Коммерциялық банктің активі мен пассивін басқару әдістемесі және тәжірибесі


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Коммерциялық банктердің негізі мен құрылымы

1. 1 Коммерциялық банктердің жіктелуі . . . 5

1. 2 Коммерциялық банкті басқару және оның функционалдық құрылымы . . . 11

1. 3 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операция- лары . . . 15

2 Коммерциялық банктің активі мен пассивін басқару әдістемесі және тәжірибесі

2. 1 Коммерциялық банктің активі мен пассивін басқару үдерісін ұйымдастыру . . . 20

2. 2. Коммерциялық банктің капитал құрылымының қалып- тасуы . . . 26

2. 3. Екінші деңгейдегі банктердің ресурстарын активтерге орналастыру және олардың сапасын бағалау . . . 34

3 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары

3. 1. Коммерциялық банктердің есепті ұйымдастырудың негізгі бағыттары . . . 34

3. 2. Ресурстарды тартудың жаңарту жолдары . . . 41

Қорытынды . . . 56

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 59

Қосымшалар . . . 61-62

Кіріспе

Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммециялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктірілген.

«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған, міне осыдан «коммерциялық банк» деген атуға пайда болды. Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер - нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді[1] .

Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әр түрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсалғанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.

Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және бақылау жүйелері өзгеруде. Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру.

Жалпы қазіргі кезеңдегі қазақстандық банктік тәжірибеде орын алған өтімділік дағдарысы, өз кезегінде коммерциялық банктердегі есепті ұйымдастыру ерекшеліктерінің тиімсіздігін, соның ішінде өтімділікті қамтамасыз ететін активтер мен пассивтерді басқаруға қатысты теория мен тәжірибедегі әлсіз тұстарынының болуын нақты дәлелдейді.

Коммерциялық банктің есепті ұйымдастыру ерекшеліктеріне бағытталған ғылыми жұмыстарға жасалған талдаудан, банктің өтімділігі мен табыстарын қамтамасыз етуде ең бастысы банк балансының құрылымын үйлесімді немесе теңгерімді басқаруға қатысты орын алған мәселелердің болуы зерттеу тақырыбының өзектілігін сипаттайды. Өкінішке орай, коммерциялық банктің есепті ұйымдастырудың теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттеулер белгілі ғалым-экономистердің еңбектерінде әр жақты көрініс тапқан. Сондықтан да, коммерциялық банктің есепті ұйымдастыру мен банктің активі және пассивін басқарудың теориялық және тұрғыдан жеткіліксіз мазмұны мен оның аз зерттелген әдістемелері, сондай-ақ оларды тиімді басқару тәжірибесіндегі орын алатын өзекті мәселелер бұл диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты ҚР-ның екінші деңгейдегі банктерінің өтімділігі мен табыстылығын қамтамасыз ететін қазіргі заманға сай банктің есепті ұйымдастыруды басқаруға байланысты теориялық-әдістемелік және ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан негізделген ұсыныстар жасау.

Қойылған мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешуді көздейді:

  • коммерциялық банктің жіктелуі, құрылымы мен басқару теориялардың дамуын зерделей отырып, қазіргі заманға сай банктің қызметінің мазмұнын анықтау және жасау;
  • банктің активі мен пассивін кешенді басқару тетігінің және жүйесінің ұйымдастырушылық- ақпараттық негізін айқындау;
  • депозиттік қоржынды басқарудың банктің тұрақты пассивін қалыптастырудағы маңызын көрсету;
  • депозиттік емес ресурстарын қалыптасу көздерін талдау мен бағалаудың, банктің өтімділігі мен тұрақтылығына тигізер әсерін айқындау;
  • екінші деңгейдегі банктердің активтерінің құрылымы мен сапасын бағалай отырып, олардың қоржынындағы стандартты және жіктелетін активтердің шекті қатынасын айқындау;
  • банктердің несиелік саясатының шегінде жасалған көрсеткіштер көмегімен отандық коммерциялық банктердің несиелік қоржындарының сапасын бағалау әдістемесін жасау.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1 Коммерциялық банктердің негізі мен құрылымы

1. 1 Коммерциялық банктердің жіктелуі

Қазіргі коммерциялық банктер - бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер деп бұл жерде ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.

Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

  1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:
  • мемлекеттік;
  • акционерлік;
  • жеке;
  • пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) ;
  • аралас (шетел капиталының қатысуымен) .
  1. Операцияларының түрлеріне қарай:

- әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең

көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;

- маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;

3. Аумақтық белгісіне қарай:

- халықаралық;

- мемлекетаралық;

- ұлттық;

- аймақтық;

4. Салалық белгісіне қарай:

- өнеркәсіптік банктер;

- сауда банктері;

- ауыл шаруашылық банктері;

- құрылыс банктері;

5. Филиалдар санына қарай:

- филиалсыз;

- көп филиалды.

Акционерлік банктердің жарғылық капиталы шығаратын акцияларын сатудан түсетін түсімдерден құралады. Акциялар екі түрге бөлінеді: жай және артықшылығы бар.

Жай акцияның иелеріне сол қоғамды басқару ісіне араласуына, оның пайдасына қарай дивидент алып отыруға құқық береді. Ал артықшылығы бар акцияның иесіне қоғамды басқаруға қатысуына құқық бермегенмен, уақытылы, яғни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға, қоғам банкроттыққа ұшыраған жағдайларда жай акция иесінен бұрын қоғамға қосқан өз үлесін алуға құқық береді.

Егер де банк жауапкершілігі шектеулі қоғам түрінде құрылған болса, онда оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылық құжатта анықталады және бұл банктің қатысушылары немесе құрылтайшылары өздеріне тиісті үлес шегінде ғана оның міндеттемелеріне жауап береді.

Коммерциялық банктер - нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді[3] .

Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.

Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездей-соқтық емес. Олар өзгермелі ақша-несие нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады.

Депозиттік-қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялық банктер қаржы делдары ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі мен өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады. Бұл кейде көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге салғанның өзінде де мүмкін болады. Мұндай кезде коммерциялық банктер ретінде іскелік операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту мүмкін емес.

Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.

Банктік несие - ең қолайлы және көптеген жағдайда орны ауыстырылмай қаржылық қызметтердің формасы ретінде ол нақты қарыз алушының қажеттілігін ескереді және олардың қарыз алу жағдайына көндігуіне мүмкіндік береді.

Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру. Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және ерекше бір қабілеті ол ақша жасауы мен жоюында болып табылады. Бұл жерде ақша деп тек қолма-қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне қажетті жағдай туғызады. Коммерциялық банктер өздерінің депозиттік және несиелік операцияларының көмегімен олар уақытша бос ақаш қаражаттарын жинақтайды және несие түрінде оларды бере отырып, халық шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа төлем құралдарын жасайды.

Банк жүйесін ұйымдастыру белгілеріне қарай филиалсыз банктерге, бөлімшелері бар банктерге және банктік топтарға бөлуге болады. Көптеген елдерде банк жүйесінің бір типі берілген, ал Қазақстанда дамымаған түрдегі банктік ұйымдардың барлық түрлері бар.

Ұлттық банктің рұқсатымен банктер Қазақстан Республикасы аумағында және одан тысқары жерлерде банктерін аша алады, ал өздерінің өкілеттілігін - Ұлттық банкінің келесі бір хабарлауымен ашады.

Банк филиалы - бұл бас банктің берген құқықтары шегіде банктік операцияларды жүзеге асыратын банктік мекеме. Банк филиалы заңды тұлға болып саналмайды, дербес балансы болмайды және өзінің бас банкі берген қаражаттар мен өкілеттіліктер шегінде қызмет етеді.

Банк өкілдігі - депозит тартудан басқа бір банктік операцияларды орындайтын және өз атынан, банктің тапсырмасымен жұмыс жасайтын заңды тұлға болып табылмайтын, құрылымдық бөлімше.

Еншілес банк - жарғылық қордың 50% - нан астамы бас банкіге тиесілі, заңды тұлға болып табылатын банктік мекеме.

Қазақстан бұрынғы КСРО - ның монополиялық банктік жүйесін қабылдады. Бұрынғы мамандандырылған банктері (Тұранбанк, Кредсоцбанк, Агроөнеркәсіпбанкі, Әлембанк, Халық банкі) республиканың барлық аумағында өздерінің бөлімшелерін иеленіп, жаңадан құрылған коммерциялық банктер де сондай өз филиалдарын құрды (мысалыға, Казкоммерцбанк, Центркредитбанк, Темірбанк және т. б. )

Әлемдік банктік тәжірибеге қарағанда, бөлімшелері бар банктердің артықшылығы - олар бас банктің толық бақылауында және оның балансында болады.

Бірақ, жоғарыда аталған мамандандырылған банктердің күрделі иерархиялық құрылымы болды. Олардың бас кеңсесі Алматыда орналасқан, оған облыстық басқармалар бағанса, ал соңғысына аудандағы бөлімшілер бағынышты болып келді.

Шетелде банк филиалдары заңды тұлға болуға және дербес мекеме ретінде тіркелуге құқылы. Көптеген банктердің филиалдары тұтыну несиесі, лизинг, факторинг, жылжымайтын мүлікті мерзімін ұзартып сатуға мамандандырылған.

Қазақстандағы соңғы уақыттарда құрылған барлық коммерциялық банктер филиалсыз, яғни шоғырланған болып келеді[4] .

Банктің ұйымдастырылуы құрылымы және соған сәйкес операциялары орталықсыздандыру дәрежесі, бірінші кезекте жалпылама түрде анықталады. Сондықтан да банктің бір - екі бөлімшесі болатын болса, онда орталақтан басқаруды жүзеге асыру тиімді. Кез келген жағдайда да барлық жүйені тиімді жедел басқарудың болғаны міндетті, өйткені шешім қабылдау барысында кешігу, бас кеңсе мен бөлімше арасында ақпараттық үзіліссіз болмауға тиіс.

Банктің ұйымдастырылуы құрылымы басты екі әдіспен анықталады - банктің басқарылуы құрылымы және оның функционалдық бөлімшелері мен қызметтерінің құрылымы.

Басқару органын тағайындаудың мақсаты - банктің негізгі қызметін іске асыру мақсатында, банктің коммерциялық қызметіне тиімді, үнемді және жедел жетекшілік етуді қамтамасыз ету.

Банктің ұйымдастырылуына, ондағы жетекші мен бағыныштыларының қарым - қатынасына оның барлық қызметі тәуелді.

Банкті басқарудың құрылымын анықтау, басқару органдарын бөліп қарауды, олардың банк операцияларын жүзеге асырудағы құзіретін, жауапкершілігін және өзара байланысын бекітуді алдын ала қарастырады. Банкті басқарудың жалпы тәсілдері мен құрылымы банктік заңдар арқылы белгіленеді, бірақ, басқару құрылымына қатысты көптеген сұрақтарды коммерциялық банктің дербес түрінде шешуге құқығы бар.

Коммерциялық банктің басқару құрылымына оның жарғылық қорының қалай құрылуы (біртұтас, пайлық және акционерлік) немесе оның торабының (филиалды немесе филиалсыз) даму дәрежесі тікелей ықпал етеді.

Қазіргі уақытта коммерциялық банктер көбіне акционерлік қоғам формасында құрылатындақтан да, оларды басқаруға акционерлері қатысады. Ондай формадағы банктің ең жоғарғы басқару органы банк акционерлерінің жалпы жиналысы болып табылады. Ол жарғыны, баланс пен есепті бекітеді, банктік саясаттың бағыты мен мақсатын анықтайды, басқарма мүшелері мен төрағасын сайлайды, банктің ревизиялық комиссия мүшелерін сайлайды. Яғни банктің стратегиялық міндеттерін шешеді. Акционерлер жиналысы жылына бір рет, жылдық есепті, жылдағы балансты құрғаннан кейін бір айдан кешікпей шақырылады.

Басқарма (банк кеңесі) - банк иелерінің, оның акционерлерінің өкілетті органы және олардың мүддесін қорғайды. Басқарманың ең басты міндеті жұмсалған капиталға қажетті пайда деңгейімен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, кеңес клиенттерінің мүддесін қорғау туралы да жұмыс жасауға тиіс.

Жетекші орынға адам таңдау. Осы заманғы банк - күрделі және біршама тәуекел кәсіпорын болғандықтан да, оны білгір, білікті мамандар мен жауапкершілігі бар адамдар басқаруы тиіс.

Комитет құру. Ірі банктерде шешім қабылдау үшін мынадай комитет құрылады: әкімшілік (ағымдағы сұрақтарды), есеп-қарыздық ( несие беру инвестициялау), ревизиялық (қаржылық жағдайын тексеру) .

Қарыздық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау. Басқарма заңды түрде несие мен бағалы қағаздар портфелінің құрылымына банк саясатының бекіткен мақсаттарына сәйкес бақылау жасайды.

Банк қызметінің мерзімді тексеру. Басқарма мүшелері банктің операцияларына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Өз мәжілістерінде басқарма, бөлім жетекшілерінің есептерін тыңдайды және банк ісін талқылайды. Басқарма мүшелері өздерінің шешімдері, зияндары, қателіктері, банктер туралы заңда бағынбағандары үшін жауапты.

Кеңес коммерциялық банктегі акционерлер жиналысының нұсқауына сәйкес тәжірибелік қызметті жүргізетін ең жоғары басқару органы болып табылады. Кеңес (басқарма) тәжірибелік операцияларға жетекшілік жасау және жүзеге асыру үшін банкті басқаратын құрылым құрады. Операцияларды басқару ресурстарды жинақтау қызметтеріне және оларды пайдалану тәсілдеріне бөлінуге негізделген.

Директорлар кеңесі іс - тәжірибелік операцияларды жүзеге асыру және басшылық ету үшін банкінің басқару құрылымын құрады. Өкілеттік көлемі мен өз бетіндік дәрежесі бойынша басқару құрылымы 3 деңгейден тұрады.

1. жоғарғы менеджерлер;

2. администраторлар;

3. қадағалау және ревизиялық функциялар берілген тұлғалар.

Жоғарғы менеджерлер - бөлімдер мен службалардың қызметтерін шоғырландырады, олардың бағдарламаларымен нақты мақсатын айқындайды, кеңес және олардың жұмыстарына бағасын береді. Олар өздерінің басты назарын банк жұмысының нәтижесіне аударды.

Администраторлар - бөлімше жетекшілері. Олардың басты мақсаты - өздерінің бөлімшелерінің дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ету.

Үшінші деңгейдегі қызметкерлерге - қадағалаушылар жатады. Бұл қатардағы жұмысшыларға көмек көрсететін, күрделі және даулы сұрақтарды шешетін, нақты жағдайлар бойынша кеңес беретін, персоналды оқытумен айналысатын шағын маманданған топтар немесе бөлімшелерге басшылық ету тапсырылған неғұрлым мамандандырылған кәсіпқой мамандар.

Бақылаушы - бухгалтерлік және статистикалық бөлімінің жұмысын басқарады, жұмыстың жаңа тәсілдерін және есептің автоматтандырылуымен айналысады.

Банктің құрылымы, бөлімдерінің саны, қызметтердің мамандануы, жетекшілердің құрамы, өкілеттіліктердің бөлінуі тағы сол сияқты факторларға байланысты және экономикалық біртұтастығымен анықталады. Банк құрылымын ұйымдастырудың ұтымдылығын талдау - жалпы банктегі еңбекті тиімді ұйымдастырудың, оның коммерциялық қызметінің маңызды шарты. Банктің ұйымдастырушылық құрылымының негізгі белгілері - банктің орындайтын операциясының көлемі мен экономикалық мазмұны болып табылады. Банктік іс тәжірибеде банктік ұйымдастырушылық құрылымының 2 түрі бар: функционалдық және дивизионалдық[5] .

Функционалдық ұйымдастырушылық құрылымы банк қызметінің жекелей бөліктерге бөлінуі, іс-әрекеттің немесе қызметінің оқшауланған саласының белгілі бір дәрежеде көрсетілуі, олардың жүзеге асырылуы банктердің алдына қойған мақсатына жетуге септігін тигізеді. Мұндай банк қызметтерінің оқшауланған салаларына, әдетте банк операцияларын басқару, маркетинг, бухгалтерлік есеп пен есеп беру және шаруашылық басқару, тағы басқалар жатқызылады. Бұл функционалдық блоктардың шешетін міндеттерінің көлеміне байланысты шағын бөлімше құрылуы мүмкін.

Дивизионалдық ұйымдастырушылық құрылымы үнемі өзгеріп отыратын нарық жағдайында, несиелік мекемелердің арасындағы бәсекелестіктің өсуі жағдайында қолданылады. Мұндай құрылымда банк бөлімшелері функционалдық белгілері бойынша бөлінбейді, ал банктердің ұсынатын өнімдерінің түрлеріне сәйкес тұтынушылардың топтары аймақтық белгісі бойынша бөлінеді. Бөлімшелер деген ұғымға әр түрлі құылымдық бірліктер - басқару бөлімдері, қызметтер, секторлар кіреді.

Банк өнімінің әр түрлі түрлерін көрсетуге бейімделген құрылымдар да, өз клиенттеріне қызметтің жеке түрлерін үлкен көлемде көрсететін банктер де жиі кездеседі.

Операциялардың нақты түрін көрсетуге маманданған бөлімшелердің жетекшілері жоғары білікті, осы салада үлкен тәжірибесі бар оның мамандары, оны жоғары бәсекелес қабілетті етеді. Өнімдерінің белгісі бойынша ұйымдастырылған банктер, осыған орай, қызмет көрсетудің сапасы әлемдік стандартқа жеткізуде, сонымен бірге банктің өнімдерінің жаңа түрлерін дамытуда қосымша артықшылықтарға ие.

Тұтынушылардың әр түрлі топтарына бейімделген құрылым. Мұндай принциптер бойынша құрылған банкткер өзінің басты назарын клиенттердің белгілі бір тобына бөледі, басқаша айтқанда белгілі бір тұтынушылардың сегментіне көңіл бөледі. Ірі банктердің құрылымында: корпарацияларға қызмет көрсету басқармасы, несиелендіру бөлімі, инвестициялық қызмет көрсету, трасталық операция; тиісті бөлімдері бар тұрғындарға қызмет көрсету басқармасы бар.

Аймақтық ұйымдастырушылық құрылымы. Банктер үлкен географиялық ауданды қамтып іс-әрекет еткен кезде, оның ұйымдастырушылық негізінде іс әрекет ететін бөлімдердің торабы арқылы құруды болжайтын, әр түрлі аумақтарда өз қызметін ұсынатын аймақтың ұйымдастырушылық құрылымы приципі жатуы мүмкін. Мұндай обылыс, аудан шегінде клиенттерге қызмет көрсетуге бағытталған құрылым жергілікті жағдайларға дұрысырақ білуге мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде республикада банк қызметтерінің сан алуан түрін көрсетуге, әртүрлі клиенттер топтарымен жұмыс жасауға, сонымен бірге, аймақтың жергілікті ерекшеліктеріне бейімделген коммерциялық банктердің дивизиондық құрылымы құрылған.

Банктің жалпы ұйымдастырушылық құрылымында бөлімдердің екі типін бөліп көрсетуге болады: желілік функцияларды орындайтын және штабтық функцияларды орындайтын бөлімдер.

Желілік бөлімдер тікелей операциондық жұмыспен айналысады: салымдық, несиелік, трасталық, бағалы қағаздарды сату сатып алу және т. б.

Штабтық бөлімдер - желілік бөлімдерге қызмет көрсетумен айналысады. Яғни, инфрақұрылымдық оның дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Бұл жоспарлау, кадрлар, заң, статистикалық бөлімдер. Банктің ұйымдастырушылық құрылымын, банк басқармасы және басқару бөлімдері құрайды, олар банк операцияларының жіктелуін есепке алады, сәйкестендіре отыра олардың функционалдық белгісі бойынша қалыптастырады. Коммерциялық банктер шаруашылық есепті ұйымдастыру, пайдалылық, өтімділік қызметтердің сан алуан түрлерін орындауына үлкен көңіл бөледі. Бұл үшін тиісті құрылымдық бөлімшелер құрылады.

Депозиттік операцияларды басқару банктің меншіктік капиталымен тартылған қаражаттарды есептеу және талдауым айналысады. Ол әдетте депозиттік операция, қор бөлімдерінен тұрады. Бұның біріншісі салымшылармен шарт жасасуымен, депозиттік қаражаттарды есептеу, талдаумен айналысады, екіншісі банктік меншіктік қаражаттарын есептеу және талдаумен айналысады.

Несиелік басқарма қарыз алушыларды несиелендіру сұрақтарымен айналысады. Ол әдетте тұрғындарды қысқа мерзімді несиелендіру, банк аралық операция және тағы басқа бөлімдерден тұрады[6] .

Сонымен, банктің филиалдарын басқару филиалдардың қызметіне жетекшілік етумен, бақылаумен, банк филиалдарына іс-тәжірибелік әдістемелік көмек көрсетумен айналысады.

Есеп-кассалық операциялар басқармасы - клиенттерге шот ашумен, кассалық операцияларды және есеп айырысуды жүргізумен айналысады. Валюталық басқарма валютамен операцияларды жүргізуге арналған. Статистикалық және талдау бөлімі статистикалық ақпараттарды талдау, жинаумен және клиенттерге ақпараттық - анықтамалық қызмет көрсетумен айналысады.

1. 2 Коммерциялық банктерді басқару және оның функционалдық құрылымы

Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы банкті басқару құрылымына және оның функционалдық бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің құрылымына бөлінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк секторының қаржылық
Банк тұрақтылығы негізіндегі банк өтімділігі
Активті және пассивті шоттар
Банк өтімділігін басқаруда қолданылатын өтімділік коэффициенттері
Банк балансының активтердің құрылымын анықтау
«Казкоммерцбанк» АҚ-ның қаржылық экономикалық жағдайын талдау
Коммерциялық банктердің қаржылық жағдайының теориялық негіздері
Банктік менеджмент
Екінші деңгейлі банктердің пайыздық тәуекелін басқару
Коммерциялық банктегі ақша қаражаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz