География пәнінде сарамандық жұмыстардың орындалуы


Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: География пәнінде сарамандық жұмыстардың орындалуы
МАЗМҰНЫ.
Кіріспе . . . 3
1. Географиялық білім беру жүйесінің маңызы.
1. 1. Географиядағы жаңа ғылыми бағыттар . . . 5
1. 2. География пәнінің мақсат-міндеттері . . . 10
1. 3. Жаңа оқыту технологиясы . . . 16
1. 4. Географиялық білім беру жүйесі . . . 22
1. 5. Сарамандық жұмыстарды жүргізу әдістемесі . . . 26
2. География пәнін оқытудағы сарамандық жұмыстар.
2. 1. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясын
оқытудағы сарамандық жұмыстар . . . 29
2. 2. Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясын
оқытудағы сарамандық жұмыстар . . . 37
Қорытынды . . . 44
Әдебиеттер тізімі . . . 49
Қосымшалар . . . 51
КІРІСПЕ.
Өзектілігі: Қазіргі ғылым мен білім бірдей дамыған егеменді республикамыздағы география ілімінің білім беру технологиясының жаңа сындарын іздеу, ашып көрсету үшін әсіресе, географияның ең ірі саласы әлеуметтік және экономикалық география сабақтарын мектепте оқыту саласында сарамандық жұмыстардың түрлерін саралау, тиімділігін ашып көрсету бұл тақырыптың өзектілігі болып табылады.
Мақсаты: География сабақтарындағы сарамандық жұмыстарды жүргізу
әдістері жайлы мағлұмат беру, баяндау.
Міндеттері:
1. Географиядағы жаңа ғылыми бағыттар жайлы баяндау.
2. География пәнінің мақсат-міндеттері жайлы баяндау.
3. Жаңа оқыту технологиясы жайлы мағлұмат беру.
4. Географиялық білім беру жүйесінің маңыздылығына тоқталу.
5. Сарамандық жұмыстарды жүргізу әдістемесі жайлы баяндау.
6. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясын
оқытудағы сарамандық жұмыстарға тоқталу.
7. Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясын
оқытудағы сарамандық жұмыстарына тоқталу.
Құрылымы:
Аталмыш жұмыстың тақырыбы «География сабақтарындағы сарамандық жұмыстарды жүргізу әдістері» деп аталады. Жұмыс кіріспе бөлімінен, екі тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарауда «Географиялық білім беру жүйесінің маңызы. » жайлы баяндалады. Бұл тарау бес бөлімнен тұрады: 1. 1. Географиядағы жаңа ғылыми бағыттар. 1. 2. География пәнінің мақсат-міндеттері. 1. 3. Жаңа оқыту технологиясы. 1. 4. Географиялық білім беру жүйесі. 1. 5. Сарамандық жұмыстарды жүргізу әдістемесі.
Екінші тарау «География пәнін оқытудағы сарамандық жұмыстар» деп аталады. Бұл тарау өз ішінен үш бөлімге бөлінеді: 2. 1. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясын оқытудағы сарамандық жұмыстар. 2. 2. Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясын
оқытудағы сарамандық жұмыстар.
Зерттеу әдістері:
Жұмыстың бірінші «Географиялық білім беру жүйесінің маңызы. » жайлы тарауды жазу барысында баяндау әдісі қолданылды. Екінші «География пәнін оқытудағы сарамандық жұмыстар» жайлы тарауда негізінен бақылау әдісі, ауызша баяндау әдістері, көрнекілік әдісі, тәжірибе әдісі қолданылды.
Ғылыми жаңалығы:
- мектептерде география сабақтарын өткізуде қолданылып жүрген жаңа технологияларды экономикалық география сабақтарында пайдалана отырып, оқушылардың білім мен ғылымға деген, география іліміне деген қызығушылығын арттыру, оқушыларды жаңашылдықтарға баулу;
- Географиялық білім беру жүйесінің маңызы.
1. 1. Географиядағы жаңа ғылыми бағыттар.
Мектеп - келешек ел басқарар, жер-суына иелік етер, ел-халқын гүлдентер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды тәрбиелейтін бірегей орта, киелі ұя. Жас ұрпақтың иман жүзді, білімдар азамат болып өсуі, ең алдымен, ата-анасы, одан соң білім алар алтын ұясы және қоршаған ортасына байланысты. ХХІ ғасырда өмір сүретін егеменді ел иелері бұл күндері балабақшалар мен мектептерде тәрбиеленіп жатыр. Біздер ата-аналар, ұстаздар қауымы өз ұрпағымызға қандай тәрбие береміз, немен сусындатамыз, мөлдір шықтай тап-таза жан дүниесіне, зердесіне қандай қадір-қасиетімізді дарытамыз? Біздің ертеңгі жарқын болашағымыз да, келешегіміздің көкжиегіде, міне, осыған байланысты болмақ. Әдетте, білім беру жүйесі тірлік-тауқыметі мол қиын да, күрделі сала. Өйткені оның діттеген түпкі мақсаты өмір сүріп отырған дәуіріміздің ең нәзік те, сезімтал буыны - ұрпақ тәрбиесіне арналған. Ал ұрпақ тәрбиесі - білімдарлық пен ізденімпаздықты, темірдей төзімділік пен үлкен бейнетқорлықты талап ететін аса жауапты буын.
Қазіргі кезде география территориялық, табиғи және әлеуметтік-экономикалық жүйелерді басқару жөніндегі ғылым ретінде көзге түсіп жүр. География халық шаруашылығын интенсивтендіру кезеңінде барлық салаларға тамыр жайған стратегиялық ғылым болып келеді. Ол халықтың тиімді қоныстануын, шаруашылықты экономикалық, экологиялық, әлеуметтік жақтарын ескеріп, территориялар бойынша ұйымдастыру мәселелерімен айналысады.
Экономикалық география мектепте оқытылатын пән ретінде өмірге аяқ басқан жастарға өндірістің ғылыми-техникалық және экономикалық негіздері жөнінде осы заманғы терең білім, экономикалық дағды беру, физикалық және экономикалық географиялық құбылыстар мен үрдістерге кешенді қарау жөнінде әлеуметтік тапсырма береді. Пән жаппай экономикалық сауат беріп, экономикалық ойлау стилін қалыптастырады, сонымен бірге экологиялық ұғымды терең білуге үйретеді.
Жаңа ғасыр табалдырығын аттап тұрып ел президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: « . . . Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олардың өз ішінде жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері бар. Олар бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі бүкіл әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады, » - деген болатын.
Елбасының ұрпақ болашағы жайлы айтқан осы ой түйіні ғасыр мектебіне жаңа заман талабына сай жаңаша оқыту технологиясын игеру міндетін жүктеп отыр. Білім Заңының 8-бабы мактепке «Оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, ғаламдық коммуникациялық желелерге шығу қажеттігін жүктейді». Ендеше ақпарат ғасырында, ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда ұстаздардың ортақ мақсаты - заман талабына сай білімді, Жан-жақты ойлай білетін, өз елінің, халқының қамын жейтін, қоғамды алға қарай дамытатын ұрпақ тәрбиелеу.
Жаратылыстану ғылымдарының ішінен география сабағының да оқушының танымдық қабілетін дамытудағы көтерер жүгі аз емес. Жер туралы ғылымды жетілдіретін, жаңалықтар тізбесін кеңейтетін, неліктен?, қалай? Деген сұрақтарға нақты жауап табатын болашақ географтар үшін қандай білім көзінен нәр алуы керек? Ол үшін мектептің материалдық-техникалық базасы, географиялық алаңы, жоғары білікті географ мұғалімі және географиялық оқулықтарға бай кітапханасы болуы керек. Сонымен бірге дәріс беруші мұғалім сабақта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, дидактикалық құралдарды жеткілікті түрде даярлап, күнделікті ақпараттарды аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып пайдалануы қажет.
ХХІ ғасырдағы география сабағына мынандай мақсаттар қоямыз.
1. Оқушының географиялық білімін үнемі жетілдіріп отыру ( дәріс беру, сарамандық, семинар) .
География сабағын сыныптар бойынша жүйелі жүргізуге қол жеткізу керек. Бастауыш сыныптағы «Дүниетану», орта буындағы «Физикалық география» жоғары сыныптағы «Экономикалық география» арасындағы байланыс сақталып, талап бірдей жүйелі болғанда ғана өзара сабақтастық орнайды, географиялық білім жетіледі. Оқушының географиялық білімін жетілдірудің негізі - оқушының өз бетінеше ізденуі, мұғалімнің әдістемелік көмек көрсетуі. Оқушы кітап көлемімен шектеліп қалмай, қосымша білім көздеріне сүйенуі керек. Географиялық жаңа басылымдарды жинақтау, теледидар арқылы берілетін хабарлпрды бейне таспаға түсіріп отыру, аудандық білім сайыстарына қатысу, басқа мектептің оқушыларымен байланыста болу, т. с. с.
2. Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, ғылыми-зерттеу жұмыстарына араластыру, дарынды оқушылармен жұмыс.
Жалпы білім беретін мектептегі барлық оқушы бірден өзіндік ізденіс жұмысымен айналыса алмайды. Шығармашылық жұмыспен айналысатын баланың өз бойында туа біткен дарыны болуы шарт немесе пәнге деген қызығушылығы басым болуы керек. Оқушының шығармашылық қабілетін іскер де білікті мұғалім ғана ұштай алады. Шығармашылық арқылы ойлауы, қиялдауы, сана-сезімі өседі, нақты біліммен қаруланады. Осы сатыға жету үшін басты назарда оқушының белсенді әрекеті шешуші рөл атқарады.
3. Жаңа ақпараттық технологиялардың көмегімен интернет арқылы қашықтықтан өздігінен білім алуға үйрету.
ХХІ ғасыр - ақпараттық технология ғасырында география сабағы да ақпарттануы керек. География пәнінің мұғалімі информатикадан хабары болуы шарт. Компьютер, интернет жүйесімен байланысқа түсу керек. Бұл жүйе әлемді ғылыми орталықтандыруға, кітапхана ақпараттарына кіруге, өздігінен білім алуға, ой-өрісінің өсуіне, квалификацияның жоғарлауына жағдай туғызады.
4. Оқу үрдісін ізгілендіре отырап оқытудың дамыту функциясына басты назар аудару, жаңа технологияны пайдалану.
Оқытудың жаңа технологиясы оқушының іс-әрекетінің жоспарланған нәтижесіне жетуді қарастыратын жаңа әдістердің жиынтығынан туады. Оның бұрынғы белгілі дәстүрлі оқыту технологиясынан айрықша ерекшелігі мынандай: оқушының интеллектуальды дамуы аз уақыт ішінде қабылдау дәрежесінің жоғары мөлшеріне жетуіне бағытталғандығы; оқушы мен оқытушының белсенділігі сайма-сай болуы;
мұғалім мен шәкірттің өзара қарым-қатынасында жауапкершіліктің міндеттілігі; алдыңғы қатарлы ойшылдардың зерттеу жұмыстарын сабақта тиімді пайдалана білу, дамыта оқыту арқылы оқушының ғылымды игеруінде дербестік қасиетін қалыптастыру. Оқушының өз жауапкершілігін өзі түсініп, өзіне қойылған міндетті шешеіп, өз бетінше ізденіп, талдап, өз пікірін, көзқарасын қалыптастыру деңгейіне жету үшін үнемі даму үстінде болуын қадағалау керек. Мұғалімге жаңа міндет жүктеліп, озық педагогикалық бағыт - дамыта оқыту идеясы басшылыққа алынады.
Сабақта дәстүрлі емес сабақ түрлерін тиімді пайдалана білу оқушы белесенділігін арттырады. Дәстүрлі емес сабақ түрлері география сабақтарында әсіресе сарамандық сабақтарда көбірек пайдаланған тиімді.
5. Оқушыларды өлкетану жұмысына тарту, оқу-тәжірибелік, сарамандық жұмысты жетілдіру.
Сабақта алған теориялық білімін жергілікті жерде табиғат пен қоғамның арақатынасын күнделікті зерттегенде өмірде қолдана білу. Психолог ғалымдардың зерттеуі бойынша ауызша тыңдаған сабақтың 30%-ы, көзбен көрген сабақтың 50%-ы, тәжірибе жасаған сабақтың 80%-ы есінде қалады. Осы мақсатта негізгі ескерілетін жайттар, бұл оқу-тәжірибелік, сарамандық жұмыстарды көбінесе сабақта жүргізу қажет. Оқушы білімін бекітуде, өмірде пайдалануда маңызы зор. Оларды бірнеше түрге бөлуге болады: математикалық, экономикалық есептер, шеңберлі, бағанды диаграммалар; графиктер сызу, статистикалық кесте; сурет, карта, глобуспен жұмыс.
6. Сабақты гуманизациялау мен демократияландыру.
Қазақстан Республикасының Білім Заңында мектеп жұмысын кеңінен демократияландыру, гуманизациялау, жариялылық принциптерін жүзеге асыру жолдары көрсетіле келіп, ұстаздың жеке басының адамгершілік қасиеттерінің үлкен орын алатынын атап көрсетті. Ұстаз - білімдарлығы, адамгершілік пен әділдігін, адалдығы мен шыдамдылығы, тапқырлығы мен қамқорлығын оқушы бойына дарытып отырса, білім алуда жақсы жетістікке жетуге болады. «Ұстазына қарай - ұстамы» деген сөз бекер айтылмаса керек. В. А. Сухомлинский: «Оқытушы жұмысының жемісті болуы - балаға жүрек жылуын ұсына отырып, оқыту мәселесін бірінші орынға қойғаны»- деген болатын.
7. Экологиялық-экономикалық білім беру, танымды кеңейту.
Арнайы экологиялық білім мен тәрбие беру ғаламдағы тіршілік құбылыстарының заңдылықтарын түсіндіріп қана қоймай табиғатты қорғауға шақырады.
Экономикалық білім мен танымды қалыптастыру өте күрделі мәселе. Ол үшін статистикалық мәліметтерді; нормативті актілерді; жаңа шыққан заңдарды; қоғамдағы экономикалық өзгерістерді сабақта жүйелі пайдалана білу шарт. Экономикалық түсініктерді жаттап алу немесе бір сәтте игеріп кету мүмкін емес. Экономиканы тікелей өмірдегі мазмұнымен ұштастыра отырып түсіндіру мұғалімнің біліктілігін, дүниетанымының кеңдігін қажет етеді.
1. 2. География пәнінің мақсат-міндеттері.
Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында білім беру жүйесін өзгертудің басты бағыттары қарастырылған.
Жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің жаңа құнды бағыты ретінде оқу пәндері мазмұнын қазіргі заман талабына сай өзгертуді қажет етеді. Білім беру саласын демократияландыру мен ізгілендіру идеясы негізінде мектеп географиясы мазмұнына өзгерістер енгізу болашақта білім берудің мақсат-мазмұнын, оқыту әдістерін жаңартуды талап етуде. Жаңа білім парадигмасы оқушыны оқу процесіндегі басты субъект ретінде қарай отырып, оның кең шығармашылықпен ойлауына мүмкіндік туғызып, бүкіл оқу жүйесін өзгертуді талап етуде.
Қазіргі ғылым мен білім бірдей дамыған егеменді республикамыздағы география ілімінің білім беру технологиясының жаңа сындарын іздеу, ашып көрсету; Әсіресе, географияның ең ірі саласы әлеуметтік және экономикалық география сабақтарын мектепте оқыту саласында сарамандық жұмыстардың түрлерін саралау, тиімділігін ашып көрсету.
Географиялық білім тұжырымдамасы 12 жылдық жалпы орта білім беретін мектептің негізгі бағыттары мен стратегиясын, мақсат-міндеттерін, аталған курстың базалық мазмұны мен құрылымын анықтайтын басты құжат болып табылады.
Білім берудің жаңа парадигмасы «ғылым негіздерін» меңгеруден шегініс жасауды негіздей отырып, оқушылардың біліктілігін қалыптастыруға, білім беру жүйесінің өзгертілуіне, оның бағыттылығын қызметтің субьектісі ретінде оқушылардың қалыптасуын қаматамасыз етуге мүмкіндік береді.
Білім беруді демократияландыру және ізгілендіру идеясының жүйелі дамуы кезінде мектептегі география курсы мазмұнының жаңартылуы оқыту құралдарының мақсат-мазмұнын, әдістерін, түрлерін өзгертуді көздейді.
12 жылдық мектептегі география оқу пәнәнің құрылымы мен мазмұны, оны 6-сыныптан 10-сыныпқа дейін 5 жыл бойы оқытуға есептелген. Географиядан берілетін білім мазмұнын саралау географиялық ойлаудың дамуын, білім, біліктер мен дағдыларын қалыптастыра отырып, курстар арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етуі керек.
География - жаратылыстану және қоғамдық циклдар оқу пәндеріне кіретін жеке дара мектеп пәні болып табылады. Географиядан берілетін білімнің маңыздылығы қоршаған ортаға қатысты оқушылырдың көзқарастары, ұстанымдары, тәртіп нормалары, өмірлік біліктіліктері жүйесін және алған білімдері негізінде табиғи, шаруашылық, әлеуметтік және әр түрлі аумақтардың экологиялық жағдайларын бағалауға қатысты біліктерін қалыптастыруға бағытталумен ерекшелененеді.
ГЕОГРАФИЯ - ( гео - жер, графия - жазамын, сызамын) - табиғи және өндірістік территориялық комплекстерді, олардың компонентерін зерттейтін жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар жүйесі.
Геогрфия ғылым ретінде ежелгі Грекияда туған. Біздің заманымыздан бұрын өмір сүрген грек ғалымы Эратосфен өзінің Жерді сипаттауға арналған еңбегін «география» деп атаған. Ұзақ уақыт бойы география жаңа жерлерді ашып сипаттаумен ғана айналысатын ғылым деп есептелініп келді. ХІХ ғасырдың басында бүкіл Жер шарында ашылмаған жер қалған жоқ. Осыған орай географияның міндеті де өзгерді. Ендігі жерде ол Жер бетіндегі денелер мен құбылыстардың таралуын сипаттап қана қоймай, олардың себебін түсіндіретін гылымға айналды.
Географиядан берілетін білім мақсаттары:
Негізгі мектепте географияны оқыту төмендегідей мақсаттарға жетуге бағытталған:
- негізгі географиялық ұғымдар, географиялық қабық және оның біртұтастығы, табиғат компоненттері мен олардың өзара байланыстары туралы білу;
-жердің көлемі мен пішіні, оның географиялық маңызы. Жердің өз білігінен және күн маңымен айналуы, оның географиялық салдары жайында білу;
- Жер шарының халқы, адамзаттың негізгі нәсілдері, дүние жүзінің саяси картасы, Қазақстанның географиялық жағдайының алуан түрлілігі мен жер аумағының біртұтастығы және әлемдегіорны туралы білімді меңгеру;
- өзінің туған өлкесі мен Отанына деген патриоттық сезімін, қоршаған орта табиғатын қорғауда, оны аялауға, экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
-оқушылырдың табиғат заттары мен табиғи құбылыстар туралы көзқарасын географиялық білім негізінде дамыту;
- әлеуметтік- экономикалық міндеттерді географиялық білім негізінде шешу және географиялық білімді өздігінен меңгере отырып, оны қоғамдық, саяси, мәдени және күнделікті өмірге қолдана білу дағдыларын дарыту;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдана отырып, географиялық есептерді шешу дағдыларын қалыптастыру;
Географиялық білімнің мазмұны:
Мектепте географиялық білім берудің мазмұндық құрылымы:
- Жер заңдылықтарын нақты түсіндіретін ғылыми білім беру;
- географиялық қабық және табиғат кешендері туралы ілім. Географиялық зоналылық туралы ілім.
- географиялық зерттеу әдістері: бақылау, далалық зерттеулер, картографиялық, тарихи, салыстырмалы статистикалық, аэроғарыштық, геожүйені үлгілеу, геоэкологиялық мониторинг;
- жердің құрлысы мен оның кеңістікте біртекті еместігін бейнелейтін табиғи және әлеуметтік-экономикалық объектілер;
- табиғи объектілер. Жер, оның қабықтары. Материктер мен мұхиттар; табиғат белдемдері. Табиғат кешендері.
- әлеуметтік-экономикалық объектілер. Аймақтар, елдер, облыстар, аудандар, өз өлкесі. Әлемдік және аймақтық орталықтар мен аудандар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, ғылыми-ақпараттық, қаржы, сауда, рекрациялық. Табиғи - шаруашылық аудандар;
- жердегі тіршілік барысын анықтайтын процестер мен құбылыстар;
- табиғи процестер. Жердің өз білігінен және Күн маңын айналуы, оның салдары;
- табиғаттағы су айналымы. Тірі организмдердің жер бетінде таралуы;
- ауа райы мен климаттың өзгерісі;
- жер бетіндегі тараған негізгі нәсілдер мен халықтар, тіл мен діни ағымдар.
Жер шары халқының өсуі. Демографиялық саясат. Ішкі және сыртқы миграция. Урбандалу.
- адамзаттың өмір сүруі мен өмірлік танымын көрсететін материалдық және рухани мәдениет құндылықтары;
- адамның шаруашылық әрекеті, оның қоршаған ортаға бейімделуінің басты құралы;
- қазақ халқының қоршаған ортаға қарым-қатынасы ерекшеліктерінің сипаттамасы және оның ұлт мәдениетіндегі көрінісі;
- қазіргі заман географиясы, оның алуан түрлілігі мен біртұтастығы;
- аумақтық табиғи жүйелер, халық пен шаруашылықтың бірлесе дамуы;
- әлемдік шаруашылық пен ұлттық шаруашылықтың өзара байланысы. Елдер шаруашылықтарының мамандандандырыылуы және аумақтық құрылымы. Елдер типологиясы;
- Қазақстан Еуразия орталығында орналасқан мемлекет ретінде. Қазақстан және әлемдік қоғамдастық;
- адамзаттың жаһандық проблемалары. Адамзаттың табиғи және мәдени мұраларын сақтау.
Біліктілігі:
Сонымен қатар оқушылар географиялық объектілер мен құбылыстардың басты ерекшеліктерін ажыратып, сипаттап-түсіндіру;
- жергілікті жерді бағдарлауды: план және карта бойынша ара қашықтықты, нүктелердің абсолюттік және салыстырмалы биіктіктерін анықтау; географиялық объектілердің географиялық координаты мен географиялық орнын анықтау; карта бойынша бағдарлау, Картаны, ғарыштық, аэрофотосуреттер мен статистикалық материалдарды оқу;
- Жердің Күн жүйесіндегі орнын басқа ғаламшарлармен салыстыру; жыл мезгілдерінің алмасу заңдылықтарын түсіндіру;
- пайдалы қазбалар мен тау жыныстары және минералдардың құрылымын; литосфера және гидросфера объектілеріне бақылау жасап, жергілікті жерде және карта бойынша сипаттау; ауа райына бақылау жасап, оны сипаттау; ауа райы мен климатқа сипаттама беру үшін синоптикалық және климаттық карталарды оқу; өсімдік және жануарлар дүниесін жергілікті жер бойынша және карта арқылы сипаттау;
- жер шарының географиялық зоналық заңдылығына географиялық карта бойынша сипаттама беру;
- табиғат ресурстарын пайдалану, оны қорғау, қоршаған ортаның Адам баласы тұрмыс-тіршілігіне және щның мәдениетәнәң қалыптасуына тигізетін әсерін сипаттау;
- дүние жүзі елдерін және оның астаналарын саяси картадан көрсету;
- ғаламдық проблемемалардың себептерін ажыратып, географиялық және түрлі ғылыми ақпараттар көздеріне (картографиялық, статистикалық және геоинформатикалық) сүйене отырып, оларды шешеу жобасын жасау;
- Қазақстанның экономикалық аудандарын, маманданған салаларын, ірі өнеркәсіп орындарын, негізгі коммуникация орталықтарын және сыртқы экономикалық байланыстарын ажыратып, айта білу;
- өз өлкесінің республика аумағындағы географиялық орнына сипаттама беру;
- қазақ халқының қоршаған орта туралы дүниетанымдық мәдени мұрасын ғылыми біліммен сабақтастыра білу біліктілігін меңгерулері керек
1. 3. Жаңа оқыту технологиясы.
Еліміз тәуелсіздік алғалы жас қауымға мемлекет тарапынан көп көңіл бөлініп жатқандығы айқын сезіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 науырыздағы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Жолдауында және Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы №1459 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Оеспубликасында білім беруді дмытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашылық тұрғыдан шешуге, кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге, оның нәтижелері үшін жауап беруге қабілетті кәсіби құзіреттіжеке тұлғаны, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруге назар салып айтқан болатын.
«Білім берудегі жаңа технология» АҚШ-та 40-жылдары пайда болды. Алғашқы кезде жаңа техникалық құрал жабдықтарды (инженерлік ақыл-ойдың жетістіктерін) оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану мағанасында қолданылып жүрді. Кейінірек «Оқыту технологиясы» дегеніміз ғылым мен техниканың жетістіктері негізінде оқыту қызметін оңайландыру мағанасы ие болды.
Қазіргі уақытта «педагогикалық технология» оқытушының практикалық қызметіне іске асатын (моделі) . Қазір дүние жүзінде оқытудың тиімді жолдары мен жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру жүріп жатыр. Солардың бірі үздіксіз географиялық білім беру, оның алдына қойған негізгі мақсаты:
Біріншіден, адамдардың өмірінің әр түрлі кезеңдерінде үздіксіз білім алуға жағдай жасау;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz