Қазақтың «бес арысы» атанған зиялылар ілімдеріндегі еркіндік мәселесі
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.6
1тарау.Еркіндік мәңгілік мәселе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7.15
1.1.Әлемдік философия тарихындағы еркіндік мәселесінің қаралуы ... ... ... .15.18
2тарау. Қазақтың «бес арысы» атанған зиялылар ілімдеріндегі еркіндік мәселесі.
2.1.Ахмет Байтұрсынов (1873.1937). рухани еркіндік жаршысы ... ... ... .17.22
2.2.Әлихан Бөкейханов (1966.1937).ұлттық демократия көсемі ... ... ... ...22.25
2.3.Міржақып Дулатов (1885.1935). саяси еркіндікті саралаушы ... ... ..25.31
2.4.Жүсіпбек Аймауытов (1889.1938).азаттыққа жетелер ағартушылық жолы ... ... .31.38
2.5.Мағжан Жұмабаев (1893.1938).өлеңдеріндегі еріктілік өрнектері ... ... ... ..38.46
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..48.49

Еркіндік құндылық ретінде
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...3-6
1тарау.Еркіндік мәңгілік
мәселе ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 7-15
1.1.Әлемдік философия тарихындағы еркіндік мәселесінің
қаралуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..15-18
2тарау. Қазақтың бес арысы атанған зиялылар ілімдеріндегі еркіндік
мәселесі.
2.1.Ахмет Байтұрсынов (1873-1937)- рухани еркіндік
жаршысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 17-22
2.2.Әлихан Бөкейханов (1966-1937)-ұлттық демократия
көсемі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .22-25
2.3.Міржақып Дулатов (1885-1935)- саяси еркіндікті
саралаушы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 25-31
2.4.Жүсіпбек Аймауытов (1889-1938)-азаттыққа жетелер ағартушылық
жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31-
38
2.5.Мағжан Жұмабаев (1893-1938)-өлеңдеріндегі еріктілік
өрнектері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..38-46
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .47
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .48-
49
Кіріспе.
Адам табиғаты өте қызық, әрі күрделі. Сан- салалы қырларының астарында
қаншама терең түсуді талап ететін жақтары жеткілікті - ақ. Оның себебі
түсінікті де . Заманның талабына, өмірдің ағымына сәйкес кез-келген
нәрсе өзгеріп, толығып, дамып отыратыны белгілі.
Әңгімемізге арқау болғалы отырған адамға ғана қатысты ерекше
қасиеттер қатарында елеулі орын алатын еркіндік мәселесі болмақ.
Адам адам болғалы, тіпті осы еркін әрекеті үшін жұмақтан қуылғалы,
еркіндікті аңсаумен келеді. Бұған дәлел ретінде, өткен өмір
өткелдерімен қаншама әрекеттердің болуымен қатар, толыққанды
адам жеке қамын деп есептейейтін әр біреуіміздің бостандыққа деген
құлшыныс сезімімізді алғанымыздың өзі жеткілікті шығар.
Еркіндік мәселесі әлемдік философия тарихында , даналықты сүюші
әлемнің көрнекті өкілдерінің әрбірін толғандырған десек артық
айпаған болар едік. Бір жағынан алып қарағанда, еркіндік
өзімен - өзі түсінікті сияқты, қарапайым ғана ұғым, ал шындығына
келгенде өте үлкен зерттеуді қажет ететін қағида болып шығады. Еркіндік
іс- әрекетіне берілген айрықша мүмкіндік, адамның табиғи
қабілеттеріне сай өз қалауынша әрекет етуіне сырттан еш кедергінің
болмауы, жанның саулығы. Біз еркінбіз, зерделіміз, ақылдымыз, күштіміз,
саумыз және ойға да, сөзге де өткірміз, бірақ белгілі бір азырақ мөлшерде.
Басқа қабілеттеріміз сияқты, біздің еркіндігіміз әлсіз, шектелген.
Сонымен қатар, еркіншіл деген кезде де табиғаттың заңдарына тәуелдімін деп
мойындаған шақта қайшылық пайда болады. Философияның басты міндеті осы
қайшылықты шешу болып табылады. Сондықтан да, бұл мәселе
төңірегінде философияның ой ағымында әлі де көптеген көреген пікірлер
туындары жоқ. Мінекей , бұл еркіндікті қарастыруға алып келген бірінші
түрткі.
"Кеңісіік пен уақыт еркесі" болған көпшелі халық ұрпағы қай қазақ
баласы үшін де еркіндік мәселесі хақында ой толғау таңсық болмауы белгілі.
Керісінше, діндік ерекшеліктерге сәйкес бұл түсінік басты орын алады десек
қателеспеген болар едік.
Көшпелілер ешбір үстемдік пен шектеушілікке көне алмаған, олар
отырықшылыққа ену өз-өзін жоғалтумен бірдей. Олар кеңістікті
кеңіен кешіп, өздерін уақытқа бағындырмаған. Көшпелілер ділін тек
санадан шығармай , кеңінен алап қараған жөн. Негізінен ол
мағынаға көшпелі халықтардың тұрмыс жағдайын, қоршаған ортасымен
туындап, - бірте қалыптасқан мінез - құлқын , әдет – ғұрпын, ойлау жүйесін
, салт - санасын бейнелейтін рухани келбетінің сомдалған жиынтығын
жатқызуға болады.
Біздің ата - бабаларымыз осы еркіндікті мәңгі көксеген . Оған айғақ
ретінде осыншалық үлкен аймақты ешкімнің еншісше бермей сақтап
ілгендігін айтар едік . Мұның себебі, өздерін ешкімге бағындырмау,өз
еркіндіктеріне иелене білу , сонымен қоса , көшіп - қонып жүрген, қалыпты
тұрмыстарынан ауытқымау мақсатында кеңістіктерін тарылтпау . Осындай
көшпелілердің өзіне ғана тән түсініктеріне байланысты
тиісті ділі туындайды . Көшпенділік дәстүр - еркіндіктің бірден - бір
әрі бірегей түрі болғандықтан, осы мәселені қарастыруда екінші шарт болып
табылады . Ал , енді үшінші қозғаушыға келетін болсақ, ол бүгінгі таңда
үшін біз еркіндік мәселесінің өзекті болып отырғандығы. Бізге қан
төгіссіз,Құдайдың сыйындай болып берілген тәуелсіздіктің мәнін түсіне білу
қажет.Оның саяси тұрғыдағы маңызы мен қатар рухани еріктілік барысы
да барын осы естен шығармаған жөн болар еді. Еркіндік босып
кету еместігін түсіне білу біз үшін аса құнды. Болашаққа баянды
ғұмыр кешуге , өркендеп өсуге рухани еріктілікке жету керек. Ерікті
адам бәріне байыппен қарайды, науқани нәрсеге асықпайды, өз заманынан сәл
алшақ тұрады.Себебі, дәуірдің келбетін жасайтын тек қана саясат
емес , ішкі рухани ағымдар. Оларды қалыптастыру үшін уақыт керек, тиянақты
еңбек керек. Осы еңбектің бастамасы ретінде
зерттеліп отырған жұмысты айтуға болады.Практикалық айналымға түспес бұрын
кез - келген дүние теориялық негіздемеден өтетіні белгілі . Батыстық
көзқарастардың бірқатарын қарастыру арқылы өзімізге қажеттілерін назарға
алып, құндыларын қолдануымыз керек.Олар жүріп өткен жолға түскен біздер
үшін таңсық болмауға тиіс түсініктермен өз тәжірибемізді толықтыра
түскеніміз абзал . 20 ғасырдың басында "қазақтың көгіне өрмелеп шығып , күн
болуға тырысқан " қазақтың "бес арысы" атанған ұлы ұлдары ертеңі үшін
ерекше еңбек атқарған зиялылар Ахмет Байтұрсын, Әлихан Бөкейханұлы,
Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев ой толғаныстарындағы
еркіндік мәселесіне қатысты тұжырымдарын таныту өте маңызды болып
табылатындығы дау тудырмас .
Жалпы "қазақ қоғамы үшін философиялық емес қалыптағы даналық тән"
болғанымен де қазақ зиялыларының озық ойлары философиялық тұрғыдан қарауға
түсуге әбден хұқылы. Тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, енді ел болып келе
жатқан шақта өз ой өрімдеріміздің өрнектеріне өрлей білгеніміз дұрыс - ақ .
Бұл жұмыста батыстың көзкарастарды тізбектеп өтумен қатар 20 ғасыр басында
ұлт еркіндігі үшін күрескен қайраткерлердің еркіндік мәселесі хақындағы
көзқарастарын талдауға талап жасалады .
Бітіру жұмыс тақырыбының өзектілігі:Адам ерте замандардан бері
тілеп келе жатқан бір арманы –еркіндік. Еркіндік адамға ғана өзге де
қасиеттердің қатарында елеулі орын алады . Адам өзіндігін сезіну үшін
, тұлғалығын таныту үшін еркін әрекеттер жүзеге асырып отыруы қажет.
Сол себепті де еркіндік мәселесі мәңгі қаралып келе жатқандардың
есебінде .Еркіндіктің мәнін ашу , оның қаншалықты дәрежеде болатындығын
анықтау маңызды . Сондықган да адам баласы өмір сүретін қай уақытта, қандай
кеңістікте болмасын еркіндік мәселесі қойылып отырады.Сол
себепті, осы маңызды мәселенің мәнін дұрыс ашу жолында жүмыстар
жүргізілуі тиіс.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері:Бітіру жұмысының негізгі
мақсаттары 20 ғасыр басында Қазақстандағы ойшыл - ағартушылар " бес
арыстың " еркіндік мәселесін қарастыруына көңіл бөлу . Осы ретте
зерттеудің басты міндеттеріне мыналарды жатқызуға болады ;
- еркіндік мәселесінің маңыздылығын ашу;
- Әлихан Бөкейханұлы демократиялық көзқарастарына назар аудару;
- Ахмет Байтұрсынұлының рухани еркіндігінің
ерекшеліктеріне көңіл бөлу
- Міржақып Дулатовтың саяси еркіндігін таныту;
- Жүсіпбек Аймауытовтың халық еркіндігі жолындағы ағартушылық
ойларына орын беру;
- Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы адам еркіндігінің жырлану жайын
анықтау;
-- Еркіндік мәселесін философиялық тұрғыдан талдау;
Бітіру жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі. Әлемдік
философия тарихи өкілдерінің еркіндік туралы ойлары тікелей
беріліп , сонымен қатар "бес арыс" атанған ойшыл- ағартушылар ілімдерінен
еркіндік мәселесі қарастырылған , яғни , осы ойшылдар еңбегі нұсқау болған
.Теориялық талдау тұрғысынан талдау және синтез, жалпылау мен
жекелік әдістері қолданылады .
Бітіру жұмысының теориялық және практикалық мәні зерттеудің
нәтижелерін қазақ әлеуметтік философиясының тарихы мен саяси
қоғамдық ой - санасын теориялық зерттеу, оны әрі қарай
тереңдете түсу үшін қолдануға болады . Бұл жұмыс еркіндік мәселесінің
бірқатар қырларын ашады . Бірқатар әлемдік философияның көрнекті
өкілдерінің озық ойлары мен қазақ зиялыларының пікірлері бірдей орын алып,
салыстыру жасауға , бірге қарастыруға мүмкіндік береді . Сонымен қоса
тәуелсіздіктің таңы арайлап атып келе жатқан біздер үшін
еркінсіздік мәнін шынайы түсіне білу үшін қатысы болар деген пікір
бар.
Бітіру жұмысының зерттелу дәрежесі:Дүние жүзілік философия
өкілдерінің қай - қайсысы да еркіндік мәселесіне көңіл бөлген .
Дегенмен де, осы мәселе тұрғысынан жүйеге түсқазіркен , топтастырылған
еңбек жоқ . Ал , қазақ философиясы бойынша жазылып жатқан еңбектер,
зерттеліп жатқан дүниелер аз емес .
Еркіндік мәселесі бүгінгі таңда да , осыған дейін де
маңызды болғандығын таныту . Сонымен қоса, әлемдік философияның
көрнекті өкілдеріне пара - пар қазақ философиясында да осы
мәселе кеңінен қаралып , терең түсінілгендігін байқату .
Бітіру жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I тарау. Еркіндік - мәңгілік мәселе. Әлемдік философия тарихында
еркіндік мәселесінің таралуы.
Адамзаттың жинақтаған рухани қазынасында философиялық ой
кешудің мәні терең. Философияны толғандыратын мәселелер қатарының ауқымы
шексіз . Даналық ой ағымы дүниенің барша қыр - сырына өз тұрғысынан
қанық болғысы келеді. Сондай мәселелер қатарына еркіндік идеясын да
жатқызуға болады . Адам баласы сонау Адам Ата мен Хауа анадан өмірі
басталып , өзінің ұзақ ғұмыр кешуінде әрдайым осы мәселемен,
яғни, еркіндік түсінігімен ұшырасып отырған десек, артық айтпаған болар
едік . Ықылым замандардан бері қаншама қақтығыстар мен соғыстарда
құрбан болған бір ғана игі мақсат - еркіндікке ұмтылғаны
аян.
Философия тарихында да еркіндік мәселесінің орын алуы сонау ерте
замандардан басталады . Дана ойдың иелері барша адамға ғана
қатысты ерекше қасиеттерді қарастыру барысында бұл мәселені де еш
тастамаған .
Алдымен, еркіндіктің өзі туралы тарамдап айтып алған жөн болар. Осы бір
сөзді естігенде ең алдымен еркіндіктің саяси маңызына бірден назар
аударамыз . Еркіндік осы тұрғыда өте өзекті әрі қажетті болып
табылады . Саяси тұрғыдан алғанда ол еркін қоғам, адамдарға лайықты өмір
қамтамасыз ететін еркін әлем . Адам қуылым замандардан бері
еркіндік армандаумен ғұмыр кешіп келеді. Оның түсінігіндегі еркіндік
біреудің үстемдігінсіз және зорлықсыз өмір сүру мен еңбек
ету, мұнысыз ол өзін тұлға ретінде қабылдай алмайды . Еркіндік ұғымы бұл
тұрғыда тәуелсіздікпен жалғасып кетеді . Әркімнің өзімен - өзі
болуы және әркез әрекет етуі бостандықтың саяси жүйесі
демократияның нақты қоғамда өмір сүру дегеніміздің өзі - бір
орталыққа бағынуды, шоғырландыру , топтасуды , басқа біреумен
байланысқа түсу дегенді білдіреді. Яғни, абсолютті еркіндіктің болуы
мүмкін емес .
Егер де шексіз еркін боламын десең толық оқшаулану қажет
Оқшауланушылықтың мәні бахтиндік сұхбаттастық концепциясында
тамаша ашылады .
М . Бахтин өз ойларын екі адамның , яғни екі субъектінің өзара қарым -
қатынас аясы арқылы түсіндіреді . Ол өзіңді және сенімен байланысқа
түсуші адамды көріп қана қою жеткіліксіз дегеннен шығады . " Мен
белгілі адамды қанша көріп тұрсам да, өзімді қаншалықты
білсем де , біздің өзара қарым - қатынасымыздың шындығына жетуім керек
' , - деп жазды Бахтин. Ғалым кез - келген адамның өмірін
өзге индивидпен органикалық байланыста қарастырады . Олсыз қалыпты
адам өмірі мүмкін емес. Саяси еркіндіктің нәтижесі демократия болып
табылады . Қазіргі кезде жер бетіндегі өркениет көшіне ерген елдердің
мақсат етіп отырған күрделі саяси жүйесі демократия осының көрінісі болмақ.
Демократия - индивидтің толық дамуы үшін экономикалы, саяси мәдени
жағдай жасайтын жүйе .
Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай толық демократиялық қоғам мүмкін
емес, бірақ осы жүйенің қағидаларының сақталуына үнемі қадам жасап
отыру. Сондықтан да , еркіндік мәселесі сөз болғанда , өркениетті
қоғам тұрғысында ол өзінше сипат алатындығын көріп отырмыз .
Яғни , еркіндік дегеніміз ешқашан да бетімен кету болуы мүмкін
емес , белгілі бір адам қалаған әрекеттерін жүзеге асыра алу
мүмкіндігі болса керек.
Осы ретте Ғ . Есімнің мынадай сөздерін келтіре кетуге болады : Еркіндік
саясаттан биік ұғым . Еркіндіктің шын болмысын ізгілік пен парасат арқылы
түсіндірген абзал . Еркіндік деген әркімнің бет - бетімен босып кетуі емес,
өз еліне деген тәуелділік санасы болса керек .1
Саяси еркіндікпен тығыз байланыста болатын экономикалық
тұрғыдағы еркіндіктің көрінісі бар .Бұл дегеніміз , өз бетінше
өндірісті дамытып , ешкімге материалдық жағынан тәуелсіз болу
арқылы өз саясаттарын іске асыру. Еркіндікті тек
саяси мәнімен шектесек қателескен болар едік. Еркіндік саясаттан биік
ұғым ' деп айтып өткендей енді оны адам тұрғыдан қарастырып
көрелік . Әлемдік философия тарихы қаншама кезеңді канша дана ой
иелерін өз бойынан өткізгенімен де еркіндік мәселесі бағзы
заманнан бүгінгі таңға дейін маңызды мәселелер қатарынан ойып
өз орнын алған. Адамзаттың ерте замандардан бері тілеген арманы бар ,
ол еркіндік. Адам саналы тіршілік иесі ретінде жануарлар
әлемінен лайықтылық сезімі арқылы бірден көрініп шықты .
Адам лайықтылықты өз болмысының маңызды бөлшегі ретінде санайды ,
ал бұл белгілі бір әрекеттер еркіндігінсіз мүмкін емес. Адам
өзін еркін сезінгенде , өзін өмірдің қожасы ретінде қабылдайды ,
мұнсыз ол жеке тұлға ретінде белсенділік таныта алмай қалады .
Адам оған қанша ұмтылғанымен де абсолютті еркіндік бұл өмірде
жоқ . Міне , нағыз шындық осы! Алайда, адам үшінші еркіндікті
іздеуде. Даналық ой ағымы тарихында еркіндік мәселесін байыптағандардың
бірнешеуіне тоқталып кетейік.
Негізінен , тарих ашық түрде еркіндік Әрекет етуге бөгет
жасамаңдар деген ұранман буржуазиялық төңкерістер нәтижесінде 17-18ғ.
енген болатын . Бұған бұл ұғым қарастырылмаған деген түсінік
тумауы тиіс, әрине . Жүйелі түрде осы кезеңнен бастап бүгінгі күнге
дейін шолу жасап көрейік.
Ағылшын философы Томос Гоббстың пікірінше , еркіндік деп
адамдардың өз ойымен және өз түсініктері бойынша істеуіне болатын
әрекеттерді атқару барысында сырттан кедергілердің болмауы . Еркін адам
болу деген не сұраққа мынадай жауап аламыз . Өзіндік және
кең тараған мәніне сай еркін адам - өзінің табиғи ақыл қабілеттеріне
қарай өз қалағанын жүзеге асыруға сырттан кедергі жасайтын ешнәрсе
жоқ тұлға Бұны тірі тәнге емес, заттарға қолданылатын болса, ол теріс ,
себебі қозғалысқа қабілеті жоқ нәрсе кедергіге де кездестіре алмайды ,
ерік еркіндігі дегенннен, адам еркіндігін түсінеміз.2 Гоббстың
көңіл аударатын тағы бір қыры еркіндікпен қажеттіліктің үйлесе алатындығы
. Еркіндік пен қажеттілік үйлесе алады.Мысалға.,өзеннің суының өз
арнасымен тек қажеттілік емес , еркіндік те , сондай үйлес адамдардың
ырқымен жасаған істерінен де көреміз.Негізінде, ерікті әрекеттер
адамдардың ырқынан, ал ырық еркіндіктен, адамдардың ырқынан әрбір акт,
тілек және талпыныс белгілі бір себептен, себептер тізбегінен болғандықтан
оның бәрі қажеттіліктен туындайды.Осы байланыстарды көре алатын адамға
адамдардың еркінсіген әрекеттердің қажеттілігі айқын болар еді. Бәрін
көріп, бәрін реттеп отырған құдай,адамдар қалаған нәрсесін істеп
жатқанда да содан қажеттілікті, құдайдың өз қалағанының болып жатқанын да
көреді. Адамдар құдайдың қаламаған да көп нәрселерін істейді, оған ,
бірақ, құдай жауапты болмаса да, адамдарда еш нәрсеге құштарлық та,
құмарлық та құдайдың ырқынсыз болмас еді. Егер де құдайдың ырқы адам
ырқының және сол ырықтан шығатынның бәрінің қажеттілігін қамтамасыз етпеген
болса , онда адамның еркіндігі құдайдың құдіреттілігіне және еркіндігіне
қайшы келіп , кедергі болар еді . Осыдан бірден - бір еркіндік
деп түсінілетін табиғи еркіндік жөнінде түсінік алуға болады .
Т.Гоббстың осы мәселені баяндайтын Еркінділік және қажеттілік туралы
деген еңбегі де бар .
Француз ағартушылығы көсемдерінің бірі әрі философы Вольтердің еркіндік
хақында өз ойлары бар .
Волътер пікірін назарға алсақ. Ырықтық еркіндігі туралы мәселеден қарапайым
мәселе жоқ сияқты,бірақ, одан жаман шатастырылған да мәселе
жоқ.Философтардың кездескен қиындықтары,олардың құдайдың құпиясын біліп
алуға және оны ырықтың еркіндігімен ымыраға келтіруге ұмтылған
астамшылығы , еркіндік идеясының оны түсіндіруге тырысқан сайын
күңгірттене беруінің себебі болды. Адамдар енді осы сөзді оған байланысты
қиындықдыктармен бірге еске түсірмесе айта алмайтын халге келгендігі
сондай, қазір адамның еркіндігі бар ма деген сұрақ туғанда бірін –бірі
түсінбейтіндей болып қалған.
Ырқыңды айқындап әрекет жасау еркіндік деген сөз . Құдайдың өзі де тек осы
мағынада ерікті.
Ол осылай етуді қалады және солай етті де.Егер осының ырқы қажетті
себептілікпен нықталады, оған солай еткенді қалау қажетті болды"десек,ол
бір: құдай бар әрі жоқ деген сияқты мағынасыз сөз болар еді, өйткені
егер құдай қажеттілік болса, содан бастап ол болмаған болар еді.Еркіндік
іс - әрекетке деген айрықша мүмкіншілік . Егер тас өз еркімен қозғала
алатын болса,ол ерікті болған болар еді. Хайуанатармен адамдардың сондай
мүмкіндігі бар,олай болса олар ерікті.
Адамдар еркіндік жоқ деп қандай негізде ойлаған? Мұндай адасудың себептері
мынадай: о, бастан көзге түсетін нәрсе - екінің бірінде біз өзімізді баурап
алатын құмарлықтардың тұтқыны болып жүреміз. Өзіне адалдығы
болмаған ашынасын адам сүйгісі келмес еді, бірақ оның зердесінен күштірек
оның құмарлығы оны соған қайта соқтырады, бойды кернеген ашу мен ыза
зорлық қимылдарға ұрындырады; біз жайбарақат тыныш өмір сүргіміз келеді,
бірақ атаққұмарлық бізді не бір бүліктерге жетелейді.3
Осындай көзге көрініп, аяқ-қолымызды матап тұрған кісендер біз барлық
өмірімізде де кісенделеміз деп ойлауға итермелейді. Содан былай
қорытады:адамдар өздерін сондай толғантатын қатал сілкіністердің
ағымында жүреді, кейде оны белгілі бағытты қозғалыстар бағындырып алып
кетеді: ол - құл, көбіне ол өз кісендерінің ауырлығын да, масқаралығын сезе
бермейді, бірақ ол бәрібір құл. Осындай пайымдаулар-адам дәрменсіздігінің
логикасы, ол адамдар кейде ауырады, ендеше олар ешқашан сау болмайды деген
сияқты пікірге саяды. Күшті құмарлық билеп алған кезде сіздің сезімдеріңіз
ырқыңызға бағынуды қояды: осындай сәтте сіз параличпен ауырып көтерейін
деген қолыңызды көтере алмай қалған кезіңізден еркінірек емессіз. Адам өмір
бойы дөрекі құмарлықтар мен бейнелердің тұтқыны болатын болса, оның
адамдығының екінші жағы - оның ойлағысы келетін нәрселер туралы ойлай
алатындығы болмас еді. Басқалардан гөрі білімдірек, ойлырақ, қуаттырақ
адамдар, күмән жоқ бар. Еркіндік—жанның саулығы; оның толық әрі тұрақты
дәрежесінде оған ие болатындар аз. Біздің басқа қабілеттеріміз сияқты
біздің еркіндігіміз, әлсіз шектелген. Өзімізді ойлануға үйрету,
тағы басқа жаттықтырулар арқылы біз оны нығайтамыз, біршама күшейтеміз.
Бірақ біз қанша күш салсақта біздің зердеміз барлық тілектеріміз бен
құштарымызға ие бола алмайды. Біздің тәніміз сияқты, біздің
жанымыздың да бізге тәуелсіз ұмтылылыстары болады. Біз еркінбіз,
зерделіміз, өткірміз, бірақ белгілі бір азырақ мөлшерде. Біз әрқашан еркін
болсақ, онда біз құдай болған болар едік. Табиғатта өзіміздің үлесімізге
тиген орынды қанағат етейік. Бірақ тым астамшылыққа салынып, біз
ләззат беретін нәрселер жетіспейді деп мазаланып, құдайға ғана
тән нәрсе бізде жоқ екен деп, адамда бар қабілеттерден бас
тартпайық.
Балдың немесе бір қызық сұхбаттың қызған, немесе науқастың көңілсіз
шағында он тоғыздың жиырма бес бүтін де үштен төрт бөлігіне көбейтілген
тоқсан бес жартының үштен бірінің жартысының отыз бесінің бір бөлігі қанша
болатынын ойлап бас қатыруым мүмкін: мұндай есепке менде қажетті еркіндік
жоқ. Бірақ сәл осыған шұғылдану қарбаласта жоғалтқан қабілетімді қайта
оралтады. Сонымен еркіндіктің ең табанды қарсыластары да бізде ырықтық бар
екенін, оның кейде біздің сезімдерімізді бағындыра алатынын мойындады.
Бірақ, бұл ырық дейді олар, ауырырақ нәрседен төмен түсетін таразының
безбендеріндей, алдын ала қажетті түрде анықталып қойылған. Адам ең тәуір
пікірге ұмтылады; өзіне тәуір көрініп тұрған пікірді.Тәуір емес деуге
санада ырық жоқ. Зерде қажеттілікпен әрекет етеді, ал ырық зердемен
анықталады; сонымен, ырық абсолютті анықталады, ал адамда еркіндік жоқ.
Бұлтартпайтындай болып көрінетін осы дәлел - шын мағынасында барып
тұрған софизм - зерттейтін нәрсесін тым күңгірт елестетіп көп
адамдарды шатастырады.
Осы пайымдаудың қатесі мынада. Адам өзінде идеясы бар нәрсені ғана қалайды.
Оның егер опера туралы түсінігі болмаса, операға баруға онда ешбір тілек
те болмайды: ол оған ұмтылыс, егер оның санасы сол спектакльді қызықты деп
бағаламаса, онда операға баруға шешім де қабылдамас еді. Еркіндіктің өзі
осында: өзіне не нәрсе жақсы жағымды көрінсе, ол өз-өзінен сондай шешім
қабылдайды; өзіне жақсы нәрсе болып көрінбейтін нәрсені тілеу нағыз
қайшылық болған болар еді, сондықтан ол мүмкін емес. Адам өзін ең жақсы
дегенге бағыштайды, ол айдан анық нәрсе, бірақ мәселенің түйіні мынада:
адамдар осындай қозғаушы күш болу, өзі мәселені шеше алу немесе шеше алмау
қабілеті о бастан, бастапқы қабілеті ретінде тән бе, жоқ па? Зерденің
қолдауы қажет, ол ырықты қажетті түрде анықтайды дейтіндер ақыл ырыққа
сыртқы дене сияқты ықпал етеді деп ойлайды. Сана мен ырық дербес шын
нәрселердей өмір сүретін нәрселер емес сондықтан олар бір-біріне ықпал
етеді деу қате болады.
Ағылшын философы әрі психологы Д. Юмның ойлары да өзіндігімен қызықты.
Юмның пайымдауынща қиынсыздықтарына қарамастан осы уақытқа дейін еркіндік
доктринасының басым келгенінің үш негізін көрсетуге болады. Біріншіден, бір
әрекет жасағаннан соң біз соны белгілі бір мақсаттар мен қулықтардың
ықпалымен атқарғанымызды мойындасақ та, біз өзімізді қажеттілік
басқарғанын, бізге тіпті басқаша әрекет ету мүмкін болмағанын мойындау
қиын, себебі қажеттілік идеясында бір күш, зорлық, мойындату идеяларына
сілтеушілік бар,ал олардың барлығын біз сезбейміз. Философиялық
мектептерде айтылып жүрген өз қалауының еркіндігі мен селқостықтыңтың
еркіндігін ажырата алатыңдар өте аз. Зорлық пен күштеуге қарсы еркіндік
және қажеттілік пен себептіліктерді теріске шығаратын еркіндік.
Екіншіден, материяның немесе рухтың белгілі бір қозғалысының қажеттілігі
сол агенттің өзінің сапасы емес, сол қозғалысты барлап тұрған белгілі бір
ойлай алатын зерлі мақұлықтың қасиеті,ол - бұрынғы болған объектілерден осы
қозғалысқа ауысуға ойды мойынсұндыру.Екінші жағынан еркіндік немесе
кездейсоқтық дегеніміз мойынсұнулардың жоқтығы немесе бір объектінің
идеясынан екінші объектінің идеясына ауысу не ауыспауға біздің белгілі
дәрежедегі селқостығымыз. Адамдардың іс-әрекеттерін барлай отырып біз ондай
еркіндікті, селқостықты сирек сеземіз, бірақ іс-әрекеттердің өзінде біз оны
жиі сеземіз.Ал өзара байланысты және ұқсас объектілер бір-бірімен оңай
шатастыратын болғандықтан олар еркіндіктің бар екендігіне көрмелі құрам
немесе интуициялықдәлел ретінде пайдаланылады.Істеріміз көбінесе ырықтық
билігінде екенін біз сеземіз, ал санамызда ырықтың өзі ешнәрсенің билігінде
емес деген әсер қалады. Үшінші себеп, басқа доктриналарға қарағанда
еркіндік доктринасын жақсырақ қабылдау дінге байланысты. Бірақ дінді бұл
мәселеге бекер араластырады.4
Мен қажеттілікті ұқсас объектілердің тұрақты байланысымен,
бірігуімен немесе біздің рухымыздың бір объектіден екінші
объектіге ауысуы, өтуімен бірдей деп қараймын. Ал, қажеттіліктің адам
ырқына тән екендігі ашық айтылмаса да философияда жалпылай мойындалып
келді. Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы И. Канттың
еркіндік туралы айтарына көз жүгіртсек.
Барлық адамдар өз ырқында еркінбіз деп ойлайды. Болмаған іс-әрекетті болуға
тиіс еді деп пайымдайтынымыз осымен түсіндіріле алады. Сонымен қатар бұл
еркіндік эмпирикалық ұғым емес, олай бола да алмайды, өйткені қашан да
сақталып отырады. Солай болса да, еркіндік бар деп қабылдағаннан шығатын
қажетті талаптарға тәжірибеден шығатын көрсеткіштер қарама-қарсы.
Екінші жағынан, болып жатқан нәрселердің сөздің табиғат заңдарымен
болуы қажет және бұл табиғи қажеттілік те тәжірбиенің ұғымы емес оның
себебінің өзі сол қажеттілік ұғымының болуында, яғни,
қажеттілік априорлық танымның ұғымы болғандықтан. Бірақ табиғат туралы
осы ұғым тәжірибеде дәлелденеді және егер тәжірибе, яғни, басқаша
айтқанда сезім заттарьн танып, жалпы зандарға сәйкес бір-бірімен
байланыстыру мүмкін нәрсе деп қаралған жағдайда ол ұғым зердеде міндетті
түрде бар деп болжалуға тиіс. Сондықтан да, объективтік шындық екендігі
беймәлім еркіндік зерденің идеясы, өзінің шындық екенін, бар екендігін
дәлелдейтін және тәжірбиенің мысалдарында дәлелденуі қажет табиғат
пайымының ұғымы.5
Бұдан белгілі бір зерденің диалектикасы туса да, себебі ырыққа қатысты
оған тиісті еркіндік табиғи қажеттілікке қайшылықта екендігі және жол
айырығында зерде спекулятивтік тұрғыдан табиғи қажеттіліктің жолын
еркіндікпен салыстырғанда әлдеқайда топталған да, жүруге де ыңғайлы деп
қараса да, практикалық тұрғыдан еркіндіктің сүрмеуі біздің характерімізде
зердені қолданудың жалғыз мүмкін жері, сондықтан да дәлелдерін ең нәзік
өрнектей өретін философияға да; ең қарапайым еркіндікті ығыстыруы мүмкін
емес. Олай болса, философия адамдардың әрбір характерінің еркіндігі мен
табиғи қажеттілігі арасында нағыз қайшылық жоқ деп болжам жасауы керек,
себебі ол еркіндік ұғымынан қалай бас тарта алмайтын болса, табиғат
ұғымынан да тап солай бас тарта алмайды. Егер тіпті еркіндік туралы өзіне-
өзі және тап сондай қажет табиғатқа қайшы келіп тұрған болса, онда табиғи
қажеттілікпен салыстырғанда адам бас тартуға тура келер еді. Бірақ, егер
өзін еркінмін деп есептейтін субъект бір харекет қақында еркінмін деген
кезінде де, табиғаттың зандарына тәуелдімін деп мойындаған шақта да өзін
бір мәнде және бір қатынаста ойластыратын болса,аталған қайшылықтан құтыла
алмайды.5 Сондықтан философияның кейінге қалдыруға болмайтын
міндеті—аталған қайшылық жөніндегі оның адасушылықтарының
себебі—біз адамды еркін деп қараған кезде оны бір мағынада және қатынаста
ойластырамыз да, ал оны табиғаттың зандарына бағынатын бір бөлігі дегенде
екінші мағынамен қатынаста ойластырамыз және осы екі түрлі мағына мен
қатынастар бір-бірімен тек болмақ емес, бір субъектіде қажетті
байланысқан деп те ойластырылуы керек.
Кәдімгі адамның қарапайым зердесінің ырық еркіндігіне заңды
ұмтылуы зерденің субъективті анықталатын себептерінен шешімді талас
тудырмайтын тәуелсіздігі туралы белгілі бір сенімге негізделеді.
Ол субъективті нәрселер түйсіктерді құрап, жалпы сезімділік деп
аталады. Өзін ойластырушы жөндік деп қарайтын адам, өзін ойластырушы,
өзіне тән ырқы, себептілігі бар жәндік дегенде ол өзін заттардың басқа
бір тәртібіне,анықтаушы негіздерге, басқа бір қатынасқа қояды. Бірақ ол
кейін осы екеуінің де әр сәтте бірге бола алатынын, тіпті болу керек
екендігін түсінеді.
Шынында заттың құбылыстар дүниесінде белгілі бір заңдарға
бағынатындығы мен оның өзіндік зат немесе өзіндік мән ретінде
олардан тәуелсіз екендігінің арасында қайшылық жоқ. Адам өзін
осылай екі қалыпта ойластыратыны, біріншіде сезім арқылы түрлі
ықпалдарда болатын зат ретінде қабылдау санасына,екіншісінде зердені
қолдануда сезімдік әсерден тәуелсіз ойластырушы жәндік ретінде
қарайтын санаға негізделеді, екіншісінде, ол өзін ақылмен
түсінілетін дүниеге жататындығы жағынан қарайды.
Неміс классикалық философиясының көрнекті өкілі Гегель еркіндік
мәселесін айналып өтпеген. Оның ойынша: қажеттіліктің акиқаты еркіндік.
Қажеттілікті әдетте қатал деп сипаттайды,егер одан әрі оның мәніне
енбесе, оның тікелей формасынан аспаса, ол шынында солай. Тікелей не
абстрактылық қажеттіліктің қаталдығы осы—бір-бірімен байланысты екі
мазмұн бір-біріне жат еместігі, олардың бір бүтіннің әр
түрлі моменттері, ол моменттердің екінші жағынан өзі-өзінде қала
беретіндігі, яғни өзі -өзімен байланысқандығы ашылады. Бұл
қажеттілікті еркіндікке айналдыру, енді ол қажеттілікті тек
теріске шығаратын абстрактылы еркіндік емес, нақты, мазмұнды
еркіндік.Осыдан қажеттілік деп еркіндікті бір-біріне алаңсыз қарсы қоюдың
қаншалықты жалаң екендігін түсіне аламыз. Әрине, қажеттілікті өзімен-
өзін қарағанда ол еркіндік емес, бірақ еркіндіктің негізі қажеттілік,
ол қажеттілікті өзгерте отырып, бойына сіңіреді. Адамгершілікті адам өз
қызметінің мазмұнын өзіне дербес қуаты бар қажеттілік деп қарайды, бұдан
оның еркіндігіне еш қиянат келмейді, қайта осылай түсінудің арқасында
оның еркіндігі шын әрі мазмүнды еркіндік болады, оның мазмұнсыз
еркіндікке айналуы тек мүмкіндік дәрежесіндегі; шынында, таза оның
өз ісінің көрінісі, ол одан тыс жат күш емес, егер ол осыны мойындаса,
ол өзін еркін адам етіп көрсетеді. Өзін толығымен абсолюттік идеямен
анықталатынын білгенде ғана адам ең биік дербестікке ие болады.6
Иррационализм бағытының өкілі А. Шопенгауэр еркіндік туралы
өзінше ой түйеді. Оның түйіндеуінше.
Христиан мистиктерінің жан жайбарақаттығы және қайта туып жаңаруы деп
жүргендері ырық еркіндігінің бірден-бір тікелей көрінісі. Мұндай жағдайда
ырық өз табиғатын өзі танып, соның арқасында квиетивке ие болып, жеке
құбылыстарды ғана танудан пайда болатын қылықтардың ықпалынан құтылған
кезде қалыптасады. Осылай еркіндікті ашу мүмкіндігі адамның хайуаттармен
салыстырғандағы айрықша зор артықшылығы. Хайуанаттарға ол мәңгі жат
нәрсе. Ол артықшылықтың болу шарты зерденің ақылмен таразылауы, осы ғана әр
сәттің өзіне сай әсерлеріне тәуелсіз өмірді тұтасымен шолуға мүмкіндік
береді. Хайуанаттардың еркіндікке ешқандай мүмкіндігі жоқ, өйткені
әртүрлі құбылыстар туралы жалпы түсініктері жоқ сәйкес әртүрлі
құлықтардың қайшылығын олар ақыл таразысына салып бір шешімді
тандауы керек. Яғни, оларда талдау мүмкіндігі жоқ. Жоғарыдан жерге құлаған
тас қандай қажеттілікпен болса, аш қасқыр сондай қажеттіліктің күшімен
тістерін жемтігінің тәніне қадайды. Сол күштің әрі көрінісі, әрі
құрбаны өзі екендігін тануға оның мүмкіндігі жоқ. Қажеттілік - табиғи
күштер патшалығы,еркіндік—жан жайбарақаттығының дүниесі.7 Неміс
экзистенциализмінің негізін салушылардың бірі М. Хайдеггер пікірлері
осы еркіндік мәселесі тұрғысынан өзі қызық әрі құнды. Оның ойларына
орын берсек.
Адамның шынайылығы—оның еркіндігінде. Еркіндік болмыста негізделген
және болмысты негіздейді. Еркіндік-адам шынайылығының ақиқаты "осында
орныққан" адам ерікті, себебі: " осындағы болмыс" орын және
адамға Адам болу мүмкіндігін беретін орын қасиетін ашады. Орынды жоғалту
өліммен бір. Орынға иелік ету-белгілі бір нәрсенің тірлігіне мүмкіндік
жоқ болу емес, орын - адам өз-өзін зерделей бастайтын шынайылықтың түрі.
Бұл оның тірлік негізі және оның жүзеге асу мүмкіндігі.
Алайда, орынның шартты анықтамасы адам орны жүзеге асатын саяси,
экономикалық және әлеуметтік сияқты нақты сұрақтарда ақырына жетеді. Осы
аумақтардың әрбірі еріктілік жүзеге асуы үшін қажет.
Метафизикалық еріктілік аздық етеді. Хайдеггердің еріктіліктің нақты
өлшемі жөніндегі ілімді тірліктің экономикалық па, әлеуметтік пе немесе
саяси аспекттерге енгізуге қабілетсіздігі осы ілім мен метафизика
арасындағы диалектикалық байланысты түсінуге үлкен кедергі болып тур. Біз
адам—саяси мақұлық деп айтқанда біз оның метафизикалық еріктіліктің
шынайылығы және мойындауы болатын саяси еріктілікті сақтау мағынасында
түсінеміз. Бұған қарамастан, метафизикалық еріктілікті жариялау, тәуелсіз
адамды саяси тәуелдендіру арқылы сіңіріп кетуге жол бермейді. Сын есім және
зат есім арасындағы байланыс диалектикалық болуға тиіс. Сын есім зат есім
орнын толтыра алмағандай, зат есімде өзін сын есімсіз жүзеге асыра алмайды.
Біріншісінің мәнісі екіншісінің шекарасымен белгіленеді. Адам
тәуелсіздігі сын есімге, ол саяси немесе экономикалық болсын,
адам шынайылығын өз ішінде сіңіріп кетуге мүмкіндік беру нәтижесі арқылы
туындайды, сөйтіп ол ібілістікке айналады.Марксизм—ібіліс ісі сондықтан ол
күйретуші құбылыс, себебі,экономикалық сын есім өз ішінде зат есімді,
адамды, сіңіріп кетеді. Тәуелділік — соның нәтижесі.
Хайдеггер ой шебі-түпкілікті еріктілікті осындай ібілістік
ауытқулардан құтқарудың жанкешті амалы. Хайдеггер адам еріктілігінің
негізін де нұсқады, бірақ ол осы негіздің тек сәйкестікті
адатірлігінің сын есімді құрылымына диалектикалық түрде қарсы қойғанда ғана
жүзеге асатынын көрсете алмады. Саяси, әлеуметтік немесе экономикалы
еріктіліксіз метафизикалық еріктіліктің болуы мүмкін емес. Басқа
жағдайда, өз ішінде және өзі үшін ғана тірлік ететін шынайылық
күйреуге ұшырайды. Хайдеггер болмыстың Болмысында негізделген жаңа
гуманизмге жол көрсетті, дегенмен, бұл гуманизм саяси, әлеуметтік және
экономикалық тәртіп аркылы көрініс беретін адам еріктілігінің құрылымына
қатынасты болуға тиіс.
Экзистенциалистік бағыт өкілі Ж.П. Сартрдың да өз ойлары бар. Сартр адам
болмысы мен еркіндігінің арасында айырмашьлық жасамайды. "Еркін болу
деген сөз, болмыс-бостандық үшін қарғысқа ұшырау". "Бізге еркіндікке үкім
шығарылған" деген пікір бар. Сартр бойынша, адам белгілі бір таңдауды
жүзеге асыра алатын нақты жағдайлар аумағында болуы тиіс.Сырттан жасалған
қандай да болмасын қысым адамның бостандығын жоққа шығара алмайды, себебі,
оның әрдайым өз қалауын білдіре алуға мүмкіндігі болады. Сартр үшін
бостандық абсолютті құндьлық.
Неофрейдизмнің өкілі Э. Фроммның көзқарастары тіптен қызық әрі маңызы
зор. Ол өз ой толғанысын мынадай сұрақтар қоюмен бастайды. Адами
тұрғыдан алғанда еркіндік дегеніміз не , еркіндікке ұмтылу адам табиғатына
ғана тән бе? Еркіндік сырттан қыспақтың болмауымен ғана анықтала ма,
әлде өзге бір нәрсенің болуы керек пе? Еркіндікке деген ұмтылыстың
дамуына қоғамда қандай экономикалық және әлеуметтік факторлар негіз
болады? Осы сынды сұрақтар легі шексіз.
Еркіндік адамдық аспектілеріне талдау жасау қоғамдық даму
процесінің белсенді күштері ретінде болатын психологиялық
факторлардың ролін қарастыруға алып келді. Еркіндік адамның тіршілігін
анықтайды, еркіндік түсінігі адам өзін тәуелсіз жеке тіршілік
иесі ретінде сезінуіне байланысты өзгеріп отырады. Адам табиғаттан
ажырап, "индивидуалдануға" түсу арқылы ол еркіндікке бір табан жақындайды.
Осыдан бастап ол өсіп келе жатқан бала іспеттес еркіндік пен
тәуелсіздікке ұмтылады. Бұл процестің диалектикалық сипатын назарға
алсақ, осы процестің екі аспектісі бар екендігін көреміз. Индивидуалдану
процесінің бірінші жағы—тұлғаның дамуы, ал екіншісі—жалғыздықтың өсе
түсуі.8
Сол сияқты адам еркіндігінің дамуыньң диалектикалық сипаты бар.
Бір жағынан бұл адамның даму, табиғатқа иелену, ақыл-парасаттық ролінің
артуы процесі болса, екіншіден индивидуалданудың өсуі оқшаулануға
әкеліп, адамның әлемдегі орыны және оның өмірінің мәні туралы түсініктер
көмескілене береді. Ол өз тағдырын терең түсініп, өлім алдынд қорқыныш
пайда болады.
Адам мен еркіндік арасындағы бастапқы байланыс жұмақтан
қуылған туралы мифте-ақ көрініс табады. Адамның өзі күнәнің жолымен
еркіндікті таңдап алған болатын.
Бағынбаушылық, еркіндік әрекетін адамның ойлануымен тікелей
байланысты деп айтуға болады.
Фромм бойынша адам табиғи эволюцияның нәтижесі, табиғаттың бір
бір бөлшегі бола тұра ақыл-парасатқа ие болғандықтан одан жоғарыда. Адам
биологиялық мағынадағы емес, болмыс күйіне әлемге қатынас байланысты, өлім
мен өмірге тандау жүргізуі оның өз еркіндігінің шекарасын кеңейтеді.
Адам өз бостандығын дәлелдеу үшін барша адам қасиеттерін жүзеге асыруы
тиіс. Фромм үшін бостандық адами болмыспен байланысты, яғни, өзді-өзі
болуы үшін, көпшіл болу үшін еркін болу, бұған қарсы көпке иелік етіп,
адамдар мен заттарды пайдалану. Адам бостандыққа өз қиялдарының
құрығынан босаған кезде ғана қол жеткізе алады.
Мінекей, сонымен, әлемдік философия тарихында арттарына өшпес, із қалдырған
бірқатар озық ойдың өкілдерінің еркіндік атты, бір қарағанда қарапайым
ғана, ал екінші жағынан—маңызды, тағы бірде— қызық, сонымен қатар
күрделі мәселені қалайша пайымдағандарын қарастырдық. Қорыта
келгенде, талдау жасау арқылы мынадай нәтижеге келуге болады:
1. Бұл мәселе әрдайым адам мәселесі
қаралған жерде сырттан қалып қоймаған, яғни, еркіндік - мәңгілік
мәселе.
2.Бұл мәселе өз дәуіріне байланысты біраз өзгешіліктерге ие болып
отырғанымен, ұқсастықтары басым.
3.Еркіндік — адамға ғана тән қасиеттердің қатарында елеулі
орын алады.
Еркіндік ұғымы адамды өзін асқақ сезінуге және ең бастысы—
өздігін сезінуіне мықты тірек болары сөзсіз.8
II тарау. Қазақтың "бес арысы" атанған зиялылар ілімдеріндегі еркіндік
мәселесі.
Ахмет Байтұрсынов—қазақтың ұлы ағартушы демократы, ақын, жазушы көрнекті
қоғам қайраткері, ойшыл-ғалым, философ. Ол өзінің саналы ғұмырын қазақ
халқының болашағы үшін, өз елін дамыған өркениетті елдер қатарына қосу үшін
сарп етті. Осы жолда Ахмет бойындағы табиғи дарынды кеңінен қолданып, өз
ойын халыққа өлеңдер, әңгімелер, мақалалар арқылы жеткізе білді. Ұлттың
игілігі үшін "Қазақ" газетін ұйымдастырып, осы арқылы сол кездегі қазақ
зиялыларының өлеңдерімен, мақалаларымен, қоғам өміріндегі жаңалықтармен ел-
жұртты хабардар етті. Ахмет "Қазақ" газетінің 1-ші нөмірінде ұлт және оның
рухани байлығының сақталып қалуына қалай қол жеткізуге болатынын былай
келтіреді:
Өзімізді жеке ұлт ретінде сақтап қалуымыз үшін бар күш жігерімізді жұмсап
ағартушылыққа және жалпы мәдениетке ұмтылуымыз қажет, ал ол үшін ана
әдебиетті дамыту керек екенін бірінші міңдетіміз деп санау қажет. Ана
тілінде сөйлейтін және өз әдебиеті бар халықтың ғана өз бетінше өмір сүру
құқы бар екенін естен шығармау керек".9 Ахмет өзінің "Қазақ" газеті
бетіндегі мақалаларында балаларды мектеп және медреседе оқыту
маңыздылығын көрсете отырып, былай дейді: "халықты ағарту балаларды
мектепте оқытудан басталады және мұны арнайы білімі бар адамдарға
тапсырған жөн, себебі, жеткіншек ұрпақтың өз халқының өткені туралы
білуімен ұлттың болашағы тікелей байланысты". Ахметті өз халқының
тағдыры толғандырды және ағартушылықты қоғамдық өрлеуге жетудің
бірден-бір жолы ретінде қарастырды.
Саяси жайбарақаттық және халықтың кедейлігінің бірден-бір себебі надандық
деп санай отырып, Ахмет ағартушылық пен шынайы білім— халықты бақытты
ететін қару деп ойлайды. "Ғылым мен білім біздің өмірімізді жетілдіре
алады...
Әлемнің өркениетті елдері ғылымның дамуын әрдайым қолдайды және материалдық
жағынан көмек береді, біздер де алдыңғы қатарлы Европа елдерін үлгі
тұтуымыз керек",біріншіден жазды "Білім жарысы" мақаласында қалың
бұқараны ағарту, Ресей мен Европа елдері халықтарының даму деңгейіне жетуге
себепші болатынын түсіне отырып, ойшыл ауқатты адамдарды жаңа
мектеп салуға, білім беру саласына және де орыс мектептерінде
оқитын кедей балаларға материалдық жағынан көмектесуге шақырды. Қазақ және
орыс мектептеріндегі оқыту туралы өз ойын білдіре отырып, ол балалардың
міндетті түрде екі жылдық мерзімде қазак тілінде оқу керектігін былай
жеткізді: "бастауыш мектептер саяси уағыздан аулақ болуы керек, себебі,
әрбір халық өз тілі, діні, жазуын иемденуге хұқы бар". Ал сонымен қатар ол
орыс тілін оқыту қажеттілігін де атап көрсетті: "...тек қазақ тілінде ғана
емес, сонымен қатар орыс тілінде де оқи және жаза білу керек,.." Ахметтің
"Маса" (1911) атты кітабы өз дәуірін ашық, айқын сынаған еңбек болды.
Халкының тағдыры мазалаған Ахмет кедейлік пен бақытсыздық себептерін
іздеді, өз халқын еріншектік, қорқақтық, жәйбарақаттылыққа кінәлады.
Ол өз сөзін масаның ызыңына теңеп, халықты тәтті ұйқыдан оятқысы
келді. Ол өз замандастарын бұрынғы ата-баба батырлығын, ақылдылығын,
бірлігін еске алып, болашақ туралы ойлануға шақырады.Өз халқының тағдырын
ойшыл ескегі жоқ қайықтағы адамның тағдырымен салыстырады, "бірақ қайықтағы
адам өз жағдайының қауіпті екенінен күмәнданбайды", —дейді Ахмет. Молданы
сынау, шенқұмарлықты әшкерелеу Ахмет өлеңдерінің негізгі мазмұнын құрайды.
Қазақ қоғамындағы әлеуметтік кемшіліктерді ашуға Ахметтің "Қырық мысал"
атты еңбегі арналған. Мұнда Крыловтан аудармалар берілген. Крылов
мысалдарының тәрбиелік мәнін түсіне отырып, Ахмет мысал сюжеттерін қазақы
шындық пен тікелей байланыстырған. Крылов мысалдары еркін нәтижеде аудару
қазақ қоғамындағы өмір шарттарынан туындаған идеялармен, ойлармен толықты.
Өркөкіректік, парақорлық, өзімшілдік т.б. кемшіліктерді сынай отырып, Ахмет
өз халқын надандықтан құтылуға, әрдайым еңбектенуге, өркениетгі қоғамға
жету мақсатында бірігуге шақырды. Қазақтардың өмірі мен жұмысын жылжымайтын
көлшік сумен теңеді және олар қоршаған әлемге жайбарақат қарап жатқанда
өзге халықтардың алға дамып кеткенін айтады. Ахмет өзен тәрізді тынбастан
еңбек етуге, мәңгілік қозғалыста болуға және алдыңғы қатарлы елдердің даму
деңгейіне жетуге окытады. Мысалдар қазақ халқының тағдыры мен болашағына
терең түрткі болады, "Ояныңдар, айналаға қараңдар, ойланыңдар. Әйтпесе,
жайбарақаттық сендерді құртады",—деп ескертті ол. Ахмет Крыловты аудару
арқылы өзінің ойлаған мақсатына жете алды. "Қара бұлт" деген мысалда ол
ойын жүйелеп, дәлелдеп, халқына ақыл-кеңес береді".
"Мысалы қазақ—дала, басқа—теңіз
Даланы шама келсе шегертіңіз:
Мұң десең, мұқтаж десең қазақта көп,
Емес пе мұны ойламақ міндетіңіз?..."
Қарашекпен мен қой" деген мысалда зорлық пен әділетсіздікті шеней
келіп, былай түйіндейді:
"Күнәлі біреуі ойдан, біреу тілден,
Ахмет, осы айтқаның жетер, тоқта".
Ал "Арыстан, киік һәм түлкі атты мысалда ойшыл опасыздықты
әшкерелейді.
"Кімге таза жолдас табу қиын,
Көбіне дос етеді мал мен бұйым.
Досыңнан, дұшпаныңнан бірдей сақтан,
Басыңда, сірә, Ахмет, болса миың".
Ойшылдық Крылов аудармаларына өзім тікелей араластырьп, программалық ой-
ниетін ашық білдіретін тұстарын сөз қылғанда, "Малшы мен маса" атты мысалға
ерекше тоқталуымыз керек.
" Мысалы, қазақ-малшы ұйықтап жатқан,
Жыланды пәле делік аңдып баққан.
Пәленің түрін көрген мен—Сарымаса,
Халықты оянсын деп сөзбен баққан. Ойлаймын осы сөзде жетеді деп.
Ұйқысы ашылмаған жұрт өзімд Қорқамын сарымасадай етеді деп.10
Крылов шығармаларында тайға таңба басқандай қылып адам
табиғатындағы жақсы—жаман мінездерді суреттейді, солардьң мәңгілік
символы ретінде санада орнығып қалған неше түрлі жан—жануарлардың
бейнелері бар. Ахмет оларды өз бетінше шебер қолдана білді.
Крылов мысалдарына жүгінгенде ойшыл оны өзінің
ағартушылық,
күрескерлік қызметіне жарату, яғни, өзіне идеялық қару етіп
қолдану
мақсатын көздеді. Осы мақсаттың ыңғайына қарай ол аударма объектісін
елсін—еркін қолданды. Ахметтің адам мәселесін қозғауы оның поэзиясында
жан—жақты орын алады. Оның ақындық қабілеті өзінің мұрат—мақсаттарын
жүзеге асырудың, ағартушылық, азатшылдық, күрескерлік
борышын
атқарудың құралы ретінде көрінеді. Ол жайында толғанып,
қандай
тақырыпты көтерсе де, ондағы негізгі ой арқауы азаматтық сарынмен беріліп
отырады. Оның әрбір өлеңінде заман ағымы, туған халқының болашағы, ел
тағдыры мәселесі көтеріледі. Ағартушылық қызметті қалың жұртшылық
санасына ықпал ететін әлеуметтік қозғалыс дәрежесіне көтеру үшін Ахмет
бойындағы ақындық дарынын қару етіп пайдаланды. "Маса" деген атпен
шыққан алғашқы өлең жинағының негізгі көздеген нысанасы—масадай
ызыңдап, қалың ұйқыда қаперсіз жатқан халықгы ояту болды.
"Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса",— деп ол халқы үшін тәуекелге бел
буады.11 Ахметтің ойы қайтсе де келешек ұрпақты түзу жолға салу. Қоғамның
байлығы—адам екені белгілі. Демек, сол адам өсіп—жетілгенге дейін бала
күнінен дұрыс тәрбие берілуі тиіс. "Балалар бұл—жол басы даналыққа",—
деп басталатын өлеңге өлем деп бастап, содан күрделі өмірдің не бір
ғажайып қырлары мен сырларын түгел игерген көзі ашық, көкірегі ояу,
оқыған азамат болып өскенге дейінгі ұзақ жол түгел сыйып тұрғандай. Сол
жолдан түгел өтіп адам боламын деген әрбір талапкерге парыз екенін, күллі
адамзат сол жолмен жылжып бара жатқанын сәби санасына
жеткізе
ұғындырып алғаннан кейін, ол ой түйінін тереңдете тұжырымдап, былай
айттады.
Даналық— өшпес жарық, кетпес байлық, Жүріңдер іздеп
тауып алалық та!...
Білімді оқып—үйренген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz