗГІ ЖОЛДАРЫ . . . 61

3. 1 Мұнай-газ кешенінің шағын жүйелеріндегі интеграциялық процесстердің күшеюі . . . 61

3. 2 Мұнай компанияларының көліктік жұйелермен өзара әрекет ету болашағы . . . 72

3. 3 Мұнай-газ шикізатын тиімді пайдалану жобаларын жүзеге асырудың эколого-экономикалық тиімділігі . . . 78

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 87

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 90

КІРІСПЕ

Тақырыптың көкейтестілігі. Мұнай-газ кешені Қазақстан экономикасының желісі болып табылады. Мұнай-газ өнеркәсібіне Қазақстан дамуының 2030-стратегиясында үлкен роль берілген, өйткені энергетикалық ресурстар және оларды нәтижелі пайдалануына басымдық мән берілген. Мұнай ұлттық экономиканың алдын ала және бұдан әрі дамуын белгілейді. Қабылданған стратегияға сәйкес мұнай-газ секторы елдің экономикалық көтерілуінің негізі, келешекте экономикалық өсудің ең белсенді негізі болуы тиіс.

Соңғы жылдары мұнай-газ кешені шетелдіктердің қатысуымен елеулі сипатталады, өйткені көмірсутек ресурстарын пайдалану стратегиясы ұзақ мерзімді инвестицияларды тарту, қазіргі технологияларды, экспортты құбырларды құру және энергетикалық инфрақұрылым жасауында негізделеді. Стратегияның негізгі ережелері бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын белгілейді. Осы Ережеде экономиканы сауықтыру, жасалған келісім-шарттар мен міндеттердің сақталуын бақылау, халықаралық сауданың дамуын қамтамасыз ететін көлік және коммуникациялық нысандар құрылысын аяқтау бойынша көптеген салалық мәселелердің шешілуін көздейді, экологиялық мәселелерге ерекше көңіл бөлінеді.

Мұнай кешенінің құрылымын қайта құру негізгі принциптер ретінде нарықта мұнай мен мұнай өнімдерін, құрылыс пен өндіріс үшін қаржы, техникалық және материалды ресурстарды қарқынды қолдануға қабілетті, кен орындарын меңгеру, мұнай өнімдерін шығару және өткізу процесін біріктіретін ірі интегралды компанияларды құруын көздейді. Сонымен қатар, мұнай компаниясын қалыптастырудың негізгі критериялары болып мыналар табылады:

  • мұнай шығару көлемінің баланстығын қамтамасыз ететін, халық шаруашылығының мұнай өнімдеріне қажеттілігін жабу және оның қайта өндірілуінің өндірістік-технологиялық мақсатқа сәйкестігі көлік потоктары мен шаруашылық қатынастарды сақтау;
  • мұнай және мұнай өнімдердің ішкі және сыртқы нарығында олардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.

Зерттеу обьектілері - Қазақстан Республикасының мұнай-газ компаниялары.

Жоғары көрсетілген жұмыс мақсаты - мұнай-газ өнеркәсібінің мәнін сипаттап, мұнай-газ ресурстарының қазіргі және болашақтағы потенциалдары, оның дамуын мемлекеттік реттеу.

Дипломдық жұмыс тақырыбының көкейтестілігі отандық вертикальді-интегралды мұнай-газ компаниялары көмірсутек ресурстарын нәтижелі қолдану жолдарын, өндеуді, мұнай-газ, мұнай химиялық өнімдеріне ішкі қажеттіліктерді, оның экспорттық бағытын және Қазақстанның әлемдік мұнай бизнесіне кіруіне, сондай-ақ республика мемлекеттік бюджетінің көмірсутек шикізатының әлемдік бағасына тәуелділігін азайтуға әсер етеді.

Жұмыстың құрылымы 3 бөлімнен, кіріспеден, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімде мұнай-газ саласы құрылымын жетілдіру жөніндегі теориялық мәселелер мен Қазақстанның мұнай-газ саласындағы вертикальді-интегралды құрылымдардың қалыптасу алғы шарттары қаралған. Екінші бөлімде Қазақстан мұнай-газ ресурстарының қазіргі және болашақтағы потенциалдары, сондай-ақ Қазақстандағы мұнай-газ ресурстарын пайдалану тенденциясын. Үшінші бөлімде Қазақстан мұнай-газ ресурстарының тиімділігін арттырудың көтерудің негізгі жолдары.

І МҰНАЙ-ГАЗ РЕСУРСТАРЫН ИГЕРУ КЕЗІНДЕГІ

САЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ

ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсібінің дамуы мен қалыптасуы

Атырау өңіріндегі Жайық пен Жем аралығында көлкіген мұнай кені бар екені ерте заманнан белгілі болған. Тіпті сол кездің өзінде - ақ жергілікті көшпенді қазақтар жер бетіне шығып жатқан қимайды (мұнайды) сүзіп алып, түйенің немесе адамның теңге қотырын емдеуге қолданған. Бірақ қазақтар бұл үлкен жер бетіне шығып жатқан шеті ғана екенін білген жоқ. XVIII ғ. мен XIX ғасырдың алғашқы жартысында Жайық пен Жем өңірінде жер қойнауын зерттеушілердің пайда болғаны белгілі.

Атырау өңірін алғашқы зерттеушілерінің бірі - Н. А. Северцов. Ол 1860 жылы «Горный» журналына қазіргі Доссор маңы туралы есебін жариялайды. Онда «Бұл жердің мұнайы су бетіне қалқып шығып жатады екен» - деп жазады.

1899 жылдың қараша айында Атырау облысы, Жылой ауданына қарасты Қарашүңгіл алаңында 7 скважинадан мұнай фонтаны атқылап, тәулігіне 20 тоннадай өнім берді. Бүл бүгіндері дүние жүзіне мәлім болған Қазақстан мұнайының алғашқы тамшылары еді.

Қарашүңгіл мұнай фонтаны туралы хабар Ресей және шетел кәсіпкерлерін дүр сілкіндіріп, Ембі-Каспий аймағында мұнай қорын іздестіру жұмыстарын кең көлемде жүргізуге мәжбүр етті.

Осындай күрт бетбұрыстың нәтижесінде атақты Нобельдің мұнай өндірістік ұйымы өмірге келді. Осы ұйымға қарайтын жұмысшылар Доссор, Мақат, Ескене өңірін терең бұрғылауды қолға алды. Ең сәтті қазылған Доссордағы үш скважина болды. 1911 жылы, сәуірдің 29-күні 225 метр терңдікте юра қабатынан мұнай фонтаны атқылады. Ол 20-25 метр биіктікке 30 сағат бойы атқылап тұрды. 16, 7 мың тонна мұнай шықты, тәулігіне 13360 тонна. Бұл Қарашүңгілден кейінгі мол мұнай қорының ашылғандығын бүкіл әлемге паш етті. Қарашүңгіл және Доссор мұнай фонтанынан кейін Қазақстанда мұнай өндірісінің тарихы басталды. Мақат - Атыраудың үшінші мұнайлы перзенті. Ол 1915 жылы ашылды.

1925 жылы үкіметтің арнаулы қаулысы бойынша Гурьев пен Доссор арасында 93 км тар табанды теміржол төселді. 1927 жылы іске қосылған бұл жолмен жылына 120 мың тонна жүк тасылды. Бұл тек мұнайлы Ембінің емес, бүкіл қазақ елінің дамуына үлкен әсер етті.

1959-1969 жылдар арасында Терістік Каспий ойпаттарында он шақты мұнай-газ кен орындары (Прорва, Ақтөбе, Қараарна, Терістік, Тереңөзек, Шығыс-Құлсары, Мартыши, Камышитовый, Таңатар, т. б. ) ашылды.

Атырау мұнайын еліміздің шығысына кідіртпей жөнелту үшін 1936 жылы Каспий - Орск мұнай құбыры іске қосылды. Қарап отырсақ, бұл күнде «қара алтынның» қайнар бұлағы атанған мұнайлы Ембі өзенінің бастауын Доссор мен Мақаттан алғанмен, өмір алға аттанған сайын арнасы кеңейіп өсе берді. Тек Ұлы Отан соғысы жылдарында 15 жаңа кеніш ашылып, Мақат-Комсомол-Қошқар-Сағыз мұнай құбыры төселді, Доссорда автомобиль жөндеу зауыты (1944ж), Қамыскөл электро станциясы тұрғызылды.

Соғыс жылдарында мұнайды мол алудың жаңа әдістерін жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінді. Соның арқасында Одақта тұңғыш рет мұнай өндірудің екінші әдісі (қабат қысымын су айдау арқылы көбейту) 1943 жылдың тамыз айында Доссор кәсіпшілігінде жүзеге асырылды. Келесі жылы Мақат кәсіпшілігінің ұжымы бірінші юра қабатына су айдайтын қондырғыны іске қосты. Соғыстың соңына дейін Мақат пен Доссор кәсіпшілігі осы әдіспен қосымша 14 мың тоннадан астам жоғары сапалы мұнай алды.

1940 жылы өндірілген мұнай 695 тонна болса, 1944 жылы ол 788 мың тоннаға жетті.

Республика мұнайшылары өмірінде 1950 жыл елеулі жыл, өйткені осы жылы Қазақстан мұнайшылары елімізге 1 млн. тоннадан астам мұнай берді. 50-ші жылдардан кейін Тереңөзек /1956/, Тәжіғали, Төлес /1957/, Қарсақ /1960/, Таңатар /1963/ кен орындары ашылды.

Қазақстан мұнай байлығын молайта түсу үшін алыс аймақтарда барлау жұмыстарын жүргізудің қажеттігі туралы болжамдар мұнайшы мамандарды жігерлендіре түсті. Түрлі геологиялық болжамдарды сараптай келе «Эмбанефть» бірлестігінің геолог мамандары терең деген бұрғылау жұмыстарын Маңғыстау түбегіне шоғырландыру қажет деген батыл тұжырым жасады. Маңғыстау мұнай айыру зауыттарынан және мұнайлы Ембі аймақтарынан өте қашықта, одан мұнай табылса да ала алмаймыз деп қарсы болғандар да көп болды. Өмір мұнайшы мамандардың болжамының дұрыс екендігін дәлелдеп, 1961 жылы Жетібай кен орнынан күшті мұнай қорын отан игілігіне жарату жолында орасан зор қиыншылықтар кездесті. Алғашқы ұйымдастыру қиыншылықтарын жеңе отырып, Маңғыстаудың байлығын отан игілігіне жарату жолында мұнайшы мамандарымыздың еткен еңбектері ерекше.

Әбу Ашыбайұлы 1964 жылғы наурыз айындағы «Қазақстан халық шаруашылығы» журналындағы «Маңғыстау байлығын тез игерелік» деген мақаласында былай деп жазды: «Жаңа кен орнының мұнайлы және ілеспе газы өте жоғары сапалы. Жетібай мұнайының парафин, бензин, дизельге қажет жағар майын алуға болады. Мұнай айыру зауыттарынан және ежелгі мұнай кәсіпшіліктерінен қашықтығына қарамастан Маңғыстау мұнай қорын игеру әрі пайдалы . . . ». Бұл батыл болжамды өмірдің өзі растап берді. Азғана жылдың ішінде Қазақстандағы мұнай қорының көлемі бірнеше есе өсті. 1965 жылы Маңғыстауда 225 мың тонна өндірілсе, 1975 жылы 500 мың тоннаға жетті. 1965-80 жылға дейін 4 мың скважина іске қосылды. Қазір Маңғыстау Қазақстанда өндірілетін мұнайдың 50%-ын береді.

1966 жылы Прорва кен орнын өндірістік пайдалануға беріп, ал Кеңқияқты игеру басталды. Прорваның платформалық құрылымында 2100 метр терңдіктен жеңіл мұнайдың тәулігіне 100 тоннадан астам фонтаны атылды. Боранкөл кешенінде 12 мұнай-газды қабат анықталды.

1967 жылы қаңтар айында ірі Жетібай кен орны өндірістік пайдалануға берілді. Сол арада Оңтүстік Маңғыстауда мұнай ұстайтын тағы да 10 ірі антиклиналдық құрылымдар табылды. Олар - Тарылы, Көкімбай, Қауынды, Ақбұлақ т. б. Маңғыстаудың мұнайы ашылысымен-ақ барлау жұмыстарын жеделдетіп, кен орындарын тез қосудың шаралары қолданылды. Жаңа мұнай кәсіптерін жасақтау үшін, мұнай мен газ өндірістерін салатын арнаулы министрлік құрылды. Бұл іске КСРО-ның газ өнеркәсібінің орта машина жасау, жол салу министрлігінің мекемелері де ат салысты. «Қазақстанмұнай» бірлестігінің, басқа да өнеркәсіптердің күшімен Батыс Қазақстанның мұнай-газды кендері жедел түрде игеріле бастады. 1980 жылы Маңғыстау мұнайын өндіру шамасы 150 млн. тоннаға жетіп, 1985 жылдың тамыз айының аяғына қарай 200 млн. тонна өндірілді, скважиналардың қоры 4017-ге жетіп жығылды. 1981 жылы Орал - Ембі бассейінінің мұнай қорын өндіру кәсібінің 70 жылдығын еске алып, мұнайшылар 1950 жылдан басталған бірінші миллион тонна мұнай өндірді. Екінші миллион шегіне 1968 жылы жетті, үшінші миллион 1972 жылы, төртінші миллион ернеуі 1977 жылы толды. 1980 жылдардың басында Қазақстанның өңтүстігінде жаң мұнай кен орындары ашылды. Олардың ішіндегі ең көрнектісі Құмкөл - Торғай ойысының оңтүстік шегінде, Жезқазған қаласынан оңтүстік - батысқа қарай 230 километрде орналасқан. Оны игеру Қызылорда облысының халық щаруашылығының жаңа саласы мұнай өндіруді дамытуды көздейді. Бұл кешенде мұнай химиясын, машина салуды, құрылыс кешендерін салуды дамытып, Арал шиелесінің қиын - қыстау бұқаралық мәселелерінің біразын шешуге мүмкіндік туғызды. Құмкөл мұнайы тұтқыр, күкірт қосындысы шамалы, қара майлы, тез қатаяды, зиянды газдары жоқ, жер үстіне жақын жатыр. Қазіргі кезде Құмкөлдің келешегін дәлелдеп отырған 150 скважина бар. Одан 1991 жылы миллион тонна мұнай өндірілді. Қызылордада «Харрикейн Құмкөл Мұнай» мемлекеттік АҚ және сондай - ақ «Құмкөл - Лукойл» қоғамы құрылды.

1987 жылдың соңында Алматыда академик А. П. Крылов атындағы ВНИИ нефть институтының кешінде бөлімі құрылды (жетекшісі академик Н. К. Надиров) . Оның құрамында үш лаборатория әсіресе тұтқыр мұнай (ӘТМ) ресурстар, табиғи битумдар (ТБ) және битум араласқан жыныстар (БАЖ) - осыларды ашып алу, кешенді түрде өндеу кіреді. Бұл өнім тез арада ВНИИ нефть бас институтының дербес бөлімшесі болды да, ол 1990 жылы «Казнефтебитум» деген ғылыми-өндірістік бірлестік болып қайта ұйымдастырылды. Оның бас директоры болып КСРО-ның құрметті мұнайшысы Б. С. Сағынғалиев тағайындалды. Оның ғылыми бірінші орынбасары академик Н. К. Надиров, ал бас инженері Б. К. Ізтілеуов. 1944 жылы Қазақстан Республикасының Инженерлік академиясының жанында ғылыми-инженерлік «Нефть» орталығы құрылды. Оны құрушылар академиямен қатар ҒӨӨ «Мұнай АҚ, мұнай және жаңа технология министрлігінің ғылыми-зерттеудің технологиялық орталығы» болды. Кең байтақ Қазақстанда мұнай-газ кен орындарын барлау Батыс Қазақстан өлкелерінде ғана емес, Шығыс Қазақстанда Торғай ойпатында жүргізілді. Соның арқасында Оңтүстік Торғайдағы Құмкөл кен орны 1999 жылы падалануға берілді. Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсібінің бастауы бар, бірақ тоқтауы жоқ, өйткені туған жеріміздің тұла бойы тұнған байлық . . .

1. 2 Мұнай-газ саласы құрылымын жетілдіру жөніндегі теориялық мәселелер

Мұнай саласының қызмет етуінің жаңа бағытқа ауысуы аса маңызды мәселелердің шешілуін талап етеді. Оның шеңберінде іс-әрекеттің ұйымдастыру және басқару нысандары, көмірсутек шикізатымен операциялар жүргізудің құқықтық нормалары әзірленіп, жүзеге асырылуы тиіс. Мұнай потенциалын ғана емес, сондай-ақ оны шығару кезінде болған компоненттерді кешенді пайдалану бағдарламасы әзірленді. Ол көмірсутек құрамы өнімінің және өзге құрамының кеңе ассортиментін алғаннан кейін суммарлы әсер шығарудың перспективті мүмкіншілігі сенімді белгілеуге мүмкіндік береді.

Нарық экономикасының заңы елдің шикізат саласына ендірілуінің сол немесе өзге қарқындылығымен жаңа ұйымдастыру нысандарын қалыптастыру қажеттілігін белгіледі. Қысқа мерзім ішінде Қазақстанның мұнай саласында ұлттық компаниялар, акционерлік қоғамдар, бірлескен кәсіпорындар құрылды, олардың өндірістік-шаруашылық іс-әрекеті жаңа сындармен, нақты коммерциялық параметрлер бойынша жүзеге асырылған жобалардың анализінде негізделген көрсеткіш жүйелерімен бағаланады.

Көмірсутек шикізатына бай бірқатар елдердің қазіргі жағдайын талдай отырып, жалпы ішкі өнім /ЖІӨ/ өсуінің темпін, энергияға бағытталған ғылым салаларының даму деңгейін белгілей отыра, олар табиғат байлығын ысырапты пайдалану іс-әрекеттің бағыты басқа қазіргі өндірістің құрылуына, өнімкәсіптің реструктуризациясына, мұнайгазхимиялық профильдегі ірі тоннажды қайта өндейтін кешендердің қалыптасуына күш салуын шоғырландыруға мүмкіндік бермейді деген қорытындыға келді.

Әдетте, осындай қорытындыларды растау үшін ұлттық экономиканың Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, Сингапурда және шикізат ресурстары жоқ басқа да қалаларда жүзеге асырылған реструктуризация процесстері келтіріледі. Бірақ-та, менің ойымша, осы мемлекеттердің даму жолдарын әлемдік нарыққа ресурстарды жеткізушілердің шаруашылығының дамуындағы бағыттарға қарсы қою қажеттілігі жоқ.

Бірақ та, әлемдік практикада мұнай-газ ресурстарын иелену ұлттық экономиканың дамуында елеулі қорытындыға себеп болған жағдайлар бар. Осындай өзгерудің бір өкілі болып Норвегия табылады, ол Солтүстік теңіз кен орынның көмірсутек ресурстары есебінен осы шикізатты өзі үлкен пайдамен қолданумен қатар, сондай-ақ қысқа мерзім ішінде мұнай жабдықтарын және технологиясын өндіру және шығару бойынша әлемдік лидер болып шыға алды.

Яғни, ірі мұнай-газдың бар болуы және оларды шығару мемлекет алатын табыс өздері қалыптастырған тұрақты валютамен, білімнің жоғары деңгейімен, төмен салықпен сипатталатын жүйеде қолданылатын шартта ғана өндірістік күштердің дамуына қуатты импульс береді. Мемлекет берікті нәтижелі экономикалық жүйе құрған кезде, сондай-ақ экономиканың реформалануын жүргізуге ықпал ететін табиғат байлығы болған жағдай ең жақсы болып табылады.

Жоғарыда айтылғанға сәйкес өз билігінде жер қойнауының қорлары, әсіресе мұнай-газ қорларының елеулі мөлшері бар мемлекеттердің экономикалық дамуындағы сәттілік шығаратын салалармен қатар технотронды салаларда жеткілікті потенциалды құру, категориясына ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап мұнай және газ өндіру, мұнай-химия, негізгі химия жататын ғылым және азқалдықты өндіріс даму жағдайларында ғана болады.

Соңғылардың экономикалық дамудағы басымдылықтарының ауысуы әр-түрлі жүзеге асырылды. Егер де олардың кейбіреуі әлемдік нарық қайта өндірілетін салалардың өнімдерін жүзеге асыру қажеттілігін байқаған, жанармай материалдарына, әсіресе көмірсутектің нақты жеке фракцияларына -этан, пропан, бутанға мүдделіліктің кенет өсу кезеңін дер кезінде байқаса, онда басқалар өздерінің сыртқы экономикалық операциялары негізін бастапқы шикізат ресурстарында көрген.

Дамудың түрлі жолдарынан алынған нақты артықшылықтарды өзгерген конъюнктурада бағыт ала алған және де экономиканың қайта өндіру секторында қаржыларын көбейткен елдер мен мұнай компаниялар алды.

Мұнай-химиядағы ірі ғылыми жаңалықтар жаңа өндірістің жасалуына қозғау болып қызмет етті. Оның ақырғы өнімі болып шексіз пайдалану ареалы бар полимер материалдардың жүздеген түрлері табылады. Әрине, олар біріншіден, авто, ұшақ құрылыс салаларының, тұрмыстық құралдардың, электрониканың, жеңіл өнеркәсіптің өндірісінің қызметін қыздыруының жаңа кезеңі, екіншіден капиталды қайта өндіру салаға аудару бағыттағы ірі мұнай компаниялардың қаржылық іс-әрекетінің қайта бағытталуына ұшыратты.

Ең алдымен, оларды негізгі стратегиялық міндеттерінің бірі нарықта бірінші орын алу, өзін мұнай-химиялық өндіріс өнімінің жаңа түрлеріне тұрақты тұтынушылармен қаматамасыз ету, ал содан кейін өз ресурстарын жеке қондырғылардың, цехтардың, үшінші елдер компанияларына арналған зауаттардың құрылысына қаржы салу.

Қысқа мерзім ішінде іс-әрекет етудің осы саласында лидерлер белгіленді, олар он әлемдік мұнай компаниясы - «Шеврон», «Тотал», «Тексако», «Мобил», «Амоко», «Эксон», «Арко», «Бритиш Петролеум», «Шелл», «Эльф Акитэн». Олар шығаратын көмірсутектің суммарлы өндірісі жыл сайынғы әлемдік шығарудың /мұнай баламада жылына 800 млн. т. жуық/ 15 пайызын құрайды.

Қазіргі таңда жоғарыда аталған компаниялар саланың барлық өндірістік жүйелер бойынша барлау жұмыстардан бастап шикізат пен дайын өнімді өндеу және өткізуге дейін жұмыс жүргізеді. Сонымен қатар, олар басты назарын мұнайхимиялық өндірісіне бөледі.

Бұл процесс әлі күнге дейін жалғасуда. 2000 жылдың ақпан айында «Филипс Петролеум», «Шеврон» америка мұнай-газ компаниялары 6 млдр. доллар астам активпен бірлескен кәсіпорын ашты. Осы құрылымға жататын әр серіктестікке кәсіпорынның бір жартысы беріледі. Құрылған БК хош иісті заттардың, стирол, полистирол шығаруға пайдаланылатын олефин мен полиолефин шығаратын бес әлемдік өндірісшілердің ішінде бірінші орын алған әлемдегі жетекші компаниялардың бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасының даму стратегиясында негізі ірі мұнай-газ қайта өндіретін және мұнай химиялық потенциалды құруда негізделетін түбегейлі өзгерістерді жүзеге асыру қажет, ал шикізат ресурсының көзі болып көмірсутек шикізаты - мұнай, табиғат және жолаушы газ табылады.

Қазақстан Республикасындағы шығаратын және қайта өндіретін өндірістің, көлік коммуникацияның активтері берілген «Казмұнайгаз» ұлттық мұнай-газ компаниясындағы білім мұнай өніпкәсібі реструктуризациясының ісін алдыға жылжытуы мүмкін. Ол үшін төменде келтірілген нақты мүмкіншіліктер бар.

Біріншіден, мұнай операциясын жүргізу үшін болашақ жобаларда жасалған келісім-шарттардың шарттары өзгертілуі керек. Оған көптеген мұнай шығаратын елдерде сияқты қаржы салушыларды объект құрылысына тікелей қаржы есебінен қалай, солай қаржы салушы кен орнын әзірлеу процесінде алатын табыстың бөлігін реинвестирлеу жолмен қайта өндіретін өндірістің дамуына белсенді қатысуын міндеттейтін тарауды енгізу қажет.

Екіншіден, Қазақстан қайта өндіретін зауаттарға мұнай жеткізу бойынша байланыстарын нығайтуын болжамдаған мемлекеттерге қатысты экономикалық стратегияны өзгерту керек. Мысалы, украин заводтарының куаттылығын күштей отыра, республика «Казмұнайгаз» ННГК атынан Херсон және Лисичанский мұнай қайта өндіру зауаттар сияқты кәсіпорындардың акцияларын иелену құқықта меншікті сатып алу процесіне қатыса алады. Осы бағыттағы келесі қадам болып Констанца қаласында /Румыния/ қазіргі уақытта қуаттылығы 30 пайызға күшейтілген ҚӨЗ акцияларының пакеттерін иелену табылады. Жақын арадағы жылдарда, «Трасека» көлік жобасына сәйкес Қазақстан Ақтау-Баку-Қара теңіз порт-Констанца трассасы бойынша Еуропаға мұнай жеткізуін жүзеге асыруды болжамдайды.

Көмірсутектер экспортының осы варианты Қазақстан Республикасының және Батыс Еуропа елдерін энергия жеткізушілермен жабдықтау базасы болып табылатын бір еуропа мемлекеттерімен тығыз және нәтижелі ынтымақтасуда ғана емес, сондай-ақ Румыния ҚӨЗ жекешелендіру процесіне тікелей қатысудың бастапқы жері бола алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан өнеркәсібіндегі бәсекеге қабілетті инновациялық жобаларды жүзеге асыру
Кәсіпорынның тиімділігін көтерудің теориялық аспектілері
Өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігінің критерийлері мен факторлары
Экономикалық өсу - экономикалық дамудың маңызды көрсеткіші
Нарықтық инфрақұрылымның дамуын басқару
Мұнай өндірісінің тиімділігін көтеру
Өндірістің экономикалық тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер
Инвестициялық тартымдылықты талдау әдістері
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау
Мұнай газ өндіру саласындағы инвестициялық саясат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz