Казкоммерцбанктегі жүргізілетін қызметтер


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе.

І. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қазіргі кездегі дамуы.

1. 1. Банкілік қызмет анықтамасы және оның банкілік істен айырмашылығы.

1. 2. Қазақстан Республикасының қызметі нарығының даму болашағы.

1. 3. Банк қызметін пруденциялды реттеу.

ІІ. Казкоммерцбанктегі жүргізілетін қызметтер. Тәжірибелік жұмыстың нәтижесі .

2. 1. Казкоммерцбанктің шоттар бойынша операциялары

2. 2. Казкоммерцбанктің депозит түрлері

2. 3. Казкоммерцбанктің несие беру қызметтері

ІІІ. Банк қызметін басқарудағы банктік тәуекелдердің мәні.

3. 1. Банктің қаржылық қызметін бағалау.

3. 2. Банк қызметін автоматтандырудың ерекшеліктері.

ІV. Қазіргі кездегі төлем жүйелерінің атқаратын ролі.

4. 1. Төлем жүйесінің төлем карточкалар арқылы жұмыс жасауының экономикалық аспектілері.

4. 2. Төлем жүйелерінің түрлері және қатысушылары.

4. 3. Дамудың жаңа бағытындағы төлем жүйесінің қосымша қызметтері.

4. 4. Банктің электрондық қызметі.

Қортынды.

Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны туралы ғана емес, сондай-ақ олардың қандай операцияларды орындағандығы туралы да толық мәліметтер қалдырмаған секілді. Әр ғалымдардың пікірі әр түрлі. Кейбір ғалымдардың пікірінше банк капитализмнің мануфактура тұсында пайда болды десе, келесілері одан ерте мерзімде феодализм тұсында пайда болды делінген. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктердің төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттігінен пайда болғандығын тілге тиек етеді.

« Банк» сөзі «banco» - деген ағылшын тілінен аударғанда «айырбас столы» дегенді білдіреді. Бұл «айырбас столы» тауарлармен сауда жасау алаңдарында құрылады.

Банктік ерекшелік оның қызметінің ерекшелігімен анықталады. Бұл қызметтің нәтижесі банктік өнімдер жасау болып табылады. Банктік өнімдер болып:

  • төлем қаражатын құру;
  • қызмет көрсету.

Төлем қаражатын құру экономика деңгейінде тұтасымен көрініс табады (немесе макро деңгейінде) . Еңбек өнімдерінің айырбасы бір өнімнің екінші өнімге айырбастау нысанымен өндірілмей, алып-сатар нысанында өндірілетіні белгілі.

Тауар өндіруші нарыққа өз тауарын ұсынады. Сатып алушы өзінің өнімін сатқаннан кейін ғана, өзіне қажетті тауарды сатып алады. Нарықтық шаруашылықта алып-сату актін төлеу үшін жалпы төлем қаражаты ретінде ақша қажет. Олардың көмегінсіз тауар өндірушілердің арасында еңбек айырбасы болмауы да мүмкін. Банк Ұлттық банктің беті ретінде, айналысқа қажетті ақша шығарады. Екінші банктік өнімнің бөлігі оларға ұсынылған қызмет болып табылады.

Банктік мекемелердің қызметі сан алуан. Қазіргі қоғамда банктер әр түрлі операциялармен айналысады. Банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, кей жағдайларда делдалдық мәмілелер мен мүлікті басқаруға байланысты қызметтер жүзеге асырылады.

Қазақстандық банктер әлемдік банк жүйесінің стандарттарына сүйене отырып, өз клиенттеріне көрсететін банк қызметтерін арттыруда. Осыған орай бұрынғы дәстүрлі банк қызметтерімен қатар жаңа қызметтер практикаға енгізілуде. Жаңа қызметтерге пластикалық карточкалар, электронды есеп айырысулар /банкаралық/, интернет желісіндегі қаржы нарығы жайлы білім және т. б. сондай-ақ банктер клиенттер тапсырысы бойынша маркетингтік зерттеулер, валюталық операциялар, басқа да қызметтер, соның ішінде трасттық, ақпараттық-анықтамалық, қор және т. б. қызметтерді жүргізеді.

Менің осы жазған дипломдық жұмысымда қарастырып өтетінім ол, банктің жаңа өнімдері және қызметтері.

Дипломдық жұмыс кіріспеден басталады. Содан кейін, төрт тараудан тұрады, соңында қортынды мен қолданылған әдебиеттермен аяқталады.

Бірінші тарауда, Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қазіргі кездегі дамуы қарастырылған. Әр тараудың кішкене бөлімшелері бар. Банкілік қызметтің банкілік істен айырмашылығы, Қазақстан республикасының даму болашағы, банк қызметін пруденциалды реттеу қарастырылған.

Екінші тарауда, Казкоммерцбанкте өткен тәжірибелік жұмысымды қамтыдым. Мұнда Казкоммерцбанктің жүргізетін операцияларын қарастырдым. Депозиттік операциялар, несиелік операциялар, банктік шоттар бойынша жүргізілетін операцияларын қарастырдым.

Үшінші тарауда, банк қызметін басқарудағы банк тәуекелдерінің мәні жайлы жазылған. Банктің қаржылық қызметін дұрыс бағалау, банктің қызметін автоматтандырудың ерекшеліктерін толығырақ қарастырылған.

Төртінші тарауда, банктің өнімі төлем жүйесінің төлем карточкалары арқылы атқаратын ролі. Дамудың жаңа бағытындағы төлем жүйесінің қосымша қызметтері. Төлем жүйелерінің технологиясын, ақша айналымының тенденцияларын және клиенттердің мүдделерін ескере отырып, банкілердегі есеп айырысу қызметтерінің модельдерін жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар қарастырылған.

І. ҚР банк жүйесінің қазіргі кезеңдегі дамуы.

1. 1. Банкілік қызмет анықтамасы және оның банкілік істен айырмашылығы.

Қазақстан Республикасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990 жылдың желтоқсанында ҚазКСР-ның Жоғары Кеңесі қабылдаған «Банктер және банк қызметі туралы» заңнан бастау алады.

Қазақстанда бүгінгі күні 42 екінші деңгейдегі банк, оның 1-мемлекет аралық, 2-мемлекттік, 16-шет елдің қатысуымен жұмыс істейді. (1-кесте)

ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктердің динамикасы

1. 01. 04ж.
1. 01. 05ж.
1. 01. 06ж.
1. 01. 07ж.
: Екінші деңгейдегі банктер, оның ішінде:
1. 01. 04ж.: 38
1. 01. 05ж.: 34
1. 01. 06ж.: 34
1. 01. 07ж.: 42
: Шетел қатысушыларының банкі
1. 01. 04ж.: 14
1. 01. 05ж.: 15
1. 01. 06ж.: 14
1. 01. 07ж.: 16
: Мемлекеттік банк
1. 01. 04ж.: 2
1. 01. 05ж.: 1
1. 01. 06ж.: 1
1. 01. 07ж.: 2

Халқаралық стандарттарға көшу бағдарламасы шегінде 4 банк бірінші, 17- екінші топқа енгізілді, 12-сі бағдарлама талаптарын орындаған болып танылды. ҚР банк жүйесінің көшбасшылары болып Тұран-Әлем банкі, Казкоммерцбанк, еліміздің халықты сақтандыру банкі табылады.

Банктер санының азаюына қарамастан оларды кпиталдандырудың өсу үрдісі сақталуда. Соңғы 2 жылда банктік сектордағы жиынтық меншік капитал 2002 жылғы наурыздың аяғында 1, 8 есе 128, 3 млрд. теңгеге дейін өсті. Банктік жүйе бұрынғы кеңестік ауқымда ең жоғарғы капиталдандырылған болып қалуда - орташа капиталдандыру деңгейі - 20 млн. АҚШ доллары.

Банктердің міндеттемелері жеткілікті жылдам қарқынмен өсуде, бұл негізінде банктік секторға ішкі көздерден келетін ақша ағынына негізделген. Тек қана соңғы жылда (2001 жылғы сәуірден бастап 2002 жылғы наурызды қоса алғанда) банктер міндеттемелерінің жалпы көлеміндегі халық депозиттерінің үлес салмағы 22, 7 % -тен 29, 3 % -ке дейін өсті. Тұтастай алғанда, осы кезеңде банк жүйесіндегі халық салымдарының үлесі 2 есеге жуық өсті, бұл банктік институттарға халықтың сенімінің артқандығын білдіреді.

Банктердің ресурстық базаларының ұдайы өсуі олардың активтерінің жылдам көбеюіне мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта банктік жүйе активтері 817, 8 млрд. теңгеге (5, 37 млрд. АҚШ долл. ) жетті. Осылайша, бір қазақстандық банкке - 128 млн. АҚШ долларына жуық.

Банктер экономиканың нақты секторын барынша белсенді кредиттейді. Қазіргі уақытта банктердің барлық активтерінің 60% -нен астамы экономиканы кредиттеуге бағытталған, бұл көрсеткіш бір жыл бұрын 53%-тен аспаған болатын. Банктік сектордың жоғары өтімділігін ескере отырып, бұл фактіні оң бағалаған жөн. Дамыған елдердің әмбебеп банктерінде активтер құрылымындағы кредиттік портфель де 60-65% шамасында.

Банктер активтерінің және кредиттік портфельінің сапасы күмән туғызбайды. Соңғы жылдары банктердің жиынтық кредиттық портфельінде стандарттық кредиттер үлесі 70% жуық болғанда, үмітсіз кредиттердің үлесі 2-2, 5% -тен аспайды. Мұндай көрсеткіштердің сақталуы көп жағдайларда орталық банктің кредиттік портфельдің сапасына қатаң талап қоюының арқасында банктердің өздері жұмысты сауатты жүргізуіне байланысты.

Оң үрдістердің сақталуы жақын жылдардың ішінде қазақстандық банк жүйесінің белсенді реформалау кезеңінен және халықаралық стандарттарға көшуден тұрақты дамудың және халықаралық стандарттарды жетілдірудің жаңа кезеңіне қадам басатыны туралы тұжырым жасауымызға мүмкіндік береді.

Ол үшін ең алдымен, қаржылық институттардың, оның ішінде банктердің қызметін мемлекеттік реттеу жүйесін жолға қоюдың маңызы зор. Мәлім болып отырғанындай, Қазақстан болашақта қаржылық рынокқа барлық қатысушыларға қадағалауды бір ғана тәуелсіз орган жүзеге асыратын әдісті таңдап алды. Осыған байланысты өткен жылдың ортасында Қазақстан Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның қызметі біріктірілді. Осы кезеңнің өзінде жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу функциясы да Ұлттық Банкке шоғырландырылуда, мұның өзі барлық қаржылық секторға қатысушыларды қадағалауды Ұлттық банктің жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде қаржылық қызмет көрсетуді мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы заңның жобасы әзірленді. Осы заңның жобасы қабылданған жағдайда қаржылық қадағалау агенттігі бөлек құрылады. Егер жаңа агенттіктің қарамағына Ұлттық Банктің қаржы институттарын реттеу және қадағалау жөніндегі барлық уәкілеттігі көшетін болса, Ұлттық Банк те барлық дамыған елдердің орталық банктері сияқты тек қана класикалық қызметтерді орындайтын болады (ақша-кредиттік және валюталық реттеу, төлем жүйесін ұйымдастыру, ақша-банктік статистика, төлем балансын қалыптастыру және болжау және т. б. ) .

Қазақстан бұл әдісті кездейсоқ таңдап алмағанын атап айтқан жөн, әлемдік тәжірибе мұқият зерделенді. Мысалы, Германия, Канада, Автралия, Бельгия сияқты дамыған мемлекеттерде және өтпелі экономикасы бар Польша, Венгрия, Эстония сияқты жетекші елдерде қаржылық секторды реттеудің осындай жүйесі табысты жұмыс істеп жатыр. Мұндай схема қаржылық секторды дамыту, қаржылық құралдарды жетілдіру және қаржы саласында делдалдықтың сапасын жақсарту үшін неғұрлым тиімді.

Бұдан әрі қаржылық рынокта банктік институттарды шоғырландыру және ірілендіру, сондай-ақ қаржылық жүйенің басқа сегменттеріне банктік капиталды жедел енгізу үрдісі күшейе түседі. Сондықтан да Ұлттық Банк Банктерді қадағалау жөніндегі Базель комитетінің негізгі қағидалары мен стандарттарына сәйкес және қаржылық ұйымдардың қызметтеріне шоғырландырылған қадағалау жүйесін енгізу бойынша ағымдағы қадағалауды жетілдіру шараларын жетілдіру бойынша жұмысты жандандыра түседі. Сонымен қатар банктердің халықаралық стандарттарға көшу бағдарламасын орындауына барынша қатаң талаптар қойылады. Банкт2003 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде Ұлттық Банкке рәсімдері халықаралық стандарттарға сай келетін уәкілетті ұйымдардың бірінің тәуекелдерді басқару жүйесін бағалауы мен жүйенің бар екендігін растайтын аудиторлық қортындысын ұсынады.

Банк жүйесін тұрақты дамыту үшін рыноктан коммерциялық икемсіз және проблемалы банктердің кетуіне қол жеткізу және өз ісіне адал әрі сенімді банктік институттарға қолдау көрсету қажет. Сондықтан қадағалау үрдісі шеңберінде банктердің қаржылық жағдайының тұрақтылығы мен олардың қызметтерін жақсартуға бағытталған алдын алу шараларын жедел қабылдау мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады. Бұл банктердің жоғары сапалы банктік қызмет көрсетуін және банктік институттар арасында шынайы бәсекелестікті дамытуды қамтамассыз етуге мүмкіндік береді.

Халықтың және экономикалық субъектілердің банктік секторға сенімін арттыру мақсатында банктер жұмысының неғұрлым айқындылығын қамтамассыз ету қажет. Осыған байланысты банктерде ақша тазартуды жүзеге асыруға және көлеңкелі капиталдың банктік жүйе арқылы өткізілуіне бөгет жасайтын жүйені құру жөніндегі жұмыстар жүзеге асырылатын болады.

Сонымен қатар алдағы уақытта банктердің экономиканы кредиттеуін күшейте түсетін түрлі тетіктерге жағдай жасау және оны әзірлеуге айырықша көңіл бөлетін болады. Мұндай жағдайда банктердің экономиканың басым салаларын кредиттеуін ынталандыру және қаржылық делдалдықты, оның ішінде қаржы лизингін неғұрлым белсенді дамытудың маңызы бар. Ипотекалық кредиттеу және құрылыс жинақ ақшасы жүйесін дамыту да сол сияқты мемлекеттің басым міндеттері болып қалады. Құрылыс жинақ ақшасы жүйесінің қажетті заңдық негізі қаланғандықтан құрылыс жинақ банктерін құруды жеделдету және құрылыс жинақ ақшасы жүйесін еліміздің түрлі аймақтарында іске қосуды тездеткен орынды.

Банктердің көрсететін қызметтерінің аясын кеңейту, қолма-қол жасалмайтын төлемді дамыту, сондай-ақ бөлшек саудада операцияларды айқындылығын арттыру мақсатында ұлттық төлем жүйесін құру және төлем карточкаларының бірыңғай процессинг орталығының жұмыс істеуін қамтамассыз ету жөніндегі жұмыстар жалғаса түседі. Төлем карточкаларының осы жүйенің бірқатар артықшылықтары болады. Банктер көрсетілетін сервистің деңгейін арттыра, төлем карточкаларын шығаруға қызмет байланысты қызмет тарифін азайта, төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалатын төлемді өңдеуге жұмсалатын уақытша шығындарды барынша азайта алады. Жоғары емес тарифтер халықтың төлем карточкаларын сауда және бизнес сласында кез келген жерде пайдалануына, олай болса, қолма-қол жасалмайтын төлем көлемінің артуына жол ашады.

Әлемдік практикадан көрініп отырғандай, қаржылық сектордың қызмет көрсетуі халықтың барлық жіктері мен клиенттер санаттарын қамтуы тиіс. Ірі, сол сияқты ұсақ клиенттермен жұмыс істейтін қаржы институттары желілерінің кеңейтілуі елдегі бүкіл даму және ілгерілеу дәрежесін көрсетеді. Сондықтан банктік емес қаржылық ұйымдарды дамыту үшін қалыпты жағдайлар жасалады. Ең алдымен, кредиттік серіктестік және микрокредиттік ұйымдар сияқты қаржылық институттар туралы сөз болады. Мұндай қаржылық институттардың экономиканың қаржылық жүйесін дамытудағы ролі аса маңызды. Соның ішінде, микрокредиттеу схемасы арқылы банктердің назарына ілікпеген шағын кәсіпкерлердің негізгі бөлігіне қызмет көрсетіледі. Бұған қоса, банктік қызмет көрсетудің ауыл тұрғындары үшін қол жетерліктей болуын қамтамассыз ету мақсатында Ұлттық Банк почта-жинақ мекемелерін дамытуға жәрдем беруге ниеттенуде.

Соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдарында және экономикалық басылымдарда Қазақстанның банктік жүйесі туралы оң пікірдегі материалдар жиі кездесуде. Шындығында да бұрынғы кеңестік ауқымда біздің банктік жүйе ең жоғары бағаға лайықты. Мұны көптеген қаржылық ұйымдар да, тәуелсіз экономикалық сарапшылар да мойындайды.

Алайда, қол жеткен нәтижелер - барлық қаржылық жүйенің жемісті жұмыс істеуінің бастапқы кезеңі ғана. Болашақта қаржылық сектордағы негізгі бөліктің тұрлаулылығын нығайту, банктік институттарға халықтың сенімін арттыру және экономиканың нақты секторын кредиттеу үшін банктерді ынталандыруға мемлекет тарапынан қандай шаралардың қабылданатынына байланысты болмақ.

Осылайша, қаржылық секторды, оның ішінде негізгі сегментін - банктік жүйені кешенді дамыту мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып қала бермек. Қаржылық секторды тұрақты дамыту жоғары экономикалық өсуді сақтаудың және елімізде халықтың өмірін жақсартудың маңызды алғышарты болып табылады.

Нарықтық экономика жағдайында, кәсіпкерлік қызметтің дамуында ел экономикасы үшін банктердің атқаратын қызметі өте зор. Қай деңгейдегі болмасын банктер өз қызметтерін толық көлемде жүзеге асырып отырады. Ал екінші деңгейдегі банктер өз қызметтерін пайда табу мақсатында жүзеге асырады. Бұл банктер өз қызметтерін операциялар мен мәмілелер жасау арқылы жүзеге асыратыны белгілі. Енді осы банкілік қызметке, банкілік қызмет түрлеріне жеке-жеке сипаттама беріп өтейік.

Банкілік қызмет. Банкілік іс. Бұл ұғымдарды қалай түсінуге болады?

Банкілік қызметті екі тұрғыдан түсіндіруге болады. Біріншісі, теориялық, ал екіншісі құқықтық тұрғыдан. Теориялық тұрғыдан түсіндіретін болсақ, Ресей ғалымы О. М. Олейниктің айтқанындай, банкілік қызметтің теориялық анықтамасы ретінде қарапайым субъектілік критерийлер арқылы, яғни банктің атқаратын жұмыстарының барлығы деп айтуға болады. Банктер есептесуді жүзеге асырады және несие береді, сондай-ақ басқа да қызметтерді жүзеге асырады. Осы автордың өзі айтып өткендей, теориялық тұрғыдан банкілік қызметке тек субъектілік критерийлер арқылы анықтама беруі жеткіліксіз. Субъектілік критериймен қатар объектілік критерий арқылы да банкілік қызметті анықтау қажет.

Объектілік немесе пеәндік критерий банкілік қызметке айырықша ерекшеліктер беріп, оның мәні мен мазмұнын анықтайды. Банкілік қызметті анықтау үшін ең алдымен банкілік құқық құралдарымен реттелетін қоғамдық қатынастардың шектерін, түсінігін білу керек. Осылармен қатар тағы бір ескере кететін жағдай, банкілік құқық құралдарымен реттеу арқылы жүзеге асырылатын қызметтермен байланысты субъектілер тобы тек банк шегінен ғана шыға алады.

Негізінен заңдарды алсақ, банкілік қызметті банктер мен несие ұйымдарының нақты бір немесе басқа да әрекеттерді ақша, бағалы қағаздар және валюталық құндылықтар ретінде қаржылық құралдармен жүзеге асыру арқылы түсіндіріледі. Осы аталған объектілер банкілік құқықтың түсінігі мен мазмұнына өзіндік ерекшеліктер беріп, түрліше әсер етеді.

Француз ғалымдары К. Гавальда мен Жан Стуфле банкілік қызметті келесідей жолдармен түсіндірген. Банкілік қызмет клиенттермен немесе басқа несие ұйымдарымен жасалған шарт нысанда көрініс табады. Бұл жерде француздық ғалымдар банктер клиенттермен тікелей шарт жасау арқылы операцияларды орындай отырып, өз қызметтерін жүзеге асырады деп түсіндірілген.

Сонымен банкілік қызметке теориялық тұрғыдан берілген анықтамаларға тоқтала келіп, келесідей тұжырымдар жасауға болады. Субъектілік немесе объектілік критерийлерді қарастыра келе, банкілік қызметті осы қызмет түрлерімен айналысатын субъектілердің әрекеттері, қоғамдық қатынастардың банкілік қызметке байланысты шегі, яғни банкілік қызметтің қоғамдық қатынастарда алатын орны, сондай-ақ қаржылық құралдар ретінде ақша, бағалы қағаздар немесе валюталық құндылықтар арқылы түсіндіруге болады.

Ендігі кезекте банкілік қызметті ұқықтық тұрғыдан түсіндіріп өтейік. Банкілік қызмет теориялық трғыдан субъектілер әрекеті, қоғамдық қатынастар және тағы басқа да факторлар арқылы түсіндірілсе, құқықтық тұрғыдан заңдар мен құқықтық актілер арқылы түсіндіріледі. Нақтырақ айтсақ, осы заңдық актілерде банкілік қызмет анықтамасы, банкілік қызметті жүзеге аксыруды құқықтық реттеу, банкілік қызмет түрлері (операциялар) және тағы басқа да мәселелер қарастырылған.

«Банктер және банкілік қызмет туралы» 31. 08. 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығында банкілік қызметке келесідей анықтама берілген (30-бап) : Банкілік қызмет - банктердің банкілік операцияларды, сондай-ақ осы заңда көрсетілген басқа да операцияларды жүзеге асыруы. Бұл операциялар тізімі заңның осы бабында көрсетілген.

Ресей ғалымдары банкілік қызметке түрлі анықтамалар береді. О. М. Олейник банкілік қызметті екі мағынада қарастырып өткен. Тар мағынада, операциялар жинақталып жүзеге асырылғанда ғана банкілік қызметті құрайды. Яғни, кез келген ұйымның негізінде үш қағидадан құралған операцияларды жүзеге асырған кезде ғана мемлекет тарапынан банкті тіркеу туралы талап қою құқығы пайда болады. Шектеу ретінде үш қағиданың біреуінсіз, мысалы есеп жүргізу қызметі ұйымдарға банк құрмай-ақ ақшалай операцияларды жүргізу мен несие беруге мүмкіндік береді. Бұл қызметтерді несие ұйымдары, ссуда жинақтаушы кассалар және тағы басқа ұйымдар жүзеге асырады. Бұл жердегі операциялар үшін берілетін үш қағида, олар: қайтарымдылығы, төлемділігі және тездігі.

Ал кең мағынада банкілік қызмет туралы мәселе тек заңмен көрсетілген банкілік операциялар осы банктің өзімен, сондай-ақ несие ұйымдарымен жүзеге асырылғанда ғана қозғалады. Кең мағынада банкілік қызметке осы опернацияларымен қатар шетел валютасын сатып алу-сату, есеп айырысуды жүргізу, ақша қаражаттарын инкассалау, ақша қаражаттарын сенімді басқару, лизинг операциялары және басқа да операцияларды енгізуге болады. Басқа сөзбен айтқанда, банкілік қызмет кең мағынада айналым, жинақтау және тауар құралдары ретінде ақша және басқа да қаржылық құралдар бойынша арнайы субъект болып табылатын коммерциялық банктер мен несие ұйымдарының банкілік операцияларды жүзеге асыруы. Бұл қызмет сандық және сапалық сипатқа ие, уақыт пен кеңістікке таралады немесе пайда не шығын алып келуі мүмкін. Ал, К. Гавальданың айтуы бойынша, банкілік қызмет үш түрлі банкілік операциялардан: кассалық операциялар, несие операциялары және қызмет көрсетуден тұрады. Осы ғалымның тағы бір айтып кеткен сөзі, кассалық операциялар - бұл ақша айналымын тұжырымдайтын операциялар.

Бұл анықтамалардан келесідей тұжырымдар жасауға болады. Банкілік қызметті тек банкілік операциялар жиынтығы деп қана түсініп қоймай, сонымен қатар қызмет пен операциялар анықтамасын беріп өтейік. Қызмет ретінде адамдар мүддесіне қарай қоршаған ортаның толық өзгеруі мен қайта құрылуын түсіну керек. Ал операциялар ретінде біртұтас стратегиялық жоспарлар мен оған бағынышты мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған әрекеттерді немесе жеке бір мақсатты орындауды, жеке істерді өңдеуді, мекемелер мен кәсіпорындардағы жеке актілерді түсінуге болады.

Сонымен банкілік қызметті жалпы мақсатқа біріктірілген ақша және басқа да қаржылық құралдар бойынша операциялар түрін тұрақты немесе жүйелі түрде жұзеге асырылуының жиынтығы ретінде түсінуге болады. Бұл операциялар жиынтығы банкілік қызметте тек келесі белгілер болғанда ғана көрініс табады.

  • жүзеге асырылу жүйелілігі, яғни жүзеге асырылатын әрекеттерді біріктіретін белгілердің болуы;
  • тұрақтылық, операцияларды жүзеге асыру қызметі, яғни нақты операциялар ұзақ уақыт немесе нақты белгіленбеген уақытта жүзеге асырылады;
  • барлық операцияларды тұтас алғандағы бір бағыттылығы.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының валюта нарығы
Электрондық есеп айырысу мәні мен механизмі
Банк салымы шарты бойынша сыйақы
Коммерциялық банктердегі маркетингті жоспарлау
Инвестициялаудың ең қауіпсіз түрі - Лизинг
Қазкоммерцбанк АҚ-ның несиелік портфелінің сапасын талдау
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУЫ
Қарыз алушының несиелік қабілеті және оның несиелік тәуекелді азайтудағы маңызы
Лизингтің мәні және экономикадағы ролі
«Қазақстан халық банкі» акционерлік қоғамы қолма-қолсыз есеп айырысуының ұйымдастырылуына талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz