Топырақтағы антропогендік өзгерістер



ЖОСПАР

Кіріспе 2
Топырақтағы антропогендік өзгерістер 2
Топырақтардың өздігінен тазаруы 8
Топырақты азудан, қышқылдықтан және тұзданудан қорғау 10
Топырақтың буферлік қабілеті 14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 16

ЖОСПАР

Кіріспе 2
Топырақтағы антропогендік өзгерістер 2
Топырақтардың өздігінен тазаруы 8
Топырақты азудан, қышқылдықтан және тұзданудан қорғау 10
Топырақтың буферлік қабілеті 14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 16

Кіріспе

Теңіз, өзен және басқа да су қоймаларынан алынатын өнімдерден басқа өз
өміріне қажеттінің барлығын адамзат топырақтан алады.
Ауылшаруашылықтың дамуы және оған сәйкес халықтың әл-ауқатының
жақсаруы топырақтың құнарлығына, яғни оның экологиялық тазалығына
байланысты. Сонымен қатар, топырақ биосфералық процестерді, соның ішінде
Жердегі ағзалардың санын, атмосфера мен гидросфераның химиялық құрамын
реттегіш болып табылады.
Табиғи топырақ ондағы тіршілік ететін ағзалар үшін (адамды қосқанда)
абсолют қауіпсіз экологиялық таза орта болып табылады. Ол барлық тірі
ағзалардың қажеттіліктеріне сәйкес келеді. Топыраққа тірі ағзалардың,
өсімдіктердің тірішілігін бұзатын, қалыпты топырақ түзу процестерін
өзгертетін қандай да бір химиялық қосылыстардың түсуі және жинақталуы оның
ластануын көрсетеді.

Топырақтағы антропогендік өзгерістер

Топырақты ластаушы көздер

Топырақтың ластануы – бұл оның физикалық, химиялық, физика-химиялық
жән биологиялық сипаттамаларының антропогенді өзгеруі, соның салдарынан
құнарлылық, биоөнімділік төмендейді және халықтың, жануарлардың және
өсімдіктердің тіршілігіне зақым тиеді. Топырақтағы агтропогенді өзгерістер
адамның шаруашылық әрекеті және онымен тікелей қарым-қатынасы әсерінен
болады. Топырақтың ластануы нәтижесінде егілетін дақылдардың және басқа да
табиғи орталардың құнарлығы және гигиена-санитариялық құндылығы төмендейді.

Адамның топыраққа және оған шектес орталарға әсет етуінің негізгі төрт
түрін бөліп көрсетуге болады:
1) жер бетінің құрылымын өзгерту; тың жерлерді жырту, ормандарды шабу,
батпақтарды құрғату, жасанды су қоймаларын салу, жерүсті суларын басқа
да өзгерту және т.б.;
2) топырақ құрамын, оған кіретін заттардың айналымын және тепе-теңдігін
өзгерту – пайдалы қазбаларды өндіру, әртүрлі заттардың шығарылуы,
ылғал айналымын өзгерту;
3) энергетикалық (жылулық) тепе-теңдікті өзгерту;
4) тірі ағзалар жиынтығы – биотаға енгізілетін өзгерістер.
Ғалымдардың жүргізген санағы бойынша адамзат қазіргі таңда құрлықтың
55%-н, орманның жылдық өсімінің жартысынан көбін пайдаланады; құрылыс және
тау-кен жұмыстарының нәтижесінде жыл сайын 4 мың км3-тан аса таужыныстары
орын ауыстырылады; жыл сайын жер қойнауынан 10 млрд. тонна руда және
минералды отын, 300 млн тоннадан астам тыңайтқыш шикізаттары өндіріледі.
Жылына 7 млрд. тоннадан астам шартты отынды жаға отырып, адамзат жер
бетіне көміртегін таратады және онымен атмосфераны байытып, геологиялық
және геохимиялық процестерді туғызады.
Инженерлік құрылыс жұмыстары кезіндегі көптеген жарылыстар, жер бетіне
өндіріс қалдықтарының және ағын суларының түсуі, жер қыртысының мұхиттық
бөлігіндегі пайдалы қазбаларды игеру (мысалға, мұнай немесе басқа да
пайдалы қазбаларды шельфте өндіру) экологиялық ахуалға және топырақ
жүйесіндегі тірі табиғаттың биологиялық өнімділігіне қатты әсер етеді.
Инженерлік құрылыстық әрекет, әдетте, жер бедерінің тегістелуіне әсер
етеді: қырлы жерлер тегістеліп, ойлы жерлер толтырылады, бұл қатты жер
массасының және сулы ағындарының орын ауыстыруына байланысты физика-
химиялық процестерінің өшуіне әкеліп соғады.
Жер бедерінің жаңадан тұрақсыз формалары жасалады, мысалға су
қоймаларының жағалаулары; олар оңай шайылып, су астына ауылшаруашылық және
басқа да жерлерді ілестіріп әкетеді. Минералды шикізатты ашық түрде өндіру
кезінде карьерлер, террасалар түзіледі, жердің құнарлы қабаттары араласып,
едәуір терңдікке көміліп қалады.
Топырақ қабатында елеулі өзгерістер мен түрленулер жүреді. Қазіргі
кезде ауыл шаруашылығына жарамды жерлер табиғи экосистемасын жоғалтып,
қолдан жасалған биоценоздармен қапталған; ландшафттың біраз бөлігі өзгеріп
кетті, олардың біразы мәдени ландшафттарға айналса, кейбіреуі, керісінше,
өздерінің бағалы қасиеттерін жоғалтқан.
Дүние жүзілік масштабта жер ресурстарының қалпына келмейтін шығындары
20 млн км2 жетті және қазіргі кездегі планетаның жыртылатын ауданынан асып
кетті. Жыл сайын 5-7 млн га жер жоғалтылады.
Ластану түрлері көп және әрқалай. Ластаушы заттардың түсуі үздіксіз
өсуде, топырақтың улы заттармен ластану қаупі жылдан жылға өсіп келеді.
Топырақтың ластануының химиялық, радиоактивті және биологиялық түрлері бар.
Техногенді топырақты ластаушы көздерге стационарлы және стационарлы емес
объекттер жатады. Мысалы, стационарлы объектілерге өнеркәсіптік,
энергетикалық, ауыл шаруашылық, тұрмыстық-шаруашылық объектілер, ал
стационарлы емес –транспортты қозғалмалы құрылғылар жатады.
Әсер ету масштабына байланысты топырақтың ластануы глобальды, аймақтық
(регионалдық) және локальдық болып бөлінеді. Ластаушы заттардың ластаушы
көздерден 1000 км-ден астам қашықтықтарға таралуы салдарынан топырақтың
ластануы (мысалы, Чернобыль, Арал және т.б. апаттар) глобальдық
категориясына жатқызылады. Ластаушы заттардың атмосферада ондаған
километрлерге таралуы әсерінен топырақтың ластануы аймақтық категориясына
жатқызылады (мысалы, Шымкент қорғасын зауытының, “Қазақмыс”, “Қазақцинк”
кәсіпорындарынң айналасындағы ластану зоналары және т.б.). Бір немесе
бірнеше ластаушы көздерге жақын жердегі (бірнеше километр) топырақтың
ластануы локальдық категориясына жатқызылады.
Топырақты антропогенді ластаушы негізгі көздерге келесілер жатады:
1. Тұрғын үйлер және коммуналды-тұрмыстық кәсіпорындар. Негізгі
ластаушылар – тұрмыстық қоқыс, тамақ қалдықтары, құрылыстық қоқыс, жылыту
жүйелерінің қалдықтары, жарамсыз тұрмыстық заттар; қоғамдық ұжымдардың,
ауруханалардың, асханалардың, қонақ үйлердің, дүкендердің және т.б.
қалдықтары.
2. Өнеркәсіптік кәсіпорындар. Негізгі ластаушылар – тау-кен
кешендерінің қатты, сұйық және газ тәрізді қалдықтары; химия, мұнай-газ,
өнеркәсіптерінің, әскери-өнеркәсіптік кешендердің қалдықтары және т.б.
3. Жылу энергетикасы. ЖЭС-ның топыраққа әсер етуінің негізгі
факторлары: шығарылатын ластаушылар – шлак, күл, жанбаған бөлшектер, отынды
жағу кезінде түзілетін күкірттің, көміртектің, азоттың және т.б.
элементтердің оксидтері, ресурстарды пайдалану, соның ішінде ормандарды
шабу, отын өндіру, ауылшаруашылық сектордан егістік жерлер мен жайылымдарды
ЖЭС салу және күл жинақтаушыларды орналастыру үшін алу.
4. Ауыл шаруашылығы. Тыңайтқыштар, улы химикаттар, ауыр металдар, мал
шаруашылығының, құс фабрикаларының және т.б. қалдықтары.
5. Транспорт. Топырақтың жоғарғы қабатының іштен жану
қозғалтқыштарында жанған отынның өнімдері – азот, көміртек оксидтері,
қорғасын, көмірсутектер, бензапиреннің және т.б. атмосферадан шөгуі және
әртүрлі қалдықтармен ластануы.
Қазіргі кезде Қазақстан территориясында 20 млрд. тонна қалдық
жиналған, соның ішінде түсті металлургия (6,9 млрд т), қара металлургия
(3,6 млрд т), жылу энергетикасы (1,35 млрд т), фосфор және т.б.
өндірістері; тау-кен өндірісінің үлесіне 8 млрд т тиеді. Топырақты көп
мөлшерде ластаушылар: тау-кен кәсіпорындары – 75%, байыту комбинаттары
–20%, қалғаны – металлургия. Біздің республикамызда өндіріс пен тұрмыстық
қалдықтарды қоршаған ортаға әсер етпейтіндей етіп заласыздандыру қиын
шешілетін проблемалардың біріне жатады.
Топырақтың бұзылуы және ластануы пайдалы қазбаларды өндіру жән байыту
кезінде қарқынды жүреді. Қазіргі таңда жер қойнауынан құрамында қатты
пайдалы қазбалар бар ондаған миллиард тонна таужынысы шығарылады. Минералды
ресурстарды өңдеу кезінде руданың 910 бөлігі қалдықтарға кетеді. Мысалға,
ТМД елдерінде жер қойнауынан жыл сайын өндірілетін 15 млрд т тау-кен
массасының 5 млрд т айналымға түседі, ал өндірісте оның 7% пайдаланылады.
Осылайша, бір жағынан жер қойнауының байлықтары шашылып, екінші жағынан жер
бетінде бос таужыныстарының, қалдықтардың массалары түзіліп, топырақ
қабатының қауіпті токсиканттармен улануы жүреді.
Ғалымдардың болжауы бойынша 25-50 жылдан кейін жер бетіндегі
шөгінділерде темірдің оксид түріндегі мөлшері 2 есе, қорғасынның мөлшері 10
есе, сынап – 100, мышьяк – 250 есе артады.
Есептеулер бойынша, жылына 12 млн т болат өндіретін, 2-3 мың га
ауданды алып жатқан металлургия зауыты 250-300 мың га топыраққа жағымсыз
әсерін тигізеді.
Қатты пайдалы қазбалар кен орындарын ашық тәсілмен игерген кезде жер
бетінде “жаралар”, карьерлер, терассалар пайда болып, топырақтың құнарлы
қабаттары едәууір тереңдікке көміліп қалады. Тау-кен кәсіпорындарынң кейбір
әрекет ету аймақтарында жер опырылап, әртүрлі ғимараттарға кері әсерін
тигізген. Мысалға, Қарағанды қаласының орталығында жер 10 м төмен түсіп
кетсе, Кузбаста 50 метрге дейін түсіп кеткен. Сұйық және газ тәрізді отын-
энергетикалық ресурстарды және жерасты суларын игеру табиғи
сыйымдылықтардың босауына әкеледі, нәтижесінде топырақ жүйесінің бұзылуына
әкелетін әртүрлі жарықтар, қуыстар және т.б. пайда болады.
Топыраққа ірі қалалық агломерациялардың және өнеркәсіп орталықтарының
динамикалық жүктемелері, ірі ирригациондық жүйелер мен гидротехникалық
құрылымдар елеулі әсер етеді.
БҰҰ мамандарының есептеулері бойынша ірі қаларда тек қана қатты
қалдықтардың жинақталуы – адам басына орташа 1000 кг мөлшерінде. Мұндай
қалдықтарды пайдалану немесе жою қиынға соғады.
Топырақты ластаушы қауіпті заттарға улы химикаттар – пестицидтер
жатады, олар арам шөптермен, ауылшаруашылық және орман ауруларымен және
зиянкестерімен, ауылшаруашылық өнімдерінің бұзылуына әкеліп соғатын
зиянкестер мен микроағзалармен, сонымен қатар адам мен жануарлардың
ауруларын туғызатын паразиттермен күресуде кең қолданылады.
Жер өңдеуде ұзақ период бойы сақталу қабілеті бар аса тұрақты
препараттарды жүйелі түрде қолдану олардың топырақта жинақталуына әкеп
соғады. Олар микробиоценоз түзуші экологиялық факторға, қоршаған ортаны
және азық өнімдерін ластаушы көздерге айналады. Мысалы, хлорорганикалық
пестицидтердің өсімдіктерге миграциясы 30%, суға – 10-15% , ауаға - 28%
дейін жетуі мүмкін.
Топырақ пен өсімдікке тек препараттар ғана емес, олардың
трансформациялану өнімдері де (әдетте, олардың тұрақтылығы жоғары, улы және
басқа да қауіпті әсерлері бар) зиянды әсер тигізеді. Мысалы, пестицидтің
өзгерісі – фталофос адам ағзасының паталогиялық өзгерістеріне алып келеді.
Пестицидтердің қауіпті заттар түзіп трансформациялануы топырақ пен
өсімдіктерде ғана емес, адам мен жануарлардың ағзаларында да байқалады.
Қазіргі кезде ауылшаруашылық егістік жерлеріндегі топырақ химиялық
тыңайтқыштардың қалдық мөлшерімен қатты ластанған, себебі көп жағдайларда
тыңайтқыштарды шектен тыс мөлшерде пайдаланады. Олардың біразында ағзаларда
аккумуляциялану қасиеттері бар.
Топырақ, сонымен қатар, биологиялық табиғатты ластаушылармен де
ластанады. Қи, қалалық қалдықтар жән басқа да лас заттармен қатар ауру
қоздырғыш бактериялар, гельминт жұмыртқалары және т.б. патогенді ағзалар
топыраққа түседі, олар тамақ өнімдері арқылы жануарлар мен адамдардың
ағзаларында әртүрлі аурулар қоздыруы мүмкін.
Атмосферадан түсетін заттар да біраз қауіп төндіреді. Азот пен күкірт
оксидтері топыраққа жауын-шашынмен бірге түседі. Осыған байланысты біраз
аудандарда топырақтың қышқылдығы жоғары және құнарлылық төмен болады.
1-кестеде қоршаған ортаға, соның ішінде топыраққа ластаушы заттарды
шығаратын негізгі ластаушы көздер және химиялық қосылыстардың ең көп
таралған топтары көрсетілген. Бұл аса улы қосылыстар қоршаған ортаны ластап
қана қоймай, өсімдіктер мен тірі ағзаларда жинақталады.

1-кесте. Топырақты ластаушы заттар мен ластаушы көздер.

Заттар Топырақты ластаушы көздер
өнеркәсіптранспортЖЭС, ауыл коммунальды-т
АЭС шаруашылығы ұрмыстық
Газдар (СО2,СО, + + + – +
SO2, NO2,H2S)
Ауыр металдар + + + + +
және олардың
қосылыстары
Бенз(а)пирен, + + – + +
альдегидтер,
көмірсутектер
Радиоактивті + – + – –
заттар
Нитраттар, + – – + +
нитриттер,
фосфаттар және
т.б. тұздар
Пестицидтер – – – + –
Мұнай өнімдері + + – + +

Осылайша, В.И. Вернадский айтқандай адам тіршілігі қазіргі жағдайда
геологиялық фактор ролін атқарады. Ал, оның оқушысы академик А.Е. Ферсман
былай деп жазған: “...Заттардың пайдалануы әбігерлі түрде жүруде; тау-кен
және инженерлік жұмыстар жер бетіндегі заттарды геология және геохимия
заңдарынан елеулі түрде ерекшеленетін өз заңдары бойынша таратуда”.
Топыраққа түскен ластаушы заттар табиғи миграциялық процеске қатысады.
Бір бөлігі топырақтық ағзалы минералды сорбенттермен бекітіледі, бір бөлігі
- өсімділіктермен сіңіріледі, енді бір бөлігі – топырақтың механикалық
құраушысына айналады. Топырақтың физикалық, физика-химиялық, биологиялық
және басқа да қасиеттерінің өзгеруіне байланысты ластаушы заттардың
топырақтағы формасы өзгермелі, бұл ластаушы заттардың бір ортадан екінші
ортадан белсенді өтуіне және зат айналымына қатысуына әсер етеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Климаттық мониторинг
Каспий өңірінің экологиялық проблемалары.Жаңа Өзен кен орының топырақтарының мұнаймен ластануы
Қоршаған ортаны тыңайтқыштармен ластандырудан сақтау
Урбанизацияланған аймақтардың қоршаған ортасының жағдайына әртүрлі химиялық заттардың қауіптілігі мен әсерінің сипаттамасы
Өскемен қаласының қоршаған ортаға әсерін бағалау
Топырақтың эпидемиологиялық маңызы
Мұнай - газды аймақтардың техногендік ландшафтары
Сырдария өзені алабының төменгі бөлігін ГАЖ технологиясымен зерттеу
Қала өсімдіктеріне ауыр металдардың түсуі
Босалқы жерлердің мониторингі
Пәндер