Мониторинг жүйесі мен ауытқуларды талдау ұйым контроллингінің негізі



М А З М Ұ Н Ы

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
АНЫҚТАМАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

1 КОНТРОЛЛИНГ БАСҚАРУ ЕСЕБІНІҢ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
1.1 Контроллингтің кәсіпорынның басқару есебіндегі алатын орны ... ... ... ... ...15
1.2 Табыстар және шығыстар контроллингінің әдістемелік тәсілдері ... ... ... ... .21

2 КӘСІПОРЫННЫҢ ТАБЫСТАР ЖӘНЕ ШЫҒЫСТАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Кәсіпорынның негізгі және негізгі емес қызметтен алынатын табыстардың есебі ... ... ..35
2.2 Кәсіпорындағы шығындардың есебін жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..38
2.3 Кәсіпорынның жиынтық пайда есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47

3 «НҰР.АЙ» ЖШС.НІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ НЕГІЗІНДЕ АУЫТҚУЛАРДЫ АНЫҚТАУ
3.2. Кәсіпорынның шығындарын бақылау және талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53
3.3. Кәсіпорынның табыстылығын бақылау және талдау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..56
3.3 Қаржылық көрсеткіштер негізінде ауытқуларды талдау ... ... ... ... ... ... ... ... 60

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .71
ҚОСЫМШАЛАР

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Шингисов К.

Мониторинг жүйесі мен ауытқуларды талдау ұйым контроллингінің негізі

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

050508 мамандығы - Есеп және аудит

Қызылорда 2011

²àçàºñòàí Ðåñïóáëèêàñû Бiëiì æ¸íå ¹ûëûì ìèíèñòðëiãi

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Қорғауға жіберілді

Есеп және аудит кафедрасының

меңгерушісі _______________А.Д.Аймағанбетова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Мониторинг жүйесі мен ауытқуларды талдау ұйым контроллингінің
негізі

050508 – мамандығы бойынша – Есеп және аудит

Орындаған Шингисов К.

Ғылыми жетекшісі Жалғасбаев Қ.

Қызылорда 2011

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Экономика факультеті
Есеп және аудит кафедрасы

Мамандығы 050508 Есеп және аудит

Бекітемін
Кафедра
меңгерушісі

________________
____ ___________
2011 ж.

Дипломдық жұмысты орындауға

ТАПСЫРМА

Студент ___________________________________ ________________________
(фамилиясы, аты, әкесінің аты)
Жұмыс тақырыбы ___________________________________ __________
___________________________________ ________________________
___________________________________ ________________________
Жоғарғы оқу орны бұйрығымен бекітілді. № ___ ________20___ ж.

Аяқталған жұмысты өткізу мерзімі ______________20___ ж.
Жұмыстың бастапқы мәліметтері:
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
__

Сызба тізімі (міндетті сызба-үлгілердің нақты
көрсетілуі)___________________________________ ______________________________
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ _______________________________

Ұсынылған негізгі әдебиеттер
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
_________________

Жұмыс бойынша кеңесшілер (оларға қатысты бөлімдер көрсетілуі керек:

Жұмыс бөлімі Кеңесшілер Мерзімі Қолы









Дипломдық жұмысты дайындау

КЕСТЕСІ

№ Өңделген сұрақтар тізімі, Ғылыми жетекшісінеЕскертулер
бөлімдер атауы ұсыну мерзімі
1 2 3 4





















Жұмыстың берілген күні ____________________________
Кафедра меңгерушісі ___________________________________ ____
(қолы) (аты-жөні)
Жұмыс жетекшісі ___________________________________ _____
(қолы) (аты-жөні)

Жұмысты орындауға тапсырма алған
студент ___________________________________ ____
(қолы)
(аты-жөні)

М А З М Ұ Н Ы

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
АНЫҚТАМАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

1 КОНТРОЛЛИНГ БАСҚАРУ ЕСЕБІНІҢ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
1. Контроллингтің кәсіпорынның басқару есебіндегі алатын
орны ... ... ... ... ...15
2. Табыстар және шығыстар контроллингінің әдістемелік
тәсілдері ... ... ... ... .21

1. КӘСІПОРЫННЫҢ ТАБЫСТАР ЖӘНЕ ШЫҒЫСТАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Кәсіпорынның негізгі және негізгі емес қызметтен алынатын табыстардың

есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
2.2 Кәсіпорындағы шығындардың есебін
жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..38
2.3 Кәсіпорынның жиынтық пайда
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 7

3 НҰР-АЙ ЖШС-НІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ НЕГІЗІНДЕ АУЫТҚУЛАРДЫ АНЫҚТАУ
3.2. Кәсіпорынның шығындарын бақылау және
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...53
3.3. Кәсіпорынның табыстылығын бақылау және
талдау ... ... ... ... ... ... ... . . ... ..56
3.3 Қаржылық көрсеткіштер негізінде ауытқуларды
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ...60

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... 71
ҚОСЫМШАЛАР

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.-Алматы: Қазақстан, 1998 ж.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі.-Алматы: Қазақстан, 1194
ж.
3. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы. Қазақстан
Республикасының 2008 жылғы 27 ақпандағы № 234 Заңы
4. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы.
Қазақстан Республикасы Салық кодексі, 2011 жылғы 10 желтоқсандағы 99-
IV Заңы
5. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. Қазақстан Республикасының
2008 жылғы 15 мамырдағы № 251 Заңы
6. Акционерлік қоғамдар туралы. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13
мамырының № 415 Заңы
7. Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер
туралы. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі № 220 Заңы
8. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары.- Алматы Корпорация
КАРАНА-ЮСАНД, 2008 ж.
9. Қаржылық есептіліктің Ұлттық №1 және №2 стандарттары. Қазақстан
Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 21 маусымдағы № 217 бұйрығы
10. Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралы. Қазақстан
Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 23 мамырдағы № 185 бұйрығы

АНЫҚТАМАЛАР

Бас бюджет (жалпы смета) – барлық ұйымның қызметін қамтитын қаржылық
құжат
Бюджет – жоспардың сандық көрінісі оның орындалуын бақылайтын құрал
және реттеу әдісі
Бюджеттендіру – кәсіпорын мен оның бөлімшелерінің қызметін басқару
әдісі
Жалпыланған смета – пайда мен залал туралы есеп берудің жобасы
Жеке өндіріс – қайталанатын немесе қайталанбайтын, кезеңдік емес
әртүрлі мөлшердегі – ірі, орташа, ұсақ бұйымдарды ұзақ кезеңмен өндіріп
шығару
Жоспарлау – болашақта жүзеге асырылуы ықтимал әрекет нұсқаларын таңдау
Икемді бюджет – ұйымның іскер белсенділігінің бірнеше баламалы
деңгейлеріне жасалатын бюджет
Контроллинг - бұл басқарудың барлық саласы мен деңгейін қамтитын
шаралар кешені арқылы көрсетілетін, ақпаратты өндеу, талдау, шаруашылық
жоспарлау және тиісті бақылау процестерін біріктіретін тәсілдердің бірі.
Қаржылық бюджет – күрделі қаржы жұмсау бюджетін, ақшалай қаражатты және
болжаулы балансты қамтитын бас бюджеттің бөлігі
Операциялық бюджет – ұйымның кіріс және шығыс баптарын бейнелеуші
қосалқы (жеке) бюджеттер (сметалар), арқылы нақтыланатын пайда мен залал
жоспарын қамтитын бас бюджеттің бөлігі
Өндіріс – мақсатты бағыттағы қызмет. Бұл қызметтің арқасында жекелеген
компоненттер пайдалы өнімге айналады.
Смета – әкімшілік қабылдайтын шешімді жүзеге асырудың қаржылық жоспары
Сметалық бақылау жүйесі – шығын метасын орындауға, нақты шығынның
сметалықтан ауытқуын анықтауға және алға қойылған мақсаттарды жүзеге
асыруға бағытталған шешімдерді әзірлеуге негізделген басқарушылық есептің
коммуникациялық желілер жүйесі; ол материалдардың,негізгі өндірістік
жұмысшылар – еңбекақысының шығындарын,өндірістік үстеме шығындарды,
коммерциялық және әкімшілік-басқару шығындарын бақылау әдісі ретінде
пайдаланылады
Үстеме шығын – кәсіпорынды басқарумен, өндірісті басқару және оған
қызмет етумен байланысты кешенді шығын
Капитал бюджеті – кәсіпорын капиталын басқару үшін бюджет жасау және
капиталдың қалыптасу көздерін анықтау мен олардың орналасуын анықтау.
Негізгі смета – бұл нақты мерзімді қамтитын сандық өлшемдегі жоспар.
Смета айларға бөлініп, жылға жасалады. Жоспарлау бойынша негізгі сметаны
қабылдау перспективалық жоспарлаудың бөлігі болып табылады.
Үйлестіру – бюджеттік жоспарлау барысында смета көмегімен ұйым
бөлімшелерінің өзара келісімге келуі.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

1. ЖШС-Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
2. АҚ- акционерлік қоғам
3. ҚҚС-Қосылған құн салығы
4.ТС-толық серіктестік
5.ҚЕХС-Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары
6.ЖЗҚ-Жинақтаушы зейнетақы қоры
7.ЖЖТ-Жылдық жиынтық табыс
8.КТС-Корпоративтік табыс салығы
9.МЕА-Материалдық емес активтер

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Экономиканың нарықтық жолмен даму барысында
кәсіпорын қызметiнiң қаржылық мәселелерi күшейе түсуде. Осыған сәйкес
кәсіпорындар мен ұйымдар басшылығының ерекше көңiлi бухгалтерлiк есептiң
ұйымдастырылуына мән берiлiп отыр. Әсiресе, елiмiзде халықаралық стандартқа
сәйкес жаңа бухгалтерлiк есеп стандартының енгiзiлуi ел экономи-касының
дамуына оң әсерiн тигiзуде. Бұл елiмiздiң қазiргi даму кезеңiнде, оның
шетел инвесторларымен қарым-қатынастарының нығаю кезеңiнде маңызды болып
саналады.
Бүгiнгi таңдағы ауқымды өзгерiстер кезеңi қоғам өмiрiнiң барлық саласын
жан-жақты қамтуда. Сол себептi қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып,
экономикалық-әлеуметтiк және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам
құруға сай экономикамызда нарықтық қатынастарға бет бұрды. Осы негiзде
әлеуметтiк, күрделi мәселелердi шешу – бүгiнгi күннiң басты талаптарының
бiрi болып саналады. Әсiресе, соңғы жылдары экономика iлiмiнде түбiрлi
өзгерiстер орын алуда. Мұның өзi қоғамдық және өндiрiстiк қатынастарда
болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестерге тiкелей байланысты. Сонымен
қатар Қазақстан Республикасының нарықтық қатынасқа өтуі барысында нарықтық
қатынас заңдарына сәйкес кәсіпорын табысын алдын ала бюджеттеу арқылы
анықтау өте маңызды орын алады.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің
орнықтылығының негізі оның табыстылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын
еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді
өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы
ресурстары жағдайын көрсетеді.
Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше
іс-әрекеттері талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда,
материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына,
яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере
алмайды. Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы
қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс
істеу келмеске кетті.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың
шаруашылықты жүргізу субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығай-тып,
олардың көптеген өндірістік пен қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол
мүмкіншілік алды. Атап айтқанда, ішкі және сыртқа рынокта білікті серікті
таңдауға қол жетті. Өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі
көбінесе осыған байланысты болды. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғары жақтың жөн
сілтеуімен емес, контрагентті қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.
Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымен
нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып,
оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады.
Сайып келгенде, зерттелінген мәселенің ғылыми және іс-тәжірибелік
маңызы зор бастамалардың бірі екенін айта аламыз.
Тақырыптық зерттелу дәрежесі. Әлемдегі көптеген экономист ғалым-дардың
еңбектерінде бюджеттеу тақырыбы, оның маңыздылығы, кәсіпорынның дамуындағы
рөлі, экономикадағы алатын орны кең және терең зерттелген. Сонымен бірге
тәжірибеде теориялық жағынан қамтылған және Батыс елдердің үлкен
тәжірибесіне негіз болған ғылыми зерттеулер жарияланып жүр. Мемлекеттің
экономикалық саласын, кәсіпорын табысын тиімді пайдалану мен жетілдіру
мәселелерін зерттеуге өз еңбектерін арнап, сол арқылы экономика ғылымына
айтарлықтай үлес қосқан төмендегідей экономика саласындағы оқымысты-
ғалымдардың классикалық және қазіргі уақыттағы еңбектерінде көрсетілген
тұжырымдамаларын айтуға болады. Олар қазақстандық В.К.Радостовец,
С.С.Сатыбалдин, К.Ш.Дюсембаев, К.К.Кеулімжаев, М.С.Ержанов,
Ф.С.Сейдахметова, А.Байдақов, Э.Нұрсеитов, К.Т.Тайғашинова, Ж.Н.Айтжанова,
Р.Е.Джаншанло, М.У.Жандаулетова және тағы басқалар.
Аталмыш тақырып шетелдік әдебиеттерде терең зерттелген. Ф. Вуд,
Э.С.Хендриксен, М. Ф. Ван Бреда, М.Р. Мэтьюс, М.X.Б. Перера, Б.Нидлз,
Д.Миддлтон, Н.Г. Волков, Г.Мюллер, Ж.Ришар, А.Д.Шеремет, В.В.Ковалев,
П.С.Безрукий, Е.Н. Домбровская, Р.Г. Каспина, А.С. Логинов, Л.И. Куликов,
М.И. Кутер, В.Д. Новодворский, В.Ф. Палий, Е.В. Самойлов, Я.В. Соколов,
А.К.Гоголев, Е.А.Мизиковский, Н.А.Прокофьева, Р.С.Ушаков, Е.Стоянова,
Д.А.Ендовицкий,М.В.Новикова, О.В.Ефимова, А.В.Суворов, В.М.Родионова,
С.А.Николаева, Г.А.Шакирова, Е.Ф.Никитская және басқалардың еңбек-терінде
қарастырылған.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасындағы
кәсіпорындарда жүргізілетін бухгалтерлік есепті заңдық негіздерге сүйене
отырып ұйымдастыру тәртібін жетілдіру.
Осыған орай, Нұр-Ай Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде шығыстар
есебін, өнімнің өзіндік құнын жүзеге асырудың ақпараттық базасы зерттеудің
объектісіне алынған.
Нұр-Ай Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі Қазақстан Респуб-
ликасының Азаматтық Кодексі, Қазақстан Республикасының Жауапкершілігі
шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңы және
басқада заңдарға сәйкес құрылған. Серіктестік құрамында 50 адамы бар жылдық
орташа активтік көрсеткіші алпыс мың есептік көрсеткіштен кем емес шағын
кәсіпкерлік субъекті болып табылады. Серіктестік Қазақстан Республикасының
Әділет Министрлігінде заңды тұлға ретінде тіркелген (2003 ж. 3 шілдесінде
берілген №1792-1901-ЖШС куәлігі) Серіктестік ойын және шоу бизнесімен
айналысуға құқысыз.
Серіктестіктің өзінің жеке балансы, банк мекемелерінде, басқада несие
қаржы мекемелерінде есеп шоттары, дөңгелек мөрі, фирмалық бланкісі бар.
Кәсіпорынның жеке меншік құқығындағы оқшауланған мүлкі бар және сол
мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап береді, сотта талап етуші және
жауапкер бола алады. Өзінің даму мүддесі үшін және басқа да шаруашылық
субъектілермен қарым-қатынас жасау үшін серіктестік басқа заңды және жеке
тұлғалармен келісім-шарт жасай алады.
Кәсіпорын өз қызметін жүзеге асыру барысында ҚР Конституциясын және
басқа заң актілерін, Қазақстан Республикасының Жауапкершілігі шектеулі
және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңын, сонымен бірге
өз Жарғысын басшылыққа алады. Серіктестік біріккен кәсіпорындар құруға сол
сияқты Қазақстан Республикасы аумағында және шет елдерде құрылымдық
бөлімшелер құруға құқықты [3] .
Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымына келетін болсақ, оның:
жоғарғы органы-құрылтайшысы, Атқарушы органы-директор болып табылады.
Құрылтайшының құзырына мыналар жатады:
- серіктестіктің жарғысын өзгерту, жарғы капиталының мөлшерін
белгілеу;
- серіктестіктің атқарушы органын құру және оның құзырын
уақытынан бұрын тоқтату;
- серіктестіктің қадағалау кеңесі мен тексеру комиссиясын
сайлау және құзыретін уақытынан бұрын тоқтату сол сияқты
есептермен серіктестіктің тексеру комиссиясының
қорытындысын бекіту;
- жылдық қаржылық есебін бекіту және таза пайданы бөлу;
- серіктестіктің ішкі қызметтерін реттейтін құжаттарды
қабылдау және оның процедураларын, ішкі ережені бекіту;
- серіктестіктің басқа шаруашылық серіктестіктеріне қатысуын,
сол сияқты коммерциялық емес ұйымдарға қатынасын шешу;
- серіктестікті тарату мен қайта құрылуы туралы шешу.
Серіктестіктің атқарушысы болып серіктестікке қатысушы ретіндегі
директор болып табылады. Директор құрылтайшының құзыретіндегі істерден
басқа барлық қызмет мәселелерін шешеді және құрылтайшыға есеп береді, оның
шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады. Директор серіктестіктің
құрылтайшысынан берілген құзырет шегінде әрекет етеді және серіктестік
қызметтері үшін міндеттемелерге ие болады.
Серіктестіктің қызмет мақсаты Қазақстан Республикасының серіктес-тікке
қатысушылардың мүдделері үшін шаруашылық, кәсіпкерлік қызмет-терін
біріктіре отырып жүзеге асыру болып табылады.
Серіктестік өз мақсаттарына сәйкес өз қызмет түрлерін мынадай
бағыттарда жүзеге асырады:
-Құрылыс қызметтері
-Көліктік-экспедиторлық қызмет ету жүк тасымалы
-Сауда-саттық, делдалдық қызмет көрсету
Бұл тізім заң актілерімен белгіленген, басқа да қызмет түрлерін
серіктестік берілген лицензия жүзінде жүзеге асыра алады.
Осыған қарап біден кәсіпорын мүлік жағдайына оң немсе теріс деп баға
беруге болмайды, ол үшін активтердің ішкі құрылымын қарастыру керек.
Нұр-Ай жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің технико-экономикалық
көрсеткіштерін талдайтын болсақ, онда біз 2010 жылдың біршама негізгі
көрсеткіштері 2009 жылмен салыстырғанда кемігенін байқаймыз (А қосымшасы).
Атап айтқанда, өнімді (қызмет көрсету мен жұмыс) сатудан түскен табыс
2009 жылы 170005412 теңгені құраса, сол көрсеткіш 2010 жылы 226613357
теңгені құрап, 56607945 теңгеге көбейген. Өнімді (қызмет көрсету мен жұмыс)
сатуға жұмсалған шығын да көрсетілген жылдар бойынша тиісінше 11850632
теңгеге көбейген. Кәсіпорынның жиынтық табысы да 2009 жылы 511367 теңгені
құрап, 2010 жылы 520000 теңгені құрап 9000 жиынтық табыс көбейген.
Қысқа мерзімді актив ішінде қатты өзгеріске түсіп отырған баптар қысқа
мерзімді дебиторлық берешек пен Тауарлы материалдық қорлар. Тауарлы
материалдық қорлардың үлесі аса қатты жоғарламасада, абсолютті көлемі 2
еседей өскен. Тауарлы материалдық құндылықтардың былай жоғарлауы кәсіпорын
қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін жағымды факторы деп атауға
болады, бірақ Тауарлы материалдық құндылықтардың өсуі айналымдылықтын
бәсеңдеуіне әкелмеуі тиіс. Яғни кәсіпорын Тауарлы материалдық қорлар
құрамында қолданыссыз жатып қалуы мүмкін қорлардың болмауы қадағалауы
тиіс.
Дебиторлық берешектердің абсолютті де үлестік те салмағы күрт өсіп
отыр. Егер 2008 жылы дебиторлық берешек кәсіпорында болмаса (балансы теріс
таңбамен берілгендікпен, ол кредиторлық берешекке жатады) 2009 жылы
берешектер көлемі 34 млн-ға жетіп отыр. Бұл да кәсіпорын үшін оңтайлы
жағдай емес. Өйткені кәсіпорын қаражаты өз қолында емес айналымнан шығып
отыр. Тағы бір қауіпті жағы бұл берешектердің ішгінде күмәнді немесе
үмітсіз берешектер болу мүмкіндігі.
Салықтық активтер қарастырып отырған жылдарда төмендеуі, яғни
кәсіпорын алдын ала төлеу көлемін азайтып отыр. Бірақ 2009 жылы киінге
қалдырылған салықтық активтер пайда болған. Материалдық емес активтердің
2009 жылы болмауы өткен жылғы баланста тұрған активтердің пайдалы қызмет
мерзімі біткендіктен есептен шығарылуы мен түсіндіріледі.
Кәсіпорын активтерін құралу көздері әр түрлі болуы мүмкін: меншікті
немесе заемдық. Сондықтан, талдау барысында кәсіпорынның активтер құралымен
ғана танысып қоймай, олардың қандай көздерден құралғаның қарастырудың да
маңызы зор. Активтер құралу көздері баланстың пассив жағында беріледі.
Зерттеліп отырған кәсіпорын бойынша құралу көздерінің құрамы берілген.
Мәліметтер бойынша активтерді қалыптастырудың негізгі көзі ретінде
меншікті капиталды айтуға болады. Себебі оның абсолютті және қатынасты
өсімі байқалады. Абсолютті мөлшермен алғанда 1160,9 % -ға немесе 3274
теңгеге өсті. Өз кезегінде қысқа мерзімді міндеттемелер 24,37 %-ға
өскенімен басқа да міндетті төлемдер бойынша міндеттемелер төмендегені
байқалады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: бухгалтерлік есепте өндірістік шығындарды
талдау арқылы кәсіпорында бюджеттеуді ұйымдастырудың теориялық және
әдістемелік ережесін анықтап, оның экономикалық категория ретінде мазмұнын,
мақсатын және мүдделі міндет-терін ашу үшін әдебиет көздерін зерттеу және
мәліметтер мен деректерді, заңнамаларды елеу негізінде, шығыстар есебін
жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
– кәсіпорында контроллингтің мәні мен маңызы зерттелді;
– контроллингтің кәсіпорынның басқару есебіндегі алатын орны;
– табыстар және шығыстар контроллингінің әдістемелік тәсілдері;
– кәсіпорынның негізгі және негізгі емес қызметтен алынатын табыстардың
есебі;
– кәсіпорынның жиынтық пайда есебі қарастырылды;
– кәсіпорынның шығындарын бақылау және талданды;
– кәсіпорынның табыстылығын бақылау және талданды;
– қаржылық көрсеткіштер негізінде ауытқулары талданды;
– кәсіпорын шығындарының жіктелуі қарастырылды;
– қосалқы өндірістік шығыстардың жіктелуі қарастырылды;
– үстеме шығыстардың жіктелуі қарастырылды;
– шығындарды талдау қарастырылады;
– Нұр-Ай ЖШС қызметінің экономикалық-ұйымдастыру сипаты берілді;
– кәсіпорынның шығыстар есебі мен аудиті жетілдіру жолдары ұсынылды.
Зерттеудің ақпараттық базасы: отандық және шетелдік авторлардың
монографиялық және периодикалық әдебиетімен қатар бухгалтерлік есепке
қатысты қабылданған қазақстандық заңдар мен заңнамалық актілер дипломдық
жұмыстың ақпараттық базасын құрайды.
Зерттеудің теориялық және тәжірибелік құндылығы. Дипломдық жұмыстың
теориялық мәні мен оның нәтижелері өндірістік кәсіпорында табыс есебін
ұйымдастыру бойынша, бухгалтерлік есептің жүйесін қалыптастырудың теориялық
және әдістемелік базасын кеңейтеді және тереңдетеді. Тәжірибелік
ұсыныстарды жоғарғы оқу орындарында кәсіптік білім беру қызметінің аймақтық
нарығында қолдануға болады.
Зерттеу пәні –басқару есебінің құралы контроллингті кәсіпорын шығындары
мен табыстарын бақылауда қолдану әдістерін қарастыру .
Зерттеу жұмысының құндылығы: жұмыстың негізгі ғылыми түйіндері мен оның
ұсыныстары және алынған нәтижелері тек зерттеуге алынған объектілерде
енгізіліп қалмай, Қазақстан Республикасы бойынша есеп саласының барлық
бухгалтерлік жүйесіне енгізілудегі стратегиялық мақсаты бар деп танылды.
Сонымен қатар өндірістік кәсіпорнында бухалтерлік есепті ұйымдастыру
бойынша теориялық және әдістемелік базаны кеңейтеді және тереңдетеді.
Тәжірибелік ұсыныстарды жоғарғы оқу орындарында кәсіптік білім беру
қызметінің аймақтық нарығында қолдануға болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен,
қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің
атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және
міндеттеріне сәйкес келеді.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделіп, зерттеудің мақсаты, мен
міндеттері, зерттелу дәрежесі мен әдіснамалық негізі, зерттеу объектісі
тәжірибелік құндылығы көрсетіліп қорғауға ұсынылатын қағидалары баяндалды.
Бірінші тарауда, кез келген ғылыми зерттеу оның теориялық негіздерінен
бастау алатындықтан бізде зерттеу жұмысымыздың бірінші тарауын Контроллинг
басқару есебінің құралы ретінде деп атап, контроллинг туралы жалпы
түсінік бере отырып, оны реттеу механизмдерін қарастырамыз.
Екінші тарау Кәсіпорынның табыстар және шығыстар есебін ұйымдастыру
деп аталады. Онда Нұр-Ай жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
мысалында табыстар және шығыстар есебін ұйымдастырамыз.
Үшінші тарауда, шығыстар есебі аудитінің бағдарламасы анықталып
кәсіпорынның шығыстар есебі мен аудиті және оны жетілдіру жолдары
қарастырылатын болғандықтан да бұл тарау Нұр-ай ЖШС-нің қаржылық жағдайын
талдау негізінде ауытқуларды анықтау деп аталады. Қорытындыда дипломдық
жұмыстың нәтижесі негізінде әзірленген тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.

1 КОНТРОЛЛИНГ БАСҚАРУ ЕСЕБІНІҢ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

1.1 Контроллингтің кәсіпорынның басқару есебіндегі алатын орны

Кәсіпорынның басқару жүйелерінің жетілдірілуіне байланысты арнайы
әдебиетте және өмірде контроллинг(басқару дегенді білдіреді) ұғымы жиі-
жиі кездесе бастады. Бұл басқарудың барлық саласы мен деңгейін қамтитын
шаралар кешені арқылы көрсетілетін, ақпаратты өндеу, талдау, шаруашылық
жоспарлау және тиісті бақылау процестерін біріктіретін тәсілдердің бірі.
Кәсіпкердің, маманның, ақпаратты ішкі пайдаланушының қай-қайсысына қажетті
ақпараттық база қалыптастыратын негізде шот жүргізу контроллингтің іргетасы
болып қызмет етеді.
Контроллингті енгізерде шот қызметкерлерінің, басқару құрамының
кәсіпкерлердің ділін ескеру керек. Кәсіпорында контроллинг бойынша
жекелеген бөлімшенің бар екендігі қолайлы құрылым болып табылады.
Контроллингті бақылаумен және тексерумен теңестіруге болмайды.
Контроллинг жүйесінде есеп пен шығындарды, шаруашылық және қаржылық
қызмет нәтижелерін жолдау мәселелерімен айналысатын оралымды бақылау көзге
айқын түседі.
Басқару есебінің объектілері ұйым мен оның бөлімшелерінің шаруашылық
қызметінің қорытындылары мен шығындары; баға белгілеу, бюджеттей және ішкі
есеп беру болып табылады.
Құнды қағаздармен қаржылық операциялар, мүлікті сату мен сатып алу,
жол және лизинг операциялары, еншілес және тәуелді қоғамдарға инвестициялар
және т.с.с. басқару есебінің шеңберінен шығады.
Бұрын атап көрсетілгендей, басқару есебінің өрісі - есеп беру
орталықтарының (ұйым сегментінің) өндірістік іс-әрекеті, сондықтан басқару
есебін кейде жауапкершілік орталықтары жөніндегі есеп немесе сегменттік
есеп деп те атайды.
Сегменттік есеп - ұйымның жеке құрылымдық бөлімшелерінің қызметі
туралы ақпаратты жинау, көрсету және жинақты қорыту жүйесі.
Сегменттік есептің ақпараты фирмашілік басқаруда, сегменттік есепті
құрастыруда, басқарудың әр түрлі деңгейіндегі шығындар мен нәтижелері
басқарушылық бақылау жүйесін құру, сондай-ақ қабылданған шешімдерді
орындауды бақылау үшін қолданылады.
Басқарушылық бақылау жеке құрылымдық бөлімшелер бойынша кірістер мен
шығыстарды реттеу мен бақылау үшін менеджерлер қолданатын ережелер мен
олардың бірқатарын өзіне алады. Сегменттік есептің нақты мәліметтері мен
жоспарды экономикалық талдау негізінде олар жауапкершілік орталықтарының
қызмет нәтижелерін өлшейді және жоспарланған көрсеткіштерге мәліметтері
сәйкес келетіндігі анықтайды.
Ұйымның басқарушылық бақылауы мен сегменттік жоспарлау, есеп пен есеп
берушілік өзара байланысы төмендегі суретте көрсетілген.
Басқарушылық бақылау жүйесін ұйымдастыруда сегменттік жоспарлау -
құрылымдық бөлімшелер үшін смета (бюджеттердің) әзірлеу қалыптасу негізі
болып қызмет етеді. Басқаша айтсақ сегменттік жоспарлау басқарушылық
бақылауды ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігінің бірі болып
табылады. Басқа екі құрамдас бөлігі болып сегменттік есеп пен сегменттік
есеп берушілік шығады.
Ақпаратпен қамтамасыз ету - жүйелі, уақтылы, сыйымды, нысаны мен
қабылдануы қарапайым және берілген бөлімшелердің іс-әрекеті барысын
жоспарлау мен бақылау үшін менеджерлер қолданатын, қаржылық және қаржылық
емес ақпаратты жинау, өңдеу мен беру.
Сегменттік жоспарлау, есептеу мен есеп беруді жүргізу бухгалтер -
жолдаушының қызметтік міндеттеріне кіреді.
Кәсіпорынның ақпараттық жүйесіндегі басқару есебінің объектілері
көрсетілетін әр түрлі әдістер мен амалдар басқару есебінің тәсілдері деп
аталады. Ол мынадай элементтерден тұрады.
Құжаттама – кәсіпорынның өндірістік қызметін жеткілікті дәрежеде толық
көрсететін алғашқы құжаттар мен ақпараттық машиналық атқарушылары.
Кәсіпорын ерекшелігіне сәйкес бастапқы есеп қаржылық және басқару есебіне
арналған ақпараттың негізгі көзі болып табылады.
Түгендеу - объектінің іс жүзіндегі жағдайын, сондай-ақ есептік
мәліметтерден ауытқушылықты, есепке алынбаған құндылықтарды, шығындарды,
кем шығуды, ұрлықты анықтау тәсілі.
Топтастыру мен жинақтап қорыту, бақылаушы шоттарды пайдалану - белгілі
бір белгілер бойынша объекті туралы ақпаратты жинақтауға және жүйелендіруге
мүмкіндік беретін тәсіл. Топтастырылған ақпарат іс-әрекет нәтижелерін
бағалау мен шұғыл және стратегиялық шешімдер кабылдау үшін тиімді
пайдаланады.
Бақылаушы шоттар - сол кезең операцияларының жиынтық сомасы бойынша
жазбалар жасалатын жиынтық шоттар. Бақылаушы шоттар жүйесі қаржылық жэне
басқару есебі арасын байланыстыратын буын болып шығады және есептік
жазбалардың толықтығы мен дұрыстығын анықтауға жол ашады.
Мөлшерлеу (нормалау) - ресурстардың барлық түрлерін тиімді пайдалану
мен шығындарды өнімге айналдыратын ең өнімді жолдарды іздестіруді
қамтамасыз ететін оңтайлы нормалар мен нормативтерді ғылыми негізделген
есептеу процесі. Мөлшерлеусіз қорлар мен іс жүзіндегі шығындар жағдайын
бақылау мен басқару есебі жүйесін ұйымдастыру мүмкін емес. Мөлшерлер
бақылау жүйесінің негізгі ретінде жауапкершілік, азық-түлік және
операциялар орталықтары бойынша жіктеледі және топтастырылады.
Ынталандыру - кәсіпорының мақсаты мен міндеттерін анықтауға, осы
мақсаттарға сәйкес шешімдер қабылдауға жетелейтін өндірістік процеске
қатысушылардың дәлелдеу (мотивация) құралы. Бұл ретте сметалар мен оларды
орындау туралы атқару есептері алға шығады.
Сметаларда теңгерімдірілген жоспарлық көрсеткіш болады және олар
менеджерлерді кәсіпорын қызметінің түпкілікті мақсаттарын орындауға
бейімдейді. Атқару есептері жоспарланғандарға қатысты нақты нәтижелерді
түзетудің негізділігін дәлелдейді және кәсіпорын жеке құралын болашақта
болуы ықтимал мәселелерді анықтауға не болмаса ауытқушылықтарды жою
жөніндегі шараларды қабылдауға ынталандырады. Ішкі есеп беру менеджерлер
жүзеге асыратын бақылау мен реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру үшін негіз
жасайды.
Жоспарлау - кәсіпорын мүмкіншіліктерін нарық жағдайына сәйкестікке
келтіруге бағытталған үздіксіз циклды процесс.
Жоспарлау шаруашылық іс-әрекетінің нәтижелеріне талдау мен
статистикалық зерттеуге негізделген кезде ғана тиімді. Талдау басқару
есебінің мақсаттарына сай топтасып, өңделген ақпарат мәліметтері бойынша
жүргізіледі.
Лимиттеу - қор мен шығындар мөлшері жүйесіне негізделген материалдық
шығындарды бақылаудың бірінші дәрежесі. Лимит - технологиялық құжаттамамен
белгіленген және өнім өндірудің нақтылы ассортиментіне негізделіп, әрбір
өндірістік бөлімшенің өндірістік бағдарламасымен жоспарланған өнім
бірлігіне арналған ресурстарды жұмсау мөлшері.
Лимиттеу жүйесі - цехқа материалдар босату лимиті есебінен ғана емес,
есептік және бақылау операцияларынан да құралуы тиіс. Сондықтан басқару
есебінде лимиттеуге материалдың шығыстарды қалыптастыруға белсенді әсер
етуге мүмкіндік беретін оперативті ақпарат рөлін береді.
Талдау - басқару есебі тәсілінің бұл элементі арнайы ерекшеліктеріне
қарай іс жүзінде оның барлық құрдастарымен өзара әрекеттеседі. Талдауға
барлық кәсіпорынның да, жеке бөлімшелердің де, экономикалық көрсеткіштермен
көрсетілген өндірістік қызметі тартылады.
Көрсеткіштерді таңдау басқару жүйесінің мақсаттары мен мүмкіншіліктері
анықталады. Талдау процесінде белгіленген жоспарлы тапсырмаларды орындау,
тиісті басқару шешімдерін қабылдау үшін өндіріс нәтижелерін өзгертуді
тудырған ауытқушылық пен себептер бойынша бөлімшелер арасындағы өзара
тәуелділік пен өзара байланыс айқындалады.
Бақылау - пайда болған ауытқуларды ашу мен жоюға мүмкіндік беретін,
кәсіпорын қызметін бұрын белгіленген тапсырмаларды орындауға бағыттайтын
жоспарлау мен талдауды аяқтау процесі.
Басқару есебінің ақпараты оперативті басқаруда бухгалтерлік
мәліметтермен нығайтылады және кейде толықтырады. Өз кезегінде қаржылық
есеп мәліметтері жан-жақты қарастырылады; басқару есебінен түсетін
ақпаратпен толықтырылады.
Бағалау - шешім қабылдаудың барлық жүйесін талдаудың соңғы процесі;
қойылған мақсатқа (кері байланыс) жету анықталады; ауытқу себептері:
жоспарлау кемшіліктері; оперативті шешімдер санын көбейтуге әкелген іс-
қимылдың қолайсыз жақ-тары; бақылау жүйесінің басқару талаптарына
сәйкессіздігі; қате мақсатты таңдау айқындалады.
Тәсілдің барлық элементтері бір-бірінен алшақ емес, басқару
міндеттерін шешуге бағытталған ішкі шаруашылық байланыстарын ұйымдастыру
жүйесінде әрекет етеді.
Бухгалтерлік басқару есебінде қолданылатын тәсілдер сан алуан:
- бухгалтерлік қаржылық есептің жұмыс әдістері (шоттар мен екі
жақты жазу, түгендеу мен құжаттама, байланысты қорыту мен есеп беру);
- индекстік тәсіл (статистикада қолданылады);
- экономикалық талдау әдістері (нормативті, тізбекті ұластыру және
т.б.)
- математикалық тәсілдер (корреляция, желілі бағдарламалау, ең аз
шаршы әдісі және т.б.)
Олардың барлығы біртүтас жүйеге бірігіп - іріктеледі және кәсіпорынды
басқару мақсатында қолданылады.
Қаржылық есеп пайданы анықтау үшін шығындарды кірістермен салыстыруды
көздейді. Үлкен ассортиментті тауарлар шығаратын немесе көп өндірістік
жұмыс тізбесі бар кәсіпорындағы әрбір орындаған жұмыстың құнын бағалағанда
әрбір орындалған жұмыстың құнын ескеру қажет. Жасалған жұмыстардың, өндіріс
сатысындағы жұмыстың құнынан және пайдаланылмаған шикізат құнынан құралатын
жалпы сома ағымдағы кезең шығындарының сомасынан шегерілуге тиісті пайданы
анықтағанда, өнім қорының құнын бағалау үшін негіз болады. Бұл жалпы сома
балансқа енгізу үшін өнім қоры құнын есептегенде де негіз болып қызмет
етеді. Сондықтан құн жасалған жұмыстың немесе өнімнің әрбір түрі бойынша
есептеледі, осылайша, қаржылық есептері жасау үшін қажет ақпарат
дайындалады. Өндірістік есеп (өндірістік шығын есебі) жүйесі осындай
ақпаратты дайындау мен беру үшін құрылған болатын.
Өндірістік есеп мәліметтеріне 1950 жылдары сыртқы пайдаланушылар емес,
көбіне ішкі пайдаланушылар қызығушылық танытатын. Кәсіпорын басшылығы үшін
өндірістік шығындар жайлы мәліметтерді жинақтау нәтижесінде басқару есебі
жүйесі пайда болған қаржылық есеп жүйесінен гөрі басқа принцип бойынша
жүзеге аса бастауға себепті болды.
1972 жыл бухгалтерлік есептің қаржылық және басқару болып ресми
бөлінуін жария етті. Бухгалтерлердің американдық ассоциациясы түлектеріне
бухгалтер - талдаушы мамандығын беріп, басқарма есебі бойынша диплом алу
бағдарламасын әзірледі.
Басқару есебі ұйымның өз шегіндегі басқару үшін қажетті есептік
ақпараттың барлық түрін қамтиды. Басқару есебінің жалпы өрісінің бөлігін
өнім бірлігінен түсетін түсім мен өндіріске жұмсалған шығындарды анықтау
мақсатымен бұрын дамыған өндірістік есеп алады. Өндірістік есеп қазіргі
заманғы жағдайларда өндіріс шығындары есебін алдын-ала болжап қана қоймай,
үнем туралы мәліметтерді немесе өткен кезеңдердегі мәліметтер немесе
болжамдарды, стандарттармен салыстырғанда артық жұмсауды талдауды және
шығындарды азайтудың мүмкін болатын резервтерін айқындауды көздейді.
Қазіргі өндірістік есеп үшін шығындардың түрлері; пайда болу орындары;
шығарушылар бойынша есептеу негіз болып кызмет етеді.
Түрлері бойынша шығындар есебі есепті кезеңде өнім өндіру (жұмыс
орындау, қызмет көрсету) процесінде кәсіпорында шығындардың қандай тобы
пайда болғанын көрсетеді.
Шығындарды пайда болған орны бойынша есептеу олар жасалған
кәсіпорынның жеке бөлімшелері (жауапкершілік орталығы) арасында бөлуге
мүмкіндік береді.
Шығынды шығарушылар бойынша есептеу қайсыбір нақтылы өнім бірлігін
өндіруге немесе белгілі бір тапсырысты орындауға байланысты барлық
шығындарды анықтауды көздейді.
Осылайша, бірлігінің өзіндік құнын, оған түсетін пайда мен тиімділік
деңгейін өндірістік есеп аясында ғана есептеуге болады.
Уақыт өте келе кәсіпорынды басқару процесі міндеттерді қою тұрғысынан
да, оларды шешу жағынан да елеулі өзгерістерге ұшырады. Қазіргі уақытта
өндірістік есеп аясы тар мақсат емес. Оның ақпараты жедел өндірістік
шешімдер қабылдау үшін менеджерге керек.
Бухгалтерлік басқару есебіне өндірістік есеп пен қаржылық есептің
бөлігі (өнім өндірісіне жұмсалған шығын туралы есепті жасау бойынша)
кіреді.
Сонымен, басқару есебінің негізгі мақсаттары мен міндеттерін осылайша
тұжырымдауға болады:
- шығындар мен кірістердің біріккен есеп жүйесін құру;
- шығындарды мөлшерлеу (нормалау);
- шығындарды жоспарлау, бақылау және талдау;
- бюджеттей;
- баға белгілеу үшін негізді қамтамасыз ету;
- жедел басқару шешімдерін қабылдауда қаржылық менеджерлерге
ақпараттық көмек беру;
- кәсіпорын қызметінің және жауапкершілік орталығының экономикалық
шешімділігін бақылау, жоспарлау және болжау;
- кәсіпорын дамуының ең тиімді жолдарын таңдау.
Кәсіпорынның басқару жүйелерінің жетілдірілуіне байланысты арнайы
әдебиетте және өмірде "контроллинг,' (басқару дегенді білдіреді) ұғымы жиі-
жиі кездесе бастады. Бұл басқарудың барлық саласы мен деңгейін қамтитын
шаралар кешені арқылы көрсетілетін, ақпаратты өндеу, талдау, шаруашылық
жоспарлау және тиісті бақылау процестерін біріктіретін тәсілдердің бірі.
Кәсіпкердің, маманның, ақпаратты ішкі пайдаланушының қай-қайсысына қажетті
ақпараттық база қалыптастыратын негізде шот жүргізу контроллингтің іргетасы
болып қызмет етеді.
Контроллингті енгізерде шот қызметкерлерінің, басқару құрамының
кәсіпкерлердің ділін ескеру керек. Кәсіпорында контроллинг бойынша
жекелеген бөлімшенің бар екендігі қолайлы құрылым болып табылады.
Контроллингті бақылаумен және тексерумен теңестіруге болмайды.
Контроллинг жүйесінде есеп пен шығындарды, шаруашылық және қаржылық
қызмет нәтижелерін жолдау мәселелерімен айналысатын оралымды бақылау көзге
айқын түседі.
Талдау бухгалтерлік есеп беру мәліметтеріне негізделеді. Жоспарлы
қызмет статистикалық есептерді; көрсеткіштердің нақты мәнін салыстыратын
қорытындылар мен жоспарлы мәліметтер ұсынылады. Тексерушінің міндеті -
талдау негізінде өндіріс пен өткізудің пайдалылығын (рентабельділігін)
ұлғайту мен шығындарды қысқарту жөнінде басшыға ұсыныс жасау.
Күрделі өндірісте контроллинг технологиялық тізбек бойынша бөлінеді.
Осылайша, еншілес кәсіпорындар барда оралымды басқарудың міндеті іс -
кызметінің түпкілікті қаржылық қорытындылары үшін жауапкершілік еншілес
кәсіпорындарға жіберілмеуі; ал пайда ішкі бөлімшелер (ішкі шаруашылық есеп)
бойынша бөлінеді. Шығындар орталығының қарауында ақша түсімдері,
инвестициялар және бөлімшелер өздерінің іс-әрекетімен бас кәсіпорынның
стратегиялық міндеттерінен бөлектенетіндіктен, кәсіпорынның стратегиялық
мақсаттарын бақылау болады.
Контроллинг жауапкершілік орталықтары бөлімшелердің өндірістік өткізу
шығындарын талдаудан басталады.
Бухгалтер - тексеруші жаңа инвестициялар, жаңа тауарлар мен бұйымдарды
сатып алу мен өндіру; өндірістік ассортиментті құрылымды қалыптастыру,
бағаларды негіздеу сияқты көптеген басқару шешімдерін қабылдауға "вето"
салу құқығына ие.
Басшыға ақпарат, қаржылық жоспардың (бюджет) елеулі көрсеткіштері мен
берілген мақсатты жүзеге асыруға арналған шараларды әзірлеуге маңызды көңіл
бөлінеді.
Контроллинг - кәсіпорынның түпкілікті мақсатын жүзеге асыратын
процесті бақылау. "Контроллинг" - өте кең ұғым. Ол тек кәсіпорынның ғана
емес, бизнестің де іс-әрекетін реттеуші түрінде алға шығады, сондықтан
арнайы ерекшеленген міндетті іс - қызмет саясын атқарады:
- ақпараттық - шешімдерді қабылдау мен оны үйлестірудің
методологиясын қамтамасыз ететін ақпарат қалыптасады;
- басқарушылық – кәсіпорынның түпкілікті мақсатына жету міндеттері
мен әдіс-тәсілдерін үйлестіру үшін қолданылатын, кәсіпорын мен оның
құрылымдық бөлімшелері бойынша анықталған ауытқулар, нормативтік, жоспарлық
және нақты мәліметтер жиналады;
- бақылаушылық – кәсіпорын мен оның бөлімшелерінің жұмысының
үнемділігіне бақылау жүргізеді.
Контроллингтің міндетті іс - қызмет саясы оның басқару есебі мен
тексеруден айрықшалықтарын айқындауға мүмкіндік береді. Басқару есебінің
барлық құрамдас бөліктері өзара байланысты, оларда түзілетін ақпарат
кәсіпорындағы және тұтастай басқару жүйесіндегі басқару есебін жетілдіру
мен ұйымдастыру деңгейін сипаттайды.
Осылайша кәсіпорынды басқаруға қажетті барлық ақпаратты бухгалтерлер
дайындайды, ал мұнымен байланысты кәсіби қызмет контроллинг деп аталады.
Бұған кәсіпорынның есеп беруін, қаржылық көрсеткіштерді талдау жасау
бойынша жұмыс, жоспарлы жұмыс, сондай-ақ кәсіпорын қызметін бақылаумен
байланысатының бәрі кіреді.
Әр түрлі мемлекеттердің экономикалық кеңістігінің қосылуы салдарынан
"басқару есебі", "өндірістік есеп", "контроллинг" сияқты ұғымдар мен,
терминдерді әр қилы түсіндіру проблемасы пайда болды. Басқару тәсілдері
сомасындағы бір елдің мамандарының да олардың мәні жайлы көзқарастары
бірдей болмауы мүмкін. Осыған байланысты ұғымдар мен терминдерді ұлттық
негізінен ажыратуға болмайды. Басқару есебі, өндірістік есеп немесе
контроллинг жайлы әр елде, әр түрлі құбылысты бір терминмен атауы мүмкін
болғандықтан, оларды қайсыбір есептік жүйеге жатқызбай тұрып, айту қиын.
Нарықтық қатынастардың шапшаң дамыған кезінде басқарудың рөлі өседі;
өйткені оның құрылымы мен тәсілдерінде сапалық өзгерістер жасауды талап
етеді. Есеп, талдау, мөлшерлеу, жоспарлау мен бақылаудың дәстүрлі
тәсілдерін ақпаратты алу, өндеу және шешімдерді қабылдаудың бірыңғай
жүйенің кірігу процесі өте тез жүруде. Кәсіпорынды басқаратын жүйе ағымдағы
мақсаты пайда алу ғана емес, стратегиялық міндеттерді шешуге де
бейімделген. Жұмысты басқаратындардың тар ауқымды, ортодоксальды ойлауы
емес, жүйелі, кешенді тәсіл басым болатын жүйе қалыптасады. АҚШ-та бұл
әділетті (объективті) тенденциялар мен процестер негізінде басқару есебі
ретінде белгіленеді, бұл елдегі контроллинг кейіннен кеңінен қарастырылуы,
ал басқару есебі контроллингтің құрамдас жүйесіне кіруі мүмкін екендігін де
естен шығаруға болмайды.
Неміс кәсіпорындарын басқару теориясы мен практикасында басқару есебі
ұғымы жоқ. Бухгалтерия қаржылық және өндірістік болып анық бөлінеді.
"Контроллинг" терминін немістер ағылшын тілінен алып, онымен кәсіпорынды
басқарудағы сапалық жаңа құбылысты белгіледі.
Осылайша, басқару есебі нарықтық процестерді дамыту мен тереңдету
нәтижесінде кәсіпорын мен фирманың практикалық қызметінің элементі ретінде
пайда болды. Ол кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін оңтайландыру мақсатымен
басқарманың объектілері шамасындағы шығындарды талдау, жоспарлау, есептеу
жүйесін білдіреді.
Басқару есебі жинау, тіркеу және ақпаратты жинақтап қорыту жүйесі
сөзінің тар мағынасындағы есебі болып табылмайды. Бұл - бәрінен бұрын әр
түрлі жүйе бөліктері мен тәсілдерді біртүтас мақсатқа жету үшін
жұмылдыратын кәсіпорынның басқару жүйесі.
Мұндай жүйе бөлігін басқару есебі, пайда басқармасы немесе контроллинг
деп атауға болады.

1.2 Табыстар және шығыстар контроллингінің әдістемелік тәсілдері

Қазіргі уақытта қолданыстағы Қазақстан Республикасындағы нормативтік
актілерде ұйымдардың табыстары мен шығындары әртүрлі жіктеледі. Алайда,
нормаларды жазу кезінде негізінен басқа да міндеттер қойылатындықтан,
қандай да бір амалмен бұл жіктелімдерді тұжырымдау және жүйелеу оңайға
соқпайды. Сол уақытта нормативтік актілерге әртүрлі түсініктер түрінде
ұсынылған осындай жіктелімдер қаржыгердің, бухгалтердің және
Контроллингордың жұмысын әжептәуір жеңілдете алады.
Шаруа немесе фермерлік шаруа қожалықтары, заңды тұлғалар – ауыл
шаруашылығы өнімдерін шығаратындар үшін арнайы салық режимдерін Қазақстан
Республикасының салық заңнамасына, сондай-ақ жеңілдетілген декларацияларға
сәйкес қолданатын бухгалтерлік есепті жүргізудің тәртібін анықтау және
шағын кәсіпкерліктің қаржы субъектілерімен құру мақсатында жасалып
шығарылған №1 қаржы есептілігінің ұлттық стандарты табыстар мен шығындардың
мынадай жіктелімдерін анықтайды [4]:
1) Тауарды сатқаннан түскен табыс.
Төменде көрсетілген барлық шарттар қанағаттандырылған жағдайда табыс
кірді деп саналады:
- субъект тауардың жеке меншік құқығына байланысты маңызды тәуекелдерді
және сыйақыларды сатып алушыға берген жағдайда;
- субъект негізінен жеке меншік құқығына ұқсайтын дәрежеде басқаруға
қатыспайтын және сатылған тауарларға бақылау жасамайтын жағдайда;
-табыстың сомасы сенімді түрде өлшенуі мүмкін жағдайда;
- операцияларға байланысты экономикалық пайдалар субъектіге түседі деп
болжанған жағдайда;
- операцияларға байланысты келтірілген немесе күтіліп отырған шығындар
сенімді түрде өлшенуі мүмкін жағдайда.
Субъектінің жеке меншік құқығына байланысты маңызды тәуекелдерді және
сыйақыларды сатып алушыға қай сәтте берген сәтін анықтау үшін,
операциялардың шарттарын үйрену қажет. Көп жағдайларда, жеке меншік
құқығына байланысты тәуекелдерді және сыйақыларды беру жеке меншіктің заңды
құқығын берумен немесе сатып алушыға иелену құқығының ауысуымен сәйкес
келеді. Бұл бөлшектік сатылымдар көп болған жағдайларында болады. Қалған
жағдайларда жеке меншік құқығына байланысты тәуекелдерді және сыйақыларды
беру жеке меншік құқығына байланысты тәуекелдерді және сыйақыларды беру
жеке меншіктің заңды құқығын берудің немесе сатып алушыға иелену құқығының
ауысу мерзімдерінде жүзеге асады.
Егер субъект жеке меншік құқығына байланысты маңызды тәуекелдерді
сақтаса, табыс алынды деп есептемейді. Жеке меншік құқығына байланысты
маңызды тәуекелдерді және пайдаларды субъектінің сақтауы мүмкін жағдайлар:
- субъектімен кепілдемелердің стандартты шарттарының аясында
қанағаттандырарлықсыз пайдалану сапасына жауапкершілік сақталған жағдайда;
- нақты сатылымнан түскен ақшалай түсімді алу тауарларды сатып алушымен
сатылғанға байланысты;
- түсірілген тауарлар орнатуға жатпаса, ал әлі орындалмаған келісім-
шарттың маңызды бөлігін орнату құраса; және
- сатып алушының сату келісім-шартында анықталған себеп бойынша сатып
алу мәмілесін бұзуға құқығы бар болса және субъект қайтарымның мүмкіндігін
анықтай алмаса.
Егер субъектімен жеке меншік құқығына байланысты маңызы жоқ тәуекел
сақталса, онда операция сатылым болып табылады және субъект табысты
мойындады деп санайды. Мысалы, сатушы оған тиесілі соманы алуды қамтамасыз
ету үшін, тауарларға жеке меншік заңды құқығын қалдырады. Осыған ұқсас
жолмен сатып алынған затқа сатып алушының көңілі толмай, ақшаны қайтаруды
ұсынса, субъект ақшалай түсімді мойындайды. Осындай жағдайларда, субъект
мүмкін болатын қайтарымдарға бағалық міндеттемелерді мойындайды.
2) Қызмет көрсетуден түскен кірістер.
Қызмет көрсетуді ұсынатын операциялардың қорытындыларын сенімді өлшеген
кезде, баланстың күніне операциялардың аяқталу кезеңін көрсету жолымен
табыс танылады. Егер келесі шарттар орындалатын болса, операциялардың
қорытындысы сенімді деп есептеледі:
- табыстың сомасы сенімді түрде танылады;
- операцияға байланысты экономикалық пайдалар субъектіге түседі деп
болжанса;
- баланстың күніндегі жағдай бойынша операциялардың аяқталу кезеңі
сенімді түрде танылса;
- операцияларды жүзеге асыруға арналған шығындар және оның аяқталуына
қажетті шығындар сенімді түрде өлшенетін болса.
Операциялардың аяқталу кезеңі орындалған жұмысты сенімді бағалауды
қамтамасыз ететін тәсілмен анықталуы қажет, атап айтқанда:
- орындалған жұмыс туралы есептер;
- қызмет көрсетудің жалпы көлемінен пайыз секілді ұсынылған қызмет
көрсетулер;
- жалпы күтіліп отырған шығындарға келтірілген шығындарға барабар
қатынаста.
Белгілі бір мерзім ішінде істердің анықталмаған санын орындау жолымен
қызмет көрсетулер ұсынылса, қандай да бір әдіс аяқталу кезеңінде жақсырақ
көрінетін куәлік бар болған жағдайларды қоспағанда, уақыттың осындай
мерзімі ішінде тікелей негізде табыс танылады. Нақты іс-әрекет басқа іс-
әрекеттерге қарағанда маңыздырақ болса, онда субъекімен табысты мойындау
осы іс-әрекетті жүзеге асырғанға дейін кейінге қалдырылады.
Жобаланып отырған қызмет көрсетулердің операцияларының қорытындысы
сенімді бағаланса, субъект мойындалған орны толтырылған шығындардың
сомасының аясында табысты мойындауы қажет.
Жобаланып отырған қызмет көрсетулердің операцияларының қорытын-дысы
сенімді бағаланбаса, мойындалған орны толтырылған шығындардың сомасының
аясында табыс мойындалады.
Қызмет көрсетулерден түскен табыстар, қызмет көрсетулер ұсынылып
отырған мерзімнің ішінде мойындалады.
№2 қаржы есептілігінің ұлттық стандартымен пайыз, роялити және
дивидендтер түріндегі табыстар қарастырылған.
Субъект пайыздар, роялити және дивидендтер әкелетін субъект
активтерінің басқа да жақтарымен қолданудан туындайтын табыстарды мына
жағдайларда мойындау қажет:
- операциялармен байланысты экономикалық пайдаларды субъектінің алу
мүмкіндігі бар болған жағдайда; және
- табыстың сомасы сенімді түрде өлшенген болса.
Субъект келесі негіздерді қолдана отырып, табысты мойындау қажет:
- пайыздардың тиімді мөлшерлемелері әдісін қолдана отырып, пайыздар
мойындалады;
- роялти сәйкес келетін келісім-шарттың мазмұнына сәйкес, есептеу
әдісімен мойындалуы қажет;
- дивидендтер төлемді алуға акционерлердің құқығы анықталған жағдайда
мойындалуы қажет.
3) Қаржыландырудан түскен табыстар.
Қаржыландырудан түскен табыстарға табыстардың келесі түрлері жатады:
-қаржылық активтер бойынша (ақша қаражаттарын ұсыну және пайдалану үшін
алынғандар, осы банктің шотында жатқан ақша қаражатын банктің қолдануы үшін
пайыздар) табыстарды алуға байланысты, операциялар көрінетін сыйақыландыру
жөніндегі табыстар;
-бағалы қағаздар бойынша дивидендтермен алынған табыстарды алумен
байланысты операциялар көрінетін дивидендтер жөніндегі табыстар;
-қаржылық жалға берілген активтер бойынша табыстарды алуға байланысты
операциялар көрінетін қаржылық жалға беру активтері;
-капиталдың немесе басқаның құнының өсуінен жалға беру төлемдерін
немесе табыстарын алу мақсатында, өкімде жатқан (жалға беру келісім-шарты
бойынша иеленушінің немесе жалға алушының) жылжымайтын дүние-мүліктен (жер,
ғимарат немесе олардың бөліктері) табыстарды алуға байланысты операциялар
көрсетілетін жылжымайтын дүние-мүлік инвестицияларымен жасалған
операциялардан түскен табыстар; 3.2 Табыстар Контроллингінің әдістемелік
тәсілдері
Контроллингтің әдістемелік тәсілдері дегеніміз тәжірибені жетілдірудің,
сондай-ақ экономикалық және заң ғылымдарын дамытудың негізінде жасалған
арнайы тәсілдерін айтамыз. Бұл тәсілдер Контроллингтің мақсатты қызметіне
байланысты және жалпы ғылыми әдістерге байланысты қалыптасқан.
Контроллингтің әдістемелік тәсілдерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйымның персоналды басқару жүйесіндегі контроллингті жоспарлау
Еңбек ресурстарын ұймдастыру
Қазақстан Республикасындағы баспа ісі жағдайы
Стандартталған информатика терминдарынын тезаурустарымен танысу
Құрылыс кезеңі пайдалану кезеңі
Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі контроллингтің рөлі
Мектеп қызметін басқару
Менеджменттің негізгі функциялары
Сапа менеджменті тарихы
Қаржылық мониторингі қағидаттары
Пәндер