Материалдық ресурстарды басқару
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 МАТЕРИАЛДЫҚ РЕСУРСТАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Материалдық ресурстарды басқару түсінігі мен функциялары ... ... ... .5
1.2 Материалдық ресурстарды сатып алу логистикасы ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3 Материалдық ресурстарды тасымалдау логистикасы ... ... ... ... ... ... ...15
1.4 Логистикадағы қоймалау қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2 МАТЕРИАЛДЫҚ РЕСУРСТАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕСІН ТАЛДАУ
2.1 “PetroKazakhstan Kumkol Resources” акционерлік қоғамын сипаттау ... .. ... ...34
2.2 Компаниядағы сатып алу процесін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
2.3 Panalpina World Transport компаниясы және оның атқаратын тасымалдау қызметін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
2.4 Қоймалау қызметін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...48
3 МАТЕРИАЛДЫҚ РЕСУРСТАРДЫ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Көлік инфрақұрылымын дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53
3.2 Электронды SAP жүйесін жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...58
3.3 Көліктік.логистика кластерін қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .60
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..64
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..69

МАТЕРИАЛДЫҚ РЕСУРСТАРДЫ БАСҚАРУ
(PetroKazakhstan Kumkol Resources компаниясының мысалында)
ЖОСПАР
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 МАТЕРИАЛДЫҚ РЕСУРСТАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Материалдық ресурстарды басқару түсінігі мен
функциялары ... ... ... .5
1.2 Материалдық ресурстарды сатып алу
логистикасы ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3 Материалдық ресурстарды тасымалдау
логистикасы ... ... ... ... ... ... ...15
1.4 Логистикадағы қоймалау
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2 МАТЕРИАЛДЫҚ РЕСУРСТАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕСІН ТАЛДАУ
2.1 “PetroKazakhstan Kumkol Resources” акционерлік қоғамын
сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
2.2 Компаниядағы сатып алу процесін
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 36
2.3 Panalpina World Transport компаниясы және оның атқаратын
тасымалдау қызметін
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..39
2.4 Қоймалау қызметін
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48
3 МАТЕРИАЛДЫҚ РЕСУРСТАРДЫ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Көлік инфрақұрылымын
дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..53
3.2 Электронды SAP жүйесін
жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58
3.3 Көліктік-логистика кластерін
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..60
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .64
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
69
КІРІСПЕ
Ел президентінің Қазақстан-2030 стратегиясында Қазақстанның міндеті
отандық көлік кешенінің бәсекелестік қабілетін және аумағымыз арқылы өтетін
сауда легінің үлғайтылуын қамтамасыз ету болып табылатындығы айтылған 1.
Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуіне байланысты соңғы жылдары
логистика термині пайда болды және қарқынды түрде дамуда. Жалпы логистика
дегеніміз – бұл шикізатты сатып алу орнынан соңғы тұтыну орнына дейін
материалдық және сонымен байланысты ақпараттық ағымдардың қозғалысын
қамтамасыз ететін тасымалдау және қоймалау бойынша барлық қызметтерді
жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау. Логистика шикізат пен жартылай
фабрикаттарды сатып алу мен дайын өнімді тұтынушыға жеткізгенге дейінгі
уақыт аралығын қысқартуға мүмкіндік береді.
Шетел тәжірибесі көрсеткендей, қазіргі бизнесте логистика стратегиялық
маңызды орынға ие. Осы салада табысқа жеткен көптеген мамандардың компания
басшылығындағы жоғарғы қызмет орындарына жылжитыны кездейсоқ емес. Бизнес
тұрғысынан қарағанда логистика дегеніміз – корпоративті мақсатқа барлық
ресурстардың оңтайлы шығындарымен жету үшін материалды және басқа да
ағымдарын тиімді басқару.
Логистиканың негізі болып табылатын алты ереже бар.
• ЖҮК – керекті тауар;
• САПА – қажетті сапада;
• САНЫ – қажетті көлемде;
• УАҚЫТ – қажетті уақытта жеткізілуі тиіс;
• ОРЫН – керекті орынға;
• ШЫҒЫНДАР – минималды шығындармен.
Логистикалық іс-әрекеттің мақсаты жүзеге асырылды деп санауға болады,
егер осы алты шарт орындалса, яғни қажетті тауар қажетті көлемде қажетті
сапада керекті уақытта керекті жерде минималды шығындармен жеткізілген
болса.
Ұлыбританияда өткізілген зерттеулер соңғы тұтынушыға келіп түсетін
өнімнің өзіндік құнының 70% логистикалық, яғни тасымалдау, қоймалау, орау
және т.б. шығындардан тұратындығын көрсетті. Ал логистикалық шығындардың
41% тасымалдау, 21% қоймалау, 23% материалдық қор және 15% әкімшілік
шығындарды құрайды. Осыған байланысты көп елдерде логистика саласындағы
шығындарды төмендету жолдарын интенсивті іздестіру процесі жүруде.
Мамандардың назары ең алдымен төмендегілерге аударылуда:
• материалдық ресурстарды жабдықтау, өткізу және сақтау
процестерін жетілдіру;
• маркетингтік қызметті және жабдықтаушылар мен тұтынушылар
арасындағы функционалды қарым-қатынасты жақсарту;
• материалдық және ақпараттық ағымдардың жылжу технологияларын
өзгерту 2.
Логистика бойынша бүкіл әлемдік және европалық конгрестер мерзім сайын
жүргізіліп тұрады. Европалық логистикалық ассоциацияның (ЕЛА) соңғы
конгресі Еврологистика-2000 болды. Осы конгрес жақсырақ, тезірек,
арзанырақ деген ұранмен Афинада өтті.
Материалдық ресурстарды басқару әр уақытта шаруашылық қызметтің
маңызды жағы болып табылатын. Дегенмен, ол тек жақында ғана экономикалық
өмірдің маңызды функцияларының біріне айналды. Негізгі себебі - өндірістік
және сауда жүйелерінің тұтынушының тез өзгеріп отыратын талғамына жылдам
икемделуі қажеттігін туғызған сатушы нарығынан сатып алушы нарығына өту.
Кез-келген кәсіпорынның материалдық ресурстарға қажеттілігі болады.
Осы қажеттілікті уақытылы қанағаттандыру керек. Егер қажеттілік уақытылы
қанағаттандырылмаса, өндіріс тоқтап қалады, яғни кәсіпорынға көптеген шығын
алып келеді. Осы тұрғыдан қарағанда, материалдық ресурстарды басқару
мәселесі заман талабына сай және өте өзекті де маңызды мәселе. Бітіру
жұмыстың да негізгі мақсаты шығындардың орын алуын болдырмау үшін
материалдық ресурстарды тиімді басқару үрдісін зерттеу болып табылады.
Осы мақсатқа жету барысында алға келесі міндеттер қойылды:
• материалдық ресурстарды басқарудың мәнін, мақсатын және
кезеңдерін анықтау;
• материалдық ресурстарды басқарудың ұйымдарда жүргізілу
тәжірибелеріне шолу жасау;
• материалдық ресурстарды басқаруды жетілдіру шараларын ұсыну.
Бітіру жұмысының зерттеу обьектісі ретінде материалдық ресурстарды
тұтынушы PetroKazakhstan Kumkol Resources акционерлік қоғамының қамтамасыз
ету және материалдық қор басқармасы қарастырылады.

1. Материалдық ресурстарды басқару түсінігі мен функциялары
Материалдық ресурстарды тиімді қолдану, кәсіпорындағы материалдық
ағымдар өтетін барлық бөлімшелер арасындағы үйлесімділік шартында ғана
болады. Шикізатты, материалдарды коммерциялық және өндірістік тұрғыда
қолдануды ұйымдастыру материалдық шығындармен тығыз байланысты. Ал
материалдық шығындар болса, кәсіпорынның нарықтағы бәсекелестік орнын
анықтайды.
Кейбір авторлар материалдық ресурстарды басқаруды тек қана шаруашылық
субьектілерді материалдармен қамтамасыз ету деп түсінеді 3,4б. Бұл
материалдық ресурстардың өте тар мағынасы болып табылады және бұған
өндірістік кәсіпорындарды материалды-техникалық қамтамасыз етумен
айналысатын көтерме-сауда ұйымдарының қызметін жатқызуға болады. Кең
мағынасында материалдық ресурстарды басқару кәсіпорынның материалды
ресурстарға қажеттілігін анықтау, анықталған қажеттілікті қанағаттандыруды
ұйымдастыру және кәсіпорынның экономикалық стратегиясына байланысты
материалдық ресурстарды қолданудың тиімділігін бақылау болып табылады.
Қаржылық, адам ресурстарына қарағанда, материалдық ресурстар кәсіпорынның
шығаратын өнімінің заттық негізін, компонентін, элементін құрайды.
Материалдық ресурстарды басқару функциялары 1 суретте көрсетілген. Бұл
құрал бір жағынан кәсіпорынның материалдық ресурстарға деген қажеттілігін
қанағаттандырады және қаржылық шығындарды төмендету арқасында тиімді
өндірістік пайдалануды қамтамасыз етеді. Ал екінші жағынан, материалдық
ресурстарды басқару функциялары қалыптасқан жоспарлау, ұйымдастыру,
ынталандыру және бақылау кешенінің элементтері болып табылады.
1-сурет. Материалдық ресурстарды басқару функциялары 3,7б.
Материалдық ресурстарды басқару жалпы менеджменттің әдістеріне
сүйенеді және алдына қойған мақсатына байланысты өзіндік ерекшеліктерге ие
болады.
Материалдық ресурстарды сатып алу және өндірісте қолданумен байланысты
қызметтерді жоспарлау, кәсіпорындағы стратегиялық жоспарлаудың бір бөлігі
болып табылады. Ол мақсатты таңдау принциптері және оларға жету жолдары
негізінде құрылады. Материалдық ресурстарды қолдану екі кезеңнен тұрады.
Олар материалмен қамтамасыз ету және өндіріс немесе өнім өткізу процесінде
материалды қолдану болып табылады. Осыған орай материалды ресурстармен
байланысты шаруашылық субьектілердің қызметін жоспарлаудың 2 бөлімі
ерекшеленеді.
Жоспарлаудың бірінші бөлімі кәсіпорынның материалдық ресурстарға
қажеттілігін және оларды ішкі орта факторларының қызметін оңтайландыру
арқылы ұтымды қолдану жолдарын анықтауды қамтиды. М. Мескон, М. Альберт
және Ф. Хедоури ішкі орта факторларына құрылымды, мақсаттарды, міндеттерді,
технологияны және адамдарды жатқызады 4,108б. Кәсіпорынның ассортименттік
портфелін және өндірістік бағдарламаны құру барысында натуралдық және
құндық формадағы шығындалатын материалдық ресурстар көлемін және өндірістік
қор деңгейі есептелінеді.
Екінші бөлімде материалдық ресурстар нарығындағы кәсіпорынның
стратегиясы құрылады, яғни материалмен қамтамасыз ету саласындағы
кәсіпорынның сыртқы ортамен қарым-қатынасы және шарттары анықталады.
Кәсіпорынның материалдық ресурстарға деген қажеттілігі негізінде
қажеттіліктерді қанағаттандыратын сыртқы көздер таңдалады, сатып алудың
шекті бағалары есептеледі және жабдықтаушылардан кәсіпорынға дейінгі
ресурстардың жылжуы ұйымдастырылады 3,37б.
“Стратегия құрылымды анықтайды” деген қағидаға негізделе отырып,
материалдық ресурстарды қолданудың стратегиясына байланысты материалдық
ресурстарды басқаруды ұйымдастыру құрылымы қалыптасады деп айтуға болады.
Материалдық ресурстарды басқару құрылымын анықтағанда міндетті түрде сыртқы
орта факторы ескерілуі керек, өйткені материалдық ресурстармен қамтамасыз
ету барысында олар бір-бірімен қарым-қатынасқа түседі.
Материалдық ресурстарды басқарудың орталықтану деңгейі кәсіпорынның
көлемі, масштабы және сыртқы орта факторларына байланысты болады. Комбинат
немесе өндірістік бірлестік болып табылатын, ірі өндірісті қамтитын
кәсіпорындар материалдық ресурстарды басқарудың орталықтанбаған құрылымына
ие болады. Ал тар номенклатурасы, бірнеше жабдықтаушылары бар, тұрақты
сыртқы ортадағы шаруашылық субьект орталықтанған құрылымды қолданады.
Орталықтанған құрылымда материалдық ресурстарды қолдану саласындағы
шешімдер кәсіпорынды басқарудың иерархиялық пирамидасының жоғарғы бөлімінде
қабылданады. Ал орталықтанбаған құрылымда әр өндірістік бөлімше керекті
материалдық ресурстарды өздері басқарады.
Материалдық ресурстарды басқаруды ұйымдастыру құрылымы мен іс-әрекет
жоспары ынталандыру механизміне негізделуі керек. Материалдық ресурстарды
басқару материалдарды сатып алатын, тасымалдайтын, өңдейтін персоналды
басқару болып табылады. Қызметкерлерді кәсіпорынның материалдық шығындарын
рационалды қолдануға қызықтыру керек, яғни тиімді ынталандыру басқару
құралы болып табылады. Күту теориясына сәйкес кәсіпорынның ынталандыру
механизмінің негізіне шаруашылық қызметтің қаржылық көрсеткіштерін
жақсартатын, еңбек қарқындылығы мен кәсіпкерлік белсенділігін арттыру және
қызметкерді қанағаттандыратын жоғары сыйақы арасындағы байланыс жатады. Осы
теорияға сәйкес кәсіпорында 2 суретте көрсетілген арақатынас болу керек.
Нәтижесінде, алынатын сыйақы кәсіпорындағы материалдық шығындарды
оңтайландырудың жаңа талпыныстарын тудырады.
2-сурет. Кәсіпорынның материалдық ресурстарын қолдануды ынталандыру
механизмінің циклы 3,15б.
Ескерту: Пунктир сызығы сыйақы мен талпынысты арттыру арасындағы кері
байланысты білдіреді.
Материалдық ресурстарды тиімді ынталандыру материалдық ресурстардың
деңгейін дұрыс бақылау кезінде ғана жүзеге асырылады. Материалдық
ресурстарды басқару кәсіпорындағы ресурстармен қамтамасыз ету және
өндірістік қолдану процестерінің қалай жүргізілуін, ішкі және сыртқы
ортаның өзгеруі нәтижесінде қандай проблемалар туатынын үздіксіз бақылауды
білдіреді. Осы функцияны жүзеге асыратын құрал болып бақылау табылады.
Жоғарыда айтылған басқа да функциялар сияқты, материалдық ресурстардың
қолданылуын бақылау, берілген шаруашылық субьектілердің бақылауды
ұйымдастыру әдістемесіне негізделуі керек. Өнеркәсіптік кәсіпорында үш
түрлі бақылауды қамтамасыз ету керек. Олар алдын-ала, ағымдық және
қорытынды бақылау болып табылады.
Алдын-ала бақылау материалдық ресурстарды қолдануды жоспарлаумен тығыз
байланысты. Алдын-ала бақылау кезінде кәсіпорынның өндірістік және
коммерциялық қызметінің барлық стадияларындағы материалдық ресурстарды
қолданудың стандарттары белгіленеді. Алдын-ала бақылау материалдық
ресурстардың қорларын және шығындарды нормалауды қамтиды.
Ағымдық бақылау материалдық ресурстарды қабылдау және қолдану
процесінде жүзеге асырылады. Ол алынған нәтижелер мен жоспарланған
материалдық шығындардың нормаларын салыстыруды қамтиды. Ағымдық бақылаудың
мақсаты шаруашылық қызмет барысында туатын материалдық ресурстармен
қамтамасыз ету және қолданумен байланысты проблемаларды шешу болып
табылады. Осы бақылау түрі материалдық ресурстардың қолданылуы және жылжуы
жүретін жұмыс орындарынан және бөлімшелерден ақпарат алуға мүмкіндік
беретін, кері байланыс негізінде құрылады.
Қорытынды бақылау материалдық ресурстарды жабдықтау келісімшарттарын
орындау біткен кезде және кәсіпорынның бизнес-жоспары құрылатын әр
периодтың соңында жүргізіледі. Бақылау кезінде жоспарланған материалдық
шығындар ағымдық шығындармен салыстырылады. Алынған мәліметтер, біріншіден,
кезекті периодқа бизнес-жоспар құру үшін және материалдық ресурстар
нарығында кәсіпорынның стратегия және тактикасы жөнінде шешімдер қабылдау
үшін қолданылады. Екіншіден, кәсіпорынның қызметкерлеріне берілетін сыйақы
көлемін анықтайтын база ретіндегі, материалдық ресурстарды ұтымды қолдануды
ынталандыру механизмінің маңызды элементі болып табылады.
Қарастырылған функциялардың элементтері тек қана дұрыс орындалған
жағдайда ғана кәсіпорындағы материалдық ресурстардың тиімді қолданылуын
қамтамасыз ете алады 3,38б.
2. Материалдық ресурстарды сатып алу логиcтикасы
Сатып алу логистикасы – бұл кәсіпорынды материалдық ресурстармен
қамтамасыз ету үрдісіндегі материалдық ағымдарды басқару.
Сатып алу логистикасы жалпы кәсіпорынды басқарудың және оның ішінде
материалдық ресурстарды басқарудың компоненті бола отырып кәсіпорынның
сатып алу қызметін жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылауды
қамтиды. Батыс елдерінде сатып алу логистикасын тиімді ұйымдастыру фирманың
нарықтағы орнын жақсартуға мүмкіндік беретін бәсекелестік құрал ретінде
анықталады.
Сатып алу қызметінің мақсаттарын және оларға жету жолдарын анықтау кез-
келген өнеркәсіптік кәсіпорында іске асады. Материалдық ресурстарды басқару
жүйесінде сатып алу, материалмен қамтамасыз ету және материалды қолдану
мақсаттарының үйлесуінің әмбебап формасы материалдық ресурстарды қолдану
стратегиясын құру болып табылады.
Стратегияның негізгі мақсаттарының бірі болып кәсіпорынның өз
жабдықтаушылармен қарым-қатынасын анықтау табылады. М.Портердің
бәсекелестік концепциясында жабдықтаушылармен қарым-қатынас стратегиялық
менеджменттің басты компоненттерінің бірі ретінде қарастырылады.
Жабдықтаушылар М.Портердің әлемге танымал концепциясында кәсіпорынға әсер
ететін бес бәсекелестік күштің бірі болып табылады. М.Портердің бес
бәсекелестік күш концепциясы 3 суретте көрсетілген 5,188б. Кәсіпорынның
міндеті – қай материалдық ресурстың жабдықтаушысы күшті немесе әлсіз
бәсекелестік күшке жататындығын анықтау. Осындай шешім қабылдау материалдық
ресурстарды басқару қызметімен, оның ішінде сатып алу қызметімен тікелей
байланысты.
3-сурет. Бес күшке негізделген бәсекелестік моделі 5,188б.
Кез-келген өндірістік, сондай-ақ сауда кәсіпорнында материалды ағымдар
өңделеді, сондықтан оның құрамында еңбек заттарын – шикізат,жартылай
фабрикаттарды, халық тұтынатын бұйымдарды сатып алатын, жеткізетін және
уақытша сақтайтын қызметі бар (жабдықтау қызметі).
Кәсіпорынды еңбек заттарымен қамтамасыз ету үрдісінде жауап беретін
негізгі сұрақтар жабдықтау логикасымен анықталады:
• не сатып алу;
• қанша сатып алу;
• кімнен сатып алу;
• қандай шарттарда сатып алу.
Дәстүрлі тізімге логистика келесі сұрақтарды қосады:
• сатып алуларды өндіріс және өткізумен қалай жүйелі байланыстыру қажет;
• кәсіпорын қызметін жабдықтаушылармен қалай байланыстыру керек.
Сатып алу логистикасының белгіленген сұрақтары осы функционалды
саладағы шешілетін мәселелердің құрамы мен орындалатын жұмыстар сипатын
анықтайды.
Сатып алу логистикасына жататын мәселелер мен жұмыстарды қарастырайық.
1. Материалдық ресурстарға қажеттілікті анықтау. Материалдық
ресурстарға қажеттілікті анықтау үрдісінде материалдық ресурстарға
фирма ішілік қажеттілікпен теңестіру қажет. Содан соң материалдық
ресурстарға қажеттілік есептеледі. Ол кезде жеткізудің салмағына,
мөлшеріне және басқа да параметрлеріне, сондай-ақ жеткізу
қызметтеріне де талаптар белгіленеді. Әрі қарай жоспар жасалады -
әр номенклатура және номенклатуралық топтық позициясына графиктер
мен әрекеттер жасалады.
2. Сатып алу нарығын зерттеу. Сатып алу нарығын зерттеуді
жабдықтаушылар нарығының тәртібін талдаудан бастайды. Бұл кезде
барлық мүмкін болатын жабдықтаушыларды тікелей нарықтар бойынша,
алмастырушы нарықтар және жаңа нарықтар бойынша теңестіру қажет.
Содан соң барлық сатып алынатын материалдық ресурстардың мүмкін
көздерін алдын ала бақылау, сондай-ақ нақты нарыққа шығумен
байланысты тәуелдіктерді талдау қажет.
3. Жабдықтаушыларды таңдау. Оған жабдықтаушылар жөнінде ақпарат іздеу,
жабдықтаушылар жөнінде мәліметтер базасын құру, оңтайлы
жабдықтаушыны іздеу, таңдалған жабдықтаушылармен жасаған
жұмыстардың нәтижесін бағалау жатады.
4. Сатып алуды жүргізу. Бұл қызметті жүзеге асыру келісім жүргізуден
басталуы тиіс, олар сол шарттың бекітілуімен аяқталуы қажет.
Келісім қатынастары шаруашылық байланыстарды қалыптастырады, оларды
оңтайландыру логистиканың міндеті болып табылады. Сатып алуды
жүргізуге сатып алу әдісін таңдау, жеткізу шарттары мен төлем
ақысын жасау, сондай-ақ материалдық ресурстарды тасымалдауды
ұйымдастыру жатады. Мұнда жеткізу тәртібі құрастырылады, жөнелту
жүргізіледі және кеден процедуралары ұйымдастырылады.
5. Жеткізуді бақылау. Жеткізуді бақылаудың бірден-бір маңызды
мәселелері жеткізу сапасын бақылау болып табылады, яғни ақауларды
есептеу. Жеткізулерді бақылауға жеткізу мерзімдерін бақылау (ерте
жеткізу немесе кешігулер саны), тапсырыстарды рәсімдеу мерзімдерін
бақылау, тасымалдау мерзімін, сондай-ақ материалдық ресурстардың
қор жағдайын бақылау жатады.
6. Сатып алу бюджетін дайындау. Сатып алу қызметінің маңызды бөлігі
экономикалық есептеулер болып табылады, себебі ол жұмыстар мен
шешімдер қанша тұратынын нақты білу тиіс. Мұнда төмендегідей
шығындар түрлерін анықтайды:
• материалдық ресурстардың негізгі түрлері бойынша тапсырысты орындауға
кететін шығындар;
• тасымалдау, жіберу және сақтандыру шығындары;
• жүк өңдеу шығындары;
• жеткізу шартының орындалуын бақылауға кететін шығындар;
• материалдық ресурстардың қабылдануына және тексерілуіне кететін шығындар;
• потенциалды жабдықтаушылар жөнінде ақпарат іздеуге кеткен шығындар.
Экономикалық есептеулер шеңберінде сатып алу логистикасының
міндеттеріне материалдық ресурстардың тапшылығынан болған шығындардың
есебін жатқызуға болады 6,45б.
Енді жабдықтаушыларды таңдау мәселесіне толығырақ тоқталып өтейік. Осы
мәселені шешудің негізгі сатыларын атап, оларды сипаттайық.
1. Потенциалды жабдықтаушыларды іздеу. Мұнда мынадай әдістер
қолданылуы мүмкін:
• байқау жариялау;
• жарнама материалдарын зерттеу: фирмалық каталогтар, бұқаралық ақпарат
құралдарындағы хабарландырулар және т.б.;
• көрме және жәрмеңкелерге бару;
• мүмкін жабдықтаушылармен хат алмасу және жеке байланыстар.
Аталған шаралар нәтижесінде әр уақытта жаңарып және толықтырылып
отыратын потенциалды жабдықтаушылардың тізімі қалыптасады.
2. Потенциалды жабдықтаушыларды талдау. Потенциалды жабдықтаушылардың
құрылған тізімі тиімді жабдықтаушыларды таңдауға мүмкіндік беретін
арнайы критерийлер негізінде талданады. Мұндай критерийлер саны
оншақты болуы мүмкін. Дегенмен, олар көбінесе жеткізілетін өнімнің
бағасымен және сапасымен, сондай-ақ жеткізу сенімділігімен
шектеледі, яғни бұл жабдықтаушының жеткізу мерзімі, жеткізілетін
өнімнің ассортименті, жинақтылығы, сапасы және саны бойынша
міндеттерін орындауы болып табылады.
Жабдықтаушыны таңдауда қолданатын басқа критерийлерге төмендегілер
жатады:
• жабдықтаушының тұтынушыдан алыс орналасуы;
• ағымды және жедел тапсырыстарды орындау мерзімдері;
• жабдықтаушыдағы сапаның басқарылуын ұйымдастыру;
• жабдықтаушының психологиялық жағдайы (ереуілдердің болу мүмкіндігі);
• жеткізілетін құралдың қызмет ету мерзімінде қосалқы бөлшектердің
жеткізілуін қамтамасыз ету қабілеттілігі;
• жабдықтаушының қаржы жағдайы, оның несие қабілеттілігі және т.б.
Потенциалды жабдықтаушыларды талдау нәтижесінде, келісім қатынастарын
орнату жұмыстарын жүргізетін нақты жабдықтаушылардың тізімі қалыптасады.
3. Жабдықтаушылармен жасаған жұмыстардың нәтижесін бағалау.
Жабдықтаушыны таңдауға бекітілген келісімшарттың жұмыс нәтижелері
әсер етеді. Ол үшін жабдықтаушының рейтингісін есептеуге мүмкіндік
беретін арнайы бағалау шәкілі жасалады.
Сатып алынатын тауарлар, шикізат пен құрамдас бұйымдар өндірістік
немесе сауда үрдісінің мақсаттары тұрғысынан бір мәнді емес. Әр уақытта
талап етілетін құрамдас бөліктердің болмауы өндірістік үрдістің тоқтауына
алып келуі мүмкін (саудадағы кейбір тауарлардың тапшылығына сәйкес сауда
кәсіпорнының пайдасының күрт төмендеуіне). Осы категориялы жабдықтаушыны
таңдаудағы басты критерий жеткізу сенімділігі болып табылады.
Егер сатып алынатын еңбек заттары өндірістік немесе сауда үрдісінің
тұрғысынан маңызды болмаса, онда жабдықтаушыны таңдаудағы басты критерий
сатып алуға және жеткізуге кеткен шығындар болады.
Жабдықтаушының рейтингісін есептеу мысалын келтірейік. Мысалы,
кәсіпорынға А тауарын сатып алу қажет, оның тапшылығы болуы мүмкін емес
делік. Сәйкесінше, жабдықтаушыны таңдауда бірінші орынға жеткізудің
сенімділік критерийлері қойылады. Жабдықтау қызметінің қызметкерлері
сараптау жолымен бекіткен қалған критерийлердің маңызы 1-кестеде
көрсетілген.
1-кесте. Жабдықтаушының рейтингісін есептеу мысалы 7,52б.
Жабдықтаушыны таңдау Критерийдің Берілген Критерий үлес
критерийі үлес салмағы жабдықтаушыда салмағының
критерий мәнін онбағаға
балдық шәкіл көбейтіндісі
бойынша бағалау
1. Жеткізу 0,30 7 2,1
сенімділігі
2. Баға 0,25 6 1,5
3. Тауар сапасы 0,15 8 1,2
4. Төлем шарты 0,15 4 0,6
5. Жоспардан тыс 0,10 7 0,7
жеткізулердің
мүмкіндігі
6. Жабдықтаушының 0,05 4 0,2
қаржы жағдайы
Барлығы: 1,00 6,3
Рейтингтің қорытынды мәні критерий мәнін жабдықтаушының бағалауына
көбейтінділерін қосу арқылы анықталады. Түрлі жабдықтаушылар үшін рейтингті
есептей отырып, ең жақсы әріптесті анықтайды.
Отандық кәсіпорындар жабдықтаушыны таңдауда қазіргі уақытта негізінен
өздерінің ақпаратына жүгінеді. Жабдықтаушысы көп кәсіпорында белгілі,
сенімді жабдықтаушылар тізімі құрылуы мүмкін. Осы жабдықтаушылармен
келісімшартты бекіту, өнімді жеткізу ақысын алдын ала шешу қарапайым схема
бойынша жүргізіледі. Егер тізімде жоқ жабдықтаушымен келісім жүргізілсе,
онда бекіту және төлеу процедурасы, кәсіпорынның қаржылық және басқа да
мүдделерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті шаралардың
жүргізілуімен күрделенеді 8, 46б.
Сатып алу логистикасында “дәл мерзімде” жеткізу жүйесі кездеседі. “Дәл
мерзімде” жеткізу жүйесі құрамдас бөлшектерді немесе тауарларды өндірістік
тұтыну орнында немесе сауда кәсіпорнындағы сату мезетінде қажетті көлемде
және қажетті уақытта өндіру және жеткізу жүйесі. Дәстүрлі қамтамасыз ету
мен “дәл мерзімде” әдісімен жабдықтаудың салыстырмалы сипаты 4 суретте
көрсетілген.
А Тұтынушы
Б
Кіруді бақылау қоймасы
Негізгі қойма
Тұтынуға дайындық
Өндірістік тұтыну
А – “дәл мерзімде” әдісі бойынша жабдықтау схемасы;
Б – материалдық ресурстармен жабдықтаудың дәстүрлі схемасы.
4-сурет. Дәстүрлі қамтамасыз ету мен “дәл мерзімде” әдісімен
жабдықтаудың салыстырмалы сипаты 9,53б.
Сызбада көрсетілгендей, “дәл мерзімде” жүйесінде тұтынушыларда
сапаның бақылауы қарастырылмаған. Сәйкесінше, бұл функцияны жабдықтаушы
өзіне алуы тиіс. Бұл жағдайларда жеткізілетін өнім тобына сапасыз
бұйымдардың болуы мүмкін емес.
“Дәл мерзімде” жүйесін қолдануға мүмкіндік беретін жабдықтаушы мен
сатып алушы арасындағы қатынастардың ұзақ мерзімді шаруашылық байланыстар
сипаты болуы тиіс және ұзақ мерзімді келісімшарттар негізінде құрылуы
қажет. Тек сонда ғана бірлесіп жоспарлау мәселелерінде келісімге жетуге
болады, қажетті техникалық-технологиялық үйлесімділік деңгейіне жетуге,
экономикалық ымыра табуды үйренуге болады.
“Дәл мерзімде” жүйесі, дәстүрлі жабдықтау жағдайына қарағанда,
тұтынушылардың төмен қормен жұмыс жасауын қарастырады. Сәйкесінше,
логистикалық үрдістің барлық қатысушыларына сенімділік талабы жоғарылайды,
соның ішінде тасымалдаушыларға да. Сондықтан да, егер дәстүрлі жабдықтау
жағдайында тасымалдаушыны таңдауда бірінші орында тасымалдау тарифтері
тұрса, онда тасымалдау жүйесінде артықшылық жеткізу мерзімдерін ұстанудың
сенімділігін кепілдеуге қабілетті тасымалдаушыға беріледі.
“Дәл мерзімде” жүйесін қолдану өндірістік, сондай-ақ тауар қорларын
күрт қысқартуға мүмкіндік береді, қойма қуаттарына, персоналына
қажеттілікті қысқартады 7, 54б.
1.3. Материалдық ресурстарды тасымалдау логистикасы
Тасымалдау – адамдар мен жүктерді таситын материалдық өндіріс саласы.
Қоғамдық өндіріс құрылымында тасымалдау материалдық қызмет өндіру сферасына
жатады.
Материалдық ағымның шикізаттың алғашқы көзінен бастап соңғы тұтынушыға
дейінгі жолында орындалатын логистикалық операциялардың көп бөлігі түрлі
көлік құралдарын қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл операцияларды орындауға
кететін шығындар логистикаға кететін жалпы шығындардың 50 пайызға дейінгі
шамасын құрайды 10.
Тасымалдау екі элементтен – жаппай пайдалынатын көліктен және жаппай
пайдаланылмайтын көліктен тұратын жүйе болып табылады.
Жаппай пайдаланылатын көлік – жүк және адамдарды тасымалдауда халық
шаруашылығының барлық салалары мен тұрғындардың қажеттіліктерін
қанағаттандыратын халық шаруашылығының саласы. Жаппай тасымалдау айналыс
сферасына және тұрғындарға қызмет көрсетеді. Оны, әдетте, магистралды деп
те атайды (магистраль – белгілі бір жүйедегі негізгі басты линия, бұл
жағдайда – қатынас жолдар жүйесінде). Жаппай тасымалдау түсінігі темір жол
көлігін, су көлігін (теңіз және өзен), автомобиль, әуе көлігін және құбыр
көлігін қамтиды.
Жаппай пайдаланылмайтын көлік - өндірістік көлік, сондай-ақ тасымалдау
емес кәсіпорындарына жататын көлік құралдарының барлық түрлері және белгілі
бір өндірістік жүйенің құрамдас бөлігі болып табылады 11,14б.
Тасымалдау үрдісін ұйымдастыруда логистикалық тәсілдің ерекшелігін
аралас тасымалдау жағдайындағы көлік тізбегі буындарының өзара әрекет ету
мысалы 5 суретте бейнеленген.
Шартты Ақпараттық және қаржылық
ағымдар
белгілер: Материалдық ағымдар
5-сурет. Көліктің бірнеше түрінің қатысуымен жүргізілетін тасымалды
дәстүрлі ұйымдастыру 7,75б.
Аралас деп көліктің бірнеше түрімен кезектесіп жүретін тасымалдауды
айтады. Олардың кең таралу себебі – көптеген жағдайларда тек автомобиль
көлігі жүкті тікелей “есіктен есікке” алып жеткізе алады.
Ақпараттар мен қаржыларды жылжыту мәселелеріндегі буындардың
үйлесімділігі төмен, себебі олардың әрекетін үйлестіретін ешкім жоқ.
6 суретте бейнеленген аралас тасымалды ұйымдастыру бұдан ерекше болып
табылады. Ішкі тасымалдау үрдісінің жалғыз операторының болуы ішкі
материалдық ағымды жобалауға, берілген параметрлерге жетуге мүмкіндік
тудырады.
Сур.6. Көліктің бірнеше түрін қолданғандағы тасымалдауды логистикалық
ұйымдастыру 7,75б.
Жүк алушыға шығудағы материалдық ағым көрсеткіштері басқарыла алады
және оның алдын ала берілген мәні болады.
Аралас тасымалдауды ұйымдастырудың дәстүрлі және логистикалық
тәсілдердің салыстырмалы сипаты 2 кестеде келтірілген 12,150б.
Логистиканың тасымалдауда өндірістегідей немесе саудадағыдай
қолданылуы контрагенттерді бәсекелестер тарапынан тасымалдау үрдісінде бір-
бірін толықтыратын әріптестерге айналдырады.
Логистика – жоғарыда аталып кеткендей, бірыңғай техника, технология,
экономика және жоспарлау. Сәйкесінше, тасымалдау логистикасының
мәселелеріне тасымалдау үрдісінің қатысушыларының техникалық және
технологиялық үйлесуін қамтамасыз ету, сондай-ақ жоспарлаудың бірыңғай
жүйелерін қолдану жатады. Осы мәселелерді қысқаша сипаттайық.
Тасымалдау кешеніндегі техникалық үйлесімділік көлік құралдар
параметрлерінің жекелеген түрлері ішінде, сондай-ақ түраралық қиылыста
үйлесуін білдіреді. Бұл үйлесімділік ауыспалы тасымалдарды қолдануға,
контейнерлер мен жүк пакеттерімен жұмыс істеуге мүмкіндік туғызады.
Технологиялық үйлесімділік тасымалдаудың бірыңғай технологиясын,
тікелей тасымалды қолдануды ұйғарады.
Экономикалық үйлесімділік – бұл нарық конъюнктурасын зерттеудің және
тарифтік жүйені құрудың жалпы әдістемесі.
Бірлесіп жоспарлау графиктің бірыңғай жоспарларын жасап, оны қолдануды
білдіреді.
2-кесте. Дәстүрлі тасымал мен логистикалық тасымалдың салыстырмалы
сипаты 12,150б.
Дәстүрлі тасымал Логистикалық тасымал
Екі я одан да көп көлік түрлеріЕкі я одан да көп көлік
түрлері
Тасымалдау үрдісінің жалғыз Тасымалдау үрдісінің жалғыз
операторының болмауы операторының болуы
Бірнеше көлік құжаттары Жалғыз көлік құжаты
Бірыңғай фрахт тарифтік Бірыңғай фрахт тарифтік
қойылымының болмауы қойылымының болуы
Қатысушылардың өзара әрекетініңҚатысушылардың өзара
реттелген схемасы әрекетінің орталықтан
реттелген схемасы
Жүкке деген бөлінген және Жүкке деген бірыңғай және
нәтижесінде азайған нәтижесінде жоғарлаған
жауапкершілік жауапкершілік
Нәтижесі: “логистиканың алты Нәтижесі: “логистиканың алты
ережесінің” орындалуының аз ережесінің” орындалуының
ықтималдығы жоғары ықтималдығы
Тасымалдау логистикасының міндеттеріне мыналар жатады:
• көлік жүйесін құру, соның ішінде көлік коридорларын және көлік
тізбектерін құру. Көлік коридоры – бұл ұлттық немесе халықаралық көлік
жүйесінің бір бөлігі, ол жеке географиялық аудандар арасындағы жүк
тасымалдарын қамтамасыз етеді. Оған кіретіндер: көлік құралдары және осы
бағытта жұмыс істейтін барлық көлік түрлері мен стационарлық құрылғылары,
сондай-ақ осы тасымалды жүргізудің барлық құқықтық шарттарының жиынтығы.
Көлік тізбегі – көліктің бір немесе бірнеше түрін қолдана отырып, белгілі
бір уақыт мерзіміндегі жүкті белгілі бір уақыт мерзіміндегі жүкті белгілі
бір қашықтыққа тасымалдау сатылары. Барлық осы уақытта жүктер өзгеріссіз
қалады. Мысалы, жүк пакеті немесе контейнер;
• тасымалдау-қоймалау үрдісінің технологиялық бірлігін қамтамасыз ету;
• тасымалдау үрдісін қоймалау және өндірісті бірігіп жоспарлау;
• көлік құралының түрін таңдау;
• көлік құралының типін таңдау;
• жеткізудің тиімді маршрутын анықтау және т.б. 13,136б.
Көлік түрін таңдау мәселесі қорлардың оңтайлы деңгейін құру және оны
ұстап тұру, орау түрін таңдау және т.б. сияқты логистиканың басқа
мәселелерімен өзара байланысты шешіледі.
Нақты тасымал үшін оңтайлы көлік түрін таңдау негізгі түрлі көлік
түрлерінің ерекшеліктері туралы ақпарат болып табылады.
Логистика тұрғысынан маңызды болып келетін автомобиль, теміржол, су
және әуе көліктерінің негізгі артықшылықтар мен кемшіліктерін қарастырайық.
3-кестеде түрлі көлік түрлерінің салыстырмалы логистикалық сипаттамалары
келтірілген.
3-кестеде көрсетілгендей, тасымалдау тәсілін, тасымалдау құралдарын
және нақты тасымалдаушыны таңдауда логистикалық менеджер ескеруі қажет
көліктің әр түрінің өзінің артықшылықтары мен кемшіліктері болады 9,273б.
Көліктің әр түрі (құбырды қоспағанда) қолдануды ұйымдастыруға,
техникалық қызмет көрсетуге және көлік құралдарын жөндеу үшін қажет белгілі
бір өндірістік-техникалық базамен және көлік құралдарының белгілі бір
типімен сипатталады .
3-кесте. Көлік түрлерінің ерекшеліктері 10,273б.
Көлік түрі Артықшылықтары Кемшіліктері
Темір жол жоғары тасымалдау және тасымалдаушылар саны
жасау қабілеттігі; шектеулі;
ауа райына, жыл мезгіліне өндірістік-техникалық
және уақытқа байланыссыз; базасына көп капитал
тасымалдау тез арада жүріп салымдары қажет;
тұрады; тасымалдың жоғары
салыстырмалы төмен материал және энергия
тарифтер, транзитті сыйымдылығы;
жіберулер үшін жеңілдіктер;соңғы сату орындарының
үлкен қашықтыққа жүктерді қол жетімділігі төмен;
жоғары жүктер жеткілікті түрде
жылдамдықпен жеткізу. сақталмайды.
Көлік түрі Артықшылықтары Кемшіліктері
Теңіз континентаралық - тасымал шектеулі;
тасымалдаудың мүмкіндігі; жеткізудің төмен
ұзақ қашықтыққа жылдамдығы;
тасымалдаудың өзіндік құны географиялық, ауа райы
төмен; жағдайларына
жоғары тасымалдау және өту байланыстылығы;
қабілеттілігі; күрделі порттың
тасымалдаудың төмен капиталинфрақұрылым құру
сыйымдылығы. қажеттігі.
Автомобиль жоғары қолжетерлік; өнімділік төмен;
жүкті “есіктен есікке ауа райы және жол
дейін” жеткізу мүмкіндігі; жағдайларына
жылжуы, икемділігі, байланысты;
өзгермелілігі жоғары; үлкен қашықтыққа
жеткізу жылдамдығы жоғары; тасымалдаудың
жеткізудің түрлі салыстырмалы жоғары
маршруттарын және өзіндік құны;
схемаларын қолдану жеткіліксіз экологиялық
мүмкіндігі; тазалық.
жүктердің сақталуы жоғары;
жүкті шағын партиялармен
жіберу мүмкіндігі;
ең тиімді тасымалдаушыны
таңдаудың кең мүмкіндіктері
бар.
Әуе жүкті жеткізудің ең жоғарғыөзіндік құны жоғары,
жылдамдығы; көліктің басқа
жоғары сенімділік; түрлеріне қарағанда
жүктің сақталуының ең тарифы жоғары;
жоғарғы мүмкіндігі; тасымалдың капитал
тасымалдаудың ең қысқа сыйымдылығы,
маршруттары. материалды-техникалық
сыйымдылығы жоғары;
ауа райына байланысты;
Көлік түрі Артықшылықтары Кемшіліктері
Құбыр өзіндік құны төмен; жүк түрлерінің
өнімділігі жоғары; шектеулігі (газ, мұнай
жүк көп сақталады; өнімдері, шикізат
капитал сыйымдылығы төмен. материалдарының
эмульсиясы);
аз тасымалданатын
жүктердің
мүмкінсіздігі.
Көлік түрін таңдауға әсер ететін алты негізгі факторларды бөліп
қарастырайық. 4 кестеде осы әрбір фактор бойынша түрлі көлік түрлерінің
бағасы беріледі. Ең жақсы мән бірге тең 7,80б.
4-кесте. Көліктің түрін таңдауға әсер ететін негізгі факторлар
шеңберінде түрлі көлік түрлерін бағалау 7, 80б.
Көлік түрі Көлік түрін таңдауға әсер ететін факторлар
ЖеткізуЖіберу Жүкті Түрлі ТерриторияТасымал
уақыты жиілігі жеткізудің жүктерді лық кез дау
тәртібін тасымалдаукелген құны
сақтау қабілеттілнүктесіне
сенімділігіігі жеткізу
қабілеттіл
ігі
Темір жол 3 4 3 2 2 3
Су 4 5 4 1 4 1
Автомобиль 2 2 2 3 1 4
Құбыр 5 1 1 5 5 2
Әуе 1 3 5 4 3 5
Түрлі факторлардың маңызын сараптап бағалау көрсеткендей, көліктік
таңдауда, ең алдымен, төмендегілерді ескереді:
• жеткізу тәртібін сақтау сенімділігі;
• жеткізу уақыты;
• тасымалдау құны.
4 кесте мәліметтері көлік түрінің нақты тасымалдау шарттарына
сәйкестігін тек шамалап бағалау үшін ғана қолданыла алатындығын айта кету
қажет. Жасалған таңдау дұрыстылығы көліктің әр түрлі түрлерімен
жүргізілетін тасымалдаумен байланысты шығындарды талдауға негізделген
техникалық-экономикалық есептеулермен расталуы қажет.
Мысалы, 5 т. қымбат жүктің автомобильмен жеткізу құны 1000 долл.
құрайды, ұшақпен – 3000 долл. Таңдау автомобильге түсті. Бірақ содан
кейінгі толық құнды талдау көрсеткендей, автомобильмен тасымалдау кезінде
тасымал тарифіне қоса төменгілерді төлеу қажет болды:
1. жөнелтушіге: жөнелткені үшін және сақтағаны үшін жүк құнының 5
пайызын, яғни 2000 долл. (ұшақпен жеткізілгенде бұл шығындар
кірмейді);
2. банкирге: несие үшін пайыз ретінде жүк құнының 0,74 пайызын, себебі
автомобильмен тасымалдау 15 күн жүргізілді, ал 50000 долл. қор
ретінде алынды, яғни нәтижесінде 370 долл. құрады (15* 18365 =
0,74 пайыз, мұндағы 18-несие үшін банктің жылдық пайыз қойылымы).
3. жалпы шығындар 3750 долл.құрады.
Яғни, тарифтер арқылы автомобильді таңдау дұрыс болмай шықты, ұшақ
тиімдірек болды. Сол үшін көлік түрін таңдамас бұрын барлық мүмкін
варианттар есептелуі тиіс 7,81б.
Көлік ұйымдары көрсететін қызметтер төлем ақысы көлік тарифтері арқылы
жүргізіледі. Тарифтерге мыналар жатады:
• жүктерді тасығаны үшін алынатын төлемдер;
• жүктерді тасымалдаумен байланысты қосымша операциялар үшін алынатын
жинақтар;
• төлемдер мен жинақтарды есептеу ережелері.
Экономикалық категория ретінде көлік тарифтері көлік өнімінің
бағасының формасы болып табылады. Олардың құрылуы төмендегілерді қамтамасыз
етуі қажет:
• көлік кәсіпорнына – шығындарды өтеу және пайда алу мүмкіндігі;
• көлік қызметтерін сатып алушыларға – көлік шығындарын жабу мүмкіндігі.
Тасымалдаушыны таңдауға әсер ететін маңызды факторлардың бірі
тасымалдау құны болып табылады. Клиенттер үшін күресте көлік тарифтеріне өз
әсерін тигізе алады. Мысалы, Қазақстанның темір жолы шағын және аз тоннажды
жүктерді тасымалдауда, автомобиль көлігімен қатаң бәсекелесуде. Бұл сәйкес
темір жол тарифтерінің өсуіне тежеулі әсер етеді.
Әр түрлі көліктердің тарифтер жүйесінің өздеріне тән ерекшеліктері
бар. Оларды қысқаша сипаттап өтейік. Темір жол көлігінде жүктерді
тасымалдау құнын анықтау үшін жалпы, ерекше, жеңілдік және жергілікті
тарифтерді пайдаланады.
Жалпы тарифтер – тарифтердің негізгі түрі. Олар арқылы негізгі
жүктердің тасымалдау құнын анықтайды.
Ерекше тарифтер деп, арнайы қосымшалар немесе жеңілдіктер түрінде,
жалпы тарифтерден ауытқу арқылы белгіленетін тарифтер аталады. Бұл тарифтер
жоғары не төмен болуы мүмкін. Олар тек нақты жүктерге ғана таралады.
Ерекше тарифтер өнеркәсіпті орналастыруға әсер ете алады, себебі олар
арқылы шикізаттың жеке түрлерін тасымалдаудың құнын реттеп отыруға болады,
мысалы, тас көмір, кварцит, кен және т.с.с.
Жеңілдік тарифтері белгілі бір мақсаттар үшін жүктерді тасымалдауға
қолданылады.
Жергілікті тарифтерді жеке темір жол басқарушылары белгілейді.
Жүктерді тасымалдағаны үшін төленетін ақы және түрлі жинақ қойылымдары
кіретін бұл тарифтер берілген темір жол шеңберінде қызмет етеді 14,96б.
Тасымал төлемінен басқа темір жол жүк жіберуші мен жүк алушыдан
қосымша қызметтер үшін ақы алып отырады. Бұл төлем жинақ деп аталады және
темір жол күштері келесі операцияларды орындағаны үшін алынады: жүкті
сақтау үшін, жүкті өлшеу немесе тексеру, вагондарды беру немесе жинау,
оларды дезинфекциялау, жүктерді жөнелту және тиеу-түсіру жұмыстары, сондай-
ақ басқа да бірқатар операциялар үшін.
Темір жол мен жүктерді тасымалдауда төлейтін төлемдерге әсер ететін
негізгі факторларды атап өтейік.
Жөнелту түрі. Темір жол бойынша жүк вагондап, контейнерлеп, аз
тоннаждап – салмағы 25 тоннаға дейін және көлемі вагонның үштен бір
бөлігіндей болып жөнелтілуі мүмкін.
Тасымалдау жылдамдығы. Темір жол бойымен жүк үлкен, пассажирлік немесе
жүктік жылдамдықпен тасымалдануы мүмкін. Жылдамдық түрі жүктің тәулігіне
қанша километр жүруі тиіс екенін анықтайды.
Тасымалдау арақашықтығы. Тасымалдау ақысы нақты өткен қашықтық үшін
алынады.
Жүктердің тасымалдауы жүргізілетін вагон типі. Темір дол бойымен
жүктер әмбебап, арнайы немесе изотермиялық вагондарда, цистерналарда немесе
платформаларда тасымалдануы мүмкін. Тасымалдау ақысы әр жағдайда әр түрлі
болады.
Вагон немесе контейнерлердің тиістілігі. Вагон,платформа немесе
контейнер темір жолға жатуы мүмкін, жүк алушының немесе жүк жіберушінің
меншігі болуы мүмкін.
Автомобиль көлігінде жүктердің тасымалдау құнын анықтау үшін келесі
тарифтер түрлері қолданылады:
• жүктерді тасымалдаудың кесінді тарифтері;
• ақылы автотонна – сағат жағдайларында жүктерді тасымалдау тарифтері;
• уақытылы жүк автомобильдерді қолданғаны үшін тарифтер;
• километр есептеу есебінен тарифтер;
• жылжыту құрамдардың алып келгені үшін тарифтер;
• келісім тарифтері.
Тарифтік ақы мөлшеріне келесі факторлар әсер етеді:
• тасымалдау қашықтығы;
• жүк массасы;
• автомобильдің жүк көтерімділігін пайдалану мүмкіндігін сипаттайтын жүктің
көлемді салмағы. Осы көрсеткіш бойынша автомобильмен тасымалданатын
барлық жүктерді келесідей топтарға бөледі:
• автомобильдің жүк көтерімділігі;
• жалпы жүрісі;
• автомобильді пайдалану уақыты;
• автомобиль типі;
• тасымалдау жүргізілетін аудан.
Тасымалдау тарифтерінің әрқайсысы факторлардың барлығын ескермейді,
тек олардың кейбіреулерін нақты тасымалдау жағдайларындағы маңызды
факторларды ескереді. Мысалы, келісімді тариф бойынша тасымалдау құнын
есептеу үшін тасымалдау қашықтығын, жүк массасын және автомобильдің жүк
көтерімділігін пайдалану дәрежесін сипаттайтын жүк класын ескеру қажет.
Уақытылы жүк автомобильдерін қолдану тарифтерін есептеуге автомобильдің жүк
көтерімділігі, оның пайдалану уақыты және жалпы жүрісі ескеріледі.
Барлық жағдайларда автомобильді пайдалану үшін алынатын ақы мөлшеріне
тасымалдау жүргізілетін аудан әсер етеді. Бұл аудан бойынша жүктерді
тасымалдаудың өзіндік құнынын деңгейінің тұрақты түрлілігімен
түсіндіріледі.
Өзен көлігіндегі жүктерді тасымалдау тарифтері, тасымалдау жұмыстары
үшін алынатын жинақтар және тасымалдаумен байланысты басқа қызметтер нарық
конъюнктурасын ескергендегі пароход шаруашылығымен анықталады.
Теңіз көлігінде жүктерді тасымалдау ақысы не тариф бойынша, не
фрахталық қойылым бойынша жүргізіледі. Егер жүк тұрақты жүк ағымының бағыты
бойынша жүрсе онда тасымалдау сызықтық кеме жүру жүйесімен жүргізіледі. Бұл
жағдайда жүк кесте бойынша жүріп, белгілі бір тариф бойынша төленеді.
Егер тасымалдау кезінде жүк кемелерінің жұмысы тұрақты жүзу
аудандарымен, тұрақты тиеу және түсіру портымен байланысты болмаса, белгілі
бір жүк түрімен шектелмесе, онда тасымалдау фрахталық қойылым бойынша
төленеді. Фрахталық қойылым фрахталық нарық конъюнктурасына байланысты
бекітіледі және әдетте, жүктің түріне және көліктік сипатына, рейс
жағдайларына және сонымен байланысты шығындарға тәуелді болады 7,89б.
4. Логистикадағы қоймалау қызметі
Қоймалар – тауарларды қабылдауға, орналастыруға және сақтауға
арналған, оларды тұтынуға және тұтынушыға жіберуге дайындау үшін арналған
үйлер, ғимараттар және түрлі құрылымдар 15,59б.
Логистика өз алдына қойма ішіндегі үрдістерді үйлесімді ұйымдастыру
мақсатын, сондай-ақ қойма ішілік үрдістерді қойманы қоршаған экономикалық
ортада болып жатқан үрдістер мен техникалық, технологиялық және жоспарлы
ұйымдық үйлестіру мақсатын қояды.
Қоймалар логистикалық жүйелердің маңызды элементтерінің бірі болып
табылады.
Қорларды ұстайтын орындарға қажеттілік материалдық ағымның жылжуының
барлық сатыларында, шикізаттың алғашқы көзінен соңғы тұтынушыға дейін болып
отырады. Бұнымен көптеген түрлі қоймалардың болуы түсіндіріледі.
Қоймалардың көлемі кең диапазонда бөлінеді: жалпы ауданы бірнеше жүз шаршы
метр болатын орындардан ауданы жүз мың шаршы метр болатын қойма-гиганттарға
дейін 16,146б.
Қоймалар жүктердің биіктігі бойынша да бөлінеді. Біреулерінде жүк адам
бойынан асып түспейді, ал басқаларында жүктерді көтеріп, биіктігі 24м.
және одан да биік болатын орынға дәлме-дәл қоя алатын арнайы құрылғылар
қажет.
Қоймада арнайы тәртіп құрылып, сақталуы мүмкін, мысалы, температура,
ылғалдық.
7 суретте логистикадағы қоймаларды топтастырудың негізгі сегіз белгісі
бейнеленген: негізгі логистикалық функциялар мен делдалдарға қатысы
бойынша, өнім мен меншік түрлері бойынша, функционалды бағыты бойынша,
мамандану деңгейі бойынша және механизация дәрежесіне байланысты.
Жоғарыда айтылғандай, фирмалар кейде тасымалдау шығындарын азайту
үшін, материалдық ресурстарды жинақтауға қажеттіліктерді және т.б. азайту
үшін жабдықтау жүйесінде өз құрылымы бойынша (зауыт, цех, жұмысшы учаскілер
және т.б.), сондай-ақ өнім түрлері бойынша (материалдық ресурстар,
аяқталмаған өндіріс, дайын өнім қоймалары), функционалдық мақсаты және
басқа да белгілері бойынша айырады.
Өнімнің түрлері бойынша материалдық ресурстар, аяқталмаған өндіріс,
дайын өнім, ыдыс, қайтарымды қалдықтар, қосалқы бөлшектер және т.б.
қоймаларды бөліп қарастыруға болады. Мамандану деңгейі бойынша – тар
маманданған (бір немесе бірнеше өнім түрлері үшін), шектеулі және кең
ассортиментті қоймалар 7,127б.
7-сурет. Логистикадағы қоймаларды топтастыру 7, 128б.
Меншік түрлері бойынша жеке (корпоративті), мемлекеттік және
муниципалды кәсіпорын қоймалары, қоғамдық және коммерциялық емес
ұйымдардың, ассоциациялардың қоймалары және т.б.
Функционалдық мақсаты бойынша:
• өндірістік үрдісті қамтамасыз етуге арналған буферлі қорлар қоймасы
(материалдық ресурстар, аяқталмаған өндіріс, өндірістік, сақтандыру,
мезгілді және басқа да түрлі қорлардың қоймасы);
• аралас, үйлесімді, және басқа да тасымалдау кезіндегі жүктерді
ауыстыратын қоймалар;
• клиенттердің ерекше талаптарына сәйкес тапсырыстарды қалыптастыруға
арналған делдалдық қоймалар;
• қоймаланатын бұйымдардың сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ететін
сақтау қоймалары;
• арнайы қоймалар (мысалы, кеден қоймалары, уақытылы сақтау, ыдыс,
қайтарымды қалдықтар және т.б. қоймалары).
Қоймалар қойма операцияларын механизациялау дәрежесі бойынша да
топтастырылады: механизацияланбаған, кешенді-механизацияланған және
автоматтандырылған.
Фирмалардың қоймалауға жүгінетін негізгі себептері:
• өндірістік қуаттарды, технологиялық құралдарды тиімді қолдану есебінен;
жүктерді тиімді партиялармен жіберу есебінен өндіріс пен тасымалдаудағы
логистикалық шығындарды азайту;
• өткізу торындағы дайын өнімнің қоймалық сақтандыру және мезгілдік
қорларын құру есебінен сұраныс пен ұсынысты үйлестіру және теңестіру;
• операциялық менеджмент қажеттіліктерін қанағаттандыру, себебі қоймалау
өндірістік үрдістің бір бөлігі болуы мүмкін;
• дайын өнімді өткізудің тиімді маркетингтік стратегияларын енгізу үшін
жағдай жасау;
• сұранысқа тез әсер ету есебінен тұтынушылық сұранысты жақсарту;
• өндірістік үрдісті қамтамасыз етуге қажетті материалдық ресурстар қорын
қоймалауда және төмен бағамен сатып алу арқылы үнемділікке жету;
• белгілі бір нарық территориясын кең географиялық жабу;
• нарықтың жаңа секторларын қабылдаудағы икемділік.
Әр түрлі қоймаларда орындалатын жұмыстардың жиынтығы шамамен бірдей.
Бұл, түрлі логистикалық үрдісте қоймалар келесі бірдей функциялар
орындаумен түсіндіріледі:
• материалдық қорларды уақытша орналастыру және сақтау;
• материалдық ағымдардың қайта құрылуы;
• қызмет көрсету жүйесінде логистикалық сервисті қамтамасыз ету.
Кез келген қойма аз дегенде үш түрлі материалдық ағымдарды өңдейді:
кіруші, шығушы және ішкі.
Кіруші ағымның болуы көліктен жүкті түсіру, келген жүктің саны мен
сапасын тексеру қажеттілігін білдіреді.Шығушы ағым көлікті тиеу
қажеттілігін, ал ішкі ағым жүктің қойма ішінде орын ауыстыру қажеттілігін
білдіреді 17,68б.
Материалдық ағымдарды уақытша сақтау функциясын жүзеге асыру жүктерді
сақтау бойынша, сақтауға қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету, жүктерді
сақтау орындарынан алу бойынша жұмыстарды жүргізу қажеттілігін білдіреді.
Материалдық ағымдарды қайта құру бір жүк партиясын немесе жүк
бірліктерін таратып, басқасын құру арқылы жүргізіледі. Бұл, жүктерді ашу,
оларды жаңа жүк бірліктеріне жинау, орау, буып-түю қажеттілігін білдіреді.
Бірақ мұның барлығы тек қойма туралы жалпы түсінік.
Жоғарыда аталған кез-келген функция кең аралықта өзгеріп отыруы
мүмкін, яғни жеке операциялардың сипаты мен қарқындылығы сәйкесінше
өзгереді. Бұл өз кезегінде қоймадағы бүкіл логистикалық үрдістің өзгеруіне
алып келеді.
Қойма иелерінің американдық ассоциациясының мәліметтері бойынша
қоймалар келесідей логистикалық қызмет түрлерін орындайды:
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz