Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы


ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНКТІК ҚЫЗМЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Соңғы онжылдық біздің еліміз үшін «өзгерістер дәуірі» болды. Елімізде көпкуладты нарықтық экономиканы қалыптастыруға бағытталған толық ауқымды реформалар жүзеге асырылды. Мұнда күшті де серпінді дамыған банк секторын жасау маңызды рөл атқарады. Бұл кезең тарихта банк секторы ішіндегі бүкіл қарым-қатынас жүйесін, яғни Ұлттық банк тарапынан басқару және бақылау саясатын түбегейлі өзгерткен монобанктік жүйеден нарықтық экономика талаптарына жауап беретін қазіргі заманғы жаңа банк секторына көшу, әмбебап банктер жүйесін қалыптастыру кезеңі болды.
Еліміз өз егемендігін алғаннан бері нарықтық қатынастар күннен-күнге дамып келеді. Бірақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанмен, оның өзін-өзі басқаруы мүмкін емес. Оған белгілі бір дәрежеде мемлекет өзінің саясаттары арқылы әсер етіп отыруы керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттің ақша-несие саясаты және қаржы (бюджеттік) саясаты жатады.
Экономиканы ақшалай-несиелік реттеуді қаржы саласының басты секторы банк жүйесі іске асырады. Банк жүйесі қазіргі заманғы экономикада екі деңгейлі болып келеді, яғни мемлекеттің эмиссия саясатын іске асырушы орталық банк (біздің елде Ұлттық банк) және екінші деңгейлі банктер. Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын резервін басқарады, коммерциялық банктердің арасындағы шот айырушы ретінде қызмет атқарады, оларға міндетті резервтер талаптарын белгілейді. Орталық банк ақша-несие саясаты құралдары арқылы ақша-несие саясатының мақсаттарын жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттің ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын органы болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын, бір сөзбен айтқанда, экономикалық жағымсыз құбылыс болып табылатын инфляцияға қарсы саясатты қамтамасыз етуді көздейді.
Қазіргі таңда нарықтық экономикада банктік жүйенің ролі ерекше. Банктік жүйе-нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланыста болады.
Осылайша банктік жүйе елімізде қалыптасып, экономиканың тиімді қызмет етуіне ат салысатын басты секторға айналды. Оның әр түрлі саясаттары арқылы экономиканы өтпелі кезеңнен алып шығып, экономикалық өсуге бет алдық.
Қазір елімізде банк жүйесі егемендік алғаннан бері жүргізіліп келе жатқан нарықтық инфрақұрылым ішінде ең тиімді қалыптасқан жүйе болып отырғаны белгілі. Елбасымыз «Қазақстан дамуының жаңа кезеңі» атты Жолдауында ішкі және сыртқы саясатымыздағы аса маңызды 30 серпінді бағыттардың бірі- қаржы жүйесінің ырықтандыру жағдайындағы тұрлаулылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейін қалыптастырудағы осы банк жүйесінің рөлін айқындайтын негізгі басымдықтарды атап өткен. Ол, ең алдымен, біздің банктеріміздің жергілікті нарықтағы, өңірлік әрі халықаралық жобалардағы бәсекелестік күреске әзір болуы керектігін басып айтты. Сондай-ақ, банк жүйесі тарапынан экономиканың келешегі бар секторларына нарықтық тұрғыдан тиімді қолдау көрсетуі үшін жағдай жасау және банктердің өңірлік экономикалық жобаларға қатысуын күшейту және де екінші деңгейдегі қуатты банктердің капиталын ұлттық ауқымдағы жобалардың іске асырылуына тарту туралы маңызды мәселені шешу керектігі айтылады. Бұлардың барлығы банк жүйесінің экономикадағы, соның ішінде қаржы секторындағы басымдық рөлін айқындап, оны одан әрі дамытып және мемлекет тарапынан реттеу керектігін дәлелдей түседі. Міне, сондықтан, дипломдық жұмысымның тақырыбы «Қазақстан Республикасындағы банктік қызметті мемлекеттік-құқықтық реттеу».
Тақырыптың өзектілігі-әлемдік және отандық экономиканың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, нарықтық экономикаға өту жағдайында банк жүйесіне көмек көрсету тұрақтандырылған экономикалық өсуге жетуге елеулі нәтиже береді. Банк жүйесінің дамуы елдегі қаржы нарығының өркендеуіне және Ұлттық банктің өз саясатын тұрақты қалыпта жүзеге асуының мүмкіндігін қарастыру. Халқымыздың өсіп-өркендеуіне, экономикасының дамуына әсер ететін бірден-бір фактор банк жүйесінің дамуы. Өйткені банктік жүйе-нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Отандық экономиканы реформалаудың қазіргі уақыт сатысында тиімді, нәтижелі және болашақ бағыттардың бірі банк жүйесінің дамуы болып табылады. Экономика басқару процесінде банктер негізінен басқарудың экономикалық қатынастарын көрсетеді, ал әр қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен мүдде ретінде көрініс алады, ал экономикалық мүдде өндірістің мақсаты, яғни оны қозғаушы фактор болып табылатын әдістемелерді пайдаланады.
Зерттеу пәні-Қазақстан республикасы Ұлттық банкінің екінші деңгейлі банктерге әсер етудегі экономикалық қатынасын анықтау.
Зерттеу объектісі-Қазақстан Республикасының банктері, соның ішінде Ұлттық банк.
Негізгі мақсаты-банк ұғымының мәнін және қалыптасу негіздерін мазмұндап, еліміздегі олардың түрлері мен қызмет ету ерекшеліктерін қарастыру. Сондай-ақ, банктік қызметтерді реттеу мен қадағалау әдістерін және тұтас банк жүйесін жетілдіру жолдарын анықтау.
Мақсатқа сәйкес бітіру жұмысының міндеттері:
- Банк жүйесінің қалыптасу және даму мәселелерін ғылыми- теориялық негіздеу;
- Банк түрлері және олардың қызмет ету ерекшеліктерін қарастыру;
- Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктер өтімділігін реттеудегі рөлін анықтау;
- Елімізде банктік қызметті мемлекет қаншалықты деңгейде реттейтінін анықтау;
- Қазақстанда банк жүйесін жетілдірудің маңыздылығын айқындау.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Бірінші бөлімде, банктің қаржы кәсіпорны ретіндегі мәні және қалыптасу негіздері, олардың түрлері, қызмет ету ерекшеліктері сипатталады. Екінші бөлімде, еліміздегі банктік жүйенің қалыптасуы және дамуы, Ұлттық банктің экономикадағы рөлі мен жүргізетін саясаттарын және екінші денгейлі банктер өтімділігін реттеудегі рөлі баяндалады. Сонымен қатар, дағдарыс жағдайында банктік қызметтерді мемлекеттік реттеу мен қадағалау шараларының қаншалықты деңгейде жүріп жатқаны қарастырылады.
Дипломдық жұмыста осы салаға қатысты отандық және шетелдік ғалым экономистердің еңбектері мен ҚР президентінің жолдаулары, заң күші бар жарлықтары, ҚР «Банктер және банк қызметі туралы» заңы, Қазақстан Республикасының «Ұлттық банк туралы» заңы, ҚР Ұлтық банк пен екінші денгейлі банктердің статистикалық деректері, нормативтік құжаттар мен ережелер басшылыққа алынған.
1 БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Банк жүйесінің мәні және оның атқаратын қызметтері
Бірқатар ғалымдардың пікіріне қарағанда алғашқы банктер капитализм дамуының мануфактуралық сатысында дүниеге келіп, кредиттік қатынастардың кең ауқымды дамуына орай XIV-XV ғасырларда пайда болған.
«Банк» сөзі «banko»-деген ағылшын тілінен аударғанда «айырбас столы» дегенді білдіреді. Бұл «айырбас столы» тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер, сондай-ақ қалалар, жекелеген тұлғалар шекіп шығаратын алуан түрлі монеталар арқылы жүргізілген. Банктер пайда болардың алдында ақша-сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әр түрлі елдердің ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уакыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге айналады [6, 6б] .
«ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» заңның 1- бабына сәйкес, «банк- осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға».
Банктік қызмет- бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметті білдіреді. Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктің негізгі операцияларына мыналар жатады:
- заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
- жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
- банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
- заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүрзізу;
- кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;
- аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;
- есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу;
-заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;
- заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспонденттік- банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу [14, 2б] .
Банк жүйесі несие жүйесінің негізгі буыны, нарықтық экономиканың маңызды құрамдаc бөлігі болып табылады. Ол несие және қаржы операцияларының негізгі массасын шоғырландырады. Кез келген жүйе барлық қажетті элементтер мен қажетті пропорцияларды қамтуы керек, онда олар өзара әрекеттесіп, бір-бірін толықтыруы қажет, әдеттегінше, бір жүйе өзінен де ауқымды басқа жүйеге енеді. Банк жүйесіне бұл принциптердің де тікелей қатысы бар. Мәселен, кез келген елдің банк жүйесінде оның негізгі элементтері кездеседі: әр түрлі тұрпаттағы банктер, банктік емес мекемелер, банктік инфрақұрылым, банктердің бірлестігі және т. б. Банк жүйесі құрамдық бөлік ретінде үлкен жүйе-елдің несие жүйесіне кіреді. Ал, несие жүйесі елдің экономикалық жүйесіне кіреді. Сол себепті де банктің қызметі мен дамуын ұдайы өндірістік процесімен тығыз байланыстырып қарау қажет. Банктер мен банк жүйесі өзінің нақты қызметінде бюджеттік-салықтық және басқа да жүйелермен өзара тығыз әрекеттесіп, экономикалық өмірді басқару мен реттеудің жалпы тетігімен шектеліп, сабақтасады. Банк жүйесі белгілі бір өзгешеліктер мен белгілерге ие. Банк жүйесінің белгілері:
- Банк жүйесінің элементтері алғы шебін Орталық банк құрайтын нақты бірліккке бағына отырып әрекеттеседі. Онда кездейсоқ элементтер болмайды.
- Банк жүйесі өзінің құрамдық элементтерімен, олардың өзара әрекетімен анықталатын өзіндік ерекшелікке ие. Онда елдің Орталық банкі белгілеген қосымша міндеттерді, ережені орындайтын өзіне ғана тән тетік жұмыс істейді.
- Банк жүйесі элементтерді өзара алмастыруға қабілетті. Оны біртұтас ретінде және бір бүтінге бағынатын әр түрлі бөліктер ретінде көрсетуге болады. Бұл оның жекелеген бөліктерінің қажет болған жағдайда бір-бірін алмастыра алатындай етіп байланысқанын білдіреді. Мысалы, Жинақ ақша банкінің депозиттік операцияларын коммерциялық банктер орындай алады, ал ауылдық жерлерде бұл істі пошталық жинақ ақша жүйесіне сеніп тапсыруға болады. Қандай да бір банк банкротқа ұшыраса да, банк жүйесі сақталып қалады.
- Банк жүйесі динамикалық жүйе болып табылады. Ол ұдайы даму, қозғалыс үстінде болады. Ол жаңа элементтермен, жаңа байланыстармен толығуы мүмкін. Жаңа несие түрлері мен қаржы институттары пайда болады.
- Банк жүйесі «жабық» тұрпаттағы жүйе ретінде де алға шығады. Олардың тек өздеріне тән, осы жүйеге ғана арналған өз тәртібі, ережесі, нұсқауы бар және банктің өз құпиялары болады.
- Банк жүйесі өзін-өзі реттейтін, «өзін-өзі ұйымдастыратын» жүйенің сипатын ие. Тұтастай алғанда жүйе өзінің әрекет ету саясатын экономикалық, әлеуметтік, саяси ахуалдарға қарай өзгертіп отырады. Экономикалық дағдарыс орын алса оған өзінше саясат ұстанады, экономиканың тұрақты даму жағдайында басқа саясатты жүргізеді.
- Банк жүйесі-басқарылатын жүйе. Ол арнайы банк заңдарымен әрекет етеді әрі реттеледі және орталық атқару немесе өкілетті органдарға бағынады [5, 45б] .
Банк жүйесіне, сонымен бірге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес жеке мекемелер де, сондай-ақ банк инфрақұрылымын қалыптастыратын әрі несие институттарының өмірлік әрекетін қамтамасыз ететін кейбір қосымша мекемелер де кіреді.
Банктік жүйе-нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі және несие жүйесінің негізгі буыны болып табылады. Себебі, масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым бөлігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, халықтың уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, оларды іс жүзіндегі капиталға айналдырады [7, 32б] .
Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болды. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушылардың экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.
Депозиттер түрінде және Қарыздар, келісім бойынша басқа жолдармен берілетін жеке салымдар түрінде ақша қаражаттары берілетін ақша қаражаты
Тікелей инвестицияны, Нарықта акцияларды және
акцияларды, облигацияларды, басқа қаржы құралдарын сату
өзге қаржы құралдарын сатып арқылы алынған ақша
алу арқылы берілетін ақша қаражаты
қаражаты
Сурет 1 . Банктердің қаржы делдалдары ретіндегі ролі
1-суретте көрсетілгендей, қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық, ауданаралық үлестіру механизмін қамтамасыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметін атқарады.
Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде олар ақша нарығында тауар болатын жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ол қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қояды. Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық делдалдықтың негізін құрайды. Несие беруші қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметі қозғалысы орын ауыстыруды, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады [4, 36б] .
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкке кең өкілеттік беруі екінші деңгейлік банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдік саясатын жүргізеді. Әр түрлі көздерден ақша капиталын жинау арқылы банктер жалпы ақша қаражатының «тобын» құрайды және оларды жұмыс істеп тұратын капиталға айналдырып, әр түрлі шарттарға несиеге деген шарттарды қанағаттандыра алады. Шаруашылық органдар мен тұрғындардың қаржылық-несиелік қызмет көрсетуін ұйымдастыру және несиелік жүйенің қызмет етуі шаруашылық құрылымдардың дамуында маңызды мәнге ие.
Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналды және барлық қаржылық капитал арқылы нақты экономиканы басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен шығып, ұдайы өндірістің барлық фазасының аясына ғана кіреді. Банктер шаруашылық өмірдің орталығы, барлық экономикалық негізгі түйіні болып табылады [8, 56б] .
Банктік жүйенің мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы басқарудың мақсаттары мен міндеттерімен бірдей, әйтсе де банктер басқарудың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды. Экономиканы басқару органы ретіндегі негізінен басқарудың экономикалық қатынастарын көрсетеді, ал әр қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен мүдде ретінде көрініс алады, ал экономикалық мүдде өндірістің мақсаты, яғни осы қозғаушы фактор болып табылатын әдістемелерді пайдаланады. Мүддені осылай деп түсінумен келесі туындайды, яғни оларға қажеттіліктерді қанағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты [11, 63б] .
Банктер басқарудың экономикалық әдістері мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әр түрлі буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін әр түрлі несиелер мен немесе қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздіксіз қызмет етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етеді.
Банктер есеп айырысу операцияларын жүргізудің тәртібін бұзғаны үшін айыппұл, төлем төлеу күнін созғаны үшін өсім, несиені өз уақытында қайтармағаны үшін жоғары пайыздарды алумен өзінің мүддесін ғана емес, сонымен қатар, бұл операциялардың басқа да қатысушыларының мүддесін қорғайды.
Банктер өз қызметтерін орындау кезінде функционалдық; (экономикалық) салалық (министерстволар, компания, фирмалар) аумақтарды (жергілікті орган) басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді.
Банктерде басқарудың басқа органында жоқ ағымдағы ақпараттар болады. Ең алдымен ол қызмет көрсетілген клиенттердің негізгі қызметі туралы ақпарат болып табылады. Шотта еңбекақы беру, жабдықтаушыларға төлем жасау, банктік несиелерді қайтару үшін қаражаттардың болмауы тек объективті ғана емес, сонымен бірге, осы шарт несиенің жұмысшының нашар екендігінің күнделікті оперативті көрсеткіші болып табылады. Банктің мәліметтері бухгалтерлік есепті құруды күтпей-ақ кәсіпорын қызметтерінің көптеген маңызды факторлары туралы, әрі олардың нәтижелерін алдын-ала көруге мүмкіндік береді [10, 45б] .
Банктік жүйеде қоғамның барлық ақшалай қорлары шоғырландырылған: мемлекеттік шаруашылық буындардың қаражаттары, халықтың жинақ ақшалары, т. б. бар. Банктер осы қорлардың қалыптасуына белсенді қатысады, яғни оларды пайдалану бойынша бақылау жүргізеді, ақша айналымын реттейді және сол арқылы ұдайы өндірістік үрдіске әсер етеді. Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуімен банктердің алдында жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Меншікті жекешелендіру мен мемлекетсіздендіру нәтижесінде жеке меншік, меншіктің ұжымдық және акционерлік түрлері, кооперативтік қозғалыс кең етек алуда, меншіктің аралас түрі негізінде кәсіпорындар құрылуда. Қоғамда белгілі бір класқа ие комерсанттар, кәсіпкерлер пайда болуда. Нарықтық қатынастардың дамуы бойынша экономикада, қоғамда банктердің ролі күшеюде. Олардың жұмысында әміршіл- әкімшіл орнын- экономикалық әдістер алмастырады. Сөйтіп экономикаға банктік ықпал етудің құндық құрылымдарының мағынасы арта түсті.
Бұл жағдайда экономикада инфляцияның төмендеуінде және олардың нарықтық жолға көшуінде, ең алдымен меншікті жекешелендірудегі ролі айрықша. Мұнда банктік жүйенің негізгі мақсаты- несиелік механизмді жетілдіру, есеп айырысуды тездету және төлем тәртібін сақтау болып табылады.
Мемлекеттік меншікке кәсіпорындарды жекешелендіруді қайта құруға банктік жүйенің ролі маңызды. Сондықтан, банктік реформаның негізгі мақсаттарының бірі- экономикалық жеке секторды құру және кәсіпорындарды жекешелендіруде демеушілік көрсету болып табылады.
Банктік жүйенің реформасы инвестициялық қорлардың ролін жоғарылату және сауықтыру банктерін құру жолымен жекешеленген кәсіпорындарды қайта құруға қолғабыс етті. Сауықтыру банкінің ролі жекешелендіру бағдарламасының негізгі мақсаты болып табылатын, тиісінше жекешеленген және көп шығынды кәсіпорындарға корпоративті жетекшілікті күшейтуге қатысты арта түседі.
Банктік жүйенің реформасы жеке кәсіпорындардың банктен несие алуын қамтамасыз етеді, жеке сектордың дамуына жәрдемін тигізеді. Осы мерзімде ол шығынды мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құруды ынталандырады [12, 39б] .
Банк ісі - қарыз капиталын жинақтаумен және оны бөлумен шұғылданатын кәсіпкерліктің ерекше түрі. Қазіргі кезде банктердің экономикадағы маңызының ерекше екендігін олардың жүргізетін 200-ден аса қызметтері мен операцияларынан көруге болады.
Қандай жүйе болмасын оның өзінің формалары мен қызметтері болатыны анық. Жалпы банктің атқаратын қызметтерін төмендегідей қарапайым жіктеуге болады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz