Серіктестіктің бухгалтерлік қызметін ұйымдастырумен есеп саясаты және техника -экономикалық көрсеткіштері


МAЗМҰНЫ
КІРІCПЕ. … . . . 3
1 ЖAЛҒA AЛЫНҒAН НЕГІЗГІ ҚҰРAЛДAРДЫҢ ТЕOРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ЕCЕБІНІҢ ТӘРТІБІ
- Жaлғa aлынғaн және жaлғa берілген негізгі құрaлдaрдың теoриялық негіздері және жaлдaудың экoнoмикaлық мaңызы . . . 6
- Жaлғa беруші мен жaлғa aлушының жaлдaу еcебінің тәртібі . . . 18
- CЕРІКТЕCТІКТІҢ БУХГAЛТЕРЛІК ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДACТЫРУ, ЕCЕП CAЯCAТЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ТЕХНИКA - ЭКOНOМИКAЛЫҚ КӨРCЕТКІШТЕРІ
2. 1 Cеріктеcтіктің жaлпы экoнoмикaлық cипaттaмacы және бухгaлтерлік қызметін ұйымдacтыру . . . 29
- «ACCO Лтд» Жaуaпкершілігі Шектеулі Cеріктеcтігінің еcеп caяcaты . . . 33
- Негізгі техникaлық - экoнoмикaлық көрcеткіштерінің тaлдaуы . . . 44
- НЕГІЗГІ ҚҰРAЛДAРДЫҢ ЖAЛҒA БЕРГЕНДЕГІ ТИІМДІЛІГІНІҢ CAЛЫCТЫРМAЛЫ ТҮРДЕГІ ЕCЕБІ МЕН ТAЛДAУЫAғымдaғы жaлдaу бoйыншa жaлғa беруші мен жaлгер еcебінің тaлдaуы . . . 55
3. 2 Қaржылық жaлдaу бoйыншa жaлғa беруші мен жaлгер еcебінің тaлдaуы. . 58
3. 3 Жaлдaудың тиімділігіне тaлдaу жүргізу . . . 68
ҚOРЫТЫНДЫ . . . 71
ҚOЛДAНЫЛҒAН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 73
ҚOCЫМШAЛAР
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында жаңадан қызмет етіп келе жатқан жас кәсіпорындарға және ақша қаражаттары жетіспеушілік мәселері бар ұйымдарға негізгі құралдарды жалға алу олардың қаржылық жағдайына тиімді болып келеді, сонымен қатар негізгі құралдарды қолдану барысында шығындардың, негізгі құралдардың ғылыми - техникалық жетістіктер кезінде қолданыстан шығып қалу қаупі мәселелері және үнемі қолданыста болмайтын негізгі құралдарды меншігінде ұстау кез келген кәсіпорын үшін де тиімсіз болып келеді, сондықтан осы мәселелердің барлығын қарастыра келе негізгі құралдарды өз меншігіне сатып алғанша, жалға алған өте тиімді болып келеді.
Соңғы жылдары кәсіпорындар шаруашылық қызметінде жалға алу мен жалға беру туралы келісім-шарттарға отыру көбейіп келеді. Жылжымайтын мүлікке келісім шартқа отырудың кез келген түрінде, жалға беруші және жалға алушы үшін де жоғары дейгейде кіріс алу және сол сияқты тәуекелдерге барумен байланысты мәселелер туындайды.
Кез келген ұйымның шаруашылық қызметі бір - бірімен өзара тығыз байланысты үш үрдіспен жүргізіледі: жабдықтау (материалды техникалық ресурстарды табу мен дайындау), өнімді өндіру және оны өткізу. Бұл үрдістер бір мезгілде жүргізіледі, оған жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбектері және негізгі және айналыс құралдары қолданылады. Осыдан ұйымның бухгалтерлік есебінің маңызды объектісі болып негізгі және айналыс құралдары және оның қозғалысы табылады.
Негізгі құралдар ұйымның маңызды экономикалық потенциалы болып есептелуінде және олардың жағдайы кәсіпорынның қаржылық жағдайының жоғарылауы мен бәсекелестікке қабілеттілігін алдын ала анықтауға мүмкіндік береді. Кез келген ұйым өз қызметін бастар алдында өзінің мүлкін, ақша қаражаттарын және басқа да шаруашылық құралдарымен иеленуі керек. Иелік етпеген жағдайда, негізгі құралдарды жалға алуларына мүмкіндіктері бар. Негізгі құралдарды жалға алу жалгерлер үшін де тиімді. Себебі негізгі құралдар уақыт өте келе және қызметі барысында тозады, онымен байланысты шығындардың барлығы жаңадан нарықта пайда болған ұйымдар үшін шығындар сомасын көбейтеді. Сол себепті негізгі құралдарды жалға алу жалгер үшін маңызды:
- Ақша қаражаттары жетіспеушілігі жөніндегі мәселелерді шешеді, яғни жалға алынған активтердің құнын 100%-ға қаржыландаруға мүмкіндік болады;
- Қолданысқа дайын құрылғыларды жалға алу тиімділігі;
- Үнемі қолданыста болмайтын активтерді иеленудегі тиімсіз болатын жағдайлар туындамайды;
- Қысқа мерзімді жалдау жоғары технологиялық құрылғылардың және жаңа тауарлардың ескіруінен қорғайды;
- Тездетілген амортизация, пайыз бойынша шығындар кезінде табыс салығын төлеуде инвестицияға салықтық жеңілдіктер қарастырылған;
- Өнеркәсіп құрылғыларын өндірушілер үшін - өткізудің жоғарылауы;
Жалдау - жалға беруші жалға алушыларға жалдау ақысына немесе төлемдер тобының орнына, келісілген уақыт ішінде активтерді пайдалану құқығын беретін шарт.
Жалдау шарты казіргі жағдайда кәсіпкерлік саласындағы ең бір сұраныстағы келісім-шарттардың бірі.
Жалға алу мерзіміне байланысты ағымдағы және ұзақ мерзімді жал болып бөлінеді. Жалдаудың ағымдағы жал - негізгі құралдарды ағымдағы жалға алу мерзімі біткен соң объектіні жалға берушіге міндетті түрде қайтаруы тиіс және активке меншік иелік етумен байланысты тәуекел мен сыйақылар жалға берушіде қалатын жалдау түрі.
Қаржылық жалдау - актив иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдер мен пайдаларды елеулі түрде көтеретін шарттар бойынша жалға беру, қорытындысында құқықтық мәртебе жалгерге берілуі де, берілмеуі де мүмкін. 17 ҚЕХС бойынша қаржылық жалға:
- Мүлікке деген меншік жалдау мерзімі соңында жалгерге берілсе;
- Жалгер жалдағы мүлікті «келісілген бағаға» сатып алуға құқығы болса;
- Жалдау мерзімі активтің пайдалы қызмет мерзімінің көп мөлшерін құраса;
- Жал мерзімінің басында ең аз жалдық төлемінің дисконтталған құны мүліктің әділ құнынан кем емес болса;
- Жалдық келісім шарт жалгер тарапынан бұзылатын болса, онда жалға берушінің барлық шығындары жалгердің шығыны ретінде есептелсе.
- Жал мерзімі жалданатын мүлікті пайдалы қолдану мерзімінің кемінде 80%-ін құраса, егер ол тек активтің қызмет ету мерзімінің 20% шегінде басталмаса.
- Ең аз шамадағы жал төлемінің дисконтталған құны жалға берілген дүние-мүліктің өткізу бағасының 90%-інен кем болса;
- Жалдау мерзімі соңында активтің қалдық құны жал шарты жасалған сәттегі өткізу бағасының 20%- інен аспаса;
- Жалға алынатын активтерге меншіктілік құқығы ауысқанда жалға алушы жалдау мерзімі басында белгіленген кесімді баға бойынша сатып алу құқығына ие болса;
Осы аталғандардың барлығы орындалса, онда жалдау қаржылық болып есептелінеді.
Үш жылдан асатын жал бұл - лизинг болып табылады. Лизинг түсінігі жай ғана ұзақ мерзімді жалдау ретінде ғана емес, жалгерлік қатынас, кепілдік есебімен, несиелік қаржыландыру элементтері, қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар және басқа да қаржылық механизмдер қатыстырылған дәстүрлі емес, келешекті қаржыландырудың қосымша жүйесі ретінде қарастырылады. Лизингтік операция бүгінгі күні қазақстандық экономикаға және шаруашылық қызметпен айналысатын әрбір кәсіпорын үшін де өте қажетті банктік құрылымның өндірісті қаржыландыру бойынша іскерлік ортамен бірлесе қызмет етуіне әсер ететін операция.
Дипломдық жұмыстың мақсаты:
- Жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдардың теориялық негіздерін анықтау;
- Зерттеліп отырған серіктестікке жалпы сипаттама беру және есеп саясатының жүргізілу тәртібін қарастыру;
- Серіктестіктің негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау;
- Жалға алынған және берілген негізгі құралдардың есебінің жүргізілу тәртібін ұйымдастыру;
- Жалдау бойынша алынатын пайданың тиімділігіне талдау жүргізу;
Дипломдық жұмыстың міндеті: алға қойған мақсаттардың мазмұнын ашу және оны халықаралық стандарттар негізінде жазу. Серіктестіктің қаржылық жағдайын жақсарту үшін ұсыныстарды анықтау.
Дипломдық жұмыстың негізгі зерттелетін объектісі: «АССО Лтд» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі.
Теориялық негізге келесі авторлардың еңбектері қолданылды: Кеулімжаев Қ. К., Құдайбергенов Н. А., Радостовец В. К., Ғабдуллин Т. Ғ., Радостовец В. В., Шмидт О. И., Назарова В. Л., тағы да басқа. Шетелдік әдебиеттер тізімі: Международная финансовая отчетность (курс лекции) 2007г. ATC International, Основные определения по МСФО 2007г. Ernst & Young.
Ақпараттық негізі : «АССО Лтд» ЖШС-нің Жарғысы, есеп саясаты, бухгалтерлік баланс, бухгалтерлік есептілік, негізі құралдарды есепке алатын алғашқы құжаттары және тағы басқа құжаттар. 17 «Жалдау» ҚЕХС-ке сай жазылды. Қосымша ҚЕХС 2006-2009ж. ТОО АК «ТрастФинАудит» сай жазылған методичкалар мен брошюралар қолданылды.
Дипломдық жұмыс серіктестіктің 2006 - 2009 жылдар аралығында негізгі құралдарға қатысты бухгалтерлік есептілік көрсеткіштері негізінде жазылды.
1 ЖАЛҒА АЛЫНҒАН НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ЕСЕБІНІҢ ТӘРТІБІ
1. 1 Жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдардың теориялық негіздері және жалдаудың экономикалық маңызы
«АССО Лтд» ЖШС-нің негізгі құралдар есебі Қаржылық есептіліктің халықаралық 16 «Негізгі құралдар» деп аталатын стандартына сәйкес жүргізіледі. Стандарт бойынша негізгі құралдар мынадай материалдық активтерді білдіреді:
- тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруде немесе жеткізуде пайдалануға, үшінші тұлғаларға жалға өткізуге немесе әкімшілік мақсаттарға арналған;
- бір кезеңнен (жылдан) астам уақыттың ішінде пайдалану көзделетін активтер.
«АССО Лтд» ЖШС негізгі құралдары мына топтарға бөлінген:
- жер учаскелері;
- жер учаскелері және ғимараттар;
- машиналар мен жабдықтар;
- автокөлік құралдары;
- кеңсе жабдықтары;
- өзге де негізгі құралдар.
Негізгі құралдар объектісінің өзіндік құны мынадай жағдайда ғана актив ретінде танылуға тиіс, егер:
- осы активке байланысты болашақ экономикалық пайдалардың ұйымға келіп түсуі ықтимал болса;
- осы объектінің өзіндік құнын сенімді түрде бағалау мүмкін болса.
Өндіріске қатысу үрдісіне байланысты негізгі құралдар:
- Өндірістік негізгі құралдарға, оларға өндіріс үрдісіне тікелей қатысатын негізгі құралдар жатады (мүлік, станок, құрал-саймандар және тағы басқа) ;
- Өндірістік емес негізгі құралдарға қолданыстағы негізгі құралдар жатады (ғимараттар, құрылыстар және тағы басқа) .
Меншік иесі бойынша:
- Меншікті негізгі құралдар - бұл ұйымның өзінің меншігіндегі, қолданыстағы және балансында көрініс табатын негізгі құралдар жатады.
- Жалдаудағы негізгі құралдар - бұл жалдау келісім-шарты негізінде басқа тұлғалардан уақытша қолдануға алған негізгі құралдар жатады.
Негізгі құралдардың есебі активтік 2400 шоттарында 2410 «Негізгі құралдар» шотында мына субшоттарда жүргізіледі:
2411-шот - меншікті негізгі құралдар;
2412-шот - жалға берілген негізгі құралдар;
Есептелген тозу сомаларын есепке алуға пассивтік 2420 «Негізгі құралдардың» шоттары арналған. 2421 «Меншікті негізгі құралдардың амортизациясы» 2422 «Жалға берілген негізгі құралдардың амортизациясы».
Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалау маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнмен, баланстық құнмен, амортизациялық құнымен, әділетті құнымен және жойылу құнымен бағаланады.
кесте 1 - негізгі құралдарды бағалаудың түрлері
4
4
Негізгі құралдар бухгалтерлік есепте бастапқы құны бойынша кіріске алу сәтінде көрсетіледі. Оған барлық қажетті нақты өндірістік шығындар, негізгі құралдарды орнату және сатып алу шығындары, соның ішінде:
- Сатып алу кезінде төленген өтелмейтін салықтар мен алымдар;
- Жеткізу, монтаждау, орнату, пайдалануға қосу жөніндегі шығындар;
- Құрылыс мерзіміне берілген несие үшін проценттер;
- Активті жұмыс жағдайына келтіруге байланысты басқа да шығындар.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті:
- Расталған есептік мәліметтердің, техникалық паспорттардың, басқа да құжаттар мен түгендеу журналдарының негізінде еңбек құралдарының барлық түрлерінің сақталуына жүйелік бақылауды ұйымдастыру;
- Негізгі құралдардың келіп түсуін, шығарылуын, қозғалысын есепте уақытылы және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету;
- Негізгі құралдардың тозуының дұрыс есептелуіне және тиімді пайдалануына бақылауды ұйымдастыру және қор қайтарымдылығын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
- Негізгі құралдарға ағымдағы және модернизациялауды жүргізумен байланысты шығындарды есепте дұрыс және уақытылы көрсетуді жүзеге асыру;
- Моральды және физикалық тұрғыдан ескірген негізгі құралдарды жедел айқындау;
- Негізгі құралдар бойынша дұрыс есеп жасау үшін бухгалтерлік есептің деректерін уақытылы және дұрыс қалыптастыру қажет.
Нақты ұйымға арналған айрықша құн - ұйымның болжамына сәйкес қандай да бір активті пайдалануға және оның пайдалы қызмет мерзімінің соңында шығып қалуына байланысты, не қандай да бір міндеттемені өтеуге байланысты пайда болатын ақшалай қаражаттар ағынының дисконтталған құны.
Әділ құн - жақсы хабардар, осындай мәміле жасағысы келетін және бір-біріне тәуелсіз тараптардың арасында мәміле жасаған кезде активті айырбастауға болатын сома. «АССО Лтд» ЖШС - не жеткізушісі әділ құны 1 000 000 теңгеге мүлік жеткізуі тиіс. Жеткізу құны 100 000 теңге. Жеткізу кезінде вагондардың тұрып қалу себебінен 200 000 теңге айыппұл төленді. Мүлікті сатып алудағы нақты құны 1 300 000 теңге (1 000 000 + 100 000 + 200 000 = 1 300 000 теңге) құрады. Мүліктің әділ құны 1 100 000 теңге, себебі айыппұл сомасы әділ құнға қосылмайды.
Құнсызданудан болған залал - активтің баланстық құнының оның өтелетін сомасынан асып түсетін сома.
Өтелетін сома - сату шығыны шегерілген активтің әділ құны және пайдалану құнының - екі шаманың үлкені. Мысалы: Серіктестік меншігінде 100 000 теңгеге сатуға болатын мүлік бар, экономикалық серпу есептілігіне сәйкес мүлікті әрі қарай қолдану сомасы 250 000 теңге болады. Сонымен өтелетін сома 250 000 теңгені құрайтын болады.
Активтің жойылу құны - егер осы актив, болжауға болатындай, пайдалы қызмет соңында болатын мерзімге және жағдайға жететін болса, шығып қалуға болжанып отырған шығындарды шегеріп, активті өткізуден ағымдағы кезеңде ұйым алатындай есептік сома.
Пайдалы қызмет мерзімі - бұл:
- ұйымның активті пайдалануы күтілетін уақыт кезеңі; не
- активті пайдаланудан ұйым алады деп болжанып отырған өндіріс бірлігінің немесе сол сияқты бірліктердің мөлшері.
Негізгі құралдарды жалға алу мен беру қаржылық есептіліктің халықаралық 17 ҚЕХС «Жалдау» стандартына сәйкес жүргізіледі.
Жалдау - жалға беруші жалға алушыларға жалдау ақысына немесе төлемдер тобының орнына келісілген уақыт ішінде активтерді пайдалану құқығын беретін шарт.
Жал түрін мәміле мәні анықтайды. Жалға беру негізінде талданатын мүлікті пайдалану құқығына байланысты тәуекел мен сыйақы қаншалақты дәрежеде жалға алушы немесе берушіге көшетіні негізінде белгіленеді.
Жалгерлік мерзіміне байланысты ағымдағы және қаржылық жалдау болып жіктелінеді:
Қаржылық жалдау - актив иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдер мен пайдаларды елеулі түрде көтеретін шарттар бойынша жалға беру. Қорытындысында құқықтық мәртебе жалгерге берілуі де, берілмеуі де мүмкін.
- ҚЕХС бойынша жалдау қаржылық болып жіктелінеді, егер:
- Мүлікке деген меншік жалдау мерзімі соңында жалгерге берілсе;
- Жалгер жалдағы мүлікті «келісілген бағаға» сатып алуға құқығы болса;
- Жалдау мерзімі активтің пайдалы қызмет мерзімінің көп мөлшерін құраса;
- Жал мерзімінің басында ең аз жалдық төлемінің дисконтталған құны мүліктің әділ құнынан кем емес болса;
- Жалдық келісім-шарт жалгер тарапынан бұзылатын болса, онда жалға берушінің барлық шығындары жалгердің шығыны ретінде есептелсе.
Жал пайдалану құқығына байланысты тәуекел мен сыйақы едәуір дәрежеде жалға алушыға берілсе және төмендегі шарттардың тым болмағанда бірі орындалса, қаржылық деп саналады:
- Жал мерзімі жалданатын мүлікті пайдалы қолдану мерзімінің кемінде 80%-ін құраса, егер ол тек активтің қызмет ету мерзімінің 20% шегінде басталмаса.
- Ең аз шамадағы жал төлемінің дисконтталған құны жалға берілген дүние-мүліктің өткізу бағасының 90%-інен кем болса;
- Жалдау мерзімі соңында активтің қалдық құны жал шарты жасалған сәттегі өткізу бағасының 20%- інен аспаса;
- Жалға алынатын активтерге меншіктілік құқығы ауысқанда жалға алушы жалдау мерзімі басында белгіленген кесімді баға бойынша сатып алу құқығына ие болады.
Осы шарттарға сәйкес келмейтін жалдаудың қай-қайсысы да ағымдағы жал болып табылады. Негізгі құралдарды ағымдағы жалға алу мерзімі біткен соң объектіні жалға берушіге міндетті түрде қайтаруы тиіс және активке меншікиелік етумен байланысты тәуекел мен сыйақылар жалға берушіде қалады.
Ағымдағы жалдау - қаржылық жалдан өзгеше жал, ол бір жылдық жалдау түрі, бірақта жалгер жыл сайын жалдау мерзімін ұзартып отыруына болады.
Көптеген жағдайда жалдың қай түрге жататынын жал туралы келісім-шарт талаптарынан білуге болады.
Жалдаудың басқа мынадай түрлері бар:
Мерзімінен бұрын тоқтату құқығынсыз жалдау - бұл жалдау шарты бойынша тек мынадай жағдайларда ғана:
(а) қандай да бір ықтималдығы шамалы оқиғаның басталуы жағдайында;
(ә) жалға берушінің рұқсатымен;
(б) егер жалға алушы сол немесе оған барабар активті сол жалға берушімен жалдау туралы жаңа шарт жасайтын болса; немесе
(в) жалдауды қабылдаған күні жалға алушының төлеген қосымша сомасы оның бұдан әрі жалғасуына кепіл болған жағдайда, тоқтатылуы мүмкін.
Кері жалдаумен жүргізілетін сату операциялары - сатушының оны кейіннен кері жалдауға ала отырып активті сатуын білдіреді. Жалдау төлемдері мен сату бағасы әдетте өзара байланысты болады, өйткені олар кешенді түрде талқыланады. Кері жалдаумен жүргізілетін сату операцияларының тәртібі жалдаудың түріне байланысты болады.
Егер кері жалдаумен жүргізілетін сату операциясы қаржылық жалдау болса, онда сатудан алынатын түсім мен баланстық құнынан кез келген артуы сатушы-жалға алушының қаржы есептілігінде табыс ретінде дереу көрініс табуы тиіс емес. Мұның орнына, бұл арту болашақ кезең кірістері қатарына жатады да, жалдау мерзімі ішінде есептен шығарылады.
Егер кері жалдау қаржылық жалдау болса, мұндай операция жалға берушінің жалға алушыға қаржы қаражаттарын беру тәсілі болып табылады.
Егер кері жалдаумен жүргізілген сату шарасы ағымдағы жалдауға әкеп соқтыратын және шын мәнінде шара әділ құн бойынша жүзеге асырылатын болса, онда туындайтын кез келген пайда немесе шығын дереу танылуы тиіс. Егер сату бағасы әділ құннан төмен болса, онда кез келген пайда немесе шығын, осы шығынға нарықтық бағадан төмен баға бойынша болашақ жалдау төлемдерімен өтем ол жасалатын жағдайларды қоспағанда, мерзімі кейінге қалдырылуға және активті пайдалану көзделетін кезең ішінде жалдау төлемдеріне тепе-тең амортизациялануы тиіс. Егер сату бағасы әділ құнынан жоғары болса, онда бұл артық баға мерзімі кейінге қалдырылуға және активті пайдалану көзделетін кезең ішінде амортизациялануы тиіс.
Кері жалдаумен жүргізілген сату шарасының экономикалық маңызы - бұл жерде сату шарасы болмайды, иелік ету құқығы берілмейді, ол жалгердің өзінде қалады.
Егер жалдық төлемдер мен сату бағасы әділ құнға тең болса, онда жай сатып алу - сату шарасы болады да және одан алынатын пайда немесе залал дереу танылады.
Егер сату бағасы әділ құннан жоғары болса, онда ол болашақ кезең кірістері ретінде танылады да, жалдау объектісінің жобаланған қолдану мерзімі ішінде есептен шығарылады.
Егер сату бағасы әділ құннан төмен болса, онда кез келген пайда немесе залал дереу танылуы тиіс.
Жер және ғимаратты жалға беру мен жалға алу.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 541-бабының 1-тармағына сәйкес кәсіпорындар және басқа мүліктік кешендер, жер учаскілер, үйлер, ғимараттар, жабдықтар, көлік құралдары және пайдалану процесінде өзінің табиғи қасиетін жоймайтын басқа да заттар (тұтынылмайтын заттар) мүліктік жалға берілуі мүмкін деп жазылған.
Жер:
- Экономикалық қызмет мерзімі шексіз;
- Егер жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін жалгерге мүлік құқығы берілмесе, барлық тәуекелдіктер де берілмейді, сондықтан жерді жалға беру мен алу көбінесе ағымдағы жалға жіктелінеді.
ҚЕХС бойынша жер ресурстары жалғыз амортизацияланбайтын активтерге жатады. Кез келген жерге сыйақылар жалдау мерзімі ішінде амортизацияланады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz