Құрылыс кәсіпорнының қызмет ету тиімділігін арттыру жолдары


Тақырыбы: Нарық жағдайында құрылыс ұйымдарының тиімділігін арттыру жолдары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ. …3
- КӘСІПОРЫННЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. . 6
- КӘСІПОРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ТИІМДІЛІГІ… . . . 32“Алматыоблауырқұрылыс” АҚ-ның экономикалық қызметінің көрсеткіштерін талдау. . 32“Алматыоблауырқұрылыс” акционерлік қоғамының қызмет ету тиімділігін талдау. . 52
- ҚҰРЫЛЫС КӘСІПОРНЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ57“Алматыоблауырқұрылыс” акционерлік қоғамының қызмет ету тиімділігін арттыру шаралары. 57“Алматыоблауырқұрылыс” акционерлік қоғамының қызмет ету тиімділігін инновациялық жолмен арттыру. . …. . … . . . 68
ҚОРЫТЫНДЫ. 73
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. 75
КІРІСПЕ
Қазақстанның қазіргі уақытқа сай даму сатысы - нарықтық экономикасына көшу, құрылыс саласында жоспарлы басқарудан бас тарту құрылыс кәсіпорындарында басқарудың нарық жағдайында қызмет ету тиімділігін қамтамасыз ететін жаңа жүйесін құруды талап етеді. Бірақ құрылыс кәсіпорындарының нақты кәсіпорынның жағдайы мен нарықтық бәсеке қабілетті кәсіпорынның экономикалық жағдайы арасында үлкен айырмашылық бар.
Нарықтық экономиканың негізінен еңбек өнімділігін жоғарылатуды оңайландыратын, қызмет ету тиімділігін арттыратын құралы болып табылуында. Бірақ, мұндай жағдайда да қызмет ету тиімділігін арттырудың негізгі бағыттарын, қызмет ету тиімділігін арттыруға әсер ететін факторларын және оларды айқындау әдістемесін анықтау өте маңызды болып табылады.
Кез келген кәсіпорын үшін белгілі бір уақыт аралығындағы шығындар мен табыс динамикасын көрсететін қаржы нәтижелерін ескеру өте маңызды.
Бірақ, тиісті өндірістік стратегияға, өндірістік ресурстар мен өткізу нарықтарының дамуын тиімді пайдалануға талдау жасалынбаса, ақшалай түрде көрсетілген қаржы ақпараты жеке тұрып, кәсіпорынның ағымдағы жағдайы мен болашақтағы дамуына баға бере алмайды.
Экономикалық тиімді қызмет етуге байланысты ең көп тараған көзқарас, оның техникалық өзгеруі жағынан (өндіріс көлемінің өсуі, жаңа құрылымдарды енгізу жаңа техниканы пайдалану) қарастыруға бағытталған.
Екінші жағынан, кәсіпорынның белгілі - бір бағытта экономикалық дамуын, оның іс- әрекетін экономикадағы белгісіз, тұрақсыз жағдайларға бейімдеу арқылы қамтамасыз етуге болады.
Қазақстан Республикасында нарықтық экономикада қарқыны жоғарылауды. Сонымен қатар шаруашылық үрдістің негізгі реттеуші механизмі ретінде бәсекелестікте жоғары қырқын алуда .
Қазіргі заманғы экономикалық жағдайда әр шаруашылық субъектінің қызметі осы үрдіс нәтижесіне қызығушылық білдіретін нарықтық қатынас қатысушыларының назарына ие.
Қазіргі заман жағдайында кәсіпорын күн көрісін қамтамасыздандыру үшін басқару персоналына бәрінен бұрын өз кәсіпорнының сонымен қатар потенциалды бәсекелестерінің қызмет етуінің тиімділігінің дәрежесін бағалай білу керек. Қызмет ету тиімділігі - кәсіпорынның экономикалық қызметінің маңызды сипаттамасы. Ол кәсіпорынның бәсеке артықшылығын, іскерлік келісімдегі потенциалын, қаржылық және өндірістік қатынастағы кәсіпорынның және оның істестерінің экономикалық назарының қаншалықты кепілдіктендірілгенін өндірісі қаншалықты тиімді ұйымдастырылғанын анықтайды. Бірақ, кәсіпорын қызметіне оның алға қойған мақсатына жетуіне бір ғана тиімділік дәрежесін нақты бағалау аз.
Адамзат қызметі тиімділікпен тікелей немесе жанама байланысты. Бұл сөздің негізінде ресурс шектеулігі, уақытты үнемдеу, қолда бар ресурстан барынша көп өнім алу
Тиімділік мәселесі - бұл әр қашан таңдау мәселесі. Таңдау қандай өнім түрлерін, қалай өндіру қажет, оларды қалай бөлу керек, ағымда және болашақта ресурстардың қандай көлемін тұтыну керек.
Тиімділіктің деңгейі экономикалық өсу, өмір сүру деңгейінің жоғарылауы, инфляция деңгейінің төмендеуі жұмыс істеу және демалыс жағдайының жақсаруы сияқты әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге әсер етеді.
Тиімділік латынның «effektus» сөзінен - орындалу, жүзеге асыру, ықпал ету дегенді білдіреді. Бұрын тиімділік сөзі техника мен технологияға жатқызылатын. Мысалы: бу двигателі дизельдіге қарағанда тиімдірек болып есептеледі. Өйткені, біріншісінде энергияның көп пайызы бекер жұмсалады. Бірақ, физикалық көзқарас тұрғысынан қарағанда энергия да біреуге қажетті жұмысты атқарады. Бұл, тиімділік тек қана технологиялық қасиет деген сөз, яғни баға беруге тәуелді және бағалау категориясы болып табылады.
- КӘСІПОРЫННЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Кәсіпорынның қызмет ету тиімділігі, оның мәні мен маңызы
Кәсіпорының қызметтіне баға беру оның тиімділігінің соңғы нәтижелері арқылы жүзеге асырылады. Тар мағынада тиімділік «әсер беретін, қажет нәтижеге қол жеткізетін, жүзеге асыратын» дегенді білдіреді. Тиімділік сөзі келесі мағынаны береді - үрдістің операцияның, бағдарламаның нәтижелі болуы, нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін шығындарға қатысты нәтижеге деген тиімділік.
Қызмет ету тиімділігі - қызмет етудің барлық сатысындағы маңызды сапа белгісі болып табылады. Қызмет ету тиімділігі өндіріс потенциалын қолдану дәрежесін көрсетеді, ал бұл қоғамдық өндірістегі нәтижелер мен шығын арасындағы қатынасты анықтайды. Шығын өзгермей - ақ нәтиже жоғарылаған сайын, бір - бірлік шығынға қарағанда нәтиже жылдам өскен сайын немесе, аз болған сайын, қызмет ету тиімділігі жоғарылай түседі. Еңбек өнімділігінің көлемі өндірістегі экономикалық тиімділікті жалпылайтын критерий болып табылады.
Қызмет ету тиімділігі дегеніміз - тауар өндіру мақсатында кәсіпорынның ресурстарды бөлу және қайта өңдеу қызметі.
Қызмет ету тиімділігі қоғамдық өндірісте және жеке кәсіпкерліктің дамуының соңғы нәтижесіне, мақсатына жеткізетін нарық экономикасының басты санатының бірі. Әсер, (эффект) мен тиімділік (эффективность) деген сөздерді айыра білу маңызды.
Әсер, (эффект) - белгілі бір құбылыстың (процестің) нәтижесін анықтайтын абсолютті көлем. Экономикалық әсер, (эффект) көрсеткіші нәтиже құны мен ресурстардың барлық түріне кеткен шығынның құны арасындағы айырма ретінде анықталды. Егер экономикалық қызмет нәтижесі шығыннан артық болса, бұл жағымды экономикалық әсер (эффект), табыс ретінде бағаланады. Керісінше болса, жағымсыз экономикалық әсер (эффект) болады (шығын) . Өндірістің, қызмет етудің нәтижесі болуы өте маңызды, бірақ, оған қалай, қандай шығынмен жеткенін білу қажет. Сол бір ғана әсерді (эффект) әртүрлі жолмен және әртүрлі шығын жұмсау арқылы алуға болады немесе бірдей шығын жұмсалып әртүрлі нәтиже болуы мүмкін. Нәтиже мен шығынды салыстыру керек.
Экономикалық тиімділіктің негізі - оған қол жеткізу үшін жұмсалған шығын мен нәтиженің өзара салыстырылуында, осылайша тиімділік әсер дәрежесін көрсетеді.
Әр түрлі ғалым - экономистер қызмет ету тиімділігіне өздерінің анықтамаларын ұсынады.
Тиімділік белгілі бір қатынасты білдіреді және соңғы нәтижеге қандай көлемде шығын жұмсау арқылы қол жеткізілгенін көрсетеді. (К. Решетинский)
П. А. Малышев және И. Т. Шилин бойынша соңғы нәтижеге айналған, дайын өнім мен еңбек шығыны арасындағы себеп - салдар (причина -следственную) байланысты көрсететін қатынас тиімділік болып табылады. Осы анықтамалар негізінен В. В. Новожилов құрастырған, көпшілік мойындаған анықтамаға сәйкес келеді:
Тиімділік бұл пайдалы әсер мен оған жету үшін жұмсалған шығын арасындағы ара - қатынас. Бірақ шығының мақсаттылығын көрсететін нәтиже арасындағы белгілі бір арақатынас бар.
И. А. Усатов тиімділікке кәсіпорынның материалды және ақшалай ресурстарының шығынын азайтып, максималды нәтижеге жету мүмкіндігі ретінде анықтама берді.
И. И. Ройзман қызмет ету тиімділігі кез -келген өндіріс түрінен өзгеше, ерекше және оның негізгі экономикалық заңдарымен анықталатын, еңбек өнімділігінің модификацияланған түрі де көрсетілуі болып табылады. Бірақ қызмет ету тиімділігі еңбек өнімділігіне қарағанда кең шығынға ие. Еңбек өнімділігі адамның өндірістік қызметтінің өнімділігін білдірді және 1 теңгеге өнім өндіруге кеткен шығын көлемімен анықталады. Бұдан еңбекөнімділігінің өсуі тек қана тұтынатын ресурстардың (ағымдағы шығындар) қолданылған көлемін көрсетеді, ал қызмет ету тиімділігі ағымдағы шығындар және қаржы салымдарын қоса алғандағы барлық ресурстардың қолданылуын көрсетеді. Тиімділіктің төрт түрі анықталған, олар:
1. Экономикалық тиімділік келесі постуат арқылы көрсетіледі: Кәсіпорында шешім қабылдаған кезде әрқашан шектеулі, қолда бар құралдарды пайдалана отыпырып, көздеген мақсатқа қолайлы жетуді есепке ала отыру қажет.
2. Әлеуметтік тиімділік қолда бар шектеулі құралдармен кәсіпорынның барлық қатысушыларының әлеуметтік қажеттілігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
3. Техникалық тиімділік - кәсіпорының техникалық мақсатына байланысты, алға қойылған техникалық мақсаттарға жетуді қамтамасыз етеді. (өндірістік потенциалға қажетті, өнімге және өндірістік бағдарламаға қойылған көлемдік және сапалық талаптардың орындаьлуы)
4. Экологиялық тиімділік - кәсіпорының экологиялық мақсаттарға жетуіне зейін қояды.
Қызмет ету тәжірибесінде экономикалық, әлеуметтік, техникалық және экологиялық мақсаттар бір-бірімен тығыз байланысты және тәуелді. Әдеттегідей экономикалық тиімділікке жетуге бағытталған шешім әлеуметтік те, техникалық та, экологиялық та мақсаттарға қатысты болады.
Нарық жағдайында әрбір кәсіпорын, экономикалық тәуелсіз тауар өндіруші бола отырып, мемлекет бекіткен салық салымдары мен әлеуметтік шектеулер көлемінде өндірістік дамудың тиімділігіне баға берудің кез- келген түрін қолдануға құқылы. Кәсіпорының экономикалық тиімділігін анықтау, оның сапалық және көлемдік бағалануының талап етеді, яғни қызмет ету тиімділігінің критериі мен көрсеткіштерін анықтау.
Критерий қарастыру құралы, оның негізінде баға беру, тиімділікті анықтау жүзеге асырылады. Критеридің көлемінде нысанда болуы міндетті емес. Критериге қарағанда көрсеткішке сандық нысанда болу тән, онда көлемдік өлшемдес, сапалық анықталған құндылықтар көлемдік өлшемдес болып қатар қойылады.
Жоғарыда айтылған экономикалық әсер (эффект) натуралды және құнды көрсеткішпен көрсетіледі, олар кәсіпорын қызметінің соңғы және аралық нәтижелерін анықтайды.
Ондай көрсеткіштерге мысалы; жалпы өнім, тауарлы өнім, өткізілген өнім, өндірістік ресурстардың әртүрлі элеметтерің үнемдеу, өнімнің өзіндік құның төмендетуден жалпы үнем жатқызылады.
Экономикалық қызметті талдау нәтижелері болашақта даму жоспарының шешімін жасау үшін негіз түрінде қолданылады, олардың кейбіренулері кәсіпорының арнайы және басқа да қорларының қор құраушылары болып табылады.
Қызмет етуге баға берген кезде тек қана экономикалық қана емес, әлеуметтік те нәтижелерін де ескеру қажет.
Экономикалық қызметтің тиімділігі “тиімділік” категориясының баға беру мүмкіндігін одан да дәлірек көрсетеді. Ол әрдайым нәтиже құндылықтарымен шығын құндылықтарының қатнасымен байланысты және де баға берудің өзгерісімен өзгере алады.
Тиімділік сөзі келесі мағынаны береді - қатысты нәтиженің, үрдістің операцияның жобаның нәтижелі болуы.
Қызмет ету тиімділігі - қызмет етудің барлық деңгейіндегі маңызды сапаның мінездемесі.
Экономикалық қызмет ету тиімділігі өндірістік потенциалдың пайдалану дәрежесін көрсетеді, бұл нәтиженің өндірістік шығынға қатынасы арқылы анықталады. Сол шығынмен нәтиже жоғарылған сайын қажетті еңбектің 1 теңгеге жұмсаған шығының есебінен тез өскен сайын, немесе пайдалы нәтиженің бір бірлігіне шығын аз болған сайын, қызмет ету тиімділігі жоғарылай түседі.
Қызмет ету тиімділігі- тауар өндіру мақсатында ресурстарды бөлу және қайта өңдеу бойынша қызмет тиімділігінің көрсеткіші. Тиімділікті мына коэффициент бойынша өлшеуге болады- шығудағы ресурстарға кірудегі немесе өнім шығару көлеміне, оның номенклатурасына нәтиженің қатынасы.
Адамзат қызметі тиімділікпен тікелей немесе жанама байланысты. Бұл сөздің негізінде ресурс шектеулігі, уақыты үнемеу, қолда бар ресурсан барынша көп өнім алу жатыр.
Тиімділік мәселесі - бұл әрқашан таңдау мәселесі. Таңдау нені, қандай өнім түрлерін, қалай өндіру қажет, оларды қалай бөлу керек, ағымда және болашақта ресурстардың қандай қөлемін тұтыну керек.
Тиімділіктің деңгейі экономикалық өсу, өмір сүру деңгейінің жоғарылауы, инфляция деңгейінің төмендеуі, жұмыс істеу және демалыс жағдайының жақсаруы сияқты әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешіуге әсер етеді.
Тиімділік латынның “effectus” сөзінен - орындалу, жүзеге асыру, ықпал ету дегенді білдіреді. Бұрын тиімділік сөзі техника мен технологияға жатқызылатын. Мысалы: бу двигателі дизельдіге қарағанда тиімдірек болып есептеледі. Өйткені, біріншісінде энергияның көп пайызы бекер жұмсалады. Бірақ, физикалық көзқарас тұрғысынан қарағанда энергия да біреуге қажетті жұмысты атқарады. Бұл, тиімділік тек қана технологиялық қасиет деген сөз, яғни баға беруге тәуелді және бағалау категориясы болып табылады.
Экономикалық қызмет тиімділігін жоғарылату мәселесі келесі, әрбір еңбек, материал және қаржы ресурстарының бірілігіне өнім өндіру көлемінің едәуір өсуін жүзеге асыру. Бұл, нәтижесінде, еңбек өнімділігінің жоғарылауын көрсетеді, яғни қызмет ету тиімділігін жоғарылатудың критериі болып табылады.
Қызмет ету тиімділігін жоғарылату қажеттігі мен мүмкіндігі үнемі әсер ететін факторлармен және Қазақстанның экономикалық дамуы кезеңінің қазіргі заманғы ерекшелігімен ескертіледі. Жалпы тиімділік мәселесі жаңа емес, ол материалдық өндіріс кезеңінің интерпретациясынан бері бар және белгілі-бір өндіріс түрінің өндірістік қатынастарын көрсетеді. Нарық қатынастарының қалыптасу жағдайында, бір нарық субъектісінің жұмысының нәтижесі, басқа субъектілерінің жұмысының нақтылығына және жинақылығына байланысты, мұндағы тиімділік мәселесі анықтаушы болады.
Өндірісті басқару жүйесінде кәсіпорынның қызметінің тиімділігін объективті анықтай алу үлкен мағынаға ие.
Экономикалық тиімділік басты әлеуметтік-экономикалық санат, оған динимикалық және тарихи қасиеттер тән. Өндірістік қызметтің тиімділік әрбір әлеуметтік құрылымның өндірістік қуатының әртүрлі деңгейінде дамуы мүмкін. Қоғамның тарихи дамуының барлық кезеңінде келесі сұрақ қойылады: қанша шығын мен ресурстарды жұмсау арқылы соңғы өндірістік нәтижеге қол жеткізіледі. Сонымен, тиімділікті бағалаудың сандық мөделі экономикалық нәтиже мен шығынның, ресурстың арасындағы қатынас арқылы анықталады. Шығыны мен ресурстың бірлігінен соңғы нәтижені максималдау немесе соңғы нәтиженің бірлігіне шығындар мен ресурстарды минималдау қоғамның еңбек қауымының жеке адамның алғашқы мақсаты. Бұл мақсат, оған жету әдісі, экономикалық тиімділікті жоғарылату жолдары мен резервтері (олардың классификациясы мен сандық бағалануы) экономикалық ғылымның және экономикалық пәндердің мазмұны болып табылады (салалық және функционалдық) .
Қызмет ету тиімділігін өлшеудің бастапқы принциптері қоғамдық формациялардың барлығына бірдей. Әрине, айырмашылықтар да бар, олар жермен, уақытпен және бағалау әдісін тәжірибелі нақты белгілеумен, ең соңында экономикалық қатынастардың сипатымен, сондай-ақ экономиканы басқару ұйымдастырумен анықталады.
Нарық экономиканың және кәсіпкерліктің негізі табыс болып табылатындықтан, экономикалық тиімділіктің алғашқы критерийі негізінде шығын мен ресурстың бірлігіне өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапалылығымен сақтай отырып, олардың бәсекеқабіліттілігін қамтамасыз ете отырып табысты максималдау алға қойылады. Жаңа жағдайда тиімділіктің жалпыұлттық критерийі де сақталады: шығын мен ресурстың бірлігіне халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарта отырып ұлттық табысты, жалпы ұлттық өнімді максаималдау.
Тиімділіктің критерийлерінің мұндай иерархиясы қисынды (логична) және нарық экономикасындағы жағдайды көрсетеді, яғни қызмет етудің жалпыұлттық тиімділігі, қызмет етудің алғашқы ұяшығының қызметінің тиімділігіне тәуелді (кәсіпорының акционерлік қоғамның) . Алғашқы буының қызмет ету тиімділігі жоғары болған сайын бүкіл жалпыұлттық экономиканың тиімділігі жоғарылай түседі, қоғамда, мемлекетте әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге ресурс көп болады.
Тиімділік жалпы (абсолюттік) және салыстырмалы (қатысты) болып ажыратылады. Жалпы тиімділік жалпыэкономикалық нәтижелер мен белгілі-бір кезеңдегі экономикалық әртүрлі деңгейіндегі (макро-микро) қызмет ету тиімділігін және кәсіпорындар мен аудандар бойынша тиімділік деңгейінің динамикасын салыстыру үшін, бағалау үшін және талдау үшін қажет.
Салыстырмалы тиімділік альтернативті ең ұтымды (оптималды) баламаны таңдау үшін өндірістік-шаруашылық, техникалық және ұйымдық шешімдерді қабылдағанда есептеледі және талданады. Мұндай таңдау технико-экономикалық көрсеткіштер жүйесінің баламаларын салыстыру негізінде, өтелу мерзімін есептеу немесе қосымша капитал салымдарының тиімділігі, экономикалық тиімділіктің көлемінің коэффициентінің негізінде жүзеге асырылады.
Келесі бөлімде қызмет ету тиімділігінің көрсеткіштер жүйесі қарастыралады. Бұл көрсеткіштер жүйесі кәсіпорындағы барлық ресурстардың пайдаланылуына жан-жақты баға береді.
2. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
2. 1. «Алматыоблаоуырқұрылыс» АҚ-ның экономикалыұ қызметінің талдау.
«Алматыоблаоуырқұрылыс» Тресті 1972 жылдың сәуір айында Алматы қаласында және Алматы облысында құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін құрылған. 1992 жылдың қараша айында «Алматыоблаоуырқұрылыс» біріншілердің қатырында «Алматыоблаоуырқұрылыс» бүгінгі күнде ауданы 13 га. жерде орналасқан бай материалды - техникалық базаға ие, оның құрылыс комбинаты, материал сақтайтын қоймалары мен теміржол тупигі бар.
«Алматыоблаоуырқұрылыс» акционерлік қоғамы мемлекетіміздегі құрылыстың дамуына үлкен үлес қосты. Олардың қолымен балабақшалар, мектептер, облыстық және ауруханалар, кинотеатрлар, тұрғын үйлер, өндірістік және әскери мақсаттаға ғимараттар, құрылыс комплекстері салынған. 1997 жылдан бастап «Алматыоблаоуырқұрылыс» акциоенрлік қоғамы Қазақстан Республикасының жаңа астанасы Астана қаласының құрылысына атсалысты.
Қарап отырсақ, «Алматыоблаоуырқұрылыс» осы уақытқа дейін республикамыз үшін ерекше маңызы бар 300 - ден астам ұүрылыс объектілерінде өзінің қолтаңбасын қалдырыпты.
Ірі құрылс объктілерін атап өтейік:
- Қазсқатан Республикасындағы төл ақшасын шығаратын банкнот фабрикасы;
- Астана қалалық Қ. Байсейтив атындағы пера театры;
- Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық театры;
- Қаза-қ ұлттық музыка академиясы;
- Алматы қаласында балалр тағамын шығаратын «Бөбек» зауыты; ъ
- Атырау облысының Ганюшкино кентіндегі аурухана;
- 624 орынды мектеп;
- «Аджип» компаниясының вахталық қалашығы;
- Республикадағы гвардия объектілері;
- Алматы қаласындағы Орталық жабық базары,
Кәсіпорынның қызметінің мақсаты, мәні және түрлер:
Кәсіпорынның мақсаты жеке зады тұлғалардың тауарлардағы және қызмет көрсетудегі қыжеттіліктерін қанағаттандыру, Сондай ақ мейлінше көп кіріс алу болып табылады.
Қызметтің мына түрлері:
- Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау, көріктендіру, жөндеу - пайдалану, проектті - сметалық жобаларды жасау негізгі қызмет болып табылады;
- Өндірістік - техникалық өнімдердің және халық тұтынатын тауарлардың өндірісі, сатып алып қою, сақтау өңдеу және сату;
- Ғылыми - техникалық өнімджердә әзірлеу және сату, оны экономикалық және бағдарламалық қамтамасыз ету;
- Инвестицилық және маркетингтік қызметтер.
- Заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсету, оның ішінде; тұрмыстық, қомуналдық; сауықтыру, көлік, лизингтік қызметтер көрсету; Туризмді қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру және халыққа сервистік қызмет көрсетудің басқа түрлері.
- Коммерциялық, сауда-саттық және делдалдық қызметтер;
- Құнды қағаздармен әр түрлі операциялар жасау;
- Бірлескен кәсіпорындарды, соның ішінде шетелдік фирмалармен құру, және құрылтайшылық қызметтің басқа түрлері;
- Дербес сыртқы экономикалық қызметтер
- Жеке және заңды тұлғалардың мүлкін сенушілікпен басқару;
- Облигацияларды шығыру, орналастыру күту соның ішінде жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілгендерін де;
- Қоғамның қызметіне байланысты кеңестік, ақпараттық және басқа қызметтерді көрсету;
- Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен тыйым салынбаған қызметтер мен қызмет көрсетулердің басқа түрлері;
мәні болып табылады.
Кәсіпорынның жарияланған жарғылық капиталы 46 619 000 теңге мөлшерінде номиналдық құны 1000 теңгелік 46 619 дана акция шығарумен қалыптасқан. АҚ мемлекеттік тіркеу сәтіне барлық акциялар орналастырылған және жарғылық капитал түгел төленген. Кәсіпорынның екі жылдың ішінде таза кірістен қалыптасқан жарғылық каприталдың он пайызы мөлшерінде резервтік капиталды құрады. Резервтік капитал Кеңестің шешімі бойынша кәсіпорынның алдынала болжанбаған жұмсауларымен шығындарын өтеуге пайдаланады. Резервтік қордан төлемдер кәсіпорынның таза кірісінен қайтадан аударулар жолымен оның бекітілген мөлшеріне дейін қалпына келтіріледі.
Кәсіпорынның қызметін басқару
Кәсіпорынның қызметін басқару - өндірісті жоспарлау негізінде жүзеге аырылады. Алматыоблауырқұрылыс
- ИСО 9000/2000
- ИСО 9001/2000
- ИСО 9004/2000 халықаралық стандартын кеңінен қолданылады және оған сәйкес «Өндірісті бақару» стандартын өндірісте пайдаланады, ол өз кезегінде өндірісті басқару процесін анықтайды.
Өндірісті басқаруға қатысты барлық жұмысшыларды бас инженер бақылайды.
Негізгі мақсаттар:
- Жұмысты жоспалау;
- өндірістік жұмыстың кезектілігін анықтау;
- инспекция жүргізу және аяқталған өндірісті қабылдаудың кезектілігін анықтау;
- өндірісті таңдау және бағалау;
- обьектіні пайдалануға беру.
Өндірістік орта:
«Алматыоблауырқұрылыс» АҚ-ң өндірістік ортасы ақпараттық қамсыздандыру арқылы, мердігерлермен тұрақты және ұзақмерзімді қарым-қатынас орнату арқылы және қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету арқылы қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикаының заңдарына сәйкес қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау, экология, өрт қауіпсіздігі және санитарлық жағдайға сәйкес шаралар жүргізіледі.
Кәсіпорын қызметін жоспарлау процесін 2-ге бөліп қарастыру арқылы жүзеге асырылады:
- Кәсіпорынның дамуын жоспарлау;
- Нақты обьектінің жұмысын жопарлау.
Обьектідегі өндірісті жоспарлау келісім-шарттағы сапа, мерзім және баға талаптарын сақтап, обьектіні өткізу мақсатында жүзеге асырылады.
Өндіріс жұмыстарының орындалу тәртібі:
- Өндірі келісім-шартқа қол қойылған соң басталады. Бұған дейін қажетті барлық құжаттар бекітілуі тиіс:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz