Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін жетілдіру жолдары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Нарық жағдайындағы кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігінің мәні мен маңызы
1.2 Кәсіпорынның және өнімнің бәсеке қабілеттілігін бағалаудағы әдістемелік негіздері
2 «СМАК» ЖШС.НІҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорынның технико.экономикалық сипаттамасы
2.2 Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігіне талдау
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ.ЭКОНОМИКАЛЫҚ МЕХАНИЗМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасындағы тамақ өнеркәсібінің кластер ретіндегі даму бағыттары
3.2 Маркетинг . кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін көтеру жүйесі ретінде
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР

Т. РЫСҚҰЛОВ атындағы ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА факультеті
Экономика кафедрасы
Д и п л о м ж ұ м ы с ы
Тақырыбы: Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін жетілдіру жолдары
520830 “Экономика” мамандығының
күндізгі оқу бөлімінің
4 курс студенті
Байкошева Меруерт Алтаевна
Ғылыми жетекшісі:
Аға оқытушы Нурғалиева Қ.Қ.
Рецензент: э.ғ.к., доцент
Тұмбай Ж.О.
Жұмыс қорғауға жіберіледі:
Экономика кафедрасының меңгерушісі
э.ғ.к., профессор Сейдахметов А.С.
АЛМАТЫ, 2007 ж.
МАЗМҰНЫ бет
КІРІСПЕ 3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ6
Нарық жағдайындағы кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігінің 6
мәні мен маңызы
Кәсіпорынның және өнімнің бәсеке қабілеттілігін 22
бағалаудағы әдістемелік негіздері
2 СМАК ЖШС-НІҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ 30
2.1 Кәсіпорынның технико-экономикалық сипаттамасы 30
2.2 Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігіне талдау 41
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БӘСЕКЕ 50
ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ–ЭКОНОМИКАЛЫҚ МЕХАНИЗМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасындағы тамақ өнеркәсібінің кластер 50
ретіндегі даму бағыттары
3.2 Маркетинг – кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін көтеру 58
жүйесі ретінде
ҚОРЫТЫНДЫ 65
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 69
ҚОСЫМШАЛАР 72
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы егемендік алған соңғы он алты жылдықта әлемде
жаңа экономикалық бейнелі тәуелсіз мемлекет қалыптасты. Республикада саяси
және экономикалық тұрақтылық, азаматтық және ұлтаралық келісім қалыптасты,
ел экономикасы шетелдік инвесторлар үшін тартымды сипат алды.
Қазақстан – 2030 Стратегиясында дамудың ұзақ мерзімді басым
мақсаттарына ұлттық қауіпсіздік, аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып,
Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету, шетел
инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық
экономикаға негізделген экономикалық өсу жатады. Стратегия түйінді
міндеттердің бірі ретінде республикада индустриалдық әлуетке негізделген,
әлемдік ғылыми-техникалық прогресстің қазіргі кездегі жетістіктері
есебімен, көп салалық, бәсеке қабілетті өнеркәсіптік кешенді қалыптастыруды
қарастырады [1].
Қазіргі кезеңдегі нарықтық экономика көп қырлы әр түрлі: өндірістік,
коммерциялық, қаржылық және ақпараттық өзара байланысты құрылымдардан
тұратын күрделі организм болып табылады. Нарықты қатынастардың мәнін
көрсететін түйінді түсініктердің бірі – бәсеке қабілеттілік. Қазақстан
Республикасы ашық нарықты экономикаға өту жағдайында ішкі, сондай-ақ сыртқы
нарықтарда тұтынушы үшін күрес шын мәнінде бәсеке қабілетті өнім өндіру мен
жасауды талап етеді. Сол себептен де тауарлардың бәсеке қабілеттілігі мен
оны өндіру шығындарының арасындағы рационалды экономикалық деңгейді іздеу
мәселесі туып отыр. Кез-келген кәсіпорынның, жалпы республиканың
экономикалық және әлеуметтік өміріндегі хал-жағдайы осы мәселенің оң
шешілгеніне байланысты болады. Сол себептен де дипломдық жұмысымның
тақырыбы көкейтесті сұрақтардың бірі болып табылады.
Қазір тауардың бәсеке қабілеттілік құрамдас бөліктерінің ішінде баға
басты фактор болып табылмайды. Алдыңғы орындарға қазір тауардың тұтынушылық
қасиеттері (функционалдығы, дизайн) және сервис деңгейі, бұл жерде тек қана
жөндеу мүмкіндігі емес, сондай-ақ оның планетаның кез-келген нүктесінде
жасалу мүмкіндігі де есептеледі. Тауардың бәсеке қабілеттілігін бағалау
берілген өнімнің басқа фирмаларының сәйкес өнімімен салыстыру негізінде
жүргізіледі. Өнімнің бәсеке қабілеттік көрсеткіші пайдалы эффекттің тұтыну
бағасына қатынасымен көрсетіледі, ал пайдалы эффекттің орнына тауар
сипаттамасының интегральдық көрсеткіштері – оның сапасы алынады.
Зерттеу жұмысының мақсаты болып кәсіпорынның бәсеке қабілеттік
сұрақтары бойынша теориялық білімді бекіту, ұлғайту, оны қамтамасыз ету
әдістемесін меңгеру, тауардың (сүт өнімдерінің) нақты нарығының жағдайына
талдау және маркетингтік зерттеулер жүргізу табылады. Сондай-ақ тауарлардың
және қызметтердің бәсеке қабілеттілігін арттыруда бірнеше ұсыныстар жасауға
талпындық.
Осыған байланысты алдымызға мынадай тапсырмалар қойдық:
- Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілік мәселелерінің мәнін және оны
бағалаудың әдістемелік негіздерін анықтау;
- нарықтағы өндіруші табысының шешуші факторларының бірі ретінде нарық
жағдайындағы кәсіпорын қызметінің сапасын жақсарту мәселесін талдау;
- Смак ЖШС-нің өндірістік-қаржылық қызметіне талдау жасау және осы
кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін жақсарту міндеттерінің орындалу
жолдарын қарастыру;
- өнімнің бәсеке қабілеттілігін арттыру жолдарын ұсыну.
Зерттеу объектісі болып сүт өнімдерін өндіруге маманданған Смак ЖШС
табылады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізіне отандық және шетелдік
ғалым-экономистердің экономикалық бәсеке қабілеттілікті қамтамасыз ету
аясындағы ақыл-ой еңбектері мен зерттеу нәтижелері алынды. Қазақстан
Республикасының отандық экономиканы реттеуге, импортты алмастыруға, отандық
тауар өндірушілерді қолдауға арналған зандары, заңдылықтары, нормативті-
құқықтық құжаттары зерттелді және қолданылды. Зерттеудің мәліметтік базасы
ретінде Қазақстан Республикасының статистикалық Агенттігінің, кәсіпорынның
есептік мәліметтері, тұтынушылардан анкеталық сұрау нәтижесінде алынған
ақпараттар қолданылды. Дипломдық жұмыста мәліметерді өңдеу барысында
салыстырмалық талдау, статистикалық топтау, шаруашылық қызметті кешенді
бағалау, эксперттік зерттеу, экстрополяция, бюджеттеу сынды экономикалық
зерттеу әдістері пайдаланылды.
1 КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Нарық жағдайындағы кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігінің мәні мен маңызы
Біздің республикамыз да әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына
кіруді стратегиялық мақсат етіп қойды. Осыған байланысты шаруашылық
субъектілерінің нарықта тиімді әрекет етіп, шетелдік компаниялармен
бәсекелік күреске түсуге дайын болуы аса өзекті мәселе. Ауыл шаруашылық
кешеніндегі осы бағыттағы қиыншылықтар да мал шаруашылығы өнімдерінің
бәсекеге қабілеттілігі мәселесін зерттеуге күш жұмсауды талап етеді.
Өйткені нарық тұтынушы – патша деген қағидамен жұмыс істейді, сондықтан
тұтынушының талаптарын орындап, қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып ғана
жетістікке жетуге болады.
Экономикалық энциклопедияда бәсеке, бәсекеге қабілеттілік терминдеріне
мынадай анықтама беріледі:
1) Тауарлар мен қызметтерді өндірушілердің пайданы жоғарылату
мүмкіндігі үшін күресі.
2) Нарықта көптеген өндірушілер мен сатып алушылардың болуы
және олардың нарыққа еркін кіріп, одан еркін шығу
мүмкіндігі.
Соңғы уақыттардағы бәсекелестік артықшылықтардың құралу үрдісінің
беталыстары белгілі зерттеуші М. Портердің еңбектерінде зерттелген:
Бәсекелестік стратегия саланың құрылымы мен оның өзгеру үрдісін жан-жақты
талдауға негізделеді. Экономиканың кез-келген саласында, оның ішкі немесе
сыртқы нарықтарда әрекет етуіне байланыссыз бәсекенің мәні бес күш арқылы
көрінеді:
жаңа бәсекелестердің келу қаупі;
субститут-тауарлар немесе қызметтердің пайда болу қаупі;
жабдықтаушылардың саудаласу қабілеті;
сатып алушылардың саудаласу қабілеті;
бар бәсекелестердің өзара бәсекелесуі.
Осы бес күштің әрқайсысының мәні саладан салаға қарай өзгеріп, ақыр аяғы
салалардың пайдалылығын анықтайды [4].
Макконел К., Брю С. зерттеулерінде бәсекенің міндетті шарты нарықта
кез-келген нақты өнімнің сатушылары және сатып алушылары көп болуы керек
және сатушылар мен сатып алушылар үшін қай нарықта болсын жұмыс істеу
немесе нарықтан кету еркіндігі болуы керек [5].
Нарықтық экономиканың түсіндірме сөздігінде Бәсеке – нарықта әрекет
етуші кәсіпорындардың арасындағы сатып алушылардың әр түрлі қажеттіліктерін
қанағаттандыра отырып өз өнімін жақсы өткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету
мақсатындағы бақталастық, күрес. Әлемдік нарықта тауар өндірушілердің қатаң
бәсекесі орын алған. Сыртқы нарықтарда жетістікке жету үшін ұсынылатын
отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату талап етіледі. Ал
импорт жағдайында шетелдік сатушылардың бәсекелестігі сатып алудың тиімді
шарттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді [6 ].
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі дегеніміз оны нақты нарықта, нақты уақыт
мерзімінде сәтті сату мүмкіндігі деп анықталады. Ал кәсіпорынның немесе
фирманың бәсекеге қабілеттілігі – бәсекеге қабілетті өнім өндіру немесе
қызмет көрсету арқылы нақты нарықта (өткізу аймағында), нақты уақыт
аралығында сәтті әрекет ету қабілеті [7].
Тауардың бәсекеге қабілеттілігі – тауардың нарық талабына, яғни оның
сапалық, техникалық, эстетикалық сипаттамаларының және коммерциялық өткізу
жағдайының тұтынушылар талабына сай келуін бейнелейтін экономикалық
категория [8].
Әр анықтаманы алып қарасақ та олар бір-біріне қарама-қайшы келмейді,
керісінше бірін –бірі толықтырады. Бірақ оның әр қайсысын толық деп айтуға
болмайды. Талдау нәтижесі бойынша бәсекенің мынадай анықтаушы белгілерін
атап көрсетуге болады.
1) бәсеке – шаруашылық жүргізудің нарықтық әдісінің
фундаменті, өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің құрылуының
негізіне нарық субъектілерінің арасындағы өзара қарым-
қатынастың нышаны мен сипаты ықпал етеді;
2) бәсеке – өнімнің техникалық, экономикалық, маркетингтік
көрсеткіштеріне оны жобалаудан бастап соңғы тұтынушыға
жеткенге дейінгі кезеңдердің барлығында ықпал етеді.
3) бәсеке – даму мен өсудің қозғаушы күші, мақсат таңдаудың,
сол мақсатқа жету жолындағы ізденістің, жетістікке
ұмтылудың ықпалшысы.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі – өнімнің қарастырылып отырған кезеңдегі
нарық талаптарына сәйкес болу қабілеті. Бәсекеге қабілеттілік өнімнің
белгілі уақыт сәтінде салыстырмалы бағамен нақты нарықта өтуі үшін қажет
және жеткілікті тұтынымдық қасиеттерінің жиынтығы арқылы анықталады.
Тұтынымдық қасиеттер – тауардың тұтынушы талабын қанағаттандыруға
бағытталған сипаттамалары. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз
етудің мақсаты оны нарықта тиімді өткізу арқылы жоғары деңгейде пайда алу
болып табылады.
Қандай да бір өндірістің бәсекеге қабілеттілігін дамыту үшін саланың
ерекшеліктерін, оған әсер ететін факторларды зерттеу керек. Бәсекеге
қабілеттілік факторларын зерттеп, олардың сәтті әрекет ету жағдайларын
анықтаған соң барып, кәсіпорын өзінің даму стартегиясын жасай алады. Күш-
жігерін неғұрлым бәсекелік артықшылықтарды дамытуға, қайтарымы мол бағытқа
жұмылдырады.
Өнімнің нарықтағы бәсекеге қабілеттілігіне ықпал ететін факторлардың
маңыздылары:
– Әлуетті тұтынушы үшін тауардың пайдалылығы. Тауардың пайдалылығы –
оның тұтынымдық құны немесе тұтынушының талаптарын қанағаттандыру
қабілеті;
– Тауардың бағасы. Пайдалылығы бірдей екі немесе одан да көп тауардың
ішінде сатып алушының бағасы арзан тауарға ықылас білдіретіні анық.
Бұл жерде сатып алушының әлеуметтік мәртебесін қолдау үшін сатып
алынатын мәртебелік тауарлар есепке алынбайды, өйткені ондай
тауарларды сатып алуда сатып алушы үшін баға шешуші роль атқармайды;
– Өнімнің жаңашылдығы. Бұл өнімге тұтынушы үшін маңызды, нарықтағы
басқа тауарлардан ерекшелендіретін жаңашылдық енгізуді білдіреді.
Мысалы, сүт өнімдерінің жаңа ассортиментін енгізу, өнімнің орама
дизайнын өзгерту.
Нарықтағы кез-келген тауар онда қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру
дәрежесіне қарай тексеруден өтеді: әр сатып алушы өзінің жеке
қажеттіліктерін неғұрлым толық қанағаттандыратын тауарды сатып алады, ал
сатып алушылардың жиынтығы бәсекелес тауарлармен салыстырғанда қоғамдық
қажеттіліктерге неғұрлым толық сәйкес келетін тауарды сатып алады.
Сондықтан өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бәсекелестердің өнімдерін өзара
салыстыра отырып ғана анықтауға болады.
Бәсеке бәсекелік артықшылықтармен тығыз байланысты. Ол бәсеке туындап
дамыған кезде пайда болады. Отандық нарықта бәсеке кең сипат алған сайын
бәсекелік артықшылықтар компанияның нарықтағы жетістігінің аса маңызды күші
болып табылады. Олардың ерекшеліктері мен құрылу механизмдері бәсекеге
қабілеттілікті қамтамасыз ететін негіз болып саналады. Бәсекелік
артықшылықтар кәсіпорын қызметінің бәсекелестерден экономикалық,
техникалық, маркетингтік, ұйымдық сфераларында асып түсуінен көрінеді. Оны
қосымша пайда, рентабелділіктің жоғары деңгейі, нарық үлесі, сату көлемі
сияқты экономикалық көрсеткіштермен өлшеуге болады. Яғни бәсекелік
артықшылықтар – өнімнің өзіндік құнының төмен болуының, тауарлар
дифференциациясының жоғары болуының, нарықты ұтымды сегменттеудің,
жаңашылдықтар енгізудің, нарық талаптарына жедел жауап қайтарудың нәтижесі.
Сонымен қатар экономикалық өсуді көрсететін еңбек өнімділігінің жоғары
болуы, персоналдың жоғары біліктілігі, өндірілетін өнімнің жоғары сапасы,
басқару шеберлігі, басқарудың әр түрлі деңгейлеріндегі стратегиялық ойлау
да бәсекелік артықшылықтар береді. Бәсекелік артықшылықтар абсолютті емес,
қатысты сипатқа ие, өйткені оны экономикалық тиімділікке ықпал ететін
сипаттамаларды салыстыра отырып ғана анықтауға болады. Сонымен бірге
бәсекелік артықшылықтардың қатысты сипаты оның нақты жағдайлар мен
себептерге тәуелділігінен де көрінеді. Мысалы, бағасы бойынша артықшылыққа
ие тауар бір географиялық аймақта бәсекеге қабілетті болғанымен келесі
аймақта керісінше болуы мүмкін, немесе нарықта сәтсіздікке ұшыраған тауар
белгілі бір мерзім өткеннен кейін негізгі бәсекелестің нарықтан кетуі
себебінен, сәтті маркетингтік шараларды жүзеге асыру әсерінен қайтадан
сұранысқа ие болуы мүмкін. Бұдан кез-келген компанияның бәсекелік
артықшылықтары әмбебап сипатта болмайтынын көреміз. Сондықтан оны талдауда
нақты нарықтық жағдайлар есепке алынуы керек. Бәсекелік артықшылықтардың
тағы бір сипаттамасы олардың әркелкі факторлардың ықпалында болуында.
Бәсекелік артықшылыққа қол жеткізу үшін кешенді шаралар керек. Бір
факторлар бәсекелік артықшылықтарды арттыру мен қатар кемітуі де мүмкін.
Мысалы, жаңа технологияны қолдану арқылы өнімнің сапасы, дизайны тұрғысынан
артықшылықтарға жеткенмен өнімнің өзіндік құны жоғарылап соның салдарынан
сұраныс төмендеуі мүмкін. Сондықтан бәсекелік артықшылықтарды зерттеуде
неғұрлым маңызды факторларды есепке алатын жүйелі жол қажет. Бәсекелік
артықшылықтарды әр түрлі критерийлерге байланысты жіктеуге болады [9 ]
Жіктеудің аса маңызды критерийі бәсекелік артықшылықтың қайнар көзін
анықтайтын жағдай, оған байланысты бәсекелік артықшылықтардың он түрі бар.
Олар:
1. Экономикалық факторларға негізделген бәсекелік
артықшылықтар келесілермен анықталады:
– компания әрекет ететін нарықтардың жалпы экономикалық жағдайының
жақсы болуы;
– зерттеліп отырған тауар сферасындағы инвестициялық, несиелік,
салықтық және кедендік мөлшерлемелер облысында мемлекеттің
ынталандыру саясатының болуы;
– сұранысты ынталандырушы объективті факторлардың болуы: нарық
сиымдылығының жоғары болуы, баға өзгерісіне сатып алушылардың аса
сезімтал болмауы, сұраныстың мерзімділігінің төмен болуы, ауыстырушы-
тауарлардың болмауы және т.б.;
– өзіндік құнның төмен болуы;
– кәсіпорынның тәжірибелілігі;
– кәсіпорынының экономикалық әлуеті;
– қаржыландыру көздерін табу және оны тиімді қолдану.
2. Нормативтік-құқықтық актілерге негізделген бәсекелік
артықшылықтарға үкімет тарапынан болатын әр түрлі
жеңілдіктерді жатқызамыз.
3. Құрылымдық сипаттағы бәсекелік артықшылықтар компанияның
өндіріс және өткізу үрдістерінің жоғары деңгейде
біріктірілуімен анықталады. Бұл жерде біріктірудің кері,
алға немесе көлденең түрлері қолданылуы мүмкін. Сонымен
қатар құрылымдық сипаттағы артықшылықтарға нарықтың бос
сегменттерін жылдам қамту мүмкіндіктері де жатады.
4. Әкімшілік шаралардан туындаған бәсекелік артықшылықтар
өндірушілер қызметіне шек қойылуына байланысты. Олардың
қатарына мемлекеттік және жергілікті органдардың
шектеулері, патенттер мен лицензиялар беру, кәсіпорынды
тіркеу тәртібінің күрделілігі және тағы басқалар жатады.
5. Нарық инфрақұрылымының даму деңгейімен анықталатын
бәсекелік артықшылықтар:
– қажетті коммуникация құралдарының дамуы;
– Қазақстан аймақтарындағы еңбек, капитал, технология нарықтарының
ұйымшылдығы мен ашықтығы;
– дистрибуторлық тораптың, соның ішінде бөлшек және көтерме сауданың
дамуы, кеңестік, ақпараттық, лизингтік және басқа да қызмет түрлерін
көрсетудің дамуы;
– фирмааралық кооперацияның дамуы;
6. Техникалық (технологиялық) бәсекелік артықшылықтар саладағы
қолданбалы ғылым мен техника деңгейінің жоғары болуымен,
құрал-жабдықтар мен машиналардың арнайы техникалық
сипаттамаларымен, шикізат пен материалдардың технологиялық
артықшылықтарымен, өнімнің техникалық параметрлерімен
анықталады.
7. Жақсы ақпараттандырылу арқылы анықталатын бәсекелік
артықшылықтар сатушы, сатып алушы, жарнама қызметі, нарық
инфрақұрылымы туралы ақпарат базасының кең болуына
негізделеді. Бәсекелік күрес жүргізуде ақпараттың болмауы
немесе жалған ақпарат үлкен кедергі болып табылады.
8. Географиялық факторларға негізделген бәсекелік
артықшылықтар кәсіпорынның географиялық жағынан тиімді
орналасуы мен нарықтың географиялық шекараларынан үнемді
түрде өтуіне байланысты анықталады.
9. Демографиялық факторларға негізделген бәсекелік
артықшылықтар нарықтың мақсатты сегментіндегі демографиялық
өзгерістер және оның сұраныс құрылымы мен көлеміне жағымды
ықпал етуі, тұрғындардың мақсатты тобының санының өсуі,
жастық-жыныстық құрамының өзгеруі және білім мен кәсіби
деңгейдегі өзгерістер нәтижесінде құрылады.
10. Құқықтық емес сипаттағы бәсекелік артықшылықтар теріс
пиғылды бәсеке, криминалдық іс-әрекеттерден болады.
Кәсіпорынның бәсеке параметрлеріне байланысты тауарлардың барлық
өмірлік циклын шешуші төрт кезеңге бөлуге болады. Олар:
1. енгізу кезеңі;
2. арту кезеңі;
3. жетілу кезеңі;
4. тоқырау кезеңі.
Кесте 1 - Кәсіпорынның тауардың өмірлік циклының кезеңдері бойынша бәсекеге
қабілеттілігі
Көрсеткіштер Енгізу Арту Жетілу Тоқырау
Сатылған өнімнің Баяу Тез Баяу Азаяды
өсуі
Пайда Жоқ Арту Азаяды Төмен
Ақша тасқыны Жоқ Жаксы Жоғары Төмен
Клиенттер Ынаталы Артады Артады Ынта бәсеңдейді
Бәсеке Әлсіз Өседі Тұрақты Төмен
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі – бұл көп көзқарасты түсінік. Бәсеке
қабілеттілігі бар өнім шығару үшін - өнеркәсіптің, жобалау процесстері,
өткізу және тұтынушыларға өнімді сатып болғаннан кейінгі қызмет
көрсетулердің өзі бәсекелік қабілетті болу керек. Осыдан кейін бұйымның
бәсеке қабілеттілігі, өндірістің бәсеке қабілеттілігі, ғылыми-техникалық
бәсеке қабілеттілік, қызметкерлердің бәсеке қабілеттілігі, маркетинг
қызметінің бәсеке қабілеттілігі, өнеркәсіп бәсеке қабілеттілік сияқты
негізгі түсініктерді сызып қойған дұрыс. Осы толық емес түсінік тізбегі
жоғарғы шек болып табылатын өнімнің бәсеке қабілеттілігің пирамидасының
негізін құрайды.
Бәсеке қабілеттілік факторларын зерделеуге таяу шет елдердің
ғалымдарымен қатар біздің республика ғалымдарының да жұмыстары арналған.
Сонымен қатар, тамақ өнеркәсібінің бәсеке қабілеттілігін анықтайтын
факторлар аз зерттелген. Әдебиетті теоретикалық талдау, өнім бәсеке
қабілеттілігінің сыртқы (экзогенді) және ішкі (эндогенді) факторларын
әшкерелейді. (Кесте 2)
Кесте 2 - Бәсекеге қабілеттіліктің негізгі факторлары
Бәсеке қабіліттіліктің факторлары Кәсіпорын Негізгі бәсекелестіктер
А Б ... ...
.
1 2 3 4 5
1. Тауар
сапасы
техника-технологиялық көрсеткіштер
сауда таңбасының мәртебесі
буып-түю
кепілді мерзім
сенімділік
патентпен қорғалған
Баға
сату
баға жеңілдігі (процент)
төлем тізімі
несиені ұсыну шарттары
сатып алуды қаржыландыру шарттары
Өткізу каналдары
өткізу нысандары
тікелей жеткізу
сауда өкімдері
көтерме делдалдар
маклер мен дилер
нарықты қамту деңгейі
қойма-жайды орналастыру
транспорттау жүйесі
запастарды бақылау жүйесі
Нарықта тауарларды жылжыту
Жарнама
тұтынушылар үшін
сауда делдалдары үшін
4.2.Индивидуалды сату
тұтынушыларды ынталандыру
назарылық сауда демократия
тауар белгілерін көрсету
өткізу жұмыстары бойынша кадрлар
дайындау
Өткізу каналдары бойынша тауарларды
жылжыту
бәсеке жағдайында сату
сауда делделдарына сыйлық
4.4. Теледидар маркетингі
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілік қамтамасыз ету үшін меншікті
корпоративті ресурстар пайдаланылады:
1. Капитал ресурсы;
2. Персонал ресурсы;
3. Ақпараттар және технологиялар ресурстары;
4. Техника және жабдықтар ресурстары;
5. Құқық ресурстары: патенттер, лицензиялар, экспорттық квоталар және т.б.
Экономикалық субъектілердің іс-әрекеттері әлеуметтік-экономикалық
мәртебені анықтайтын экономикалық қызығушылықтардан тұрады. Меншік
иелерінің және жалдамалы персоналдың экономикалық мүдделерінің бар екенін
айта кеткен жөн. Меншік иесінің, сәйкесінше кәсіпорынның бар мүддесі таза
табыс алумен байланысты болғандықтан, оны алуға кедергі келтіретін
факторлардың бәрі сәйкесінше экономикалық қатер болып табылады. Осылайша
біз экономикалық қатер деп, таза табыс мөлшерінің төмендеуіне немесе
жойылуына әкелетін мүмкін жағдайды айтамыз. Өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін
бәсеке қабілеттілікті бағалау өте маңызды. Себебі, қызметтегі белсенді
әлует дағдарысқа қарсы дамуды анықтайтын, экономикалық өсудің кепілі және
елдің экономикалық тәуелсіздігін, кауіпсіздігін сақтайтын тұрақты фактор
болып табылады. Оның босаңсуы кәсіпорынның, мемлекеттің болжауға мүмкін
болмайтын зардаптарға ұшырауына әкелуі мүмкін.
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі функционалдық тұрғыдан келесі
элементтерден тұрады:
– Технико-технологиялық;
– Интеллектуалдық және кадрлық;
– Қаржылық;
– Саяси-құқықтық;
– Ақпараттық;
– Экологиялық.
Осы элементтерге толығырақ тоқталып кетейік.
Технико-технологиялық элемент. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз
етуде менеджерлердің кәсіпорындағы технология, құрал-жабдықтар әлемдік
стандарттарға сай келетінін, балама өнімдерді шығаратын кәсіпорындарда
қандай технология пайдалантынын, қолданыстағы технологияны ішкі
резервтердің көмегімен жақсарту мүмкіндігін талдау және жаңа ғылыми
ізденістерді байқауы керек.
Интеллектуалдық және кадрлық элемент. Қазіргі экономикалық
жағдайларда экономикалық қауіпсіздік деңгейі көп жағдайда мамандардың
біліктілігімен анықталады. Сондықтан, кәсіпорында жұмыскерлерді іріктеу,
оқыту және ынталандыру жүйесі ұйымдастырылған деңгейде болуы керек. Оның
үстіне, кәсіпорынның басқару персоналы экономикалық қауіпсіздік жағдайын
үнемі талдап отыруы, дағдарыс жағдайында сасып қалмайтындай болуы керек.
Қаржылық элемент. Бұл элемент кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы
меншікті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуімен тығыз байланысты
болғандықтан маңызды болып саналады. Шаруашылық субъектісінің қаржылық
тұрақтылығының жойылу себептері өндіріс көлемінің төмендеуімен, өнімнің
өзіндік құнының жоғары болуымен, активтерді тиімсіз жоспарлау және
басқарумен байланысты болады. Қаржылық тұрақтылықты сақтау үшін
кәсіпорынның қаржылық-экономикалық қызметінде нақты тапсырмаларды жоспарлау
және өткізу жолдарын қарастырған жөн. Келесідей стратегиялық міндеттерді
анықтауға болады: өнімді жетілдіру, өзіндік құнды төмендету, аз шығындармен
өндіріс тиімділігіне қол жеткізу, рентабельділіктің жеткілікті деңгейін
қамтамасыз ету.
Саяси-құқықтық элементті қорғаудың үрдісін келесі түрде жүргізуге
болады:
– кері әсерлерді анықтау;
– қорғаудың қазіргі деңгейін талдау;
– осы деңгейді жетілдіру бойынша шараларды жоспарлау.
Ақпараттық элемент. Кез-келген ұйым немесе кәсіпорынның құрамында
ақпараттарды жинап, сақтап, өңдейтін белгілі бір бөлімше болуы керек. Осы
бөлімшенің мақсаты болып, кәсіпорынға келетін барлық ақпараттарды талдап,
ары қарай дамуы үшін қолдана білу табылады. Кәсіпкерлік құпияны сақтайтын
шараларда осы бөлім арқылы жүргізілуі керек.
Экологиялық элемент. Кәсіпорын экологиялық мөлшерлерді бұзудан
болатын айып пұлдары сияқты шығындарды төлегісі келмесе, халықаралық және
ұлттық экологиялық мөлшерлерді сақтауы керек.
Қазақстан Республикасында бәсеке қабілеттілікті қолдау және дамыту
мақсатында заңдар және заңдылық актілер қабылданған. Олардың ішінде,
Бәсеке туралы, Теріс пиғылды бәсеке туралы, Монополиялық қызметті
шектеу туралы заңдар бар.
Нарықта бәсеке әр түрлі формада болып, әр түрлі әдістермен жүзеге асады.
Бәсеке үлгілерінің ішінде бірінші кезекте сала ішілік және сала аралық
бәсекені бөледі. Cала ішілік бәсеке – бірдей қажеттіліктерді
қанағаттандыратын, бағасы, сапасы немесе ассортименті бойынша ерекшеленетін
бірдей тауарлар арасындағы бәсеке. Сала аралық бәсеке – әр түрлі сала
тауарлары арасындағы төлем қабілетті сұраныс үшін болатын бәсеке.
Функционалдық бәсеке – қажеттіліктерді қанағаттандыратын тауарлардың бір-
біріне қатысты бәсекелестік жағдайы. Тауар түріне байланысты бәсеке –
бірдей қажеттілікті қанағаттандыратын, бірақ бір-бірінен маңызды
сипаттамалары арқылы ерекшеленетін тауарлар арасындағы бәсеке. Заттық
бәсеке – барлық жағынан бірдей тауарлар арасында болатын бәсеке. [2]
Сонымен қатар бәсекелік артықшылықтар әр түрлі саты деңгейінде болып,
тауарға, кәсіпорынға, салаға, бүтіндей экономикаға қатысты болуы, бағалық
және бағалық емес факторларға негізделуі, ұзақ, орта және қысқа мерзімді
болуы, тұрақты және тұрақты емес, ерекше және қайталанатын болуы мүмкін.
Бәсекелік артықшылықтарға нарыққа ену кедергілері ықпал етеді. Нарыққа
жаңа бәсекелестердің келуі бәсеке күресін ушықтырып, қорғануға мәжбүр
етеді. Қорғаныс шараларының бірі салаға кіру кедергісін қою. Компаниялар
мен олардың өзара әрекеті жүйесіндегі бәсекелік артықшылықтар саланың
бәсекеге қабілеттілігін білдіреді. Бүкіл қоғамдық-экономикалық
жағдайлардағы артықшылықтар ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін
анықтайды. 2-суретте бәсекеге қабілеттіліктің сатылық құрылымы көрсетілген.
Сатылық құрылымның төменгі деңгейіндегі өнімнің бәсекеге қабілеттілігі
қалғандарының бәсекеге қабілеттілігінің қалыптасуына тікелей әсер ететін
болғандықтан, мұқият зерттеуді талап етеді.
Сурет 2 – Бәсекеге қабілеттіліктің сатылық құрылымы
Компанияның бәсекеге қабілеттілігінің міндетті шарты – бәсекеге
қабілетті өнім өндіріп өткізу. Кең көлемде алғанда компанияның бәсекеге
қабілеттілігіне қол жеткізу үшін бүкіл өндірістік-шаруашылық қызмет:
өндіріс, маркетинг, қаржы, ҒЗЖТКЖ (ғылыми зерттеу және тәжірибелік-
конструкторлық жұмыстар)облыстарында бәсекелік артықшылықтарға жету керек.
Саланың бәсекеге қабілеттілігі ондағы жекелеген компаниялардың бәсекеге
қабілеттілігімен қатар, олардың өзара әректтері жүйесімен анықталады.
Саланың техникалық, экономикалық, ұйымдық жағдайлары тұтынушылар тобының
қажеттілігін жоғары деңгейде қанағаттандыратын өнім өндіріп өткізуінен
көрінеді.
Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі көп аспектілі, күрделі
түсінік. Әдетте ішкі және сыртқы нарықтарда шетелдік бәсекелес тауарлар мен
қызметтерге қарсы тұратын тауарлар мен қызметтер өндіріп өткізуге мүмкіндік
беретін экономикалық, ғылыми-техникалық, өндірістік, басқарушылық,
маркетингтік қызметтердің шоғырланған көрінісі.
Кәсіпорын немесе фирманың бәсекеге қабілеттілігі – бәсекеге қабілетті
өнім өндіріп, өткізу арқылы нақты нарықта сәтті әрекет жасай алу қабілеті.
Жоғарыда айтқанымыздай, Гарвардтық бизнес мектебінің профессоры М. Портер
компанияның нарықтағы жағдайы мен тиімді әрекет етуіне бес түрлі факторлар
тобы неғұрлым көп әсер ететінін анықтаған (3-сурет). Осы факторлардың өзара
әрекеті кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату үрдісін құрайды:
– бар бәсекелестермен күрес;
– жаңа бәсекелестер жағынан қауіп;
– жабдықтаушылармен сауда жүргізу мүмкіндігі;
– тұтынушылардың таңдау жасау мүмкіндігі;
– баламалы өнімдер жағынан қауіп.
М.Портердің зерттеуінде бәсеке күресінде артықшылыққа жетуге мүмкіндік
беретін үш бизнес стратегиясы анықталған:
Ескертпе – Әдебиет көзіндегі мәлімет негізінде жасалған.
Сурет 3 – М. Портердің бәсекеге қабілеттілікке әсер етуші факторлар
моделі.
1. Сала ішінде өнімнің өзіндік құны ең төмен өндіруші болуға
ұмтылу (өндіріс шығындарын төмендету).
2. Тұтынушылар сұранысы мен қажеттілігін бәсекелестерге
қарағанда жақсы қанағаттандыру үшін өнім дифференциациясына
ұмтылу;
3. Нарықтың негізгі сегменттеріне көңіл аудару.
Бүгінгі таңда аз дегенде үш міндетті шешу арқылы ғана бәсекелестікті
арттыруға жетуге болады:
– өнімнің сапасы мен тұтынымдық қасиеттерін жоғарлату;
– шығындарды төмендету және сәйкес баға деңгейін сақтау;
– өнім өндірісін маркетинг қағидасына негіздеу.
1.2 Кәсіпорынның және өнімнің бәсеке қабілеттілігін бағалаудағы әдістемелік
негіздері
Өнімнің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету оның сандық бағалауын
қажет етеді. Әрбір танданылатын тауар бойынша бәсеке қабілеттілікті
бағалаудың өз әдістері бар. Ол сәйкес тауар нарығы мен ғылыми-техникалық
прогрестің негізгі тенденцияларының қалыптасу ерекшеліктерін есепке алады.
Фирманың экономикалық стратегиясы көптеген элементтерден тұрады,
олардың ең маңыздысы, фирмалық әлеуметтік және техникалық дамуының
стратегиялық бағдарламасының барлық бөлімдерін қамтитын фирманың бәсеке
қабілеттілігін қамтамасыз ету стратегиясы болып табылады. Кәсіпорынның
бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету төмендегі белгілермен сипатталады:
бәсеке қабілеттілікті қамтамасыз етудің негізгі мақсаты кез-келген
экономикалық, саяси және әлеуметтік құбылуларда нарықта тұрақты бекіну және
компанияның тұрақты қаржыларын қамтамасыз ету. Сәйкесінше ол әрі жоспарлы
және жан-жақты міндеттерді шеше алуы керек; оның шеңберінде кәсіпорынның
(тек уақытша қаржы қиындықтарын ғана емес) ағымдағы міндеттерін шешуге,
ерекше жағдайларға сай келетін басқару құралдары қолданылады; бәсеке
қабілеттілікті қамтамасыз етудің мәні – жағдайларға байланысты әр түрлі іс-
әрекеттерді ескеретін, сыртқы ортада болған шамалы өзгерістерге жедел
немесе пәрменді әсер етуі үшін, алдын-ала дайындалған басқару шешімдерінің
балама нұсқалары; бәсеке қабілеттілкті қамтамасыз етудің негізінде –
кәсіпорынның іс-әрекетінің барлық салалары мен бөлімшелерінде үнемі және
тізбектей жаңашылдықтар енгізу үрдісі; бәсеке қабілеттілкті қамтамасыз ету,
кәсіпорын қандай қиын шаруашылық жағдайға тап болмасын, бұл қиындықтардан
кәсіпорынды ең аз шығындармен шығара алатын, қаржылық және басқару
механизмдерін іске қосуға негізделеді. Осы тұжырымдамаларымызды
қорытындылай келе, 3-кестеде дәстүрлік басқарудың және бәсеке қабілеттілкті
қамтамасыз етудің салыстырмалы сипаттамасын көрсеттік.
3-кесте - Дәстүрлік басқарудың және кәсіпорынның бәсеке қабілеттілік
қамтамасыз етудің салыстырмалы сипаттамасы
№ Салыстыру көрсеткіштері Дәстүрлік басқару Экономикалық
қауіп-сіздікті
қамтамасыз ету
1. Кәсіпорын қызметінің Өзгерістердің төмен өзгерістердің жоғары
шарттары қарқыны, оқиғаның қарқыны, оқиғаның
болжамдығы,таныс, болжамсыздығы, жаңа,
қайталанбалы басқару қайталанбаған басқару
мәселелері мәселелері
2. Кәсіпорын қызметінің Жоғары табыс табу Қауіп-қатер
мақсаты тенденция-ларын немесе
салдарын жоюмен
байланысты қауіпсіздікті
нығайту мақсаттары
3. Ұйымдастырушылық құрылымҚатаң құрылым Икемді құрылым
4. Басқару ақпаратының Реттелген ақпараттық Болып жатқан
сипаты ағындар, дәл, мол экономи-калық
ақпарат қолайсыздық-тардан
ақпараттық ағындардың
тәуелділігі,
жеткіліксіз, толық емес
ақпарат
5. Марапаттау жүйесі Тұрақтылық және Бастама үшін мадақтау
тиімділік үшін мадақтау
6. Басқару шешімдерін шешу Пайда болған Мүмкін болатын
мәселелерге өткен мәсе-лелерді көру білу
тәжірибеге негіз-делгенжәне алдын-алу,
жауап творчество-лық ізденіс
7. Еңбек ақы төлеу Тұрықты нысанда Нәтижеге байланысты
еңбек ақы
Жоғарыда көрсетілген салыстыру белгілері кәсіпорынның бәсеке
қабілеттілігін қауіпсіздігін қамтамасыз ету бір мезеттік көрініс алғандағы
сипатпен сай келеді.
Біздің көзқарасымыз бойынша, осы белгілер тұрақты сипат алуы керек
және кәсіпорында бәсеке қабілеттілікті қамтамасыз етумен айналысатын немесе
сол қызметті өзінің негізгі қызметіне қоса қамтитын маман (бөлім) болғаны
дұрыс-ақ. Алдағы экономикалық қатерді бағдарлау және бақылау жүйесі бәсеке
қабілеттілікті қамтамасыз ету үрдісінің өзіндік ерекшелігі болып табылады.
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілікті басқару механизмі келесі негізгі
элементтерден тұруы мүмкін:
1. қаржы жағдайының диагностикасы;
2. кәсіпорынның бизнесін бағалау;
3. маркетинг;
4. ұйымдастырушы-өндірістік менеджмент;
5. персоналды басқару;
6. қаржылық менеджмент;
7. инвестициялық саясат;
8. дағдарысқа қарсы бизнес-жоспарлау;
9. бизнес-реинжиниринг үрдісі;
10. кәсіпорынның таратылуын ұйымдастыру.
Жоғарыда айтылған пікірлерді және өз көзқарастарымызды қорытындылай
келе, кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету жүйесін, біздің
ұсынымыз бойынша, екі тұрғыда қарастыру керек
Кәсіпорындардың, оның ішінде, сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындарының
бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету жүйесінің бір қыры мемлекет
тұрғысында, макро деңгейде көрінсе, екінші қыры кәсіпорын шеңберінде, микро
деңгейде бекітілуі тиіс.
Еліміздегі қалыптасқан нарықты экономика мемлекет тарапынан реттеліп
отыратын нарықтық экономика болғандықтан, кәсіпорынның бәсеке
қабілеттілігін қамтамасыз ету жүйесіндегі мемлекеттік бағыттарды жоққа
шығаруға болмайды.
Мемлекет тұрғысынан алғандағы сыртқы жүйенің бағыттары болып, біздің
ойымызша, монополияға қарсы және баға саясаты, салықтық реттеу, өнім және
қызмет сапасын мемлекеттік реттеу, импортты алмастырудың және отандық
кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік саясаты, мемлекеттік инвестициялық
саясат, кәсіпорындарды оңалту және санация болу керек.
Осы айтылған бағыттар кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз
етуге зор үлес қосады деп пайымдай отырып, кәсіпорын тұрғысындағы бағыттар
маңызын жоққа шығаруға болмайды.
Әр кәсіпорын өзінің микро деңгейінде бәсеке қабілеттілікті қамтамасыз
ету жүйесінің келесідей бағыттырын ұстануы керек: шығындарды басқару, өнім
сапасын және бәсеке қабілеттілікті басқару, өндірістік әлуетін
оңтайландыру, еңбек ресурстары мотивациясы, контроллинг, кәсіпкерлік
белсенділікті ынталандыру, маркетинг және логистика, инвестицияларды және
инновацияларды басқару, бизнес реинжиниринг.
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету механизмінің макро
және микро деңгейіндегі тұтқалар бірін-бірі жоққа шығармай, кәсіпорында тең
жүргізілсе, біздің ойымызша, кез-келген фирманың қатерлерден, қолайсыз
жағдайлардың алдын-алып, өз бизнесіне тұрақты сипат беруіне толық
мүмкіншілік бар.
Әрине, бәсеке қабілеттілікті қамтамасыз ету дәстүрлі басқарудан
біршама ерекшеленеді, ол кәсіпорын қызметіндегі елеулі өзгерістермен,
көлденең жағдайлармен, жаңа басқару мәселелерімен байланысты болады.
Фирмаға кейбір факторлар кенеттен әсер еткенде, экономикалық қызметтің
нәтижесіндегі қалыпты ауытқулардың арасында олардың әсері жасырын болып
қалады. Сөйтіп, егер мүмкін болатын өзгерістер арнайы болжау нәтижесінде
анықталмаса, өткен мерзімде фирманың экономикалық көрсеткіштерінің мерзімді
құлдырауын сәйкестендіру үшін пайдаланылған шаралар (шығындарды азайту,
еңбек өнімділігін арттыру, өндірісті дамыту, өткізуді белсенді ұйымдастыру)
өзгерістерге жасалатын алғашқы жауап болып қарастырылады.
Бәсеке қабілеттілікті қамтамасыз ету стандартты емес және төтенше
шараларды қабылдауды талап етеді. Бұл төтенше шараларды 2 категорияға
бөлуге болады:
1. Бірінші категорияны құрушы шаралар, фирманың қызметін оның
сыртқы ортамен қатынасында, ішкі ортасының динамикасында және құндылық
жүйесінде болған дискретті өзгерістерге сәйкестендіру үшін қабылданады.
Мұндай, фирма бейнесін өзгертіп және тәжірибеге “жаңа өмір салтын” енгізуге
әкелетін, шаралар болып: фирманың жаңа бизнес сфераларына енуі, фирманың
ағымдық заттық-өндірістік мамандануынан бас тартуы, онық қайта құрылуы және
стратегиялық жоспарлау жүйесін енгізуі сияқты шаралар табылады;
2. Екінші категорияны құрушы шаралар қалыпты қатынастардың
өзгеруіне әкелмейді. Сонда да олар біршама түбегейлі: өткізуді ынталандыру
бойынша өте кең кампаниялар жүргізу, әлсіреген сұранысты жоғарылату үшін
бағаны жедел төмендету, негізгі капиталды ірі көлемде есептен шығару,
ескірген тауарлардың көп запасын жою, ескірген құрал-жабдықтарды ауыстыру,
еңбек күшін жалдауды шектеу, басшы кадрлардың біліктілігін көтеру
бағдарламаларын тоқтату, ғылыми- зерттеу және тәжірибе-конструкторлық
жұмыстарына шығындарды азайту.
Кез келген тауардың бәсеке қабілеттілігін бағалаудың бастапқы кезеңі-
зерттеу мақсатын анықтау болып табылады. Егер зерттеу мақсаты берілген
тауардың сол сияқты тауар тізбегіндегі орнын анықтау болатын болса, онда
тек негізі параметрлер бойынша тікелей салыстыруды жүргізу керек. Белгілі
нарықта тауар өткізілуінің болашағын бағалауға бағытталған зерттеуде, нарық
конъюктурасының өзгеруі туралы, нарыққа шығатын тауарлар туралы, сұраныс
динамикасы туралы, белгілі заңдарда өткізілетін өзгертулер және т.б. туралы
мәліметті қамтитын, ақпараттық талдау жүргізіледі.
Әрбір тауар нақты жағдайларда қолданылатын, оның жарамдылық дәрежесі
анықталынатын кешенді қасиеттерді қамтиды. Тауардың бәсеке қабілеттілігін
объективті бағалау үшін өндіруші талдау кезінде тұтынушы қолданылатын
критерийлерді қолдану керек. Тек сонда ғана продуцент-кәсіпорынның өз
тауарына берген бағалауы тұтынушы ойымен сәйкес келеді. Сондықтан, ең
алдында тұтынушының көзқарасы бойынша маңызды параметрлердің жиынтығымен
талдау жүргізу керек.
Өнеркәсіп тауарларының бәсеке қабілеттілігін сипаттауда мына
параметрлерді бөліп көрсетеді: техникалық (нормативті, эргономикалық,
эстетикалық, және т.б.); экономикалық (тұтыну бағасын қалыптастыратын) және
ұйымдастырушы (жеңілдік жүйесі, төлем және жеткізу шарттары, жеткізудің
кешендігі, кепілдік мерзімі мен шарты және т.б.).
Бұндай параметрлердің бөлінуін кез келген сала өнімінің бәсеке
қабілеттілігін бағалауда қолданылуы мүмкін. Бәсеке қабілеттілігінің
параметрлер саны техникалық және пайдаланушылық қатынастарындағы өнімнің
түрі мен қиындығына, сонымен қатар талап етілген бағаның нақтылығы, зерттеу
мақсаты және т.б. факторларға байланысты.
Мысалы, өнеркәсіптік өнімнің экономикалық параметрлері тұтыну
бағасымен көрсетілген. Ол тұтынушының сатып алу (тауар бағасы) шығындары
мен тұтынумен байланысты шығындардан құралады. Мұнда тұтыну бағасы сату
бағасынан әлдеқайда жоғары. Сондықтан да нарықта минималды бағаны сұрайтын
тауарлар бәсеке қабілетті емес, ал тұтынушыда қызмет етуінің бүкіл
мерзімінде минималды тұтыну бағасы болатын тауарлар бәсеке қабілетті.
Біздің ойымызша, тауар өндірушілер нақты тауардың бәсеке
қабілеттілігін бағалауға қызығуға көбірек көңіл бөлмейді, ал кәсіпорының
немесе оның бөлімшесінің бәсеке қабілеттілігін бағалауда, яғни өткізілуші
өнімнің нақты түрі бойынша, қызығушылығы туады.
Нарықтағы бәсеке қабілеттілікті бір кәсіпорынның (немесе оның
бөлімшесінің) басқа кәсіпорынның бәсеке артықшылығын шығару жолымен
бағалауға да болады. Ол үшін салыстыруға қажетті базалық объектілерді
таңдау керек, яғни, кәсіпорынға байланысты жетекші кәсіпорынды таңдау және
олардың екеуі де сатып алушылардың бірдей қажеттіліктерін қанағаттандыруы
қажет, нарықтың туыстық сегменттеріне жатқызылуы шарт, басқа сөзбен айтсақ,
бір-біріне сай келуі керек. Салыстыру факторлық параметрлер бойынша
жүргізіледі, бұл факторлар бәсеке қабілеттілікке жоғары деңгейде әсер
етеді. Әрбір бәсекелес бойынша өндіріс көлемі мен сату көлемін, олардың
өсуін, нарықта алатын үлесін, сапа, баға және пайдалылық көрсеткіштерін
білу маңызды.
Жоғарыда келтірілгенді қорытындылай келе, кәсіпорынның бәсеке
қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін қолда бар және болашақта өндіріс үшін
алынатын барлық ресурстарды толық және үнемді пайдалануға тырысуымыз керек
деп ойлаймыз.
Қорытындылай келе, жоғарыда негізделген әдістемелік амалдар жәй және
біртекті алғышарттарын қамтымайды, алайда бұл амалдардың әдістемелік
құндылығын төмендетпейді.
Бәсеке қабілеттілігінің иерархиялық баспалдағының сатылары бойынша
жеке мемлекеттерді, жеке кешендерді орналастыруға мүмкіндік беретін бірдей
синтетикалық көрсеткіш жоқ. Тек бір мемлекеттің көрсеткіштер жүйесін басқа
бәсекелестік мемлекеттердің көрсеткіштерімен салыстыру мүмкін.
Бұл амалдардың артықшылығы олардың әмбебаптылығы болып табылады, яғни
біздің ойымызша олар тек өнім мен тауар өндірушілердің бәсеке
қабілеттілігін бағалау ғана емес басқа жағдайларда қолданылады.
Өнімнің талап етілген деңгейде бәсеке қаблеттілігін қамтамасыз ету үшін,
оны сандық балалаудың керектігін қажет етеді. Өнімнің бәсеке қабілеттілігін
зерттеу, өнімді даярлау үрдісінде (сапа ілмегің кезеңінде) жүйелі және
үздіксіз жүргізілуі керек және де өнімнің өмірлік циклінің фазаларына тығыз
байланысты болуы керек. (нарыққа енгізу, сату көлемінің өсуі, жетілуі, мол
болуы, құлдырау)
Өнімді даярлау үрдісінде бәсеке қабілеттілігін бағалау ИСО сапа
жүйелерінің модельдері негізінде “сапа ілмегінің” келесідей кезеңдерінде
өту керек:
- жобалау, өнімге деген талаптарды құрастыру;
- өндіріс;
- өнімді өткізу және бөлу.
Маркетингтік зерттеу шегінде бәсеке қабілеттілігін бағалау кезінде екі
вариант қарастырылады (1-ші кезеңде):
- берілген техникалық деңгейде өнімнің бәсеке қабілеттілігін
жоғарылату, өнімнің сату бағасының төмендеуі салдарынан өнімінің өткізілуін
жоғарылату мүмкін, бұдан өнімге деген сұраныс жоғарылайды, ал пайда
жіберілетін минималды деңгейден төмен болмайды;
- өнімнің бәсеке қабілеттілігін жоғары техникалық деңгейде жоғарылату
өнімнің сату бағасының жоғарылауы негізінде (өткізу көлемі сол қалпында)
немесе сату бағасының сол қалыпта сақтап, өткізу көлемін көбейту есебінен
пайданың жоғарылауына мүмкіндік береді.
Белгілі тұтынушы топтарын сұрау кезінде, сүт өнімдері бойынша бәсеке
қабілеттіліктің критерийлері қауіпсіздік органолептикалық көрсеткіштер
(сыртқы түрі, дәмі, иісі, түсі, формасы); сату бағасы, қораптың
тартымдылығы, өндірушінің имиджі болып табылуы мүмкін. Нарық экономикасына
өту, өнімнің бәсеке қабілеттілігін құрудың объективті қажеттілігі шарты
негізінде, оны қамтамасыз ететін механизмнің құрылуын талап етеді. Бұл
механизм нарық қатынастарының барлық субъектілерінің мүдделерін жүзеге
асыруға көмектесу керек: мемлекетке-әлемдік нарықта экономиканың
бәсекелестігіне жеткізу; кәсіпорындарға-қолайлы бағалар бойынша алынатын
сапалы өнімдерге қажеттілігін қанағаттандыру.
2 СМАК ЖШС-НІҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорынның технико-экономикалық сипаттамасы
Смак ЖШС-гі сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорын болып табылады. Бұл
кәсіпорын өзінің шаруашылық қызметін бірнеше шаруа қожалықтарының
бірігуінен бастаған болатын.
Кәсіпорын Қазақстан нарығында сұранысқа ие тамақ өнімдерін шығарады.
Нарыққа шағын ғана зауыттың ену тиімділігін осы кәсіпорынның табиғи
өнімдерді пайдаланатынынымен түсіндіруге болады. 1998-2001 жылдар
аралығында кәсіпорын жемісті дамып отырды. Алғашқы кезде кәсіпорындар
жекелеген шаруа қожалықтарынан құрылған болғандықтан; негізінен олар сүтті
сүт өңдеу зауыттарына өткізумен айналысты. 1999 жылы осы кәсіпорын өз
бетінше дайын өнім шығаруды ұйғарды, себебі сүт түріндегі шикізат ең
төменгі бағамен өкізілетін еді. Сүт өнімдерін өңдеу үшін құрал-жабдықтар
1999 жылы сатып алынды. Смак ЖШС-гіне кейбір құрал-жабдықтарды шикізаттың
жетіспеуінен зауытқа қайтаруға тура келді. Осы себептермен кәсіпорын
нарыққа жоспарлаған ассортимент бойынша сүт өнімдерін шығара алмады. Бірақ
кәсіпорын бірден өз өнімдерін тиімді өткізе бастады. Ал 2000 жылы өнімді
сату көлемі нарыққа арзан тауарларды шығару есебінен ұлғайды. Смак ЖШС-
гінде басқару батыс еуропалық мемлекеттер тәжірибесі бойынша жүргізіледі.
Кәсіпорындағы басқару тәжірибесі шет елдікке көп ұқсас болғандықтан
Ұлыбритания компанияларынан бірлесіп қызмет істеу туралы ұсыныстар түсті.
Өзінің құрылтайшыларының қызығушылығын пайдалану үшін табыс табу,
жиналыста белгіленген жалпы тапсырмаларды, жарѓыдан шыққан функцияларды
орындау үшін және Қазақстан Республикасының құқықтық нормативтік
актілерімен және заң шығарушылардың қызметіне қайшы келмейтін қызметтерді
жүзеге асыру. Ұйым қызметінің мақсаты болып табылады.
Өзінің жарғылық мақсаттарын жүзеге асыру үшін, ұйым келесідей
қызметтерді орындайды:
- сүт және сүт өнімдерін құю мен өндіру;
- импорттық және отандық алкогольді өнімдер мен сусындарды құю;
- шикізаттар мен ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу және дайындауларды,
қайта өңдеулерді, өндірісті, жанама шаруашылықты дамыту мен ұйымдастыру;
- заңды және жеке тұлғаларға тауар-аралық, маркетингтік және т.б. қызмет
түрлерін көрсету;
- Өндірістік тауарларды өткізу үшін аукциондарды ұйымдастыру, сату
секциялары мен фирмалық таңбаларды ашу;
- жарнамалық және ақпараттық қызметті ұйымдастыру;
- Үзіндік сыртқы экономикалық қызмет;
- Өндірістік- коммерциялық, сатып-сатып алу мен табыс операцияларын
жүргізу;
- Қазақстан Республикасының заң шығарушы органдарымен рұқсат
етілген және басқа да қызмет түрлері.
Ұйымның жарғылық капиталы 167670,1 мың тг мөлшеріндегі қызметін жүзеге
асыру үшін қалыптасқан. Ұйым өзінің шығынын жабу үшін резервтік капитал
құруы тиіс, ал оның сомасы жарғылық капиталдың қосылған сомасының кем
дегенде 15 пайызына тең болуы тиіс. Резервтік капитал ұйымның әр жыл сайын
таза табыстан аударылғаны арқылы пайда болады. Кәсіпорынның резервтік
капиталы 25150,5 мың тг құрайды, ал егер алда- жалда белгілі бір төлем
атқарса, онда біріктірілген жарѓылық капиталдан 15 пайызға кемиді. Жарғылық
капиталды толтырып, белгіленген мөлшерге жету үшін, ұйым аударымдарды
жаңартады.
Ұйым мүшелері болып келесілер табылады:
- Жоғарғы мүше – Серіктестіктің Жалпы Жиналысы;
- Басқару мүшесі – Директорлар Кеңесі;
- Атқарушы мүшесі – Басқарма;
- Бақылау мүшесі – Ревизиялық комиссия;
- Басқарма көмекшісі – Қоғамның Директорлар Кеңесі арқылы Президент
сайланады.
Смак ЖШС сүт, қаймақ, сүзбе, айран, ряженка, иогурт, балмұздақ,
құймақ және сүт өнімдерін өндіреді. Қазақстан Республикасының нарығының
қалыптасуы мен нығайуына байланысты, нарық экономикасының бірте-бірте
дамуына алып келді, жеке кәсіпкерлік дамыды, азық өнімдерінің өндірістік
даму мүмкіншілігі анықталды. Жас кәсіпкерлер ұжымы – азық-түлік өнімдерін
өндірумен айналыса бастады.
Алғашқы болып тізімге майонез бен сүзбеден жасалған ақ ірімшіктер енген
болатын. Бүгінгі күн компания сүт өнім ең ірі өндірушілерінің төрттігіне
кіреді. Компания нарық үлесінің 23 % құрайды.
Смак ЖШС-нің қызметі сұт өнімдерін өндіру және сату болып табылады.
Тиімді баға мен суретті де, әсем қорабы бар, сапалы өнім шығаруға
негізделіп, кәсіпорынның стратегиясынан шыққан, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz