Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріндегі тәуекелді басқару процесін талдау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ
1. 1Тәуекелді басқару ұғымы және оның мәні . . .
1. 2 Қаржылық тәуекелдің жіктелуі . . .
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗГІ ӘДІСТЕРІ
2. 1 Тәуекелді басқару процесстері және әдістері . . .
2. 2 Қазақстан Республикасында тәуекелді басқарудың негізгі әдістері . . .
2. 3 Қаржы жүйесіндегі тәуекел дәрежесін төмендету әдістері . . .
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРІНДЕГІ ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ ПРОЦЕСІН ТАЛДАУ
3. 1 Екінші деңгейлі бакнтерде тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру
шаралары
3. 2 «ТуранАлемБанк» Акционерлік Қоғамындағы тәуекелдерді
басқару процесін талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
РЕФЕРАТ
Диплом жұмысының негізгі объектісі - Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінде кездесетін тәуекелдер және олардың пайда болу ықтималдығы.
Диплом жұмысын жазуда теориялық - методологиялық негіз ретінде шетел, Ресей мен Қазақстанның алдыңғы қатарлы ғалым-экономистерінің қарыз алушылардың несиелік қабілетін анықтау және оны бағалау әдістерінің мәселелері туралы ғылыми еңбектері мен монографиялары, сонымен қатар Қазақстан Республикасының құқықтық-нормативтік құжаттары қолданылды.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, қорытындыдан және өзара байланысты үш ірі тараудан тұрады. Өз кезегінде әр бір тарау бірнеше тараушалардан құралған. Диплом жұмысым 58 бет, 8 кесте және 7 суретті құрайды, соңында қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалар бар.
Кіріспе бөлімінде диплом жұмысын таңдаудағы көздеген мақсатым, тақырыптың өзектілігі, зерттеу объектісі және диплом жұмысының жалпы құрылымы берілген.
Бірінші тарауда банктік тәуекелдерді басқарудың теориялық аспектілеріне аса маңызды көңіл бөлінген. Мұнда тәуекелдің табиғаты, оның банк тәжірибесінде алатын орны, пайда болу себептері және оларға әсер ететін факторлар толығымен ашылған.
Ал екінші тарауда негізгі мәселе болып банктік тәуекелдерді басқару қарастырылады. Қазақстандық банктердің тәжірибесінде несиелік тәуекел, проценттік тәуекел, өтімділік тәуекелі және валюталық тәуекел жиі кездесетін болғандықтан, бұл бөлімде негізінен осы аталып кеткен тәуекелдерді басқаруға көп көңіл бөлінген. Сол сияқты, мұнда тәуекелдерді есептеу, басқару әдістері мен бағалаудың тәсілдері берілген.
Үшінші тарауда тәуекелдерді басқарудың шетелдік және отандық тәжірибесі көрсетіліп, солардың негізінде Қазақстандағы банктер үшін тәуекелді басқарудың қолайлы әдісі анықталып, оны жетілдіру жолдары ұсынылады.
КІРІСПЕ
Нарықтық экономикаға көшу - ұзақ, күрделі және қайшылықты жол. Әлемдік тәжірибеде көрсетіп отырғандай, ежелден қалыптасып қалған шаруашылық жүйесін түбірінен қайта құруға байланысты әлеуметтік-экономикалық шаралар соңы өндіріс дәрежесінен анағұрлым төмендеуімен, демек тұтынудың құлдырауымен қатар жүретіндігін өмір көрсетіп отыр. Бұл заңдылық экономиканы қайта құрудың стратегиясы мен тактикасын сенімді болжап, экономикалық саясаттың ықпалы да тиімді жолдарын таңдай білуді талап етеді. Осындай жағдайларда анықсыздықпен, күтпегендіктен, сенімсіздікпен байланысты тәуекел ұғымы туындайды, тәуекел қауіп-қатер мүмкіндігі немесе табысқа жетемін деген үмітпен жетістікке ұмтылу деп түсіндіріледі. Ал тәуекелді басқару процесс ретінде белгісіздік деңгейін анықтауға, ұдай өндіріс нәтижесіне әсер етуші факторларға байланысты шешім қабылдау мен оны жүзеге асыруға, жоғары табыс деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.
Тәуекелді басқарудың басты міндеті нарықта кәсіпорынның дағдарыс жағдайына тап болмауын қамтамасыз ету және сол кәсіпорынның уақытша қиындықтарды жеңуіне септігін тигізу.
Тәуекелді басқару ұғымымен тұрақты, тиімді және өзіндік ресурстарының негізінде ұлғаймалы ұдайы өндіріске бағытталған шаруашылық түсіндіріледі.
Тәуекелді басқару менеджменттің қарапайым тәсілдермен формаларынан ерекшеленеді. Бұл келесідей негізде түсіндіріледі:
- тәуекелді басқарудың мақсаты ұйымның кез-келген экономикалық, саяси және елдегі өзгерістер жағдайындағы қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету; тәуекелді басқарудағы басты негізі - алдын-ала даярланған альтернативтік варианттардың негізінде сыртқы орта өзгерістеріне жылдам түрде реакция беру; тәуекелді басқару негізінде кәсіпорынның барлық қызмет түрлеріне сай тұрақты және жалғасымды инновациялық әрекет жүргізіп жатыр.
Бүгінгі таңда фирманың тиімді қызмет етуі үшін ішкі әрекеттерді ғана емес, сыртқы ортаға қатысты мәселелерді де басқара білу қажет.
Тәуекел күрделі-динамикалық категория және сондықтан да оны барлық қызмет түрлерінде бағалай білу керек. Қазіргі таңда ең алдымен қаржылық тәуекелдермен байланысты экономикалық тәуекелдерге ерекше көңіл бөлу қажет.
Нарықтық экономика жағдайында пайда табу мақсатын көздеген әрбір ұйым алдымен тәуекел деңгейін бағалай білу қажет. Атқарылатын қызметтің түріне қарай туындайтын тәуекелдің түрлері де әртүрлі болады. Бірақта барлық тәуекел түрлеріне ортақ сипат анықсыздық, сәйкессіздік болып табылады.
Сақтандыру - бұл белгілі сақтандыру жағдайы туындағанда шаруашылық субъектілерін және де жеке азаматтарды өздері төлеген жарналарының есебінен қорғау. Сақтандыру қызметі оқиға нәтижесінде туындаған материалдық жоғалтуларды өтеумен байланысты.
Тәуекелді басқару кезінде математикалық күтім, дисперсия, варриация коэффициенті қолданылады.
Тәуекел адам іс-әрекетінің кез-келген саласында көрініс табатын объективті оқиға болып табылады. Ол кәсіпкерліктің барлық саласында кездесетін көп аспектілі категория. Өзінің табиғаты бойынша тәуекел жағымсыз оқиғаның болуымен сипатталады. Яғни, тәуекелге ұшырау барысында кәсіпорын экономикалық немесе басқа да шығындарды шегеді.
Тақырыптың өзектілігі. Кез келген кәсіпкерлік іс тәуекелмен байланысты, әсіресе банктер үшін тәуекелді басқарудың маңызы жоғары болып келеді. Өйткені, банктер нарықтағы конъюнктуралық өзгерістерді бірден қабылдайтын сегмент.
Нарықтық жағдайда банктік тәуекелдер жоғары деңгейде болады. Сондықтан банктер қосымша капиталды қажет етеді. Банктік қызметтер тәуекелсіз жүруі мүмкін емес, өйткені банктің кез-келген опрециясы тәуекелмен байланысты болып келеді. Банк ісінің тарихында тәуекелдерді дұрыс басқармауына байланысты көптеген банктердің банкроттыққа ұшырағанына көз жеткізуге болады.
Диплом жұмысының мақсаты. Диплом жұмысын жазу барысында мен келесідей мақсатқа жетуді көздедім. Банктік тәуекелдердің теориясына талдау жасай отырып, олардың түрлерін, оларды бағалаудың әдістері мен тәсілдерін, сол сияқты олардың Қазақстанның банктік жүйесінде қолданылу мен басқарылуының теориялық аспектілерін анықтау және тәуекелдерді басқаруда шетелдік тәжірибе мен отандық тәжірибені салыстыра отырып, коммерциялық банктер үшін тәуекелді басқарудың жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты - банктік тәуекелдер аясында банктік менеджменттің ең тиімді құралдары мен әдістерін ұсыну болып табылады. Және осы мақсаттың жүзеге асуына байланысты тәуекелдердің пайда болу факторларын анықтау, Қазақстанның бүгінгі экономикалық жағдайында тәуекелдерді басқару әдісін анықтау, шетелдегі банктердің тәуекелдерді басқаруына талдау жасау, отандық және шетелдегі банктік тәуекелдерді басқару тәжірибелерінің негізінде біздің экономикаға қолайлы басқару әдістерін анықтау.
Бұл мақсатқа жету үшін келесідей тапсырмаларды қарастырып өттім:
- банктік тәуекелдердің табиғаты мен пайда болу алғышарттарын, олардың теориялық негізін және басқарудың негізгі жолдарын зерттеу;
- шетел банктерінің тәжірибесінен банктік тәуекелдерді басқарудың негізгі әдістерін анықтап, Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріндегі олардың қолданылуына талдау жасау;
- Қазақстанның екінші деңгейлі бактерінің іс-әрекетінде кездесетін тәуекелдердің түрлерін анықтап, оларға талдау жасау және оларды бағалау мен басқару әдістерін анықтау.
Сонымен қатар аталған жұмыста Қазақстан экономикасында тәуекелдің орнына сипаттама жасалған. Еліміздегі әлі де болса экономикалық тұрақсыздықтың толықтай орын алмауы тәуекелдік жағдайдың сипатын күрделендіре түседі. Қазақстанда тәуекелдің алдын-алуға бағытталған сақтандыру қызметі де жеткілікті деңгейде қалыптаспай отыр. Сақтандыру ұйымдары өмірді сақтандыру және тағы да басқа тәуекелділік деңгейі жоғары қызметтерді жүзеге асыруға батылдық танытпай отыр. Бұған себеп еліміздегі қаржы тұрақтылығының орын алмауы, сақтандыру ұйымдарындағы жарғылық капитал көлемінің жеткіліксіздігі және негізгі себеп сақтандыру заңының әлі де болса толық негізде қызмет көрсете алмауы. Отандық көптеген кәсіпорындар үшін тәуекелді басқару күрделі мәселе болып отыр. Бұған себеп қажетті мамандардың жеткіліксіздігі. Осыған орай тиісті білікті мамандарды даярлау мәселелері туындайды.
Банк қызметтерін реттеу процесіндегі тәуекелділік басқару бірден-бір негізгі және маңызды элементтері болуы тиіс. Банк тәуекелінің басқарылуын жіберіліп қойылуына Қазақстандық банктердің тұрақтылығы мен пайдалылығы тәуелді болып келеді.
1. ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ
1. 1. Тәуекелді басқару ұғымы және оның мәні
Тәуекел ұғымымен табиғат құбылыстарынан және қоғамдық түрлі қызметтерден туындайтын жоғалту қаупі түсіндіріледі. Тәуекел - бұл тарихи және экономикалық категория болып табылады. Тәуекелдің тарихи категория ретіндегі мәні өркениеттіліктің ең төменгі сатысында адам санасындағы өлімге деген қорқыныштың туындауымен байланысты. Ал экономикалық категория ретінде болуы немесе болмауы мүмкін жағдайларды білдіреді. Қаржы тәуекелділігімен байланысты жағдайлардың пайда болуында экономикалық нәтиже үш түрлі болуы мүмкін: теріс (ұтылу, зиян, залал), нөлдік, оң (ұту, тиімділік, пайда) . Тәуекелдің ғылыми негізделген классификациясы әр тәуекелдің жалпы жүйесіндегі орнын нақты анықтауға мүмкіндік береді. Әрбір автор тәуекел категориясын өз біліміне, ғылыми позициясына, әлемдік көзқарастарға сай түсіндіргісі келеді. Мұндай әртүрліліктің себебі келесідей негіздерге ие:
1. Тәуекел ұғымы экономикалық ғылымдарда ерте пайда болғанымен, бұл термин салыстырмалы түрде жақын кезеңдерден бастап қана қолданыла бастады.
2. Тәуекелді басқару теориясы экономикалық қызметтің сақтандыру, инвестициялау және банк ісі секілді салаларында тереңінен қарастырылып, сәйкесінше тәуекел жайлы әртүрлі ұсынымдар қалыптасты.
3. Тәуекел - күрделі, көп қырлы, сан алуан құбылыс. Бұл құбылыстың мәнін толық анықтау шексіздікті ұғынумен және күрделі философиялық проблеманы шешумен тең.
“Тәуекел” терминінің пайда болуы лингвистердің ойынша ridskon, ridsa секілді грек сөздерімен байланысты. Бұл сөздердің мағынасы - жартас, құз. Итальянша бұл терминге riskio - қауіп-қатер сөзі сәйкес келеді. Француз тілінде risdoe сөзі тәуекел ету қаупі деген мағынаны білдіреді.
Вебстердің сөздігінде “тәуекел” ұғымы қауіп-қатер немесе зиян мүмкіндігін білдіреді.
Ожегованың сөздігінде “тәуекел” қауіп-қатер мүмкіндігі немесе табысқа жетемін деген үмітпен жетістікке ұмтылу деп түсіндіріледі. Тәуекел жайлы лингвистикалық анықтама тек күнделікті қажеттілікке ғана жауап береді, ла ғылыми мақсаттарда қолдануға қолайсыз. Уильям Ф. Шарптың ойынша “тәуекел -бұл мерзім соңындағы инвестицияның құнымен байланысты анықсыздық”. Анықсыздық жағдайы қажетті ақпараттардың толық немесе жарым-жартылай болмауын білдіреді. Алайда тәуекел ситуациясы ақпараттың жеткілікті болуы жағдайында да пайда болуы мүмкін, сондықтан тәуекелдің пайда болуының бір факторы анықсыздық болып табылады.
Қаржылық менеджмент және қаржылық талдау бойынша “тәуекел - бұл жоғалтуға итермелейтін ықтималдық жағдайдың құндық көрінісі”. Алайда тәуекел тек жоғалтуды ғана емес, сонмен қатар қолайсыз жағдайлардың туындау ықтималдылығының орнын толтвратын пайда алуды да меңзейді. Кәсіпорын үшін тәуекел жағдайында қызмет ету қысқа мерзімдегі және ұзақ мерзімдегі қосымша табыс алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Адам сенімсіздік жағдайында табысқа жету үшін бірнеше қадамдар жасайды. Алайда сәтсіздік орын алса сол адам бедгілі бір мөлшердегі материалдық және қаржылық ресурстарын жоғалтады. Осылайша, тәуекел - бұл жетістікке жету үшін төленетін баға болып табылады.
Коммерциялық қызметке қатысты “тәуекел” ұғымының сан қырлы варианттарын екі бағытқа топтастыруға болады. Бірінші бағыт - бұл тәуекелді коммерцмялық қызметтің қаржылық нәтижесі тұрғысынан түсіндіру. Тәуекел - бұл қолайсыз жағдайлардың туындау кезіндегі қауіп-қатер немесе жоғалту мүмкіндігі. Екінші бағыт - зерттеушілердің тәуекелді қытималдылықтар теориясы құралдарының көмегімен түсіндіруге бағытталған талпыныстарын біріктіреді.
Бизнестегі басқару шешімдері тәуекел жағдайында қабылданады. Әрбір іскер ұйым нарықтық қатынас жағдайында әрекет етіп, өз позицияын нығайту үшін технологиялық жағдайларды, новаторлық идеяларды батыл түрде енгізу қажет. Ал бұл әрекет өз кезегінде тәуекелмен тікелей байланысты. П. Друкердің де айтуы бойынша: “Іскер кәсіпорын үшін ең бастысы тәуекел қабылдауға негізделген кәсіпкерлік әрекет”.
Тәуекелдің келесідей функциялары бар:
- инновациялық;
2) реттеушілік;
3) қорғаушылық;
4) аналитикалық (талдаулық) .
Тәуекел инновациялық функцияны бизнесмен алдында тұрған мәселелерді дәстүрлі емес жолмен шешуге деген ізденістерді ынталандыра отырып атқарады. Халықаралық тәжірибеде инновациялық тәуекелдік шаруашылықтың оң нәтижесі ретінде қалыптасты. Көптеген кәсіпорындар инновациялық - экономикалық әрекеттердің негізінде жетістіктерге жетіп, бәсекелестік қділеттерін арттыра түседі. Мұндағы инноациялық әрекеттер тәуекелмен тікелей байланысты. Тәуекелдік шешімдер, шаруашылықтың тәуекелдік типі кәсіпкерлер мен тұтынушылар үшін де, тұтастай қоғам үшін де ұтысқа қол жеткізетін тиімді өндіріске алып келеді.
Реттеушілік функция қарама-қайшылық сипатқа ие және екі формада жүзеге асады: конструктивті және деструктивтік. Тәуекел дәстүрлер емес тәсілдермен мәнді нәтиже алуға бағытталған. Сонымен қатар болашақтағы жаңашылдыққа кедергі болатын консерватизмге, догматизмге, сірескен қасиеттерге және психологиялық тосқауылдарға ие болуы мүмкін.
Реттеушілік функция конструктивті формасының мәні мынада: тәуекелге бара білу кәсіпкердің жетістікке жетуінің бір жолы болып табылады. Егер де шешім жеткіліксіз ақпарат жағдайында қабылданса тәуекел авантюризм мен субъективизмнің қалыптасуына әкеліп соғуы мүмкін. Бұл жағдайда тәуекел тұрақсыздандырғыш фактор қызмет ретінде қалыптасады. Сонымен тәуекел “игілікті іс” болғанымен кез-келген шешім тәжірибеде жүзеге аспайды, сондықтан қабылданатын шешім негізділік, өлшенген, ақылға сай сипатта болуы керек.
Егер кәсіпкер үшін тәуекел табиғи жағдай болса, онда сәтсіздікке шыдамдылықпен қарау керек. Осындай жағдайда қорғаушылық функция орын алады. Бастамашыл, тәуекелді жағдай деп танитын кәсіпорын үшін сәтсіздік жағдайда жазалауға жол бермейтін, анықтаушы, тәуекелге ынталандырушы әлеуметтік қорғау, құқықтық, саяси және экономикалық кепілдік керек.
Тәуекелдің талдаушылық функциясы бизнесменнің шешім қабылдау процесінде барлық альтернативтік мүмкіндіктерді талдай отырып, пайдалылығы жоғары және тәуекел деңгейі төмен вариантты таңдайтындығына байланысты. Тәуекелдік ситуация мазмұнына қарай альтернативтілігі әртүрлі дәрежедегі күрделілікке ие және әртүрлі тәсілдермен шешіледі.
Тәуекел деңгейіне әсер етуші факторлар. Бизнес әрқашанда тауарға деген сұраныс пен ұсыныс тұрақсыздығынан, ақша мен өндіріс факторларының өзгерісінен, бизнес және коммерция жөніндегі білімнің жеткілісіздігінен туындайтын экономикалық конъюнктураның анықсыздығымен байланысты. Бәсекелестік пен тәуекел бір-бірімен тығыз байланысты критериялар. Бәсекелес өндірушілер арасындағы сатып алушы үшін күрес өз өнімін несиеге сатуға мәжбүр етеді. Бұл жағдайда ақша сомасының мерзімінде қайтарылмау ықтималдығына байланысты тәуекел орын алады. Экспорттық-импорттық сипаттағы коммерциялық операцияларды жүргізу әртүрлі валюта бірліктерін қолдануды талап етеді. Мұндағы тәуекел валюта курстарының өзгеруімен байланысты.
1-сурет. Банктік тәуекелдердің пайда болу көздері
Банктің басқармасы тәуекелдің пайда болу көздеріне және пайда болу себептеріне аса маңызды көңіл бөледі (1-сурет) /2, 36б/. Тәуекелдің пайда болуының үш көзін атап өтуге болады. Алғашқы екі түрі объективті сипатта, яғни банктің іс-әрекеттеріне байланыссыз немесе тәуелсіз болады. Ал, үшінші түрі субъективті сипатта болады, яғни банк қызметіне тәуелді болып келеді.
Тәуекел адам арқылы жүргізілгенімен субъективті сипатқа ие. Өйткені кәсіпкердің өзі қалыптасқан ситуацияны бағалап, көптік альтернативалардан таңдау жасайды. Тәуекелдің субъективтілігі төмендегідей ішкі факторлармен байланысты:
- даму стратегиясы;
- қызмет принциптері;
- ресурстар және оны пайдалану;
- сапа және маркетингті қолдану.
Тәуекел әрқашанда адам қызметінің кез-келген аясында бірге болады және оның қызметінің табыстылығы тәуекел мәселесін жақсы шешуіне байланысты болады.
Әсер ету мен қызмет ету аясына байланысты банктік тәуекелдер сыртқы және ішкі болып бөлінеді.
Сыртқы тәуекелдерге банктік қызметіне тікелей байланысты емес немесе берілген 1 клиентпен байланысты емес тәуекелдер жатқызылады. Банкте анықталған ақша-қаражаттары болғанда, ол жанама түрде сыртқы тәуекелдерді алдын ала болжай алады және оларды өз уақытында басқара алады. Сыртқы тәуекелдер саяси-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, бәсекелестік, қаржылық және басқадай факторлардан пайда болады.
Ішкі тәуекелдер банктің өз қызметінен клиенттердің қарыз алушылардың немесе оның берілген контр серіктестер қызметіне байланысты. Олардың деңгейіне банк басшыларының іскерлік белсенділігі, басқарудың тиімділігі мен тактикасы және басқадай факторлар үлкен әсер етеді.
1. 2 Қаржылық тәуекелдің жіктелуі
Қазақстанның банктік жүйесіндегі несиелік тәуекелдің жоғары дәрежесі жеке айналым қорларының жеткіліксіздігі, төлемсіздігі, дебиторлық және несиелік қарыздарға тән болатын көптеген кәсіпорындардың қаржылық жағдайымен сипатталады.
Түрлі шаруашылық қызметтерде әрдайым шығындар болуының қауіп-қатері болады. Осындай шығындар қауіп-қатері коммерциялық тәуекелділікті білдіреді. Ал коммерциялық тәуекелділік болатын нәтижеге деген сенімсіздікті, бұл нәтиже қызметінің анықталмағандығын білдіреді. Қаржы тәуекелділігі коммерциялық тәуекелділіктің құрамды бөлігі. Олар қандай да бір ақша қаражаттарын жоғалту немесе оларды толық ала алмаудың ықтималдылығымен байланысты. Тәуекелділіктер екі түрге бөлінеді: таза және спекулятивті. Таза тәуекелділіктер шығынға ұшырауды немесе нөлдік нәтиже алуды білдіреді. Ал спекулятивті тәуекелділік оң және теріс нәтиже алу ықтималдылығын білдіреді.
Қаржы тәуекелділігі - бұл спекулятивті тәуекелділік. Инвестор капиталдың венчурлі салымын жасағанда оның екі ғана нәтижесі болатынын біледі: пайда немесе шығын. Қаржы тәуекелділігінің ерекшелігі, қордың бағалы қағаздарымен операция жүргізу, биржалық және қаржы-несие саласында қандай да бір операцияларды жүргізу нәтижесінде нұсқан келтіру ықтималдылығы, яғни осы табиғи операциялар нәтижесінде пайда болатын тәуекелділік.
Түрлі шаруашылық қызметтерде әрдайым шығындар болуының қауіп қатері бар. Осындай шығындардың қауіп-қатері коммерциялық тәуекелділікті білдіреді. Коммерциялық тәуекелділік болатын нәтижеге деген сенімсіздікті, бұл нәтиже қызметінің анықталмағандығын білдіреді. Ал қаржы тәуекелділігі коммерциялық тәуекелділіктің құрамды бөлігі. Ол қандай да бір ақша қаражаттарың жоғалту немесе оларды толық ала алмау ықтималдығымен байланысты.
Тәуекел мәселесін зерттеушілердің барлығы оның классификациялау әдістеріне келтіріледі.
Тәуекел классификациясы деп - қойылған мақсатқа жету үшін анықталған белгілері бойынша нақты топтарға тәуекелділіктерді бөлу жүйесі.
Дамыған нарықпен салыстырғанда дамып келе жатқан нарықта үлкен табысты алу көп жағдайларда, қаржы менеджерлерінің соқтығысып қалатын тәуекелділіктерді болжамдау мен бағалау мүмкіндіктеріне байланысты болады.
Тәуекелді басқаруға болады, яғни белгілі бір дәрежеде тәуекелді жағдайдың пайда болуын болжамдау үшін түрлі әдістерді қолдануға және тәуекел дәрежесін төмендету үшін шаралар қабылдау. Және де әр тәуекелдің өзіне сай тәуекелдерді басқарудың әдістер жүйесі бар.
Тәуекелдің барлық түрлері өзара байланысты болып табылады. Сондықтан тәуекелдің бір түрінің өзгеруі басқа да тәуекел түрлерінің өзгеруіне себеп болады. Осы себептерге байланысты банк үшін әр тәуекелдің түрін талдау, оның басқа тәуекелдің түрлерімен байланысын анықтау қиынға соғады.
Осылайша банктік тәуекелдердің түрлерін жіктеу мақсатында тәуекелдерді мына элементтер бойынша топтаймыз:
- коммерциялық банктің түрі мен мамандану саласы;
- банктік тәуекелдің пайда болу немесе ықпал ету аясы;
- банк клиенттерінің құрамы;
- тәуекелділікті есептеу әдістері;
- банктік тәуекелдің деңгейі;
- тәуекелді уақыт тұрғысынан үлестіру;
- тәуекелді есепке алу сипаты;
- банктік тәуекелді басқару мүмкіндігі.
Коммерциялық банктердің түрлері немесе мамандану саласы. Қазіргі кезде коммерциялық банктердің мамандану саласына байланысты үш түрін көрсетуге болады: маманданған, салалық және әмбебап (2-сурет) .
Маманданған банктердің қызметі белгілі бір қызметті көрсетумен байланысты болып табылады. Банк ісінде қызмет көрсету саласына тән тәуекелдердің түрі жиі кездеседі. Мысалы, инновациялық банктер жаңа технологияларды несиелендірумен байланысты тәуекелдерге жиі кезігеді. Ал, әмбебап банктерде тәуекелдің барлық түрлері жиі кездесуі мүмкін.
2-сурет. Коммерциялық банктердің мамандануына байланысты жіктелуі
Банктік тәуекелдердің пайда болу немесе ықпал ету аясы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz