Нарық жағдайында өндіріс тиімділігін арттыру


Нарық жағдайында өндіріс тиімділігін арттыру
Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3
1. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНДІРІС ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ . . . 7
1. 1 Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні және маңызы . . . 7
1. 2Өндірістің экономикалық тиімділігіне әсер ететін факторлар . . . 12
1. 3 Өндірістің экономикалық тиімділігін бағалау көрсеткіштері . . . 14
2. «ВТОРСЫРЬЕ - МАРКЕТ» ЖШС-ның ӨНДІРІС ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ . . . 20
- «ВТОРСЫРЬЕ-МАРКЕТ» ЖШС-ның технико-экономикалық сипаттамасы . . . 22
- «ВТОРСЫРЬЕ-МАРКЕТ» ЖШС-ның өндіріс тиімділігін экономикалық талдау . . . 34
- «ВТОРСЫРЬЕ - МАРКЕТ» ЖШС-ның табыстылығын бағалау . . . 43
3. «ВТОРСЫРЬЕ - МАРКЕТ» ЖШС-НЫҢ ӨНДІРІСТІК ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ . . . 48
3. 1 Инновация - өндіріс тиімділігін жоғарылатудың негізі . . . 48
3. 2 «ВТОРСЫРЬЕ- МАРКЕТ» ЖШС-ның өндірістік тиімділігін арттыру жолдары . . . 52
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 61
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ . . . 64
Кіріспе
Экономикалық жүйенің өзгеруі экономиканың негізгі өндірістік субьекті-кәсіпорынның іс-әрекетіне әсер етпей қоймайды. Сонымен қоса, шаруашылық механизімінің өзгеруінің негізгі субьектісі, экономика транформациясының басты және қозғаушы күштерінің көзі кәсіпорын болып табылады. Өтпелі кезеңнің бір ерекшелігі - ескі қағидалар өз күшін жоймаса да іске аспайды, ал жаңа экономикалық ережелер экономиканың басты факторларының ішінде басым орын ала алмайды.
Бүгінде еліміздің алдында жаңа, өршіл міндеттер тұр. Қазақстанда әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіру үшін барлық алғышарттар бар. ҚР Президенті үстіміздегі жылдың 1-ші наурызындағы Қазақстан халқына Жолдауында осы мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін стратегияның басымдықтарын атап берді. Бұл міндетті орындау үшін және шикізаттық бағыттан арылу үшін елімізде 2015 жылға дейінгі Индустриялық - инновациялық даму стратегиясы әзірленді. Оны іске асыру ел экономикасын қарқынды дамытуға мүмкіндік береді. Бұл үшін Қазақстанда Даму банкі, Инновациялық қор және басқа даму институттары құрылып, қызмет етіп отыр.
Ең алдымен, Қазақстанның экономикалық дамуындағы сапалық “секірістерге ” негізделген елді дәйектілікпен экономикалық жаңарту. Мұндай “секіріс” сыртқы дүниеге ашық ұлттық экономика жағдайында ғана қамтамасыз етіле алады, мұндай экономика әлемдік тауарлар, қызметтер, еңбек ресурстары, капитал, осы заманғы идеялар мен технологиялар рыногының табысты да серпінді бөлігі бола алады және болуға тиіс екендігін атап көрсетті.
Кәсіпкерлікті, экономиканы әртараптандыру мен инвестициялар тартуды белсенді ету мақсатында туризм, тамақ өнеркәсібі, тоқыма өнеркәсібі, металлургия, мұнай-газ, мәшина жасау, құрылыс материалдары және көлік логистикасы секілді 7 басым кластерді қалыптастыру жөніндегі жұмыстар басталды. Таяудағы уақытта елде іскерлік ортаны жетілдіру және бизнес жүргізу жағдайларын жақсарту жөнінде бірқатар шешуші шаралар қабылдау жоспарланған.
Қазақстан экономикасының тұрақты, қарқынды экономикалық өсуі үшін отандық өнеркәсіп салалары даму қажет. Инвестициялардың өндіруші секторларға ағылуы жалғасты. Осының нәтижесінде жеңіл өнеркәсіп, машина жасау химия өнеркәсібі және басқа да салалар өнімдері нарық талаптарына сәйкес емес болып, оларда өткізу мәселесі шиеленісіп, не мүлдем өнім өндірілмей өнеркәсіп салалары терең дағдарысқа түсті. Міне осылар нәтижесінде өңдеу өнеркәсібі салаларында, біріншіден, өндеріс құлдырауының ең жоғарғы көрсеткіштері, екіншіден, жинақ үшін қор жетіспеушілігі, үшіншіден, ескірген өндірістік құрал - жабдықтар мен машиналарды алмастыру үшін мүмкіндіктердің және инвестициялық ынталандырудың болмауы байқалуда. Көптеген кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігінің төмендігі олардың шаруашылық қызмет нәтижелеріне, олармен байланысы бар басқа да субьектілер нәтижелеріне кері әсерін тигізді.
Экономиканы көтерудің ең басты тез және тиімді жолы - ол өндірістің тиімділігін жоғарылату.
Осы мәселелердің барлығы өндіріс тиімділігімен тығыз байланысты, яғни кез-келген экономиканың қарқынды дамуының алғышарттарының бірі - өндірістік секторлардың үдемелі дамуы. /5/
«Нарық жағдайында өндіріс тиімділігін арттыру» тақырыбына жазылған дипломдық жұмыстың мақсаты - нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың өндіріс тиімділігін арттыру мәселесін ғылыми тұрғыда зерттеу және нақты ұсыныстар жасау. Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі қажет:
- Нарық жағдайында тиімділікті арттырудың теориялық мәселелерін қарастыру;
- Өндіріс тиімділігіне әсер ететін, факторларды және оны бағалаудың көрсеткіштерін талдау;
- Жалпы Қазақстан Республикасындағы қағаз бен картон шығару нарығының даму тенденцияларына тоқталып өту;
- «Вторсырье - Маркет» ЖШС - ның технико - экономикалық сипаттамасын беру және өндірістік тиімділігін талдау;
- Қазақстан Республикасын қағаз бен картон шығару нарығының дамуын қолдау мүмкіндіктерін және «Вторсырье - Маркет» ЖШС - ның тиімділігін арттыру жолдарын ұсыну.
Дипломдық жұмыстың зерттеу обьектісі - Алматы облысы Қарасай ауданындағы Абай ауылында орналасқан «Вторсырье - Маркет» ЖШС. Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негізін отандық кәсіпорындардың өндіріс тиімділігін талдау, бағалау және арттыру бойынша еліміздің және шетелдік экономист ғалымдардың еңбектері, монографиялары, оқулықтары мен оқу құралдары мерзімді баспа сөздегі мәліметтер мен ақпараттар, арнайы заңдар, заңнамалық құжаттар нормативтік құқықтық актілер мен ҚР Президенті мен Үкіметінің бұйрықтары, қаулылары мен жарлықтары қағаз шығару мен айналысатын «Вторсырье - Маркет» ЖШС - ның жылдық есептемелік құжаттары құрайды.
Дипломық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер көздерінен тұрады.
Бірінші бөлімінде жалпы экономикалық тиімділік көрсеткішінің теориялық аспектлері ашылады.
Екінші бөлімінде жалпы Қазақстан республикасының картон мен қағаз нарығының даму тенденциялары, осы саланың құрамына енетін «Вторсырье- Маркет» ЖШС-ның даму тарихы, қаржы экономикалық жағдайы, өндірісінің экономикалық тиімділігі көрсеткіштері талданды.
Үшінші бөлімінде картон мен қағаз өндірісінің дамуы және жетілдіруін қамтамасыз ету үшін қандай шаралар жүзеге асырылуы, «Вторсырье-Маркет» ЖШС - ның өндіріс тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылды. Бұл ұсыныстар өндіріс ливеридж көрсеткіштерін талдау, Е. В. Поповтың «шығындар тиімділік» матрицасы және ЕХСЕL - дегі тізбектік экстраполяция болжау әдісін қолдана отырып жасаған.
Өндірістің экономикалық тиімділігінің артуы бәсеке қабілеттілік, төлем қабілеттілік және қаржы тұрақтылыққа оң әсер тигізеді. Сондықтан өндіріс тиімділігін арттыру мәселесі кәсіпорын қызметінің басты мақсаттарының бірі болып табылады.
1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНДІРІС ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні және маңызы
Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі кәсіпорындарды бәсекенің артуы, өндірістік шығындардың жоғары болуына өткізу нарығының қысқаруы, әріптес кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі, шикізат пен материалдар сипатталатын жаңа ортаға көшірді.
Нарық жағдайында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуі, экономикалық өсуі және дамуы адам ресурстары және басқа да ресурстарды ең тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін стратегиялық бағыттың дұрыс анықталуына тәуелді. Өндіріс тиімділігі тұрақты экономикалық өсу және кәсіпорын дамуына, өндірілетін өнімнің бәсеке қабілеттілігінің артуына байланысты болады. Өндіріс сферасында кәсіпорынның дамуы тек оның өсуі арқылы емес, өзгеріссіз қызмет масштабы арқылы да жүреді.
Кәсіпорынның өсуі - бұл негізінен кәсірорын көлемінің артуы және өндіріс көлемінің кеңеюі (өнім өндірудің, сату көлемінің, жұмысшылар санының артуы) . Даму деген - шаруашылық жүйенің сапалық өзгеруі және жаңаруы, барлық құрылымдық бөлімшелерде еңбекті ұйымдастыруды, техналогия және техниканы жетілдіру негізінде оның қызметінің тиімділігін арттыру. /6/
Тауар өндірушінің негізгі мақсаты - әлемдік сапа деңгейінде бәсекеге қабілетті өнім өндіретін кәсіпорын қалыптастыру, ол үшін өндіріс жұмысшылары және акционерлердің жеке ынталарын тудыру қажет. Сонымен қатар жабдықтаушылар мен тұтынушылардың жоғары талаптарын ескеру қажет.
Осы өндірістің экономикалық тиімділігі мәселесі бойынша әр экономист ғалымдар өз пікір- тұжырымдамаларын ұсынған.
Кейбіреулер еңбек өндірісінің өсуі немесе бір өнімді шығаруда -ең аз еңбек шығындары деп есептейді. Басқаларының ойынша - өнімнің немесе еңбек шығындарының нәтиже сандарының қатынасы немесе соңғы нәтижеге жету үшін қаншалықты шығын кеткенін көрсетеді.
Ғаламды өндіріс тиімділігі жұмыс уақытының үнемділік заңын сипаттайды. К. Маркс былай деген “уақыт үнемі өндірістің әр салаларына жұмыс уақытының жоспарлы үлестірілуі сияқты, ұжымдық өндіріс негізіндегі ең басты экономикалық заңдылық болып қалуда” /7/. Өнім бірлігіне еңбек шығынының төмендеуі - жұмыс уақытын үнемдеу заңының мәні болып табылады.
Л. Э. Кунельскийдің тұжырымдауынша, өндіріс тиімділігі дегеніміз -ең аз шығын шығара отырып үлкен нәтижелерге жету әрекеттілігі, нәтижелілігі /8/. Ал М. Н. Тимохинның айтуынша, өнеркәсіптік өндірістің тиімділігі - бұл оның барлық обьективті байланыстары мен үрдістерінің нәтижелілігін көрсететін күрделі котегория /9/.
А. П. Вавилов, А. И. Демичевтердің пікірінше, өнеркәсіптік өндірістің тиімділігі дегеніміз - қаржы, еңбек және материалдық ресурстардың салыстырмалы төмен шығындары арқылы жеке кәсіпорындар, салалар, жалпы индустрияның жеткен ең жоғары нәтижелері.
Н. Уоол, Л. Маркузе, Д. Лайну бойынша тиімділік - ресурстардың тиімді пайдалану. Ол көптеген әдістермен есептесе алады, ең кеңінен
- жұмыс күшін пайдалану тиімділігі: өнімділік (бір жұмысшыға өнім өндіру) ;
- өндірістің тиімділігі: өндірістік ысырап - өндіріс барысындағы қалдықтар пайызы;
- қаржылық тиімділік: активтердің айналымдығы (кәсіпорын активтері нәтижесінде қамтамасыз етілген сату көлемі) /10/.
Профессор Н. Қ. Мамыров атап өткендей, тиімділік - жалпы алғанда шығындар мен нәтижелердің қатынасы /11/. Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау барысында оның техникалық (технологиялық) және экономикалық деп ажыратады. Егер берілген өндіріс технологиясымен (әдісімен) тұрақты өнім көлемін өндіргенде өнім өндіруең көп, ал ресурстарының шығындары ең аз, онда өндірістік тиімділік технологиялық тиімді деп саналады. Экономикалық тиімділікке жету өндіріс үрдісінде пайдаланылатын ресурстар түрлерінің баламалық құнын минималдаумен байланысты. Осының негізінде кәсіпорын өндірістің технологиялық тиімді әдістерін таңдайды.
Өндіріс тиімділігі материалдық құндылықтардың өндіріс үрдісіне жататын, экономикалық жүйенің нақты қызметінің экономикалық тиімділігінің нақты құрамдас бөлігі. Барлық мемлекет шеңберінде қарастырғанда өндіріс тиімділігі қоғамдық еңбек өнімділігімен аталады.
Экономикалық тиімділік экономикалық жүйенің әр деңгейінде пайдалы соңғы нәтиженің пайдаланылған ресурстар көлеміне қатынасы ретінде, еңбек өнімділігі, қор қайтымдылығы, табыстылық, шығындардың қайтарымдылығы және т. б көмегімен өлшенеді.
Біздің ойымызша, өнеркәсіптік өндірістің экономикалық тиімділігі - кәсіпорын әзірлеген стратегияға тәуелді экономикалық категория. Ол стратегия кәсіпорынның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қысқа, орта және ұзақ мерзімді нәтижелерге сүйенеді. Сонымен қатар өндірістің экономикалық тиімділігі нарықты экномиканың шешімді категориясына жатады. Барлық түрде экономикалық өндіріс тиімділігі екі мөлшердің қатынасын көрсетеді - ол шаруашылық қызмет нәтижесі және өндіру шығындары. Ең басты - нарықты қызметтің нәтижесі, ол салынған капиталдан максималды табыс алу. Табыс мен шығындардың қатынасы. Өндіріс тиімділігін көтерудің қолайлы жолы нарықта.
К. Маркс былай тұжырымдаған: “белгілі - бір уақыт мерзімінен кейін кеңейтілген көлемдегі ұдайы өндіріс жүзеге асырылады: егер тек өндіріс құралдар пайдаланылса, онда интенсивті кеңейтілген” /12/.
Өндіріс тиімділігін арттыру үдерісінде негізгі стратегиялық қағидаларды ескеру қажет:
1. шығармашылық әдіс - кәсіпорынның болашағын көре білу;
2. инновация - техника мен техналогияны, өндірісті ұйымдастыру мен нарықтық саясатты жаңарту;
3. икемділік - нарық талаптарына сай өзгерістер енгізіп отыру;
4. кәсіпорын қызметіне үнемі баға беріп отыру;
5. кәсіпорынның дамуының әлсіз және күшті жақтарына баға беру
6. персоналды ынталандыру.
Өндіріс тиімділігін арттырудың жалпыға бірдей стратегиясы жоқ, сондықтан әр кәсіпорын оны жекеше әзірлейді.
Стратегия кәсіпорынның нарықтағы үлесіне, әлеуметіне, бәсекелестеріне, өнім ерекшеліктеріне және т. б. факторларға тәуелді болады. Бірақ стратегияны әзірлеудің негізін қараушы мөлшері мен нақты модельдері болады /10/.
- жаңа өнім әзірлеу және өнім сапасын жақсарту;
- нарықтың дамуын ескеру;
- менеджментті жетілдіру;
- диверсификация
Нарықты экономика жағдайында кәсіпорынның тиімді жұмысына кедергі келтіретін көптеген проблемалар бар;
- кәсіпорынның ұзақ мерзімді стратегиясының болмауы және қысқа мерзімде нәтижеге бағытталу:
- нарық коньюктурасын білмеу;
- пересонал және менеджмент бліктілігінің төмен деңгейі;
- жұмысшылардың еңбекке деген ынталарының болмауы;
- қаржы менеджменті және өндірістік шығындарды басқарудың тиімсіздігі.
Өндіріс тиімділігі кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесімен анықталып, ұйымдастыру, басқару қызметінің деңгейін көрсетеді /14/. Сондықтан оны арттыру негізгі мақсат бұл мына шаралар арқылы жүзеге асады:
- өндірістің технологиялық базасын дамыту;
- өндірістегі инновоция;
- өндірістік шығындардың экономикалық тиімділігін арттыру;
- инвестициялық саясатты оңтайландыру,
- өндірістік жүйенің құрылымын жетілдіру.
Өндірістің тиімділігі өндірістік шығындарды төмендетуге тәуелді. Кәсіпорын оларды төмендетудің арнайы бағдарламасын әзірлеуі қажет. Оның жүзеге асуы мынаны көздейді /15/.
- өндіріс үрдісінің барлық кезеңдерінде материал, еңбек және қаржы ресурстарының жүйелі үнемін жүзеге асыру ;
- төмендетілуі тиіс шығындардың түрін талдау; бірнеше шығындар түрінің есебін жүргізіп, олардың төмендетілуіне бақылау жасау;
- жұмысшылардан үнемдеу ұсыныстарын алу;
- шығындардың әр элементінің жағдайын жүйелі бақылау;
- ұсынылған жаңа әдістерді әзірлеу, олардың енгізілу және сақталуын бақылау;
Өнімділік көрсеткіші - бұл белгілі бір уақыт кезеңінде өндірілген өнім санының осы өнімді өндіруде қолданылған ресурстар көлеміне қатынасы.
Өнімділікті өлшеудің екі тобы бар:
Біріншісі өнімділіктің статикалық коэфициентінен тұрады. Бұл белгілі бір уақыт кезеңінде жұмсалған шығындардың өлшеміне бөлінген өнімнің өлшемі.
Екіншісіне өнімділіктің динамикалық индексі жатады. Бұл өткен кезеңдегі өнімділіктің статикалық коэффициентіне бөлінген белгілі мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэффициенті. Әрбір топтың ішінде өнімділікті өлшеуіштердің үш типі болады: жеке факторлық, көп факторлық және жиынтық факторлық немесе өнімділіктің жалпы көрсеткіштері. Өлшеуіштердің әрқайсысы өнімнің шығындарға қатынасын сипаттайды, бірақ олар бөлгіште есепке алынатын шығындардың элементтерінің саны немесе ресурстардың түрлері жағынан бір-бірінен ерекшеленеді.
Егер ресурстардың бір түрі туралы сөз қозғалатын болса, онда бұл өнімділіктің жеке көрсеткіші (немесе ішінара өнімділік көрсеткіші) . Мұның келесідей нысандары көп тараған:
- еңбектің бір сағатында немесе ақы төленген бір сағатта шығарылған өнім;
- бір адамның шығарған өнімі.
Өнімділіктің жеке көрсеткіштері бүкіл өндірістік процестің тиімділігін сипаттайды, бірақ әртүрлі динамикада болады. Мысалы, капитал қайтарымы төмендеуі, ал материал қайтарымы өсуі мүмкін.
Сәйкесінше, бұлардың қозғалыс бағыттары әртүрлі болғандықтан, капитал салымын бағалауда қайшылықтар туады. Сондықтан өзара алмастырушы ресурстарды қолдану жөнінде балама шешім болатын болса, шаруашылық шешімді жалпы бағалау үшін шығындар бөлігінде өндірістік процестің барлық негізгі материалдық факторлары болатын көрсеткіштер қажет.
Бір жұмысшы өндірген өнім көлемінің өсуі тек өндірісті жақсы ұйымдастыру арқылы емес, сонымен қатар тірі еңбектің техникалық жарақтандырылуын жоғарылату арқылы да жүреді. Осыдан өнімділіктің көп факторлы көрсеткіштерін есептеу қажеттігі туындайды.
Көп факторлы еңбек өнімділігі көрсеткішінің бөлімінде төмендегілер болады:
- ағымдағы шығындар (жұмысшы күшін, шикізаттар мен материалдарды және т. б. сатып алуға жұмсалатын шығындар) ;
- қолданылған шығындар;
- аралас бағалау.
Өзара алмасатын факторларды есепке алу үшін, өнімділікті есептегенде өндірістің барлық факторларын бөлгіште біріктірген ұтымды болады. Жиынтық өнімділікті өлшеудің осындай әдісін көбінесе корпорацияның жалпы қызметтерін талдауда және көптеген шешуші факторларды қолданатын салаларда қолданған жөн.
Өнімділікті жоғарылату - өнімді немесе еңбекті өзгерту процесін басқару мен араласудың нәтижесі. Төменде келтірілген шарттардың кез келгені орындалатын болса, онда өнімділік өседі:
- өнім көбейеді, шығындар азаяды;
- өнім көбейеді, шығындар өзгермейді;
- өнім көбейеді, шығындар өседі, бірақ өсу қарқыны төмен болады;
- өнім көлемі өзгермейді, шығындар төмендейді;
- өнім азаяды, шығындар төмендейді, бірақ мұның төмендеу қарқыны жоғары болады.
Осылайша, өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру әр кәсіпорын үшін маңызды мақсат болып табылады. Ол мақсаттың орындалуы әр - түрлі факторларға байланысты. Оларды келесі бөлімшеден кеңірек қарастырамыз.
1. 2 Өндірістің экономикалық тиімділігіне әсер ететін факторлар Өндіріс тиімділігін басқару - оның тәуелді болатын факторларын мақсатты әсер ету. Кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижелері, өндіріс тиімділігін арттыру факторларының мағынасын менеджерлер қаншалықты дұрыс бағалағандығымен анықталады.
Өндіріс тиімділігінің факторлары - өндіріс нәтижелеріне және шығындарына әсер ететін жағдайлар /13/. Олар келесілер:
- ҒТП - тің жеделдеуі, ең алдымен, кәсіпорынға бәсекелестік күресте төтеп беріп, сапаның жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік беретін жаңа жетістіктерді игеру;
- өндірісті құрылымдық және ұйымдастырушылық қайта құру, мамандану және кооперацияның оңтайлы жүйесі;
- басқару әдістері мен жүйесін жетілдіру;
- өндірістің жетілдіруі және дамуының әлеуметтік механизмдерін белсенді пайдалану, кадрлар біліктілігін арттыру, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
- халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын пайдалану.
Факторлардың маңыздылары және маңыздылығы төмені, обьективті (материалды) және субьективті (саяси, құқықтық, идеологиялық), қысқа және ұзақ мерзімділері болады. Факторлар өндіріс тиімділігіне әсер ету сипатына қарай ішкі және сыртқы орта факторлары деп бөлінеді. 1 қосымшада өндіріс тиімділігіне әсер етуші факторлардың жіктелуі көрсетілген.
Ішкі орта факторларына кәсіпорын өзінің алдына қойған мақсаттары мен міндеттері, қаржы ресурстары, инвестициялар, өнім сапасы, өндірістік және ұйымдық құрылымдар, технология, басқару деңгейі және шешім қабылдау әдістері, персонал, оның арнайы және технологиялық білімдері, корпоративтік мәдениет және т. б. жатқызамыз. Ішкі факторлар негізі және негізі емес болып бөлінеді. Негізгілеріне өндірістік және өндірістік емес факторлар жатады. Негізгі еместеріне тиімділік көрсеткіштері мәнімен тікелей байланысты емес, бірақ кәсіпорын қызметінің нәтижесіне әсер ететін факторлар жатады. Мысалы, шаруашылық, қаржы және технологиялық тәртіптің бұзылуы. Бәсекелестік артықшылық тарапынан ең маңызды ішкі фактор болып корпоративті мәдениет саналады.
Өзгерістерге төтеп беру деңгейіне қарай ішкі факторлар обьективті және жүйелік болады. Біріншісіне: өндіріс, технология, шикізат, материалдар, негізгі қорлар және өнімнің өзі жатады. Бұлар құрал-жабдықтың өнімділігімен, техналогиялық жаңартумен, ресурстарды үнемді пайдалануға бағытталған шаралармен байланысты. Екіншісіне: ұйымдық құрылым, персоналды басқару әдістері жатады. Өндіріс тиімділігін басқаруда ерекше рөл басқаруға беріледі, өйткені оған кәсіпорынның барлық ресурстарын үнемді пайдалану жауапкершілігі жүктеледі
Сыртқы орта факторлары тікелей (функционалды) және жанама (жалпы) әсер етуші болып бөлінеді. Жанама әсер етуші факторлар кәсіпорынға бағынбайды. Оларға: экономикалық, саяси, әлеуметтік, демографиялық, заңдық, технология, бәсеке, сыртқы ортаның халықаралық ерекшеліктері жатады.
Экономикалық фактор кәсіпорын қызмет ететін аймақтағы жалпы экономикалық жағдайды көрсетеді. “Тұтынушылардың сатып алу қабілеті, жұмыссыздық деңгейі, пайыздық деңгей және т. б”.
Әлеуметтік - мәдени факторлар кәсіпорын қызмет ететін аймақтағы тұрғындардың салт - дәстүрі, құндылықтары, демографиялық сипаттары өндіріс тиімділігіне өз әсерін тигізеді.
Өндіріс тиімділігін арттырудың стратегиялық факторы - мемлекеттің халықаралық ережелерін ескеру қажет. Егер кәсіпорын жоғары сапалы өнім өндірсе оны Еуропада да, Азияда да сатып алады. Саяси құқықтық, заңдық факторлар - белгілі - бір территориядағы кәсіпорындардың қызметін реттейтіндіктен бір-бірімен тығыз байланысты.
Тікелей әсер етуші факторларға кәсіпорын белгілі - бір деңгейде реттей алатын факторлар жатады: жабдықтаушылар, тұтынушылар, бәсекелестер, еңбек нарығы жатады. Көптеген кәсіпорындар жабдықтаушылармен тығыз әріптестік орнату арқылы өнім сапасын арттырып, үнем жасап, жаңа нарықтарға жедел шығуға мүмкіндік алуда. Бәсекеде жеңіп шығу үшін тұтынушыларға көп көңіл бөліп, оларды тарту және ұстап қалудың жаңа әдістерін ойлап табу қажет. Еңбек нарығы кәсіпорынға жұмысқа алынуы мүмкін адамдар құрайтындықтан, олардың біліктілік деңгейінің жоғары болуы тиімділікті арттыруға тікелей әсер етеді.
Қорытындылай айтқанда, өндіріс тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру әр факторды жекелей есепке алу ғана емес, оларды өзара толықтыру және оңтайлы сәйкестендірудің әдістерін табуды талап етеді.
Осыны жүзеге асырудың нақты дәлелі болып өндірістің тиімділігін бағалаудың экономикалық көрсеткіштері табылады.
Рыноктық экономикада кез келген фирма жалпы табыс пен жалпы шығын арасындағы айырманы, яғни пайданы жоғарылатуға тырысады. Алайда әрбір қосымша өнім бірлігін шығару жалпы шығынды да көбейтетіндігін ескеру қажет.
Егер фирма өнім көлемін ұлғайтатын болса, шекті табыс шекті шығынға теңескенге дейін жалпы пайда жоғарылайды. Шекті шығын шекті табыстан арта бастағанда пайда төмендейді. Пайданың қалыптасуының бірінші шарты шекті табыс шекті шығынға тең болуы тиіс:
MR = MС.
Жетілген бәсеке және таза монополия жағдайында пайданы жоғарылататын фирмалардың іс-әрекетін салыстырайық. Бұл фирмалар іс-әрекеттерінің ерекшелігі сұраныс қызметінің, сәйкесінше табыстың әртүрлі болуына байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz