Оқушыларды ауызекі сөйлесуге үйретудегі коммуникативтік әдіс



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.5

1 Ауызекі сөйлеу мәдениетінің теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... .6.13
1.1 Тіл мәдениеті туралы ғалымдар көзқарасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14.18
1.2 Ауызекі сөйлеудің өлшемдері мен оған қойылатын талаптар ... ...19.20
1.3 Оқушыларды тіл мәдениетіне тәбиелеудегі дидактикалық, әдістемелік ұстанымдар ... ... ... ..20.26

2 Оқушыларды ауызекі сөйлесуге үйретудегі коммуникативтік әдіс ... ..26.28
2.1 Ағылшын тілі пәнінен орта буын оқушыларын тіл мәдениетіне тәрбиелеу ...29.35
2.2 Ағылшын тілі сабақтарында жоғары сынып оқушыларын тіл мәдениетіне тәрбиелеудің әдіс.тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36.42
2.3 Мектеп оқушыларының ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру әдістемесінің тиімділігін эксперимент арқылы дәлелдеу жұмыстары.43.59

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..60
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
      Мазмұны
 Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-5
1 Ауызекі сөйлеу  мәдениетінің теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ...6-13
1.1 Тіл мәдениеті туралы ғалымдар
көзқарасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 14-18
1.2 Ауызекі сөйлеудің өлшемдері мен оған қойылатын талаптар ... ...19-20
1.3 Оқушыларды тіл мәдениетіне тәбиелеудегі дидактикалық, әдістемелік
ұстанымдар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...20-2 6
2 Оқушыларды ауызекі сөйлесуге үйретудегі коммуникативтік әдіс ... ..26-28
 2.1 Ағылшын тілі пәнінен орта буын оқушыларын тіл мәдениетіне тәрбиелеу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29-35
2.2 Ағылшын тілі сабақтарында жоғары сынып оқушыларын тіл мәдениетіне
тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36-42
    2.3 Мектеп оқушыларының ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру
әдістемесінің тиімділігін эксперимент арқылы дәлелдеу  жұмыстары.43-59
 Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 60
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..62
                                         

Кіріспе
   Ағылшын тілі – әлемдегі тілдер арасынан  көркемдігі мен  бейнелілігі,
тазалығы мен сөздік құрамының  молдығы жөнінен ойып орын алған  тілдердің
бірі.  Тіл  адамның қарым-қатынас құралы болғандықтан,  ол адам баласы
 сөйлеу  әрекетінің  арқауы болып табылады. Сөйлеу әрекетінің ғылыми
тұрғыда  жан-жақты  зерттелуі  тіл білімінде  XX ғасырда бастау алады. Тіл
білімі үшін  сөйлеу әрекетін зерттеу  үлкен  мәселелердің  бірі екендігін
 швед лингвисі  Фердинанд де Соссюр алғаш болып көрсеткен. Бала тілін
зерттеген ғалымдар: А.Шахнарович, Л.Щерба, Е.Кубрякова, С.Канцельсон,
Т.Аяпова т.бЛ.Щерба: Сөйлеу әрекеті  дегеніміз – үздіксіз үрдіс және ол
сөйлеу үрдісі мен  тыңдаудан тұрады, – деген.Т.Аяпова: Адам баласының
сөйлеуі – баланың алғашқы сөйлеуі  және тілдік ортада түсінуі, белгілі бір
жағдаятқа  байланысты,  мақсатты,қажетті болып табылатындығын айқындайды,
– дейді.
  Зерттеу жұмысында ауызекі сөйлеу  мәдениетінің теориялық негіздері
қарастырылады. Бірінші бөлімде тіл мәдениеті туралы ғалымдар көзқарасы
көрсетіледі. Сонымен қатар ауызекі сөйлеудің өлшемдері мен оған қойылатын
талаптары баяндалады. Екінші бөлімде  оқушыларды ауызекі сөйлесуге
үйретудегі коммуникативтік әдістер туралы сөз болады.
Орта буын оқушыларын тіл мәдениетіне, яғни ауызекі сөйлеуге үйретуден
алынған нәтижелер және эксперимент сынып оқушыларын тіл мәдениетіне
үйретуден алынған нәтижелер салыстырылады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. 
    Соңғы жылдардағы тілші, әдіскер ғалымдардың зерттеу жұмыстарының
нәтижесіне жүгінсек, мектеп оқушыларының көпшілігінің сөздік қоры жұтаң,
сөз тіркестерін, сөйлем және мәтін құрауда дәрменсіздік танытатындығын,
ойын жүйелі түрде айтып бере алмайтындығын, ауызша сөйлеу дағдысының
төмендігін байқауға болады. Мұның басты себебі, оқушының сөйлеу формаларын
игерудегі дағдысының әлі қалыптаспағандығынан, білімінің жеткіліксіздігі
деп санаса, кейбір зерттеушілердің пікірінше, мектептегі тіл дамыту
жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілмейтіндігінде деп санайды.                
                                           Қазіргі кезде оқушылардың ауызша
сөйлеу әрекетін қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып
табылады.                                                                  
       Тіл дамытуда мынадай  тілдік материалдарды пайдалануға болады:      
                               
а) тіл дамыту жұмыстарын көркем-әдеби үлгілерімен емес,таза бала тілін
бақылау арқылы жүргізу.                                                    
                                                               б) тіл
дамытуда газет-журналдардың, ресми іс-қағазда-
рының тілін пайдалану. 
в) тіл дамытуда көркем-әдебиет тілінен үлгі алу.
Тіл дамыту жұмыстарын үш салаға бөледі: 1) сөздік жұмыстар; 2) сөз тіркесі
және сөйлеммен жұмыс; 3) байланыстырып сөйлетуге дағдыландыру жұмыстары. 
 
Зерттеу жұмысының тақырыбы:
Ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуде коммуникативтік әдіс.
Зерттеудің мақсаты: Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын
қалыптастыру;
Зерттеудің міндеттері:
   – әдістемелік әдебиеттерді пайдаланып, ауызекі сөйлеуін қалыптастыруға
байланысты талдаулар жүргізу; 
 –оқушылардың ағылшын тілі сабағында ауызша сөйлеу  дағдыларын
қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар мен мәтіндер жүйесін  жасау;
- оқушы тілін дамыту әдістемесінің ұтымдылығын эксперимент нәтижелеріне
сүйеніп дәлелдеу.
Зерттеу пәні: Ағылшын тілі сабағында ауызекі сөйлесудегі коммуникативтік
әдіс. 
Зерттеу нысаны: Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу  тілін  қалыптастырудың
педагогикалық негіздемесін жасау.
Зерттеу әдіс-тәсілдері: Зерттеу жұмысында баяндау, бақылау, тұжырымдау,
талқылау, талдау-жинақтау, қорыту, эксперименттік әдістер т.б.
 қолданылды. 
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
–  Ағылшын тілі сабағында мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу            
 дағдысын қалыптастыру әдістемесі ұсынылды;
–Мектеп  оқушысының тілін дамытуда тілдік қатысым әдісі үлкен қызмет
атқаратындығы анықталды;
– оқушыларды ғылыми жұмысқа баулу арқылы ғылыми стильге жаттықтыруға, тіл
терминдерімен сөздік қорын байытуға болатындығы және ол жұмыстардың
 оқушылардың ауызша және жазба тілін дамытуда маңызды екендігі анықталды;
     –  оқушының сөйлеу әрекетін дамытуда, қалыптастыруда,  белсенді әдіс
ретіндегі іскерлік ойындардың мүмкіндігі  және диалогті оқыту технологиясы,
интерактивті әдістерді пайдалану технологиясы, кейс-стади
 технологияларының маңыздылығы  айқындалды.
Зерттеудің ғылыми болжамы:  Оқушылар  тілін дамыту белгілі бір жүйемен
 үздіксіз жүргізіліп, оларды  жүйелі сөйлеуге дағдыландыру кешенді жұмыстар
мен жаттығулар негізінде ұйымдастырылса, оқытудың жаңа технологияларын
қолдану арқылы күтілетін білім нәтижелері оқушылардың ауызша сөйлеу
дағдысын  дамытуға негізделсе, онда оқушылардың тілін дамытудың, сөздік
қорын байытудың нәтижесі мен мүмкіндігі арта түседі. Мектеп оқушыларының
ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастырса, онда оқушы келешекте  қоғамдық-
әлеуметтік ортада ойын еркін жеткізуге, әдеби нормада жүйелі, шебер
сөйлеуге дағдыланады.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: Сөйлеу аудирование, оқу және жазумен
тығыз байланыста. Аудирование мен сөйлеу ойды ауызша жеткізу ретінде бір-
бірімен тығыз байланысты. Сөйлеу бұл тікелей оқумен
байланысты.Коммуникативтік оқытуда білім беру – оқушы өзін ауызша (тыңдап
түсіну, сөйлеу) және коммуникацияға (оқу және жазбаша) тарту, яғни, оқылып
жатқан тілде қарым-қатынасынқалыптастыру деген сөз. Бұл бағыттыағылшын
тілін оқытуда кеңінен пайдалануды үйрету зерттеу жұмсының теориялық маңызын
құрайды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Зерттеу жұмысының нәтижелерін бастауыш
мектепте оқуға, арнайы семинар сабағында қолдануға болады. Еңбектегі өзекті
мәселелер әдістеме саласына өз септігін  тигізеді. Зерттеу жұмысының
 нәтижелерін  бастауыш мектеп мұғалімдері  мен     әдіскер  ғалымдар
 қолдана  алады. 
Зерттеу жұмысының апробациясы: 20.04.2011 Қазақстан  Республикасының
тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ғылым және жаңа ұрпақ-2011 атты
жоғары оқу орындары арасындағы студенттер мен магистранттардың XIII  ғылыми
конференциясында зерттеу жұмысы аппровациядан өтті.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен және
қорытындыдан,  сілтеме жасалған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Ауызекі сөйлеу  мәдениетінің теориялық негіздері
Ауызекі тіл , ауызекі сөйлеу — адамдардың тіл арқылы қарым-қатынас
жасауының бір түрі. Ауызекі тілдің басты ерекшелігі — сөйлеудің алдын ала
дайындықсыз, тікелей қарым-қатынас жасау барысында жүзеге асатындығы. Тіл
білімінде ауызекі тілді функционалдық стильдердің бір түрі ретінде
қарастырады. Басқа стильден оның біршама өзгешеліктері бар.[1] Мұнда тіл
мәдениетін қатаң сақтауға талап қою дұрыс бола бермейді. Негізгі мақсаты
тікелей және тез хабар беріп, хабар алу болғандықтан ауызекі тілде әдеби
тілдің нормасынан тыс сөздер мен сөз тіркестері — варваризмдер, кәсіби
сөздер, жаргондар, диалектілер т.б. кездесуі әбден мүмкін. Бұл ауызекі
тілдің заңдылығын бұзу болып есептелінбейді. Ауызекі тілдің тағы бір
ерекшелігі — әңгіме тақырыбының тез өзгеріп отыратындығы (екі адам ауа райы
туралы сөйлесіп тұрып, күтпеген жерден өндіріс мәселесін сөз етуі мүмкін).
Тілдегі экспрессивті, эмоциональдық қасиеттер көп жағдайда ауызекі тілде
байқалады. Ауызекі тілде тілдік (линвистикалық) факторлармен қоса, тілден
тысқары факторлардың (экстралингвистикалық) да жарыса пайдаланылуы осы
стильдің өзіндік ерекшелігі болып табылады (сөз болып отырған оқиға
тыңдаушысына түсінікті болса да, бет пішінінің, қолының қозғалыстары,
дауысты көтере немесе сыбырлай сөйлеуі т.б.). Экспрессия және ықшамдылық
үшін ауызекі тіл сөздерді өзгеше жұмсайды, ерекше синтаксистік бірліктер
(сөз тіркестер мен сөйлемдер) құрайды. Ауызекі тілдің тек өзіне тән сөздік
қоры болады, ол екпінге, сөйлемдегі мағынаға көбірек сүйенеді. Ауызекі
тілді жалпыхалықтық тілдің бір түрі ретіндегі сөйлеу тілінен ажырата
білудің елеулі мәні бар. Сөйлеудің ауызша түрі функционалдық стильдердің
барлығында (сахнадан немесе радио мен теледидардан көркем шығармадан
үзіндінің оқылуы, публицистикалық материалдың ауызша берілуі) кездеседі.
Орфоэпиялық дағдылардың қажеттілігі тек сөйлеумен шектелмейді. Егер
тыңдаушының дұрыс қалыптасқан фонетикалық дағдылары болмаса, онда ол
тыңдағаны мен естігенін дұрыс түсіне алмайды. Оның себебі, адам басқа
біреудің сөзін тыңдағанда, өз санасындағы дыбыс жүйесімен салыстыра отырып,
сөз сөйлемнің мәнін, ойын таниды, түсінеді. Демек, фонетикалық дағдылар тек
сөйлеу үшін ғана емес, басқаның сөзін тыңдап-түсіну үшін де үлкен рөл
атқарады.

Орфоэпиялық дағдылардың қатысымдық әрекетте алатын орнын, маңызын ескере
отырып, тіл дамытуда оқушылардың санасында фонетикалық дағдыларды
қалыптастыруға, одан әрі дамыту мен жетілдіруге белгілі талаптар қойылады.
Олар:

а) Белгілі бір фонетикалық минимумды іріктеп алу талабы. Мектепте
фонетиканы оқытуда оқушылар үндестік заңы арқылы дыбыстардың түбір мен
қосымша, біріккен сөз аралығындағы сөздер үндесіп, өзгеріп айтылудағы
орфоэпиялық норманы кейде сақтап айта бермейді. Олай болса, окушылардың
тілін дамытуда орфоэпиялық сөздіктер беріп, белгілі мөлшерде фонетикалық
дағдыларын қалыптастыру үшін оқытуда тіл дамыту үшін фонетикалық тілдік
материалдар таңдалып оқытылуы бойынша жүргізіледі.

ә) Орфоэпиялық дағдыларды қалыптастыруға қойылатын келесі талап-сөздердің,
сөз тіркестерінің дауыс екпінін дұрыс қоя білуге дағдыландыру. Барлық
дыбыстарды дұрыс айтқанымен, сөздердің дауыс екпіні дұрыс қойылмаса,
айтылған сөздің мәнін түсінуді қиындатады.

Дыбыстарды дұрыс айтып, жекелеген сөздердің екпінін дұрыс қоя білгенімен,
сөйлемде фразалық екпін дұрыс қойылмаса немесе үзіліс (пауза) өз орнында
жасалмаса, ондай сөзді, сөйлемді түсіну қиын болар еді. Мысалы: Екі сиыр
қора салып жатыр деген сөйлемдегі үзіліс екі сөзінен кейін жасалмаса,
сөйлемдегі ой күлкілі болар еді. Сондықтан сөйлемдегі синтагмаларға дұрыс
бөліп, дауыс ырғағын келтіру ойды дұрыс түсінуге көп себебін тигізеді. Олай
болса, дыбыстарды дұрыс айтқызып үйретумен катар, олардың сөйлеуіндегі
дауыс екпінін орынды қоюын, сөйлемдегі синтагмаларға дұрыс бөле білуін,
дауыс ырғағын орфоэпиялық қалыпта жетілдіру қажет.

Тұжырымдай келгенде, баланың сөйлеу икемділіктер мен дағдылар
қалыптастырылуы тиіс:

- жеке дыбыстарды сөзде, сөйлемде орфоэпиялық қалыпта дұрыс айту;
- сөздердің, сөз тіркестердің дауыс екпінін дұрыс кою;
- сөйлемдерді дауыс ырғағын, мәнеріне келтіріп дұрыс айту;
- мәтін түрлерін функциональдык стиль түрлеріне, жанрға байланысты мәнерлер
айтып, оқи білу;
Сондықтан, біз айтылым сөйлеу әрекетінде айтушының орындауға тиіс
міндеттерді мына төмендегіше белгіледік:

- тақырыпта әңгімелесе және сөйлесе;
- айтылым сөйлеу әрекетінде тыңдаушының назарын, ықыласын аудара білу;
- әңгімелеушінің қызығушылығын, тақырыбын аңғару, сөйлеу әрекетін сол
бойынша ұйымдастыра білу.
Қазіргі фонетика сөздің дыбыстық жағын екіге топтап карастырады. Бірінші
топта: 1) дыбыстар, 2) фонетикалық сөз, 3) буын, 4) сөйлем, 5) текст.

Екінші жағынан: сөз екпіні, интонация, дауыс ырғақтарының элементтері, оған
жататындар: сөздің сазы, сарындылығы (тонның жоғарылығы мен төмендігі),
сөздің қаркыны (күштілігі мен әлсіздігі), темпі (жылдам және баяулық),
сөздің тембрі (дыбыстық рең, сөздің эмоциональдық реңдері), екпін (буынға
түсетін екпін, сөздің екпіні, сөйлемнің екпіні т.б.). Тілде адамдардың
қарым-қатынас құралы ретінде бұл екеуі бірлікте қарастырылады. Сондықтан да
оқушылардың тілін дамыту жұмыстарының фонетикалық негізі осы мәселелерді
окушыларға игерту болып табылады. Оқу бағдарламасында грамматикалық
материалдардың әрбір сыныптарда тілдің дыбыстық жағымен байланыстыра оқыту
көзделеді. Сөздің дыбыстық жағынан тіл дамытуды үйрету, жаттығу, дағды беру
жұмыстарын мақсатына байланысты бөліп қарастырылады. Бірінші, оқушылардың
есту, қабылдау мәдениетін дамыту бағытындағы жұмыстар мен жаттығулар,
екінші оқушылардың айту, жеткізу, сөйлеу мәдениетін дамыту бағытындағы
жұмыстар мен жаттығулар.

Дұрыс сөйлеу нормасы негізінен мына сияқты тілдік объектілерді терең
меңгеруге байланысты болады: біріншіден, сөздерді дұрыс айтып, дұрыс сөйлеу
үшін үндестік заңын, яғни біріккен сөзбен сөз тіркестерінің аралығындағы
дыбыстардың бір-біріне тигізетін әсерін, ықпалын терең меңгеру керек.
Мысалы, Көпжасар - Көбжасар, ала карға - алағарға т.б.

Екіншіден, дұрыс сөйлеу үшін сөз екпінін, буын түрлері мен тасымал заңдарын
білудін маңызы зор. Атап айтқанда, қазақ тілінде көп болмаса да екпін
түсетін буындар сөз мағынасына әсер ететін жағдайлар ұшырасады. Мысалы,
Алманы алма! Бұл - кең бөлме. Әзірше, қозыны енесінен бөлме.

Үшіншіден, жеке сөздер мен сөз тіркестерін және сөйлемдерді берілетін ойына
лайықты айту мен оқи білуді игеру қажет. Мысалы, Сәулені кешеден бері асыға
күткен Нұрлан далаға жүгіріп шықты деген сөйлем екі түрлі паузамен
айтылады. Нұрлан сезінен кейін дауыс кідірісі болады да, шыкты сөзінен
кейін дауыс үзілісі болады.

Қазақ тіліндегі буынның құрамы мен жүйесімен орфоэпиялық нормасына арналған
арнайы зерттеу жоқ. Алайда, буын түрлері мен буынның дыбыс құрамына
арналған анықтамалар жеткілікті. Қазақ тілінің фонетика саласына арналған
еңбектерде, қазақ тілінің мектеп пен жоғары оқу орындарына арналған
оқулықтарында буынға арналған тақырыпшалар тұрақты кездесіп отырады. Буын
мәселесі тасымалға байланысты да сөз болып отырады. Қазақ тіліндегі буын
шегінің оңай табылып, дыбыс құрамының оңай анықталатындығынан болар, буын
мәселесі қазақ фонетикасындағы күрделі құбылыс ретінде қарастырылмайды.
Буын мәселесі оқу-әдістеме тарапынан да аса елене қоймайды. Осының
нәтижесінде қазақ лингвистикасында буын қазақ тілінің қарапайым бірлігі
(единица) деген пікір қалыптасты.

Ал жалпы лингвистикадағы буын теориясы тұрғысынан қараса буынның тілдік
табиғаты аса күрделі кұбылыстардың бірі болып табылады. Ендеше, оқушылардың
ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру үшін қазақ тіліндегі буын
құбылысының артикуляциялық және акустикалық табиғатын ашу, ең бастысы қазақ
тіліндегі буынды буын етіп түрған лингвистикалық пәрмен не деген сұрақка
жауап беру керек сықылды. Басқаша айтқанда, қазақ тіліндегі буынның дыбыс
құрамы мен оның шегарасының фонетикалық сипаты мен көрінісінің, және оның
мәнерлегіштік сипаты туралы білім берілуі керек.

А. Байтұрсынов сөйлеу мен сөйлем, сөйлем мен сөз, сөз бен буын, буын мен
дыбыс желісін бір-бірінен туындатып, арасын үзбей өзара байланыстырып
қарайды. Сөздерді буынға бөлудің жолын қарастыра келіп: “Буыншы әріп
басқалардың ортасында қамауда тұрса, ол буынға “бітеу” деп ат қойындар;
буын аяғы буыншы әріпке тірелсе, ол буынға “ашық деи ат қойындар; буын
буыншыдан басқа әріпке тірелсе, ол буынға “тұйық” деп ат қойындар” [1;344-
345] деп, буын түрлерін саралап береді. Сондағы “буыншы” әріптеріміз
дауысты дыбыстар болып шығады. Буын құраудағы дауысты әріптердің мәнін
“әлгі әріптер кіріспейтін буын” болмайды деп көрсетеді. “Буындардың бір
әріптілерін бір бөлек, екі әріптілерін бір бөлек, үш әріптілерін бір бөлек,
төрт әріптілерін бір бөлек шығарып жазыңдар” [ 1;344] деген тапсырма
жаттығуынан А. Байтұрсыновтың буынның дыбыс құрамын да анықтап кеткеншін
көруге болады. Сөйтіп осы күнгі қазақ тілінде тек дауыстылардың ғана буын
құрай алатындығы, буын түрлері, олардың дауысты-дауыссызға қатысты дыбыс
құрамы мен буын аттары жайлы алғашқы мәліметтің бастау көзі болып отыр.

Буын мәселесіне арналған келесі лингвистикалық еңбектер осы А. Байтұрсынов
ережелеріп негізге алып отырады. Айырмашылық тек буын түрлері мен олардың
атауларына қатысты болып келеді. Профессор Қ.Жұбанов буынның дыбыс құрамына
қарай алты түрін көрсеткен [2;361]. “Фонациялық ауаның қарқынымен кілт
үзіліп шыққан бір немесе бірнеше дыбыс тобын буын дейміз. Демек, буын
экспирация арқылы (өкпедегі ауаны сыртқа шығару арқылы) жасалады” дей
келіп, осы үдерісті проф. І. Кеңесбаев та ұстанады, буын түрлерін ашық,
тұйық және бітеу деп бөліп, олардың алты түрлі дыбыс құрамын көрсетеді
[3;260-26.1]. Буын сипатын, түрлерін, жігін, дыбыс құрамын кеңінен талдаған
С. Мырзабеков “Буын - ... ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының
нәтижесінде пайда болатын жеке (дауысты) дыбыс, не дыбыстар (дауысты,
дауыссыз) тобы.” [4; 101.] деген анықтама береді. Ал буын түрлерін
“Құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың орын тәртібіне карай қазіргі
қазақ тіліндегі буынның екі түрі бар: ашық буын және тұйық буын. Бұлай бөлу
буынның теориялық та, практикалық та мәніне сай келеді және есте сақтауға
ыңғайлы” [4; 103] деп көрсетеді. Буын түрлері мен оның дыбыс құрамының осы
іспеттес анықтамасы қазақ тілі оқулықтарында ең кең тараған сипаттамасы
болып табылады.

Қазақ тіліндегі буын қондырғы (инструментал) әдісімен де зерттелген [6;60]
Буынның, оның құрамындағы дыбыстардың сандық-сапалық нәтижелері буын жігін
ажыратудың акустикалық көрсеткіштері бола алатындығы дәлелденген.

Буын құбылысын сингармонизммен тікелей байланыстыра отырып, профессор Ә.
Жүнісбеков “Тюркский слог – наименьшая произносительная единица, строго
регламентированная одним из сингармонических тембров. Эта регламентация
настолько устойчива, что нарушение сингармонического тембра внутри слога
абсолютно невозможно” [7;24-25 ] деп, теориялық қорытынды жасайды. Қазақ
тіліндегі буын орфоэпиясын (айтылынын) сөз еткенде осы теориялық қисын
басшылыққа алынады. Буын құрамындағы дыбыстар белгілі бір қатаң жүйеге
бағынып барып басы бірігетін болса, онда оның артикуляциялық негіздемесі
болу керек. Артикуляциялық негіздің акустикалық (естітім) нәтижесі болады.
Қазіргі кездегі қондырғы құралдар мен компьютерлік программалар буын және
оның құрамындағы дыбыстар тіркесінің акустикасын көрнекі суреттеп бере
алады. Ендеше, буынның басынан аяғына дейінгі яғни өне бойындағы дыбыстар
тізбегінің суретін алып, буын орфоэпиясының артикуляциялық және акустикалық
көрнісін байқап-бақылауға болады деп болжам жасауға болады.

Қазақ тіліндегі буын түрлерінің, әсіресе, олардың дауысты немесе дауыссыз
дыбысқа бітуінің морфологиялық деңгейге тікелей қатысы бар екендігі
белгілі. Себебі келесі жалғанар қосымша дауыстыға басталады ма, әлде,
дауыссызға басталады ма, ол – алдыңғы буынның соңғы дыбысына тікелей
байланысты кездері болады. Сонымен қатар алдыңғы буынның соңғы дыбысы мен
соңғы буьнның бастапқы дыбысының арасында да дауыс қатысына тікелей
байланысты тұстары бар: буынның дауысты, қатаң, ұяң немесе үнді дыбысқа
бітуіне қарай қосымшаның бастапқы дыбысы құбылып отырады. Осы заңдылықтар
қазақ тілі үшін аса актуал болын табылады. Ендеше, қазақ тілінің буын
жүйесін буын түрлері мен оның дыбыс құрамын дауысты-дауыссыз тұрғысынан
ғана жіктеп қойған жеткіліксіз болады екен. Мұндай жіктелім тасымал
талабына сай келіп, тасымал ережелерін ғана құрастыруга ғана жарайды.
Лексика (сөз) деңгейінде кемістігі жоқ талдау морфология (қосымша)
деңгейінде жарамай қалып жатыр. Лексикалық деңгейде буын түрлері мен оның
дыбыс құрамы үшін түбір сөздің де, туынды сөздің де мәртебесі бірдей: бақ
та бір сөз, бақтташы да бір сөз. Екі жағдайда да бақ - бітеу буын, ал та -
ашық буын. Осы жіктелім тасымал үшін жеткілікті. Ал морфологиялық деңгей
үшін: бақ бірлігінің бітеу буын екендігі жеткіліксіз, оның қатаң дауыссызға
аяқталып отырғанын қоса ескеру керек. Ендеше та ашық буыны, біріншіден,
дауысты дыбыстан бастала алмайды, егер дауысты дыбыстан басталатын болса,
онда бақ бірлігі бітеу буын бола алмайды. Екіншіден, ол тек дауыссыз
дыбыстан басталады, оның үстіне бастапқы дыбыс тек қатаң дыбыс болу керек.
Бастапқы дыбыс қатаң дауыссыз болмаса, бақ пен та тіркесе алмайды.
Сондықтан буын құбылысының өзін екі деңгей тұрғысынан қарастырған жөн
сықылды. Ол үшін буынның дыбыс құрамын іштей тағы жіктей түсуге тура
келеді.

Буынның дыбыс құрамы іштей екі салаға жіктеледі. Бірінші, буын құрамындағы
дыбыстың дауыс қатысына қарай, мысалы, төмендегі бітеу буындар соңғы
дауыссыздың дауыс қатысына қарай жіктеледі: жаз – үнді дауыссызға аяқталып
тұр, жас – катаң дауыссызға аяқталып тұр; жан– үнді дауыссызға аяқталып
тұр. Сонда, мысалы, ілік септік жалғауының варианттары бұлардың әрқайсысына
талғап кана жалғанады: жаздың - үяң з дауыссыздан кейін тек ұяң д
дауыссызы, жастың– қатаң с дауыссызынан кейін тек қатаң т дауыссызы.,
жанның– үнді н дауыссызынан кейін тек үнді н дауыссызы.

Екінші, буын құрамындағы дыбыстың әуез қатысына қарай, мысалы, төмендегі
бітеу буындар соңғы дауыссыздың әуез қатысына қарай жіктеледі: қаз- жуан
езулік дауыссызға аяқталып тұр; кез – жіңішке езулік дауыссызға аяқталып
тұр, күз - жуан еріндік дауыссызға аяқталып тұр; күз – жіңішке еріндік
дауыссызға аяқталып тұр. Сонда, мысалы, тағы да ілік септігінің жалғауының
варнанттары бұлардың әрқайсысына талғап қана жалғанады: қаздың– жуан езулік
з дауыссызынан кейін тек жуан езулік д дауыссызы, кездің - жіңішке езулік з
дауыссызынан кейін тек жіңішке езулік д дауыссызы, құздұң– жуан еріндік з
дауыссызынан кейін тек жуан еріндік з дауыссызы, күздүң- жіңішке еріндік з
дауыссызынан кейін тек жіңішке еріндік д дауыссызы.

Әрине, бұл зандылыктардың реті бір түбірден бір қосымшаға қарай бірдей бола
бермейді: сонғы ұяң дыбыстан кейін келесі буынның бастапқы дыбысы үяң бола
бермей, үнді де бола береді. Алайда, басты заңдылық яғни дыбыс талғампаздық
әр уақьпта сақталып отырады.

Сонда қазақ тіліндегі буынның басқы және аяққы дыбыстарының артикуляциялық
және акустикалық белгілерінің лиигвистикалық мәні бар болып шықты.
Лингвистикалық мәні бар фонетикалық құбылыстың әрқашан да артикуляциялық
және акустикалық тірегі болады.

Бұл – іргелес дыбыстардың арасындағы фонетикалық шарт.

Ал буын құрамындағы дыбыстардың бір-біріне икемделуі сингармонизм заңына
байланысты екендігі жайлы деректер жеткілікті. Қазақ лингвистикасындағы
сингармонизм теориясы көп мәселенің басын ашып берді. Сиигармонизмді
теориялық тұрғыдан зерттеу жеткілікті. Олай болса буын артикуляциясы мен
акустикасын кешенді инструментал зерттеудің нысанына айналдыру кезекте тұр.
Мысалы, қи (қый), ки (кій), құй (құй), күй (күй) немесе қиын (кыйын), киін,
(кійін), құйын (құйұн), күйін (күйүн) деген т.б. сөздердің буын құрамын
сингорманизм тұрғысынан сипаттап шығу тек дауысты дыбыстарға байланысты
болмау керек. Сингорманизмнің артикуляциялық белгісі ауыз қуысындағы тілдің
көлденең және еріннің езулік-еріндік қалпына қатысты десек, онда буынды
бөліп-жармай, бүтін буынның тіл мен ерін артикуляциясын яғни буын
артикуляциясы ретінде сипатталып, орфоэпиялық нопмаға қатысы тукралы білім
мектепте игертулі қажет.

Тұжырымдағанда, бұл орфоэпиялық, фонетикалық нормалар туралы үндестік
заңнан білім беру кезінде игертіледі. Сондықтан оқушылардың ауызша сөйлеу
мәдениетін дамыту орфоэпиялық білім негізінде, фонетикалық норма туралы
білім бойынша жаттықтыру арқылы қалыптастырылады.
Ел тәуелсіздігін тіл тәуелсіздігімен астастыра қарап, туған тілдің тұғырын
биіктету қамы қолға алынғалы да біраз уақыт болып қалды. Қазақстан
Республикасындағы тіл саясатының тұжырымдамасы, Қазақстан
Республикасындағы Тіл туралы Заң сияқты стратегиялық маңызы бар
құжаттардың дүниеге келуі осы бағытта жасалған оң қадамдар.
Тіл қарым-қатынас құралы. Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-
парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі
әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес.
Өнер алды - қызыл тіл деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән
берген. Қазіргі таңда тіл мәдениетінің көкейтестілігі арта түсті.
Қазақстан Республикасы Президентінің Тілдерді қолдану мен дамыту
бағдарламасында: Тілді дамыту - Қазақстан Республикасы мемлекеті
саясатының аса өзекті бағыттарының бірі , сондай-ақ Мемлекеттік тілді
оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек делінген. Елбасы
Н.Ә.Назарбаев: Қазақстанның болашағы қазақ тілінде - деп тұжырымдайды.
Ал қазақ халқының тіл келешегі мектеп оқушыларында. Көптеген ғылыми-
педагогикалық әдебиеттерді, мерзімді баспасөз ақпараттарын талдап-
зерттей келе, бүгінгі күнгі оқушылардың сөз саптауы көңіл
аударарлық көпшілігінің тіл мәдениеті төменгі деңгейде
деген қорытынды жасауға болады. Олар өз ойларын дұрыс, түсінікті
етіп жеткізе алмайды, басы артық бос сөздерді көп қолданып, ойын
шашыратып жібереді. Кейбірі орысша сөздерді қосып, араластыра
сөйлесе, бірі жаргонмен диалектілермен сөйлегенді сән көреді. Бұл
мәселе туралы көптеп айтылып та, жазылып та жатыр. Мысалы
педагогика ғылымының докторы И. Нұғыманов пен 3. Қашқынбаева: Оқушының
жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін,
әрекетін, сөйлеу мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазіргі
кездегі көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады - дейді.
Бүгінгі таңда қазақ мектептерінің өзекті мәселелерінің бірі –
оқушылардың тіл мәдениетін көтеру, сауатты жаза алатын, өз ойын айқын
жеткізе алатын азамат тәрбиелеу.
Қазіргі заманымызда қойылған басты талаптардың бірі - өмірден өз орнын
таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға
тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете
алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін мәдениетті жеке тұлға
қалыптастырып, тәрбиелеу. Оқушының жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін
іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, тіл мәдениетін, әдебін қалыптастыру
педагогиканың қазірдегі өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Жұмыстың негізгі мақсаты – оқушыларды қазақ тілі сабағында тіл мәдениетіне
тәрбиелеудің теориялық-практикалық мәнін зерттеу. Осыдан келіп, жұмыстың
негізгі міндеттері туындайды:
- тіл мәдениеті ұғымына ғылыми түсінік беру;
- оқушы жастардың тіл мәдениетінің төмен болуының
себептерін саралау;
- тіл мәдениетінің жоғары болуына қойылатын талаптарды
айқындау;
- тіл мәдениетінің даму сатысы қандай өлшемдер арқылы
анықталатындығын көрсету;
- тіл мәдениетін қалыптастыру жұмысының негізгі бағыттарын
анықтау;
- оқушыларды тіл мәдениетіне тәрбиелеудегі дидактикалық,
әдістемелік ұстанымдарды негіздеу;
- мектептің орта буынында тіл мәдениетін оқытуды саралу;
- жоғары буын оқушыларын тіл мәдениетіне оқытуды
тұжырымдау.

1. Тіл мәдениеті туралы ғалымдар көзқарасы
Қазіргі таңда ең басты мәселелердің бірегейі қазақ тілінің мемлекеттік
мәртебесін көтеру, барлық қаракөз бауырларымыздың өз ана тілінде сөйлеуіне
қол жеткізу. Тек тіл үйренуде ұмыт болып бара жатқан шаруа бала бақша, үй,
мектеп, жоғары оқу орындарында ұл-қыздарымызды тілдік қоры бай қазақ
тілінде сөйлеу мәдениетіне үйрету. Содан, үйде де, көшеде де, қоғамдық
орындарда да бірқатар жастарымыздың бір-бірімен қарым-қатынас жасағанында,
әңгімелескенінде қалай болса солай сөйлейтіні, қазақ тілінің қадір-қасиетін
түсінбейтіні байқалады. Олай болса, біздің бүгінгі әңгімеміз тіл, сөйлеу
мәдениеті, ауызша, жазбаша сөйлеу хақында.
Сөйлеу, тілдік амалдар, тіл мәдениеті
Адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікірін, ойын білдіруін – сөйлеу деп
атайды. Сөйлеуге адамның анатомиялық мүшелері қатысады, алайда ол адамның
психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне тығыз байланысты. Сөйлеу үшін
жасалған тілдік амалдар ұзақ уақыт бойы адамдардың пікір алысу тәжірибесі
негізінде қалыптасты.
Тілдік амалдар – сөз тудыру, сөйлем құрау ережелері. Олар – көпшілікке
ортақ, объективті категориялар. Соның нәтижесінде тіл – жұрттың бәріне
бірдей түсінікті қатынас құралы. Сөйлеудің әр коммуникативтік жағдайына
сәйкес ыңғайланған стилі болады.
Тіл мәдениеті – тіл білімінің әдеби тілінің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу
тілімен қарым-қатынасын зерттейді. Тіл мәдениетінің тілдің басқа
салаларынан айырмашылығы оның күнделікті өмірде тілдің қолдану, жазу,
сөйлеу мәдениетімен жақсы қарым-қатынаста болуы. Тіл мәдениеті қамтитын
тілдік норманың 3 түрі: 1. Тілдік норма (лексика, сөз жасамдық, грамматика,
дыбысталу нормасы). 2. Этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері).
3. Коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары).
Сөйлеу мәдениеті орфоэпикалық нормаға негізделген.
Ойдың және сөйлеудің дамуы
Әркім өзінің басындағы ойларын басқаға айтып, түсіндіру үшін оған лайықты
сөз таба білуге тиісті. Егерде ондай сөз таба алмаса, ол ой иесіне де шала,
түсініксіз болып қалады. Яғни, ойдың дамуы сөйлеудің дамуымен өте тығыз
байланысты. Адам өзінің сөйлеу мәдениетін жетілдірмейінше, жоғары ақыл
мәдениетіне жете алмайды.
Сыртқы сөйлеу ауызша, жазбаша болып бөлінеді. Бұлардан басқа ауызша
сөйлеудің мынандай екі түрі бар: 1. Диалогтық сөйлеу. 2. Монологтық сөйлеу.
Диалогтық сөйлеу – екі немесе бірнеше адамның тілдесуі. Монологтық сөйлеу –
бір адамның сөйлеуі, әңгіме, баяндама, лекция және басқа да түрлері
кездеседі. Мұнда сөйлеуші бір адам, тыңдаушы – көп халық. Осылайша сыртқы
сөйлесу: ауызша диалогтық сөйлеу, ауызша монологтық сөйлеу, жазбаша сөйлеу
болып бөлінеді.
Адамның айтқан қандай сөзі де белгілі бір мазмұнды білдіреді және
сөйлеушінің, жазушының осы мазмұнға қатынасын көрсетеді. Мұнан туатын
қорытынды: сөйлеу ойды білдіріп, іштегі сезімді сыртқа шығарады. Сөйлеудің
бұл сипаты – оның мәнерлілігі.
Өзара тілдескенде, лекция, баяндама жасағанда мәнерсіз сөйлеу – ол қаншама
мазмұнды ойға толы болса да, әсерсіз, жансыз болып шығады. Ауызша сөйлеудің
эмоциялық реңкі интонациямен, мимикамен, ишаралармен білдіріледі. Жазбаша
сөйлеуде мұндай мүмкіндіктер жоқ. Сол себепті қағазға жазушы адам өз
сөздерін барынша қиыстырып, оларды өз орнына тауып қойып, ойын мәнерлі
түрде жеткізе алады. Иә, сөйлей білу - өз ойыңды кемстіріп тұрып айтып бере
білу, оның мазмұнын ғана баяндап қоймай, нәзік сырларын сол қалпында
жеткізіп, тыңдаушының етжүрегін елжірете білу.
Дұрыс сөйлей білген адам өз ойын, айтқанын тыңдаушыға толық түсіндіре
біледі. Адамдар оны ауызша диалогтық, ауызша монологтық және жазбаша
сөйлеуде әртүрлі жолдармен жүзеге асыра алады. Бұл сөйлеу түрлерінің
арасында психологиялық айырмалар да баршылық. Мысалы, ірі жазушылардың
көбісі ауызша сөйлеуге шебер болмаса, керісінше, бірқатар шешен адамдар өз
ойын жазып жеткізуге шорқақ.
Психолог – ғалым Б.М.Теплов өзінің Психология кітабында (Алматы,
Қазмемоқупедбас, 1953 жыл) диалогтық, жазбаша сөйлеу туралы былай дейді:
Диалогтық сөйлеуді кейде қосталған сөйлеу деп атайды. Мұның мәнісі:
әңгімеге қатынасқан адам сөйлеушіге сұрақ қою, жауап қайтару, қарсы пікір
айту арқылы қостап отырады, егер бұл текті қостау тоқталса, сөйлеу мен
монологқа айналады, немесе адам сөйлеуді тоқтатады... Жазбаша сөйлеуді
қосталмаған сөйлеу деп атауға болады.
Қосталған сөз қосталмаған сөйлеуден жеңіл болады. Онай болатын себебі –
сөйлеушілер бір жай-күйді әңгімелеп отырғандықтан, қабылдап отырғаны бір
нәрсе болғандықтан, бірін-бірі оңай ұғынысады; кейде сөзді айтып аяқтап
болмай-ақ, не екенін түсіне қояды...
Мұндай сөйлеу көп жағдайда ым-ишарамен толықтырылады. Қорыта айтқанда,
диалог сөздің құрылысына және өрістетіп айтылу жақтарына онша көп талап
қойылмайды. Ал жазба сөйлеу басқаша құрылады; онда барлығы ақырына дейін
толық баяндалуы керек. Жазба сөйлеу барынша кең және байланысты түрде
құрылуы қажет.
Сөйлеу мәдениетіндегі шешендік өнер
Ел алдында шебер, шешен сөйлеу көп еңбектену, оқып, үйренуді талап етеді.
Шешен адамдарда негізінен, сөз көркемдігі ой тасқынынан табиғи түрде
туындап жатады. Көркемдік талғам мен шешендік тәсілдерді дұрыс пайдалана
білген адам ғана эстетикалық әсер ету күшіне ие бола алады. Сонда шешендік
өнерге көп сөйлеп, оны сынатып үйренуге болады ма, әлде оған жазып
дайындалған дұрыс па? бұл орайда әйгілі шешен, данагөй Цицерон былай дейді:
Қалам – көркем сөздің ең жақсы жаттықтырушысы. Басқалардан үйренуде ең
өнеге тұтарлығына теңесуге ұмтылу керек. Өзің үлгі еткен шешеннің
жақсысының бәрін алуға тырыс. Оңайын, көзге түсіп тұрғанын ғана емес, ең
маңыздысы – шынайы шеберлігіне жету. Ол еліктеу болып кетпеуі керек.
Мықтыға қанша ұқсап тұрсаң да, көшірме түпнұсқадан ылғи да көш төмен
болады. Халық алдында сөйлеу үшін сөзіңнің өзіндік бейнесі, өз мәнері
болғаны абзал.
... Егер өнердің басқа саласындағы аты мәлім шебер бір ісін кездейсоқ дағды-
дағысынан нашар орындап қалған болса, оны ол өзі әдейі жасады ма, не
денсаулығына байланысты сөйтіп қалды, дей салады... Ал, егер шешеннен
сондай бір осалдық тапсыншы, оны тек ақымақтық деп санайды, ал ақымаққа
кешірім болмайды. Өйткені адам көңіл-күйге немесе іші ауырғанға байланысты
ақымақ болмайды.
Сөзді тыңдай білмеу
Кейбір адамдардың ерсі мінездері бар: басқаның сөзіне құлақ қоймайтын,
өзіне айтылған сөзді аяғына дейін тыңдай білмейтін, өзгелердің сөзіне
ретсіз араласып, әңгіменің шырқын бұзатын. Содан сөйлеп отырған адам кейде
қақалып – шашалып, тұтығып та қалады. Әрбір адам өз басындағы осы
кемшіліктер мен күресе білсе, біздің сөйлеу мәдениетіміз де одан әрі дами
түсер еді.
Және де кейбір адамдар диалогтық сөйлеудің талаптарын орындай бермейді.
Содан көп сөйлеп, бір сөзді сан мәрте қайталап, тыңдаушысын жалықтырып та
алады. Олардың ішінде өзіне қойылған сұрауларға, қарсы пікірлерге жауап
бермей, өз ойын тәптіштеп айта беретіндері де кездеседі. Бұл да сөйлеу
мәдениетіндегі әдепсіздік.
Қаратпа сөз хақында
Ағылшын тілінде қазір сен деп сөйлесу іс жүзінде жоқ. Оларда мұндай
есімдіктің өзі де ұмытылған. Ол ХҮІ ғасырдың өзінде қолданыстан қала
бастап, ХҮІІІ ғасырдың басында оны сыпайы сіз деген есімдік алмастырған-
ды. Тіл мамандарының түсіндіруінше, көне замандағы сен сөзі тек шіркеу
тілінде, көтеріңкі, лепті поэзияда ғана сақталған көрінеді. Сол себепті,
оны Уа, сен! деп аударған дұрыс дейді.
Кейінгі кезде орыс тіліндегі товарищ деген қаратпа сөз де ерсі естіліп,
қоғамдық орындарда мужчина, женщина деген қаратпа сөздер күштеп орныға
бастады. Алайда оны қазақ тіліне аударып: Еркек!, Әйел! деп айқайлар
болсақ, ол өте ұятты. Сол себепті сөз мәдениетін түсінетін біздің
бауырларымыз қоғамдық орындарда: Апай, Ағай, Қарындас, Інім деген
қаратпа сөздерді қолданып, ол транспортта, сауда орындарында, театрда өзара
қарым-қатынас тіліне сіңісіп кетті.
Шіркін, сөз қадірін түсініп, сөйлеу мәдениетін сақтай білсе, біздің қазақ
тілінің мазмұны өте бай, сөздері өте сұлу, мейірім, имандылыққа толы ғой.
Тіл қарым-қатынас құралы. Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-
парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі
әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес.
Өнер алды - қызыл тіл деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән
берген. Қазіргі таңда тіл мәдениетінің көкейтестілігі арта түсті.
Қазақстан Республикасы Президентінің Тілдерді қолдану мен дамыту
бағдарламасында: Тілді дамыту - Қазақстан Республикасы мемлекеті
саясатының аса өзекті бағыттарының бірі , сондай-ақ Мемлекеттік тілді
оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек2 делінген. Елбасы
Н.Ә.Назарбаев: Қазақстанның болашағы қазақ тілінде - деп тұжырымдайды.
Ал қазақ халқының тіл келешегі мектеп оқушыларында. Біз көптеген ғылыми-
педагогикалық   әдебиеттерді,   мерзімді   баспасөз   ақпараттарын талдап-
зерттей   келе,   бүгінгі   күнгі   оқушылардың   сөз   саптауы   көңіл
аударарлық     көпшілігінің    тіл    мәдениеті    төменгі     деңгейде    
деген қорытындыға   келдік.   Олар   өз   ойларын   дұрыс,   түсінікті  
етіп   жеткізе алмайды, жаңағы, әлгі, немене, неғып, мысалы деген
сияқты басы артық бос сөздерді көп қолданып, ойын шашыратып жібереді.
Кейбірі орысша     сөздерді     қосып,     араластыра     сөйлесе,    
бірі     жаргонмен диалектілермен сөйлегенді сән көреді. Бұл мөселе туралы
көптеп айтылып та,   жазылып   та   жатыр.   Мысалы   педагогика  
ғылымының  докторы И. Нұғыманов пен 3. Қашқынбаева: Оқушының жеке тұлға
болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, сөйлеу
мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазіргі кездегі көкейтесті
мәселелерінің бірі
болып   табылады   -    десе5,   Ш.Беркімбаева   өз   мақаласында  
былайша тұжырымдайды:    Қазақ    мектептерінің    өзекті   
мәселелерінің    бірі оқушылардың тіл мәдениетін көтеру, сауатты жаза
алатын, өз ойын айқын жеткізе алатын азамат тәрбиелеу...
Біз осы мәселені зерттеу тақырыбы ретінде ала отырып, алдымен тіл мәдениеті
дегеніміз не деген сұраққа жауап іздедік. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді
талдау барысында бұл мәселені көптеген ғалымдар зерттеп-қарастырғаны 
белгілі  болды.   Солардың  ішінен педагогикалық  сөздікте берілген  
мынадай   анықтама   көңілімізден   шықты:   Оқушылардың   тіл мәдениеті –
оқыту  үрдісі мен адамдардың тілдік қарым-қатынасы негізінде жазбаша және
ауызша тілді игеру деңгейі. Оған тілдің мағыналылығы, ойлылығы, байлығы,
көркемдігі мен жалпытілдік нормалардың сақталуы тән3. Ал бұл мәселені жан-
жакты зерттеген Л.И.Ожегов: Тіл мәдениеті -бұл өзінің ойын дұрыс, дәл және
мәнерлі жеткізе алу білігі. Дұрыс сөз дегеніміз әдеби тіл нормасы сақталған
сөз. Тілдің нормасы – бұл  коғамдық сөйлеу тілі тәжірибесінде қабылданған
жалпы тілдік сөйлеу, грамматика, сөз қолдану ережесі. Ойын жеткізуде дәл
әдіс таба білу ғана емес, сондай-ақ орынды сөйлеу - деп тұжырымдайды .
Сонымен, тіл мәдениеті дегеніміз – оқыту  үрдісінде, отбасында, жалпы
адамдардың өзара қарым-қатынасы негізінде жазбаша және ауызша тілді игеру
деңгейі. Ойды дұрыс, түсінікті, анық, дәл, әсерлі әрі әдеби тіл нормасын
сақтай, тіл тазалығын сақтай жеткізе білу шеберлігі.
Зерттеуіміздің келесі кезеңінде біз қазіргі оқушы жастардың тіл мәдениеті
деңгейінің төмен болу себебін іздестірдік. Жазушы Ә. Әбішев бұл туралы
былай дейді: Жастар ізденбейді, ағаларын оқымайды, олар қазақ әдебиетін
оқымайды... Жастар сөйлемді әтейі бұзып жазады, олар ерекшеліктің белгісі
түсініксіз жазу деп ойлайды... Тіл мәдениетінің төмен болуына ғылыми-
техникалық прогрестің де әсері бар", - десе5, И. Нұғыманов: Оқушылардың
тілінде болатын кемшіліктердің себептері:
1. Ортаның әсері; а) оқушының сөйлеуіне жергілікті тіл немесе басқа тіл
әсер етеді, ә) көшенің әсері (дөрекі, былапыт тіл), б) пән тілінің
нормаларын жақсы меңгермеген мұғалімнің әсері;
2.    Сөйлеу    дағдыларының    жоқтығы    (мектептің    тіл    дамытуға
немқұрайлы қарауы);
3. Жекелеген оқушы тіліндегі кемшілік (сақаулық, быдықтық, мыңғылдық,
т.б.) - деп көрсетеді5.
Сондай-ақ М. Балақаев, Т. Қоңыратбаев, С. Қирабаев, Ш. Беркімбаева, Н.
Уәлиев тағы да басқа ғалымдардың зерттеулерін негізге ала отырып, оқушы
жастардың тіл мәдениетінің төмен болуының себептері деп, біз төмендегілерді
сараладық:
1.   Көркем  әдебиет  оқуға деген  оқушылардың  қызығушылығының
төмендігі.     Тіл     мәдениетіне     жастарды     тәрбиелеу    
көркем     әдеби шығармаларын көптеп оқумен байланысты. Көркем әдебиетті аз
оқитын адамның сөздік қоры аз болады, соған орай олардың сөйлеу
мәдениеттілігі мен өз ойын логикалық баяндауы да төмен екендігі байқалады;
2.   Мәдени  орталықтарға бару,  ол туралы  пікірлесудің  өте  сирек
кездесетіндігі;
3.     Ата-аналардың     балаларының     тіл     мәдениетіне     жете    
мән бермеушілігі;
4. Тілдік ортаның әсері;
5.  Тіл мәдениетін қалыптастыруды тек қазақ тілі сабағына міндеттеп, басқа
пәндерді бұл мәселеден мүлдем бөліп тастаушылық;
Баланың тіл мәдениетін қалыптастыруда отбасының орны ерекше. Қазақтың ұлы
жазушысы М. Әуезов: Ұлт болам десең - бесігіңді түзе деп бекер айтпаған.
Осы жерде А. Байтұрсынұлының Тәуелсіз, дербес өмірге өзінің ана тілінде
сөйлейтін және төл әдебиеті бар халық қана таласа алады деген сөзі ойға
келеді. Ал балаға ана тілінің құдіретін ана сүтімен беретін   отбасының  
балаға   тигізер   әсері,   басқа   ықпалдардан   биігірек тұратыны
белгілі. Отбасы жасөспірім үшін әрі тіршілік ету ортасы, әрі тәрбиелік орта
болып табылады. Бала өмірінің алғашқы кезінен-ақ басқа әлеуметтік тәрбие
әсерлерімен салыстырғанда ата-ананың орны ерекше болады. Баланың алғашқы
былдырлаған тілінен жоғары мәдениетті тілін қальштастыруда ата-ананың ролі
үлкен. Әр отбасы бала тіліне немқұрайлы қарамай, үлкен мән беріп,
жауапкершілігін түсіне отырып әрекет етуі тиіс. Өкіншке орай қазірде
балаларының сөз саптауына ата-аналардың көбі көңіл бөлмейді. Бұл туралы Т.
Мейірманкұлова өз мақаласында былай дейді: Ата-аналар балаларының ана
тілінде жарық көрген көркем шығармаларды, баспасөз басылымдарын оқуларын
қадағаламайды, талап етпейді. Отбасында жасөспірімнің телехабарды,
фильмдерді бөгде тілде тамашалап, халық әндерін тыңдаудан бас тартып, өзге
әуенге еліктегендігін байқаса да ескерту жасамайды. Егер отбасында осы
мәселеге көңіл бөлініп отырса, мәнгүрттігіміздің көңілін оятып, көзін ашар
едік .
Сонымен біздің зерттеуіміз қарастырып отырған мәселенің бүгінгі күні ерекше
қажет екендігін көрсетіп отыр.

2. Ауызекі сөйлеудің өлшемдері мен оған қойылатын талаптар
Ауызекі сөйлеу тілінің стилі — 1. Тілдің негізгі қызметі қарым-қатынас
жасау қызметінің жүзеге асуына байланысты. [1].
Бұл өте кең таралған функционалды стиль. Тұрмыста, отбасында, өндірістегі
бейресми қатынастарда адамдардың еркін қарым-қатынас жасау саласын
қамтамасыз етеді. Ауызекі сөйлеу тілінің стилі өзте функционалды
стильдерге, әсіресе олардың ауызекі түрлеріне ықпал жасайды: баяндама,
дәріс, пікірталас т.б.
2. Ауызекі сөйлеу тілінің стилі өзіндік ерекшеліктерін жасайтын айрықша
белгісі жағдайға байланысты сөйлеу мәнері, эмоцияға қарай тілдік
бірліктерін қолдану өзгешелігі болады. Бұл ерекшелігі ең алдымен, ондағы
лексика-фразеология байқалады;
а) ауызекі сөйлеу тілі диалогқа құрылады. Қатысушы екі адам. Интонация
ерекше қызмет атқарады. Сөйлеу тілінің тағы бір ерекшеліті монолог (бір
кісінің сөзі көпшілік алдында сөйлеу, баяндама, дәріс, консультация);
ә) Ауызекі сөйлеу тілінің стилі ерекшеліктерінің екінші түрі онын
эмоциялылығы, өйткені айтушы өз эмоциясын сол сөздің аясына сыйғызуға
тырысады. Мыс., "Көбірек сөйлеп кетті" (бәсендеу түрі, бірақ эмоция
сезіледі), "Мылжыңдап кеттің ғой!" (эмоцияның катан түрі);
б) Ауызекі сөйлеу тілінің стилі әдеби кейіпкердің сөйлеу ерекшелігі мен
мінезін таныту үшін ол өмір сүрген ортадағы жергілікті диалект сөздерді
стильдік мақсатта әдеби қолданады;
в) Ауызекі сөйлеу тілінің стилі тілінде қыстырма, қаратпа, одағай сөздер
жиі қолданылады. Мыс., "Айналайын-ау, сені түсінеді деп айтып отырмын".
Сондай-ақ, сыйлау, құрметтеу, кішірейту, еркелету амал-тәсілдері көбірек
пайдаланылады;
г) Ауызекі сөйлеу тілінің стилі тілдің көркемдегіш бейнелеуші тәсілдері де
қолданылады (теңеу, эпитет, гипербола). Мыс., "Өгіздей біреу алдымнан шыға
келді";
т) Ауызекі сөйлеу тілінің стилі басқа стильдерден өзгешелігі мен
ерекшелігі, ең алдымен синтаксистен сөйлем құрылысынан байқалады. Стильдің
бул түрінде сұраулы, лепті сөйлемдер катысады. Диалогке құрылады. Ауызекі
сөйлеу тілінің стилі ой көбіне автоматты түрде (аяқастынан) дайындықсыз
айтылады.

3. Оқушыларды тіл мәдениетіне тәбиелеудегі дидактикалық,
әдістемелік ұстанымдар
Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор роль
атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани
өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани
ләззаттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамның адамгершілікті
тұлғалық мәнін жан – жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр
баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей
дамытуымыз кеек. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік
және ұждансыздықты қуаныш пен қайғыны т.б. түсінуіне байланысты,
оның саналы тәртібі мен мінез – құлқы айқындалады. Осыдан келіп
адамның әсемділікке шынайы көз қарасы мен мұраттары болуы керек
екендігі шығады.
Қазіргі кезде эстетикалық көз қарастарды тәрбиелеу – тәрбие
барысының зейін салуды, күн санап өсіруді талап ететін мәселесі.
Біздің қоғам адамына тек қана өнердің емес, еңбек, қоғамдық
қатынастар, қоршаған орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсемдік
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары сынып оқушыларының жұрт алдында сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
Ауызекі сөйлеу мәдениетінің теориялық негіздері
Орта деңгейде ағылшын тілінде ауызша сөйлеуді дамыту
Жоғары сынып оқушыларының көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
Жоғары сыныпта ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуге үйрету
Оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамыту
Орыстілді оқушылардың сөйлесу әрекетін дамыта оқытудың ғылыми-теориялық негіздері
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамыту
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері
Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру
Пәндер