Инновациялық технология мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамытудың негізі ретінде


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

Жалпы және этникалық педагогика кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ МҰҒАЛІМНІҢ

КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ

Орындаушы:

4 курс студенті Г. Ж. Хусанова

(қолы, күні)

Ғылыми жетекшісі:

п. ғ. к. Е. Б. Дайрабаев

(қолы, күні)

Рецензент:

ҚазМҚПИ-ның

доценті п. ғ. к. Б. Юсупов

(қолы, күні)

Норма бақылаушы

жалпы және этникалық

педагогика

кафедра оқытушысы А. С. Сатывалдиева

(қолы, күні)

Қорғауға жіберілді:

« » « »2007ж

жалпы және этникалық

педагогика

кафедра меңгерушісі

п. ғ. д., профессор З. А. Исаева

(қолы, күні)

Алматы 2007

ТҮЙІН

Инновациялық технология мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамытудың негізі ретінде.

Мақсаты: Инновация жағдайында жоғары педагогикалық білім беруде жаңа формация педагогын дайындаудың жүйесін жасау.

Нысаны: Инновациялық технология- мұғалімнің кәсіби шеберлігін дайындау жүйесі. .

Пәні: Кәсіби шеберлікті дамыту барысында тиімді инновациялық технологияларды қолдану, дамыту әдістемесі.

Зерттеу болжамы: Инновациялық жетістіктерді тұтына білуге бағдарлау.

Міндеттері:

  • Білім беру инновациялық үрдістердің мәні мен мағынасын анықтау.
  • Инновациялық технологиялар және оның жіктелімі (класификация) .
  • Инновациялық технологиялар арқылы мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттырудың жолдары.

Зерттеудің жетекші идеясы: Инновациялық тағлымдарды сараптау.

Жұмыс көлемі: 65

Әдебиеттер тізімі: 61

Кесте саны: 3

Сурет саны: 1

Қосымша: 1

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

1 Қазіргі кездегі білім беру факторлары және оның мақсаты мен міндеті . . . 7

1. 1 Қазіргі кездегі әлемдік тәжірибе бойынша педагогикалық кадрлар

даярлау тенденциясы . . . 7

1. 2 Білім берудегі инновациялық үрдістердің мәні мен мағынасы . . . 12

2 Инновациялық технология мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту құралы . . . 18

2. 1 Инновациялық технологиялар және олардың жіктелімі (классификация) . . . 18

2. 2 Инновациялық технология арқылы мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту тәсілдері . . . 36

Қорытынды . . . 60

Әдебиеттер тізімі . . . 62

Қосымша

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасында білім беруді 2005-2010 жылдар аралығында дамыту туралы мемлкеттік бағдарламада жалпы орта білім берудің жаңа мемлекеттік жалпыға бірдей стандартты түлектердің базалық біліктілігі түрде көрініс беретін нәтижеге бағытталған ұлттық білім беру мақсатының жүйесін дайындайды деп атап көрсетілген. Сонымен бірге қазіргі таңда әлеуметтік өмірдің барлық аймақтарында болып жатқан түпкілікті өзгерісте ғылым мен мәдениеттің алға жылжуы, педагогикалық іс- әрекеттегі жаңа қажеттіліктер білім беру жүйесін модренизациялау қажеттілігін тудырады. Бұл аймақтың дамуының бірден- бір жолы инновация, яғни педагогикалық жаңалықтарды қабылдау, бағалау, меңгеру мен қолдануды басқару поцесі болып табылады. Бұл білім беру мазмұнына, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен формасына білім беру мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру мен басқару әрекеттеріне жұмысын ұйымдастыру мен басқару әрекеттерінен қатысты.

Инновация, негізінен қандай да бір дәстүрлі мәселелерді жаңа тәсілдер арқылы шешу нәтижелерінде, деректерді терең әрі жан- жақты зерттеу барысында жаңа сапаларға ие болуы нәтижелерінде туындайды. Қазіргі заманғы инновациялардың көпшілігі тарихи тәжірибемен тығыз байланысты болғандықтан өткеннен бастау алады. Яғни инновациялық үрдістер- белгілі жағдай мен оның сәйкес көрсеткіштері үшін өзекті әрі бейімделген болып табылатын заманға сай идеяларды тарату, қолдану, меңгеру мен қалыптастыруға бағытталған мотивацияланған, мақсатты әрі сапалы үрдіс. Ол жаңалық енгізілген жүйенің сапасын жақсартуға бағытталған әрі ол жүйеге қатысушыларға стимул беріп, олардың көзқарасын жаңалыққа қарай өзгертуге бағытталған.

Білім берудегі инновациялық үрдістің нәтижесі жаңалықтарды теориялық әрі практикалық жұмыста қолдануда көрінеді. Сонымен қатар, білім беру жүйесіндегі инновация білім беруге жаңалық енгізу мақсатын да білдіреді: жаңа мазмұн өңдеу, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістері мен формаларын, мектепті басқарудың жаңа технологияларын құру, оны дамыту, мектепті эксперимент алаңы ретінде дамыту мектептегі білім беру ісі жаңа бағыт алып, оқыту мен тәрбиелеудің де жаңалануы кезіндегі оқиғаларды, жағдайларды т. б. қамтиды.

Қазір, «Нәтижеге бағытталған оқыту» ұғымы ғылымға енгізілген. Бұл ұғымды алғаш енгізген Билл Спейди оқытудың нәтижеге бағытталған төрт принципін анықтап береді, «мүмкіндіктердің ұлғаюы», «мақсаттың айқындылығы», «күтілетін нәтижелердің жоғары деңгейлігі», «жоспарды болар нәтижелер негізінде құру». [1]

Қазіргі кезеңде Қазақстандық жоғары оқу орындарының мақсаты да жаңа яғни инновациялық технологияларды меңгерген, оларды өз тәжербиесінде шығармашылықпен қолдана алатын мамандарды даярлау. Бұл мақсатты шешуде жоғары орындарының білім беру мазмұнында міндетті түрде оқытылуы тиіс. «Инновациялық технологиялар» пәнінің мәні зор. Инновациялық технологиялар кәсіби және отбасы сферасында бірдей табыс, өзіменде, өзгелермен де үйлесімді өмір сүре алуға икемді тұлға қалыптастыра алатындай болу қажет .

Бұл курсты оқып үйрену нәтижесінде студенттер де жаңа инновациялық технологияларды меңгеріп оларды оқу-тәрбие процесінде қолдану дағдылары қалыптасуы тиіс.

Болашақ тек қана өркениеттілік техникалық прогрсстің деңгейіне және экономикасының өсуіне ғана байланысты емес. Ол көбінесе адам игілігі үшін негізгі әлеуметтік-экономикалық мәселерге шешуге дайындығы бар адаммен анықталады. Сондықтан ХХ ғасырдың екінші жартысында білім беру жүйесін реформалауды қолға алу тегінен-тегін болмай отыр, бұл мәселе әлемнің түрлі елдерінде өте мәнді болып табылады. ЮНЕСКО-ның мәліметі бойынша бұл көріністің бірден-бір себебі әлемдегі өркениетті жоғары бағалау болып табылса, сондай-ақ адам мәдениеттілікке тәрбиелеудің қажеттілігімен ғалымдық ойлаумен, әлеуметтік прогресске жедел араласуға қабілетті, өзін және шынайы қоршаған ортаның өзгерте алатындай үрдіске қоғам саналы түрде келіп отыр. Бұл ауқымды міндетті жүзеге асыруда жетекші фактор білім беру жүйесі, мұнда басты әрекет ететін, кәсіби педагогикалық білігін жоғары деңгейін жетік меңгерген мұғалім болып табылады. [2]

Сонымен, тұтасымен алғанда білім беру жүйесінің негізгі ірге тасы инновациялық білім беру болып табылады. Бұл тұжырымдама жоғары оқу орындарын қайта бағдарлау, өздігінен ойлай алатын, алдына мақсат қоя отырып, оқу үрдісін жоспарлап оны жүзеге асыра алатын, өз іс-әрекетінің нәтижесіне бақылау жасап, бағалай білетін рухани - азаматтық қажеттілік дәрежесін, экологиялық көп мәдениеттілік және денсаулық сақтау қазіргі азамат, жастардың тәрбиесін жүзеге асыру болып табылады.

Егер жалпы және жоғары білім беретін мектептер жас ұрпаққа ұзақ жылдар бойы жинақталған тәжірибелерді жеткізу мәселесін тиімді түрде шеше алса, яғни, ақпараттармен жұмыс жасау, жаңа білімдерді игеру, ал, ең басты - күн санап дамып отырған қоршаған әлем жайында қажетті білім деңгейін қамтамассыз етсе, онда үздіксіз білім беру идеясы қазірдің өзінде іске асар еді. Ал, ол үшін әрбір оқытушы мен оқушыға «оқыту» және «оқу» процестерін меңгеруге үш тілді меңгеру қажет - ана тілін, ғылыми тілін және технологиялар тілін.

Жаңа білім беру парадигмасын іске асыруда технологиялық әдіс-тәсілдерінің білім берушілік, тәрбиелеушілік мүмкіндіктері шексіз.

Ұсынылып отырған бітіру жұмысы Инновациялық технологиялар-мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамытудың негізі ретінде, ерекшеліктері және қолданып жүрген түрлі жөнінде мағлұмат береді.

Зерттеу көкейкестілігі: ҚР президенті Н. Ә. Назарбаевтың жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан 2007 жылғы 28- ақпандағы жолдамасына байланысты, ҚР-ның Крнституциясына, «Білім туралы» ҚР-ның Заңына, «Қазақстан - 2030» стратегиясына, «Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустиалдық инновациялық даму стратегиясына», «Білім» мемлекеттік бағдарламасында білім беруді белгілейді және мемлекеттің ҚР- ның ұзақ мерзімге арналған білім беру саясатын дамытудың негізін қалайды әрі заңнамаға, білім берудің мазмұнына, білім беру жүйесінің құрлымына, білім беруді басқару жүйесіне, кадрлық және әлуметтік саясатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін негіз болып табылады.

Зерттеу мақсаты: Инновация жағдайында жоғары педагогикалық білім беруде жаңа формация педагогын дайындаудың жүйесін жасау.

Зерттеу нысаны: Инновациялық технология- мұғалімнің кәсіби шеберлігін дайындау жүйесі.

Зерттеу пәні: Кәсіби шеберлікті дамыту барысында тиімді инновациялық технологияларды қолдану, дамыту әдістемесі.

Зерттеу болжамы: Инновациялық жетістіктерді тұтына білуге бағдарлау.

Зерттеудің міндеттері:

  • Білім беру инновациялық үрдістердің мәні мен мағынасын анықтау.
  • Инновациялық технологиялар және оның жіктелімі (класификация) .
  • Инновациялық технологиялар арқылы мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттырудың жолдары.

Жетекші идеясы: Инновациялық тағлымдарды сараптау.

Күтілетін нәтижелер: тұжырымдаманы іске асырудың нәтижесінде қазақстандық білім беру жүйесі.

  • Нәтижеге бағдарланған толыққанды, сапалы, бәсекеге қабілетті білім беруді;
  • Барлық басқа әлеуметтік салалармен және экономика салаларымен салыстырғанда білім беруді жеделдете дамытуды, қоғамдық пікірді қоғамдық дамудың барлық салаларындағы әлеуметтік - экономикалық прогрестің маңызды шарты ретінде білім беру саласының басымдықтарының пайдасына қалыптастыруды
  • Кадрларды кәсіби даярлаудағы әлеуметтік әріптестікті дамытуды;
  • Ғылыми және инновациялық қызметті дамытуды;

Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық маңыздылығы; педагогика, психология және философия ғылымдарының жеке тұлғаны қалыптастыру туралы ілімдері, педагогикалық технологиялық құбылыстарды зерттеудегі білім- салыстырмалылық тұжырымдарын бағдарға алдық. Қазақстан Конститутциясы, Білім беру туралы заңы, жаңа педагогикалық технологиялармен білім беру тұжырымдамасы әдіснамалық негіз болды. Сондай-ақ жаңа педагогикалық технологиялар бойынша еңбектер жазған отандық ғалымдар Ж. А. Қараев., Жанпейісов., Көпжасарова және А. Маслоу, К. Роджерс, Д. Смигг, А, Комбс, К. Хорни және т. б. зерттеу жұмыстары басшылыққа алды.

1 ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ БІЛІМ БЕРУ ФАКТОРЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ

1. 1 Қазіргі кездегі әлемдік тәжірибе бойынша педагогикалық кадрлар

даярлау тенденциясы

Кез келген қоғамдағы педагогикалық кадрларды дайындау әлеуметтік экономикалық қажеттілікпен сәйкес өзгереді және оның педагогикалық даму тенденциясын айқындайды. [3]

Педагогикалық білім беру жүйесін дамыту тенденциясын анықтайтын әлеуметтік- экономикалық талаптарына сәйкес кез келген қоғамда педагогикалық кадрларды дайындау өзгеріп келеді. [4]

Әлемдік тәжірибеге жалпы және теориялық талдау жасау негізінде дүние жүзі бойынша төмендегідей педагогикалық білім беруді дамыту тенденциясы анықталады:

  • Білім беруді реформалау мәселесі және мамандар даярлау (мұғалім) білім беру саласының басыңқы және жүйе түзуші саласы ретінде қарастырылады;
  • Болашақ мұғалімдерді даярлау үздіксіз педагогикалық білім берумен сипатталғандықтан, педагогикалық колледжде, институтта, университетте білім беруге көшу жетекші мәнде болып табылады;
  • Мұғалімді кәсіби- педагогикалық тұрғыдан дайындаудың мақсаты қайта қаралып, педагогикалық білім беру мазмұны жаңарып, жаңа оқу жоспары өңделіп, бағдарламаға түзету енгізілуде. Сонымен пәндік курсты оқытуға орташа оқу уақытынан 30 пайызы, педагогикалық пәндеріне (тәжірибесіз) 25 пайыз, базалық жалпы білім беру пәндеріне 25пайыз, бұл психолгиялық - педагогикалық жағынан мұғалім дайындығын күшейтеді.
  • Психологиялық - педогикалық циклдерді жаңарту мазмұндағы теорияландырудың, абстрактілі және схолостиканың артық элементтерін жою, оқыту формалары және әдістерін : ролдік ойындар, драмалау, педагогикалық есептерді шешу, мектеп өмірі мен видиофилимдерді қарау және оларды талқылау, тренингтер және т. б. кең көлемде қолдану арқылы жүзеге асады. 1997 жылы Санк - Петербургте өткен «За свободу образовани» деп аталатын Европалық форумда келтірілген мәлімет бойынша бекітілген, қорытынды құжатта ұсынылған: мұғалімдерді кәсіби даярлаудың құрлымы мен мазмұнын анықтау, келесі оқу уақытын дұрыс бөлуге талпыну ; үштен бірі педагогика ғылымына, үштен бірі ғылымға, пәнге, үштен бірі педагогикалық практикаға байланысты; [5]
  • Болашақ мұғалімнің оқу мерзімі оның практикалық даярлығын бірмезгілде күшейтумен ұлғаяды ( АҚШ-та 4-5 жыл, Англияда 3-5 жыл) , педагогикалық практиканың мерзімі 25 аптадан 32 аптаға дейін ұзартылуда;
  • Жас маманның педагог -стажер немесе мұғалімге көмекші ретінде бейімделуінде (1 жылдан 3 жылға дейін) арнайы уақыт бөлінеді. Кәсіби бейімделу әртүрлі формада өтеді. (Англияда - бір жылдық байқау, тьюторинг, АҚШ-та - менторинг, Жапонияда - тәлімгерлік) ;
  • Дарынды және мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін педагогикалық кадрларды дайындау үшін гуманитарлық ғылымдар бойынша мұғалім, жаратылыстану мұғалімдерінің (химия, физика, биология) интеграциялық дайындығын белсендіру қоғамның талаптарына сай университеттерде, колледждерде арнайы педагогикалық бөлімдерашылып, білім берудің икемді жүйесі қалыптасуда;
  • Жас мұғалімдердің кәсібилігін жетілдіру олардың біліктілігін жетілдірудің әртүрлі формалары арқылы қалыптасады (мұғалімдер орталықтары, қашықтықтан оқыту, «ауа университетті» ), сонымен бірге екінші мамандық алу қарастырылады.

Қазақстан Республикасындағы жоғары педагогикалық білім беруді дамытуға теріс әсер ететін негізгі факторларға жататындар:

1. Педагогтың әлеуметтік мәртебесін төмендетуі, оның әлеуметтік қорғалуының әлсіздігі, нормативтік - құқықтық базаға сәйкестігінің жоқтығымен байланысты. Қоғамда мұғалім мамандығының жоғары дәрежесінің тапшылығы салдарынан жоғары педагогика оқу орындарына түсетін талапкердің жалпы дайындық сапасының төмендігі. Кадрлар мәселесінде феминизмнің жоғары сатыда болуы, кадрлардың қартаюы. Жоғары оқу орындарының бітірушілер санының үлесінің азаюы, мұғалім мамандығын таңдап алушылардың және мектепке барушылардың қысқаруы, экономиканың жоғары ақы беретін саласына жоғары дәрежедегі мамандықтарға кетуі.

2. Педагогикалық жоғары оқу орындарының іс әрекетінде стратегияның жоқтығы, қоғамның нәтижесіне қажетті бағытталған кепілдік жетістіктер - жоғары мамандандырылған білікті педагогтарды дайындауда, арнайы пәндер саласы бойынша білім меңгеру ғана емес, сонымен қатар педагогикалық шығармашылыққа қабілетті, белсенді жаңалықты қабылдауға ықыласының жоқтығы.

3. Педагогикалық мамандықтар үшін оқу үрдісін механистикалық тұрғыдан ұйымдастыру, арнайы пәндермен қатар педагогикалық цикл пәндермен өзара байланысты болмауынан университеттер мен педагогикалық институттардың барлық оқу тәрбие үрдісіне механистикалық педагогикалық бағыт беру керек.

4. Қазіргі қоғам талабына сәйке оқу жоспарын негізгі құжат ретінде болашақ мұғалімдерді дайындаудың мазмұнын айқындау стандарттың жетілдірілмеуімен. Студенттердің мектепке педагогикалық практика өткенде мұғалімнің тәлімгерлік жұмысының төмендігі.

5. Болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығында материалдық техникалық, ақпаратты қамтамассыз ету жеткіліксіз.

6. Жоғары оқу орындарындағы оқытушы профессорлар құрамының оқу жүктемесінің жоғары болуы кредиттік оқу жүйесі жағдайында мұғалімдердің оқу әдістемелік және ғылыми зерттеу жұмыстарымен тиімді айналысуына мүмкіндік береді.

7. Педагогикалық білім беру мазмұнының нақты жағдайы арасындағы қарама - қайшылық қазіргі заман педагогының кәсіби деңгей біліктілік деңгейі және және жеке тұлғаға мектептің, қоғамның, мемлекеттің қоятын талабы, оқытудың пәндік сипатының басым болуы. Қазақстандағы жоғары педагогикалық білім беру дағдысының тереңдей түсуі және жеткіншек жас ұрпақтардың оқу мен тәрбие сапасынан байқалады.

8. Болашақ педагогтың адамгершілік рухани, азаматтық - патриоттық, денсаулық сақтау және экономикалық біліммен тәрбиесінің төмен болуы.

9. Ерекше білімге қажеттілігі бар балаларға арнаулы педагогикалық кадрлардың жоқтығы.

10. Педагогикалық кадрларға қажетті мониторингтің болмауы мемлекеттік сұранысты орындауға мүмкіндік бермеуі.

Жоғары педагогикалық білім берудің мақсаты мен міндетті. [2]

Мақсаты: мектеп оқушыларының тұлғалық дамуы мен қалыптасуы мәселесін шешуге шығармашылық қабілеті жоғары кәсіби білікті жаңа формация педагогын даярлау.

Міндеттері:

Кәсіби педагогикалық бағытты « педагог - оқушы» жүйесінде болашақ мұғалімнің іс әрекетін ұйымдастыруды қамтамассыз ету және олардың кәсіби сапалық мәнділігін қалыптастыру ;

Жалпы білім беретін гуманитарлық цикл пәндерінің мүмкіндігін толық пайдалану, арнаулы және психологиялық - педагогикалық пәндердің көп мәдениетті рухани адамгершілік, азаматтық жауапкершілікті және экологиялық білімді тұлға қалыптастыруды студенттердің ақыл -ойы мен дүние танымын дамыту.

Қазіргі заманның оқу тәрбие технологияларын меңгерген студенттерге педагог - зерттеушілік сапаны педагогикалық білім беру мазмұны арқылы қалыптастыру;

Тұтас пеагог тұлғасын қалыптастыру мақсатында психологиялық - педагогикалық цикл және әлеуметтік - гуманитарлық пәндермен арнайы пәндер арасындағы өзара байланысты жоғары мектептің оқу тәрбие процесінде жүзеге асыру.

Жаңа формация мұғалімі- ол рухани адамгершілігі жоғары, азаматттық жауапкершілігі мол, белсенді жасампаз, жан - жақты дамыған, шығармашыл тұлға, рефлексияға қабілеті басым, экологиялық білімді, өзін - өзі дамыту және өзін - өзі жүзеге асыруға ұмтытысы, әдіснамалық қалыптасуының жоғары деңгейін сипаттайтын әлеуметттік, тұлғалық, коммуникативтік, ақпараттық және біліктіліктің басқа да түрлерімен меңгерілген. Мұғалім нақты өмірде білімнің өзіндік құндылығын түсіну, мәдениетті адам болу, өз пәнін жан - жақты меңгерген, болашақ өзінің дамуы мен өсуінде педагогикадағы, психологиядағы тұлғалық бағдарлық әдісті қолдану мотивациясын меңгерген.

Болашақ тәжірибелі мұғалім болуы тиіс:

Тек өз пәнін жетік меңгеріп қана қоймай, ол сонымен қатар педагогикалық процеске қатысушылардың орнын білетін және оқушылардың іс әрекетін ұйымдастыра алатын, оның нәтижесін көре білетін, кемшіліктерге түсетулер енгізе алатын;

Оқушылардың біліктілік көздерін қалыптастыруға дайарлықты меңерген (құндылық - бағдарлық, оқу танымдық, коммуникативтік және т. б. )

Оқушылардың тәрбиесінде рухани адамгершілік, азаматттық - патриоттық, көп мәдениетті, білім мен тәрбиесін жүзеге асыра білу.

Білімге ерекше қажеттілігі бар балалар мен жұмыс істеуді жүзеге асыру (мүмкіндігі шектеулі балалар, дарынды балалар, жетім балалар, ішімдікке, нашақорлыққа тәуелді балалар т. б. )

Мұндай нәтежиенің жетістігіне жету үшін жоғары оқу орнында болашақ мұғалімдерді кезеңдермен дайындау оны тұлға ретінде біртіндеп қалыптастыру үшін жағдай туғызу қажет. [6]

Біріншіден, алынған білім негізінде тұлғаның бағытын айқындалған сала бойынша кәсіби іс әрекетін қалыптастыру. Болашақ мұғалімдер тәжербиеде жинақталған теориялық білімдерін, теорияның практикалық әдісінде қалыптасады, яғни кәсіби технологиялық іс - әрекет жинақталады және кәсіби өзіндік ойы қалады. Мамандықты меңгерген әрбір адам оның үш аспектісімен кездеседі - тұлғалық, мазмұндық, процессуалдық. Мұғалімнің кәсіби дайындығы өзіне жалпы педагогтарға тән пәндердің жеке ерекшеліктер іс - әрекетінде бейнеленеді.

Екіншіден, болашақ мұғалімдер «адам - адам» жүйесінде пәндерінде білім жүйесі болашақ мұғалімдерге жорғары оқу орнының педагогикалық үрдісінде гуманды қарым-қатынасты саналы меңгеруге көмектеседі. Алайда, бұл болашақ мұғалімнің балаларымен үздіксіз қарым-қатынас ұйымдастырған жағдайда ғана болуы мүмкін.

Мұғалім саналы адамгершілік позициясы оның тәрбие жұмысының әдісінен көрінеді, ол кәсіби сапасынан талап етіледі, оның кәсіби іс - әрекетінің мақсатына жауапты және қазіргі теориялық зерттеудің негізінде

педагогикалық процесте оқушылардың жаңа ролін түсініп, оқушы объектіден іс- әрекеттің субъектісіне айналуы тиіс.

Үшіншіден, болашақ мұғалімдердің өндірістік іс-әркетке бейімделу жағдайында оқу орнында педагогикалық процесте қатынастардың өзара әрекеті қажет. Бұл біріншіден психологиялық бейімделу педагогикалық процесте субъектінің психологиялық жағдайын түсінуі. Оқушылардың іс-әрекетінің ұйымдастырудың әдісін меңгеруі-бұл технологиялық бейімділік. Оқу орындарының әкімшілік- педагогикалық басқару жүйесінің іс-әркеті болашақ мұғалімдерді жан-жақты бейімдеу қажет.

Төртіншіден, жаңа формация педагогикалық қалыптастырудағы басты бағдар болашақ мұғалімді инновациялық, шығармашылық типін тәрбиелеу идеясы болып табылады, нәтижесінде әлеуметтік маңызды белгілері, қарым-қатынасы, мақсаты, қызығушылығы бар және негізгі құзырлықты қалыптастырушы тұрақты жүйе ретінде оқушы жаңа тұлғасы пайда болады.

Бесіншеден, педагогикалық жоғары оқу орындарында білім беру мазмұнын жаңартудың басты бағыты, басқа халықтардық тарихымен, мәдениетімен байланыстыра отырып қазақ халқының ұлттық тарих пен рухани мәдениетті пайдалану болып табылады.

Қазақстан республикасында педагогтарды кәсіби дайындау

болашақ мұғалімдердің мақсатына бағытталған кәсбилігін қалыптастыру бүкіл оқу барысында шығармашылықө танымдық іс-әркетін дайындау болып табылады.

Жоғары педагогикалық білім берудің құрылымы мен әдістері. [78]

Жоғары педагогикалық білім беру, 12 жылдық жалпы білім беретін мектептер және басқа білім беру мекемелері үшін мамандандырылған психологиялық кадрларды дайындайтын үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің негізгі бөлігі болып табылады.

Жоғары педагогикалық білім беру (ұзақтығы 4 жыл) педагогикалық білім беру кредиттік технологиямен оқытылып арнайы пәннен дипломдық жұмыс (факультеттің бейімділігіне сәйкес) қорғалады, педагогика және арнайы пәннің оқытылуы әдстемесінен, «Қазақстан тарихынан» мемлекеттік емтихан тапсырады. Аяқтағанан кейін студент мұғалім мамандығымен бірге «бакалавр»дипломын алады.

Жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін студент білім беру саласында мұғалім-стажер (1 жыл) ретінде өзінің кәсіби қызметін бастауға мүмкіндігін беретін бакалавр диппломын алады. Стажировкадан өту барлық педагогикалық жоғары оқу орндары бітірушілерге міндетті болып табылады.

Мұғалім-стажер ретіндегі қызметі бойынша функцияны анықтайды:

1. Педагогикалық факультеттің түлегін тікелей өндірістік нақты процеске бейімдейді.

2. Нақты өмірлік старегиясын таңдап, білім беру ұйымдарының кәсіби іс-әркетін жүзеге асыруына, магистратурада білімін жалғастыруға мүмкіндік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалімнің тұлғалық бейнесі
Инновациялық технология мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту құралы
Болашақ педагог маман тұлғасын заманауи ақпараттық құралдар көмегімен дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық - технологиялық әлеуетін қалыптастырудың педагогикалық алғышарттары
Біліктілікті арттыру жүйесінде шетел тілі мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін дамытуды теориялық – әдіснамалық тұрғыда негіздеп, мәселені тиімді шешудің педагогикалық шарттарын анықтау
Жаңа әлеуметтік тұрғыда мұғалімнің кәсіби шеберлігінің қалыптасуы
Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы
Мұғалім функциялары мен біліктіліктері
Мұғалімнің инновациялық даярлығы туралы зерттеу жұмыстары және оларға ғылыми талдау
МҰҒАЛІМНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАС-ТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz