Бұқар Қалқаманұлы



Қазақ әдебиеті көрнекті өкілінің бірі Бұхар жырау — Абылай хан заманыңда өмір сүрген. Әкесі — Қалқаман белгілі батыр.
Бұхар өмірін зерттеушілердің бір бөлігі ақынның өлеңдеріне сүйеніп, оны кедей шаруа тобынан шыққан деп жүр. Бұл пікірді академик жазушы С. Мұқанов пен Қ. Жұмалиев еңбектерінен ұшыратамыз.
С. Сейфуллиннің айтуы бойынша, Бұхар жырау Абылай ханның заманыңда ханның бірінші жыршы-шешен ақылшысы болған. Моласы Баянауылдағы Далба тауының ішінде. Асылы Бұхар кезінде жоқшылық зардабын тартып, басқаға мойын ұсынбаған, ата даңқымен болсын, не өз өткірлігімен болсын, әйтеуір, тәуелсіз, ерен адам болып өскен. Өзіне біткен ақылы мен шешендік өнеріне байланысты ол елге тез танылып, алғыр жырау ретінде атын алысқа жайғанға ұқсайды. Кейін оның хан сарайы маңында да бедел алып, елге белгілі жырау, ақылшы би саналуы да тегін емес.
Бұхардың өлеңдері, өзі тұстас ақындармен салыстырғанда кейінге молырақ жеткен. Оның Абылай туралы өлеңін жазып алып, алғаш пікір айтқан Шоқан еді. Одан кейін жырау өлеңдерін жинап, ол туралы мәлімет берген — белгілі фольклорист, ақын Мәшһүр Жүсіп Көпеев (1857—1931). Бұхар сөздері туралы кейбір мәлімет Құрбанғали Халидовтың „Тауарих Хамсасында" (1911) да кездеседі. Ол кітабының 263-бетінде Бұхардың Абылайды жырлаған сөздерінен үзінділер де келтірген.
Бұхар өлеңдері 1923—1925 жылдары „Таң" журналының 1,2,3,4-сандарында үздіксіз басылды. Оның біразын М. Әуезов бастырды.
Кейін жырау өлеңдерін жариялау ісімен С. Сейфуллин көбірек айналысты. Ол өзінің 1931, 1932 жылдардағы жинағында жыраудың бірнеше өлеңдері мен шешен сөздерін жариялады. Жырау туралы өз ойларын ортаға салды.
Профессор М. О. Әуезов пен М. Жолдыбаев, Ә. Қоңыратбаев өздерінің 1933, 1934 жылдары жарияланған „XIX—XX ғасырлардағы қазақ әдебиеті" оқулығында Бұхар туралы мол мәліметтер беріп, оны әдебиетіміздің рихына енгізгенді.
Ш. Уәлиханов шығармаларында басылып жүрген Бұхар жыраудың „Абылай өлгенде айтқаны" деген өлеңін профессор Ә. Марғұлан Шоқан шығармаларының бірінші томына енгізіп, сол томның түсіндірмесінде

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
БҰҚАР ҚАЛҚАМАНҰЛЫ
(1684-1782)
Қазақ әдебиеті көрнекті өкілінің бірі Бұхар жырау — Абылай хан
заманыңда өмір сүрген. Әкесі — Қалқаман белгілі батыр.
Бұхар өмірін зерттеушілердің бір бөлігі ақынның өлеңдеріне сүйеніп, оны
кедей шаруа тобынан шыққан деп жүр. Бұл пікірді академик жазушы С. Мұқанов
пен Қ. Жұмалиев еңбектерінен ұшыратамыз.
С. Сейфуллиннің айтуы бойынша, Бұхар жырау Абылай ханның заманыңда
ханның бірінші жыршы-шешен ақылшысы болған. Моласы Баянауылдағы Далба
тауының ішінде. Асылы Бұхар кезінде жоқшылық зардабын тартып, басқаға мойын
ұсынбаған, ата даңқымен болсын, не өз өткірлігімен болсын, әйтеуір,
тәуелсіз, ерен адам болып өскен. Өзіне біткен ақылы мен шешендік өнеріне
байланысты ол елге тез танылып, алғыр жырау ретінде атын алысқа жайғанға
ұқсайды. Кейін оның хан сарайы маңында да бедел алып, елге белгілі жырау,
ақылшы би саналуы да тегін емес.
Бұхардың өлеңдері, өзі тұстас ақындармен салыстырғанда кейінге молырақ
жеткен. Оның Абылай туралы өлеңін жазып алып, алғаш пікір айтқан Шоқан еді.
Одан кейін жырау өлеңдерін жинап, ол туралы мәлімет берген — белгілі
фольклорист, ақын Мәшһүр Жүсіп Көпеев (1857—1931). Бұхар сөздері
туралы кейбір мәлімет Құрбанғали Халидовтың „Тауарих Хамсасында" (1911) да
кездеседі. Ол кітабының 263-бетінде Бұхардың Абылайды жырлаған сөздерінен
үзінділер де келтірген.
Бұхар өлеңдері 1923—1925 жылдары „Таң" журналының 1,2,3,4-сандарында
үздіксіз басылды. Оның біразын М. Әуезов бастырды.
Кейін жырау өлеңдерін жариялау ісімен С. Сейфуллин көбірек айналысты.
Ол өзінің 1931, 1932 жылдардағы жинағында жыраудың бірнеше өлеңдері мен
шешен сөздерін жариялады. Жырау туралы өз ойларын ортаға салды.
Профессор М. О. Әуезов пен М. Жолдыбаев, Ә. Қоңыратбаев өздерінің 1933,
1934 жылдары жарияланған „XIX—XX ғасырлардағы қазақ әдебиеті"
оқулығында Бұхар туралы мол мәліметтер беріп, оны әдебиетіміздің рихына
енгізгенді.
Ш. Уәлиханов шығармаларында басылып жүрген Бұхар жыраудың „Абылай
өлгенде айтқаны" деген өлеңін профессор Ә. Марғұлан Шоқан шығармаларының
бірінші томына енгізіп, сол томның түсіндірмесінде ғылыми пікір туйеді. Бұл
өлең ерте жазылып алынғандықтан өзінің ескі сипатын сақтаңқырағанға
ұқсайды. Өлең тексінен мынадай үзінді келтіруге болады:
Күпшек санды күреңді
Табияға жаратқан.
Қырық сан қара қалмақты
Жарлығына қаратқан.
Айбалтасын алтынменен булатқан.
Алафасын арттырып,
Арпалап атты қунатқан.
Лабашы деген бір ауылды
Антыменен улатқан.
Тараншы менен Серенді,
Тозғындатып құлатқан.
Табандасқан дұшпанға,
Күнінде қылыш шауып өлтірген...
Осы үзіндідегі кейбір сөздердің түсінігі жалпы мазмұны Абылайды, оның
хандық салтанатын дәріптейтіні айқын.
Деректерге қарағанда, Бұхар — діни білімі бар, оқыған адам. Оның
өлеңдерінде мұсылманшылық әсері айқын „Дін кітаптарын оқыдым", „ақтан сия
танытқан, дәуіт пенен қаламды айт" деген сөздер кездеседі. Бұл сөздер тегін
айтылмаса керек.
Бұхар жырау — қазақ жеріне ертеден мәлім. Оның бізге жеткен арнау,
терме, толғаулары негізінен әлеуметтік, қоғамдық мәселені көтереді. Көп
жайтты ол өзінің заманы санасы тұрғысынан шешеді. Хандық құрылысты нығайту
мақсатын көздейді. Соған қоса жыраудың кейбір толғаулары адамгершілікке,
бейбітшілікке, әділеттікке үндейді; ұстамды моральдық пікірлер ұсынады.
Абылайдың сыртқы саясатына араласып, ақыл береді. Оның кейбір ісіне
наразылық та білдіреді.
Бұхар ақын ғана емес, — деді профессор Е. Ысмайылов,— Абылайдың
қолшоқпар бітімші биі. Ол XVIII ғасырдағы қазақ елінің жоңғарға қарсы
күресін дұрыс жырлағанымен, ішкі қоғамдық мәселеде Абылайдың жаршысы болды.
Бұхар жырларынан Асанқайғы сарыны да байқалады. Ол кей нәрсені Асанша
түсініп, соның жолын ұсынады. Асан сарыны оның бейбіт, жайлы қонысты аңсап,
Абылайға айтқан өсиеттерінен де айқын аңғарылады. Бұхар да „Жиделі байсын"
деген жер бар, сонда ұзақ жасап, тыныш өмір сүруге болады-мыс деп сенеді.
Соған ел көшіруді талап етеді.
Жаулық жолын сүймеңіз,
Мынау жалған сұм дүние
Өтпей қалмас демеңіз...
Сырдария суынан
Көлденең кесіп өтіңіз,
Үш жыл малды ту ұстап,
Жиделі байсын жетіңіз,
Кісісі жүзге келмей өлмеген,
Қойлары екі рет қоздаған,
Қатын-бала қамы үшін,
Солай таман кетіңіз!
тұсындағы қазақ халқының күй-жайын, мұң-тілеін, болашақ тағдырын...
білдіріп, бірлігін, ынтымағын көкседі"' деп бағалайды. Осы сияқты
пікірлерді біз С. Мұқанов зерттеулерінен де кездестіреміз. Асылы, Абылай
тұсындағы тынымсыз жорықтардың ел берекесін кетіріп жатқан кезеңінде ханға
айтқан жырау ақылдарының ең тиімдісі қазақтың өзара бірлігін сақтауға, одан
кейін көрші елдермен алыс-беріс жасап, жауласпай тату өмір сүруге үндеу
болса керек.
Өлетұғын тай үшін,
Қалатұғын сай үшін,
Қылмандар жанжал, ерегіс —
деп, ол мал немесе жер үшін өзара жанжалдасуға қарсы шығады.
Ағайыншылық-татулық— елді берекелі ететін ең қажет нәрсе деп біледі.
Сірә, бір кеңес құрыңыз,
Бірауызды болыңыз...
Айнала алмай ат өлсін,
Айыра алмай жат өлсін,
Жат бойынан түңілсін,
Бәріңіз бір енеден туғандай болыңыз!
Ақын бірауызды, ынтымағы күшті елді осылай армандап, сондай елдің ғана
болашағы мол болатындығына сенім білдіреді. „Ағайын тату болса, жат жанынан
түңілер" деген халық мәтелін қоштай сөйлеп, ол тату-тәтті өмірді аңсайды.
Жақын жерден шөп жиса,
Жердің сәнін кетірер,
Ағайынның аразы,—
Елдің сәнін кетірер.
Абысынның аразы,—
Ауыл сәнін кетірер.
Бұхар өмір сүрген дәуірдің ұлы бір оқиғасы — жоңғар қалмақтарының
өктемдігі, олардың қазақ жеріне баса көктеп енуі екенін біз жоғарыда
айттық. Қалмаққа қарсы ұрыс басталған шақтан аяғына дейін бар ауыртпалықты
Бұхар елімен бірге кешкен. Ол, әсіресе, өзі туған өлкесін азат ету
күресіне тікелей араласып, қолбасшылармен бірге, ақылшы, үгітші боп
белсенділік көрсеткен. Абылай Бұхармен осы тұста қатты санасқан. Қалмақ
қолына қарсы тұрған қазақ қолын Абылай хан басқарып, оны Айдаболдан Аталық
батыр мен Сүйіндік елінен шыққан Олжабай (1696—1792) батырлар қолдаған.
Қалмақтар қаупінен арылғаннан кейін Абылай көрші Қырғыз, Ташкент бектерімен
егесіп, оларға қыр көрсетеді. Олжабай Абылайдың бұл саясатына қарсы болады.
Бұхар жырау Олжабайды қолдайды. Осы тұстағы халық аңыздарында Олжабай
келіссөз жүргізіп қырғызды соғыссыз бітіреді-міс. Ауыз бірлігі мол кезінде
Абылай қолы қалмақтың Қалдан Серен хонтайшасын Қарқаралы, Баянауыл
жерлерінен ығыстырып, көп олжалы болады. Халық аңыздарының бірінде хан мен
батырлар арасындағы қайшылықтарды бейнелейтін сөздер де кездеседі: мысалы,
сондай аңыздың бірінде Жоңғар хонтайшысы Қалданның Лаба және Ләйлі деген
екі қызын Шәуке батыр тұтқындайды. Ол Лабаны — Олжабайға, Ләйліні —
Абылайға сыйға тартады. Абылай тәкәппарлық Мінез көрсетеді. Ханның қызын
қараға қосуға болмайды деп, Олжабайдан Лабаны қызғанады. Хан мен батыр
арасы ашылып, ел екіге бөлінеді. Абылай өзіне Атығайларды ертіп, батырдан
іргесін аулақтатып, Қараөткел жаққа ауысады. Бұл даудың ұласып кетпеуін
қалаған ел билері Олжабай мен Абылайды табыстыруға күш салады. Олар: Қаржас
Бұхар жырау, Айдаболдан Тайгелтір би, үйсін Төле би, оның баласы Едіге
билер және Сүйіндіктің бас билері. Ақыры өзара келіскеннен кейін қырғыздар
мен қарақалпақтарға құда боп бітіседі де, Ташкентті Абылай өз билігіне
көндіреді.
Қалмақтарға қарсы соғыста Олжабай еңбегі ерекше аталады. Ол жас кезінде-
ақ қол бастап, батыр атанады. Құба қалмақтар ұлы жүзге шабуыл жасаған
тұста, Аягөз ұрысында да ол қайрат көрсеткен екен. 1727—1729 жылдардағы
қатты шайқастарда да Олжабай аты шыққан. Қалмақ тұтқынынан босаған Арқалық
батыр да Зайсан, Көкпекті ұрыстарында қалмаққа қатты соққы береді.
Малайсары мен Жасыбай батырлардың даңқы да ерте шығады. Төртуыл
Сүйіндіктің Айдаболынан шыққан бұл екі батыр — Олжабаймен ағайын дос
адамдар. Бұлар қалмаққа қарсы күресте ерекше еңбектерімен даңққа бөленеді.
Малайсары әрі би, әрі батыр саналады. Бұхар жырау бұларды мақтап қана
қоймай, Абылайға жақын тартып жүрген. Жасыбай жау мергенінің жапсардан
жасырынып, тұрып атқан оғынан, Шойынды көлді азат ету ұрысында, қапыда қаза
тапқан. Оның өлімі соншалық азалы, қайғылы болған. Бұл қазаны Бұхар, Көтеш
ақындар жоқтау шығарып жыр еткен. Шойынды көлді батырдың атын мәңгі есте
сақтау мақсатымен Жасыбай көлі деп атауға ұйғарады.
Жаяу Мұса Байжановтың (1885—1929) Бұхар жыраудың қалмаққа қарсы күресте
аты шыққан Жасыбай батырдың ерліктерін толғап келгенін ескертіп, Бұхар сөзі
деп бір жыр қалдырғаны мәлім. 160 жолдық бұл жырда Бұхар жырау батыр қазасы
туралы былай деп толғайды:
Кешегі өткен Жасыбай.
Көкше шақпақ тасындай.
Сууы қатты сом болат.
Өмірі өтті жасымай,
Дем таусылып, дәм бітсе,
Аялына қарай ма?
Әзелде жазу осылай.
Тыңда мені Абылай!
Тақта отырып арымай,
Болдыр істің қамын қыл,
Жадырап шілде жазындай.
деп, Абылайға қарата сөз тастайды.
Бұхар Жасыбай туралы толғауында қазақ елінің өткені, ерлік істері, жер-
мекені, ел бастаған батырлары туралы терең толғанады. Ешкімнің егініне
түспеген қазақтың жеріне шығыс хандықтарының себепсіз шабуыл жасап, қан
жоса қылғанын, халықтың ар-намысын аяққа басқан басқыншылардың қадамдары
қанға боялғанын еске салады.
Шығыстан монғол жабысты,
Аяққа басты намысты.
Қызыл қарын жас бала,
Еңкейген кәрі ата-ана,
Қысымы күшті қорлықтан,
Озбыр-үкім зорлықтан,
Қан жылады, зар ішті.
Бұдан кейін тыным таппақ болған бейбіт елдің тынышын бұзып, қазақ
жеріне бас салған қалмақ-шүршіт басқыншыларьшың ылаңын баяндайды.
Сырдан ауып келгенде,
Ел тыныштық көргенде,
Іргені белден көмгенде,
Шүршіт қалмақ жау болды.
Таласы аула, тау болды,
Ерді өлтіріп малды алып,
Елді жаулап, жерді алып,
Арада бітпес дау болды.
Жасыбай батыр қазасы басында жырлаған бұл сөздерден жыраудың отаншылдық
жалынды үндері естіледі. Батыр қазасының халықтың ар-намысына тиген
ауыртпалық екені айтылып, жаудан өш алуға аянбай кірісіп, ерлік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Бұқар жыраудың тәлім-тәрбиелік идеялары
Бұқар жырау толғаулары
Бұқар жырау жырларының көркемдік қуаты
Бұқар жырау шығармашылығындағы заман бейнесі
Бұқар жырау шығармаларымен таныстырудың әдістемесі
Қалқаманұлы, Бұқар жырау
Бұхар жыраудың билік шешімдері
Жырау шығармаларының зерттелу тарихы
Мұхаммед Хайдар Дулати тәрбие және еңбек тәрбиесі туралы
Пәндер