Қазақстан Республикасының ІІ-ші деңгейлі банктерінің банктік тәуекеліндерін басқару



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. Банктік тәуекелдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1. Банк тәуекелінің жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Банк тәуекелін басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.3. Коммерциялық банктер тәуекелін рейтингтік бағалау жүйесі ... ...19

ІІ. Несиелік тәуекел ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
2.1. Несиелік тәуекел ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
2.2. Несиелік тәуекелді басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

ІІІ. Шетел тәжірбиесі және банк тәуекелі ... ... ... ... ... ... ... .36
3.1.Шетел тәжірбиесінен мысал ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .46

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қаржы – экономикалық факультеті.
Қаржы және салық кафедрасы.

Тақырыбы: ҚР ІІ-ші деңгейлі банктерінің банктік тәуекеліндерін
басқару(тәуекелдің 1 түрін мысал ретінде)

ғылыми жетекші:Жаксылықова Ш.С.
орындаған: Аппахов Ж. ФКК-1-03

Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 3
І. Банктік
тәуекелдер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

1.1. Банк тәуекелінің
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Банк тәуекелін
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.3. Коммерциялық банктер тәуекелін рейтингтік бағалау
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 19
ІІ. Несиелік
тәуекел ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
2.1. Несиелік
тәуекел ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
2.2. Несиелік тәуекелді
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
ІІІ. Шетел тәжірбиесі және банк тәуекелі ... ... ... ... ... ... ... ..36
3.1.Шетел тәжірбиесінен
мысал ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..36

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 44
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 46

Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбы ҚР-ғы банктердің банктік
тәуекелін басқаруы . Ол үш бөлімнен тұрады . Бірінші бөлім банктік
тәуе-кел жайлы . Банктік тәуекел – жоспарланған қаржылық операцияларды
жүзеге асыру нәтижесінде қосымша шығындардың пайда болуы , табыс-
тардың толығымен алмауы немесе банктің өз ақша – қаражаттарын жо-
ғалту мүмкіндігі . Тәуекел әрқашанда адам қызметінің кез келген
аясын-да бірге болады . Тіпті барлық банктік операциялар олардың
жүргізілу тәуекелдігімен байланысты , банктік қызметті реттеу және
қадағалаудың барлық процесінде коммерциялық банктер тәуекелін
қарастыру және оны басқару ең қажетті мәселе болып келеді .
Сондықтан тәуекелді қалай бас-қарса қауіп аз болады және тәуекелдің
түрлеріне , топтарына қарай жік-телуі деген сияқты сұрақтар осы
бөлімде қарастырылады .
Екінші бөлімге банктің ең негізгі тәуекелдерінің бірі несиелік
тәуе-келді мысал ретінде алдым . Барлық тәуекелдердің ішінен несиелік
тәуе-келді таңдаған себебім , қазіргі кезде банктен несиені алынуын
күнделік-ті кездестірудеміз . Сол себепті тәуекелдің осы түрі маған
қызықты бо-лып көрінді .
Негізінен несиелік тәуекел деген не?
Несиелік тәуекел дегеніміз - бұл қарызгердің несиелік келісімдегі
мерзім мен жағдайларға сай кредиторға деген өзінің міндеттемелерін орын-
дамаудың ықтималдығы.
Үшінші бөлімге шетел мемлекеттерінің тәжірибесіндегі банктік тәуекел-
ді алдым .

-3-

1. Банктік тәуекелдер

1. Банк тәуекелінің жіктелуі

Тәуекел әрқашанда адам қызметінің кез келген аясында бірге
болады және оның қызметінің табыстылығы тәуекел мәселесін жақсы
шешуіне байланысты болады .
Тәуекел – бұл табиғаттың әр түрлі құбылыстарынан және
адамның қызмет түрлерінен пайда болатын жоғалтулар қаупінің
мүмкіндігі . Тәуекел – тарихи және экономикалық категория болып
табылады .
Тәуекел тарихи категория ретінде қоғам дамуымен байланысты
бо-лып және адамның болашақтағы болатын қауіпті түсінуімен
байланысты
болады . Қоғамның даму барысында тәуекел экономикалық категорияға
айналды .
Тәуекел экономикалық категория ретінде кез келген
кәсіпкердің қызметімен , соның ішінде банктік қызметімен байланысты
болатын ,оның нәтижелігінің анықсыздығын және сәтсіздік жағдайында
қолайсыз нәти-же мүмкіндігін көрсететін жағдайдағы сипатта болып
табылады. Қолайсыз жағдай орын алғанда үш экономикалық нәтиже болуы
мүмкін : кері (ұтылу, жоғалту , шығын) ; нөлдік және оңды ( ұтыс , табыс
, пайда ).
Шығындардың пайда болуы мен пайданы жоғалту сияқты қолайсыз
нәтижелер мүмкіндігі берілген несиелер бойынша төлем жасалмауы , ре-
сурстық базаның қысқаруы , баланстан тыс операциялар бойынша төлем-
дерді жүзеге асыру нәтижесінде пайда болуы мүмкін . Қазыргі банктік
сектор тәуелсіз болуы мүмкін емес , өйткені тәуекел әр банк операция-
сында бар , белгілі бір тәуекелдің жіктелуі әр түрлі болуы мүмкін
.Тәуе-келден құтылу мүмкін емес . Сондықтан кез келген кәсіпкер
тәуекел дең- гейін минимумға мүсіруге тырысады және бірнеше
альтернативті шешім-дер ішінен тәуекел деңгейі минималды шешімді
таңдайды , сондай-ақ тәу-екел деңгейі мен табыс шамасының оптималды
қатынасын таңдауға ты-рысады . Осыған байланысты Қазақстандық
банкирлерге банктік қызмет нарығында қалыптасқан жағдайды бағалау
және батыс тәжірбиесіндегі банктік тәуекел басқару мен мониторингіне
көңіл аудару керек .
Банктік тәуекел дегеніміз не ?
Банктік тәуекел – жоспарланған қаржылық операцияларды жүзеге
асыру нәтижесінде қосымша шығындардың пайда болуы , табыстардың
толығымен алмауы немесе банктің өз ақша – қаражаттарын жоғалту
мүмкіндігі .
Банктің өз қызметі процесінде тәуекел түрлеренің әр түрлі
жиын-тығымен кездеседі . Осы жиынтықтар бір-бірінен пайда болу уақыты
мен орны , экзогендік факторлар жиынтығы ( яғни экономикалық орта ,
коньюктурамен байланысты сыртқы) және экзогенік факторлар банктің
(өзіндік қате қызметінен пайда болатын ішкі) бойынша ажыратылады .
Сонымен бірге , барлық тәуекел бір-бірімен байланысты және банк қыз-
метіне әсер етеді .
Банк қызметі табысты болу үшін , банк тәуекелді бөлшектеу
және нақты тәуекел түріне ең жақсы басқару тәсілін қолдану қажет .
Сонымен , банк тәуекелінің қызықты классификациясын қарасты-
райық , ол өзіне категория , топтар , түрлер , түрлер астындағы және
тәуе-келдің әр түрлілігін қамтиды .
Банк тәуекелін жіктеу ( 1-сызбада берілген ).
Банктік тәуекелдің жоғарыда берілген жіктелуінде негізгі
қағида-ларды көрсетуге болады .
Сонымен банктік тәуекелді жіктеу қағидалары мыналар :
1. Банктік тәуекелдің әсер ету және қызмет ету аясы .
2. Банк клиенттерінің құрамы .
3. Банктік операциялар сипаттамасы .
4. Коммерциялық банктердің түрі .
Әсер ету мен қызмет ету аясына байланысты банктік
тәуекелдер сыртқы және ішкі деп бөлінеді .
Сыртқы тәуеклдерге банктік қызметіне тікелей байланысты
емес немесе берілген 1 клиентпен байланысты емес тәуекелдер
жатқызылады . Банкте анықталған ақша-қаражаттары болғанда , ол жанама
түрде сыртқы тәуеклдерді алдын ала болжай алады және оларды өз
уақытында басқара алады . Сыртқы тәуекелдер саяси-экономикалық ,
әлеуметтік-құқықтық , бәсекелестік , қаржылық және басқадай факторлардан
пайда болады .

Саяси факторларға соғыс, жаулап, басып кіру (оккупация), саяси
көтерілістер мен тәртіпсіздік, идеологиялық келіспеушілік, экономикалық
қызығушылық қақтығыстары, саяси күштер мен әлеуметтік топтар
қызығушылықтарының поляризациясы, саяси режимнің ауысуы, ұлттандырылуы.
жекешелендірілуі, қарыздарды жалпылау (консолидация), эмбаргоны енгізу,
импорттық лицензияны алып тастау, тікелей шетел инвестициялар тәуекелі және
т.б. жатқызылады. Экономикалық факторларға мыналар жатады: ЖҰО-нің төмендеу
немесе өсу қарқынының баяулауы, өнімге деген бағаның тез өсуі, экспорттан
түсетін табыстың төмендеуі, импорттық өнімнің өсуі, әлемдік нарықтағы
отандық тауарлар бәсекелестігінің төмендеуі, іскерлік белсенділігінің
төмендеуі, басқа да мемлекеттермен байланыстардың азаюы, халықтың
бірыңғайлылығы мен білім деңгейінін төмендеуі, инфрақұрылымның нашар дамуы
және т.б.
Әлеуметтік факторлар азаматтық соғыс, табыстардың бірдей бөлінбеуінен,
идеологиялық және діни көзқарастардың қайшылықтары, ұлттық қақтығыстар,
көтерілістер жағдайларынан туындайды.
Құқықтық факторлар келесідей: заңдылықтардың өзгеруі, оның бұзылуы.
Бәсекелестік факторлар: банктің және банктік мекемелердің қосылуы,
банктік операциялар мен мәмілелердің жаңа түрінің пайда болуы, басқа
банктердің қызмет құнының төмендеуі, банктік қызмст сапасына деген
талаптардың жоғарылауы, жаңа банктік мекемелер пайда болуының жеңілдігі,
банктің банкротқа ұшырау қиындығы мүмкіндігімен байланысты болады. Қаржылық
факторлар тәуекелдігі - жалпы ішкі өнім, сыртқы қарыздың экспортқа қатысты
кызмет көрсетуінің көлемі, ЖІӨ-ге ағымдағы баланстың дефицитінің сыртқы
қарызға қолайсыз катынасы.
Банктің өзінің қызметіне байланысты және ол тәуекел жағдайларды
белсенді түрде басқару мүмкіндігін иеленеді. Ішкі тәуекелдерге берілген
жекеленген коммерциялық банк иеленетін кәсіпкерлік артықшылықтар әсер
етеді. Атап айтсақ, қаржылық нарықтың берілген аясында банктің қызмет
көрсетуін ұйымдастыру кезінде оның басшылары мен дұрыс таңдалған
стратегиясы мен саясаты. Банктік операциялар технологиялық процестерімен
маманданған қызметкерлер жеткілікті минимумын оптималды басқару, тиімді
маркетингтік стратегияны және тактиканы таңдау және т.б. факторлар. Ішкі
тәуекелдер банктің өз қызметінен клиенттердің қарыз алушылардың немесе оның
берілген контр серіктестер қызметіне байланысты. Олардың деңгейіне банк
басшыларының іскерлік белсенділігі, басқарудың тиімділігі мен тактикасы
және басқадай факторлар үлкен өсер етеді. Осыдан келе тәуекелдер келесідей
бөлінеді:
* банк активтерімен байланысты (несиелік, валюталық, нарықтық, ли-
зингтік, кассалық, есеп айырысулық, факторингтік. корреспонденттік шот
бойынша, қаржылық және инвестиция бойынша тәуекел және т.б.);
* банк пассивімен байланысты (салым және депозит бойынша,
банкаралық несиелерді тарту тәуекелдері және диверсификация
тәуекелі);
* банктің өзінің активтері мен пассивтерін басқару
сапасымен
* байланысты (пайыздық тәуекел, өтімділік тәуекелі, төлем
қабілетсіздігі, капитал құрылымы тәуекелі, банк капиталының
жеткіліксіздік тәуекелі);
* қаржылық қызмет жүзеге асу тәуекелімен байланысты (операциондық,
технологиялық тәуекелдік, жаңа енгізулер тәуекелдігі,
стратегиялық, бух-галтерлік, әкімшілік тәуекелдігі, қауіпсіздік тәуекелі).
Банк клиенттерінің құрамының тәуекелдігі банктік қызмет маркетингпен,
қоғаммен қарым-қатынас жасаумен байланысты. Кіші орта және ірі клиенттердің
талаптарының әр түрлілігі сол тәуекелдің деңгейін анықтайды, яғни ұсақ
қарыз алушы ірі қарыз алушыға қарағанда нарықтық экономиканың кездейсоқ
жағдайларына көбірек тәуелді болады. Сонымен қатар бір қарыз алушыға немесе
бір-бірімен байланысты қарыз алушылар тобына, салаға және аймаққа немесе
мемлекетке берілген үлкен несиелер көп жағдайда банктің банкротқа
ұшырауының негізгі себебі болады.
Банк үшін тандамалы клиентті дұрыс таңдау үлкен маңызға ие. Әдетте
осындай серіктестерге қаржылық тұрақтылығының жоғары деңгейі бар
және өтімділік пен баланс төлем қабілеттігінің жақсы
көрсеткіштері, табыстылық деңгейінің жеткіліктілігімен қамтамасыз етілген
меншікті қаражаты бар кәсіпорындар жатқызылады. Нарықтық катынастың дамуына
байланысты банктік жүйенің тұрақсыздығы күшейеді, ал ол өз кезегінде
экономика мен кәсіпорынның әр салалар жағдайына әсер етеді. Шаруашылық
субъектілер өзіндік каражаттар мен резервтерді қысқарта бастайды. Бұл несие
ресурстар дұрыс айналымының бұзылуына және банк операцияларының
тәуекелдерінің өсуіне алып келіп соғады.
Банк операциялар есебінің сипаттамасы тәуекелдерді келесідей бөлуді
ұсынады: баланстық және баланстан тыс операциялар бойынша, активтік және
пассивтік операциялар бойынша тәуекелдер. Бірақ, айта кететін жайт,
баланстық операциялар бойынша пайда болатын тәуекелдер көбінесе баланстан
тыс операцияларға таралады.
Банктік баланс тәуекеліне келесілер жатады:
* несиелік тәуекел (негізгі ссуда бойынша қарыздың
қайтарылмау тәуекелі);
* пайыздық тәуекел (берілген ссуда бойьшша пайыздың
алыпбау тәуекелі);
- өтімділік тәуекелі (банктің өз міндеттемелерін уақытында орындамау
тәуекелі, өтімділік нормативтерін бұзу тәуекелі);
* капитал кұрылымының тәуекелі (капитал жеткіліктілік нормативінің
банк орындамау тәуекелі, оның капитал құрылымының
рационалды емес ұйымдастыру тәуекелі).
Соңғысы банктің қосымша капиталы (несиелік тәуекелдерді жабуға арналған
резервтер, бағалы қағаздардың құнсыздануынан резервтер және т.б.) негізгі
капиталынан асып түскенде пайда болады.
Баланстан тыс тәуекелдер банктің келесідей жағдайларда қызмет көрсете
алмау мүмкіндігі:
* берілген кепілдер бойынша;

* шығарылған бағалы қағаздар, бағалы қағаздармен жасалған келісім-шарт
бойынша;
* несиелік міндеттемелер бойынша;
* валюталық мәмілеге отыру бойынша.
Сонымен қатар, банктік тәуекелдер деңгейі лизиигтік және факторингтік
операцияларды, бартерлік және клирингтік мәмілелерді жүзеге асырған кезде
пайда болуы мүмкін.
Лизинг - жаңа техника және технологияны дамытуды каржыландыру, нақты
негізгі капиталдың жеке элементтерді жедел түрде енгізу қажеттілік
кезеңінде құрал-жабдықтарды сатуды ұлғайту, тауардың өмір циклін қысқарту
тәсілі.
Лизингтік мәмілелердің тәуекелін төмендету үшін амортизациялық
аударымдар нормаларын жедел түрде өңдеу немесе оларды мерзімінен бұрын
аударуды пайдалану керек. Қазіргі уақытта лизинг тәуекелі жоғары операция
болып саналады. Сондықтан да одан келетін шығыңдарды жабу банктің резервтік
қор есебінен мақсатты түрде жүзеге асырылуы керек.
Лизингтік операцияларды жүзеге асыратын субъектілер арасындағы катынас
формасына байланысты ол оперативтік, қаржылық, қайтарымды және халықаралық
бола алады.
Жоғарыда көрсетілгсн лизингтің әрбір түрлері тікелей және жанама, шұғыл
және қайта калпына келетін (револьверлік), таза және толық бола алады.
Клиринг — ақша (валюта) аударымсыз тауарларды айырбастауды жүргізетін
мемлекеттер, экономикалық бірліктер, екі банк арасындағы дара төлеу.
Клирингтік операциялар маңызы келесідей көріністе: арнайы клириигтік
келісім-шарт негізінде белгілі бір календарлық кезеңдегі, көбінесс 1
жылдағы өзара сауда сомасы әр түрлі сауда-саттықпен айпалысатын елдердің
белгілі бір банктік шоттарында айналыста жүреді. Клирингті жүзеге асыра
отырып, әрбір экспортер жақ экспортқа шығаратын тауар сомасын өз банкісінен
алады. Банк өз жағынан банк-импортердің аударымын күтпейді, керісінше
клирингтік шотты дебеттейді және импортермен байланысты сәйкес банкке
дебеттік авизо жібереді. Өзара жеткізуіндегі балансты жүзеге асыруға
тырысқанға қарамастан, көбінесе кезең соңында бір жақ өз пайдасынан асып
түседі. Яғни, авуарға ие болады. Ол өзінің серіктесінен тауар алғысы
келмейді немесе оған ақша қажет. Бұл жағдайда жақ делдалдау көмегімен
үшінші елге өзінің авуарын сата алады. Бұл жерде клирингтік валюта құны мен
еркін айырбасталатын валюта құны арасында айырма пайда болады. Сандық
сипатта бұл айырманы дизажио деп атайды. Мысалы, 100 клирингтік долларды 85
еркін айырбасталатын валютаға айырбастаса, онда дизажио 15%-ды кұрайды.
Клирингтік валютаны сату суитч деп аталады (ағылшын тілінен аударғанда
"switch" - ауыстыру, көшу). Бұл термин сауда мәмілелерінің субъектісін
немесе объектісін айырбастаған кезде қолданылады. Мысалы, беделі төмен
бағалы кағаздарды сатуда, несиелік мәміле жағдайында серіктестерді
ауыстырғанда және т.б. жағдайларда болады.
Бартерлік мәмілелер — тауарды ақшамен емес, тауармен төленетін өтелу
формасы. Олар фирмааралық және мемлекетаралық бола алады. Фирмааралық
бартерлік мәмілелер әр түрлі делдалдар көмегімен жүзеге асырылады.
Халықаралық бартерлік мәмілелер клиринг сияқты прайс-беттермен, техникалық
несиемен, тауар құнын қайта санау валютасымен байланысты, бірақ белгілі бір
уақыт кезеңімен байланысты емес және бартерлік келісім-шарт ұзақтылығы
нақты прайс-беттерде көрсетілген тауар құны мен санына байланысты.
Факторингтік операциялар бойынша тәуекелді төмендету үшін қарыз
алушының төлем қабілеттілігін, оның шаруашылық байланысының сипатын және
жабдықтаушылармен қарым-қатынасын, төлемдер кұрылымын, өнімнің бәсекелес
қабілеттілігін, оның кайтару жағдайлары санын және т.б.
қорытындылау керек .Банктің факторингтік бөлімімен вексельді сатып ал-
ғанда, жабдықтаушылардың қола вексельді (яғни тауармен өтелмейтін вексель)
ие болуда қосымша тәуекелдің пайда болуына соғады.
Ішкі тәуекелдер банктің түріне және ерекшелігіне байланысты. Бұны
былайша түсінуге болады: барлық банктерге сыртқы тәуекелдері, қаржылық
қызмет көрсету тәуекелі, баланстық және баланстан тыс тәуекелдер тән бола
тұра, негізгі зоналар, көлемдері және артықшылықты бағыттар банктің маман-
дануына байланысты әр түрлі қалыптасады, осыдан келе банк қызметінің әрбір
түрі әр түрлі сипатталынады. Тәуекелдер жинағы бұл банктер үшін әр түрлі
болады. Ақшалай бос қаражаттарды тарту және оларды басқа да несиелік меке-
мелерде орналастырумен айналысатын банктер үшін салымдар мен депозиттік
операциялар бойынша тәуекелдер тән, сонымен қатар банкаралық несиелер-
дің қайтарылу мүмкіндігі бар. Негізгі бағыттары инновация болып табылатын
мамандандырылған банктерге жаңа технологияларды ұзақ және орта мерзімді
несиелендірумен байланысты тәуекелдер тән болып келеді. Сондықтан мұн-дай
банктерде бірінші орында инновация тәуекелі (қаржылық қызмет көр-сету
тәуекелінің элементі ретінде), сонымен қатар маркетингтік тәуекелдер -
яғни, жаңа технологияларды енгізетін өнеркәсіптің өнімді өндіруде туын-
дайтын алдын ала болжанбаған қиындықтармен байланысты тәуекелдер). Бұл
жағдайда ерекше мағынаға сыртқы жобалық тәуекелдер, яғни фирмаішілік немесе
корпоративтік тәуекел, нарықтық немесе портфельдік тәуекел (банктік саясат
және несиелік портфельге сәйкес тәуекел табиғаты және тәуекел географиясы).
Бұл жерде алдын ала экономикалық тиімділікті, сапалылы-ғын бағаламай,
технологиялық жаңалықты игеруде үлкен тәуекелге тап болады, яғни жаңа
технологияны уақытынан бұрын бастаса, жаңа өнімге тұтынушы сұранысы жок
немесе аз болса, өндіретін өнімнің белгілі бір бағытта түрі көп болса және
т.б. Биржалық банкті қарастырғанда, негізгі екі тәуекел түріне көңіл бөлу
керек. Мысалы, тауарлық биржада клиенттің алдын ала берген қаражаты
негізінде клирингтік есеп айырысуды қамтама-сыз ететін банк үшін есеп
айырысу тәуекелі, яғни есеп айырысу операциялары бойынша шығын болады. Егер
биржалық банк бағалы қағаздар нарығында клиентгермен бірлесе отырып
трасталық және брокерлік қызметтер керсетсе,
онда бағалы қағаздармен байланысты келесідей тәуекелдер болады:
капиталдық (бағалы қағаздар портфелінің өтімді емес тәуекелі);
* селективтік (бағалы қағаздарды дұрыс таңдамау тәуекелі);
* уақтылы;
* нарықтық (бағалы қағаздардың құнсыздану тәуекелі);
іскерлік (эмитенттің бағалы қағаздар бойынша пайыздарды
төлемеу тәуекелі);
қайтарылатын (эмитент облигацияны қайтарып беру тәуекелі).
Сыртқы сауда операцияларына қызмет көрсететін мамандандырылған банк
келесідей негізгі тәуекелдерге кездеседі:
* экономикалық (валюта бағамының өзгерісіне байланысты актив және пассив
құнының өзгеру тәуекелі);
* аударым (пассив және активтердің шетел валютасында есептегенде
айырмашылық тәуекелі);
* мәмілелік (мәміле құнының болашақ ұлттық валютада анықталма-
ғандығының тәуекелі;
* сақтандыру:
* саяси.
Жеке тұлғаларға қызмет көрсететін банктер үшін келесі тәуекелдер тән:
* ипотекалық және тұтыну ссудалары бойынша қаржылық және несиелік
тәуекелдер:
* кепілхат бойынша тәуекел (гарантия);
* кепіл тәуекелі (залог).
Ипотекалық банктер көбінесе несиелік кепілдік заңдылық тәуекелдерге
ұшырайды.
Салалық банктер қызметтеріне салалар сипатына тән тәуекелдер және
олардың орта салалық көлемі әсер етеді. Олар басқа салалармен салыстырғанда
қаржылық және экономикалық аспектілеріндегі салалардың өзгергіштігімен,
динамизм деңгейімен тікелей байланысты. Салалық тәуекелдердің келесідей
түрлері бар:
* бета-тәуекел (бета-коэффициент):
* саланың өмірлік цикл тәуекелі;
* салаішілік бәсеке тәуекелі.
Бета-тәуекел - ол жалпы экономикалық қызмет нәтижесімен
салыстырғанда сала қызметінің нәтижесі орташа деңгейден жиі ауытқып тұратын
жүйелік тәуекел. Егер бета-тәуекел 1-ге тең болса, онда ол мемлекет
экономикасының жалпы сипатына сай келетін салаға ауыстыру керек. Бета-
тәуекелдің көрсеткіші қаншама жоғары болса, саланың басқа да бірдей
жағдайларындағы тәуекелі жоғары болады. Бета-тәуекел түсінігін жеке
банктерге де пайдалануға болады. Оны Глориябанк (Ресей) аналитикалық
орталығы және ПАКК кеңес беру формалар дифференциалды акция портфелі
салыстырмалы орташа бағалы қағаздармен байланысты операциялар бойынша
жүйелік тәуекелді есептеу үшін қолданады. Сонымен қатар, екінші деңгейлі
биржадан тыс рыноктарда акциялары айналыста жүретін банктер қарастырылды.
Нәтижесінде, акциялар бойынша бета-тәуекелдің экспорттық бағалық
көрсеткіштері анықталды. Оған сәйкес банктерді келесідей 5 топқа бөліп
қарастыруға болады:
1) орташа нарықтықтан көп көбірек көрсеткіші;
2) орташа нарықтықтан кобірек көрсеткіші;
3) орташа нарықтықтан сәл ғана көп көрсеткіші;
4) орташа нарықтықтан төмен көрсеткіші;
5) аз болжамданған тәуекел.
Келесі себептерге байланысты, мұндай бағалау әдісіне көп көңіл бөлінуі
керек:
1) бағалы қағаздармен мәмілелер көлемі аз, ол мәмілелердің өзі бір қалып-
ты емес, акция бағамының дұрыс қалыптасу механизмі жоқ болғанда
бағалы қағаздар нарығының бұл кезеңінде бұл көрсеткіштің нақты анық-
талуы мүмкін емес;
2) алғашқы екі топтың банктерінің жоғары тәуекелділігі олардың жоғары
табыстылығымен орнын басады.
Өмір цикл тәуекелі: әр түрлі салалардың тәуекел деңгейімен сипатталады
және әрбір сала өзінің даму кезінде алдын ала белгіленген кезеңдерден
өтеді. Бұл жерде алғашқы даму жедел өсу, қалыптасқан өсу, өсу темпінің
төмендеуі және жойылу кезеңдері қарастырылады.
Ішкі салалық бәсеке тәуекелі кәсіпорын саласының өмір сүру
қабілеттілігіне әсер етеді:
* бағалык емес бәсекенің қатаю деңгейі;
* салаға кіру және шығудың жеңілдігі немесе күрделілігі;
белгілі бір саладағы өнімнің басқа өнімдермен салыстырмалы өнім-дермен
баға бойынша бәсекелес қабілеттілігінің бар немесе жоқ болуы;
* тауарлық белгі құқығының жоқ болуы;
* жабдықтаушылар және тұтынушылардың нарықтық күші;
кәсіпорын саласының қызмет жасайтын саяси және әлеуметтік
ортасы.
Бұдан басқа салалық банктерге мемлекеттік (аймақтық) және жалпы сыртқы
тәуекелдер үлкен әсер етеді және әрбір сала форс-мажорлық тәуекелдерге
ұшырауы мүмкін, сондықтан қазіргі таңда салалық банктерді тәуекелі жоғары
банктер қатарына жатқызуға болады.
Әмбебап банктер өздерінің қызметтерінде барлық тәуекелдерді есепке алу
керек. Әмбебап банктерге көбінесе құрылымдық басқару, басқарушылардың жеке
қабілеттерімен байланысты тәуекелдер тән. Аймақтық белгілері бойынша және
ерекше тәуекелдер түрлеріне байланысты болады:
* аймақтық банктер - аймақтық сыртқы тәуекелдер;
* аймақаралық-аймақтық тәуекелдер жиынтығы;
* мемлекетаралық-елдік тәуекелдер;

* республикалық-республика тәуекелі.
Әр түрлі несиелік мекемелерге өздеріне тән тәуекелдер түрлері болады.
Мысалы, зейнетақы қорларына саяси тәуекелдер, депозиттік операциялар
бойынша тәуекелдер, жобалар, аймақтық тәуекелдер, аударымдар тәуекелі тән.
Өзара несиелеу қоғамдастары және өзара көмек көрсету кассаларына
салымдық, депозиттік, несиелік тәуекелдер тән. Ломбардтарға технологиялық,
операциондық, лизингтік компанияларға есеп айырысу, жобалық тәуекелдер;
факторингтік компанияларға несиелік., клиент тәуекелі; есептік үйлерге есеп
айырысу, несиелік, кепілдік, нарықтық, іскерлік тәуекелдер тән.
Көрсетілген жіктеулер және қағидалар, банктік тәуекелдердің түрлерін
ғана емес, сонымен қатар, белгілі бір жүйеге сәйкес және ерекшеліктеріне
байланысты тәуекелдер болады.
Осыдан келе көптеген банктік тәуекелдер түрлері бар және олар банктің
жүргізетін операциялар есебі үшін өте маңызды. Бірақ біз ең маңызды
тәуекелдерді қарастырамыз және мүмкін болатын тәуекел деңгейін және оларды
басқарудың тиімді тәсілдерін ұсынамыз. Банктер өздерінің қызметтерін
халықаралық деңгейде атқаратын кезде келесі сыртқы тәуекелдер: елдік,
валюталық, форс-мажорлық міндеттемелер тәуекеліне кездесуі мүмкін.
Ал банктің ең маңызды ішкі тәуекелдеріне біздің ойымызша , несиелік ,
пайыздық , банк операцияларының диверсификациялану тәуекелі , өтімділік ,
кадрлық тәуекелдер жатады .

1.2. БАНК ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАСҚАРУ

Банкте кездесетін тәуекелдердің бәрі банк саясатының және де ҚР ҰБ-нің
бекіткен нормативтерінің бұзылуына жол бермейтін қатаң басқару жүйесінде
болуы тиіс.
Банктік тәуекелдерді басқару негізінде тәуекелдің деңгейін төмендету
бойынша мақсатты бағытталған іздестірулер мен жұмыстарды ұйымдастыру,
табыстылық пен тәуекелдің тиімді қарым-қатынасын табу, белгісіз қаржылық-
шаруашылық жағдайындағы пайданы табу және оны көбейту өнері жатыр. Біздің
республикамыздың ірі банктері үшін қызметтерінің барлығы тәуекелмен
байланысты мақсатты бағытталған деп айтуға болады.
Тәуекелді басқаруға жүйелі тәсілді қолдану және оны ірі банктің

активтері мен пассивтерін басқару жүйесін қалыптастыру кезінде
(алдағы уақытта дамуы үшін де) қолданылуын есептеуге болады. Банктік
тәуекелдерді басқаруға жүйелі ықпал ету негізінде шет елдік тәжірибенің
негізінде зерттелген жалпыға белгілі қағидалар жатыр.
Бұл қағидалар банктердің өз тәуекелдерін басқару мен бөлуіне болатьгн
және басшылар басқарма мен заңгерлер жақсы жұмыс тәжірибесіне салыстырмалы
талдау жасау үшін қолдануына болатын жалпы құрылымды (89 қағиданы)
білдіреді.
Бақылау тиімділігі көзқарасы жағынан тәуекелдерді басқаруды
құрылымдастыруды қолданады. Бұл кезде банктің басқару ролі тәуекелмен
байланысты стратегия, тәуекелдерді жалпы басқару, қолдау функциясының
құрылымдық басқарудың тиімділігі, кадрлар сапасы, ақпарат сапасы
ескеріледі.
Банкті баскарудың ролі жоғары бағаланады, себебі ірі банктерде жиі
кездесетін тәуекелдерді түсіну мен осыған сәйкес бақылау жауапкершілігі
нақты басқарылады.
Тәуекелдерді жалпы басқару тәуекелдердің картасын жасаумен
түсіңдіріледі:
* несиелік тәуекел;
* портфельді топтау;
* ағымдық тәуекел (операциондық);
* бизнес тәуекелі.
Қағидалар келесідей түрде топтастырылады: тәуекелдерді стратегиялық
басқару; тәуекелдерді басқару бойынша функциялар; тәуекелді өлшеу бойынша
есеп беру және оларды бақылау; тәуекелдерді басқару жүйесі.
Тәуекелдерді стратегиялық басқаруға жауапкершіліктің біртұтас
жүйесіне тәуекелдерді анықтау және бағалау,тәуекелдердің шегі
кіреді. Қорытынды жауапкершілікті басқарма өз мойнына алады. Тәуекелдері
басқару қызметі тәуекелдерді жедел басқару, тәуекелдерді өлшеу және
бағалау арқылы жүзеге асады.
Осындай тәуекелді болдырмау үшін пайда мен шығынға шек қою керек,
персоналдарды қадағалау және кадрларды ауыстыруды жоспарлау, нарықтағы
мінез-кұлық ережесін үйрету, бір операцияны бірнеше жұмыскерлердің есепке
алу кезінде жеке бөлімшелер қарасынан кезеңдік бақылауды жүргізу, аудиттің
көмегімен бақылау, персоналдарға жоғары қысым көрсетуді алып тастау керек.
Техникамен байланысты тәуекелдер Рейтер, Телерейт сияқты
димененттік жүйе және де СФИФТ пен Телекс төлемдік жүйесін жаппай
колданып жатқандықтан туындайды. Бұл тәуекелділіктер банктік операцияларды
жаңарту кезінде персоналды компьютерлерді колданумен байланысты. Банк
құрылымында осы жүйелерді техникалық колдау бойынша талдаушылардың және
жүйелерге кіруді қадағалау үшін құпия сөздерді қолдану тәуекелдің деңгейін
азайтуға мүмкіндік береді.
Басқарудағы қиындықтар, банктің жекелеген бөлімшелеріндегі
ұйымдастырушылықтын тиімсіздігі және жауапкершілікті бөлу кезіндегі
келіспеушілік осының бәрі ұйымдастырушылық тәуелсіздігі сияқты тәуекел
түрінің тууына әкеледі. Оны төмендету үшін басқарудың қағидалары мен
әдістерін уақтылы қайта карап отыру, бөлімдер мен жеке жұмыскерлердің
функцияларының бөлінуін қадағалау, бөлімшелер құрылымының құқықтары мен
міндеттемелерін қолданудың тиімділігін талдау және банктің қызметін
кезеңдік тексеру мен қайта ұйымдастыруды жүргізу автоматты бақылау
жүйесін жасау қажет.
Ақпараттық тәуекел жалған немесе бұрмаланған ақпараттың түсуі банк
құзырындағы тауарлары, қызмет көрсетулері, материалды мүліктері немесе
заңды құқықтарына акпараттардың сәйкес келмеуімен байланысты. Ақпарат
өңделген және дұрыс талданған болуы мүмкін, бірақ есеп берудің мәліметтері
дұрыс толтырылмаған.
Бұл қағидаларға сәйкес, банктерде тәуекелдерді күнделікті өлшеу,
басқару мен бағалауға жауап беретін тәуекелдерді басқару бойынша арнайы
бөлімше болуы қажет.
Тәуекелдерді өлшеу, есеп берушілік және бақылау, несиелік тәуекел,
өтімділік тәуекелі, нарықтық тәуекел, тәуекелді басқару, тәуекел
көрсеткіштерін біріктіру. шектеу, табыс пен шығындарды бөлу, қызметті
бағалау сияқты мәселелерге ерекше көңіл аударуды түсіндіреді. Бұл кезде
несиелік тәуекелді, өтімділік тәуекелін, нарық тәуекелін бағалау қиынға
түспейді деп есептеледі, ал ағымдық жөне зандық тәуекелді, бухгалтерлік
есеп беру тәуекелін, сатып алу тәуекелін, заңдылық тәуекелін, жағдайлық
тәуекелін бағалау киынға түседі.
Несиелік тәуекелді бағалау банктік қызмет көрсетудің құрылымдық
бөлімшелері мен түрлері бойынша бағалау біртектес қағидаларының сақталуын
білдіреді.
Есеп айырысу тәуекелділігіне несие бойынша төленбеген мөлшерін қосу,
өтеу мерзімін ескеру, әр тараптың тәуекелділікті бекітуін және қарыз
тәуекелінің есептеу мүмкіншілігін анықтау мақсатты ойластырылған деп
есептелінеді. Несиелік және нарықтық тәуекелдердің салыстырмалылығы ерекше
мәнге ие болады.
Өтімділік тәуекелін бағалау тек елдің тәжірибедегі өтімділік
тәуекелінің үш түрін бөлуді ұсынады:
* ақша қаражатының және ақша қаражатында кысқа мерзімдік та-
лап етуді қанағаттандыру үшін құнды кағаздар нарығында айналысатын
қажетті деңгейін ұстап тұру;
* қаржы кұралдарын тарту үшін капитал нарығына өту;
- нарықта позицияны табу үшін немесе жою мүмкіншілігі.
Нарықтық тәуекелді бағалау күнделікті уақыт кұнын
анықтауды барлық құрылымдық бөлімшелер бойынша тәуекелді өлшеудің бірыңғай
қағидасының сақталуының, тәуекелді өлшеудің қосымша әдістемесін нарықтық
тәуекелдің күнделікті есептелуін бекітілген шектеулермен салыс- тыруды
білдіреді.
Тәуекелдің компоненттерін анықтау маңызды жағдай болып табылады. Бұл
мақсатта әрбір операцияны калыптастырушы компоненттерге барлық тәуекел-
дерді анықтайтын мүмкіншілік болатындай бөліп тастау қажет.
Осыдан кейін, барлық анықталған тәуекелдер бақылау жүйесімен
салыстырылады, ол әрі қарай тәуекелді басқару процесіндегі жетіспеушілік
пен әлсіз жерлерін алып тастау бойынша шаралармен анықталады.
Егер айырысу тәуекелі төмендеген салалардың фирманың есептеп қойған
төлем бойынша әріптестердің міндетін орындамауға қатысы ретінде бағаланады.
Батыс тәжірибесінде мұндай тәуекел алдын ала есептеген тәуекелден бөлек
бағаланып, бақыланады. Ағымдық тәуекел, егер серіктес міндетін бүгін
орындамаған жағдайда жасалған мәселенің ағымдық қайта қалыптастыру құнын
білдіреді. Оның бағалануы нарықтың көрсеткіштері бойынша бағалаумен ұқсас.
Потенциалды тәуекел - бұл егер партнер операцияны жүзеге асыру кезінде
алдағы уақытта өз міндетін орындамайтын жағдайдағы мүмкін залалдар.
Біздің республикамыздағы банктер тәжірибедегі несиеге шектеу қою үшін
несиені бағалаудың тәуелсіз процесі, несиелік тәуекелді бағалаудың
келісілген стандарты, делдалдармен есеп айырысу орталықтары үшін шектеулер
қажет. Бақылау жүйесі жаңа операциялардың тек несиелік сызықты қолдану
мүмкіншілігі анықталғаннан кейін ғана жасалуы керектігіне бағытталған болуы
қажет. Бұл кезде процедура серіктесте заңдылық құқық пен осы келісімдерді
жасауға өкілеттілігінің болуын қамтамасыз ету қажет.
Мемлекеттік кұрылымдар және басқарушы тараптар заңды кұқықтар мен
өкіметтердің әсер ету аймағын бекіту үшін қосымша зерттеулер жүргізуді
талап етуі мүмкін.
Тәуекелді бақылау мен шектеулерді салыстыру күнделікті жүргізіледі.
Несиелік тәуекел, өтімділік тәуекелі және нарықтык тәуекел барлық ұйым
масштабында жинақталып және бақыланады.
Жинақтау тәуекелдің нақты бағасын осы құнның шегімен салыстырғанда
есебі үшін негіз болып табылады.
Тәуекелді банктік операцияны және клиентті басқарудың басты міндеті осы
немесе басқа тәуекел түрін өзіне алдын ала сақтау дәрежесін анықтау және
операциялар бойынша мүмкін болатын залалдарды шектеуге бағытталған оңтайлы
шешім қабылдау болып табылады.
Банк қызметінің басты мақсаты - пайда табу негізінде басшылық ететіні
белгілі. Әлемдік банк жүйесінің даму тарихы әлемде болса, банк
операцияларының табыстылығын арттыру жоне мүмкін болатын барлық шығындардын
ықтималдық азайтудың ашылмаған көздерін іздеу үстінде.
Банктің барлық бөлімшелері мен қызметтері бойынша тәуекелділікті
үйлесімді бақылау, тәуекелді басқару іс-әрекетінің тиімділігін қадағалау.
Осының бәрі әрбір банктің жеке тәуекелді басқару стратегиясын жасауын
ұсынады, яғни шешім қабылдаудың негізгі саясаты банктің дамуына өз
уақытында және кезегімен барлық мүмкіншіліктерді қолдану және осымен
қатар тәуекелдерді қабылдауға болатын, әрі басқаратын деңгейде ұстау.
Тәуекелдерді стратегиялық басқару мақсаты мен міндеті банктің жұ-
мыс істеуге мәжбүр сыртқы экономикалық ортадағы жиі өзгерістермен
анықталады. Қазақстанның банк ісіндегі сыртқы ортаның өзгеруінің
негізгі белгісі соңғы уақыттарда: инфляцияның үдейе түсуі; банктің және
оның филиалдарының санының өсуі; Ұлттық банк тарапынан банктер арасындағы
бәсекелестіктің шартын реттеу; Ұлттық банктің қатысуымен банктер арасында
тәуекелдерді қайта бөлу; ақша және қаржы нарығының
кеңеюі; жаңа (дәстүрлі емес) банктік қызмет керсету түрлерінің
пайда болуы; ірі банктердің ұсақ бәсекелестерді қосып
алу жағдайында банктер арасындағы бәсекелестіктің үдейе түсуі;
технологияның өзгеруі нәтижесінде несиелік ресурстарға тұтынушылықтың
өсуі; айналым капиталына кәсіпорынның тұтынушылық өсуі
және клиенттерінің меншікті капиталдағы банктік үлесінің азаюы
жағына қарай қаржыландыру құрылымының өзгеруі; - несие берушілердің
талаптарынан жалтаруымен қатар шағын және орта бизнес аясындағы
банкроттықтың тиімді несиелік кайтару бойынша нақты кепілдердің жоқтығы
болып табылады.
а) Қарыз кұралдарының диверсификациясы: - мерзім бойынша (қысқа
мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді). Қарыздарды барынша
ұзақ уақытқа берудің артықшылығы мол;
* тартылу түрлері бойынша(заңды тұлға депозиттері, азаматтардың
салымдары,банкаралық несиелер, халықаралық қарыздар). Тартылу көздері көп
болған сайын, өте жақсы; тартылу көздері бойынша (салалар, клиент
топтары, азаматтардың әлеуметтік жағдайы бойынша). Әр түрлі тарту
көздері көп болған сайын, тәуекелдік барынша төмен;
б) Қолданылатын құралдардың диверсификациясы: актив портфельдеріне
сенімді құралдарды барынша көбірек үлестіруі қажет. Сонымен қатар,
активтерді жаңа және экзотикалық үлестіруде құралдар (кұрылғылар) шектеулі
болуы қажет;
в) Ссуда (қарыз) портфелінің диверсификациясы:
мерзім бойынша. Несиелеу көбінесе қысқа мерзімдік және
орта мерзімдік уақытқа берілуі тиіс;
қарыз алушылар бойынша. Ссудалық портфелъ мүмкін-
дігінше түрлі қарыз алушылар арасында аз сомалармен
үлестірілуі қажет;
Таңдау және нәтижелер туралы қосымша ақпараттарды иелену барысында
келесідей әдістердің көмегімен тәжірибе барысында іске асырылады:
Банк құрылымдарында, банк операцияларын жоспарлауда және болжау-ларды
үйренуде аналитикалық (талдау) бөлімшелердің, заңды тұлға
бөлімшелерінің және маркетингтік зерттеу кызметтерінің бар болуы;
Банк клиенттері бойынша, банктің кауіпсіздік бөлімінің материалдары және
мерзімдік баспа сөз бойынша ақпараттарды қадағалау:
Мерзімдік басылуларға жазылулар аналитикалық агенттіктер және
электронды ақпарат қызметтерін алулар, арнайы бағытталған фирмалардан,
мысалы: Интернет, Рейтер, Телерейт, Блумберг және тағы басқалар болып
табылады.
Лимиттеу - банктің көлемі, құралдары, әріптестері және т.б. бойынша
жүргізілетін операцияларын шектеу. Банк операцияларының тәуекелділігін
шектеу түрлері кең тараған:
* әрбір жеке контр-партнер операцияларына шектеу;
әрбір құралдарға, актив түріне, нақты бөлімшелерге немесе
дилерлерге шектеулер;
* бір қарыз алушы үшін максималды ссуда мөлшерін бекіту;
* бір күн ішіндегі ссуда үшін сауда шектеулері;
- баланстан тыс міндеттемелердің максималды келемі;
келесі күнге ауыстыру мүмкіншілігінің ашық бағыттағы көлемінің
максималдылығы;
банк бөлімшелерінің әрбір инструменттері, әрбір бағыттары, әрбір пайда және
шығындары бойынша шектеулер;
Өзіндік сақтау. Банктің өзіндік резервті қоры болуы тиіс, ол банк
пайдасынан немесе қаражаттардан құралған, сондай-ақ, ссудалар бойынша
үмітсіз қарыздардан құтылулар және операциялар бойынша мүмкін шығындарды
жабу үшін мемлекеттен немесе құрушылардан, акционерлерден қосымша алынған
қаржылардан құрылуы тиіс.
Сақтандыру. Барлық банк активтерінің тәуелділігі, оған қоса депозиттер,
ссудалар, инвестицияларды сақтандыруы тиіс. Сондай-ақ, банктің өзіндік
мүлкі де сақтандырылуы тиіс.
Хеджирлеу. Қаржы құралдарын ашық бағытта сату-сатып алу барысында кері
байланыстар немесе кері бағыттағы орнын толтырулардың ашылуларының
көмектері арқылы хеджирленуі тиіс.
Сапалық басқару. Тәуекелділікті басқарудағы қазіргі заманға сай бірден
бір әдіс болып табылады. Бұл негізінен жоғары маманданған басқарушылардың
банк үшін қатаң қиыншылықтар туғанға дейін пайда болған мәліметтерді
шектеудегі әдістері негізінде корытындыланады. Негізгі сапалық басқару
барысында жақсы маманданған басқарушылардың болуы осыған саяды.
Біздің қарастырып жатқан әдісіміз ҚР-сы Банк жүйесіндегі
тәуекелділіктің потенциялын едәуір төмендетуін көрсетеді.
Қазақстан экономикасы тұрақты, ірі, шоғырланған банктік жүйеге мұқтаж
болуда, сондай-ақ, болашақта үлкен экономикасы күшті болуына уәде
беретіндей өз алдына құралдарды дербес тартуға және перспективалы жобаларға
салымдардың салынуын қажет етеді.
Яғни, банктік сектор, өзі көптеген макроэкономикалық факторларға
тәуелді, бірақ тиімді банк жүйесі болып, маңызды компоненттермен және
ұлттық экономиканы дамытудағы бірден бір қажетті шарттардың бар болуынан
табылады.
Есте сақтай отырып айтуға болады, бізбен қарастырылған банктің
тәуекелділік басқаруы бойынша жұмыс аспектісі, кез келген банкке
практикалық кең мағынада қолдануға болады , бірақ әрбір нақтылы банкке
толықтай емес .

1.3.Коммерциялық банктер тәуекелін рейтингтік бағалау жүйесі

Мұндай жүйе ретінде 1979 жылдан бастап , АҚШ-тың үш қадағалау
органдары: Федеральды резервтік жүйе , Депозиттерді сақтандыру Федераль-ді
корпарациясы және Ақша айналысын бақылаушылар қаржы институтта-рын
стандартты бағалауға мүмкіндік беретін CAMEL жүйесін қолданады . 1997
жылдан бастап , банктік бизнестегі өзгерістерге байланысты жалпы ағымдардың
әсерінен бұл жүйеге түзетулер енгізілді . Нәтижесінде алтыншы компоненті-
S,банктердің нарықтық тәуекелдерге қатысты сезімталдығын көрсететін
көрсеткіш енгізілді .
Рейтинг жүйесінің CAMEL атауы талданатын компоненттердің алғашқы
әріптерінен құрылған 1:
С – капиталдың жеткіліктілігі , мұнда банктің міндеттемелерін
қамтама-сыз ету үшін капиталдың жеткіліктігі , яғни меншікті капиталдың
көлемі бағаланады .
А – активтердің сапасы , мұнда активтердің сапасы анықталады , соны-
мен бірге , несиені қайтаруды қамтамасыз етуге және проблемалы несиенің
жалпы банктің қаржылық жағдайына әсер етуіне баға беріледі .
М – менеджмент – банк қызметінің тиімділігіне , қалыптасқан жұмыс
тәртібі мен заңды және нормативті актілердің талаптарының орындалуына
бақылау әдістерін ескере отырып , банктібасқару әдістері бағаланады .
Е – табыстылығы – банктік қызметтерді кеңейту перспективалары үшін,
оның табысының жеткіліктілігі тұрғысынан банктің рентабельділігі бағалана-
ды .
L - өтімділік , банктің ағымдағы және болашақтағы міндеттемелерін
орындау үшін өтімді активтердің жеткіліктігі , яғни өтімділік деңгейі
анықталады .
S - сезімталдық , банктердің нарықтық тәуекелдерге қатысты
сезімталдығын бағалау .
CAMELS жүйесінің компонентінің әрқайсысын : капиталдың жеткілік-
тілігі , активтердің сапасын басқару , табыстылығы , өтімділігін және нарық-
тық тәуекелдерге бағалауды қатысты сезімталдығын бағалау мынадай прин-
циптер мен тәртіптерді ескеруі қажет :
1-рейтинг (тұрақты):
— өте жақсы нәтижелер мен қаржылық тұрақтылық;
— бағалануы өте жоғары немесе басқа банктерге қарағанда жоғары.
2-рейтинг (қанағаттанарлық):
қызметінің нәтижелері қанағаттанарлық (күрделі мәселелер табылған
жоқ);
— қызметінің нәтижелері орташадан жоғары немесе орташа деңгейде;
— қаржы операцияларының қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету
үшін қажетті жағдайлар жасалған.
3-рейтинг (орташа):
— қызметінің нәтижелері қанағаттанарлықсыз;
— бағалануы орташа немесе қанағаттанарлықтан төмен;
— сапасы орташадан төмен.
4-рейтинг (шекті):
— орындалуы орташа деңгейден төмен;
— банктің қызметіндегі кемшіліктері болашақта банк қызметіне қауіп
төндіретіні анық көрініп тұр.
5-рейтинг (қанағаттанарлықсыз):
— қызметінің нәтижелері сөзсіз нашар;
— мәселелері асқынған және тез арада шаралар қолдануды талап етеді;
— егер кемшіліктерді жою бойынша шаралар қолданбаса, банктің банкротқа
ұшырау каупі бар.
Капиталдың жеткіліктігі. Капитал салымшылардың құралдарын корғайтын ең
басты құрал болып табылады. Тұрақты капиталы бар банктің өзінің
салымшыларына қауіп төндірмей үлкен шығындарды өз мойнына алу мүмкіндігі
болады.
Меншікті капиталдың (МК) жеткіліктігіне қатысты сапалы көрсеткіштерді
талдау үшін төмендегідей корсеткіштерді есептеуге болады2:

Активтердің берілген жылғы есепті кезеңдегі активтер - өткен жылғы
есепті кезеңдегі активтер
өсу қарқыны =
өткен жылғы
есепті кезеңдегі активтер

Меншікті капиталдың берілген жылғы есептегі кезеңдегі МК - өткен жылғы
есепті кезеңдегі МК
(МК) өсу қарқыны =
өткен жылғы
есепті кезеңдегі МК

Дивиденттердің Дивиденттер
пайдаға қатынасы =
Пайда

Пайдананың меншікті Дивиденттер
капиталға қатынасы =
Меншікті капитал

Активтердің сапасы. Банктің активтерінің сапасын талдаудың мақсаты -
банктің есеп беруінде олардың өмір сүру қабілеттілігі мен құнын дұрыс
көрсетілгенін анықтау.
Активтердің сапасын талдау барлық акгивтердің түрлерін сондай-ақ
баланстан тыс активтер мен несие портфеліндегі проблемалы активтердің
негізгі бөлігін қамтиды. Сондықтан несие портфелінің сапасын талдауға көп
көңіл бөлуді қажет етеді. Бұл талдаудың негізгі принципі несиенің
қайтарылуын қамтамасыз етуді талдау болып табылады.
Егер банк несие бойынша шығындарды жабуға провизиялар құрған болса, онда
құрылған провизиялардың сомасын активтердің жіктелінуіне дейінгі сомасынан
алынып тасталынады.
Табыстылық. Табыстылық пен рентабельділік банктің жұмысының маңызды
көрсеткіштері болып табылады.
Берілген есеп беру мәліметтердің растығын тексерген соң, CAMELS жүйесі
бойынша рейтингті анықтау үшін пайдалылықты талдау жүргізіледі.
Пайдалылықты талдау жылдың соңында жүргізіледі.
Банктің пайдалылық көрсеткіші активтердің орташа кұнына қатысты
қайтарымдылық коэффициенті болып табылады. Ол төмендегідей түрде
есептеледі:

Дивиденттерді төлегенге дейінгі және салықтарды төлегеннен кейінгі таза
пайда

Активтердің орташа құны

Өтімділігі. Өтімділікті талдау үшін кез келген көрсеткішті қолдану
мүмкін емес және CAMELS жүйесі бойынша өтімділік рейтингісін анықтау үшін
инспекторға бірнеше факторларды ескере отырып, өзінің жеке ойын басшылыққа
алуы кажет:
1) салымдардың көлемін, яғни банктің депозиттерінің қанша
бөлігі негізгі депозиттерді (банктің қолында ұзақ мерзімге
қалатын депозиттер), оның алдын ала ескертусіз шоттардан алынуы мүмкін
салымдар бөлігімен салыстыруды (талап еткенге дейінгі депозиттер);
2) активтердің өтімді түрде болуы немесе өтімді түрдегі активтерге тез
айналатын активтердің болуы (өтімді түрде активтер көп болған сайын
өтімділік деңгейі жоғары болады);
3) банктің қарыз қаражаттарына деген қажеттілік деңгейі, яғни
банкаралық нарықта несие желісін ашу келісімі бойынша алынған қаражаттар
немесе Ұлттық банктен алынған қаражаттардың тартылған ресурстардың жалпы
көлеміне қатынасы (бұл деңгейдің жоғары болуы банктің өтімділік позициясына
мазасыздық туғызады);
4) банк басшылығының өтімділік деңгейін басқару қабілетін және
банктің өтімділікті реттеудегі өзінің жеке ішкі саясаты мен
принциптерін сақтауы.
Бұдан басқа әр түрлі төмендегідей қатынастарды қолдануға
болады

Берілген несиелер
Өтімді активтер
1)
2)
Депозиттік салымдар
Салымдар

Менеджмент. CAMELS аббревиатурасының жазылуында менеджмент үшінші
компонент болғанымен, менеджменттің талдауын басқа компоненттердің барлығын
таңдағаннан кейін жүргізеді. Өйткені менеджмент бағалау басқа 5 компонентке
тікелей тәуелді болады және басқаруды бағалау CAMELS жүйесіндегі
субъективті компонент болып табылады.
Капиталды активтердің сапасы, пайда мен өтімділікке қарағанда, басқару
әдістерін бағалау үшін коэффициентті көрсеткіштерді қолдану мүмкін емес.
Басқару әдістерін бағалау кезіңде CAMELS жүйесі бойынша басқа 5 бағытының
рейтингісін ескеру қажет.
Менеджментті талдау кезінде мынадай факторлар ескерілуге тиіс:
- банктерге тексеру жүргізгенде, банк басшылығы өзінің техникалық
біліктілігін, басқарушылық және әкімшілік қабілеттілігін көрсетуі керек;
- банк басшылығының экономикалық жағдайдын өзгеруіне, сондай-ақ
банктік жүйенің өзгеруіне бейімделу қабілеті болу керек және Ұлттық банк
пен сыртқы аудиторлардың ұсыныстарын орындауы керек;
- банк басшылығы банк жұмысының ішкі тәртіптерін жасауға және
оның орындалуына жауапты болуы керек;
- банк басшылығы білікті басқдруды қамтамасыз ету үшін қызметкерлерді
оқытып отыруы қажет;
- банк басшылығының кез келген заңсыз іс-әрекеттері айқындалған жағдайда,
әсіресе банкпен ерекше қатынастағы тұлгаларға жеңілдікпен несие бергені
үшін сыналуы керек.
CAMELS рейтинг жүйесі бойынша барлығы 6 компоненттің бағалануы жүргізіліп
болған соң, жалпы банктің бағасын сипаттайтын банктің жиынтық рейтингісін
анықтайды1.
Жиынтық рейтинг мәндері төмендегі кестеде берілген.

1-ден 1,4 дейін 1-гe айналдырылады және рейтинг тұрақты
1,5-тен 2,4 дейін 2- гe айналдырылады және рейтинг қанағаттанарлық
2,5-тен 3,4 дейін 3-ке айналдырылады және рейтинг орташа
3,5-тен 4,4 дейін 4-ке айналдырылады және рейтинг шекті
4,5-тен 5,0 дейін 5-ке айналдырылады және рейтинг қанағатанарлықсыз

1-рейтинг немесе тұрақты рейтингісін алған банктерге келесі жағдайлар
тән:
• қаржы жағдайы барлық аспектілер бойынша сенімді;
• табылған кемшіліктер айтарлықтай емес және оларды қызмет барысында
түзетуге болады;
• банктің қаржылық жағдайы экономикада немесе банктік секторда
болып жатқан мәселелер мен өзгерістерге қарғанда тұрақты;
2-рейтинг немесе қанағаттанарлық рейтингісін алған банктерге мынадай
жағдайлар тән:
• табылған кемшіліктер айтарлықтай емес және олар банк басшылығымен
түзелуі мүмкін;
• банктің қаржылық жағдайы өз деңгейінде тұрақты саналғанымен,
банктің, экономикалық конъюнктураның жағдайы мен банк секторының
жұмысының өзгерістеріне бейімделу қабілеті болуы керек;
• банктік қадағалау департаменті мазасыздандыратын тексеру немесе
есеп беруді талдау барысында айқындалған мәселелер банк басшылығымен
міндетті түрде шешілуі керек.
3-рейтинг немесе орташа рейтингісін алған банктерге тән жағдайлар;
• банк әлсіз, егер экономикада немесе банктік сектордағы жағдайлар
қолайсыз жақтарға өзгерсе, онда банктің қаржылық жағдайы нашарлауы
мүмкін;
• тез арада жіберілген қателіктерді түзету бойынша шаралар
қолданбаса банктің қаржылық жағдайы нашарлайды.
• банктің жағдайы банктік қадағалау департаментін ерекше
мазасыздандырады.
4-рейтинг немесе шекті рейтингісін алған банктерге мына жағдайлар
тән:
• қаржы қызметінде айтарлықтай кемшіліктер болады;
• жағдайының тұрақсыздық белгілері бар және ол қажетті түрде қалыпқа
келтірілмеген;
• егер жағдайды түзету бойынша шаралар қолданбаса, жағдайдың
асқынып кетуі, банктің болашақта өмір сүруіне қауіп төндіруі мүмкін;
• банктің банкротқа ұшырау қаупі бар;
• банкті қадағалау департаменті жағынан қатаң қадағалау мен бақылауды
қажет етеді.
Сондай-ақ мәселелер мен кемшіліктерді жоюға байланысты толық жоспардың
болуы талап етіледі.
5-рейтинг немесе қанағаттарарлықсыз рейтингісін алған банктерге келесі
жағдайлар тән:
• жақын арада банкротқа ұшыраудың жоғары деңгейдегі мүмкіңдігі бар;
• бірнеше кауіпті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік жүйенің дамуы мен қалыптасуы
Қазақстан Республикасының банк жүйесі қалыптасуы
Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының банк жүйесі
Еліміздің экономика және қаржы саласындағы банктердің алатын ролі мен орнының маңызы
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуына талдау жасау
Қазақстан Республикасының банк жүйесінде бөлшек банкингтің теориялық негіздері
ҚР-да екінші деңгейлі банктердің дамуы
ҚР ислам банктерінің операциялары мен қызмет ету принцптері
Екшінші деңгейлі банктердің халықаралық қарым-қатынасын дамыту
Банктің инвестициялық операциялары - несиелік операциялардан кейін банкке табыс әкелетін операциялар
Пәндер