Солтүстік Тянь-Шань тауының физикалық-географиялық сипаты
КІРІСПЕ
I ТАРАУ. СОЛТҮСТІК ТЯНЬ ШАНЬ ТАУЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Бірінші тарауға түйін
II ТАРАУ. САЯХАТ ЖОРЫҚТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ӨТКІЗУДІҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ
2.1. Саяхат түрлері және олардың мінездемесі
2.2. Саяхат түрлерінің пішіні мен топтары.
2.3 Жорықты ұйымдастыру және дайындау.
2.4. Жорыққа дайындық және оны өткізу барысы кезіндегі топтың міндеттерін бөлу.
2.5 Түйіндер және олардың саяхатқа пайдаланылуы.
2.6 Жерлерді ажыратып, дұрыс бағыт ұстай білу әдістері.
2.7 Азық . түлік.
2.8 Демалу мен түнейтін жерлер.
2.9 Саяхаттық жорық кезіндегі қауіп, жарақат және сырқат.
Екінші тарауға түйін.
III ТАРАУ. ТУРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗІН ДӘЛЕЛДЕУ
3.1 Турдың экономикалық негізделуі
3.2. Турды ұйымдастырудағы 8.адам туристке және 13.адам қызмет көрсетушілерге жұмсалған қаражат
3.3 Туристік өнімді нарыққа жылжыту
Үшінші тарауға түйін
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Туризм бүкіл әлемдік экономика саласында ең басты қызметтердің бірін
атқарады. Атап айтқанда, Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректеріне
сүйенсек, ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық
инвестицияның 11% пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір тоғызыншы
жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Қазақстан егемендік алғаннан бері туризм
құрылымында біршама өзгерістер болды. Жаңадан туристік экскурсия
қауымдастықтары құрылды. Осы жылдары Қазақстан туризмінің дамуына
Самойленко Н.И., Әбденбаев С., Жездібаев Т., Чукреев А., Вуколов В.Н.,
Мазбаев О., Ердаулетов С.Р. және т.б үлкен үлес қосты. 1993 жылы (БҰҰ)
статистикалық комиссиясы туризмге мынадай кеңейтілген түрде анықтама
қабылдады: Туризм – адамдардың өздері өмір сүретін қалыпты ортадан тыс
орналасқан жерлерге қатарынан бір жыл мерзімнен аспайтын кезең барысында
демалыс, іскерлік және басқа да мақсаттарда саяхат жасайтын және болуды
жүзеге асыратын адамдардың қызмет түрі. 2007-2011 жылдарға арналған
туризмді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2007 жылға жоспарланып
отырған 4.5 млн. шетелдік туристердің санын 2011 жылы 6,0 млн. адамға
жеткізу жоспарланып отыр. Осы уақыт аралығында шетел туристерінен 603.2
млрд. тенге мөлшерінде кіріс кіргізу көзделген.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің
және Статистика агенттігінің деректері бойынша сырттан келушілер туризмі
көлемінің 2004 жылы 4291 мың туристен 2005 жылы 4365 туристке дейін тұрақты
арту үрдісі байқалады. Ішкі туризм бойынша көрсеткіштер 2004 жылғы 2793,8
мың туристен 2005 жылғы 3280 мың туристке дейін өсуде. Мұндай тиімді жағдай
алдағы уақытта да сақталады деген болжам бар. Сол себепті Қазақстанның да
әлемдік туристік нарықтан өзінің лайықты орнын алатынына сенім мол.
Қазіргі таңда Қазақстандағы туризмнің дамуы көптеген факторлар кешені
салдарынан кейін қалып отыр: мысалы, кәсіби деңгейдің төмендігі, салынатын
салықтың жоғарылығы, эканомиканың баяу тұрақтылығы және т.б. Дегенмен
мамандардың болжамы бойынша біздің еліміз туристер арасында анағұрлым
танымал болатын аймақтардың қатарына қосылуға мүмкіндігі бар. Туристік
қызметтің барынша табысты жүзеге асырылуы үшін аталған саланың
инфрақұрылымын дамытуға елеулі қаржы инвестициясын құю, біліктілігі жоғары
мамандар даярлау, кәсіпкерлерді осы нарықта табысты бәсекелесе алуға
үйрету, мемлекет тарапынан пайдалы көмек көрсету қажет етіледі.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Туризм даму концепциясындағы
басым бағыттағы аудандардың бірі ретінде Солтүстік Тянь Шань тауындағы
туризмнің даму мүмкіншіліктерін ескере отырып, келешектегі туристік аудан
қалыптастыру. Туристік өнімді құру коплекстік жүйелендірілген анализ бен
бірнеше шарттарды орындау арқылы іске асатын күрделі көп сатылы процесс:
Нарықтың маркетингтік зерттеулерін жүргізу (потенциалды туристік сұранысты
анықтау, туристік-рекреациялық ресурстардың анализі, т.б.) Осы аймақта
туристік саяхаттарды жоспарлау, құру, өткізу.
Қазақстанның жер көлемінің 10% таулы аймақ алып жатыр, соның ішінде
Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан солтүстік Тянь-Шань таулы өлкесінде
туризмнің белсенді түрін дамытуға мүмкіндік жасау. Саяхаттың танымдық
қызметімен бірге тәрбиелік, сауықтырушылық және спорттық қызметі де бар. Ол-
адамдар бойында көпшілдік, достық, бір-біріне мейірімділік, сенімділік пен
төзімділік, сабырлылық секілді ең маңызды қасиеттерді қалыптастырады.
Бүгінгі таңда белсенді тынығудың кең тараған түрлерінің арасында спорттық
саяхаттың келешегі өте зор екенін сеніммен айта аламыз. Бәрінен әуесқой
саяхатшыларды Тянь-Шань таулары ерекше қызықтырады. Ормандар мен
көмкеріліп қалтыр мұз бен қардан бөрік киген ол таулар батыстан шығыс
бағытта созылып, таулы аймақтағы жаяу жорықтың дамуы үшін шексіз мүмкіндік
туғызғандай.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Солтүстік Тянь - Шань тауындағы үшінші
дәрежедегі күрделі жорықты ұйымдастырудың бағдарламасын жасау.
Міндеттері:
1. Солтүстік Тянь-Шань тауының физикалық-географиялық сипаты.
2. Саяхат жорықтарын ұйымдастыру мен өткізудің жалпы негіздері.
3. Турдың экономикалық негізін құрастыру.
Құрылымы. Дипломдық жұмыс - кіріспеден, негізгі бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымша
материалдардан тұрады. Кіріспе бөлімінде дипломдық жұмыстың өзектілігі,
мақсаты және міндеттері туралы айтылады. Негізгі бөлім үш тараудан тұрады.
Бірінші тарау-солтүстік Тянь-Шань тауының физикалық-географиясы, жер-бедері
және климаты, өзендер мен көлдері, өсімдіктер мен жануарлар әлемі,
мұздықтарының көрінісін құрайды. Екінші тарау – саяхат жорықтарын
ұйымдастыру мен өткізудің жалпы негіздері, саяхат түрлері және оның
мінездемесі, саяхат түрлерінің пішіні мен топтары, жорықты ұйымдастыру және
дайындау, жорыққа дайындық және оны өткізу барысы кезіндегі топтың
міндеттерін бөлу, түйіндер және олардың үшінші дәрежелі күрделі жорықта
пайдаланылуы, жерлерді ажыратып дұрыс бағытты ұстай білу әдістері, азық-
түлік, демалу мен түнейтін жерлер, саяхаттық жорық кезіндегі қауіп, жарақат
және сырқат. Үшінші тарау – турдың эканомикалық негізін құрастыру, турдың
экономикалық түсініктемесі, турды ұйымдастырудағы 8 - адам туристке және 12
- адам қызмет көрсетушіге жұмсалған қаражат, туристік өнімді нарыққа
шығару. Қорытынды бөлімінде дипломдық жұмыстың жүргізу әдістері жайында
қорытынды жасалады. Ал қосымша материялдарда осы желінің картасы, сызба-
нұсқасы, көрікті жерлер көрсетілген.
Алға қойылған міндеттерді шешу үшін зерттеудің келесідей әдістері мен
тәсілдері қолданылды: әдеби көздерді сараптау, салыстырмалы – сипаттау,
статистикалық. Дипломдық жұмыста шетел және отандық ғалымдардың ғылыми
еңбектері мен интернет-сайттар және өз іс тәжірибем қолданылды.
Дипломдық жұмыстың мәліметтері туризм саласына маманданған отандық
фирмаларда қолдануға болады. Қазақстан нарығындағы туризмнің халықаралық
стандарттарға сай қарым-қатынастардың орнауына ықпалын тигізеді.
I ТАРАУ. СОЛТҮСТІК ТЯНЬ ШАНЬ ТАУЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
Тянь-Шань таулы өлкесі Азия материгіндегі ең ірі таулардың бірі. Тянь-
Шань деген сөзді қытай тілінен аударғанда Саслан тау деген мағынаны
білдіреді. Солтүстік Тянь-Шань тауына, Ыстықкөлдің солтүстігіндегі тау
жоталары: Тарбағатай, Сауыр, Шу - Іле таулары, Жоңғар, Іле Алатауы мен
Күнгей Алатауы жатады. Тау жоталары ендік бағытта орналасқан. Қазақ
жеріндегі ең биік шыңы – Хан Тәңірі (6995м). Тянь-Шань тауының геологиялық
дамуын екі кезеңге (ежелгі және жас) бөлуге болады. Ежелгі даму кезеңі
палеозой эрасы кезіндегі ертедегі тегістелген беткейлері осы уақытқа дейін
Тянь-Шаньның шығыс бөлігінде сақталған. Қазіргі биік тау бедері жас даму
кезеңіне төрттік дәуірдегі альпілік тектоникалық қозғалыстарға байланысты.
Солтүстік Тянь-Шаньның бір бөлігі Қытай жерінде орналасқан, Кетпен
жотасынан басталады.
Іле Алатау жотасы Тянь-Шань тау жүйесіндегі қиыр солтүстік доғасы.
Іле Алатауы жотасы географиялық картада Шелек өзенімен шығысында және Шу
өзенімен батысында қиылысады. Осы шекарада ол 280 шақырымға созылып жатыр.
Жотаның солтүстігінде жазыққа қараған беткейлер құнарлы оазистер болып
табылады. Жапырылған шыңды және қырқа ұштары тілімделген тау тізбегі аса
ұзын тосқауыл ретінде аяғы алыс көкжиек тұманында жоғалады. Орталық
бағыттағы маңызды бөлігі мәңгі қар жамылғысымен жамылған. Мұнда шамамен 150
шақырым аралықта қазіргі мұзбасу ауданы орналасқан. Құламалы жақтардағы
конус тәрізді жоталар арасынан Талғар шыңы (4973 м) ерекше бөлініп тұр.
Талғар шыңының айналасында биіктігі 4 500 метрге жететін бірнеше шыңдар
тобы бар. Іле Алатауының орталық бөлігіне Талғар тау түйіні деген атау
берілген. Талғар түйініне тура 20 шақырымға солтүстік шығыстан оңтүстік
батысқа созылған басты жайылуы өзі сияқты, бірақ қысқа қырқалы Іле
Алатауына параллельді жатқан Күнгей Алатауымен (“күнге қараған құмды тау”)
байланыстырушы жотаға тіреледі.
Іле Алатауының геологиялық тарихы өте күрделі келген. Ерте палеозой
мен кейінгі палеозой кезеңінде жота орнында теңіз басқан жер қабатының
бөлігі болған. Уақыт өте келе шөккен тұнбалар каледонның орогенез
процесінде күн бетіне көтеріледі. Төменгі карбон дәуірінде тау орнына
қайта келген теңіз орта карбонында варистік диастрофизм басуымен теңіз, іс
әрекеті дамыған жанартау іздері байқалған құрлықпен ауысты. Жотаның
бөлігіндегі гранитті интрузивті бөліктері осы уақытқа қарайды. Іле
Алатауының ең биік шыңы – Талғар бүкіл жотаны тең емес екі бөлікке бөледі.
130 шақырымға созылған шығыс бөлігі Шелек өзенімен, ал 150 шақырымға
созылған батыс бөлігі Шу өзенімен шектелген. Шетіне жақындаған сайын
жотаның абсолютті биіктігі де төмендей бастайды. Шелек өзен аңғары маңында
2 300 м биіктікке, ал батыста 2 000 м биіктікке төмендейді. Тау беткейі
жазық маңында теңіз деңгейінен 700-900 м биіктікке, ал орталық жота қырқасы
одан орташа 3 500 м биіктікке көтеріліп тұр. Ең биік көтерілістен алыстаған
сайын таудың салыстырмалы биіктігі 1 500-2 000 м төмендейді. Басты жотаның
осындай биіктіктегі айырмашылығы жотаның көлденең келбет асимметриясымен
байланысты: оңтүстік беткейлеріне қарағанда солтүстік беткейлері кеңірек
және жайпақтау.
Тау жер бедерінің массивтері Юра дәуірінде пенепленге дейін
тегістелгенімен, кейбір жерлер жаңа киммерциялық дислокация жарылыстарымен
күрделенеді. Бор дәуірінде таулар денудация әсерінен тегістелген жоталы
көтерілістерге айналады. Осы және кейінгі кездері континентальды өмір
сүруінің жағдайларына байланысты жотаның жекелеген бөліктері ірі сынық
массаларына аккумуляцияланған.
Үштік дәуірдің аяғы мен төрттік дәуір басында дизъюкті
дислокациялардың түзілуі нәтижесінде Іле Алатауының орталық бөлігінің
солтүстіктен тектоникалық сызықпен шектелген жақпарлы көтерілуі байқалады.
Бұл процестер ертерек пенепленденген кеңістікті, қайтадан биік таулы елге
айналдырады.
Сонымен Іле Алатаудың тектоникалық даму тарихындағы құрылуында
солтүстік шығысқа жайылған жарылымдардың шектелген заңдары бойынша
бөлектенген блоктар түрдегі кембрий дәуіріне дейінгі ерекшеліктер енген,
Девон аяғы карбон басындағы морфологиялық жарылымдар бұрын өмір сүрген ескі
ромбылық каркас түзілу жолын қайталағанмен, бұл Солтүстік Тянь-Шань
салыстырмалы көтеріліс өсу деңгейі аясында дамыды. Кейінгі палеозойда
герцен циклының қорытынды фазасында елдің пенепленделуі және мүжілу
қабатының белсенді түзілуімен көрсетілетін тектоникалық іс-әрекеттер
жүрген. Іле Алатауының қазіргі көрінісінің түзілуіндегі шешуші рөлді
солтүстік Тянь-Шаньның белсендендірілген қатпарлы белдеудің дамуымен
байланысты мезозой-кайназой тектоникалық жылжулар атқарады. Орталық жота
бөлігі өз дамуында жоғары палеозойдың әлсіз айқындалған жинақты көтерілуін
және мұраланды құлжалық седиментациялық алабының жоғары перьм-мезозой
бүгілістерінің бұзылуы ауданы болуымен ерекшеленді. Жоғары палеозоймен
әсіресе мезозой-кайназой тектоникалық жылжулар әрекетінен Іле Алатау ежелгі
пенеплені лезде жаңаланады. Плейстоцен дәуірінде ежелгі пенеплен орнында
гляциалды биік таулы облыс пайда болған орталық жота бөлігі қатты
деформацияланды. Батыстан шығысқа жота 380 шақырымға созылып жатыр.
Жотаның орталық бөлігінің солтүстік жағындағы орташа еңісі 6-80, ал
оңтүстік жағында 180 және одан да жоғары. Іле Алатауының орографиялық
ерекшеліктері қазіргі мұз басуға қолайсыз. Жотаның басты суайрығынан
көбінесе меридианды бағытта екінші реттегі тарамдалған қырқалар таралған.
Олар басты өзен алаптарын бөлуде. Тянь-Шанның жоталары сияқты Іле Алатау
жоталары суайрық кеңістіктердің тегіс болуымен ерекшеленеді.
Суайрықтың үстірт шеттері ежелгі мұздықтардың цирктарымен және де қар
массаларының жиналуына қолайлы жағдай жасаушы тау аңғар төбешіктерімен
тілімделген. Бұндай тілімделу ең биік келетін басты жотаның орта бөлігіне
тән. Ең мұз басқан бөлік болып басты шыңы Талғар және оған көршілес шыңдар
саналады.
Іле Алатауының өзен торы. Балқаш көліне құятын Іле өзені алабына, тек
кейбіреулері тұйық Шу өзені алабына жатады.
Соңғы екі типтегі өзендер таяз және Іле Алатауының су балансында үлкен
рөл атқармайды. Ірі және суы мол тау өзендері су жинайтын алаптарына ие.
Бастауларын 3 000 метрден жоғары тау шыңдарынан алатын өзендердің басты
қоректенуі мұздықтық, бірақ олардың режиміне атмосфералық жауын-шашынмен,
жер асты сулардың ықпалы да емес. Ассы өзенінен басқа мұздықтық
қоректенудегі өзендерде көлденең меридианды аңғарлары бар. Жотаның
солтүстік беткейінің батысындағы бірінші мұзбен қоректенетін өзен ұзын
қарғалы. Одан шығысқа қарай Шымалған, қаскелең, Есік, Асы өзендері созылып
жатыр [25].
Бұл өзендердің аңғарлары жоғары ағысында тростық сипатта, төменгі
ағыстарында кең сай келбетінде, ал жер-жерлерде тар келген жар қабырғалары
бірнеше шақырымдарға созылған. Чон-Кемин және Шелек өзен аңғарларына түскен
Іле Алатауының оңтүстік беткейлері солтүстік беткейлері сияқты өзендермен
көлденең бағытта жиі тілімделгені соншалықты, тіпті солтүстік беткейлерінің
оңтүстік беткейінде бір атаумен аталған өз аналогына дейін бар.
Қаскелең, Ақсай, Алматы, Талғар және Есік оңтүстік өзендері осындай
келген. Батыс бөлігі Шелек өзені сағаларымен қоректенсе, қалғандары қармен
қоректенеді. Талғар, Есік оңтүстік өзендері ең ірі мұздық жоталардан ағып,
суының молдығымен өзінің солтүстік аналогтарынан қалмайды. Басты суайрықтан
солтүстік бағытта аққан Шелек өзені Іле Алатауында ең ірісі болып саналады.
Іле өзені - Жетісудың ең ірі өзені. Оның ұзындығы- 1439 км. Өзеннің
қайнар көзі Алматы облысында Қытайдан қайтар жолда ол Қапшағай жасанды су
қоймасын қалыптастырады және Балқаш көліне құяды. Ертеде өзен батыс
Қытайдан келетін басты жол болып саналған. Бүгінде ол шытырман оқиғалы
туризмді сүюшілердің арасында кең танымал, олар Іле бойымен Балқашқа дейін
ағып барады.
Қапшағай су қоймасы Қазақстандағы ең ірі су қоймалардың бірі, оның
ұзындығы 100 км, ені- 25 км. Оның солтүстік жағалауы жақсы игерілген,
көптеген демалыс зоналары және пансионаттар осында орналасқан. Жазда өте
ыстық, кейде 400С-ге жетеді. Су температурасы мамыр-маусым айларында- 18
-200С, шілде-тамыз айларында- 22-280С, қыркүйекте- 18-200С. Шулы жағажайдан
аулақта балық аулауға болады. Алайда, туристер Қапшағай қаласының өзінде-де
жақсы демалады. Ол жерде 1994 ж итальян жобасымен салынған еліміздегі ең
ірі аквапарк бар.
1965-80 жж Қапшағай қаласында Қапшағай су қоймасын құрайтын
электростанция мен бөгет салынды (Алматыдан 70 км жерде). Оның орнынан өте
көп қорғандық жерлер табылды. Қапшағайдың толқындары осы уақытқа дейін
жағаға қола бұйымдарын, қыш сынақтарын шығарып тастауда. Қапшағайды теңіз
деп атайды. Оның ендігі- 22 км, тереңдігі- 45 м, ал ауданы- 1847 км2. Оның
бойында пансионаттар мен жағажайлар, балық аулайтын шаруашылық бар.
Қапшағай суы көксерке, жайын, сазан, ақмарқа, табан секілді балықтарға өте
бай. Қапшағайдан бар жоғы бірнеше километрде бізді өте көне заманға
апаратын орын бар. Ерте орта ғасырда Ілеге өтетін тар жер Қапшағай
сайындағы Тамғалы тас шатқалында болған.
Іле Алатау бірнеше көрікті көлдермен ерекшеленеді. Олардың бірі -
Үлкен Алматы көлі. Ол барлық жағынан қоршалған мөлдір айна секілді ойпатта
2511 м биіктікте, Үлкен Алматы өзенінің шатқалында, Алматы қаласынан 28,5
километр жерде орналасқан, оның тереңдігі 40 м, ұзындығы 1,6 км, ал ендгі 1
км. Жазда судың температурасы – 10-12 C құрайды. Тян-Шанның басым
көпшілік тау көлдері жер сілкінісінің нәтижесінде пайда болған. Көлден үш
негізгі шын көтеріледі, оны бөгеттің сол аяғы жағынан көруге болады:
Советтер шыңы (4317 метр), онтүстік–шығыста, онтүстікте Озерный (4110
метр), көлден онтүстік – батысқа қарай Турист шыңының орманды баурайы (3954
метр) орналасқан. Туристен батысқа қарай Үлкен Алматы шыңының жотасы
орналасқан, қала орталығынан анық көрінетін бұл шыңның пирамида биіктігі
3681м. Жыл мезгіліне қарай көл өз түсін ашық – жасыл түстен күлгін –
көкшіл түске ауыстырып отырады. Көлден 2 км жерде, 2700 м биіктікте өте
ертедегі мұзды аңғарда “Тян-Шань Астрономиялық обсерваториясы” деп аталатын
обсерватория поселогы орналасқан. Жоғары қарай 8 км–де, Алматыдан 60 км
қашықтықта Іле Алатаудағы 8 мың жыл бұрын Есік көлі пайда болды. Ол 1760
м биіктікте орналасқан болатын, оның ұзындығы– 1850 м, ендігі– 1600 м,
тереңдігі –55 м болған. 1963 ж мұз зонасынан Есік өзенінің жоғарғы ағысында
күшті сел ағымы шықты. Нәтижесінде бірнеше сағат ішінде бұрынғы көлдің
орнында кішкентай ғана көл қалды ( диаметрі 100 м ).
Қайыңды көлі теңіз деңгейінен 2000 м биіктікте, керемет қылқан
жапырақты орман арасында орналасқан. Ол осыдан 100 ж бұрын көп көлемдегі әк
тастың опырылып құлауының нәтижесінде пайда болған. Үйінді шатқалды табиғи
бөгет болып қоршап жатыр. Көл ұзындығы 400 м-ге, тереңдігі 30 км-ге жетеді.
Құзды жотасынан Саты шатқалына, Шелек өзенінің аңғар панорамасына Қайынды
шатқалына тамаша көрініс ашылады. Суға батып тұрған шыршалардың құрғақ діңі
су бетінен су асты эскадрасының діңгегі секілді көтеріліп тұр.
Бортоғай. Іле Алатауының бойымен ағатын ұзындығы 160 км каналды
қоректендіру және қыс бойы су жинау үшін салынған (Алматыдан 200 км
жердегі) су қоймасы. Су ағымы күшті қысыммен жазық далаға атылып,
миллиондаған ұсақ шашыранды құрайды.
Іле Алатаудың ең биік шыңы – Талғар (4937 м) ақыл тіс пішінді
табиғатпен қыналған. Гранитті Талғар тауы Еуропаның белгілі Монблан (4807
м) шыңынан да биік. Оның шыңына шығу кез-келген кластағы альпинист
биографиясының маңызды бөлігі болып табылады. Шың басына шығу көбінесе үш
күн уақытты алады. Талғар шыңы маңындағы: Конституция - 4 580 м, Қантбастау
- 4 647 м, Мұзтау - 4 555 м, Батыр - 4 626 м, Қопар - 4 760 м, Ақтау - 4
760 м, Металлург - 4800 м сияқты асқар шыңдармен, оңтүстігіне қарай
массивті Корженевский ұзындығы 11 шақырым, Батыр 9,5 шақырым сияқты
мұздықтарға тікұшақ не жақсы жол көрсетушісімен ғана шығуға болады. Бұл
аудан Алматы қорығы территориясы қарамағында болғандықтан арнайы рұқсатпен
ғана территория аймағына кіруге болады.
Іле-Алатауының 4300 метрден биік шыңдары.
1-кесте.
Іле-Алатауының 4300 метрден биік шыңдары
Шың Теңіз деңгейінен биіктігі
Талғар 5017
Г. Металлург 4600
Богатырь 4580
Конституция 4540
Жусанды - күнгей 4505
Орджонокидзе 4410
Пушкин 4387
Г. Легостаев 4387
ЦДКА 4384
Комсомол 4376
4000 м жоғары асулар
Асу М, биіктігі Қиындық дәрежесі
Ақсай 4010 1Б
Антикайнена 4070 2А
Городецкого 4170 1Б
Батыс Дмитриев 4250 2А*
Зауральцев 4190 2А
Тұйықсу инелері 4080 2Б
Искра 4079 1Б*
Нұрсұлтан 4040 2А
Локомотив 4050 1Б
Лунин 4090 1Б
М. Мәметов 4040 1Б
Орджонокидзе 4020 2А
Партизан 4270 2Б
Погребетского 4075 2А
Теплофизиков 4070 1Б
Тұйықсу 4130 1Б*
Фестивальный 4010 1Б
Черны 4030 1Б*
Четырех 4140 2А*
Адмиралтейский 4290 2Б
Ақгүл 4470 2А*
Безбожник 4250, 4200 2Б
Бивачный 4450 2А
Батыс Григорьев 4290 2А*
Шығыс Григорьев 4270 2Б
Жусанды күнгей 4420 2А*
Шығыс Дмитриев 4290 2А
Жарсай 4400 3А
Қазақстан 4410 2А*
Конституций 4250 2А
Көпіртұз 4580 3А*
Мирошкин 4410 2Б
Пушкин 4290 2Б
Суровы 4455 2А*
Талғар құламасы 4600 3Б
Траверсный 4430 2Б
Надежда 4270 1Б*
Орталық Талғар 4860 3Б
Төрттік кезеңде климаттың суық режимге ауысуына байланысты жота
бірінші рет мұз басу процесінен өтті. Келесі және кейінгі мұз басулардың
аралық дәуірінде таулар қар және мұздықтардан арылғанымен, олардың құбылуы
тектоникалық ықпал нәтижесінде жүріп жатты. Денудациялық агенттер үстірт
тәрізді биік тау қыраттарын терең аңғарлар және сайлармен тілімделген.
Қиыршықты қойтастардың және зандрлік шөгу поцестерінің ізін, тау бөктерін
кейін лесстік жамылғылар жапқан. Таулардың морфологиялық келбеті қазіргі
заман келбетіне жақын болады. Осындай күй кезінде екінші мұз басу дәуіріне
келеді. Бұл бірақ жота жербедерінің басқа күйде боуына байланысты, тек
аңғарлардың мұз басуына әкеледі. Осы кезеңде кейбір зерттеушілердің
тұжырымы бойынша мұздықтардың жалыны 2200 м-ден төмен түскен
(гипсометриялық орналасуының қазіргі белгілері бойынша санағанда).
Флювиогляциалдық шөгінділер тау бөктерінің биігірек бөліктерін тапқан.
Аңғарларын терең эродирлей өзендер тау бөктеріндегі ағып шығатын жерлерде
қуатты конустарды құрайды 27.
Екінші мұз басудың артынан онша маңыздылығы жоқ, қазіргі мұздықтар
түзілген үшінші мұз басу келді. Осы мұз басудың астында қалған аудандар жер
бедердің жоғарғы қабаты болып шыға келеді. Бұлар солтүстік беткейде астыңғы
жақтан изогипсамен 3300 метрде, ал үстінен оңтүстік беткейлерде 3 600 - 3
700 м аралығында шектелген. Бұл гляциялды белдеу, жер-жерлерінде
метоморфизденген тақтатастармен бекітіліп, граниттен қаланған белдеу қатты
тілімделіп келуімен ерекшеленеді. Территорияның бір бөлігі қазіргі мұз
басуда жатса, басқа бөлігі жақында ғана мұздықтардан босанған.
Соңғы бөліктердің қарамағындағы қардан арылған жалаңаш таулар әр алуан
және “жабайы” пішінді. Бұнда олардың қырқалары жекелеген мұнараға, колонна,
сарайлар тәріздес бөлінген. Оның түзілуі аяздың әсерінен мүжілу процесі
жүрген.
Басты жотадан бөлінген сілемдер арасында көп бөлігін мұздықтар
жамылған сайлар мен аңғарлар орналасқан. Фирнді қардың зор қабаттары сығып
түсетін төбешіктері шыңдардың беткейлеріне кең цирктер түрінде сіңісуде.
Тастардың сынық бөліктерін өзінде тасымалдайтын мұздықтар қойтас пен
қиыршықтас және қопсыған ұсақ материалдардан тұратын мореналық
шөгінділермен аңғарларды толтырады. Бұл шөгінді жыныстар аңғар мен сайларды
бөгеп, мұздықтардың шеткі шекарасы өтетін беткейін бойлай қоршаған.
Қаскелең өзенінен басталып Талғар шыңына дейінгі жота қырқасындағы үлескіде
көбінесе кең құзды үшкір шыңдар тараған. Талғар шыңынан шығысқа қарай жота
бірдей тегістіктер көрінісіне көшеді.
Шыңдар ұзындығы бойынша жүздеген метрлерге созылған, тар тік қырқалы
пішінде келген. Кейбіреулері бір жаққа қарай кішкене қисайған тегіс
баспаналарға айналды. Қар сызығынан жоғары қардың үлкен бөлігі шоғырланған
28.
Аспалы және горизонтальды тегістіктер бұл гляциальды белдеудегі жер
бедердің екі шеткі пішіндері. Олар арасында ауыспалы пішіндердің әр алуан
түрі кездеседі. Трогтардың көлбеу беткейлері мұздықтардың қайтуынан пайда
болды. 30-400 сай беткейлері. Аса тік, құламалыларында қар көп жиналмайды.
Азғантай сілкініс болса болғаны қар пласт түрінде сырғиды не тез арада
көшкін болып кетеді. Мұздықтар осындай жолмен өмірінің кейінгі кезеңдерінде
мұзға айналатын қорегінің бір бөлігін алады.
Іле Алатауының қазіргі мұз басу ауданы негізінен ұзындығы 140 шақырым
кеңістікті алып жатыр. Солтүстік беткейде ол 760181 және 78001 меридиандары
арасында жатыр. Бұнда оның шеткі үлескілері болып, батыста ұзынқарғалы
өзенінің жоғарғы ағысы мен шығыста Ассы өзенінің жоғарғы ағысы табылады.
Оңтүстік беткейде қазіргі мұз басу шекаралары 760161 және 770401
меридиандарымен шектелген.
Шонгемин өзеніне құятын Тегирментысу өзені бастауында түзілген батыс
бөлік жотасының қиыр мұздықтары және шығыс бөлігіндегі Шелек өзеніне құятын
Оденсай өзені бастауында түзілген мұздықтар орналасқан.
Іле Алатауының қазіргі мұз басу процесі Фернау кезеңінің (гологендік)
кейінгі мұз басу кезіндегі мұздықтардың тіршілік әрекеті өнімі болып
табылады, олардың іздері мүсіндік және аккумулятивтік жербедер пішіні
түрінде аңғарлар беткейлерімен түбінде сақталған.
Қазіргі уақытта мұздықтар аңғарлармен тау беткейлерінің тек ең биік
бөліктерін алып жатыр. Қазіргі мұздықтардың орналасуы тек қана жоғарғы
таулы климатпен ғана емес, сонымен қатар гипсометриямен, орографиямен,
экспозициямен және де жел, қар көшкіні, тас көшкіні әсерінен қардың
миграциясы сияқты механикалық факторлармен де байланысты. Қар миграциясы
ауа циклондық массаларының таңдаулы қозғалысы кезінде болады. Олар тау
суайрықтары мен оларға жақын жатқан батыс беткейлеріндегі қардың кейбір
мөлшерін шығыс беткейлерге тасиды. Осының арқасында батыс бөліктегі
мұздықтардың қоректенуі нашарлайды, ал шығыс бөлік мұздықтар қоректенуі
жақсарады. Ауа массаларын батыстық тасымалдау процесі ұзақ уақыт бойы жота
территориясында жүруі меридиналды бағытталған шөгінді жота сілемдерінде
жауын-шашынның үздіксіз қайта бөлінуі және мұздықтардың түзілуіне ерекше
жағдайлар жасалды.
Көне мұздықтар негізінен батыс емес сілемдерінің шығыс беткейлерін
бұзылудан консервирлегендіктен, бұл олардың бір қалыпсыз тілімделуіне
әкелді. Батыс беткейлер мол қар мөлшерінсіз сызықтық эрозия әрекетінің
белсенді әсерінен қазіргі кезде олар қатты тілімделген және тік беткейлі
болып келеді. Мұздықтардың мүсіндік жербедер пішіндері мұнда аз келген.
Сілемдердің шығыс беткейлері ұзақ уақыт бойы қалың мұз қабаты астында
болуы, оны физикалық үгілу және сызықтық эрозия әсерінен сақтады.
Беткейлердің тілімделуі негізінен мұздықтардың экзаракциясымен байланысты.
Сілемдердің шығыс беткейлері, батыс беткейлерге қарағанда жайпақтау және
көбінесе мұздықтар орналасқан мұздықты жербедері қалыптасқан.
Іле Алатау мұздықтарына мұздақ қар алқаптарының болмауынан көшкінді
қоректену маңызды. Тас көшкіндерінің рөлі мұздықтардың көмілген бөліктерін
еруден сақтай отыра, ол өз кезегінде мұздықтардың алдыға жылжып өсуіне,
үлкеюіне жол береді.
Алматы қорығы қар барысы және елік, қыран, арқар, жейран сияқты
көптеген жануарлардың өмір сүру ортасын қорғайды. Талғарда құстар мен басқа
жануарлардың тұлып коллекциясы таңқалдырар шағын табиғи мұражайы бар.
Алматының ең таң қалдыратын көрікті жері- Іле Алатау болып табылады. Іле
Алатау - бұл Солтүстік Тянь-Шань тауының хребеті шығыстан батысқа 380 км
созылады. Алматы қорығы 90 мың га территориясын алып жатыр. Талғар мен Есік
өзендерінің бассейінде орналасып тұр. Ал олардан алыс емес жерде- Іле
өзенінің шөл аңғарында Айғай Құм бар ( Алматыдан 182 км қашықтықта). Ол
тек қана құрғақ ауа райы болған кезде өзінің дауысын шығарады. Дауыстың ең
қаттысы түс уақытында ауаның 24- тан кем емес болған кезде болады.
Қазақстан халқының тарихи мәдени мұралардың объектілері көп. Олардың
ішінде ерте темір дәуірдің қорғандары, тастағы суреттер болады. Есік
өзенінің жанында “Алтын адам” табылды. Есік қаласының жанында Жетісудің
ерте көшпенділердің қорған жүйесі орналасқан. Олардың барлығы үш ондықтан
шамалас сақталынды. Диаметрі бірнеше метрден жүз метрге дейін, биіктігі 2-
20 м [45].
1691 м биіктікте Кіші Алматы өзеннің сол жағында дүниежүзінде белгілі
биік таулы Медеу мұз айдыны орналасқан. Оның мінбелері 10 мың адамдарды
сыйғызады. Мінбелердің астында қонақ үй, кинотеатр, сот бөлмелері, пресса-
орталығы, поликлиника, фин моншасы. Мұз стадионнан алыс емес жерде “Медеу”
қонақ үйі мен жүзу бассейні орналасқан.
Медеу-қысқы спорт түрінің әлемдегі ірі биік таулы кешені. Медеу
шатқалы теніз денгейінен 1520 – 1750 метр биіктікте Кіші Алматы өзенінін
аңғарында орналасқан және тау жоталары жан – жағын қоршап жатыр. Батыста -
Қимасармен, шығыста – Қабырғатаумен және Онтүстік–батыста Кұмбелмен
қоршаған. Бұнда олимпиада көлеміндегі мұз айдыны, атта серуендеуге арналған
аудан, атракциондар паркі, “Премьер-Медеу” отелі, жазғы басейн және шашлык
пісіру орны бар. Бұл жер қала тұрғындары мен қонақтарынын сүйіп демалатын
орны.
Мұз айдыны Алматы қаласынан 16 километр жерде көркем шатқалды 1972
жылы салынды. Жұмсақ климат, күн радиациясының үйлесімді денгейі, төменгі
қысым, желсіз ауа-райы және мөлдір бастау суы Медеуді ең жақсы әлемдік мұз
айдыннын бірі жасайды. Ауданның мұз көлемі-10500 км2, ол конькийде
жылдамдықпен жүгіру, хоккей мәнерлеп тебуден ашық халықаралық жарыстар
өткізуге өте жақсы орын. Бұнда әлемдегі күшті конькиймен жүгірушілердін 20-
дан астам әлемдік рекорды өтті. Давоста- 40).
Туристер назарын, Кіші Алматы аңғарынан көтерілген бөгет аударады. Ол
қаланы селден қорғау мақсатында орнатылған. Осы бөгет қаланы 1977 ж
қырғынғы ұшырататын селден қорғап қалды. 830 баспалдақпен бөгетке
көтерілеміз. Осы жерден Іле Алатауының шындарына тамаша көрініс ашылады.
Еліміздің ең өміріндегі көрнекті оқиғасы болған халықаралық фестиваль “Азия
Дауысы” осы Медеу шатқалында өтеді. Биік таулы ауданда түнеуге және
тамақтануға болатын көптеген орындар бар. Қазақ үй түрінде жасалынған ішкі
көрініс ұлттық түсте салынған “Қазақ ауыл” мейрамханасынан ұлттық тағаммен
тамақтануға болады.
Бұл аңғарында Горельник өзеннің жоғарылау бүкіл одақ шаңғышылардың
соңында Мыңжылқы аңғары орналасып, онда ең биік таулы республикамыздың
метеорологтар станциясы (3040 м) бар. Тастар арасында аңызды гүлдер
-эдельвейстер өседі.
Шымбұлақ - тау шаңғы курорты көркем Іле Алатау шатқалында, теңіз
деңгейінен 2200 м биіктікте орналасқан (қаладан 25 км жерде). Ол ашық
күндерінің саны мол және қарашадан мамырға дейін, тұрақты қар қабатты бар
жұмсақ климатпен және айналадағы тау шыңдары мен жоталарының әсем
көрінісімен мақтана алады.
Тау шаңғы жолына 3 орындықты және 3 буксирлі қанатты жолдармен қызмет
көрсетіледі. Оның көмегімен 20 минуттың ішінде Талғар асуында (3200 м)
бола алады. Бірінші биіктік- “Пересечение” станциясына дейін (2260м-ден
2630м-ге дейін), ұзындығы 1243 м, көрсетілу уақыты- 9мин. Екіншісі- “20
опора” станциясына дейін (2630 м-ден 2930 м-ге дейін), ұзындығы 948 м,
көтерілу уақыты- 7,5 мин. Үшіншісі- “Талғар” асуы станциясына дейін (2930 м-
ден 3163 м-ге дейін), ұзындығы 860 м, көтерілу уақыты- 8 мин. Жолдың жалпы
ұзындығы- 3620 м, құлама биіктігі-1000 м. Сноубордты ұнатушылар үшін
сноупарк бар, балаларға арналған дөңгелекте сырғанау үшін көтерілгіш бар.
Жазда ауаның орташа температурасы +20 0С, қыста- 7 0С. Қар жамылғысының
қалындығы- 1,5-1,8 м. Шығысқа қарай Іле Алатаудың Бозгүл аңғарында
Шынтүрген шыршалары орналасқан. Бұл Ұлы мұзданудың солтүстік қараңғы
тайганың тиіспеген және сақталынған массиві болып табылады. Аңғарлардың ең
табиғи ғажайып объектілеріне Чарын өзеннің каньоны жатады (Алматыдан 193 км
қашықтықта). Каньонның етегілердің биіктігі 150-300 м құрайды. Каньонның
табаны бойынан Чарын өзені құйып барады.
Чарын Ясень тоғайы 4855 га ауданын алып жатыр. Оның территориясында
Ясень согдиан, лох, туран талы өседі. Іле Алатауда, Іле Алатау ұлттық паркі
құрылған. Ол хребеттің солтүстік бөлігін алып жатыр. Оның мақсаты-
Солтүстік Тянь–Шаньнің табиғатын сақтап қалу және де адамдарға демалу
мүмкіншілігін беру. Бөгеттен сол жол Турист асуына және сол Талғар өзенінің
аңғарына апарады; оң жол - өзенмен шектеседі және Озерный асуына
көтеріледі. Алматы – Алақыр асуынан Іле Алатауның қарлы шындарының әсем
көрінісі ашылады. Асудан уақыты мен күрделілік категориясы әртүрлі
бағыттар Ыстық–көлге қарай таратылады – Озерный асуы, Ақсу, Проходной және
Көк – Қайрық. Ыстық – көлге сапар маусымы – шілденің аяғы – тамыз. Іле
Алатауы және Күнгей Алатауы сияқты тау жоталарынын арасында аспан
әдемілігінің теңіздік көлі Жасыл – көл (3000) тығылып жатыр. Проходное
шатқалы кең аңғарымен, альпілік түстердің барлығын жинағандай өте көркем.
Алма-араман шатқалы өзінің әсем сарқырамалармен және родонды жылы
бастаулармен шытырман оқиғалы туризмді сүюшілерге әрқашан қызықты.
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік ұлттық паркі. Солтүстік Тянь-Шань тауларының
табиғатын қорғауға арналған парктің 1926 ж негізі қаланған, ол теңіз
деңгейінен 1100 м–ден 4236 м дейінгі биіктікте орналасқан. Парк флораға өте
бай: Қазақстанның қызыл кітабына енген өсімдіктің 57 түрі бар.
Сүтқоректілердің 52 түрі бар, олар қар барысы, тау арқары, сүйрік.
Құстардың сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан түрлері : бүркіт, үкі
және гималай тау қарасы. Волонтерлары (VSO) және олардың серіктестіктері
NCO Wild Nature Жабағылы да эко-туризмді дамытуда. Жабалығыдағы эко-
туризмнен түсетін табыстың 20 пайызы табиғаттың қорғауға жұмсалады.
Егер турист мәдениеттен демалғысы және табиғат аясына енгізгісі келсе,
онда сөзсіз қорықтағы қиян-Көлсай шатқалына барады. Ол Күнгей Алатауының
солтүстік сілемінде орналасқан шыныңда ұмытылмас шатқал, ал Көлсай
шатқалының көлдерін Солтүстік Тянь-Шанның маржаны деп атайды. Көлсай
көлдері үш өзеннің жиынтығын құрайды, олар барлық туристер бара алатын
және ең үлкен- мәдениеттілік жоқ және саңырауқұлағы мол, ең әдемі, атпен
серуендегенді ұнататындар, ат маршрутына тапсырыс бере алады. Ең жоғарғысы-
аса үлкен емес, ол шыршалар мен альпі шалғынның территориясында орналасқан
және өзінің қатал биік таулы әлемілігімен өзіне тартады, сондай-ақ флора
мен фаунаға бай. Үш көл арасындағы биіктік құламасы орташа 700 метрді
құрайды.
Есік қорғаны - сақ-скиф дәуірінің археологиялық ескерткіштерінің ең
ірілерінің бірі болып санайды. Ескертіш б.э.д V ғасырға жатады. 1969-1970
жж К.Акишевтың бастаған қазақтан ғалымдарымен Алматыдан шығысқа қарай 50 км
жерде есік молаларының бірегей археологиялық кешені табылды. Есік
қорғандары есік молаларының оңтүстік бөлігінен табылды, ол 45 үлкен қорған
үйінділерінен тұрады және солтүстіктен оңтүстікке қарай 3 км-ге созылып
жатыр. Бұл айрықша патша қорғандары. Есік қорғанының диаметрі – 60 м,
биіктігі- 6 . Үйдің төбесінде шұңқыр болған. Ескі көкжиектің деңгейінен 1,2
м тереңдікте екі жерлеу табылды : бірнеше рет ұрланған орталық және
орталықтан 15 км оңтүстікке қарай бүйірдегі қабір бұзылмаған, жерленген
адамның қалдықтары және қабір ішінің көрінісі толығымен сақталған. Қабір
ішінің камерасы тянь-шань шыршаларының өңделген бөнерелерінен құралған.
Кіру шығыс жақтан камераның оңтүстік және батыс бөлігінде ыдыс-аяқтар
қойылған, солтүстік жартысында жерленген адамның қалдықтары қалған.
Антропологиялық қорытынды бойынша Есік қорғанында жерленген адам монғол
тектес, европалық кескіндегі жетісу сағының сипатына келеді. Оның жасы 16-
18 жас. Қорғанының қабір іші камерасында 4 мың айын бұйымдар табылды, олар
темір садақ пен қылыш, қола айна, 31 қыш металл және ағаш сауыт, күміс
қасық, ағаш шөміш, сердаликтен жасалған 26 моншақ. Есік қорғанының
олжасының арасынан ерекше орынды Қазақстан мен Орта Азия территориясындағы
жазудың ежелгі ескерткіш жазбасы бар күміс тостағын алады. “Алтын Адамның”
көшірмесі Алматы мен Астана музейлеріне қойылған
Бес-Шатыр - кешені ежелгі Қазақстан территориясында б.э.д I мың
жылдықта өмір сүрген ежелгі сақтардың рухани меккесі болып саналған.
Олардың ішіндегі ең тамашасы Бес-Шатыр обалары, олар 31 қорған “Жетісу
пирамидасы” деп аталатын ең үлкен қорғанның диаметрі 105 м, биіктігі- 17 м.
Бұл қорғандардың ағаш сағаналары тянь-шань шыршаларының бөрмесінен
құралған, 2 мың жыл бойы өте жақсы сақталып келген. Бес-Шатыр қорғандарының
ерекшелігі - шытырлан жерлері бар жер асты үңгірі, оның бір жолы қабірге
апарады. Хан мазаларынан батысқа қарай, жануарлар суреттері салынған, 45
тас шарбақ тізбегі солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Осы өзіндік
тас шежіреде тұрмыс пен аңшылықтың көріністері салынған. Ғалымдар бұл
көлемнің барлығы кешеннің салттық ауданы деп есептейді. Көрнекті қазақ
ғалымы Ш.Уалиханов 1856 ж өзінің Құлжаға сапарында Алтын-Емел жоталарын
асқан болатын. Азияның осы бөлігінде Шеңгелді оазисіндегі ескі су құбырының
қалдықтарын тапты. Ш.Уалихановтың музейі мен мавзолейі осы жотаның
солтүстік баурайының етегінде орналасқан [45].
Айғай құм. Табиғаттың тағы да қайталанбас бір ғажайыбы “Айғай құм”
немесе “Әнші құм”. Ол Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 182 км
орналасқан. Іле өзеннің оңтүстік жағалауындағы табиғат феномені құмдардың
құрғақ күндері мүше әуеніне ұқсас дауыс шығаруымен әйгілі. “Әнші құм”
ұмытылмас әсер қалдырады.Оның гуілі мен дірілдеуі құмның беткей бойымен
әрең байқалатын құйылуымен қоздырылады. Құрғақ құмның құрғақ ауамен
үйлесім қозғалысын тудыратын үйлесуі дірілдеу келтіреді. Ал, жақсы естілуге
қолайлы жағдайды тығыз топырақтан қамтыла отырып, құмдардың дірілін
келтіретін күші жол дауыс толқыны қалыптастырады. Бұл дауыс бірнеше
километрден естіледі. Ылғалы ауа райында құмдар “әндетпейді”. Кварцитті құм
таулар- Үлкен және Кішкене қалқандардың биіктігі 120 м және 4 км созылып
жатыр. Бір қызығы құм жазықта көшпейді. Құмның көлеміндігіне және күшті
желдерге қарамастан орнынан бірнеше мыңдаған жылдар бойы жылжыған емес.
Оның оңтүстік-батыс беткейі тегіс, ал қарама-қарсы солтүстік-шығыс
беткейінде жайпақ еңісті жоталар бар.
“Алтын-Емел” ұлттық парк Іле өзенінен сілемдерінің жотасына дейін 90
кв км-ге созылып жатыр. Бұл өте ертедегі тарихқа және әркелкі табиғатқа бай
жұмбақ өте тамаша өлке. Басқа еш жерде кездеспейтін сақ мәдениетінің
керемет ескерткіші. Ескі жерлеу қорғандары, жабайы аңдардың тасқа салынған
суреттері, өзінің әдемілігімен ерекше көз тартатын тау сілемі Ақтау, бұл
жердің алыста өткен мұражайы. Бұл ескі теңіз деңгейінен көтерілген,
кемпірқосақтың барлық түсіне боялған табиғаттың таң қаларлық мүсіні. Таудың
жасы- 400 млн, ұзындығы- 30 км, тереңдігі 1,5 - 2 км. Бұл жерде жайран, тау
ешкі, теке, елік, арқар, қасқыр, түлкілер жүред.
Тамғалы петроглифтері. Қайталанбас әсемдігі бар Тамғалы шатқалы Алматы
қаласынан солтүстік–батысқа қарай 170 км–де Шу–Іле тауларының
оңтүстік–шығысында орныласқан. Тамғалы өте құрғақ, ыстық климаты бар
шөлейтте созылып жатыр, алайда таулар жылдың жылы мезгілінде қалың бұтамен
көлкеріледі, ал көктемде шатқал гүлден жасалған кілеммен жабылады. Тамғалы
тек қана өз табиғатымен таң қалдырып қоймайды, мұнда өсімдіктің сирек түрі
Регель қызғалдағын, Кушакевич юнонасын немесе өзінің алғашқы қалпын сақтап
қалған жабайы аңдар: қасқыр, түлкі, қоян, тасбақа, жылан және көптеген
жыртқыш аңдар: дала бүркітін кездестіруге болады. Тамғалы тас– өте ертедегі
өнер галереясы, картинада жеке аңдармен адамдармен қоса, ежелгі адамдардың
өмірінің жалпы көріністері суреттелген. Петроглифтер арасында дөңгелектің,
арбаның, дұға жазуларының суреті бар. Қазақстан тарихында көптеген ғасырлар
бойы өз іздерін қалдырған әртүрлі халықтар үшін Тамғалының тар аңғары және
каньон жартасы ерекше қасиетті, салттық рәсім өтетін , сиқырлы әдет–ғұрып
өтетін, құдайға және әруақтарға табынатын орын болып саналды . Тамғалыға
табыну салты осы күні де жалғасуда, оны бұтаға байланған мата қиындысынан,
қазіргі табынушылармен жасалатын қарапайым “құрбан шолудан” көруге болады.
Шатқал маңында қола дәуірінің (XI–X ғғ б.э.д) және ертедегі
көшпенділердің (б.б.д III ғ және б.э II ғ) молалары табылды. Шатқалдың тау
жағдайы таңдауды шектеді, сол себепті адамдармен сол кезде игерілген
аймақты кейінгі ұрпақтары да қолдана берді. Біртіндеп, ескі құрылыстар
үйіндіге айналды, оның орнына жаңалары пайда болды. Тамғалы
ескерткіштерінің барлығы толық зерттеліп болған жоқ, сондықтан Тамғалыға
қатысты көп сұрақтары жауапсыз қалуда. Тамғалының ежелгі мекендеушілері
Қазақстан жерін б.э.д II ғ қонытаған қола дәуірінің тайпасы болып
саналады. Тамғалының алғашқы мекендеушілері петроглифтерді салып, үй және
тас төбешік құрап, шатқал ландшафтына қайталанбас әсемдік енгізді. Тамғалы
петроглифтерінің көрмесі әлемдік маңызы бар қазына болып табылады және
ЮНЕСКО қорының қорғауында. Табиғат пен тарихты сүюшілер Тамғалы шатқалында
көптеген қызықты нәрсе таба алады.
Оң жағалауындағы өте үлкен тастардан көптеген жылдар бойы Будда мен
буддистердің кескіні аспанға қарауда. Суреттер астындағы қасиетті текет
санскритте былай айтылады : “Ом ман э падмэхум”, “Лотос гүліндегі қар
маржандар” деген мағына береді. Тарихшылар суреттер мен жазуды XII ғ
жатқызады. Құрбан шолынатын орыннан алыс емес маңда VII-IX ғғ жататын
ежелгі түрік руна хаты жазуларымен бір тас бар. Оларды қыпшақтардың ежелгі
тайпасы қалдырды деген жорамал бар. Орта ғасырларда буддизм Оңтүстік
Қазақстан территориясында кең қанат жайды. Бұл жер, сондай–ақ алматылық
шыңға шығушылар арасында да кең танымал, олар мұнда көктем мен күз
айларында жиналады. Өзен аңғары – шөл және шөлейт ландшафты болғанына
қарамастан Алматы аймағының өте көркем орындарының бірі.
Кіші Алматы шатқалы өзінің көрінісімен таңдандырады: шыршалы орманнан
қалың қалпағы бар Мохнатка таулары, оның үстінде трапеция тәріздес, Құмбел,
таңғы аспанның көкшіл түсін бөліп тұратын Абай шыңы, Тұйық–су қақпасының
алып жартастары. Бұл аудан ең қарапайымнан ең күрделігі дейінгі 46
альпинистік маршрутпен танымал. Кіші және Үлкен Алматы шатқалының ортасында
Көк–Жайлау деп аталатын ірі альпі шалғыны орналасқан. Бұл кең танымал жаяу
маршруттардың бірі. Көк–Жайлау үстіртіне көтерілу Кіші Алматы мен Батарейка
өзендерінің құйылмасында орналасқан “Просвещенец” демалыс үйінен басталады.
Жалпы көтерілу шыршалы және аққайыңды орманмен өтеді және 2-2,5 сағатты
алады. Маршрут қыс кезінде де өте қызықты. Шаңғы мен шананы ұнатушылар 8
км–ге созылып жатқан аса тік емес беткейді шың көңілдерімен игереді.
Үстірттен көрші Құмбел (3200 м) шыңына шығуға болады. Құмбел тауларына
жотасына шығу “Үш ағайынды” (3000 м) деп аталатын ірі жартас шығуларымен
өтеді.
Тұйық–су қақпасының алып жартастары Тұйық–су (4200 м) гранитті шыңына
апаратын жолды ашады. Тұйық–су Шымбұлақ тау шаңғы курортынан оңға қарай
орналасқан. Бұл айсақтағы мұздықтардың ең оңайы. Ол ұзындығы–3,5 км,
ені–1,5 таға тәрізді цирк құрушы мұздықтар тобының ортасында орналасқан.
Мұздық жылына орташа есеппен 10 м–ге қысқарып отырады, соның нәтижесінде
еріген сулар жазда көл қалыптастырады. Қардың қарқынды дамуы кезінде көл
толады және селді қалыптастыруы мүмкін. Алматы қаласын және аңғарды селден
қорғау мақсатымен Кіші Алматы өзеннің аңғарында гидротехникалық құрылыс
кешені салынды.
Бутаковка шатқалы. Алматы маңындағы өте көркем жердің бірі.Шатқалдың
басты көрнекілігі– атақты Бутаковка сарқырымалары. Үлкен сарқырама негізг
шатқалдың сол жақ қозғалу жолының қолбасында орналасқан. Оның биіктігі 20
м. Биіктігі 10 м болатын екінші сарқырама өте әсерлі емес, бірақ қызықты.
Ол негізгі шатқалдан жоғары үлкен сарқырамадан сағат тілінің жүрісімен
орналасқан. Бутаковкада өмір қыста да толастамайды. Үлкен Бутаковка
сарқырамасы жылдың осы мезгілінде судың қатып қалған тамшысы қар қызының
сарайына кіре беріс жерін еске салады. Альпинистер кейде осы қатқан
сарқырама бойымен көтеріледі. Бутаковка сарқырамасынан да тартымдырақ
Лесной асуы (2650 м) бола алады, егер оның беткейге “бетін” жеңгізсек,
онда тау аңғарының ұмытылмастай, әсем келбеті ашылады. Қотырбұлақ
шатқалында ”Алматау” (1870 м) тау шаңғы базасы орналасқан, одан төменірек
“Тау–Самал” санаторийі бар.
Кім–Асар (2060 м) асуы Медеу шатқалы арқылы жасалатын ат және жаяу
маршруттарда таң қаларлық әсер туғызады. Жол кішкене тау өзені Кім–Асардың
бойымен созылып жатыр. Маршрут бойының әсем орындарының бірі– түсе беріс
және Бутаковка шатқалының өз . [36,37].
Турген шатқалы. Алпілік және субальпілік шалғын, таза шыршалы
бұтақшалары бар, аралас орманы және бұталары бар беткейлері, жоталар,
қыраттар, өзендер мен сарқырамалар, “тірі суы” бар бастау. Бір сөзбен Іле
Алатауының көркем жері. Жасартатын қайнар көздің әсерін Турген шатқалының
кристалды таза ауасы жандандыра түседі. Балық аулауды ұнатушыларға форель
шаруашылығына бару мүмкіндігі болады, онда арнайы дайындалған суатта
форельдер шоршып жүр. Жатырлық тоғандағы, салмағы 2-3 кг болатын үлкен
балықтар ерекше көңіл аудартады. Балықты аулаған соң, оны дайындап беру де
мұнда қарастырылған. Турген шатқалымен ары жүре отырып, міндетті түрде
Медвежий сарқырамасына баруы жөн, биіктігі 30 м болатын бұл сарқырама тік
жартас пен жасыл аршалардың ортасындағы тамаша жерден төмен қарай құлауда.
Шатқал жартастары жер сілкінуден жарылған және мұздыққа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz