Еңбек ақы төлеудің есебі


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

бет

Кіріспе

1-бөлім “ФУТУРА” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің

ұйымдастыру-экономикалық сипаттамасы 7

1. 1 “ФУТУРА” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 7

экономикалық сипаттамасы.

1. 2 Есеп саясатының ұйымдастыру - техникалық мәселелері. 1

2-бөлім Еңбек ақы төлеудің есебі 20

2. 1. Еңбек ақы бойынша есеп айырысу операциялары есебінің 20

теориялық мәселелері.

2. 2 Еңбек ақы түрлері, нысандары және ақы жүйесі. 24

2. 3 Еңбек ақыдан ұсталымдар және шегерімдердің есебі. 30

2. 4 Жұмыскерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу 35

операцияларының талдамалық және топтамалық есебі.

3- бөлім Еңбек ақы төлеудің аудиті. 39

3. 1 Еңбек ақы бойынша есеп айырысу операцияларының аудитін 39

ұйымдастыруды нормативтік - құқықтық реттеу мәселелері.

3. 2 Еңбек және оған ақы төлеу аудитінің маңызы және мақсаты. 42

3. 3 Еңбек ақы бойынша есеп айырысу операцияларының аудиті. 45

Қорытынды пікірлер мен ұсыныстар 51

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 56 Тіркемелер

Кіріспе

Еңбек ақы - қоғамның әрбір мүшесінің тұтыну сұранысын қанағаттандыратын, нарық стихиясынан әлеуметтік қорғайтын басты кепіл. Сондықтан, еліміздің экономикасы нарықтық қатынастар жағдайында еңбек ақының маңызы артып, оның алдында тұрған міндетттерді іске асыру жолында жаңа талаптар қояды. Нарықтық қатынастардың дамуы кәсіпорындар мен еңбекшілердің арасындағы еңбек қатнастарының реттелуі кеңейген келісім шарт негізінде жүзеге асуын талап етеді.

Еңбек ақы - бұл еңбек үшін төлем, оның келісім шартында және қызмет нұсқауында белгіленген көлеміне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшін алады.

Еңбек тиімділігін артырудың әртүрлі ынталандыру жолдары бар, атап айтқанда: сыйлық, үстеме, кепілдік төлемдер. Жұмыс беруші нақты жағдайын ескере ортырып, ”Еңбек ақы төлеу туралы” ережесін дербес әзірлей алады, сондай ақ онда еңбеккерлердің категориясын, жұмыс уақытының тәртібін, “Қызметкер туралы” ережесін белгілей алады. Аталған ереже жұмыс берушіге еңбек тәртібін ұйымдастыру мен еңбек келісім шартын жасау үшін ғана емес, сондайақ, ол шығыстар мен ұсталымдарды негіздеу үшін де қажет. Төлем жеке және (немесе) ұжымдық еңбек нәтижесі бойынша жасалуы мүмкін.

Еңбек ақының түрі, мөлшері, жүйесі кәсіпорынның қай салаға жататынына, меншік түріне қарамастан соның ұйғаруымен шешіледі.

Жоғарыда айтылған мәселерді шешуде бухгалтерлік есептің алдына төмендегідей талаптар қойылады :

  • шаруашылық салаларындағы нақты еңбек шығындарын дер кезінде және дәлме дәл тиісті құжаттармен куәландыру;
  • пайдаланылған жұмыс уақыттарын және атқарылған

жұмыстармен өндірілген өнімдердің көлемін дәл көрсету;

  • еңбек ақылардың дұрыс есептелуін қамтамасыз ететін нормалар мен төлеу бағаларының дұрыстығын қадағалау;
  • еңбек ақы төлеудің жетілдірілген прогрессивтік нысандарын кеңінен қолдануды қамтамасыз ету.

Қорыта айтқанда жоғарыда айтылып келген басты мәселелерге байланысты нарықтық экономика жағдайында еңбек пен еңбек ақы төлеудің зор мағынасы мен мәніне сәйкес бұл дипломдық жұмыс тақырыбының актуальділігінің сөзсіз екендігін аңғарамыз.

Диплом жұмысы Алматы қаласындағы “ФУТУРА” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мәліметтері негізінде орындалды. Бұл тақырыпқа диплом жұмысын жазудағы негізгі мақсатымыз “ФУТУРА” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі еңбектің және оған ақы төлеудің есебі мен аудитінің ұйымдастырылуына зерттеу жүргізіп, оның қазіргі заман талабына сай дұрыс жетілдірілуіне ұсыныстар жасау болып табылады.

Дипломдық жұмысқа Қазақстан Республикасының аумағында басшылыққа алынып жүрген заңдық және нормативтік құжаттар, осы сала бойынша жазылған ғылыми еңбектер, теориялық және әдістемелік нұсқаулар пайдаланылады, кәсіпорынның қаржылық қорытынды есебіне талдау жасалынады.

I - БӨЛІМ “ФУТУРА” ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1. 1 “ФУТУРА” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің экономикалық сипаттамасы .

Жеке меншікке негізделген “ФУТУРА” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2000 жылдың тамыз айынан бастап қызмет істеп келеді. Серіктестіктің негізгі қызмет түрлеріне мыналар жатады: тұрмыстық және офистік жиһаздар өндіру және оларды сату болып табылады.

Серіктестіктің Алматы қаласында Жетісу аудандық салық комитетіне тіркелген №620200256533“Альянс банкі” акционерлік қоғамында ашылған есеп айырысу шоты бар. Оның қаржы шаруашылық қызметі тұрақты түрде жүзеге асырылып отырады, себебі кәсіпорынның сатып өткізетін тауарлары бүгінгі таңда тұрғындарының үлкен әлеуметтік сұранысына ие болып отыр.

“ФУТУРА”жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржы шаруашылық қызметіне толық сипаттаманы оның соңғы жылдардағы қаржылық жағдайын бағалайтын қаржылық қорытынды есеп элементтерін қарастыру арқылы беруге болады. Активтер, меншікті капитал және міндеттемелер кәсіпорынның қаржылық жағдайын бухгалтерлік баланыста анықтауға тікелей байланысты элементтер болып табылады.

Қаржылық қорытынды есептің негізгі элементі болып табылатын кәсіпорын активтеріне сипаттама беру үшін сол активтердің соңғы жылдардағы нақты бары және олардың құрамы мен құрылымындағы болған өзгерістер зерттеледі.

Баланс мәліметтері бойынша кәсіпорын активтеріннің құрамы мен орналасуына талдау жасау үшін төмендегі талдамалық кесте жасалынды (кесте 1. 1. ) .

Кесте келтірілген мәліметтерден “ФУТУРА” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің активтерінің нақты құнын көрсететін баланс валютасының 2006 өткен жылмен салыстырғанда -825. 7 мың теңгеге немесе - 1. 5 төмендегенін көреміз.

Сонымен бірге, кестенің мәліметтерінен ұзақ мерзімді активтердің кәсіпорын активтерінің құрамындағы үлесі ағымдағы активтердің үлесіне қарағанда төмен екендігін көреміз. Егер есепті жылдың басында ұзақ мерзімді активтердің үлесі, ағымдағы активтердің үлесінен -22. 9 пайызға (38. 8 - 61. 7) кеміген болса, жылдың аяғында 2. 4 пайызға (48. 8 - 51. 2) артып отыр. Есепті жылда ұзақ мерзімді активтердің құны 5207, 4 мың теңгеге немесе 25, 3 есеге өскен болса, ал ағымдағы активтердің құны -6033, 1 мың теңгеге немесе -18, 2 пайызға азайған.

Кестк1. 1

“ФУТУРА” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2006 жылғы баланс активтерінің құрамы мен орналасуы

Көрсеткіштер
Жыл басында
Жыл аяғныда

Жыл бойындағы

өзгерістер(- +)

Сомасы, мың/тг

үлесі

%

Сомасы мың/тг

үлесі

%

Сомасы

Мын/тг

үлесі

%

Көрсеткіштер:

Активтердің құны, барлығы

оның ішінде:

Ұзақ мерзімді активтер олардың ішінде

а) материалдық емес активтер

б) негізгі құралдардың қалдық құны бойынша

Ағымдағы активтер олардың ішінде:

а) өндірістік босалқылар

ә) ақша қаражаттары

б) дебиторлық қарыздар

в) инвестиция

Жыл басында:

53636, 0

20553, 5

23, 8

20529, 7

33082, 5

27607, 1

2841, 8

2523. 6

110, 0

Жыл аяғныда:

100

38, 3

0, 04

38, 3

61, 7

51, 5

5, 3

4. 7

0. 2

Жыл бойындағыөзгерістер(- +):

52810, 3

25760, 9

37. 4

25723, 5

27049. 4

21822, 8

1246, 9

3819, 7

160. 0

100

48. 8

0. 1

48. 7

51. 2

41. 3

2. 4

7. 2

0. 3

- 825. 7

5207. 4

13. 6

5193. 8

-6033. 1

-5784. 3

-1594. 9

1296. 1

50

-1. 5

25. 3

57. 1

25. 3

-18, 2

-20. 9

-56. 1

51. 4

45, 5

Ағымдағы активтер құнының кәсіпорындағы барлық мүліктің құнына қатынасы ретінде анықталатын жұмылдыру коэффициенті есепті жылдың аяғында 51. 2 пайыз болды, яғни көрсеткіш оның жыл басындағы шамасымен салыстырғанда - 18. 2 пунктке төмендеген.

Қаржылық көзқараспен қарағанда бұл коэффициенттің төмендеуі мүлік құрылымындағы теріс қадам болып табылады, яғни ол көрсеткіш кәсіпорын мүлкі айналымының баяулағандығын, олардың пайдалану тиімділігінің төмендегендігін көрсетеді.

Қаржылық қорытынды есеп активтері құралу көздерінің құрамы мен құрылымына талдау төмендегі кесте (1. 2. ) бойынша жасалынды.

Кестенің мәліметтерінен кәсіпорын мүлкінің құралу көздерінің есепті жылда - 825. 7 мың теңгеге немесе - 1, 5 азайғанын көреміз. Бұл негізінен меншікті капиталмен қамтамасыз етіледі. Меншікті капиталдың шамасы есепті жылдың аяғында 1928. 2 мың теңге болды, яғни өткен жылмен салыстырғанда оның шамасы - 659, 5 мың теңгеге немесе -25, 5 пайызға төмендеген. .

Меншікті капиталдың кәсіпорынның барлық капиталына қатынасы ретінде анықталынатын тәуелсіздік коэффициенті есепті жыл ішінде 0. 048 болса, өткен жылы 0, 036 болған немесе -0, 012төмендеген.

Есепті жылдағы тәуелсіздік коэффициенті нарықтық қатынастары дамыған елдерде жоғары көрсеткіш болып саналатын коэффициент шамасына (0, 5 - 0, 6) жоғары. Сондықтан зерттеу жүргізілген кәсіпорында қаржылық тұрақтылық деңгейін өте төмен деп айтуға болады.

Кесте 1. 2.

“ФУТУРА” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2006 жылғы активтерінің құралу көздерінің құрамы мен құрылымы

Көрсеткіштер
Жылдың басына
Жылдың аяғына
Жыл ішіндегі өзгеруі
сомасы мың /тг

үлесі

%

сомасы

мың тг

үлесі

%

Сомасы мың/тг
Үлесі%
№: А
Көрсеткіштер: Б
Жылдың басына: 1
Жылдың аяғына: 2
Жыл ішіндегі өзгеруі: 3
4
5
6
№: 1
Көрсеткіштер: Кәсіпорынның барлық капиталы оның ішінде:
Жылдың басына: 53636, 0
Жылдың аяғына: 100
Жыл ішіндегі өзгеруі: 52810. 3
100
- 825, 7
-1. 5
№:

1. 1. Меншікті

капитал

Көрсеткіштер: 2587, 7
Жылдың басына: 4, 8
Жылдың аяғына: 1928. 2
Жыл ішіндегі өзгеруі: 3, 7
-659. 7
-25. 5
№: 1. 2. Сырттан алынған капитал
Көрсеткіштер: 51048, 3
Жылдың басына: 95, 2
Жылдың аяғына: 50881. 8
Жыл ішіндегі өзгеруі: 96, 3
-166, 7
-0. 3
№: 2
Көрсеткіштер: Тәуелсіздік коэффициенті
Жылдың басына: Х
Жылдың аяғына: 0, 048
Жыл ішіндегі өзгеруі: Х
0, 036
Х
Х
№: 3
Көрсеткіштер:

Қаржыландыру

коэффициенті

Жылдың басына: Х
Жылдың аяғына: 0, 051
Жыл ішіндегі өзгеруі: Х
0, 037
Х
Х
№: 4
Көрсеткіштер: Қаржыландыру коэффиценті/меншікті капитал(1. 2/1. 1)
Жылдың басына: Х
Жылдың аяғына: 19. 7
Жыл ішіндегі өзгеруі: Х
26, 4
Х
Х
№: 5
Көрсеткіштер: Инвестицсялау коэффицент
Жылдың басына: Х
Жылдың аяғына: 4. 8
Жыл ішіндегі өзгеруі: Х
0. 04
Х
Х

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын келесі көрсеткіш қаржыландыру коэффициенті. Бұл көрсеткіш меншікті капиталдың сырттан алынған капиталға қатынасы ретінде анықталады.

Зерттеу жүргізілген кәсіпорында есепті жылдың басында қаржыландыру коэффициенті 0, 051- ге (2587, 7 ÷ 51048, 3) тең болса, жылдың аяғында да ол 0, 037 (1928, 2 ÷ 50881, 8) болды, яғни оның деңгейі есепті жыл ішінде -0, 014 пайызға азайып отыр. Сонымен, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына жүргізілген зерттеулер нәтижесі оның шаруашылық қызметі және дамуы басым түрде өзін - өзі қаржыландыру, яғни меншікті капитал есебінің төмендігін көрсетті.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы активтердің құралу көздерінің құрамы мен ғана емес, сонымен бірге олардың қаржылық қорытынды есеп активтеріне салынуының дұрыстығымен де сипатталады. Сондықтан сырттан пайдалануға алынған капиталдың құрамына талдау жасаудың да серіктестік үшін маңызы зор.

Зерттеу жүргізудің келесі кезеңінде кредиторлық борыштардың құрамы мен құрылымына төмендегі кесте (кесте 1. 3. ) бойынша талдау жасалынды.

Кестенің мәліметтерінен кәсіпорынның кредиторлық борыштарының құрамында алынуға тиісті шоттар бойынша борыштардың үлесі өте төмен екендігін көреміз. Егер есепті жылдың басында оның үлесі 8, 4 пайызды құраған болса, жылдың аяғында -35 пайызға азайған. Бюджеттік төлемдер бойынша борыштар тиісінше -8. 6 пайыз, еңбек ақы төлеу бойынша борыш 3. 7 пайыз, басқа да кредиторлар мен есеп айырысу 3. 83 пайыз болды. Бұдан серіктестіктің кредиторлық борыштары негізінен төленуге тиісті шоттар бойынша борыштардан тұратындығын көреміз.

Кесте1. 3

“Футура” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің кердиторлық борыштарының 2006 жылғы құрамы мен құрылымы.

Көрсеткіштер

жылдың басы
жылдың аяғында
жыл бойғы өзгерістер(-, +)

сомасы

мың/тг

үлесі
сомасы мың/тг
Үлесі

сомасы

мың/тг

үлесі
№: А
Көрсеткіштер: Б
жылдың басы: 1
жылдың аяғында: 2
жыл бойғы өзгерістер(-, +): 3
4
5(3гр-1гр)
6(5гр/1грх100)
№: 1
Көрсеткіштер:

Кредиторлармен есеп айырысу, барлығы оның ішінде.

1. 1Төленуге тиісті шоттар

1. 2еңбек ақы төлеу бойынша

1. 3бюджеттік төлемдер бойынша

1. 4Басқада толемдер

жылдың басы:

23910. 8

2000. 0

2878. 7

91. 9

18949. 2

жылдың аяғында:

100

8. 4

12

0. 4

79. 2

жыл бойғы өзгерістер(-, +):

24035, 6

1300. 0

2986. 2

83, 3

19666. 1

100

5. 4

12. 4

0, 3

81. 8

124. 8

-700. 0

107. 5

-8. 6

726

0. 5

-35

3. 7

-9. 4

3. 83

Есепті кезең ішінде серіктестіктің кредиторлық борыштары -35 пайызға төмендеген. Бұл жағдай кәсіпорынның ағымдағы міндеттемелерін өтей алу қабілетінің төмендігін көрсетеді.

“ФУТУРА” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржы шаруашылық қызметі тұрақты түрде жүзеге асырылып отырады, себебі кәсіпорынның сатып өткізетін тауары айналымы төмендеуде.

Төменде “ФУТУРА”жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі қорытынды есебінің көрсеткіштері қарастырылады (кесте 1. 4. ) .

Кесте 1. 4 “ФУТУРА” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2006 жылдағы қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі көрсеткіштер

Көрсеткіштер
2006 ж
2006ж

Ауытқулар

(- +) мын/тг

№: 1
Көрсеткіштер: 2
2006 ж: 3
2006ж: 4
Ауытқулар(- +) мын/тг: 5
№:

1

2

3

4

5

6

7

8

Көрсеткіштер:

Өнімді(жұмысты, қызметті) сатып өткізуден түскен табыс, мың теңге.

Сатып өткізілген өнімнің (жұмыстың қызметтің) өзіндік құны, мың теңге

Жалпы табыс (1-2)

Кезеңдік шығыстар, мың/теңге

Салық салынғанға дейінгі кәдімгі қызметтен түскен табыс (зиян), мың теңге

Табыс салы5ы бойынша шы5ыстар мың теңге

Таза табыс (зиян), мың теңге Рентабельділік деңгей3. %

2006 ж:

177104. 4

141819, 8

35284. 6

31855. 5

3429. 1

1226. 7

2202. 4

0. 02

2006ж:

162564, 2

146731. 4

15832. 8

13552. 4

2762, 1

1104. 8

1657, 3

0, 01

Ауытқулар(- +) мын/тг:

- 14540, 2

4911. 6

- 19451. 8

- 18303. 1

- 667, 0

- 1219. 0

- 545. 1

- 0, 01

Кестеде келтірілген мәліметтерден “ФУТУРА” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өнімді (жұмысты, қызметті) сатып - өткізуден түскен табысының 2006 жылды өткен жылмен салыстырғанда -14540. 2 мың теңгеге азайғандығын көреміз. Сонымен бірге, сатып -өткізілген өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны да 4911. 6 мың теңгеге көбейген.

Өнімді (жұмысты, қызметті) сатып - өткізуден түскен табыс пен сатып өткізілген өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнының айырмасы болып табылатын жалпы табыс зерттеу жүргізілген кәсіпорында есепті жылды өткен жылмен салыстырғанда - 19451. 8 мың теңгеге төмендеген. Өнімнің өзіндік құнына кірмей шегерістерге жататын кезеңдік шығыстар өткен жылы 31855. 5 мың теңгені құраса, есепті жылда -13552. 4 мың теңгеге азайып отыр. Салық салынғанға дейінгі кәдімгі қызметтен түскен табыс зерттеу жүргізілген кәсіпорында есепті жылды өткен жылмен салыстырғанда -1219 мың теңге болып отыр

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржы - шаруашылық қызметінің нәтижесі болып табылатын таза табыс сомасы есепті жылды өткен жылмен салыстырғанда - 545. 1 мың теңгеге азайса, рентабельдік деңгейі есепті жылды өткен жылмен салыстырғанда - 0. 01 пайызға төмендеген.

Бұл көрсеткіштер кәсіпорынның есепті кезең ішінде шаруашылық қызметін дұрыс ұйымдастырылмағанын және қаржылық деңгейінің өте төмендігін көрсетеді.

Зерттеу жүргізілген “ФУТУРА” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қаржы - шаруашылық қызметінің төмен деңгейде түсуі ондағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырумен қаржылық қорытынды есепті дайындауды нарықтық қатынастардың талабына сай жүзеге асырылуы төмен. “ФУТУРА” жауапкершгілігі шектеулі серіктестігінде бухгалтерлік есеп автоматтандырылған нысанда, Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржылық қорытынды есеп беру туралы” заңына, бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарына және бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандарттарына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорында бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына кәсіпорын бухгалтері мен бас бухгалтер жауапты. Серіктестікте бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және қаржылық қорытынды есепті дайындау үшін дербес құрылым ретінде бухгалтерия аппараты құрылған. Ал айда зерттеу жүргізілген кәсіпорында жоғарыда аталған заңдық нормативтік құжаттарға негізделген есеп саясаты осы уақытқа дейін құрылмаған. Сонымен бірге жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шаруашылық қызметіне ішкі бақылау жүргізу деңгейі өте төмен. Кәсіпорында ол құрылтайшылардың жалпы жиналысында есеп беретін дербес ұйымдық құрылым ревизиялық комиссияға жүктелген.

1. 2 Есеп саясатының ұйымдық - техникалық мәселелері.

Есеп саясаты деген - ұғым біздің пайдалануымызға халықаралық стандарттардың терминологиясын ерікті түрде аудару нәтижесінде еніп отыр.

Бухгалтерлік есептің “Есеп саясаты және оның ашып көрсетілуі” деп аталатын қазақстандық стандартына сәйкес кәсіпорының есеп саясаты деп - бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық қорытынды есептің мағынасы және олардың принциптері мен негіздеріне сәйкес ашып көрсету үшін субъектінің басшысы пайдаланылатын тәсілдердің жиынтығын айтады.

Жоғарыда аталған стандартта есеп саясаттарын құру тәртіптері, оның мақсаты мен міндеттері, әрекет өрісі, ашылып көрсетілуі анықталған.

Кәсіпорында қабылданған есеп саясатының басты міндеті - оның шаруашылық қызметін мейлінше шынайы етіп көрсететін толық, объективті және дұрыс ақпараттарды жасау болып табылады. Есеп саясатының сауатты түрде жасалыны және оның есепті жыл ішіндегі өзгермуі қаржылық қорытынды есеп ақпараттарын сыртқы пайдаланушылар тарапынан келіспеушіліктерді, пікір қайшылығын, шағым талаптарды болдырмауға жағдай жасайды.

Есеп саясаты бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерін бірнеше жалпы көпшілік қабылданған стандарттардың ішінен таңдап алу жылымен құрылуға тиісті. Егер стандартта қандайда болмасын бір объектінің есебін жүргізу тәсілі белгіленбеген болса, онда кәсіпорын бугалтерлік есеп бойынша заңдық және нормативтік актілердің талаптарын ескере отырып, тиісті процедураларды өзі жасайды.

Есепті варианттарын тандауға төмендегі факторлар әсерін тигізеді:

  1. Кәсіпорынның құқықтық және ұйымдастыру - эканомикалық статусы - меншік түрі (жеке меншік, мемлекеттік меншік), ұйымдық құқықтық нысан (акционерлік қоғам, серіктестіктер және т. б. ), қызметтің түрі, саласы (өнеркәсіп, ауылшаруашылық, құрылыс және т. б), көлемі( шаруашылық қызметтің масштабы, сатып өткізу мөлшері, жұмыскерлердің саны және т. б. )
  2. кәсіпкерліктің ағымдық және ұзақ мерзімді мақсаты (қосымша қаржылық ресурстарды тарату, рынокта бәсекелестік позицияны күшейту, инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру және т. б ) ;
  3. шаруашылық қызметтің ерекшектері өндірістік (технологиялық құрылым, пайдаланылатын ресурстар), коммерциялық (жабдықтауды және сатып өткізуді ұйымдастыру, есеп айырысу жүйесі және нысандары, сатып алушылармен қарым қатынас), қаржылық(банк мекемелерімен, салық жүйесімен қарымқатынас), басқару (кәсіпорынның құрылымы, меншік иелерінің тәуелсіздігі. Олардың алдында есеп беру, техникалық жағынан ұамтамасыз ету деңгейі, оның ішінде тек компьютерлік техникамен жабдықтау) ;
  4. кадырлармен қамтамасыз ету қызметкерлердің квалификациялық деңгейі;
  5. шаруашылық ситуациялары - шаруашылық, салық төлеу, бухгалтерлік есеп заңдарының жағдайы, рынок инфраструктурасын даму деңгейі және т. б,

Қазақстан Республикасының Призидентінің заң күші бар “Бухгалтерлік есепке алу туралы” жарлығына және бухгалтерлік есептің қазақстандық стандартына сәйкес субъектілердегі есеп саясаты мынандай принциптерге негізделуге тиісті:

  1. есептеу
  2. үздіксіз қызмет ету
  3. түсініктілік
  4. маңыздылық
  5. елеулілік
  6. дұрыстық
  7. бейтараптық
  8. сақтық
  9. аяқталғандық
  10. салыстырмалылық
  11. бір ізділік
  12. әділетті және бұрмалаусыз көрсету.

Бұл принциптердің негізінде шруашылық жүргізуші құрылымдарда құрылған есеп саясаты ондағы бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын қамтамасыз етеді.

Кәсіпорының есеп саясатын құрудың болып негізгі шаруашылық операцияларының, активтердің, меншікті капиталдардың, міндеттемелердің, қызмет нәтижелерінің басқалардың есепті бейнелнуінің альтернативті әдістерін ұсынатын бухгалтерлік есеп стандарттары болып табылады.

Есепті саясатын құру әрбір стандарт ұсынатын әдістердің біреуін таңдаудан, кәсіпорының есеп жүргізу саясатын құру қаржылық қорытынды есепті дайындау және тапсыруға әсер ететін маңызы және жауапты процедура болып табылады. Есепті саясаттын құруға субъекті басшысы жауапты.

Кәсіпорының есеп саясатының мазмұны қаржылық қорытынды есепке тексеру жүргізуде салық инспекциясы, аудиторлар, тексеру комиссиясы пайдаланатын ең негізгі құжаттардың бірі болып табылады.

Таңдалып алынған есеп саясаты тиісті ұйымдық өкімдік құжаттарда көрсетілуі тиісті. Ондай құжаттарға кәсіпорын басшысының бұйрығы, өкімі, кәсіпорының ішкі ережелері, нұсқаулары және процедуралары, меншік иелерінің шешімдері (акционерлердің, еріктестік қатысушыларының жалпы жиналысының шешімдері) және т. б. құжаттар жатады. Іс тәжірибеде осы аталған құжаттардың ішінде кең қолданылатыны кәсіпорын басшысының бұйрығы.

Есеп саясатын бейнелеуде бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың жобалық материалдарының маңызы бар. Оның ішінде құжат айналымының графигі, бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары бухгалтерлік есептің автоматтандырылған нысанының жұмыс жобалары бар. Оларды шығарудың мақсаты кәсіпорын қалып қалған тәсілдердің қолдану тәртібін бейнелеу және есеп саясатының түрлі аспектілері техникалық түрде қалай пайдаланылуға тиісті екендігін анықтау болып табылады.

Кәсіпорының есеп саясатына арналған құжатармен бірге оның барлық шаруашылық және басқару жүйесін құрудың негізін қалайтын құрылтай құжаттарының (жарғы, құрылтай келісім шарты) маңызын атап айту керек.

Есеп саясаты кәсіпорындағы есеп жүргізу процесінің барлық аспектілерін қамтиды әдістемелік техникалық ұйымдық.

Бухгалтерлік есептің әдістемелік аспектісі активтерді бағалау тәсілдері, амортизацияны есептеу тәсілдері, табыстарды анықтау тәсілдері сияқты элементтерден тұрады.

Техникалық аспекті бухгалтерлік есепті жүргізу нысанын ( жеңілдетілген, автоматтандырылған, журнал ордерлік ) анықтайды.

Ұйымдық аспекті кәсіпорындағы бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру элементтерін қамтиды.

Төменде кәсіпорының есеп саясатын үш аспектнің элементтері және бухгалтерлік есептің ұлттық стандарттарында қарастырылған альтернативтік таңдау варианттары келтірілді.

Кәсіпорын қабылдаған есеп саясаты қаржылық қорытынды есеп мәләметтерін сыртқы пайдаланушылар үшін ашылып көрсетуге тиісті.

Бухгалтерлік есептің 1”Есеп саясаты және оның ашып көрсетілуі” деп аталатын қазақстандық стандартына сәйкес есеп саясатының ашылып көрсетілуі деп - оның есеп беру мерзімі ішінде субъекті пайдаланылған және кәсіпорынның қаржылық жағдайына өз әсерін тигізетін аспектілірін жазып көрсету процессін айтaды.

Есеп саясаты ең бірінші қаржылық қорытынды есеп беруге түсіндірме хат ашылып көрсетілуге тиісті. Егер есепті кезеңде есепті жүргізу саясатында өзгерістер болатын болса, онда оның себептерін көрсету арқылы ашып көрсету қажет. Егер бұл өзгерістер елеулі қаржылық және материалдық зиян шегуге әкелетін болса, онда есеп саясатын ашып көресту кезінде осы өзгерістер нәтижесін бағалау қажет.

Кесте 1. 5

Кәсіпорының есеп саясатының негізгі аспектілері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек ақы төлеудің есебі мен аудиті
Кәсіпорындарда еңбекақыны ұйымдастырудың маңызы
Еңбек ақының экономикалық мәні және оны жетілдірудің жолдарын қазіргі заманғы ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектеріне шолу жасау
Құрылыс ұйымдарындағы қызметкерлерге берілетін сыйақылар есебі
Еңбекақы есебі және еңбекақыдан ұсталынатын төлемдер
Еңбек пен оның төлем есебі
Нарықтық экономикадағы еңбекақы
Қазақстан Республикасында еңбекақы төлеуді ұйымдастыру
Уақытша еңбекке жарамсыздығына төлем
Өндірістегі еңбекақының төленуіне кеткен шығындардың есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz