Қазақ ұлттық интеллигенциясының қалыптасуы және отарлау саясатына қарсы күресі


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
І. ХІХ Ғ. АЯҒЫ - ХХ Ғ. БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКАНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ ЖАҒДАЙ . . . 10
1. 1. ХІХғ-ХХғ Патша үкіметінің Қазақстанға отарлау жүйесін енгізе бастауы . . . 10
1. 2. Ресей патшалығының қазақ жерін тартып алудағы жолдары мен әдістері . . . 19
ІІ. ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ОТАРЛАУ САЯСАТЫНА ҚАРСЫ КҮРЕСІ . . . 34
2. 1. Қазақ зиялы қауымының жер мәселесіндегі көзқарастары . . . 34
2. 2. Орыс интеллигенциясының қазақ жері туралы айтқан ойлары . . . 48
2. 3. Қазақ жерінің Ресей Мемлекеттік Думасында талқылануы . . . 59
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 74
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 78
ҚОСЫМШАЛАР . . . 82
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Еуразияның жүрегінде, өркениеттер тоғысында талай халықтарды тал бесігінде тербеткен ұлы даланың төсінде дүниеге келген біздің халқымыздың барша тарихы - ұлт пен ұлыс ретінде сақталып қалу жолындағы толассыз күрестерге толы тарих.
Тәуелсіздігімізді алған 16 жылдың ішінде Қазақстанның төл тарихы негізгі тақырыпқа айналғаны белгілі. Осының негізінде назардан тыс қалып келген мәселелердің шешімін табуға, бұрын біржақты баға беріліп келген, идеологиялық себептермен айтыла бермейтін жабық тақырыптарды зерттеп, ғылыми талдаудан өткізу үшін жаңа міндеттер жүктеп отыр. Отан тарихына жаңаша көзқарас бұл- соңғы жылдары тарихи айналымға енген құжаттар мен деректерді пайдалана отырып, бұрын Кеңестік тарих арқылы белгілі, бұрмалағнан мәселелерді қайта қарау мен бағалау екендігі белгілі.
Кеңестік тарихнамада қазақ даласын отарлау мәселесі көптеген, іргелі зерттеулерге арқау болса да, нақты өз бағасын ашық түрде ала алмады. Кеңес өкіметі жылдары патша өкіметінің отарлау саясатының ақиқатын ашып көрсетпек болған зертеулерге халықтар достығына зиянын тигізді деген желеумен тиым салғаны белгілі.
Қазіргі кезеңде, еліміздің тарихына жаңаша ой-пікірдің қалыптаса бастаған шағында осы мәселені жан-жақты зерттеуге мүмкіндіктер туды. Отарлық кезең тарихының толықтай зерттеліп үлгермеген, өзінің лайықты бағасын ала алмаған мәселелеріне ғылыми талдау жасауға жол ашылды. Бұл Қазақстан тарихындағы аса маңызды осы мәселені тиянақты түрде саралауға, қоғам дамуының заңдылықтары негізінде әлеуметтік құбылыстарды ұсынуға көмектеседі.
ХІХ ғасырдың ІІ-жартысы мен ХХ ғасырдың басы қазақ қоғамы үшін күреске толы кезең. Өйткені, Ресей үкіметінің қол астында болып, патша мен оның шенеуніктерінің езгісін көрген қазақ халқы басқа да бұратана халықтармен қатар өз азаттығы үшін күреске шықты. Бұл кезде қазақ қоғамында ұлттың еңсесін көтеріп, патша саясатына ашық түрде қарсы шыққан қазақ интеллигенциясының қатары қалыптаса бастаған болатын.
Осы зиялы топ қазақ елін отарлық езгіден құтқарып, ұлт-азаттық жолындағы күресте көш бастаушы болды. Қазақ интеллигенттерінің бұрыннан алға қойған басты мақсаттарының бірі - жер мәселесі еді. Жер мәселесін шешуде қазақ интеллигенттері Ресей Мемлекеттік Думасын, патша үкіметінің әкімшілік органдарын пайдалануға тырысты. Зиялы қауымның осы қызметі және олардың қоғамдық-саяси көзқарастары жете көңіл бөліп, зерттеу елегінен өткізуді талап етеді. ХХғ. бас кезінде қазақтың зиялы қауымы өкілдері, қоғам қайраткерлері мен ағартушылары «Айқап» журналы мен «Қазақ», «Дала уалаятының газеті», «Алаш», «Сарыарқа», «Қазақстан» газеттерінде өз ойларын жариялап, қазақ қоғамының келешегі, қазақ шаруаларының тағдыры, жер мәселесі мен отырықшылыққа көшуге байланысты пікірталастар ұйымдастырды. Олардың сол кездегі қызметі мен көзқарасы бүгінде маңызын жойған жоқ. Соңғы кездерде зерттеушілер қазақ интеллигенциясының пайда болып, қалыптасу ерекшеліктерін, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуында оның атқарған ролін анықтап және мұны әр сала бойынша қарастыруда. Сондықтан бүгінгі қазақ тарихнамасында ғасыр басындағы осындай көкейтесті мәселелерді шешуге тырысқан ұлттық интеллигенцияның көзқарастарын әр қырынан толықтай ашып беретін зерттеу қажет. Міне, сол себепті қарастырылып отырған тақырып арнайы ғылыми тұжырымдар қажет, жаңаша көзқараспен талдауда тарих ғылымындағы өзекті мәселелердің бірі деп айтуға болады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өмірін орыс тарихшылары мен саяхатшыларының зерттеулері мен жазбаларынан, ресми құжаттарынан оқып білуге болады. Алайда, олардың барлығы отырықшылықты көздеген патша үкіметінің арнайы нұсқауымен орындалған еді. Өйткені, қазақ даласын түгелдей отарлық меншікке айналдырып, бодандықта ұстау үшін, халықтың тұрмысын, әлеуметтік өмірін, жерінің табиғи-географиялық жағдайын, мәдениеті мен тілін, дінін, жалпы психологиясын зерттеу өте қажет болды. Жалпы отарлық кезеңде жарияланған мұндай зерттеулердің сыни талдау арқылы пайдалануға болады. Ал қазақ интеллигенциясы өкілдерінің пайда болуы, қалыптасуы, қоғам ісіне араласуы, жер мәселесіне байланысты қызметі мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары мен арнайы ғылыми еңбектерінен белгілі. Бұл ретте Ә. Бөкейхановтың (Киргизы. 1910ж, «Үшінші Дума һәм қазақ»), А. Байтұрсыновтың («Жер мәселесі», «Қазақ өкпесі»), Р. Мәрсековтың («Қазақ қайтсе жерге ие болады?»), Ж. Сейдалиннің («Бас қосу», «Тағыда съез жайында»), М. Дулатовтың еңбектерін айтқан жөн.
ХІХ ғ. аяғы - ХХ ғ. бас кезіндегі қазақ тарихына байланысты елді «отарлау», «орыстандыру», «қоныстандыру» саясатына арналған орыс зерттеушілерінің де еңбектері баршылық. Бұл зерттеулер қазақ өлкесінің Ресей қол астына енуінің, патша үкіметінің жүргізген әскери, әкімшілік-шаруашылық отарлауы, орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныс аудартуы сияқты жолдарын ашып бере алады.
Патша үкіметінің арнайы нұсқауымен жіберілген қазақ әскерлерінің қазақ жерін иемденуі И. Бородиннің (Уральская казачье войска. Статистическое описание в двух томах. -Уральск, 1891), В. А. Остафьевтің, Н. Г. Путинцевтің, Н. В. Лебедевтің (История Семиреченского казачье войска. -Верный, 1908) еңбектерінде, отарлау саясаты А. Кауфманның (Переселение и колонизация. -СПб, 1905, По новым местам -СПб, 1905) еңбектерінде баян етіледі. П. Румянцевтің (Киргизский народ в прошлом и настоящем. -СПб, 1905, Материалы по обследованию туземного и русского старожильческого хозяйства и землепользования в Семиреченской области, собранные и разработанные под руководством П. П. Румянцева. СП. б 1911-1916), П. М. Головачев, Н. Коншин, Т. Седельниковтың (Борьба за землю в киргизской степи. -СПб, 1907, Борьба за землю в Казахской степи. А, 2007), А. Л. Трегубовтың, Бератовтың (Страна свободных земель. -СПб, 1908), М. А. Терентьевтің (История завоевания Средней Азии. -СПб, 1905. ) еңбектері де қазақ даласын отарлау тарихына арналған. Аталған авторлар кезінде орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныстандыру қозғалысының нақты себептерін ашып беруге тырысқан болатын.
1868 ж. Патша реформалары мен оның қазақ жеріне тигізген әсерін, отарлау аппараты шенеуніктерінің жүгенсіздіктерін, жергілікті құқық ұйымдарының заңсыздық әрекеттерін М. Н. Вяткин (Очерки истории Казахской ССР. -М. Л, 1941) мен В. Федоров (Казахстан-колонизация царизма в конце ХІХ и начале ХХв. АГУ им. Абая. -1941. Т-2), А. Баймурзин өз еңбектерінде көрсетуге тырысты.
Қазақстан жеріндегі аграрлық мәселенің зерттелуіне П. Г. Галузоның (Особенности аграрного строя Росии в период империализма. -М. 1960), С. Сүндетовтың (О генезисе капитализма в сельском хозяйстве Казахстана. -А. 1970), Б. Сүлейменованың, А. Тұрсынбаевтің (Из истории крестьянского переселения в Казахстане. -А. 1950), В. Шахматовтың (Казахская пастбищно-кочевая община. Алма-Ата, 1964), М. Х. Асылбековтың (Желездорожники Казахстана в первой русской революции/1905-1907гг/ А. 1965), С. Әсіптің (Қатерлі дерт, қалжыраған халық. -А. 1998), Л. Әуезованың еңбектері зор үлес қосты. Аталмыш зерттеушілер патшалық Ресей үкіметінің қазақ даласында жүргізіп келген аграрлық саясатын, оның қазақ халқына тигізген әсерлерін, ұлттық интеллигенцияның экономикалық және саяси күрес барысын әр қырынан ашып көрсетуге тырысты.
ХХ ғасырдың бас кезінде патша үкіметінің саясатына қарсы мақсаттағы азаттық қозғалыстар тек ішкі Ресей аймағын қамтыған жоқ, сондай-ақ, патша үкіметінің қол астындағы бұратана елдерді де шарпыды. Қазақстандағы аграрлық қозғалыстарға ұйытқы болып, жөн сілтеп, жол көрсеткен ұлттық интеллигенция өкілдерінің саяси мақсатын Ә. Бөкейхановтың, М. Тынышпаевтің (Из истории казахского народа. -А. 1993) еңбектері айқындайды. Сонымен қатар, көрнекті ғалым Телжан Шонанұлының «Жер тағдыры - ел тағдыры» еңбегінде қазақ жерін талан-таражыға салып, сырттан жаппай қоныстандыру саясатын жүргізіп келген патша үкіметінің заңсыз әрекеттері нақты әшкереленген. Ол қазақ жеріндегі отарлаудың түрлерін кезеңдерге бөліп, тигізген зиянын, осының нәтижесінде қазақ-орыс арасында туындаған қақтығыстарды баса көрсетеді.
Бірінші орыс революциясынан кейінгі Қазақстандағы азаттық қозғалыстар кезінде орыс пен қазақ шаруалары арасындағы жер мәселесіне байланысты ұлттық интеллигенция өкілдерінің саяси күрес бағытын айқындауда кеңес дәуірінде шыққан зерттеулер өз алдына бір сала. Мысалы: зерттеуші - ғалым А. Ф. Якунин «Қазақстандағы 1905-1907 жж. революция» атты еңбегінде 1905-1907 жылдар аралығында Қазақстанда екі түрлі бағыттағы зиялы қауым тобының болғанын атап өтеді. Ол буржуазиялық-ұлтшыл бағыттың өзін екіге: «батысшылдар» (Ә. Бөкейханов басқарған), «мұсылмандық» (Б. Қаратаев басқарған) деп бөліп, олардың патша шенеуніктеріне қарсы жүргізген күрес барысын айқындап беруге тырысты.
Интеллигенция тақырыбы әрбір дәуір тынысы, оқиғалардың және үстем идеологияның ықпал - әсерімен қарастырылып келгені белгілі. Ұлттық интеллигенцияның пайда болуы мен қалыптасу тарихына және қызмет барысына арнап кеңес ғалымдары мен шетелдік тарихшылар да, бүгінгі зерттеушілер де біраз еңбектер жазған. Шетел ғалымдарының қазақтар жөнінде жазған еңбектерін зерттеуші К. Есмағамбетовтың аударып, құрастырған «Қазақтар шетел әдебиетінде» кітабынан оқып білуімізге болады. Шетелдік әдебиет ішінен Алаш қайраткерлерінің өмірі мен қызметі туралы Х. Оралтайдың (Алаш-Түркістан түркілерінің үлт-азаттық ұраны// Азат. -1991. №8. 10) еңбегін атаған жөн. Алаш қозғалысына қатысты мәселелер М. Олкоттың «Қазақтар» атты монографиясында да атап өтіледі. Алайда ғалым еңбегін орыс басылымдарындағы деректерге сүйеніп жазған және көпшілігі шындыққа жанаспайды.
Шетел зерттеушілерінің қарастырылып отырған проблемаға қатысты еңбектерінің арасынан Дж Демконың «Орыстардың Қазақстанды отарлауы (1896-1917) » деген кітабын атап өткен жөн. Алайда, еңбек орыс зерттеулері негізінде ғана жазылып, тек статистикалық мәліметтерді келтірумен шектелген.
Тақырыптың деректік негізіне байланысты қазақ интеллигенциясының үкімет ісіне араласып, Мемлекеттік Думаға қатысуы жөнінде (1905-1907 жж. ) орыс революциясынан кейін шыққан және кеңес дәуірі кезеңінде жарық көрген еңбектер біршіма мағлұмат береді. Мемлекеттік Думаның стенографиялық есептері қазақ депутаттарының жүргізген қызметіне толық мәліметтер бере алады. І, ІІ Мемлекеттік Думаларға сайланып, мұсылман фракциясының мүшелері болған қазақ депутаттары Ш. Қосшығұлов, А. Бірімжанов, Б. Қаратаев, У. Алдабергеновтердің ондағы қоғамдық-саяси қызметі татар зиялысы Усалдың «Бірінші, екінші, үшінші думадағы мұсылман депутаттар және олардың атқарған істері» деген еңбегінде қарастырылды.
Ұлттық интеллигенция тарихы мен қызметі 20-40 жылдары сол заман ағымымен зерттелгені белгілі. 1930-1938 жылдардағы интеллигенция өкілдеріне қарсы жүргізілген жаппай қудалау саясаты бұл тақырыптың зерттелуіне кедергі келтірді. Т. Рыскулов (Из прошлого казахской нацеональной интеллигенции. Избранные труды. -А. 1987) қазақ интеллигенциясының пайда болуы мен қалыптасуына зор көңіл бөліп, олардың саяси қызметін саралап көрсетуге ұмтылса, ал қазіргі қазақ тарихы ғылымының негізін қалаушылардың бірі С. Асфендияров (Қазақстан тарихының очерктері. -А. 1994) қазақ интеллигенциясының пайда болуын ХІХ ғасырдың аяғына жатқызып, олардың іс-әрекеттерін дәйекті түрде көрсетуге тырысты. Бұл ғалымдар үкімет тарапынан қудалануға түсті.
Патша үкіметінің отарлық саясатын, жер, су, тіл мәселелерін көрсетугде қазақ зиялыларының бірі Қошмұхамет Кеменгерұлының (Таңдамалы. -А. 1994) еңбегі де маңызды. Автор онда патша үкіметінің жерге, тілге, дінге қатысты қабылданған әділетсіз заңдарын сынға алып, осы заңдардың тигізген зардабын нақты түрде көрсетеді.
Ұлттық интеллигенция тақырыбын зерттеу 50-60 жылдары едәуір жандана түсті. Мысалы: Ә. Әтішев (Политическая мысль казахстана второй половине ХІХ-начала ХХ века. -А. 1979), Қ. Бисембиев (Идейно-политические течения в Казахстане конца ХІХ- начале ХХ века. А. 1961. ), С. Зиманов (В. И. Ленин және Қазақстандағы Кеңестік ұлттық мемлекеттілік. -А. 1970), Д. Қабдиевтардың (Развитие экономической мысли в Казахстане (конец ХІХ-начала ХХ века) . -А. 1978) еңбектері қазақ интеллигенттері қызметінің жекелеген қырларын зерделеуге арналып, олардың дүниетанымдық көзқарастарын тереңірек көрсетуге тырысқан. Ал 80-жылдардың соңына қарай қоғамдық ғылымдар саласындағы бетбұрыс отандық тарихты жаңаша тұрғыдан зерттеуге жол ашты. Зерттеліп отырған дәуірге байланысты Қазақстанның қоғамдық өміріне арналған М. Бурабаевтың (Общественная мысль Казахстана 1917-1940 гг. -А. 1991) зерттеуі, қазақ интеллигенттеріне қатысты құнды мәліметтер берсе, С. Зиманов пен К. Ыдырысов (Общественно-политические взгляды Мухамеджанова Сералина. А. 1991) еңбектері көрнекті қазақ интеллигенті, «Айқап» журналының редакторы М. Сералиннің қоғамдық-саяси қызметін баяндайды.
Тәуелсіз қазақстан кезеңіндегі өзгерістер Алаш қозғалысы мен Алашорда тарихын қайта қарап, ақиқат тұрғысынан зерттеуге мүмкіндік береді. Қазақ интеллигенциясы тарихын, Алаш партиясы мен алаш қайраткерлерін, олардың ұлттық ерекшеліктерін айқындауда жаңа тарихи таныммен сараланған күрделі зерттеулер басылып шықты. Бұған М. Қозыбаевтың (Ақтаңдақтар ақиқаты. А., 1992; Тарих зердесі. 1-2 кітап. А., 1998), К. Нұрпейісовтың (Алаш һәм Алаш орда. А., 1995), М. Қойгелдиевтің (Алаш қозғалысы. А., 1995), Д. Аманжолованың (Пртия Алаш: история и историография. Семей, 199; Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш. М., 1994), Ә. Пірманов пен А. Қапаеваның (Қазақ интеллигенциясы. А., 1998), Х. Әбжанов. пен Ә. Әлпейсовтың (Қазақ интеллигенциясы мен мәдениеті туралы. А. 1992), М. Құл-Мұхаммедтің (Алаш ардагері Жақып Ақбаев. А., 1996; Алаш қайраткерлері: саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы. А., 1998), С. Өзбекұлының (Арыстары Алаштың: Тарихи очерктер. -А. 1998) еңбектері айқын дәлел. Сондай-ақ Ж. Б. Әбілхожиннің еңбектерінде ұлттық-демократиялық интеллигенция өкілдерінің 20-жылдары қазақтың әлеуметтік-экономикалық өмірін зерттеуге қосқан үлесі тиісті бағасын алған.
Кеңестік тарихнамада «буржуазиялық-ұлтшылдықтың» көрінісі ретінде бағаланып келген зиялы қауым өкілдері, қазақтың біртуар ұлдары Ә. Бөкейханов, Ж. Ақбаев, М. Тынышпаевтардың саяси көзқарастарын анықтауда белгілі тарихшы М. Қойгелдиевтің «Қазақ демократиялық интеллигенциясының 1905-1907 жылдардағы қоғамдық-саяси қызметі» деп аталатын докторлық диссертациясы мол мағлұмат беріп, тың тұжырымдар жасайды. Интеллигенция тарихында әділетсіз бағаның ақиқатын анықтап, қазақ ұл-азаттық қозғалысын бүгінгі ғылыми және қоғамдық сұранысқа сай зерттеуде академик М. Қозыбаев (История и современность. -А. 1991) еңбектерінің орны ерекше.
Бұрын аты айтылмай келген Алаш қайраткерлерінің өмірі мен творчестволық мұрасын зерттеуге Р. Сыздықова (А. Байтұрсынов. -А. 1991), Б. Қойшыбаев (Б. Қаратаев. -А. 1993), С. Созақбаев, С. Өзбекұлы (Б. Сыртанов. -А. 1996), Ө. Өзғанбаевтың (Рух күрескері. - Астана. 1999), Б. Байғалиев және басқалары өз үлесін қосты.
ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. Басындағы Қазақстандағы жер мәселесі, қазақ депутаттарының Ресей Мемлекеттік Думасындағы қызметі, қазақ зиялы қауымы өкілдерінің Ресей мұсылмандық қозғалысына қатынасуы С. Малтұсыновтың (Социально-экономическое и политическое положение Казахстана и Государственная Дума (1905-1907) . Канд. дисс. -А. 1981), С. Рүстемовтың (ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның қоғамдық саяси өміріндегі мұсылмандық қозғалыс) кандидаттық диссертацияларында қаралған. Ғалым Ө. Озғанбаевтың докторлық диссертациясы мен сол негізінде шыққан монографиясы Мемлекеттік Дума мәселесін, оған қазақтардың қатысу барысын қарастырады. Соңғы жылдары Ресей империясының отаршылдық саясаты туралы В. З. Галиевтің (Ссыльные революционеры в казахстане. - А. 1978, Общественная деятельность политических ссылных в северо-восточной Казахстане (1890-1904г), А. 2004), Ж. Қасымбавтың, Құл-Мұхаммед Мұхтар (Колониальный режим в Казахстане (1868-1917 жж) . А. 2000. ), Садвакасова З. Т. (Духовная экспанция царизма в Казахстане в области оброзования и религии (ІІ-пол. ХІХв - нач. ХХв) . А. 2005), М. Егембердиевтің «Ресей империясының Оңтүстік Қазақстандағы орыстандыру саясаты. (ХІХғ ІІ-ж - ХХғ басы) » атты кандидаттық диссертацияларында, М. Мырзахметовтың, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан өңірін отарлауда Жетісу казачествосының үлесін ашқан М. Абдировтың жұмыстарын атауға болады. 2003 жыл «Қазақстанның Ресейдегі жылы» болып аталып өтуіне байланысты - Г. Хабижанова, Э. Валиханов, А. Кривков авторларының жиынтығы, М. Қойгелдиевтің басшылығымен 2003 жылы Мәскеуде жарық көрген «Русская демократическая интеллигенция в казахстане (вторая полавина ХІХ - начало ХХ в) » - деген еңбекті айта кету керек. Бұл еңбек ХІХ ғ ІІ-жартысы - ХХғ басындағы Қазақстан жеріндегі Ресей интеллигенциясы туралы мағлұмат береді. Орыс демократиялық және қазақ интеллигенцияларының арасындағы қарым-қатынастарының даму кезеңдерін аша түседі. Бір өкініштісі еңбек орыс зерттеулері негізінде жазылғанын көреміз.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері: Қазақ өлкесін орыстандыру мәселсі отандық тарих ғылымында аз зерттелген мәселелерінің бірі деуге болады. ХІХ ғ аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы патша үкіметінің Қазақстанға сырттан қоныстандыру саясаты нәтижесінде аграрлық және отарлау мәселесінің қайшылығын, отарлау мен қоныстандыру саясатының қазақ шаруа қауымының әлеуметтік-экономикалық өміріне тигізген әсерін, қазақ ұлттық интеллигенциясының Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі жер мәселесіне қатысты атқарған қызметінің рөлін анықтап. Тарихи шындық, жаңа көзқарастар тұрғысында талдай отырып төмендегі міндеттерді қарастыруды көздедік:
- ХІХ ғ жартысы мен ХХғ басындағы Патша өкіметінің Қазақстан даласына жүргізген «отарлау», «Қоныстандыру», «орыстандыру» саясатының қазақ қоғамына тигізген зардабын ашу;
- қазақ елінің саяси-қоғамдық өміріне белсенді орналасқан ұлт зиялыларының жер мәселесіне қатысты ой-пікірлері мен отаршылдықпн жүргізген күрес тәсілдерін талдау;
- осы тақырыпқа байланысты қазіргі кезеңдегі тарихшылардың еңбектерін талдау;
- орыс интеллигенциясының ұлттық мәселеде, Қазақстандағы отарлау саясатының жүргізілуіндегі аграрлық мәселедегі көзқарастарын көрсету;
- мемлекеттік дума мен оған мүше болған қазақ депутаттарының жер мәселсіне қатысты атқарған қызметі мен жұмыс баысындағы рөлін көрсету.
Зерттеудің дерек көзі: Зерттеу жұмысын жазу барысында тұлғалы ғалымдар К. Нүрпейісов, М. Қойгелдиев, Т. Омарбеков, т. б. ғалымдардың және орыс зерттеушілерінің зерттеу еңбектері, соңғы бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары кеңінен талданып, ғылыми айналымға енгізілді. ҚР Орталық Мемлекеттік Архив құжаттары, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Орталық ғылыми кітапхана, Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогика институтының кітапхана қорындағы материалдары мен ғылыми зерттеу еңбектері қолданылған.
Зерттеудің нысаны: Магистрлық жұмыс ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ бас кезіндегі кезеңді қамтиды. Онда Патшалық Ресейдің қазақ жеріне жүргізген қоныстандыру саястының, яғни реформаларды қамти отырып, шарықтау шегіне жетіп, кең ауқымда жүргізілу барысы, өлкедегі қозғалыстар, қазақ жеріндегі орыс интеллигенциясының өлкедегі аграрлық мәселе туралы айтқан ойлары, Мемлекттік дума қызметінің 1914 жыл аралығындағы жұмыс барысы қамтылған.
Ғылыми жаңалығы: Негізгі дерек негізінде патша үкіметінің қоныстандыру қозғалысы мен аграрлық саясатына қарсы қазақ зиялылары мен жалпы қазақ қауымының жүргізген күрес барысын, оның бағыттары мен әдістерін жан-жақты талдап көрсетік. Ресейдің І-ші, ІІ-ші, ІІІ-ші Мемлекеттік Думасында қазақтың жер мәселесін қазақ депутаттары мен қазақ қауымыа тілектес өзге ұлттар депутаттарының қызметін айқындап, патшалық Ресейдің Қазақстан жеріне жүргізген саясатын әшкереленді. Соңғы баспасөз материалдары талданды.
Зерттеудің әдісі: Қазіргі кезде Қазақстан тарихын жаңаша көзқараспен жазу мүмкіншідігіне қол жеткізген кезеңде сыншыл талдау мен сараптау принцпі алынды. Қоғам дамуының диалектикалық заңдылықтарына сүйендік. Зерттеу барысында статистикалық, жан-жақтылық, салыстырмалық әдістері кеңінен қолданылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеліп отырған тақырыбым кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жоғарыдағы 2 тараудың, І - шісі 2 парагрофтан, ІІ - шісі 3 парагрофтан тұрады.
І. ХІХ Ғ. АЯҒЫ - ХХ Ғ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКАНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ ЖАҒДАЙ
1. 1. ХІХғ-ХХғ Патша үкіметінің Қазақстанға отарлау жүйесін енгізе бастауы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz