Таяу Шығыстағы саяси дағдарыс


Мазмұны

Кіріспе. . 3

1. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Таяу Шығыс

1. 1. “Таяу Шығыс” қақтығысының пайда болу себептері мен тарихи алғышарттары. 51. 2. “Таяу Шығыстағы” қақтығыстың екінші кезеңі (1948-2007 жж. ) ………. 12

2. Таяу Шығыстағы саяси дағдарыс

2. 1. Араб-Израиль қақтығысын реттеудегі ірі мемлекеттердің ұстанымдары мен мүдделері25

2. 2. “Таяу Шығыс”дағдарысының қазіргі жағдайы . . 30

Қорытынды. . 34

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі36

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Жарты ғасырдан астам уақыт бойы әділетті саяси шешімін таппай келе жатқан Таяу Шығыстағы теке-тірес әлдеқашан жергілікті шеңберден шығып, халықаралық дәрежедегі шешілуі аса қиын қатерлі саяси проблемаға айналып отыр. Палестиндік ғалым С. Ғ. К. Исса Люайдың пікірінше осы жағдайдың өзі бұл тақырыптың ғылыми өзектілігін айқындайды және жанжалдың бейбітшілік орнату жолдарынан пайдалы тәжірибе алып, аймақтық қақтығыстардың алдын - алуда, шешуде қолдануға болады.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Тарих толқынында» атты еңбегінде Таяу Шығыс қақтығысының тарихына үңілу арқылы Орталық Азияның жас, тәуелсіз мемлекеттері өздеріне аса маңызды тарихи тағылым алуы қажет екендігін айтады.

Араб-Израиль қақтығысын зерттеуші С. Сайлауқызы атап көрсеткендей қазіргі таңда көптеген әлемдік БАҚ-тар мен ғылыми әдебиеттерде қақтығысқа қатысты мәліметтер біржақты сионистік немесе жеке геосаяси мүдделер тұрғысынан берілуде. Міне осы орайда отандық тарихнамада қақтығысқа қатысты объективті де әділетті ғылыми пікірлер жүйесін қалыптастыру ғылыми тұрғыдан қажеттілік болып табылады.

Жоғарыдағы ғылыми пікірлер көрсеткендей Таяу Шығыс дағдарысын зерттеу ғылыми-танымдық тұрғыдан да, қолданбалы бағыты бойынша да өзекті болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Араб-Израиль соғыстарын тарихи тұрғыдан жүйелі түрде зерттеу және аймақтағы саяси процестердегі БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдардың рөлін, сондай-ақ ірі державалар мен қақтығысқа қатысушы тараптардың саясатын жан-жақты талдау. Аталмыш мақсаттарға жету үшін төмендегідей нақты міндеттерді шешуді көздейді:

- Таяу Шығыс теке-тіресінің пайда болу себептері мен тарихи алғышарттарын анықтау;

- Сионизм мен Израиль мемлекетінің қалыптасуын және оның аймақтағы әскери, саяси, экономикалық дамыған күшке айналуын сараптау;

- 1917-2007 ж. ж. Таяу Шығыстағы саяси жанжалдар мен әскери қақтығыстарға талдау жасау.

- Таяу Шығыс дағдарысын реттеудегі ірі державалардың, бірқатар араб елдері мен Қазақстанның ұстанымдары мен мүдделерін көрсету.

- БҰҰ-ның және бірқатар халықаралық ұйымдардың рөлін, осы мәселені шешуге бағытталған қарарлары мен шешімдерін талдау.

- Израиль мен Араб елдері арасында жасалған бейбіт келісім-шарттарды талдау, олардың тарихи орны мен бүгінгі ықпалын көрсету.

Курстық жұмысы тақырыбының зерттеу дәрежесі. Қарастырылып отырған тақырыпқа тарихнамалық сараптау қазақ, ресей ізденушілерінің, сондай-ақ американдық және мұсылман мемлекеттерінің және ТМД елдерінің жеке авторларының еңбектерін зерттеу негізінде жасалды. Зерттеу тақырыбының проблемасына қатысты араб елдері ғалымдарының зерттеулері қарастырылды. Олардың ішінде М. А. Хрейзат еңбектері мен монографиялары аймақтық қауіпсіздік, бейбітшілік және жер мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Ресей зерттеушілерінің бұл мәселе бойынша көзқарастары еуропалықтарға жақын келеді. Бұл мәселелерді А. Ю. Олимпиев, А. И. Смирнов сияқты зерттеушілер мен ғалымдардың енбектерінен байқауға болады. Кеңес дәуірінде жарық көрген ғалымдардың еңбектері өзінің кұндылығы жағынан осы күнге дейін маңызды еңбектер қатарына жатады. Ол Г. С. Никитина, Ф. Алестин, Б. И. Киселев, Н. Д. Несук, С. П. Полюк, Е. Пастухов еңбектері болып табылады. Бұл авторлар өз зерттеулері арқылы Араб - Израиль соғыстарына және сионистер араб жерлерін басып алған соң, оны аннексиялау, яғни қосып алу саясатына талдау жасаған. Бұрынғы КСРО құрамындағы Қазақ КСР тарихнамасына шолу жасасақ, араб-израиль жанжалына арналған зерттеу, монография не болмаса жалпы мағлұмат беретін қазақ тілінде еңбектер мүлде жазылмапты.

Тек Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан соң ғана қазақстандық ғалымдар, саясаткерлер, дипломаттар К. К. Кожахметов, К. Ж. Өтегенова, М. Б. Заславская, А. Абаев, М. Ауэзов Таяу Шығыс проблемаларымен шұғылданып, өздерінің іргелі зерттеулерін жарыққа шығарды.

Тақырыптың әдістемелік негізі: курстық жұмыс тарихи, Таяу Шығыстағы аймақтық мәселені зерттеу, Таяу Шығыстағы мәселе бойынша халықаралық ұйымдардың қызметін талдау, барлық ақпараттарды сараптау мен халықаралық қауіпсіздік теориясын жүйелеу әдістерін қолдана отырып жазылған.

Жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспе, үш тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Таяу Шығыс

1. 1. Таяу Шығыс теке-тіресінің пайда болу себептері мен тарихи алғышарттары

Палестинаның ислам әлемінде алатын орны ерекше. Исламның саяси және діни тарихында, ислам дінінің қалыптасуында бұл аймақтың маңызы зор. Палестина территориясы Омар Халифтың (634-644) билігі кезінде Византиядан тартып алынды. Иерусалимнің мұсылман әлемінде діни орталыққа айналуы Омейядтар (661-750) династиясымен байланысты болды. Омейядтар халифаты құлағаннан кейін оның орнына Аббасидтер династиясы келді. Халифаттың астанасы Бағдадқа көшірілді, Иерусалимнің ислам әлеміндегі маңызы төмендеді. ХI ғасырда Палестина ислам мен христиан діндерінің арасындағы қақтығыс аймағына айналады. Фатимидтердің шиттік династиясының халифы Әл-Хаким аймақта ислам дінінің маңызын өсіре отырып, христиандарды қуғындауға ұшыратты. Сонымен қатар иудейлер де қуғындалады. Халифтың бұйыруымен Иерусалимдегі бірқатар шіркеулер қиратылды. Бұл жағдайды Рим шіркеуі крест жорықтарының бағытын мұсылмандарға қарсы қолданудың сылтауы ретінде пайдаланды. 1099 жылы Иерусалимді крестшілер жаулап алды, және олар мұсылмандарды ғана емес иудейлерді, шығыс христиан шіркеуінің өкілдерін тонады. Иерусалим қаласының құлауы ислам әлемінде туындаған саяси бөлінумен байланысты еді.

Герман императоры Фридрих II мен сұлтан Әл-Малик Әл-Камил (1218-1238) арасында бейбіт келісім жасалды. Келісім нәтижесінде Иерусалим мен Назарет христиандарға қайтарылды. Тек 1244 жылы ғана мұсылмандар Иерусалимді қайтара алды. 1516 ж Палестинаны түрік- османдары жаулап алды. Осы кезеңнен бастап бұл аймақ Осман империясының құрамына кірді. Палестина империяның құрамында болғандықтан, сұлтан өзінің сенімді өкілін аймаққа басшы етіп тағайындады. Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін бұл аймақ Осман империясының құрамында болды. Еуропаның отаршыл державалары Осман империясының жерлерін бөлуді өздерінің мақсаты етіп қойды. Ағылшындар империяны әлсірету үшін арабтарды түріктерге қарсы қойды. Сонымен қатар сионистерде түріктерге қарсы шаралар қолданды. Иерусалимнің осы кезеңде діни маңызы арта түсті.

XIX ғасырдың орта шенінде Палестинадағы еврей халқының саны 11 мыңға әрең жететін еді. Көпшілігі дін қызметкерлері қажылар еді, олардың бұл жерде орналасуының басты себебі де діни көзқарастан еді.

XIX ғасырдың соңында Еуропаның отаршыл державалары Осман империясын білуге ұмтылды. Осы кезде ағылшындар және сионистер Абдул Хамид II-ге Палестинаны еврей мемлекетін құру үшін беруін сұрайды. Сұлтан оған келіспеді де, 1900-1901 жылдары Палестина жерінде шетелдік еврейлердің 3-айдан артық болмауы туралы жарлық шығарды. Одан басқа ол Палестина жерін еврей саудагерлеріне сатуға шек қойды. Англия мен Франция өздерінің араб әлемінде отарлау саясатына “еврей мәселесін” белсенді түрде қолданды. Лондон әуел бастан-ақ Палестинаны Таяу Шығыстағы маңызды стратегиялық пункт ретінде қолына алғысы келген еді. 1917 жылы Осман империясының құрамында болған Палестина әкімшілік жағынан Сирия мен Бейрут вилаятына, Иерусалим аймағына бөлінді. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бірінші жартысында сионистердің Палестинаны отарлауы күшейе түсті. Сионизмнің негізін қалаушылардың бірі Т. Герцл “арабтардың мәселесін ” шешуде бір ғана жол арабтарды шетелге қуғындау деп түсіндірді. 1920 ж. сәуірде Палестинада Ұлттар лигасының бақылауындағы ағылшындардың мандаты орнады. Бұл ағылшындардың ашық отарлауына жол ашты. Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталысымен Палестина территориясында жаппай арабтардың ұлт-азаттық қозғалысы басталды. Сонымен қатар ағылшын үкіметі Палестинаны Шамнан ( Сириядан ) бөліп тастағысы келгенімен ешнәрсе шықпады, өйткені 1920 ж. Палестиндіктер бірінші Ұлттық көтеріліске шықты. 1920 ж. басында Ислам жоғары кеңесі алға қойған мақсатын жүзеге асыру үшін үнді халифаты қозғалысы көсемдерiмен байланыс орнатты. Олар Туркияны еуропалық державалардың бөлуін мойындамады. 1929 жылы тамызда Палестинада антисионистік бағыттағы қозғалыстар жаппай етек алды. Қозғалыс Иерусалимде діни мәселеге байланысты туындады. Тель - Авивте сионистер діни манифестацияға шығып, Соломон храмының бұзылуын еске алуға арналған демонстрация өткізді. Оларға қарсы мұсылмандар бас көтерді. Қозғалыс басында еврейлерге қарсы жүргізілгенімен, кейіннен сионистерге бағытталды. Ливанда палестиндіктердің қозғалысына қолдау көрсету үшін 20- жылдардың ортасында «Ислам жастарының одағы» құрылды. Оның көсемі Мұхаммед Жәмил Байхум сионистерге қарсы Ұлттар лигасына және ағылшын парламентіне бірнеше телеграмма жіберді. “Ислам жастарының одағы” Амин ал - Хусейнмен тұрақты байланыс орнатып, арабтардың бірігіп күресуіне ат салысты.

1939 жылы “Ақ кітап” деген атпен жаңа құжат қабылданды. Онда Палестинаны бөлу жобасының қате екендігі, болашақта араб - еврей біріккен мемлекеті құрылатындығы, араб жерлерінің сатылуына шек қойылатындығы қаралған. Сионистердің ағылшындар тарапынан қолдау таппауы, жаңа одақтас іздеуге мәжбүр етті.

1946 ж. Палестинада 1237 мың араб және 608 мың еврей тұрды. Осы жылдары сионистік ұйымдардың қолында Палестина жерінің 6 % болды. Израиль мемлекетінің қалыптасуына негіз жасаушылар, арабтарды жаппай қудалай бастады [1] .

Бас Ассамблеясы өзінің екінші сессиясында (1947ж 29 қараша) Палестинаны бөлу туралы 181 резолюцияны қабылдады. Ол бойынша Палестина 8 бөлікке бөлінуі тиіс еді, 3 - бөлігі еврейлерге, 3 - бөлігі араб еліне, 1 - бөлігі Яффа қаласы - еврей территориясындағы араб анклавын құруы тиіс еді. Ал соңғы бөлігі Иерусалимге халықаралық режим орнатылуы қажет болатын. 3236 (XXIX) резолюция (1974 жылы 22 - қараша) арқылы Бас Ассамблея палестина халқының құқын бекітті, бұл бойынша олар сыртқы араласусыз ұлттық тәуелсіздікке, егемендікке және өз ошақтарына оралуына құқықты болды. 1974 жылы Бас Ассамблея бекіткен палестина халқының құқықтары жыл сайын қайта бекітіліп келуде. 1974 жылы Москвада ашылған Палестина Азат ету ұйымының өкілдігі, 1990 жылы палестина мемелекетінің елшілігі ретінде өзгерді. 15 - қараша тәуелсіздік күні ретінде тойланады.

Палестина мәселесі БҰҰ -ның Бас Ассамблеясында 1947 жылдың мамырында және 1947 жылдың қыркүйек - қазан айларында болған сессияларында қаралды. Бұл отырыста мәселеге екі жақты келісу болды: бір жағынан АҚШ пен Англия, екінші жағынан Совет Одағы мен Англия БҰҰ - ның шартын тек кеңес ретінде көрсе, АҚШ Палестинаның еврей және араб мемлекетіне бөлінуін қалады. Совет Одағы егер екі Ұлтты мемлекеттің құрылуы жүзеге аспаса, онда Палестинада араб және еврей мемлекетінің құрылуы туралы да жобаны ұсынды. Бірақ ұзақ келіссөздерден кейін, ақыры 1947 жылы 29 - қарашада БҰҰ - ның Бас Ассамблеясы 181 (II) резолюциясында мандаттың әрекеттерін тоқтатып, елді араб және еврей екі демократиялы мемлекет құрылуын қабылдады. Осыдан соң Иерусалим аймағы дау-дамайдың ошағына айналады. Резолюцияда Иерусалимнiң халықаралық қадағалауда болатындығы айтылған болатын. 1947 жылы Сауд Арабия королі Сауд өзінің АҚШ - қа жасар сапары алдында мынадай мәлімдеме жасады: «Біз арабтар мұсылмандармыз, ал еврейлер ислам діні пайда болғаннан бастап біздің дінімізге қарсы. Еврейлер біздің жауымыз емес, олардың сионистік саясаткерлері біздің жауымыз». 1947 жылы 9-қазанда Хасан ал - Банна Араб елдері лигасының кеңесінде қысқа мобилизация жариялауды ұсынды, ол бойынша Палестинаға 10 мың моджахедтер “Мұсылман бауырлар” қоғамынан жіберілуі көзделді. Көп ұзамай жекелеген әскери топтар египет - палестина шекарасын бұза бастады, олардың мақсаты еврей қоныстарында қақтығыстар тудыру еді. Египет үкіметі мен мұсылман діни топтары арасында қарама - қайшылықтарда туып отырды, олардың соғысқа ресми қатысуы кейіннен қолдау тапты. Таяу Шығыстағы араб және еврей ұлтының арасындағы шиеленістің тереңдеуі, мыңдаған палестиндік арабтарды өз отанын тастап кетуге мәжбүр етті. Бұл жағдай көрші араб елдерінде де қайшылық тудырды.

Елдегі саяси құрылымның өзегі Палестинаның Азат ету ұйымы болып табылады. Палестина Азат ету ұйымының атқару комитетінде 18 адам (төрағасы Я. Арафат) . Палестинаның Азат ету ұйымы бағытына қарай шыққан топтар: Палестина халықтық Азат ету фронты, Палестина демократиялық азат ету фронты, Хамас жєне т. б. Палестиндік арабтар ұзақ уақыт 181- резолюцияны мойындамаған болатын, ондаған жылдар бойы қарулы күрес жүргізіп келуде, бірақ белгілі бір нәтижеге қол жетпеді. Халқының көпшілігі ислам дінін ұстайды, христиан мен иуда діндері де кең тараған.

XIX ғ. соңында сионистер халықаралық аренаға “еврей мемлекетінің” құрылуы деген ұранмен шықты. Еврей буржуазиясының ірі топтары Англияда, Германияда, Францияда және АҚШ-та саяси және экономикалық ықпалын күшейтуді ойлады. Палестинада еврей мемлекетінің құрылуын, көптеген еврей капиталистері қолдаған жоқ. 40- жылдары сионизм көппартиялық құрылымға айналды, оны әр түрлі тап өкілдері біріктірді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңі Палестинадағы сионистердің орталығы күшейген уақыт. 1946 жылы еврей мемлекетінің құрылуын американ сионистері мен палестиндік сионистер бір ауыздан қолдады. Нью-Йоркте американ сионистерінің бөлімі ашылды, және оның төрағасы А. Сильверан болды. Израиль мемлекетіндегі сионистер тек қана билікке ұмтылған жоқ, олар мемлекеттің құрылымына да өздерінің бағдарламаларын енгізуге тырысты. Израиль мемлекетінің ресми идеологиясы сионизм болды. Израильдің алғашқы премьер - министрі Д. Бен. Гурион еврей халқына мынадай үндеу тастады: “Израильдің тағдыры жер шарына шашырап кеткен еврейлердің қолында” .

1948 жылы 14-мамырда Израиль мемлекеті Палестина мандаттығының территориясында құрылды. Израиль үкіметі елдің аумағын ұлғайту арқылы, еврей қоныстарының санын өсірді. АЌШ- тың сионистерді қолдауы, олардың өз мемлекетін құруына әсер етті. Израиль мемлекеті құрылмай тұрып, оның жасақшыларын КСРО қаруландырды. Сталин Израиль мемлекетін құруды құптай отырып, Чехословакияда еврейлерді қаруландырды. КСРО- ның мұндағы мүддесі жаңадан құрылатын Израиль мемлекетін Таяу Шығыстағы Кеңес плацдарымына айналдыру еді. 1950 ж Израильде еврей қоныс аударушыларына арналған заң қабылданды. Онда әрбір еврей Израильге келуге құқылы деген мәлімдеме жасалынды. Израиль мемлекетінің құрылуымен қатар, елдегі жаңа парламент (Кнессет) бірқатар заңдар шығарды. Онда 1947 ж 29- қарашадан, 1948 ж 9-қаңтарға дейінгі кезеңде елден кеткендерге кіруге тыйым салды, және олардың меншігі мемлекет тарапынан тартып алынды. Израиль мемлекетінің құрылуы мыңдаған арабтардың өз отанын тастап кетуіне мәжбүр етті. Израиль мемлекетінің барлық аймақтарында арабтар қудаланды. Израиль жұмысшыларының көпшілігін құрайтын арабтардың тұрмысы еврейлермен салыстырғанда ауыр болды. Араб шаруаларының күйзеліске ұшырауы, оларды қалаға кетуге итермеледі.

Араб елді мекендерінің көпшілігінде әлі күнге дейін электр жарығы жоқ.

Араб шаруаларында ең қиын мәселе судың болмауы, ал еврей шаруалары үшін бұл мәселе шешілген. Арабтардың балалары көбінесе орта біліммен шектеледі, жоғары оқу орнына түсу өте қиын.

1949 ж. ақпанда Израильдің тұңғыш заң актісі қабылданды, оны кейде “кіші конституция” деп те атайды. Яғни қабылданған заңға үнемі толықтырулар енгізілуде. Елдің кнессеті (парламент) президентті 5 жылға сайлайды. Оның билігі шектеулі, сот қызметкерлерін, елшілерді, ресми өкілдерді үкімет пен кнессеттің қолдауымен тағайындайды. 1948ж тәуелсіздік жарияланған кезеңде, Израиль территориясында 806 мың адам тұрды. Соның 650 мыңы еврейлер, 156 мыңы арабтар болды. 1950 жылдың басында Иеменнен (45 мың) және Ирактан (123 мың) еврейлерді көшіру операциясы жүргізілді.

Иерусалим университетінде арабтар 1, 5% құрады, яғни ол ең төмен көрсеткіш еді. Арабтар барлық жерде кемсітушілікке ұшырады. Израильдік ғалым Амитан Бен - Иены өзінің бір сөзінде: “араб ғалымдары еврейлерге немесе Израиль үкіметіне қарсы бір сөз айтса, жұмыстан шығып кетер еді”, - деп ашық айтқан болатын. Кейбір Израиль бұқаралық ақпарат құралдарында арабтарды шектен тыс жау ретінде бейнелейді. Израиль әскерлері араб территориясына енгеннен кейін, олар арабтарды қудалады. Газа ауданы мен Патхат - Рафиахта еврейлердің жері ұлғайды. 1967 жылы Израильдің араб елдеріне жасаған агрессиясынан мына жерлерді тартып алды: Газа секторы мен Синай түбегін Египеттен, Батыс Иордан өзенінің жағалауы мен Шығыс Иерусалимді Иорданиядан, Голан үстіртін Сириядан өзінің ќол астына алды. Израиль үкіметі бұл әрекетті агрессия емес, қауіпсіздік шараларын алдын - алу деп түсіндірді [2] . 1972 жылы Рафах аумағында мекен еткен араб будуилері жаппай қуғынға ұшырады. Газа секторы территориясы үлкен емес Палестинаның бір бөлігі. Солтүстігінде Жерорта теңізімен шектелсе, батысында Египетпен, ал оңтүстігі мен шығысында Израильмен шекаралас. Газа секторы халық тығыз орналасқан аймақтардың бірі болып табылады. Израиль әскерлері көбінесе осы жерлерде қарама - қарсылықтарға ұшырап отырады. Газада болған Израиль әскерлерінің жауыздығы әлі күнге дейін жалғасып келуде. Газадағы арабтарды күштеу жаңа еврей қоныстарының пайда болуына жол ашты.

Израильдің бүгінгі территориясы 20, 7 мың км 2 дейін жетті, солтүстіктен оңтүстікке 470 км-ге созылып жатыр. Солтүстігінде Ливанмен, солтүстік шығысында Сириямен, шығысында Иорданиямен, оңтүстік - батысында Египетпен шекаралас, ал Батысында Жерорта теңізімен шайылады. Астанасы және үкімет резиденциясы Иерусалим болып танылғанымен, көп мемлекеттер оны мойындамайды. Олардың елшілігі Тель-Авивте орналасқан. Израиль көппартиялы парламенттік республика. 1998 жылдың ортасында елдегі халыќтың саны 6, 1 млн. - ға өсті, соның 81% еврейлер және 17 % арабтар. Израиль урбандалған мемлекет, халқының 90% қалада тұрады. Израильдегі еврейлердің өзі екі негізгі топқа бөлінеді: ашкеназы және сефарды болып. Израиль бүгінде экономикасы дамыған елдердің қатарына жатады. Елде машина жасау, электроника, радиотехника, әскери өнеркәсіпте жоғары дамыған. АҚШ - тың қолдауымен Израильде әскери кешен де дамуда. Израиль сонымен қатар әлемдегі алмаз өңдейтін және саудалайтын елге айналды. Израильде сыртқа бриллиантты экспорттау соңғы он жылда тез өсті. КСРО бірінші болып Израильдің тәуелсіздігін мойындаған ел. Израильдің сыртқы саясатындағы негізгі “стратегиялыќ одақтасы” АҚШ болып табылады. Израильдегі арабтар мен еврейлер арасында қақтығыстар, жиі - жиі болып тұрады. Палестина Азат ету ұйымындағы кейбір қозғалыстар әлі күнге дейін террористік әдістерді қолдануда. Әрбір террористік әрекеттен кейін, Израиль Газа секторы мен Батыс Иордан жағалауына өз әскерлерін енгізіп палестиндіктердің үйлерін атқылауда.

Бұл Таяу Шығыстағы жағдайды одан әрі өршітіп жіберді. 1996 жылы Израиль премьер министрі Беньямин Нетаньяхо билік басына келгеннен кейін “Үш жоқ” саясатын жүргізетіндігін мәлімдеді.

  • Голан үстіртінен кету жоқ.
  • Палестина мемлекетінің құрылуы жоқ.
  • Иерусалимге байланысты келісімге келу жоқ.

1999 жылы Эхуд Барактың сайлаудағы жеңісінен кейін, бірнеше бейбіт келісімдер жасалынды. А. Шаронның билігі кезеңінде де бірқатар бейбіт келісімдерге қол қойылды, бірақ бәрі сәтсіз аяқталды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында, Ұлыбританияның алдына қойған негізгі мақсаты Палестинаны өз қолына алу болатын. Палестина аймағы Таяу Шығыстағы стратегиялық маңыздылығымен ерекшеленеді. Осман империясының шығыс иеліктерін француздар мен ағылшындар бөліске салды. Палестинада француздар мен ағылшындар арасындағы келісім нәтижесінде халықаралық бақылау орнады.

Версаль конференциясында ағылшын мандатының шекаралары белгіленді, ол бойынша Англия Сайдадан, Литани, Иордан, Хоран өзендеріне дейінгі территорияны алса, Шығыста Акаба мен Синай шөлін қамтыды. Отар ісінің министрі Уинстон Черчилль тағайындалғаннан соң, ол Каирде аймақтағы ағылшын әскерлеріне конференция өткізді. Араб конгрессі Палестинадағы еврей иммиграциясына қарсы үндеу жүргізді. Араб конгрессінің көсемдері мақсатқа жетудің діни бағытын ұстады. Сионистердің жерді жаппай сатып алуы, араб шаруаларының күйзелуіне алып келді. 20-жылдары Араб конгрессінің басшылығы мұсылман және араб христиандарын Ұлттық қозғалысқа шақырды. Осы мақсатқа жету үшін мұсылман - христиан ассоциациясы (МХА) құрылды. Алайда бұл ассоциацияның ішкі жағдайында ауыз бірлік болмады [3] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екі белдеулі әлем жағдайында екі ірі мемлекеттің бір бірінің саяси ахуалына, сыртқы саясатына қызығушылығы - заңды табиғи құбылыс
Халықаралық қатынастардағы аймақтық қауіпсіздік мәселелеріндегі орта шығыс
Қазіргі әлемдегі аймақтық және жергілікті қақтығыстар мәселелері
Қазіргі әлемдегі аймақтық және жергілікті қақтығыстар
Қазіргі геосаяси процестер
1925-1933 жылдар арасындағы халықаралық қатынас
Таяу Шығыс мәселелерін реттеудегі Египеттің ұстанымы
«Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар тарихы» пәніне арналған дәріс сабақтарының тақырыптары
ТҮРКИЯНЫҢ ТАЯУ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНЕ СЫРТҚЫ САЯСИ СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУЫ
Египет және Таяу Шығыста қалыптасқан геосаяси жағдай
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz