Қазақстан Республикасының инвестициялық пай қорлары, жағдайы және қызмет ету ерекшеліктері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

І. Инвестициялық пай қорының әлеуметтік-экономикалық негіздері . . . 5

  1. Инвестициялық пай қорының құқықтық жағдайы, оларды құру

және активтерін сенімгерлік басқару шарты . . . 5

  1. Инвестициялық пай қорының пайы, пайлардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және оларды орналастыру . . . 9
  2. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сатып алу . . . 13

ІІ. Қазақстан Республикасының инвестициялық пай қорлары: жағдайы және қызмет ету ерекшеліктері . . . 16

2. 1. Инвестициялық пай қорларының қызметін ұйымдастыру . . . 16

2. 2. Жабық инвестициялық пай қоры, оның пай ұстаушыларының жалпы жиналысы . . . 19

ІІІ. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПАЙ ҚОРЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ

СТРАТЕГИЯЛАРЫ . . . 33

  1. Инвестициялық пай қорының пайлары банк депозиттеріне балама

ретінде . . . 33

3. 2. Шағын және орта бизнесті мемлекет тарапынан қадағалау . . . 38

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 53

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 55

ҚОСЫМША


Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы он жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Осы салыстырмалы азғантай уақыт ішінде ол эволюциялық дамудың барлық сатысынан өтті деуге болады, яғни алғашқы құрылудан тұрақтанып, дамуға дейін. Қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығы халықаралық тәжірибе есебінен де, ел экономикасының спецификалық ерекшелігі есебінен де модернизацияланып, даму үстінде.

Қор нарығының дамуының бір жаңашылығы, ол 2004 жылдың 7-шілдесінде республика парламенті қабылдаған «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының заңы негізінде инвестициялық қорлардың құрылуы. Мұндай заң алғаш рет 1997 жылы қабылданған болатын. Бірақ ол заң ескіріп, қор нарығының даму тенденциясына сәйкес келмей қалды. Осы алғашқы заң негізінде тек бір инвестициялық қор құрылып, бір жарым жылдан кейін инвесторлардың қызығушылығын тарта алмай, жабылып қалған болатын. Оған бірнеше фактор әсер еткен. Заңның жаңа басылымы барлық кемшіліктерді ескере отырып, инвестициялаудың ұжымдық нысанын дамыту және қор нарығына ішкі инвесторларды тарту мақсатында қайта қарастырылған болатын.

Зерттелу деңгейі. Бүгінгі таңда кәсіби басқарушылары бар инвестициялық қорларды құру ішкі жинақ қаражаттарының жиі өсуі мен оларды экономиканың нақты секторына тиімді тарту қажеттілігі жағдайында аса маңызды болып отыр. Сонымен қатар, доллардың ұлттық валютаға қатысты бағамының бірде көтеріліп, бірде төмендеуі жағдайында, доллардың евроға қатысты бағамының тұрақсыздығы, банктегі салымдар бойынша проценттік ставкалардың төмендеуі жағдайында альтернативті қаржы құралы ретінде қор нарығында инвестициялық қорлардың пайда болуы өте уақтылы болды және ол бағалы қағаздар нарығының жалпы дамуын қосымша ынталандырушы фактор бола алады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Инвестициялық қорлар туралы заң инвестициялық қорлардың 2 негізгі түрін бөліп көрсетеді: акционерлік және пайлық инвестициялық қорлар. Инвестициялық пай қорлары заңның жаңа басылымымен алғаш енгізіліп отыр. Яғни бұған дейін пай қорлары болған жоқ.

Инвестициялық пай қоры дегеніміз пайға, сондай-ақ оларды инвестициялау нәтижесінде сатып алынған өзге де активтерге ақы төлеуден алынған, пайларды ұстаушыларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі және басқарушы компанияның сенімгерлік басқаруында болатын ақша жиынтығы. Инвестициялық пай қорлары акционерлік инвестициялық қорларға қарағанда, өз бетінше активтер портфелін басқара алмайды. Инвестициялық пай қорларының ақшаларын инвестициялауды тек басқарушы компания жүзеге асыра алады және сол басқарушы компания инвестициялық пай қорын құруды немесе олардың қызметін тоқтатуды жүзеге асырады. Инвестициялық пай қоры заңды тұлға болып табылмайды және оны өз кезегінде «мүліктік кешен» деп атауға да болады.

Инвестициялық пай қорына ақша қаражаттарын сала отырып, инвесторлар басқарушы компаниямен сенімгерлік басқару шартын жасасады да, сол сәттен бастап пай ұстаушы болып саналады. Пай - инвестициялық пай қорындағы оның иесінің үлесін, инвестициялық пай қоры жұмыс істеуін тоқтатқан кезде оның активтерін өткізуден алынған ақшаны алу құқығын, сондай-ақ Заңда айқындалған инвестициялық пай қоры қызметінің ерекшеліктеріне байланысты өзге де құқықтарды растайтын, шығарылымы құжаттандырылмаған нысандағы атаулы эмиссиялық бағалы қағаз. Пайды осы инвестициялық пай қорын сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын басқарушы компания береді. Ал пайларды иелену құқығының есебін пай ұстаушылардың реестріндегі шотта тіркеуші жүргізеді.

Пай ұстаушылардың табысы пай құнының өсуінен қалыптасады. Пайлардың құны уақыт өткен сайын өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Себебі нарықтық бағалы қағаздардың бағасы әрдайым өзгеріп отырады. Сондықтан пай ұстаушылар пай құнының өзгеруіне байланысты шығындар тәуекеліне баруы мүмкін.

Қордың мүлкін басқарушы компания басқаратындықтан, оның қызметі қатаң бақыланып отырады. Басқарушы компания пай қорының инвестициялық портфелін жүзеге асыру үшін уәкілетті орган беретін лицензия негізінде ғана инвестициялық пай қорларын сенімгерлік басқара алады. Басқарушы компания инвесторлардың қаражаттарын мақсатсыз пайдаланбас үшін, қаражаттарды басқару қызметі мен сақтау қызметі бір-бірінен ажыратылған. Яғни пай ұстаушылардың қаражаттары басқа ұйымда сақталады, ол кастодиан. Кастодиан пай ұстаушылардың қаражаттарын сақтап қана қоймай, олармен жасалатын операциялардың заңды болуын бақылап отырады. Яғни кастодиан инвестициялық қор активтерімен жасалатын мәмілелерді бақылап, талаптарға сай келмеген жағдайда, басқарушы компанияның тапсырысын тежейді де, тез арада уәкілетті органға хабар береді.

Инвестициялық пай қорының пай ұстаушыларының реестрін, яғни кім, қашан және қанша пай сатып алғанын немесе сатқанын тіркеуші жүргізіп отырады. Тіркеушінің, әрине, бағалы қағаздар ұстаушылардың реестрін жүргізуге лицензиясы болуы тиіс.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.


I. Инвестициялық пай қорларының әлеуметтік-экономикалық негіздері

  1. Инвестициялық пай қорларының құқықтық жағдайы,

оларды құру және активтерін сенімгерлік басқару шарты

Бүгінгі таңда бағалы қағаздар нарығы мемлекет экономикасының дамуына орай өзгеріп, жетіліп, дамып жатыр. Осыған байланысты 2004 жылдың шілде айында «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған болатын. Осы заңның 3-ші тарауында инвестициялық пай қорларының қызмет ету жағдайлары қарастырылған. Яғни осы заңға сүйенетін болсақ, инвестициялық пай қоры заңды тұлға болып табылмайды. Егер инвестициялық пай қарының ережесінде өзгеше көзделмесе, қор шектелмеген мерзімге құрылады.

Инвестициялық пай қоры активтеріне меншік құқығындағы үлес басқарушы компания шығыратын паймен куәландырылады. Инвестициялық пай қорының активтерін оның пайларын ұстаушылар арасында бөлуге және олардан үлесті заттай бөліп алуға жол берілмейді.

Инвестициялық пай қоры активтерінің ең төменгі мөлшері пайлар шығырылымын тіркеу күні, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 5 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Инвестициялық пай қорын құру туралы шешімді, егер осы мәселе қордың жарғысында басқарушы компания акционерлерінің жалпы жиналысының айрықша құзіретіне жатқызылмаса, осы қордың басқарушы компаниясының директорлар кеңесі қабылдайды. Инвестициялық пай қоры басқарушы компаниясының директорлар кеңесі, егер оның жарғысында өзгеше белгіленбесе, инвестициялық пай қорының ережелерін бекіту, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімдер де қабылдайды.

Басқарушы компания бір-бірінен инвестициялық декларациялары бойынша айырмашылығы болатын бірнеше ашық, аралық немесе жабық инвестициялық пай қорларын құруға құқылы. Басқарушы компания, кастодиан және тіркеуші, тәуекелмен инвестициялайтын инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, жұмыс істеуін жасалған шарттарға сәйкес өздері қамтамасыз ететін инвестициялық пай қорларының пайларын ұстаушылар бола алмайды.

Инвестициялық пай қорларын біріктіру немесе олардың нысанын өзгерту. Қордың ережелерінде белгіленген шарттармен және тәртіппен бір нысандағы инвестициялық пай қорларын біріктіруге жол беріледі. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысы қордың нысанын ашық немесе аралық инвестициялық пай қорына өзгерту туралы шешім қабылдауы мүмкін. Ал ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының нысанын жабық инвестициялық пай қорына өзгертуге жол берілмейді.

Инвестор инвестициялық пай қорының активтерін сенімгерлік басқару шарты бойынша ақшаны басқа инвесторлардың ақшасымен инвестициялық пай қорына біріктіру және кейіннен оларды осы қордың ережесіне сәйкес инвестициялау мақсатында басқарушы компанияның сенімгерлік басқаруына береді. Инвестициялық пай қорын сенімгерлік басқару шарты қосылу шарты болып табылады, оның талаптарын басқарушы компания инвестициялық пай қорының ережелерінде айқындайды. Қордың пай ұстаушысы инвестициялық пай қорының сенімгерлік басқару шартын көрсетілген шартқа тұтастай қосылу арқылы ғана қабылдауы мүмкін.

Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген талаптармен бірге инвестициялық пай қорын сенімгерлік басқару шартында:

  • шартты бұзу және (немесе) қордың жұмысын тоқтату талаптары мен тәртібі;
  • қордың активтерін басқа басқарушы компанияға басқаруға беру, басқарушы компанияның қор жұмыс істеуін тоқтатқаннан кейінгі, соның ішінде оның инвестициялық портфельді басқару лицензиясының қолданылуын тоқтата тұрған немесе қайтарып алған жағдайларда міндеттерін орындау шарттары мен тәртібі;
  • тараптарды жауапкершілігі болуға тиіс.

Соңғы жылдары мемлекетімізде халықтың қаржылық сауаты мен инвестициялық мәдениетін жоғарылату бағытында кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Соған қарамастан, тұрғындардың көпшілігі Пайлық инвестициялық қорлар жөнінде (ПИҚ) біле бермейді.

Ұжымдық инвестициялаудың бір формасы болып табылатын пайлық инвестициялық қорлар тұрғындардың жеке жинақтарын ұлғайтуда банктік депозиттерге бәсекелес болумен қатар, оларды инвестициялау арқылы акциялар рыногының ірі қатысушысы бола алды.
Пайлық инвестициялық қорлар - салымшылар басқарушы компаниядан пай сатып алу жолымен ПИҚ-қа капитал инвестициялайтын ұжымдық инвестициялаудың бір формасы. Басқарушы компаниялар бұл активтерді олардың құнының өсуі және табыс алу мақсатында бағалы қағаздарға инвестициялайды. Инвестор, ПИҚ және басқарушы компания негізінде сенімді басқару келісімі жатыр. Пай - ұстаушының инвестициялық қордағы үлесін куәлендіретін және оған ПИҚ қызметін тоқтатқаннан кейін иелік ету құқын беретін құжатсыз формадағы атаулы, эмиссиялық бағалы қағаз.
Қаржылық, құқықтық және басқару формасына сәйкес инвестициялық қорлар бірнеше түрлерге бөлінеді. Құқықтық формасы бойынша корпорация және траст түрінде болады. Корпорацияның кейбір түрлері қорды басқару функциясын өздері атқарса, екінші бір түрлерінде қордың инвестициялық портфелін басқару компаниялары басқарады. Траст - инвестициялық қорлардың ерекше формасы. Экономикалық мағынасы жағынан траст пен корпорацияның екінші нұсқасының арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Траст - (ағылшын тілінде-сенім) өткен ғасырдың басында Шотландияда пайда болып, құқықтың басқару және меншік болып бөлінуін білдірді. Бұл әдіс англосаксондық заңнамада кең тараған. Акционерлік формаға қарағанда траст заңмен қатаң реттеледі. АҚШ-та инвестициялық қорлардың трасттық (англосаксондық) моделі жиі кездеседі. Ал құрлықтық Еуропа мен Жапонияда корпоративтік (континентальды) модель. Шетелдерде инвестициялық қорларды өтімділік формасы бойынша да бөлу қалыптасқан. Бір-біріне қарама-қарсы 2 инвестициялық қор формасы қызмет етеді: жабық (closed-end ) және ашық (open-end) . Инвестициялық қорлардың типтері мен оны басқару түрінің арасында кейбір байланыстар бар: жабық түрдегі қорлар әдетте корпорациялар түрінде болады да, ашық корпорациялар және трасттар түрінде болады. Жабық типтегі инвестициялық қорлар Ұлыбританияда «бағалы қағаздарға инвестициялау бойынша қоғамдар» деген атпен танымал болса, Францияда оларды «Капиталы тұрақты инвестициялық компаниялар» деп атайды. Мұндай қорлар тек корпорациялар түрінде құрылады. Бағалы қағаздар портфелі бір рет қана қалыптасады, соған сәйкес белгілі бір көлемде акциялар шығарылады. Мұндай инвестициялық қорлардың құрылтайшылары қордың акцияларын сатып алуға міндетті емес. Акциялардың алғашқы шығарылымы, барлық корпорациялардағы сияқты, тек құрылтайшылар арасында бөлінеді. Жаңа акционерлер үшін қосымша акциялар эмиссиясы жүргізіледі, бірақ бұл алдыңғы шығарылымдағы акциялар толық орналасқаннан кейін барып қана жүзеге асады. Эмиссиялар арасындағы акциялар саны тұрақты, бірақ акционерлер құрамы өзгеріп отыруы мүмкін. Мұндай инвестициялық қорлардың акцияларының қарапайым корпорациялардың акцияларынан ешқандай айырмашылығы жоқ. Жабық инвестициялық қорлардың акцияларын алғашқы орналастыру брокерлік фирмалар арқылы жүзеге асады. Акциялардың өтімділігі олардың биржалық, сондай ақ биржадан тыс айналымдағы инвесторлардың сату-сатып алу мүмкіндігіне байланысты. Акциялар бағамы сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде анықталады.

Ашық типтегі инвестициялық қорлар бертін келе пайда болды бірақ аса қарқынды дамыды. АҚШ-та олар «қарыз корлары», Ұлыбританияда «сенімді пайлық қорлар», Испанияда «бағалы қағаздарға инвестициялау қорлары» деген атауға ие. Ал Францияда оларды «капиталы ауыспалы инвестициялық компаниялар» деп атайды. Жабық қорлардың да, ашық қорлардың да француздық атауы олардың мағынасын толық ашады. Ашық инвестициялық қорлар акциялар эмиссиясын жүзеге асырып тұрады. Бірақ олардың акциялары биржалық айналымға түспейді, тек қордың өзіне ғана сатылады
Салымшылардың, яғни пай иелерінің табысы қор активтерінің таза құнының (АТҚ) өсуімен анықталады. Мысалы, «А» инвестициялық қоры жыл басында бір данасы 10 мың теңге болатын 1000 дана бағалы қағаз (пай) шығарды делік. Тиісінше кор активтерінің таза құны 10 млн теңге болды. Жинақталған қаражатты басқару компаниясы мемлекеттік, корпоративтік облигацияларға, акцияларға және тағы да басқа бағалы қағаздарға инвестициялау нәтижесінде алты айдан кейін қордың АТҚ-сы 12 млн теңгені құрады. Сонда қордың табыстылық деңгейі:

12 млн -10 млн/10 млн *100 = 20%

Осы кезде пай иесі қолындағы үлесін басқарушы компанияға қайта сатқысы келсе немесе тағы да қосымша пай сатып алғысы келсе, бұл жағдайда пайдың бір данасының құны 12 мың теңгеге бағаланады. Қазақстан жағдайында ашық және жабық ПИҚ пен қоса интервалды ПИҚ-тар қызмет етеді. Берілген қор түрлерінің бір-бірінен айырмашылығы - олардың пайды сату немесе сатып алу мүмкіндіктерінің жиілігінде екені белгілі. Ашық қорлардың пайларын кез келген жұмыс күні сатып алуға немесе өткізуге болатын болса, интервалды ПИҚ-тарда ол тек белгіленген кезеңдерде ғана мүмкін болады. Ал жабық қорлардың пайлары тек сенімді басқару келісімінің мерзімі аяқталған кезде ғана басқарушы компанияға өткізіледі. Сонымен, ПИҚ - жинақтау құралы емес, белгілі бір мөлшерде тәуекелі бар инвестициялау құралы.

Қазіргі таңда біздің елімізде 186 қор бар. Оның 143-і - жабық, 18-і - ашық, ал 25-і - интервалды қорлар. Активтерінің жиынтық сомасына келетін болсақ, бұл көрсеткіш қазіргі күні 299 млрд теңгені құрап отыр. Пайлардың бір данасының құны 1 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейін жетеді. Пайлық инвестициялық қорға қатысушы жеке тұлғалардың саны 2000 адамнан сәл ғана асады. Ал нарықтың басым бөлігі түрлі қаржы институттарына тиесілі. Бұл - пайлық инвестициялық қорға қаржы салу секілді құралдар қазақстандықтар арасында аса танымал емес екендігін аңғартады. Мұның себебі тұрғылықты халықтың басым бөлігінің бұл құралдар жайында мағлұматқа қанық емес екенінде және 90-шы жылдардағы жекешелендіру кезіндегі қорлар мен өткен жылдардағы тұрғын үй саласындағы үлестік құрылыстан аузы күйген жұрттың рыноктың бұл сегментіне де сенімсіздік танытып отырғанында болса керек. Бұл мәселелерді шешу үшін ПИҚ танымалдылығын арттыру және тұрғындардың қаржылық сауаттылығының жалпы денгейін көтеру тұрғысынан мемлекет белсенді араласып отыр. Мамандардың пікірінше, Пайлық инвестициялық қорлар бүгінгі күнде Қазақстанның қаржы рыногының заңмен неғұрлым толық әрі сапалы реттеліп отырған бөлігі. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 144-бабының 5-1 тармағы бойынша пайлық инвестициялық қорлардың пайлары мен акционерлік инвестициялық қорлардың акциялары бойынша төленетін дивиденттер және ПИҚ пайларын осы қордың басқарушы компаниясы сатып алған жағдайда түсетін табыс жеке табыс салығынан босатылған.
Кез келген салаға инвестиция салар алдында инвестордың сол саланың құрылымы мен қатысушылары туралы ақпаратқа қанық болуының маңызы жоғары. Осы орайда интернет торабында Қазақстанның инвестициялық қорлар нарығының барлық қатысушыларына арналған «Іnvestfunds» деп аталатын ақпараттық сервердің жұмыс істеп келе жатқанына да бірнеше жыл болды. Аталмыш сайтта инвестициялық қорлар мен басқарушы компаниялардың тізімдері, қорлардың табыстылығы мен активтерінің көлемі бойынша рейтингтері, бағалы қағаздардың бағасы мен сатып алу жолдары, сондай-ақ қор рыногындағы соңғы жаңалықтар мен сараптамалар көрсетілген. Сондағы мәліметтерге сүйене отырып, басқарушы компанияның басқару стратегиясымен танысып және өзінің тәуекел деңгейін айқындап, кез келген жеке инвестор өзі шешім қабылдауы тиіс. Тағы бір ескере жүретін жағдай - кез келген қордың инвестициялаудағы нәтежиесі оның болашақтағы табыстылығының көрсеткіші емес, оның құнының жоғарылауымен қатар төмендеуі де мүмкін.

Үкіметтің соңғы жылдары бұл салаға үлкен мән беруі қуантады. Өйткені қор нарығы жетілмей жедел даму мүмкін емес. Ал еліміздің алдында экономиканы индустриалды-инновациялық жедел дамыту міндеттері тұр.

  1. Инвестициялық пай қорларының пайы, пайлардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және оларды орналастыру

Пайдың бағасы мен бір ұстаушыға тиесілі пайлардың саны бөлшек сандармен көрсетілуі мүмкін. Пай сатып алу инвестордың инвестициялық пай қорының сенімгерлік басқару шартына қосылғаны туралы куәландырады. Пай ұстаушы - инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар тізілімі жүйесінде немесе нақтылы ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шоты бар және инвестициялық пай қорының пайлары бойынша құқықтары бар тұлға. Пай ұстаушының өз пайын иелігінен шығаруы сенімгерлік басқару шартының бұзылғанын білдіреді. Инвестициялық пай қорының пай ұстаушылары тізілімдерінің жүйесін жүргізуді тіркеуші жүзеге асырады. Қордың пай ұстаушылары тізілімдерінің жүйесін жүргізу, пайларды нақтылы ұстауды есепке алу жүйелерінің, пайлармен жасалған мәмілелерді тіркеу ерекшеліктері тіркеушінің ішкі құжаттарымен айқындалады. Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар қор активтерін сенімгерлік басқаруға байланысты туындаған міндеттемелер бойынша жауап бермейді және өздерінің пайларына тиесілі құн шегінде зияндардан тәуекелін, оның ішінде инвестициялық пай қоры активтерінің рыноктық құнының өзгеруіне байланысты заңдар тәуекелін көтереді. Ашық инвестициялық пай қорының және тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық пай қорының пайларын сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда жүйелеріне орналастыру мен айналымға жіберуге жол берілмейді.

Инвестициялық пай қорының пай ұстаушыларының құқықтары:

  1. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайын ұстаушы осы қордың басқарушы компаниясынан өзіне тиесілі пайды Заңда және осы қордың ережесінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен сатып алуды талап етуге құқылы;
  2. Жабық инвестициялық пай қорының пайын ұстаушы осы қордың пай ұстаушыларының жалпы жиналысына қатысуға, осы жабық инвестициялық пай қорының ережелерінде көзделген шарттармен және тәртіппен осы пай бойынша дивиденттерді мезгіл-мезгіл алып тұруға құқылы;
  3. Инвестициялық пай қорының ережелеріне сәйкес басқарушы компанияның қызметін бақылауды жүзеге асырады.

Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу. Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеуді уәкілетті орган басқарушы компания ұсынған мынандай құжаттар негізінде жүзеге асырады:

  1. Өтініш;
  2. Басқарушы компанияның жарғысына сәйкес оның директорлар кеңесі немесе акционерлердің жалпы жиналысы (дауыс беретін барлық акцияларды иеленуші жалғыз акционері) қабылдаған инвестициялық пай қорын құру туралы шешімінің көшірмесі;
  3. Басқарушы компаниясының жарғысына сәйкес оның директорлар кеңесі немесе акционерлердің жалпы жиналысы (дауыс беретін барлық акцияларды иеленуші жалғыз акционері) бекіткен қор ережесі (2 дана) ;
  4. Кастодианмен және тіркеушімен жасалған шарттардың көшірмесі;
  5. Егер көрсетілген құжаттар бұрын уәкілетті органмен келісілмеген болса, басқарушы компанияның Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңдарының талаптарына сәйкес келетін басқарушы компания қызметінің, құрылымдық бөлімшелерінің және басқарушы компания қызметкерлерінің инвестициялық пай қорын құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және жұмысын тоқтату жөніндегі қызметінің шарттары мен тәртібін регламенттейтін ішкі құжаттары (2 дана) негізінде жүзеге асырады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық пай қорлары: отандық және шетел тәжірибесі
Инвестициялық пай қорының ережесінде
Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру
Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы Заңын талдау
Институционалды инвесторлардың мәні жане олардың қызымет ету механизмдері
Банктік қызмет
ҚР бағалы қағаздар нарығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНДА МҮЛІКТІ СЕНІМГЕРЛІКПЕН БАСҚАРУ ИНСТИТУТЫ
Қазақстан Республикасындағы қор нарығының қызметінталдау
Бағалы қағаздар нарығындағы институционалды инвесторлардың қалыптасуындағы құқықтық негіздер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz