Бизнес тиімділігін бағалаудың маңызы мен негіздері
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І тарау. Бизнес тиімділігін бағалаудың маңызы мен негіздері.
1.1. Бизнесті категориялдық талдау негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Аудиттелетін бизнестің тиімділігін бағалалау критерийлері ... ... 11
2. Тарау. Бизнестік аудитінің әдістемесі және оны кешенді талдау
2.1. Бизнес тиімділігі операциондық аудитінің әдістемесі ... ... ... ... ...18
2.2. Бизнес ұйымдардың өтімділігі мен қаржы тұрақтылығын бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
2.3. Кәсіпорындардың қаржылық жағдайын кешенді бағалау ... ... ... ..27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32

Кіріспе
Экономикалық әдебиетте табыс (пайда) әкелетін іс-қызметтің кез келген түрі сияқты «бизнес» (ағылш. «business») ұғымын түсіндіру кең қанат жайған. Алайда басқа пікірлер де жоқ емес. Мысалы, кейбір зерттеушілер «бизнес» сөзінің американдық шығу тегі бар («busy» - «шұғылдану» түрінен) деп санайды. Уақыт өте келе мағынасына қарай әр түрлі мәнге ие бола бастаған: іс, жұмыс, кәсіп, мамандық, мәміле, кәсіпкерлік, іскерлік топтар, компаниялар, еңбекақы көзі және т.б. «бизнес» ұғымының өрісін кеңейтіп тұр. Байқағанымыздай «бизнес» сөзі өте күрделі және көп жақты категория туралы түсінік береді. Сондықтан оны түсіндіру белгілі бір шектеулі талдауларды талап етеді.
Кең мағынасында категориалды сараптама (гректің «kate-goria» - айтылғандар, белгі) - зерттелетін объектінің әр түрлі жақтарын нақтылы-ғылыми категориялардың элементі негізінде қарастырылатын «бизнестің» экономикалық іс-әрекетін шынайы тану тәсілі.
Бүгінгі таңдағы түсінік бойынша, бизнес - жұмыспен қамту және қызмет көрсетуде өнім өндіріп, өткізуде табиғи игілікті өндіруші кәсіпорындар мен ұйымдардың, сондай-ақ пысық адамдардың коммерциялық ісі болып табылады. Басқаша айтсақ, бизнес - пайда келтіру немесе қайсыбір материалдық пайда табу мақсатындағы шаруашылық жүргізуші субъектінің кәсібі, жұмыстың нәтижесі немесе іс-әрекеттің басқадай түрлері.
Табыс немесе материалдық пайда әкелмейтін іс-әрекет немесе басқа қызмет «хобби», қайырымдылық қызмет, көмек көрсету, материалдық және ақшалай қаржыны сыйлау мен беру, жай уақыт өткізу, бос уақытты пайдалану және т.с.с. болып түсіндіріледі.
«Бизнес» және «кәсіпкерлік» ұғымы бір-бірімен тығыз байланысты. Көбіне оларды синоним ретінде қолданады. Бұл дұрыс емес, өйткені бұл ұғымдардың мазмұны жағынан көп айырмашылықтары бар. Кәсіпкерлік - жұмыс және қызмет көрсетудің, өнімнің жаңа түрлерін игеру мен шығару үшін мүмкіндіктерді жүзеге асыруда ізденіспен, тәуекелмен бел байлаушы жаңашыл, творчестволық және бастамашыл шаруашылық іс-әрекет ретінде түсіндіріледі. Бұрын-соңды болмаған немесе өзгелердің қолынан шықпаған бар жаңаны ізденуші іскер адамдарды ғана кәсіпкер деп есептеуге болады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. Д.О. Абленов. «Аудит негіздері» Алматы.: «Экономика», 2005ж.
2 С К Егембердиева, З К Дюсембаева,К Ш Дюсембаев. ‘’Аудит и анализ финансовой отчетности’’ Алматы’’ қаржы-қаражат 1998.
3.Құнтөлеуов А , Жұмахметов. С. Адиттің айтары көп , Аудиттің қызметі туралы ‘’ Қаржы – қаражат ‘’ – 1998 . № 11
4. А . А Сәтмырзаев, Б. Е. Укашев. Аудит теориясы.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І тарау. Бизнес тиімділігін бағалаудың маңызы мен негіздері.
1.1. Бизнесті категориялдық талдау
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..5
1.2. Аудиттелетін бизнестің тиімділігін бағалалау
критерийлері ... ... 11
2. Тарау. Бизнестік аудитінің әдістемесі және оны кешенді талдау
2.1. Бизнес тиімділігі операциондық аудитінің
әдістемесі ... ... ... ... ...18
2.2. Бизнес ұйымдардың өтімділігі мен қаржы тұрақтылығын
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.3. Кәсіпорындардың қаржылық жағдайын кешенді бағалау ... ... ... ..27
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 31
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
Кіріспе
Экономикалық әдебиетте табыс (пайда) әкелетін іс-қызметтің кез келген
түрі сияқты бизнес (ағылш. business) ұғымын түсіндіру кең қанат жайған.
Алайда басқа пікірлер де жоқ емес. Мысалы, кейбір зерттеушілер бизнес
сөзінің американдық шығу тегі бар (busy - шұғылдану түрінен) деп
санайды. Уақыт өте келе мағынасына қарай әр түрлі мәнге ие бола бастаған:
іс, жұмыс, кәсіп, мамандық, мәміле, кәсіпкерлік, іскерлік топтар,
компаниялар, еңбекақы көзі және т.б. бизнес ұғымының өрісін кеңейтіп тұр.
Байқағанымыздай бизнес сөзі өте күрделі және көп жақты категория туралы
түсінік береді. Сондықтан оны түсіндіру белгілі бір шектеулі талдауларды
талап етеді.
Кең мағынасында категориалды сараптама (гректің kate-goria -
айтылғандар, белгі) - зерттелетін объектінің әр түрлі жақтарын нақтылы-
ғылыми категориялардың элементі негізінде қарастырылатын бизнестің
экономикалық іс-әрекетін шынайы тану тәсілі.
Бүгінгі таңдағы түсінік бойынша, бизнес - жұмыспен қамту және қызмет
көрсетуде өнім өндіріп, өткізуде табиғи игілікті өндіруші кәсіпорындар мен
ұйымдардың, сондай-ақ пысық адамдардың коммерциялық ісі болып табылады.
Басқаша айтсақ, бизнес - пайда келтіру немесе қайсыбір материалдық пайда
табу мақсатындағы шаруашылық жүргізуші субъектінің кәсібі, жұмыстың
нәтижесі немесе іс-әрекеттің басқадай түрлері.
Табыс немесе материалдық пайда әкелмейтін іс-әрекет немесе басқа қызмет
хобби, қайырымдылық қызмет, көмек көрсету, материалдық және ақшалай
қаржыны сыйлау мен беру, жай уақыт өткізу, бос уақытты пайдалану және
т.с.с. болып түсіндіріледі.
Бизнес және кәсіпкерлік ұғымы бір-бірімен тығыз байланысты. Көбіне
оларды синоним ретінде қолданады. Бұл дұрыс емес, өйткені бұл ұғымдардың
мазмұны жағынан көп айырмашылықтары бар. Кәсіпкерлік - жұмыс және қызмет
көрсетудің, өнімнің жаңа түрлерін игеру мен шығару үшін мүмкіндіктерді
жүзеге асыруда ізденіспен, тәуекелмен бел байлаушы жаңашыл, творчестволық
және бастамашыл шаруашылық іс-әрекет ретінде түсіндіріледі. Бұрын-соңды
болмаған немесе өзгелердің қолынан шықпаған бар жаңаны ізденуші іскер
адамдарды ғана кәсіпкер деп есептеуге болады.
І Тарау. Бизнес тиімділігін бағалаудың маңызы мен негіздері.
1.1. Бизнесті категориалдық талдаудың негіздері
Творчество, іс-қызметтің жаңа тиімді бағыттарын іздеу мен жүзеге асыру
– кәсіпкерлік пен бизнестің арасындағы негізгі айырмашылық осы. Ендеше
бизнес термин ретінде негізгі мақсат - табыс пен пайда алуда кез келген
күнделікті немесе ең қарапайым іс-әрекетті анықтау үшін қолданылады. Алайда
бұл жағдайлар бизнестің кәсіпкерлік негізінде өркендеп, кең таралуын
шектемейді, керісінше, алға қойылған мақсат - ірі табыс пен мол пайдаға тез
жетуін көздейді.
Категориалдық талдау бизнес ұғымының кәсіпкерлік ұғымынан мазмұны
жағынан ғана емес, қатысушылар құрамы жөнінен де кең екендігін көрсетеді.
Ол нарықтық экономиканың барлык қатысушылары арасындағы қарым-қатынасты
қамтиды және құрамына бизнесмендердің іс-әрекеттерін ғана емес,
тұтынушыларды, серіктестерді, жалдамалы жұмысшыларды, мемлекеттік,
шаруашылық, әлеуметтік және тағы басқа құрылымдардың қызметкерлерін өзіне
тартады. Бизнестің категориалдық талдауының негізгі мақсаттық межесі
қоршаған ортаны жан-жақты зерттеп-білу үшін экономикалық әлеуетті бағалап,
оған барлық қатысушылардың іс-қызметі тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін
айқындауда жатыр. Мұндайда бизнесті танудың ерекше маңызды категориялары:
капитал, жер, өндіріс құралдары, кіріс, шығындар, куат, өнімділік,
тиімділік, үлгі (модель), жағдай, көрсеткіш, ақша ағыны, тәуекелділік,
инвестициялар, каржы, процент, мөлшерлеме, левередж (тұтқаны пайдалану
нәтижесі), опцион, дисконт жэне т.б. қолданылады.
Кез келген адам, топ, ұжым жэне басқа да адамдардың бірлестігі
ұйымдасқан формасы әр түрлі жеке және шағын кәсіпорыннан бастап,
трансұлттық корпорацияларда, компания мен қоғамдастықтарда өз ісін бастай
алады. Олардың жалпы мақсаттары - бизнеске қатысушылардың барлығы тұрмыс
жағдайларын түзеуді қамтамасыз ету, материалдық игіліктер мен басқадай
пайда, табыс алу, кіріс кіргізу.
Бизнестің мақсаты сипатына қарай әр түрлі болуы мүмкін. Категориалдық
талдау олардың ең маңыздыларын бөлуге мүмкіндік береді. Олардың ішінде
келесі негізгі мақсаттардың үлкен мәні бар:
- тұрақты және материалдық игіліктерді алу;
- бизнестің дамуы үшін капитал жинақтау;
- бизнеске катысушылардың өзіндік мүдделерін ескере отырып, қоғам
кажеттіліктерін толық қанағаттандыруға резервтер іздестіру;
- нарықтағы алғы шепті aлy мен ықпал ету өрісін кеңейту;
~ өнімнің, жұмыстың және көрсетілген қызметті өткізу мен өндірістің
оңтайлы жағдайларын жасау;
- бизнеске қатысушылардың талаптарын қанағаттандыру мен мүдделерді
сақтау;
- бизнеске қатысушылардың өз қабілеттерін өздері жүзеге асыру;
- әлеуметтік-экономикалық іс-қызметтің әр түрлі салаларында табыстарға
жету;
- бизнес мәселелерін шешуге творчестволықпен қарауды дамыту;
- ең көп пайда, табыс және материалдық игіліктерді тұрақты алуда
сенімділікті арттыру (27, 29, 110).
Бизнестің нақты мақсаттарына сүйене келе, оның жағдайын экономикалық
бақылау мен кешенді талдаудың тэсілдерін анықтап, міндеттерін қою
атқарылады. Еркін кәсіпкерлік экономикасы жақсы жаққа қарай түбегейлі
өзгерістерге ұшырағанын ескеру қажет. Объективті бақылаусыз, функционалды-
құндық талдаусыз және шаруашылық қызметінің барлық шығындары мен
нәтижелерінің өлшемдестігінсіз, ұсыныстар мен бағалардың, сұраныстың ара
қатынастарын, бәсеке мен экономикалық конъюнктураны есепке ала отырып,
нарықтық тетікті дұрыс қолданусыз тиімді бизнес жайлы сөз болуы мүмкін
емес.
Әртүрлі бөліктер мен элементтерден құралатын экономикалық жүйе ретінде
бизнесті бақылаудың кешенді тәсілі ерекше мәнге ие болады. Сонымен бірге,
шаруашылық жүргізуші субъектілердің іс-қызметіндегі экономикалық, құқықтық,
саяси, әлеуметтік мәдени, географиялық, технологиялық, нарықтық және
салалық жағдайларды қосып, бизнестің, макро-, мезо- және микроорта жағдайын
арнайы талдауға тиісті көңіл бөлу керек. Бизнес жүйесі ретінде экономикалық
қызметтің өзара байланысқан бөліктері мен элементтерінен құралатын, әрбірі
жұмыс істеудің жалпы режимінде өз үлесін қосатын белгілі бір тұтастық
түсіндіріледі. Бизнес кешенді талдау мен экономикалық талдау объектісі
ретінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің іскерлік байланыстарының
күрделі жүйесі болып табылады. Бизнес жүйесіне әлемдік шаруашылықтың сан
қилы элементтері жэне оның инфрақұрылымы, жеке салалар, ұдайы өндіріс
аймақтары мен процестері, менеджмент, маркетинг, қаржы жэне шаруашылық
жүргізуші субъектілердің іскерлік қатынастарының басқа аспектілері кіруі
мүмкін.
Сонымен бірге, бизнес оған белгілі бір қатысушылардың экономикалық
қарым-қатынастарының жиынтығы болып шығады. Қазіргі бизнестің көптеген
қатысушыларын ірілендірілген 4 топқа бөлуге болады:
1. Кәсіпкерлер - өнімді, жүмысты және көрсетілген қызметті өндіру мен
өткізу жөніндегі өзінің бастамашыл іс-әрекетін жүзеге асыратын
тұлғалар. Олар өз қызметі барысында басқа шаруашылық жүргізуші
субъектілермен іскерлік қарым-қатынасқа түседі, нәтижесінде негізгі
үш компонентке өнім өндірісі, сауда (коммерция) және коммерциялық
делдалдық кіретін кәсіпкерлік бизнес өрісі қалыптасады.
2. Кәсіпкерлер ұсынатын өнімді жеке және ұжымдық тұтынушылар. Бұл
топтың бизнесіне қатысушылардың мүдделері тауарларды алу арқылы және өзара
пайда негізінде өнімді өндірушілер мен сатушылармен қарым-қатынасты ретке
келтіру жолымен жүзеге асады. Өзінің тұтынушылық мүдделерін іске асыра
жүріп, қатысушылардың бұл тобы тұтынушылық бизнес өрісін жасайды.
3. Жалдамалы персонал және олардың кәсіподақтары. Осы іскерлік топтың
мүддесі сатып алатын тауарлар орындалатын жұмыс нәтижесінде және екі жақтың
да пайдалы қарым-қатынасы арқылы жүзеге асады. Қатысушылардың бұл тобы
еңбек бизнесі саласын құрайды.
4. Іс туралы мәмілеге тікелей қатысушы мемлекеттік органдар, мекемелер
мен ұйымдар. Олардың мүдделері тұтастай мемлекеттің де, барлық
азаматтарының да қажеттіліктерін қанағаттандыру максатымен жалпы қоғамдық,
ғылыми-техникалық, өндірістік, әлеуметтік және басқа бағдарламаларды іске
асыру арқылы байқалады. Бүл топ мемлекеттік бизнес өрісін құрайды.
Материалдық өндіріс пен әлеуметтік сала да кіретін, адамдардың әр түрлі
тіршілік әрекеттері бизнес объектілері бола алады. Іс-әрекет өрісіне
байланысты, ең алдымен, өндірістік, коммерциялық және қаржылық бизнестің
арасын айырып, тану керек. Олар бизнестің дербес түрі болып табылады жэне
өзара байланыста, бірін-бірі толықтыруы мүмкін.
Өндірістік бизнес ел экономикасының дамуында маңызды жэне айқындауыш
мәнге ие. Бүл бизнестің күрделі де қиын түрлерінің бірі. Нарықтық
экономикаға өту кезеңінде ТМД елдерінде кәсіпкерлердің кемшілігі бизнестің
коммерциялық саласына басымырақ ұмтылды. Қоғамдағы экономикалық жағдайдың
тұрақтану шамасына қарай өндірістік бизнес кеңейеді және жетекші орынға ие
болады.
Коммерциялық бизнес сату сатып алу және сауда-делдалдық іс-қызмет
бойынша операцияларды өткізуде қалыптасқан тауарлықақша қатынастарын
сипаттайды. Бұл жерде бизнесменге бәсеке деңгейі, нарық конъюктурасы,
өнімнің, жұмыстың және көрсетілетін қызметтің нақты түріне сүраныстың,
ұсыныстың және бағаның арақатынасын анықтауына тура келеді. Нені және қалай
сатып алуды, қашан және қайда сатуды, қандай тауарлар мен қызметтер
сұранысқа ие болатындығын және ең бастысы, пайда әкелетіндігін дәл білу
үшін маркетингтік зерттеулер жүргізу қажет.
Қаржылық бизнес - сату-сатып алу объектілері болып ақша, кұнды қағаздар
мен борыш міндетемелері шығатын коммерциялық қызметтің ерекше түрі.
Валюталық - ақшалық және каржы-несие операцияларын жүргізу шығындарды жабу
мен пайда алу үшін кәсіпкерлік табысты қамтамасыз етуі тиіс. Қаржылық
бизнес валюталык рынок пен кұнды қағаздар рыногын маркетингтік зерттеуге
негізделеді.
Бизнестің кез келген түрі қалыпты жұмыс істеуі үшін тиісті инфрақұрылым
қажет. Бизнес инфрақұрылымы - шаруашылық жүргізуші субъектілердің сан қилы
іскерлік қатынастарын бір тұтас етіп байланыстыратын және жалғайтын ұйымдық-
құқықтық формалардың жиынтығы.
Бизнестің инфрақұрылымының маңызды элементтері мыналар:
- ақпараттық жүйелер, технологиялар мен басқадай қатынас құралдары;
- қаржы-несие жүйесі, банктер мен қор биржалары;
- инвестициялық және зейнетақы қорлары, сақтандыру мен траст
компаниялары;
- сауда-делдалдық ұйымдар, тауарлық шикізатгық биржалар, жәрмеңкелер,
көрмелер мен аукциондар;
- салықтық, кедендік, бақылау және бизнесті мемлекеттік реттеудің басқа
органдары;
- аудиторлық, консалтингтік, жарнамалық және ақпараттық ұйымдар мен
бүқаралық акпарат құралдары;
- бизнеске қатысы бар қоғамдық және мемлекеттік ұйымдар және т.с.с.
Бизнестің көптеген функциялары арасында, әсіресе өндірістік міндеті
ерекше бөлінеді. Өнім өндірісінсіз ештеңе сатылмайды.
Бәсеке деңгейі мен нарық жағдайын (конъюнктурасын) жете білу мүмкін
емес. Нақты өндірістік процесте дара элементтердің: жалдамалы
еңбеккерлердің еңбек капиталы, табиғи ресурстардың, еңбек қүралдарының және
маңызы жағынан еш кем емес төртінші фактор – кәсіпкерлер мен өндірісті
ұйымдастырушылардың жасампаз қызметін біріктіру жүреді. Ұдайы өндіріс
процесінің барлық сатылары ең жақсы нәтижелерге, жоғары табыстарға және
басқа материалдық игіліктерге жету мақсатымен оңтайлы режимде өтуі тиіс.
Бизнестің қазіргі нарықтық тұжырымдамасы бұрынғысынан да өте жоғары
пайданы тез алуға бағытталмаумен, керісінше ұзақ мерзімді пайдалылық пен
біркелкі табыстың түрақтылығына бейімделумен ерекшеленеді. Бәсекенің
қабылдауға боларлықтай мөлшері мен нарық конъюнктурасын баға маркетингі
арқылы байланыстырып, адал бизнесті мемлекеттік реттеу мен ынталандыру
көмегімен үйлестіру оның әлеуметтік мәртебесі мен этикалық деңгейін
арттыруға әкеледі.
Жоғарыда карастырылған жағдаяттардың барлығы экономиканың даму
тенденцияларын тиісті табыс материалдық және рухани игілік алудағы
әділеттілік пен теңдік мүмкіндіктері мен принциптерін сақтау, бизнестің
барлық қатысушыларының демократиялық еркіндік алуы мен бірігуін жағымды
сипаттайды.
Ғалымдар мен маман практиктер - әлемдік экономиканың даму тенденциялары
мен осы кезеңдегі басым фактордың жиынтығының ықпалын айқындай отырып,
өздерінің бизнеске деген көзқарасын қайта қарап, оның жаңа тұжырымдарын
жасап шығаруда. Сонымен бірге нарықтық экономикасы, өнеркәсібі дамыған
елдерде бизнесті ұйымдастырудың түрлері, формалары мен озық тәжірибесі сын
түрғысынан талданады. Мэселен, АҚШ-та, Ұлыбританияда, Германияда бос
уақыттың көбеюі, ішкі фир-малық жоспарлау, жаһандану мен бизнес дамуының
халықаралық аспектілері сияқты факторларға ерекше көңіл бөлінеді.
Қай елдің де экономикалық дамуының әр түрлі кезендерінде бизнес
жағдайына әсер ететін факторлар айқындаушы мәнге ие болады. Қазіргі уақытта
жаңа технологиялар мен өнім түрлерін жасап шығаруға, ұдайы өндіріс
процестерінің тиімділігін арттыруға, фирмалар, елдер мен аймақтар
арасындағы шаруашылық байланыстарды оңтайландыру негізінде бизнестің
жаһандануына баса назар аударылады.
Бизнесті кеңейту жағдайларын қарастырғанда ұдайы өндірістік процестің
барлық сатыларында ұтымды қолданылуы тиіс табиғи, еңбек және материалдық
ресурстар сияқты факторлар бірінші деңгейлі мәнге ие. Нақ осы жерде
бизнеске қатысушылардың барлығының, өндірісті ұйымдастырушылардың:
кәсіпкерлердің, жалдамалы қызметкерлердің, қаржы-несие мен нарықтық
экономиканың басқа сала еңбеккерлерінің бастамашылдығы мен құзыреттілігі
көрінуі тиіс.
Бизнес беталысының қалыптасып, нығаю жолында мемлекеттік реттеу,
монополия мен инфляцияның ықпалын азайту, кәсіпкерлікті қоғам тарапынан
және оның ұйымдастырушылық-институциональдық құрылымын қолдау сияқты
нарықтық емес факторлар өз ролін атқаруы тиіс. Бизнеске қатысушылар өз
ісінің беріктігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін экономика мен саясатта
болжанбаған құбылыстарды уақтылы және барабар қабылдауға үйренуі тиіс.
1. 2 Аудиттелетін бизнестің тиімділігін бағалаудың критерийлері
Аудиторлық қызмет (2-19) саласындағы халықаралық және отандық құқықтық-
нормативтік акті талаптарына сәйкес жыл сайын тексеруге жататын, шаруашылық
жүргізетін субъектілер тізбесі елеулі түрде кеңейді:
- халықтық акционерлік қоғамның ұйымдастыру-құқықтық формалары бар
компаниялар;
- табиғи монополия субъектілері;
- банктер мен басқа кредиттік мекемелер;
- жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерін басқару жөніндегі
компаниялар, инвестициялық қорлар;
- сақтандыру ұйымдары мен өзара сақтандыру қоғамдары;
- тауарлық және қор биржалары;
- ҚР заңнамаларында карастырылған, заңды және жеке тұлғалар жасайтын
міндетті аударымдар қаржы кұрау көзі болып шығатын бюджеттен тыс қорлар;
- заңды және жеке түлғалардың ерікті аударымдары қаржы кұрау көздері
болып қызмет ететін қайырымдылық пен басқадай (инвестициялық) қорлар;
- ұсталымдар, егер жарғылық капиталда шетелдік инвесторларға тиесілі
үлес бар болса, мөлшеріне қарамастан.
Тексеру объектісін бағалау корсеткіштер жүйесі мен арнайы өлшем-
белгілер (критерийлер), ғылыми негізделген тәсілдерді анықтау операциондық
аудиттің әдістемесін жасаудың басты мәселелері болып саналады. Егер
қаржылық есептеме аудиті үшін бухгалтерлік есеп пен аудит жөніндегі
халықаралық стандарттар мен басқа нормативтік құжаттарда көрсетілген
принциптер, критерийлер мен көрсеткіштер белгіленсе, онда операциондық
аудит үшін объектінің жағдайлары мен бизнестің тиімділігін бағалаудың
мұндай кұралдары мен критерийлерін жасау өте күрделі мәселе.
Экономикалық әдебиетте (34, 36, 39, 78 жэне т.б.) операциондық аудит
пен клиент бизнесінің тиімділігін талдауды атқару процесінде қолданылатын
белгі - өлшемдерді анықтаудың кейбір тәсілдері, алғы шарттары мен көздері
ғана белгіленген. Бизнестің тиімділігін бағалау критерийлерін жасау үшін
пайдалануға болатын маңызды көздерге мыналар жатады:
• өткен кезеңдердегі өзгерістерді бағалау негізінде бизнесті басқарудың
калыптасқан сипаттамасы;
• сол саладағы, аймақтағы немесе халықаралык деңгейдегі бизнесті
ұйымдастыру жағдайының салыстармалы тиімділігі;
• ұлттық экономика мен әлемдік шаруашылықтың нақтылы салаларында
қолданылатын бизнестің техникалық, технологиялық, сапалық және басқадай
стандарттары мен тиімділік нормалары.
Объективті белгілерді әзірлеу көп шығындар тұрғысынан қарағанда,
күрделі және мақсатқа сәйкес емес болған жағдайда, оларды талқылау мен
келісу жолымен алады. Бұл процеске тартылған тараптар мыналар болуы тиіс:
кәсіпорынның әкімшілігі, қойылған міндетті шешуге мүдделі үшінші тұлғалар
мен аудиторлар. Материалдық өндірістің нақты саласындағы бизнестің
тиімділігін бағалау белгісі болып шаруашылық жүргізуші субъектілердің іс-
қызметінің қаржы-экономикалық тұрақтылығының және іскер белсенділігінің,
табыстылығының көрсеткіштері мен сапалық нормалары қызмет етеді.
Біз А.А. Тереховтің Шаруашылық іс-қызмет тиімділігінің операциондық
аудиті объективті қажеттілік болғандықтан, бұрынғы КСРО-да үнемі бар
болған деген көзқарасына қосыламыз. Соның ішінде, ол негізгі жұмыс орны
тиісті ҒЗИ мен жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу секторлары болған
жоғары білікті ғалымдар, экономистер, бухгалтерлер және басқа мамандар
орындаған көптеген сан алуандығы мен көлемі жағынан зор ғылыми-зерттеу
жұмыстарына сүйенеді. Мұндай жұмысты бұрын орындаған ғалымдар мен
мамандардың көбі нарықтық экономикаға өту кезеңінің басында аудитор,
кеңесші, талдаушы және сарапшы болып қайта маманданды, сондай-ақ өздерінің
аудиторлық, консалтингтік және сарапшылық-талдамалық фирмаларын құрды (40,
87-6.).
Дж. К. Робертсон (36), Э.А. Аренс және Дж. К. Лоббек (39), А.Д. Шеремет
және В.П. Суйц (42), К.Ш. Дюсембаев (44), М.С. Ержанов (47), К. Друри (54),
Э.С. Хендриксен жэне М.Ф. Ван Бреда (58), Л.А. Бернстайн (73) сияқты
белгілі шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектерінде жалпы аудитті
ұйымдастырудың, шаруашылық жүргізуші объектілерді қаржылық есеп беру мен
қаржылық талдау аудитінің әдіснамалық проблемалары қаралады. Алайда, оларда
бизнестің қаржы-экономикалық талдауы мен кешенді операциондық аудитті
немесе шаруашылық жүргізуші субъекті іс-қызмет түрлері ұйымдастыру
мәселелеріне арналған арнайы бөлім мен немесе жеке эдістеме жоқ.
Осыған орай, бизнестің тиімділігіне қаржы-экономикалық талдау мен
кешенді операциондық аудитті ұйымдастырудың тетіктерін анықтауға объективті
қиындықтар бар. Мұндай жағдайды ескере отырып, транзиттік экономикадағы
шаруашылық жүргізуші субъектілердің іс-қызметінің тиімділігін талдау мен
кешенді операциондық аудит өткізудің жалпы технологиясын әзірлеудің
әдіснамалық проблемаларына ерекше көңіл бөлу қажет. Операциондық аудит пен
бизнесті қаржы-экономикалық талдау түрлерінің, мақсаттары мен бағыттарының
сан алуандығы бухгалтерлік есеп, аудит, каржы, эккаунтинг, менеджмент,
контроллинг, маркетинг, микроэкономика, статистика, қолданбалы математика,
ақпараттық жүйелер мен технологиялар (31-79 және т.б.) саласындағы іргелі,
қолданбалы және ізашар әзірлемелерді творчестволық пен қолдануға негіз
ретінде алуға мүмкіндік береді.
Соңғы уақытта ұлттық экономиканың әр түрлі буындарында пайда болған
көптеген қаржылық қиындықтар жете зерттелген нормаларды, компанияның
экономикалық әлеуетін басқару стандарттарын, тетіктерін іс жүзінде
атқарудағы кемшіліктермен тікелей немесе жанама байланысты. Мысалы,
активтерді басқарудағы кемшіліктер, эсіресе, дағдарысты ахуалдарда бөлінеді
жэне төленбеген төлемдердің өсуімен, қаржылық жағдайдың нашарлауымен
бейнеленді, бүл әрбір шаруашылық жүргізуші субъект үшін күн талабындағы
мәселе болып табылады. Компанияның өтемділік және тұрақты қаржылық жағдайы
шарттарының бірі - оның ағымдағы активтерінің жеткілікті мөлшерде болуы.
Операциондық аудит тек бухгалтерлік ақпаратпен ғана шектелмейді,
өйткені оның аясында ішкі бақылау, ұйымдастырушылық құрылым, жабдықтау,
компанияның өндірісі мен қаржылық-өткізушілік қызметі жағдайын бағалау
жасалады. Іс-тәжірибе бизнестің операциондық аудиті шаруашылық
операцияларын бухгалтерлік есеп ережелері мен стандарттарына сәйкестігін
бағалау процедураларына қарағанда, әлдеқайда күрделі екендігін көрсетті.
Операциондық аудит пен контроллингтің байланысы анығырақ көрінеді, өйткені
контроллинг көбінесе компания іс-қызметінің түпкілікті нәтижелеріне
тәсілдерінің арнайы кешенді, яғни оның табыстылығын басқару жүйесі ретінде
белгіленеді (51, 63, 78).
Операциондық аудитті жүргізгенде есеп саясатын жүзеге асырудың және
компанияның іс-қызметін басқарудың қолданыстағы жүйесінің дұрыстығын
бағалауға көп көңіл бөлінеді. Операциондық аудиттің негізгі мақсаттары
тұрғысынан, нақтылай айтқанда, тиімділік пен өнімділікті зерттеу
көзқарасында есеп саясатының да, шаруашылық жүргізуші субъектінің ішкі
бақылау жүйесінің де эсері мен тиімділігін ажырату қажеттілігі туындайды.
А.А. Ветровтың пайымдауынша, есеп саясатының өнімділігі қойылған
мақсаттарға жетуді, ал тиімдірек - белгілі бір нәтижелікке жету үшін
қолданылатын ресурстар немесе қаржылық құралдар. Компанияның есеп
саясатының операциондық аудиті дебиторлық және кредиторлық борышты немесе
ақшаның жалпы жетпеуін айқындап қана қоймай, жаңалықты енгізу жөнінде
ұсыныстар беруі тиіс (78, 6-7-66.).
Егер қаржылық есептеме аудитінде тексеру ауқымын белгілеу ішкі
шаруашылық бақылау жүйесін бағалаудың басты мақсаты болып саналса, ал
операциондық аудит үшін мақсат бақылау жүйесінің тиімділігі мен өнімділігін
бағалауда клиенттің бақылаушылық мезеттерін қаржылык үшін де, операциондық
аудит үшін де бір тәсілмен анықтауға болады, алайда, бұл бағалаудың
мақсаттары әр түрлі операциондық аудитор өнімді өткізу бойынша фактуралар
мен кітап шоттары көшірмелерін (дубликаттарын) тексере келе актив
қозғалысын ішкі шаруашылық бақылау тиімді жасалатындығын, бұл кәсіпорын
контрагенттердің мүдделеріне қысым жасалу - жасамауын және олардың
айналымдылығын тездетуді қаншалықты қамтамасыз ететіндігін анықтай алады.
Қаржылық аудитор ішкі шаруашылық бақылауды бағалау бойынша дәл осындай
операцияны орын-дайды, дегенмен оның негізгі мақсаты - бақылау аясын
тарылту немесе қаржылық есептілікті тексеру мерзімдерін қысқарту.
Қаржылық есеп беру аудиті үшін ішкі шаруашылық бақылауды бағалау
қаржылық есептіліктің дәлдігіне әсер ететін сұрақтарға жауап берумен
шектелген, ал операциялық аудитте бақылаудың кез келген түрінің өнімділікке
әсер немесе өндірісті ұйымдастырудың немесе барлық ресурстарды қолданудың
тиімділігі қарастырылады. Мысалы, ұйымдастырушылық аудиті шегінде есеп
саясатын, қажеттіліктерді анықтаудың дұрыстығын, экономикалық ресурстарды
ішкі шаруашылық бақылау жүйесі жағдайын тексеруге болады. Функционалды
аудиттің көмегімен сатып алу циклінен бастап, өнімді, жұмысты және
көрсетілетін қызметті өткізу циклімен аяқталатын, активтерді олардың
қозғалысындағы әрбір саты бойынша басқару тиімділігі анықталады. Арнайы
операциондық аудит пен қаржы-экономикалық талдау тәсілдері факторлардың
әсерін тереңдетіп ашып көрсетуге және тұтастай кәсіпорын іс-қызметінің
тиімділігін арттыру жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.
Есеп саясатын қалыптастыру үшін шаруашылық операцияларын белгілеудің,
активтерді, міндеттемелерді және іс-қызмет нәтижелерін бағалаудың баламалы
әдістеріне жол беретін бухгалтерлік есеп стандарттары база ретінде қызмет
ететіні белгілі. Сондықтан ұйымдастырушылық аудитті өткізгенде саясаты
қаншалықты дұрыс жасалғанын тексеріп, бизнестің тиімділігіне ықпал жасайтын
аспектілеріне сипаттау беру керек. Осыдан кейін субъектінің өндірістік
ресурстарға қажеттілігін айқындауда қол-данылатын тәсілдер, нормалар мен
нормативтердің озаттығы мен негізділігін бағалауға кіріскен жөн.
Кәсіпорынның шаруашылық құралдарына ағымдағы және келешектегі
қажеттілігінің ұйымдастырушылық аудит оның белгілі бір сәтіндегі каржылық
жағдайын жалпы бағалаудан басталды. Ең алдымен, активтердің жағдайы мен
құрылымы, міндетемелер мен капитал, кредиторлық пен дебиторлық берешектер
арасындағы арақатынас, сосын анықталған арақатынастар қолайлы ма, әлде
қолайсыз екендігін бағалау қажет. Бүл үшін экономикалық эдебиетте үш әдіс:
шамамен бағалау, өткен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz