Әкімшілік құқық бұзушылықтың ұғымы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе2

Әкімшілік құқық бұзушылықтың ұғымы3

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы4

Құқық бұзушылықтың объектісі және обьективтік жағы4

Құқық бұзушылықтың субъектісі және субъективтік жағы6

Әкімшілік жауаптылықтың ұғымы және белгілері9

Қолданылған әдебиеттер тізімі13

Кіріспе

Бұл агенттік Президенте тікелей бағынысты және есеп беретін, мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Оның құқықтық мәртебесі Президенттің 1999 жылға 3 желтоқсандағы N280 Жарлығымен бекітілген осы Агенттік туралы ережеде қаралған.

Агенттіктің өкілеттіктері "Мемлекеттік қызмет туралы" заңның 5-бабында тұжырымдалған.

Агенттіктің аумақтық бөлімшелері өз қызметін Агенттік белгілеген құзірет шегінде жүзеге асырады.

Мемлекеттік органдардың кадр қызметі мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет өткеруіне байланысты мемлекеттік органдардын шешімдерін ресімдейді, қызметшілердің жеке істерін жүргізеді; мемлекеттік қызметшілердің заңда белгіленген шектеулерді қабылдауы туралы келісімін жазбаша белгілейді және олардың сақталуын бақылайды; уәкілетті органга ұсыну үшін бос лауазымдар тізімін, оларды жинақтау жөнінде етініндер және өзге де қажетті ақпарат дайындайды; мемлекеттік қызметшілерді оқытуды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады; заңдарда белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2001 жылғы 30-қаңтарда қабылданған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің /ӘҚБтК/ ерекше бөлігінде көзделген құқық бұзушылық, құрамының барлық бөлімдері бар әрекет жасау әкімшілік жауаптылықтың негіз болып табылады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың ұғымы

Әкімшілік құқық бұзушылық азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне зиян келтіретін жене құқыққа қарсы әрекет болып табылады. Әкімшілік жауаптылыққа әкеп соқтыратын нақты әкімшілік құқық бұзушылықтардың түрлері ӘҚБтК-тің Ерекше бөлігінің 80-537-баптарында қаралған. Бұл құқықтық нормалармен қаралмаған әрекеттерді әкімшілік құқық бузушылық деп санауға болмайды, сондықтан олар әкімшілік жауаптылыққа әкеп соқтыруы мүмкін емес. Оларға ұқсас қылмыстардан әкімшілік құқық бұзушылық тек өзінің аз дәрежедегі қоғамдық қауіптілігімен ажыратылады, сондықтан әкімшілік деликтердің қоғамдық қауіптілігі туралы емес, зиян келтіретіні туралы жиі айтылады.

Құқыққа қарсылық пен қоғамға қауіптіліктен басқа, әкімшілік құқық бұзушылықтың міндетті белгілері әрекеттің кінәлілігі және жазаланушылығы болып табылады. Кінәлілік құқық бұзушының қасақана немесе абайсызда өз еркімен әдейі жасаған әрекетін білдіреді. Ұйымның кінәсі оның лауазымды адамдарының немесе өкілдерінің кінәсіне қарай анықталады. Құқық бузушылықтың жазаланушылығы - бұл оны жасаған үшін ӘҚБтК-пен көзделген әкімшілік жауаптылық ӘҚБтК-тің 9-бабында осы Кодексте белгіленген негіздер мен тәртіптен басқа жағдайларда, ешкім де әкімшілік жазаға, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына ұшыратылуға тиіс емес деп белгіленген.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы

Әкімшілік құқық бұзушылықты құрамы - бұл заңдық элементтердің жиынтығы, солар болған жағдайда әрекет әкімшілік құқық бұзушылық болып саналады да әкімшілік жауаптылық туындайды.

Басқаша айтқанда, бұзушының әрекетінде белгілі бір заңдық элементтер болған жағдайда ғана әкімшілік жауаптылыққа жатады. Мұндай аисмсштср әкімшілік құқық бұзушылықтың объектісі, объективтік жағы, субьекткі және субъективтік жағы болып табылады.

Құқық бұзушылықтың объектісі және обьективтік жағы

Әкімшілік құқық бұзушылықтың объектісі бұл сол, ол неге /не нәрсеге/ қол сұғады, ол қандай қоғамдық қатынастарды бұзады. Жалпы объект ӘҚБтК-тің 7 және 28-баптарында айқындалған. Олардың мазмұнынан шығатын негізгі қортынды, мұндай объект әкімшілік жауаптылықтың шараларымен қорғалатын мемлекеттік басқару аясындағы қоғамдық қатынастар болып табылады. Бұған қоса мынаны айту керек, шындығында әкімшілік құқық бұзушылық, сондай-ақ әкімшілік құқықтық құралдармен қорғалатын, өзге де қоғамдық қатынастарға қол сұғады /мысалы, конституциялық, еңбек, қаржылық құқықтармен реттелінетін/.

Демек, әкімшілік құқық бұзушылықтың объектісі әкімшілік жауаптылықтың шараларымен қорғалатын кез келген қоғамдық қатынас болып табылады. Мұны ӘҚБтК-тің Ерекше бөлігі тарауларының аттары дәлелдейді /мысалы, жеке адамның құқықтарына, меншікке, кәсіпкерлік қызмет жүргізудің тәртібіне, қоршаған ортаны қорғауға, басқарудың белгіленген тәртібіне және басқаларға қол сұғушылық/.

Әкімшілік құқық бұзушылықтық накты объектілері де бар. Олар жөнінде ӘҚБтК-тің Ерекше бөлігінің қандай да бір бабының мазмұнынан білуге болады. Мысалы, 373-бап митингілер, шерулер және т. с. с. ұйымдастыру мен өткізудің тәртібін бұзған үшін жауаптылық қараған.

Міне осы аталған құқық бұзушылықтың нақты объектісі болып табылады.

Объективтік жағы әкімшілік құқық бұзушылық объектісіне бағытталған құқыққа қарсы әрекет, яғни іс-әрекет немесе әрекетсіздік, оның сипаты, сондай-ақ оны жасаудың /немесе жасамаудың/ жағдайы.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың көпшілігі іс-әрекеттерден көрініс табады. Әкімшілік жазалауға жататын әрекетсіздікке мысал ретінде лауазымды адамның соттың жеке ұйғарымын, қаулы, сын қарамай қалдыруын айтуға болады /ӘҚБтК-тің 5206/.

Объективтік жақтын элементі ретінде болатын жағдайлар әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың уақытын, тәсілін ескеруді болжайды. Мысалы, ӘҚБтК-тің 298-бабында аң аулау ережелерін, сондай-ақ жануарлар дүниесін пайдаланудың басқа да түрлерін жүзеге асыру ережелерін /тиісті рұқсатсыз немесе тыйым салынған жерлерде, иә болмаса тыйым салынған уақытта, тыйым салынған қарулармен немесе тәсілдермен/ бұзу туралы айтылған. Сондай-ақ құқық бұзушылықтың бірнеше рет болуы ескеріледі. Мысалы, бір адам екі немесе одан да көп әкімшілік құқық бұзушылық жасауы мүмкін. Объективтік жағы сосын, бір адамның бір жыл ішінде қайталап құқық бұзушылық жасауын ескереді.

Құқық бұзушылықтың субъектісі және субъективтік жағы

Субъект - бұл әкімшілік құқық бұзушылық, жасаған жеке немесе заңды тұлға. Мұнан басқа, арнайы субъектілер - лауазымды адамдар, әскери қызметшілер, шетел азаматтары бөлінеді.

ӘКБтК бойынша ақылcыз дұрыс, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде 16 жасқа толған адам әкімшілік жауаптылыққа жатады, Салыстыру үшін айта кетейік, қылмыстық жауаптылық 14 жастан болуы мүмкін.

16-дан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адаадар әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда. Оларға әкімшілік жаза тағайындалуы не тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары немесе олардың орнындағы адамдар оларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін дәлелді себептерсіз орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

Заңды тұлғалар мемлекеттік және мемлекеттік емес коммерциялық жэне коммерциялық емес ұйымдар. Жеке адамға әкімшілік жаза қолдану заңды тұлғаны осы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылықтан босатпайды, сол сияқты заңды тұлғаның әкімшілік жауапқа тартылуы да кінәлі жеке адамды жауаптылықтан босатпайды. ӘҚБтК-та заңды тұлғалардың жасайтын құқық бұзушылықтарының құрамы қаралмаған. Бірақ заңды тұлға осы Кодекстің Ерекше бөлігінде тікелей көзделген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылықта болуға тиіс.

Лауазымды адам қызметтік міндеттерін орыңдамауына немесе тиісті дәрежеде орындамауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда әкімшілік жауаптылыққа тартылады. Мұндай мән-жайлар болмаған кезде әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуына кінәлі лауазымды адам жалпы негіздерде жауаптылықта болады.

Ұйымдық билік немесе әкімшілік шаруашылық міндеттерді орындауға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке кәсіпкер де лауазымды адам ретінде әкімшілік жауаптылықта болады.

Әскери қызметшілер мен әскери ұжымда жүрген азаматтар, прокурорлар, ішкі істер органдарының, қаржы полициясы мен кеден органдарының қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық үшін тәртіптік жарғылар бойынша және қызмет өтеу тәртібін регламенттейтін өзге де актілерге сәйкес жауаптылықта болады.

Бірақ олар ҚР-ның Мемлекеттік шекарасы режимін, санитарлық заңдарды, өрт қауіпсіздігінің талаптарын, жолда жүру ережелерін, аң аулау, балық аулау ережелерін, табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғаудың басқа да ережелері мен нормаларын бұзғаны үшін жалпы негіздер бойынша әкімшілік жауаптылықта болады. Мұндай жағдайлар жөнінде де белгілі бір шектеулер белгіленген. Оларға кейбір әкімшілік жазаларды /мысалы, әкімшілік қамауға алуды/, ал шақыру бойынша әскери қызметін өтеп жүрген адамдарға әкімшілік айыппұл салуды қолдануға болмайды.

Дипломатиялық иммунитетпен жене қорғанышпен пайдаланатын шетелдіктерден басқа шетел азаматтары, шетелдік заңды тұлғалар және азаматтығы жоқ адамдар жалпы негіздер бойынша әкімшілік жауаптылықтың субъектілері болып табылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық құрамының субъективтік жағы - бұл кінә, яғни адамның өзі жасаған құқыққа қарсы әрекетіне және мүмкін болатын оның салдарларына психикалық /рухани/ көзқарасы. Кінә қасақаналық немесе абайсыздық нысанында көрініс табуы мүмкін.

Әкімшілік құқық бұзушылық, егер оны жасаған адам өзінің іс-әрекетінің /әрекетсіздігінің/ құқыққа қарсы сипатын сезінсе, залалды салдарын алдын ала білсе және осы салдардың туындауын қаласа немесе оған саналы түрде жол берсе не оларға немқұрайды қараса, қасақана жасалған деп танылады /ӘҚБтК-тің 29-бабы/.

Әкімшілік құқық бұзушылық, егеp оны жасаған адам өзінің іс-әрекетінің/әрекетсіздігінің/ заңды салдарының туындау мүмкіндігін алдын ала білсе, бірақ жеткілікті негізсіз оның алдын алуға болады деп ұшқары ойласа, не тиісті назар салған жене ескерген жағдайда оның алдын алуға болса да осындай салдардың туындау мүмкіндігін алдын ала білмесе абайсызда жасалды деп танылады.

Сонымен, егер адамның әрекетінде заң элементтерінің төртеуінің жиынтығы бар деп табылатын болды, онда ол әкімшілік жауаптылыққа тартылады. Көрсетілген элементтердің ең болмағанда біреуінің болмауы бұзушы әкімшілік жауаптылыққа тартуға мумкіндік бермейді.

Әкімшілік жауаптылықтың ұғымы және белгілері

Әкімшілік жауаптылық өкілетті мемлекеттік органның /лауазымды адамның/ әкімшілік құқықтың қолданылып жүрген нормаларымен қоршаған нақты әкімшілік-құқықтық санкцияларды құқық бұзушылықтың ерекше түрін әкімшілік құқық, бұзушылық жасаған кінәсі жеке және заңды тұлғаларға қолдануынан көрініс табады.

Сонымен, әкімшілік жауаптылықтың шараларына жазалаушылық функциясы тәнді, бұл олардың жалпы және жеке дара ескерту /алдын алу/ маңызын жоққа шығармайды.

Әкімшілік жауаптылықтың өзінің норматывтік құқықтық базасы бар. Қазіргі кезде оны регламенттейтін негізгі нормалар ӘҚВтК-те жинақталған.

Кодекстің Жалпы бөлігінде әкімшілік жауаптылықтың субъектілері /адам жене заңды тұлға/ айқындалған, әкімшілік жауаптылыққа тартудың шарттары, әкімшілік жазалардың түрлері мен оларды қолданудың тәртібі және т. б. қаралған. Кодекстің Ерекше бөлігінде қол сұғылатын объектілерге және мемлекет қызметінің аяларына қарай әкімшілік құқық бұзушылықтың нақты құрамдары бар. Ерекше бөліктің баптарымен құқық бұзушылық құрамдарының әрқайсысы үшін санкциялар белгіленген, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізу реттелінген.

Әкімшілік жауаптылықтың мақсаттары ӘҚБтК-пен айқындалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың міндеттерінен туындайды.

Олар адамның жеке басын, адам мен азаматтың құқықтары мек бостандықтарын, халықтың денсаулыгы мен санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын, қоғамдық имандылықты, меншікті, қоршаған органы, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың белгіленген тәртібін, қоғамдық тәртіпті, заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің құқықтарын әкімшілік құқық бұзушылықтан қорғаудан, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алудан тұрады. Осы мақсаттарға сәйкес ӘҚБтК-те нақты әкімшілік құқық бұзушылықтардың құрамдары тұжырымдалған.

Әкімшілік жауаптылық жалпы міндетті болып табылатын ережелерді, яғни олардың реттеушілік ықпалына тап болатын барлық жеке және заңды тұлғаларга таратылатын, бұзған немесе ақтамаған жағдайларда туындайды. Олар әр түрлі, негізінен арнайы сипаты болады. Бұл, мысалы, стандартизациялау; есеп және статистика; қозғалыс қауіпсіздігі мен көлік құралдарын пайдалану; әскери есеп; шекаралық режим; контрабандамен күрес; валюта айналымы және басқалар туралы ережелер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік құқықтың пәнінен дәрістер
Әкімшілік құқық бұзушылық
Әкімшілік құқық бұзушылық – әкімшілік жауаптылық негізі: ұғымы, ерекшеліктері
Әкімшілік құқық бұзушылықтың ұғымы және белгілері
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін тағайындалатын жауаптылық
Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін заңды жауапкершілік
Әкімшілік жауапкершілік ұғымы және оның ерекшеліктері
Құқық бұзушылық істеген адамның тікелей әрекетінен зиянды зардаптың болуы
Әкімшілік құқықтың рөлі мен маңызы
Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауапкершілік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz