Датұлы Сырым
Датұлы Сырым (1712.1802) . Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен. Шыққан тегі . Кіші жүздің Байұлы тайпасының Байбақты руынан.
Өзінің асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып, әділдішімен аты шыққан «Бала би» атанды. Жасы ұлғайған кезінде отарлаушылардың озбыр саясатына қарсы шығып, жерінен айырылып, жайылымсыз қалған, патша әкімшілігінің езіп.жаншуынан, тонауынан әбден титықтап біткен халқының наразылығына үн қосып, қарулы күреске шығады. Ол өзінің Орынбордың генерал. губернаторы Игельстромға жазған бір хатында: «Сіздердің түрлі әдістермен алдап, қолға түсірген ноғай, башқұрттар сияқты бізге де бұғалық салып, езбекші екендігіңіз белгілі» деп жазады.
Бұдан Сырым батырдың қолына қару алып, көтеріліске шығып, басын бәйгіге тігудегі мақсатының айқындығы, халқының мойнына түскелі тұрған сол бұғауды үзуге ұмтылғаны анық аңғарылады. 1783 жылы Сырым бейқам жатқан қазақ ауылдарын шауып, кезекті тонауға келген казак.орыс атаманы Чагановтың отрядымен шайқасып, оны ойсырата жеңеді. Атаманның өзін тұтқындап, Хиуаға құлдыққа сатып жібереді. Бұл патша әкімшілігіне үлкен соққы еді.
Соған орай Орал қаласындағы патша әскері түгел аттанып, осы жылдың күзінде Cырымды қолға түсіреді. Бірақ оны Нұралы хан қыруар мал беріп, бірер айдан кейін босатып алады. Түрмеден босағаннан кейін Сырым Табын руының старшыны Тіленші Бөкенбайұлының қолдауымен Oрал казак.орыс әскерімен күресін әрі жалғастырады. Бірақ Нұралы хан бұл жолы Сырымды қолдамайды, қайта оған қарсы шығып, шекаралық әкімшіліктен көтерілісшілерді басу үшін арнайы әскер жіберуін талап етеді. Сөйтіп ол былайғы жерде Сырымға қарсы күресте шекара әкімшілігімен бір болады.
Міне, осы кезден, яғни 1784 жылдан бастап патшаның отарлау саясатына қарсы күресте ханының да, қарашасының да ортақ ниеттестігіне

ДАТҰЛЫ СЫРЫМ
Датұлы Сырым (1712-1802) – Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы
күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр,
әйгілі шешен. Шыққан тегі - Кіші жүздің Байұлы тайпасының Байбақты руынан.
Өзінің асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып,
әділдішімен аты шыққан Бала би атанды. Жасы ұлғайған кезінде
отарлаушылардың озбыр саясатына қарсы шығып, жерінен айырылып, жайылымсыз
қалған, патша әкімшілігінің езіп-жаншуынан, тонауынан әбден титықтап біткен
халқының наразылығына үн қосып, қарулы күреске шығады. Ол өзінің Орынбордың
генерал- губернаторы Игельстромға жазған бір хатында: Сіздердің түрлі
әдістермен алдап, қолға түсірген ноғай, башқұрттар сияқты бізге де бұғалық
салып, езбекші екендігіңіз белгілі деп жазады.
Бұдан Сырым батырдың қолына қару алып, көтеріліске шығып, басын
бәйгіге тігудегі мақсатының айқындығы, халқының мойнына түскелі тұрған сол
бұғауды үзуге ұмтылғаны анық аңғарылады. 1783 жылы Сырым бейқам жатқан
қазақ ауылдарын шауып, кезекті тонауға келген казак-орыс атаманы Чагановтың
отрядымен шайқасып, оны ойсырата жеңеді. Атаманның өзін тұтқындап, Хиуаға
құлдыққа сатып жібереді. Бұл патша әкімшілігіне үлкен соққы еді.
Соған орай Орал қаласындағы патша әскері түгел аттанып, осы жылдың
күзінде Cырымды қолға түсіреді. Бірақ оны Нұралы хан қыруар мал беріп,
бірер айдан кейін босатып алады. Түрмеден босағаннан кейін Сырым Табын
руының старшыны Тіленші Бөкенбайұлының қолдауымен Oрал казак-орыс әскерімен
күресін әрі жалғастырады. Бірақ Нұралы хан бұл жолы Сырымды қолдамайды,
қайта оған қарсы шығып, шекаралық әкімшіліктен көтерілісшілерді басу үшін
арнайы әскер жіберуін талап етеді. Сөйтіп ол былайғы жерде Сырымға қарсы
күресте шекара әкімшілігімен бір болады.
Міне, осы кезден, яғни 1784 жылдан бастап патшаның отарлау саясатына
қарсы күресте ханының да, қарашасының да ортақ ниеттестігіне ие болып
келген көтерілісшілер арасына жік түсіп, Сырым бастаған халық қозғалысының
күресі енді Әбілқайыр әулетінен шыққан хан мен сұлтандарға қарсы
бағытталады. Кіші жүздің көптеген рулары Нұралы ханға бағынбай
көтерілісшілер жағына шығады. 1785 жылдың күзінде болған старшындар
жиналысы Нұралыны хан деп танудан бас тартады. Келесі жылдың көктемі
қарсаңында көтерілісшілердің қысымына шыдамаған Нұралы шекаралық шептегі
қамалға қашуға мәжбүр болады. Оның ақыры сол жылы Екатерина ІІ-нің Нұралыны
хандықтан түсіру жөніндегі жарлыққа қол қоюына әкеп соғады.
Хан тағына Нұралы кетіп, Ералы отырғанымен де жағдай түзелмейді.
Халықтың наразылығы одан сайын күшейе түседі. Сырым бастаған көтерілісшілер
енді ашық соғыс қимылдарына көшіп, патша қамалдарына шабуыл жасай бастайды.
Бірақ олар пәлендей нәтижеге жете алмайды. Елек қамалына жасаған шабуылдың
сәтсіздігінен кейін Сырым соғыс тәсілін өзгертіп, партизандық әрекеттер
жасауға көшеді. Шекаралық бекіністерге, сұлтандар мен оларды қолдаушылардың
ауылына тұтқиылдан шабуылдап, адамдарын тұтқынға алады. 1797 жылы
көтерілісшілердің үлкен бір тобы Ералыдан кейін хан тағына отырған Есімнің
ауылына тұтқиылдан шабуыл жасап, ханды өлтіреді.
Есім ханның өлтірілуі Сырымға тілектес билер мен старшындардың одан
ірге ашуына себепші болады. Есімнің орнына Айшуақ хан сайлағаннан кейін, ол
Eсімнің кегін алмақ болып, арнайы отряд жасақтап, Сырымға қарсы аттанады.
Соңынан індете қуып, маза бермеген патша экспедициясынан ығысып, Сырым Хиуа
хандығының жеріне өтіп кетеді. Ел арасына атағы кеңінен тараған батырдан
қауіптенген Хиуа ханы оның көзін жоюдың амалын жасайды. Ақыры оның есебін
тауып улап өлтіреді. Бұл жөнінде халық ауызында түрлі әңгімелер айтылады.
Шым-шытырық кезеңнің шындығы
немесе жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың “Сырым батыр” тарихи
драмасынан кейінгі ой
Еділ мен Жайықтың аралығы ежелден еркіндік пен азаттық жолындағы қиыр-
шиыр күрестің кіндігіне айналып келгені тарихтан белгілі. Кешегі кеңестік
кезеңде жазылған “оқулығы жұп-жұқа біздің тарихта” бұл күрестерге ұлт-
азаттық қозғалыстар деген сипаттама берілді. Расында да солай ма? Шын
мәнінде олар жәй ғана бір қозғалыс деген момақан атаудан әлдеқайда асау
кейіптегі көтерілістер емес пе еді? Осы тұрғыда аталған өңірде ең алдымен
Арынғазы, Сырым, Исатай-Махамбет, Көтібар (Есет) көтерілістері ауызға
алынады.
Бұлардың қай-қайсысы да империялық пиғылдағы отаршылдардың аяусыз іс-
әрекеттерін ауыздықтай алмаса да, арқыраған арындарын әжептәуір басқаны
анық. Осының ішінде Сырым бастаған көтерілістің орны да, мәні мен маңызы да
бөлек дей аламыз. Өйткені, ол ұзақ жылдар бойы тек орыс отаршылдарымен
күресіп қана қойған жоқ, сонымен бірге оған башқұрттармен, қалмақтармен,
тіпті өзбектермен де тайталасуына тура келді.
Бұған қоса Сырым Датұлы сол тұста Нұралы ханмен де ұстасты. Ол Сырымға
тіпті де бөтен адам емес ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz