Қазақстандағы табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау



Кіріспе

I.бөлім. Қазақстандағы табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау
1.1Қазақстанның табиғат ресурстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7.8
1.2.Қазақстанның ішкі сулары және су ресурстары ... ... ... ... ... .9.10
1.3Қоршаған ортаны қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.4Топырақты қорғау жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12.13
1.5Қазақстан Республикасының қорықтары ... ... ... ... ... ... ... ... .14.21
1.6Батыс Қазақстан облысының табиғат . қорығы қоры нысандары
1.7Қазақстанның «Қызыл кітабы»

II. бөлім. Экономикалық бөлім.
2.1 Егістік жерлерді есепке алу бойынша жерге орналастыру жұмыстарының өндірісі
2.2 Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығы төлемдерін әзірлеу
2.3 Ауылдың елді мекендер территориясына жерлік. шаруашылық орналастыру жобасын жасау
2.4 Жерге құқық жөніндегі құжаттарды әзірлеу,жер бөліп беру бойынша жұмыстардың өндірісі,тұрғылықты жерге жер учаскесінің шекараларын жасау

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

БҚОББ Орал газ,мұнай және салалық технологиялар колледжі
МКҚК

Е.Э.П. ПЦК-сы

Курстық жұмыс

Пәні: Ауыл шаруашылық өндірістің экономикасы және
ұйымдастырылуы.

Тақырыбы: Қазақстандағы табиғи ресурстар және қоршаған
ортаны қорғау

Орындаған:СТ-631
топ студенті

Шутанов Н.Т.
Тексерген:
оқытушысы

Кенжегалиева Г.А.

Орал-2009 ж.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .4-6

I-бөлім. Қазақстандағы табиғи ресурстар және қоршаған ортаны
қорғау

1.1Қазақстанның табиғат
ресурстары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...7-8
1.2.Қазақстанның ішкі сулары және су ресурстары ... ... ... ... ... .9-10
1.3Қоршаған ортаны
қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.4Топырақты қорғау
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12-13
1.5Қазақстан Республикасының қорықтары ... ... ... ... ... ... .. ... ...14-
21
1.6Батыс Қазақстан облысының табиғат – қорығы қоры

нысандары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...22-24
1.7Қазақстанның Қызыл
кітабы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

II- бөлім. Экономикалық бөлім.

2.1 Егістік жерлерді есепке алу бойынша жерге
орналастыру жұмыстарының
өндірісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
2.2 Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге
жер салығы төлемдерін
әзірлеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
2.3 Ауылдың елді мекендер территориясына жерлік-
шаруашылық орналастыру жобасын жасау ... ... ... ... ... ... ... 29
2.4 Жерге құқық жөніндегі құжаттарды әзірлеу,жер бөліп
беру бойынша жұмыстардың өндірісі,тұрғылықты
жерге жер учаскесінің шекараларын жасау ... ... ... ... ... ... ... 30

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .31-32
Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33

I-Бөлім

Қазақстандағы табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау

Кіріспе
Сұлулықты,көркемдікті түсіне білудің өзі үлкен эстетикалық тәрбие күші.
Ұшқан құс, жүгірген аң, өзен-көл,тау-тас, өсімдіктер дүниесі-бәрі де адамға
ләззат береді.Ес білгеннен бастап ата-анасының, үлкендердің өне бойы айтып
отыратын өсиеттерімен тәрбиеленген ұрпақ өзі де табиғатқа нұқсан
келтірмейді және өзгеге де жол бермейді.
(Ш.Уәлиханов)

Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше маңызға
ие болып отыр.Жер шарындағы халық санының жедел өсуі және көптеген елдердің
индустриалды дамуы табиғй ресурстарды пайдалануды еселеп арттырып,адамның
табиғатқа әсерінің көлемін өсіре түсуде.
Соңғы жылдары пайдалы қазба қорларының азаюы, жер бетінен өсімдік
және жануарлардың көптеген түрлерінің жойылуы,сондай –ақ табиғй ортаның
шектен тыс ластануы айрықша белең алып отыр.Кейбір елдерде әсіресе дамыған
елдерде қоршаған орта жағдайының нашарлағаны соншалық, адамдардың
деңсаулығы төмендей бастады.Осының бәрі қоғамдағы қоршаған ортаны қорғау
мәселесіне ерекше көңіл бөлуге, табиғатты сақтау және қалпына келтіру
мәселелерімен нақтырақ айналасуға,сондай-ақ оның қорларын тиімді
пайдалануға итермелейді.Табиғаттың өзгертуді қаламайтындығы белгілі.Ондағы
өзгерістер баяу, байқаусыз өтеді,өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі қалпына
келтіру үдерістері ұзаққа созылады.
Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында қоғам мен табиғаттың өзара
қарым-қатынасында жаңа сападағы жағдай қалыптасты.
Материалдық өндірістің көлемі еселеп өсіп,шикізатты өндіру барған
сайын артты,дүниежүзілікк мұхит пен қазба байлықтар
жеделдетіліп игерілді.Ғылыми техникалық прогресс нәтижесінде
жасалынған табиғатқа әсер етудің ұлан-ғайыр мүмкіндіктерімен
құралдары және адам баласының өсіп отырған қажеттіліктері
табиғат ресурстарын, оларды планетадағы жалпы қорымен бара-бар мөлшерде
пайдалануға алып келді.Жер бетінің өзгеруі ауқымы
дауылдар,су тасқындыры,жаңартаулар атқылаулары,зілзала
сияқты табиғи құбылыстардың нәтижесімен тепе-тең, тіпті, олардан асып
түсетіндей жағдайға келді.
Қазіргі ғылым мен техниканыңжетістіктері адам баласына табиғи ортаны
сақтау мен оның ластануына жол бермеуге,қамқорлық танытуға мүмкіндік
береді.
Мүндай мүмкіндіктердің бірнешеуі төмендегідей:
-табиғи ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік беретін аз қалдықты немесе
қалдықсыз технологияны жаппай өндіріске ендіру және ортаның ластануын
барынша азайту;

-су шығынын едәуір азайтуға мүмкіндік беретін өндірісті сумен жабдықтаудың
қайтымды және тұйық айналымдарын кең қолдану;

-топырақтағы ылғалдың жиналуын,атмосфералық ауадағы газдардың тепе-теңдігін
сақтауға мүмкіндік беретін орман алқаптарының сақталуы және қалпына
келтірілуі;

-жылу мен энергияның дәстүрлі көздерінің атмосферадағы көмірқышқыл
газының жиналуы мен климаттық өзгеруінің алдын алуға мүмкіндік беретін
табиғи көздерімен алмастырылуы болып табылады.

Табиғаттағы кез келген ірі антропогендік өзгеріс қоршаған ортаға
зиян.Қоршаған ортаның тұрақты табиғи экожүйесі-күрделі жүйе.Себебі,оны
ұйымдастырудың тәсілдерін табиғаттың өзі көп жылдар бойы эволюция арқылы
сұрыптаған.Мысалы;егер оның өнімдері қажеттілігін таппаса,табиғатта
ешқандай органикалық заттар синтезделмейді.

Бүкіл дүниежүзілік экожүйе-біртұтас нәрсе.Оның шнңберінде ұту немесе
жоғалту болған емес, су оңтүстіктен солтүстікке ауысады,егіннің көбеюі
орманның азаюына әкеліп соғады.табиғат адам баласына өзінін байлығын
төлеусіз береді деген теріс пиғыл апатқа әкеліп соғады.Оған тың жерлерді
игеру,ядролық қопарылыс, тыңайтқыштарды пайдалану, ормандарды кесу,т.б.
мысалдарды жатқызуға болады.

1.1Қазақстанның табиғат ресурстары
Табиғат ресурстарына адам пайдаланатын және материалдық игіліктерді
жасау үшін қолданылатын табиғат объектілері жатады.Табиғат ресурстарын
бірнеше белгілері бойынша жіктейді.Олар:атмосфералық, су, өсімдіктер,
жануарлар, топырақ, қазба байлықтары, энергетикалық және т.б. болып
бөлінеді. Оларға ең алдымен таусылмайтын ресурстар жатады.Бұл ресурстарды
пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерлері айтарлықтай
емес.Адам олардың толық пайдалануға мүмкіндік беретін жолдарын жасау
керек.Сондай-ақ, қалпына келетін ресурстарды пайдаланудың болашағы бар.
Таусылатын ресурстарға жақын кезенде немесе болашақта қорының таусылу
қаупі төніп тұрған заттар жатады.Бұларға қазба байлықтары мен тірі табиғат
ресурстары жатады.
Таусылмайтын ресурстарға шексіз ұзақ уақыт пайдалануға болатын
ресурстар жатады.Мысалы; жел, күн энергиясы, теңіздің толуы мен қайту
энергиялары.Бірақ әрбір ресурс үшін пайдаланудың шегі бар.
Ресурстардың ішінде судың орны ерекше. Су ластану нәтижесінде уақытша
сарқылады,бірақ сандық жағынан сарқылмайтын ресурс.Жердің су қорының
түрлері арасында таралуы әр түрлі болуы мүмкін.
Дүние жүзінің ¾ бөлігін су алып жатыр.Су-баға жетпес табиғат байлығы.
Жер жүзіндегі барлық тіршілік суға байланысты. Сусыз тіршілік болуы
мүмкін емес.Ол зат алмасу процесі-барлық органикалық өмірдің негізі екені
белгілі.Су адам және жануарлар денесінде міндетті түрде кездесетін құрамдас
бөлік.Жануарлардың жалпы салмағының 45-70%-ы, ал адам мен жануарлар
ұрықтарының 97% -ы судан тұрады.Сондықтанда денедегі судың өзгеруі ағзаға
тіклей әсер етеді.Егер денедегі судың өзгеруі ағзаға тікелей әсер
етеді.Егер денедегі судың 20-25%-ының азаюы адамды өлтіріп жіберуі
мүмкін.Кейбір жануарлар мысалы; балықтар,киттер,құндыздар,т.б. тек қана
суда өмір сүреді.
Ауа-райы өте ысыған кезде 35-40 градусқа жеткенде адамдар мен
жануарлар денедегі судың азаюын ауыр сезінеді.Бұл жағдайда ағзаға керекті
су мөлшері 2-3 есе өседі.Судың ағзаға жетпеуі ас қорыту процесінің
бұзылуына,қандағы судың азаюына әкеліп соқтырады.Сапалы тұщы судың болуы
–адамның деңсаулығы мен жануарлардың өсуіндегі, олардың өнімділігін
көтерудегі басты шарттарының бірі.
Халық шарушылығына қажетті тұщы су көзі тек қана адамдар мен
жануарлардың ішуі үшін емес,жер суаруда да, өнеркәсіпті дамытуда да,барлық
технологиялық процестерді жүзеге асыруда да пайдаланылады.
Су –ландшафтың қаны деп текке айтылмаған.сусыз ландшафта ешқандай өмір
болуы мүмкін емес.
Ал мұхиттардың, теңіздердің суларын шарушылықта, оның ішінде ауыз су
керегіне пайдалану болашақтың ісі.Республикамызда су тұшытқыш станция
әзірше Ақтау қаласында ғана бар.Республикамызда тұщы су қорының көп
пайдаланылуы азайып бара жатқан тұщы су қондырғыларын көбейтуді қажет
етеді.Себебі,қоғамымызда тұщы су пайдалану жыл сайын өсіп келеді.Ал егін
шаруашылығының тұщы суға қажеттіліг бұдан әлдеқайда көп,әсіресе жүгері мен
күріш өсіруге өте көп су керек.

1.2 Қазақстанның ішкі сулары және су ресурстары

Өзен жүйелері және өзен алқаптары.Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты 85
мың өзен бар.Олардың ішінде 7 өзеннің (Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Сырдария,
Іле, Шу,) ұзындығы 1000 км-ден асады.
Республиканың барлық өзендері Солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық
көлдер алаптарына жатады.Екі алап арасындағысуайрық Сауыр-Тарбағатай тау
жүйесінің қырқасы мен Сарыарқа,Торғай үстірті арқылы өтіп, Оңтүстік Оралға
тіреледі.
Солтүстік Мұзды мұхит алабы өзендерінің су ағыны тұрақты келеді.Бұл
алқапқа жататын өзен-Ертіс (Есіл және Тобыл салаларымен).
Республика өзендерінің едәуір бөлігі ішкі тұйық алапқа жатады,олар
көлдерге барып құяды.Бұл көлдердің ірілері-Каспий,Арал, теңіздері және
Балқаш көлі.Ішкі алапқа ұсақ көлдерге құятын,құмға барып сіңіп
кететін,сондай-ақ уақытша ағатын өзендер де жатады.
Оңтүстік және Орталық өзендерге:Қазақстанның оңтүстік бөлігінің
өзендері жатады.Өзендер жол зонасында орналасқан және өзен торы
сирек.Бастылары-Сырдария,Арыс саласы мен Шу, Сарысу, Торғай,Ырғыз, Талас
өзендері.Бұлардың ішінде сырдариядан басқасы Арал теңізіне жетпей құмға
сініп кетеді немесе шағын көлдерге барып бітеді.
Батыс Қазақстан өзендеріне:Жайық,жем, Сағыз,Ойыл,Үлкен Шаған және Кіші
өзен және олардың салалары жатады.
Қазақстан өзендерінің жасы әр түрлі.Жазық бөлігінің өзен жүйелері
ескі, өзінің даму сатысының кезеңінен өтуде.Сондықтан жазықтардағы
өзендердің аңғарлары жақсытүзілген, әрі кең болып келеді.Бұл өзендерде
тереңдік эрозиясы баяу,ал бүйірлік эрозиясы күшті болады.Таулы аймақтардың
өзендері тарихы жағынан жас ,өз дамуының бастапқы кезеңінен өтуде.Бұлардың
бойлық қимасы тік, құламалы келеді,яғни қалыптасып бітпеген.Өзендердің
тереңдік эрозиясы жылдам да ,бүйірлік эрозиясы
баяу.
Қазақстан өзендерінің екінші ерекшелігі-оның аймағы бойынша әркелкі
таралуы.Жазық-аласа таулы бөлікте өзен торының жиілігі солтүстіктен
оңтүстікке қарай кеми береді.
Жауын-шашын көбірек түсетін орманды дала және дала зоналары өзенге
бай.Республиканың солтүстігінде өзен торының жиілігі әрбір 100 шаршы км-ге
орта есеппен 4-6 км-ден, орталық шөлейт зонада 2-4 км-ден,ал оңтүстік шөл
зонасында 0,5 км-ден келеді.
Қазақстанның биік таулы аймақтарында өзен көп.Алтай,Жоңғар Алатауы
және Тянь-Шань тауларына жауын-шашын мол түседі.Өзен торының жиілігі тау
бөктерлерінде әрбір 100 шаршы км-ден 4-6 км-ге,таудың орта бөлігінде 10-12
кге ,биік тауларда 16-18 кге дейін жетеді.
Топырақ ресурстары жер бетіндегі тіршілікке қажетті ең маңызды алғы
шарттардың бірі болып саналады.Топырақ биосфераның компоненттерінің бірі
ретінде адам,жануарлар мен өсімдіктер үшін биохимиялық орта болып
табылады.Ол энергетикалық сыйымдылығы жоғары,топырақ биоортасы мен адамдар
арасындағы тікелей және жанама әсерлерді сақтап тұрады.Топырақтың табиғи
дене ретіндегі негізгі қызметі:атмосфералық жауын-шашынды жинақтау,су
балансын реттеу,өсімдіктерге қажетті қоректік элемменттерді жинақтау,жер
асты суларын түзу мен тазалығын қамтамасыз ету.

1.3 Қоршаған ортаны қорғау
Қазақстан өзінің жер қойнауы мен танымал,оның байлығы аумағының
геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты.тау түзілуі
кезінде,магмалық жыныстар енгенде және шөгінді жыныстар метаморфталғанда
кендер,түрлі минералдар пайда болады.

Қазақстан қазір хром, рений, висмут, фтор қоры жағынан дүние жүзінде
бірінші орын алады.Ал темір,хромит,қорғасын,мырыш,вольфра м,
молибден,фосфорит,мыс,калий және кальций қорынан алдыңғы орындардың
бірінде.
Пайдалы қазбалар кен орындары үш топқа бөлінеді:

1)Жанатын пайдалы қазбалар;мұнай,газ және көмір жатады.

2)Кенді пайдалы қазбалар;темір,марганец,хром,никель ,алюминий,мыс,
полиметалдар және алтын
жатады.

3)Кенсіз пайдалы қазбалар;асбест,фосфорит және тұз жатады.

1.4 Топырақты қорғау жолдары

Табиғатты қорғаудың түрлі аспектілерін ескермей жүргізген адамның
шаруашылық іс-әрекеттері қоршаған ортаның ,соның ішінде топырақтың да
ластануына әкеп соғады.
Топырағы бүлінген жерді қайта қалпына келтіруді-рекультивациялау деп
атайды.Бұл кезде шұңқырларды,үйінділерді тегістейді,жер бетіне қалыңдығы 25-
70 см ¼ қарлы топырақ төгеді де,түрлі өсімдіктер егуге қолайлы жағдай
жасайды.
Соңғы жылдары егістік жерлерді, шабындықтарды, жайлымдарды молырақ,
үздіксіз пайдаланудың нәтижесінде топырақ эрозиясы өсіп отыр.Жыл сайын
қосымша жерлер істен шығуда.бұған тойтарыс беру үшін төмендегі шараларды
жүзеге асыру керек:

1)Топырақ эрозиясына қарсы табиғат қорғау ағаштарын
отырғызу,гидротехникалық құрылыстар салу,ауыл шаруашылығында
дақылдарды кезектестіріп отырғызуға көбірек көңіл бөлу.

2)Топырақ қорғайтын көпжылдық шөптер себу.

3)Жер жыртқанда,атмосфералық және ирригациялық жүйелерден келетін

сулардың ағып кетпеуіне қамқорлық жасау.

4)Сайлар мен құмды жерлердің топырағын нығайту мақсатында бұларға
тамыры тереңге кететін,жел эрозиясына бой бермейтін ағаштарды
және
дақылдарды отырғызу.

5)Құмды, тасты жерлерде, тау бөктерлерінде, мал жаюды реттеп отыру.

Топырақ қабаты мынадай негізгі түрлерден тұрады:
Оңтүстік қара топырақ,қоңыр қызғылт,қызғылт,ашық қызғылт және сұр топырақ.
Осы көрсетілген топырақ түрлері белгілі бір табиғат зоналарына немесе
бір зонаның ішкі зоналық бөліктеріне тән.
Топырақты құрастырушы жыныстардың ішінде көбіне-көп ауыр саздақ пен
сазды шөгінділер болады.Ал топырақтың қарашірік қабаты 40-60 см тереңдікке
дейін жетеді.Оный түсі қара сұрғылт болып келеді.Бұл топырақтың құрамында
қарашіріктің органикалықбөлігі 4-6,5% мөлшерінде.
Қоңыр қызғылт топырақ әлсіз карбонатты шөгінділердің үстінде пайда
болады.Жер асты суы 10 м немесе одан әрі тереңдікте жатады.Құнарлы
қабаттың қалыңдығы 49-60 см-ге жетеді.құнарлы органикалық қарашірігі 4-
5,5% -ды құрайды.
Қызғылт топырақ- қоңыр және ашық қызғылт топырақтардың арасында
орналасқан.оның алап жатқан көлемі-934 мың гектар.Бұл топырақтың құрылымы
жеңіл-құм, құмайт, және шөгінді саздан тұрады.Шөп жамылғысында ақ селеулі-
бозды түрі басым.Қарашірік қабатының қалыңдығы 40 см шамасындай,
Органикалық құнарлы
бөлігі 1,5-2,5 %.
Сұр топырақтың ашық қызғылт топырақтан айырмашылығы,қарашірік қабаты
жұқа және түсі ақшыл, құрамында тұздың үлесі көптеу болып келеді.Жер асты
суы бұр ішкі зонада 10-15 метр тереңдікте жатады.
Өсімдіктерден боз, ақ жусан және ақселеу, жауашық қоңырбастың түрлері
кездеседі.Сұр топырақтың қарашірік қабаты 40-50 см-ге дейін жетеді, бірақ
құнарлы Органикалық бөлігі 0,4-0,6 пайыз ғана.Ойпаң жерлердегі сұр
топырақтар ішінде шалғынды сұр топырақ қабаты қалыптасқан.Бұл түрінің
қарашірікті қабаты 60 см-ге дейін жетеді.

1.5 Қазақстан Республикасының қорықтары

Қорықтар-бұл табиғи нысандарды қорғаудың ең жоғарғы
формасы.
Дүние жүзінің қорықтар аумағында қорғау тәртібі,олардың атқаратын
қызметі,негізгібағыты әр елде әр түрлі.
Табиғи ландшафтыны қорғау үшін біздің ғаламшарымыздағы генофондыны
сақтауда,әр түрлі экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуде табиғат
лабораториясына айналған қорықтардың маңызы өте зор. 1983 жылы 1
қаңтардағы есеп бойынша, дүние жүзінің 124 елінде 4 млн км² жер көлемін
алып жатқан 2600-ден астам ірі қорық бар.
Дүние жүзіндегі ең үлкен қорық- Гренландия ұлттық саябағы. Оның жалпы
көлемі-7 млн га.
Адамның іс-әрекетінің салдарынан бұзылмаған табиғи, белгілі бір
географиялық аймақтың қасиеті бар жерлерді табиғат эталоны деп
атайды.Қорықтар өз міндеттерін дұрыс атқаруы үшін сол жерге тән табиғи
жағдайлары болуы керек.қорықтарға адамның іс-әрекеті әсер ете қоймаған
жердің аумақтары кіреді .Ең алдымен жойылып кету қаупі бар ландшафтылар
эталоны, жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемі қорғауға
алынады.Қорықтардың негізгі маңызды қасиеті-табиғат эталонының қорғауға
қорық аумағындағы өзгерістердің адамның қатысынсыз өзімен-өзі жүруі.Егер
қорықтар антропагендік ландшафтылардың ортасында орналасса оған өнеркәсіп
құрылыс және ауыл шаруашылығы жұмыстарының әсері тимеуі үшін 2 километрлік
қорғаныс аймағын жасайды.
Қорық-осы ауданға тән барлық табиғи ландшафтыны табиғи күйінде
қорғауға алынатын жоғарғы санаттағы табиғат аумағы.Қорықта ерекше қорғауды
қажет ететін жойылып бара жатқан өсімдік пен жануарлардың түрлері және өлі
табиғаттың бөлшектері сақталып,қорғалады.Өсімдіктер мен жануарлардың
генофондын сақтаудың нәтижесінде бтогеоценоздың қасиеті мен құрылысы
жайында хабар алынып отырады.
Жануарлар мен өсімдіктердің бағалы түрлерінің жойылып, сиреп бара
жатуы қорықтарды ұйымдастыруға мәжбүр етті.Қорықта саны белгілі бір
дәрежеде көбейген, қорғалған жануардың түрі басқа көршілес жерлерге
таралады.
Біздің елімізде қорықтар ғылыми мекеме болып саналады.Онда жан-жақты
ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Біздің Республикамыз табиғи ресурстарға өте бай.Қазақстанда жоғары
сатыдағы өсімдіктердің 5000-нан астам түрі. Жануарлардың-175, құстардың-
480, бауырымен жорғаушылардың-48, қосмекенділердің-33, балықтың 150 түрі
кездеседі.Міне,бұларды ұқыпты пайдаланумен қатар, қорғап,одан әрі көбейтуге
жағдайлар жасау керек.
Қазір Қазақстан аумағында 9 қорық бар.
1)Ақсу-Жабағылы қорығы.
2)Наурызым қорығы
3)Алматы қорығы
4)Барсакелмес қорығы
5)Қорғалжын қорығы
6)Марқакөл қорығы
7)Үстірт қорығы
8)Батыс Алтай қорығы
9)Алакөл қорығы
Бұл қорықтарда бұрын даламызда мекендеген, соңғы кезде саны азайып
кеткен жабайы жануарлар мен сирек кездесетін өсімдік түрлері қорғалады.
Қорықтарды ұйымдастырудың негізгі мәні мынады;
1)қорық үшін адамның қолы тимеген табиғаттың тамаша жерлері
бөлінеді.

2)онда табиғат кешендері мен бірге сирек кездесетін жануарлар мен
өсімдіктер қорғалатын болады.

3)қорықтар табиғи-географиялық аймақтың үлесі қызметін атқаруы
тиіс.
4)қорықтардағы табиғи процестер өз заңдылығымен жүруі тиіс.

5)жойылып кету қаупі туып тұрған табиғи орындар қроықтар деп
жарияланды.

1)Ақсу-Жабағылы қорығы-ол 1926 жылы Қазақ АССР Халық Комиссарлар
Кеңесінің қаулысы бойынша құрылды.Қазақстан жерінде ең алғаш
ұйымдастырылған қорық.Бұл қорық Шымкент облысының Түлкібас,Ленгір және
Жамбыл облысының аудандары түйіскен Талас Алатауының Өгем,Піскен тауларына
жалғасқан жерінде орналасқан. Ақсу-Жабағылы қорығын ұйымдастырыудағы
негізгі мақсаты-Батыс Тянь-Шань ландшафтын қаз қалпында сақтап,осы тау
жүйесінің табиғат кешендерінің даму заңдылығын зерттеу.
Бұл алқаптың өзіне тән өсімдіктері мен жануарлары түгелдей қорғауға
алынған.Қорық жануарлар түріне де бай, мұнда балықтардың-2,
қосмекенділердің-2,жоғалаушылардың- 9,құстардың-240,ал сүтқоректілердің-42
түрі тіршілік етеді.мұнда қызыл кітапқа тіркелген
сарыжылан,ұлар,сақалтай,бүркіт,ител гі,жұртшы,жыланжегіш,көкқұс,арқар,і лбас,қ
оңыр аю, қозықмай, сусар,көк суыр,сілеусін, т.б. жануарлар
кездеседі.
Қорықтың өсімдіктер дүниесі де сан алуан.Осы өңірде мүктің 80 түрі,
қынаның 60 түрі,күрделі өсімдіктердің 1200- ге жуық түрі,соның ішінде
бұтаның 62 түрі, ағаштың 16 түрі кездеседі.
Жер жағдайының және ауа райының осын құбылмалы жер шарының әр түрлі
ендіктерінде мекендейтін сан алуан аңдар мен құстардың осында шоғырлануына
жағдай туғызған.Мәселен, бұған қорықтағы 42 түрлі аң мен 240 түрлі құстың
ішінен Сібір арқарлары мен тау ешкілерінің ,Орта Азия аюының ,Алтай
маралының тайга көкектері мен тундра торғайларының,гималай бұлбұлы,тағы
басқа да сол сияақты көптеген аңдар мен құстардың қорықтың байырғы
тұрғындарына айналғандығы дәлел бола алады.сонымен қатар қорықта өте
сирек кездесетін аңдар мен құстарда баршылық.Мәселен,Менизбир суыры дүние
жүзінде Ақсу-Жабағылы қорығында кездеседі.Қорықтағы кездесетін
хайуанаттардың ішінде кәсіптік маңызы бар бағалы түрлеріне арқар,
таутеке,елік,марал,қабан,барыс, сусар,қызыл түлкі және қызыл суыр жатады.
Міне, осындай сан алуан ғажайыптары үшін Ақсу-Жабағылы қорығы
халықаралық маңызы бар қорықтардың есебіне енгізілген.

2)Наурызым қорығы-Табиғат зертханасы атанған бұл қорық Қостанай
облысындағы Наурызым және Жетікөл аудандарының аумағында 1934 жылы
ұйымдастырылды.Қорықта гүлді өсімдіктердің 680-нен астам түрі, балықтың-5,
қосмекенділердің-3,жоғалаушылардың- 7,құстардың-215,ал сүтқоректілердің-30
түрі тіршілік етеді.Наурызым көлдері су құстары үшін де өте қолайлы
тіршілік отбасы болып саналады.
Қорықтың жерінде, қарағай,қайың,көктерек және мойыл ағаштары
өседі.Онда ақ қоян,елік,саңырау немесе меееңіреу құр еркін жайылады.Орманға
шектес жерде жусан,боз селеу, бетеге сияақты шөптер,өсімдіктер өсетін жазық
дала жатыр.Мұнда да суыр, ақ қоян,елік,ақ құр өріп жүреді,өте сирек
кездесетін дуадақ және мойыл мен жиде ағаштары анда-санда көзге шалынады.
Қорық байлығының әр алуандағы еліміздің ғаламдарының назарын ерекше
аударып отыр.қорық жерінде ұзақ уақыт бойы бірнеше ғылыми экспедициялар
жұмыс істеді.Қорықтың өзі бір кезде Мәскеу университетінің биолог ғаламдары
мен студанттерінің оқу-тәжірибе өткізуіне тұрақты база болып саналады.

3)Алматы қорығы-Алматы қаласынан 25 км жерде Алатау қойнауында,Талғар
өзендерінің қыйылысында орналасқан.Іле Алатауының орталық бөлігінде биік
таулы алқаптың барлық табиғат байлығын қорғау үшін ұйымдастырылады.Бұл
қорық алғаш рет Іле Алатауындағы Кіші Алматы орман шаруашылығының
аумағында 1931 жылы
ұйымдастырылған.
Қазір қорықтың 89,6 мың га жері бар.Бір-бірінен оқшау жатқан екі
телімнен тұрады.Оның бірі-Іле Алатауының орталық бөлігінде орналасқан
таулы аймақ көлемі 71,7 мың га, екіншісі қалған шөлді аймағы көлемі 17,8
мың га. Осы телімде тамаша табиғат ескерткіші Әнші тау бар.
Алатауға сән беріп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоба нысаны - қоршаған ортаны қорғау
Табиғи ресурстарды пайдалануды және қорғауды мемлекеттік қорғау
Орманның қорғалуы мен пайдаланылуын мемлекеттік басқару
Табиғатты пайдалану мен қорғау негіздері
Республикасының экологиялық жағдай
Өсімдіктер. Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер. Өсімдіктің даму кезеңдері
Жасыл экономиканы дамытудың жеті негізгі бағыттары
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ЖІКТЕМЕСІ МЕН СИПАТТАМАСЫ
Экологиялық туризм дамуында Қазақстанның ерекшеліктері
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Пәндер