Қазақстан Республикасындағы инвестиция жүйесінің дамуы


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСЕТЕТІ
Экономика және бизнес факультеті
Экономиялық теория кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯ
ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ
Орындаушы: Оразбаева М. Ғ
4 курс студенті
Ғылыми жетекші Дауылбаев Қ. Б
э. ғ. к (қолы, күні)
Нормабақылаушы Абдилова А. Ч
(қолы, күні)
Қорғауға каф. меңгерушісімен
жіберілді
э. ғ. д. Төлегенова М. С
Алматы, 2007
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
- РЫНОК ЭКОНОМИКАСЫН ИНВЕСТИЦИЯЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . Инвестиция және экономикалық өсудің
теориялық аспектілері . . . 6
- Қазақстан Республикасындағы шетел инвестицияларының
ролі мен орны . . . 17
- Қазақстан Республикасындағы инвестициялық даму
институтының атқаратын қызметтері . . . 23
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ
СТРАТЕГИЯСЫ . . .
2. 1 Қазақстандағы инвестициялық климатты бағалау . . . 33
2. 2 Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты:
бағыттары, қағидалары және басымдықтары . . . 44
- Қазақстан Республикасындағы инвестициялық процесті
мемлекеттік ынталандыру саясаты . . . 51
Қорытынды . . . 57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 61
КІРІСПЕ
Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап Жаңа Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға әлемдік қоғамдастықта барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгерілеп келеді. Қазақстан бүгінде экономиканың берік іргетасын қамтамасыз етіп, қағидаттық жаңа кезеңге қадам басуда. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы жан-жақты жаңартудың Жаңа кезеңіндегі басты басымдық ретінде ішкі және сыртқы саясаттың маңызды бағыттарын айқындайтын даму бағдарламаларын қабылдаумен айналысты. Осы мақсатта 1997 жылы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясы қабылданған болатын, онда қоғамның келешек мүмкіндіктері мен мемлекеттің ұлы мұратына деген көзқарас таныстырылды. «Қазақстан − 2030 жыл» Стратегиясын дәйектілікпен орындау өзіміздің алдағы ілгерілеуіміз үшін берік негізді қамтамасыз етті, сол үшін оны орындауда Қазақстан жеделдете жан- жақты жаңғырта жаңарту жолын таңдады. Бұл дамудың бірден-бір дұрыс арнасы болып табылады.
Осы заманғы әлемде Қазақстанға және қазақстандықтарға лайықты орнын, бүкіл ел халқының әл-ауқатының өсуі мен тұрмыс деңгейінің елеулі жақсаруын қаматамасыз ету үшін сыртқы нарықтарға шығып, сенімді орнығуға міндетті. Бұл мақсатқа жету үшін Қазақстан экономикалық дамуында жаңа қадамдар жасауда. 2006 жылдың өзінен бастап жаңа жоба тұжырымдалып, оны іске асыру қолға алынған болатын. Бұл - біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыз және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту. Және мұның қажетті шарты - Қазақстан тауарлары мен қызметтерінің озық халықаралық стандарттардың сапалық деңгейіне шығуы. Бірақ бұл жеткіліксіз. Бізге экономиканың барлық деңгейінде - бүгінгі де, сол секілді ықтимал мүмкін болатын нақты да перспективалы бәсекелестік артықшыларымызды қажеттілікпен анықтауға және пайдалануға тура келеді.
Қазақстан әлемдік тауарлар, қызметтер, еңбек ресурстары, капитал, осы заманғы идеялар мен технологиялар рыногының шын мәнінде серпінді бөлігіне айналуы үшін басты міндет - экономиканың тұрлаулы дамуын жай қамтамасыз етіп, ұстап тұру емес, оның өсуін басқару. Бізге экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің тұрлаулы сипатын қамтамасыз ету үшін толымды стратегия әзірлеу мен іске асыру, сондай-ақ оның орындалуына қатаң бақылау қажет болады. Бұл стратегия біздің экономикамыздың жекелеген секторлары мен өндірістің нақтылы бәсекелестік артықшылықтарын негізге алып, әлемдік даму үрдістері мен сыртқы рыноктардағы сұранысты ескеруге тиіс. Бұл ретте тиімді жұмыс істейтін қор рыногын құру қажет. Оның дамуы халықты өз салымдарын бағалы қағаздарға белсенді инвестициялауға тартпайынша мүмкін емес. Сондықтан да, Үкімет халықты инвестициялық сауаттылық әліппесене тиісінше үйрету жөнінде кең ауқымды жұмыс жүргізуі керек.
Қазіргі заманғы экономика жүйесін ауыстыру кезеңінде, ішкі қаржыландырудың мүмкіндіктерінің шектеулі жағдайында, үкіметтің іс-әрекет бағдарламасы негізінде құрылымдық қайта қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін, сыртқы капиталды тарту және пайдалану проблемаларды өте маңызды орын алады. Республика экономикасының дағдарысын жеңу тек мемлекет иелігінен алу ғана емес, сонымен қатар, құрылымдық-инвестициялық өзгерістермен де тығыз байланысты, оның ірі және маңызды субъектісі мемлекет болып табылады. Осыған байланысты үкімет органдары алдында ұзақ мерзімдік инвестициялық бағдарлама жасау мәселесі туындайды.
Елбасы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында «Қазақстан үшін қолайлы шарттармен Біріккен Сауда Ұйымына кіруі - біз қол жеткізуге міндетті мақсат. Бізге халықаралық техникалық стандартты барынша жедел де кеңінен енгізу қажет» деп атап көрсетті. Бұл өндіруші секторлардың тиімділігін арттырумен байланысты. Өндірістің одан әрі дамуы шетел және жергілікті инвесторларды тартумен және экономиканы әртараптандырумен тікелей байланысты. Қазақстанның аса бай жер қойнауын игеріп жатқан шетелдік инвесторлар елдің мүддесіне қарай экономиканы әртараптандыруда шешуші түрде қатысады.
Экономиканың инвестициялау мәселелерін зерттеу әрдайым экономикалық ғылымның көз-қарасында болатын. Бұл инвестициялардың ел экономикасының өсу процесін анықтай отыра, шаруашылық қызметтің ең терең негіздерін қарастыруымен байланысты.
Қазіргі кезде Республикада шетел инвестициясын тарту және пайдалану маңызды бағыт болып табылады. Ұлттық инвестицияның жеткіліксіз көлеміне байланысты үкіметтің инвестициялық саясаты елге шетел инвестицияларын тартуды ынталандыруға бағытталған. Осыған орай, таңдалынған тақырып маңызды болып табылады. Бұл тақырыптың өзектілігі, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, елдің экономикалық өсуі инвестициямен өзара байланысты. Сондықтан оның ел экономикасындағы алатын орнын жетік түсіну қажет. Бұл жұмыста Қазақстан Республикасындағы шетел инвестициясының ағымы қарастырылған.
Бітіру жұмысының мақсатына тоқталатын болсақ, ол инвестициялық жүйесінің механизміне сараптама жүргізу, елдің экономикалық өсу жүйесіндегі инвестицияның ролі мен орнын бағалау, Қазақстан Республикасы экономикасына шетел инвестициясын тарту процесін қарастырып, ондағы жетілдірілу жағдайларын анықтау, және сол арқылы ұсыныстар беру болып табылады.
Қойылған мақсаттарға жету үшін бітіру жұмысында келесідей міндеттерді шешу қажет:
- рынык экономикасын инвестициялаудың теориялық негіздерін қарастыру; Қазақстан Республикасындағы шетел инвестицияларына сараптама жүргізу; Қазақстан республикасының инвестициялық стратегияларын және инвестициялық даму жолдарын айқындау.
Зерттеу объектісіне Қазақстан Республикасындағы инвестиция жүйесінің қызметі жатады.
Осы жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі болып 2007 жылдың 1 наурызындағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауы, «Қазақстан - 2030 жыл» бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Шетел инвестициялары туралы» 1994 жылдың 27 желтоқсанындағы № 226-XII Жарлығы, Батыс экономистерінің, ТМД елдерінің және отандық ғалым-зерттеушілердің еңбектері және табылады. Сондай-ақ, талдау кезінде Ұлттық банктің статистикалық бюллетеніндегі және Ұлттық банктің 2005-жылғы Жылдық есебіндегі мәліметтер пайдаланылды.
Сонымен, бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады және кестелер мен суреттер пайдаланылды.
1 РЫНОК ЭКОНОМИКАСЫН ИНВЕСТИЦИЯЛАУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
- Инвестиция және экономикалық өсудің теориялық аспектілері
Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап республика экономикасында күрделі, бұрын соңды болмаған өзгерістер болды. Реформа экономикада әлеуметтік жағдайға бағыт алуды өзінің мақсаты етіп қойды, ал оған жету, бұрын республикада қалыптасқан экономикалық қатынастардың барлық жүйесін өзгертуді қажет етеді, оны жүзеге асыру, күрделі де ауыр процесс екені белгілі. КСРО құрамында Қазақстан негізінен аграрлы-шикізаттық жүйеге мамандандырылған да, ал технология жағынан артта қалған, экологиясы қолайсыз, өз алдына қажетті өндіріс салалары қалыптаспаған болатын.
Әлемдік тәжірибе негізінде дәлелденгеніндей, капиталдың халықаралық миграциясы, шаруашылық өмірде (интернационалды) барлық ұлттардың қарым-қатынасының тереңдеуі капиталдың өзара қозғалысының дамуына, әсіресе өндірісі дамыған елдер арасындағы қатынастарға әкелетіні белгілі. Капиталдың табиғаты, ол бір елде қозғалмай жата алмайды, өнеркәсібі дамыған елдердің ірі компаниялары ұлттық шеңберден өтіп, трансұлттық сипат алады. Әр түрлі елдерде кәсіпорындары бар ірі трансұлтты компаниялардың қалыптасуы халықаралық мамандану мен кооперацияның қалыптасуының жеделдеуіне әкеледі. Сондықтан, трансұлттық компания капитал қозғалысы негізінде елдердің экономикалық өзара байланысын тереңдететін фактор болып табылады.
Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасының шетелдік капиталдың көптеп келуіне бірнеше факторлар қолайсыз әсер етуде. Олардың ішінде: кәсіпорындарға салық салудың дүние жүзіндегі ең үлкен дәрежесі; экономикалық дағдарыс; рынок инфрақұрылымының толық қалыптаспауы; инфляцияның көтеріңкілігі және айырбастау курсының тұрақсыздығы.
Дегенмен де, бұл жалпы себептерден бөлек Қазақстан Республикасына шетелдік капитал құйылуына бір жақты субъективті себептер де кедергі жасауда: шетелдік инвесторлар инвестиция жасауға қажетті ақпараттармен қамтамасыз етілмейді; шетелдік инвестиция құжатын дайындау, орындау тәртібінің жетілмегендігі; Қазақстан Республикасындағы меншік құқығының дамымағандығы (жер туралы, жекешелендірілетін объектілерге, жергілікті серікке қатысты қорлар туралы) ; жергілікті несие мен қор қызметтеріне кірудегі қиындықтар; инвестициялық жеңілдіктердің жеткіліксіздігі; саяси және экономикалық туелділіктен қорғаудың жеткіліксіздігі; интелектуалды меншікті қорғаудың төмен дәрежесі. Сондықтан, шетелдік кәсіпкерлік капиталды тарту мен реттеудің әлемдік тәжірибесін меңгеру өте қажет. Рыноктық экономикасы дамыған елдерде қалыптасқан шетелдік инвесторлар үшін ұлттық ереже принциптерімен санасу қажет.
Батыс елдерінде шетелдік инвесторлар қызметі, негізінен барлық жергілікті ұлттық заңдармен, қаулылармен, әкімшілік істі орындау тәртібімен реттеледі. Ұлттық заң шығару жүйесі шаруашылық қызметінің көптеген бөліктерінде ұлттық және шетелдік компаниялар қызметтерін бөліп қарамайды. Олар үшін өздерінің тең дәрежедегі азаматтық және сауда құқығы, нақты айтқанда акционерлік заң ретінде қолданады. Сондықтан, батыс елдердің көбісінде шетелдік инвестиция туралы арнаулы кодекстер мен заңдар жоқ, оның орнына бірсыпыра әкімшілік қаулылар мен оған қатысты кодекстер тек бірер жерорта теңізі елдерінде және бұрын Британия отарында болған елдерде ғана бар [16, 18б. ] .
Ұлттық ереже шетелдік инвесторларға көптеген ыңғайлы жағдайлар жасайды: шетелдік кәсіпкерлер өздерінің компаниясының негізін құруда және шаруашылық жүргізуде, жергілікті ұлттық тауар өндірушілермен тең жағдайда қызмет атқарады және олармен бәсекеге түседі; оларға шаруашылық қызметін жүргізудің сол елдегі кез-келген ұйымдастырушылық құқықтық түрін жүргізуге болады; жергілікті жеңілдіктердің көпшілігін пайдаланады; жергілікті қаржы, еңбек, ғылыми-техникалық, табиғат ресурстарын пайдалануға, қолдануға мүмкіндіктері бар.
Рыноктық экономикадағы әр түрлі елдерде шетелдік инвесторлардың құқығы мен мүддесін мемлекеттік қауіпсіздендіру үш деңгейде дайындалған:
а) осы елдің Конституциясы негізінде;
б) шетелдік инвестицияны екі жақты мемлекеттік өзара қорғау мен сыйлық беруге келісімдер жасау;
в) мемлекет пен шетелдік азаматтар арасындағы инвестиция туралы келіспеушілікті реттеу конвенциясына (арнаулы мәселе жөніндегі халықаралық шарт) қатысу [27, 54б. ] .
Батыс елдерінде шетелдік елдермен, көбінесе дамушы елдермен инвестицияны өзара қорғау және дәріптеп сыйлау келісімдері бар. Жалпы бұған мынадай негізгі міндеттемелер кіреді: әрбір келісімге келген жақтар басқа жағының қаржылық мүдделеріне ыңғайлы жағдай жасауға міндеттенеді, сонымен қатар, соған байланысты қызметтерге, шетелдік меншікті қорғауды қамтамасыз ету, күрделі қаржыдан түскен табысты ешқандай кедергісіз аударуға мүмкіндік жасау, өзара күрделі қаржы мәселелеріндегі келіспеушілікті халықаралық сотта қарау.
Қазақстан Республикасындағы қалыптасқан инвестициялық жағдайдың негізгі белгілерін сипаттамас алдында, экономикалық әдебиеттерде әр түрлі дәрежеде қаралатын негізгі категория, «шетелдік инвестиция» туралы ұғымды анықтап алған дұрыс. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, шаруашылық ісінде бұл терминді пайдаланудың ұқсас еместігі әр түрлі айтыс-тартысты жағдайға соқтырады, соның кесірінен оны реттеуге көп уақыт пен ақша жұмсауға тура келеді. «Инвестиция» термині нарықтық экономикаға көшу кезінде пайда болған. Бұл термин латынның investire − «жұмылдыру» сөзінен алынған. Инвестиция кез келген салым құралы ретінде түсіндіріледі. Қазақстан Республикасының 1991 жылғы «Шетелдік инвестициялар туралы» заңына сәйкес, шетелдік инвесторлар тауар өндіруге және басқа қызметтерге әкелген мүліктердің барлық түрлері мен валюталық қаржылары шетелдік инвестицияға жатады.
Бұл категорияны өте кең талдағанда бұған қаржы салудың мынадай түрлері жатады:
- материалды-заттай - яғни, түрліше өндіріс салаларында тауар өндіруге қолданылатын құрал-саймандар, станоктар, механизмдер;
- қаржылық - бұған несие-қаржылық қызмет және бағалы қағаздармен жұмыс жатады;
- ой еңбегінің өндірісті басқару тәжірибесін, мамандар дайындау, лицензиялау, біріккен ғылыми еңбектерді жасау «ноу-хау» және бұған бүкіл шетелден әкелінген капитал жатады [28, 12б. ] .
Капитал құнының өсуінің көзқарасына байланысты инвестициялық процесс Кейнспен қаралады. Дж. М. Кейнс өзінің «Жұмыспен қамту, процент және ақша туралы жалпы теория» атты еңбегінде инвестицияны «бағалы капиталды мүліктің негізгі, айналмалы, өтімді капиталдан құрылуына қарамастан оның өсуі» деп анықтама берді. Дж. М. Кейнс алғашқы инвестициялық серпіліс жасаудағы мемлекет роліне ерекше мән береді. Оның теориялық еңбектерінде инвестициялық жобалары қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, жол, көпір, плотина құрылысы т. б. түрінде даму алды.
Э. Дж. Долан және Д. Е. Лендсей өздерінің «Рыноктың микроэкономикалық үлгісі» деген кітабында «инвестицияны экономикалық жүйедегі қызмет атқарып жатқан капиталдың, яғни адамдардың жасаған өндіріс құрал- жабдықтарының ұсынылған санының көлемінің көбейіп өсуі» деп анықтама береді. Ворсей И. және Ровентлу Д. «инвестиция» терминін өте кең қарастырған. Тұрмыстық дәрежеде инвестицияны үй, көркем өнер еңбектерін, асыл-әсемдік бұйымдарды сатып алу ретінде түсіндіреді. Сонымен қатар, инвестиция деп акция, облигация салынған затқа берілетін қағаздарды айтады. Ал В. Фельзенбаумның айтуынша, «инвестиция» түсінігі нақты инвестиция аталатын мәні бойынша «күрделі қаржы салу», «қаржылықты» (портфельді инвестиция) яғни акцияға, облигацияға және басқа бағалы қағаздарға меншіктің тікелей табыс алуға байланысы бар бөлігіне қаржы бөлуді қамтиды [18, 6б. ] .
В. В. Бочаровтың пікірінше «Инвестицияны белгілі бір кезең ішінде инвестициялық қызметтің соңғы өнімінің және меншік түрінің өзгеру процесін тек тіркеп есептеу ғана емес оның өсіп дамуы ретінде түсінген дұрыс» дейді [20, 41б. ] . Демек пайдалануға болмайтын бөлігін атайды.
В. В. Бочаров инвестициялаудың негізгі 3 кезеңін көрсетті:
1. Ресурстардың капитал салымына айналуы, яғни инвестиция қызметінің нақты объектісіне инвестициялық трансформация процесі;
2. Салым құралдарының капитал құнының өсіміне айналуы;
3. Табыс немесе әлеуметтік құбылыс формасында капитал құнының өсімі, яғни инвестициялық қызметінің ақырғы мақсатының орындалуы.
Инвестицияның анықтамасы ғылыми әдебиеттерде сан алуан. Инвестиция туралы «Жекешелендіру және инвестициялау еңбектерінің жиынтығы» жұмысының авторлары былай жазады: ««Инвестиция қызметі» түсінігі ұзақ немесе қысқа мерзімде табыс алу мақсатында әртүрлі активтерге қаржылық салымдар жасаумен байланысты құбылыстармен түсіндіріледі. Инвестициялық қызметтің объектілері болып табылатын активтердің мінез-құлқына байланысты инвестициялар материалдық активтерге немесе шынайы капитал және материалдық емес активтерге бөлінеді». Ең нақты анықтама «Инвестициялық - қаржылық жинағы» кітабында берілген: «Инвестиция- капиталды өндіруге бағытталған ақша құралдарының шығыны» [20, 45б. ] .
Р. Кареновтың терминдік сөздігінде инвестицияға мүлік-заттардың барлық түрлері, кәсіпкерлік объектілері және басқа қызметтерге жұмсалған, ал нәтижесінде табыс қалыптасатын немесе әлеуметтік тиімділікке жеткізетін ойды көздеген құндылықтар жатады. Құндылыққа автор ақшаны, құнды қағаздарды, мүліктерді, мүлікке құқықты, авторлық құқықты ноу-хау және өндірістік тәжірибе тұрғысында әзірленген техникалық немесе технологиялық, сауда, коммерциялық т. б. бөлімдер жиынтығы мен басқа ой-көзқарастар құндылықтарды және құқықты жатқызады.
Инвестициялардың экономикалық табиғаты оны жіктеу арқылы толығырақ түсіндіреледі, жіктеу негізіне түрлі белгілер салынған. Белгілер ретінде мыналар қолданылады:
- инвестициялардың түрлері;
- ақша құралдарын салу объектілері;
- инвестицияландыруға қатысу сипаты;
- инвестицияландыру кезеңі;
- меншік түрлері;
- инвестордың қатысу түрлері;
- тәуекел дәрежесі;
- ұдайы өндіріс түрлері [28, 13б. ] .
- Инвестициялардың түрлерін былайша топтайды:
- ақша құралдары, салымдар, пайлар, акциялар және басқа да құнды қағаздар;
- жылжымайтын және жылжымалы мүлік;
- авторлық құқықпен, тәжірибемен және басқа да интеллектуалды құндылықтармен байланысты мүліктік құқықтар;
- қандай да бір өндірісті (бірақ патенттелген «ноу-хау» емес) ұйымдастыруға қажетті техникалық құжат, дағды, өндірістік тәжірибе ретінде рәсімделген техникалық, технологиялық, коммерциялық сауаттылық.
- Құралдардың салыну объектілері бойынша инвестициялар былайша бөлінеді:
- нақты инвестициялар немесе құралдардың материалды активтерге салынуы, яғни нақты инвестициялар - кәсіпорынның негізгі және айналыс капиталын қалыптастыратын материалды және материалды емес активтерге салынатын салым.
- материалды активтер - ғимараттарға, станоктарға, қосымша материалдық бұйымдарға, дайын өнімдерге айналдырылған құралдар; материалды емес активтер - лицензиялардың, патенттердің, тауар белгісінің құны, жарнамаға және кадрларды дайындауға кеткен шығындар;
- қаржылық инвестициялар немесе түрлі қаржылық құралдарға ақша құралдарының салынуы - депозиттер, құнды қағаздар, банктік салымдар.
- Инвестициялық процестерге қатысу сипаты бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
- тікелей инвестициялар, мұнда инвестицияландыру және ақша құралдарын салу объектісін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы қажет етіледі. Сонымен қатар, инвестор инвестициялық циклдердің барлық кезеңдеріне тартылады, оның ішінде алдын ала жүретін инвестициялық зерттеулерге, инвестицияландыру объектілерін жобалау мен тұрғызуға, дайын өнім өндірісіне;
- жанама, бұл ақша құралдарын өз қалауынша, неғұрлым тиімді орналастыратын және аккумуляцияландыратын түрлі қаржылық делдалдар арқылы (инвестициялық қорлар және компаниялар) жүзеге асады. Мұндай делдарлар инвестицияландыру объектілерін басқаруға қатысады, ал алатын табыстарын клиенттері арасында бөледі. Тұтас басқарылатын құнды қағаздарға салынатын салынымдарды портфельдік деп те атайды.
- Инвестицияландырудың кезеңдері бойынша инвестицияларды мына түрлерге бөледі:
- қысқа мерзімді, ұзақтылығы бір жылдан аспайды (қысқа мерзімді депозиттік салымдар, жинақ сертификаттар) ;
- ұзақ мерзімді, бұның ұзақтылығы бір жылдан көп.
- Меншік түрлері бойынша инвестициялар мыналарға бөлінеді:
- азаматтардың, мемлекеттік емес меншік нысанындағы кәсіпорындардың, өкіметтік емес ұйымдардың жеке ақша құралдары;
- мемлекеттік, ол түрлі деңгейдегі кәсіпорындар мен мемлекеттердің бюджет көздерінен қаржыландырылады.
- Инвестордың қатысу түріне байланысты:
- қайта құрылып жатқан кәсіпорындарға жартылай қатысу немесе шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың бір бөлігін иелену (шектеулі меншік қоғамына үлестік қатынас) ;
- инвестор толық иеленетін кәсіпорындарды құру немесе шаруашылық жүргізіп жатқан кәсіпорындарды өз меншігіне алу;
- жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті акция, облигация арқылы немесе басқа да құнды қағаздар түрінде алу;
- табиғат ресурстарын пайдалануға, жерді пайдалану құқығына, басқа да мүліктік құқықтарға концессия алу.
- Тәуекел дәрежесі бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
- тәуекелсіз инвестициялар. Мысалы, бірқатар мемлекеттерде қысқа мерзімді мемлекеттік облигацияларға салымдар салу қауіпсіз деп саналады, ал олар бойынша алынған табыс қауіпсіз қойылымды анықтайды, бұл қауіпсіз қойылым инвестициялық тәуекел нүктесін санау ретіндегі салымдарды бағалау ретінде қолданылады;
- тәукелді инвестициялар. Инвестициялармен байланысты тәуекел немесе белгісіздік дәрежесі, мысалы, уақыт, салыным объектісі сияқты факторларға тәуелді. Инвестицияландыру аяқталғаннан кейінгі кәсіпорынның жұмыс істеу нәтижесінің өзгеруі инвестицияландырудың мерзіміне және жобаның масштабы мен оның мақсаттарына тәуелді, сондықтан қауіптіліктің дәрежесі нарықтың мүмкін болатын әрекетіне шеше алмау болып табылады (жаңа өнім түрін құру, өндіріс шығындарын төмендету, сату көлемін кеңейту, мемлекеттік тапсырыстарды орындау және т. б. ) . Дәрежені бағалау критерийлері мыналар болуы мүмкін:
- барлық пайда сомасын жоғалту мүмкіндігі. Тәуекелдің орын алуы мүмкін; жоба іске асқаннан кейін пайданы ғана емес, жалпы есептемелік табысты жоғалту мүмкіндігі. Тәуекел дағдарысты болып табылады; барлық активтерді жоғалту мүмкіндігі және инвестордың банкротқа ұшырауы немесе апаттық тәуекел.
- Ұдайы өндіріс инвестицияның келесі түрлерінің бірінде жүзеге асуы мүмкін:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz