Оңтүстік Қaзaқстaн oблысының егіншілік шaруaшылығынa сипaттaмa


Мaзмұны
қoрытынды . . .
пaйдaлaнылғaн әдебиеттер тізімі . . .
41
43
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Оңтүстік Қазақстан - республикадағы суармалы егіншілікпен айналысатын негізгі аудан. Бұл -Қазақстанның бағалы техникалық және дәнді дақылдары - мақта, қант қызылшасы, темекі, күріш, жүгері өсірілетін басты суармалы егіншілікті ауданы. Ол бақ, жүзім және қой өсіру жөнінен бірінші орын алады. Техникалық дақылдарды суару үшін Киров, Арыс-Түркістан, Талас-Асы, Қаратау арналары салынған. Жылуды көп қажет ететін мақта өсіруге Оңтүстік Қазақстан облысы қолайлы, ал күріш Қызылорда облысында өсіріледі. Қант қызылшасы темір жолға жақын Тараз, Мерке, Алматы, Талдықорған аудандарында өсіріледі. Алматы маңында темекі егіледі. Бидай, арпа, тары тәрізді дәнді дақылдар суармайтын жерлерде де өсіріледі. Дәнді дақылдар егісінің 70%-ын күздік бидай құрайды, өйткені қыс біршама жұмсақ, қар көп түседі, сондықтан оны күзде егуге болады. Оңтүстік Қазақстан - ірі бақ және жүзім өсіретін аудан. Тараз, Шымкент алқабында, Арыс пен Келес аңғарында жүзім өсіру күшті дамыған.
Сондай-ақ мұнда мал шаруашылығы қаракөл елтірісі, өте сапалы меринос жүнін өндіру дамыған. Ауыл шаруашылығының өнімдерінің көбі (көкөніс, жеміс) Қазақстантанның басқа аудандарына шығарылады, өйткені көкөніс, жеміс-жидек дақылдары Солтүстік және Шығыс аудандарға қарағанда 1, 5-2 ай ерте піседі.
Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданда тамақ және жеңіл өнеркәсіп салалары өте жақсы дамыған. Аудан жеңіл және тамақ өнеркәсібінің өнімдерін шығарудан да республикада бірінші орын алады. Республика бойынша жеңіл және тамак өнеркәсібі жалпы өнімінің 87%-ы осы ауданның үлесіне тиеді. Бүкіл республика бойынша жеңіл өнеркәсіптің 55%-ы, тамақ өнеркәсібінің 40%-ы Оңтүстік Қазақстанда орналасқан.
Жұмыстың зерттелу дәрежесі. Ғылыми жұмыстарды, арнайы әдебиеттерді, мерзімдік басылымдарды, әдістемелік құралдарды және басқа да жинақ, еңбектерді талдау нәтижесі суармалы егіншілік шаруашылығының мәселелерін зерттеу саласында елеулі, әрі маңызды ғылыми жұмыстардың бар екендігін көрсетті
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. . Дипломдық жұмыстың мақсаты - Оңтүстік Қазақстан облысының егіншілік шаруашылығын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау және ауыл шаруашылығының мақсатында жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселелерін зерттеу.
Зерттеу нысаны. Зерттеу нысаны ретінде Оңтүстік Қазақстан Облысының суармалы егіншілік шаруашылығы алынған.
Зерттеу тақырыбы. Қазақстан территориясындағы егіншілік шаруашылығын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау және ауыл шаруашылығының мақсатында жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселелерін зерттеу.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс- кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында 20 қолданылған әдебиеттер тізімі берілді. Зерттеу жұмысының мазмұнын ашу үшін диплом 3 кестемен жабдықталған. Жұмыстың көлемі 48 бет.
1 ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕГІНШІЛІК ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ мәселелері
- Оңтүстік Қазақстан облысындағы суармалы егіншіліктің су ресурстарымен қамтамасыз етілуі
Оңтүстүстік Қазақстан облысының су ресурстары, Арыс - Сырдарияның оң саласы. Ұзындығы 378 км. Су жинайтын алқабы 14 900 км², Арысқа 91 сала құяды. Ірілері Боралдай, Бадам, Машат, Ақсу өзендері. Арыс өзені Талас Алатауының оңтүстік-батыс беткейіндегі Көлбастау көлінен (1165 м биіктікте ) басталып, жол-жөнекей Боралдай (130 км), Ақсу (133 км), Машат (60 км) т. б өзен суларымен толығады. Тау арасынан шыққан кейін жазықтықпен аяғында да, арнасы кейейді. Қар, жауын сумен қоректенеді, желтоқсанның аяғындақатып, наурыздың бас кезінде мұзды түседі. Орта су шығыны 46, 1 м/сек (Арыс темір жол станциясы тұсында) . Сазан, тобына, аққайраң, шортан және т. б балықтар ауланады. Арыс өзені және оның салалары егіндіеті, бау-бақшаны суаруға, шабынды пен мал жайылмалын суландыруға пайдалынылады. Ондағы шағын ГЭС-термен каналдар бар. 1961 жылы Арыс-Түркістан каналы пайдалануға берілгеннен кейін су шығыны 31 м/сек дейін төмендеді. Өзен суы тығыз, минералдылығы 1г/л-ге дейін. Қырғыстан республикасы мен Жамбыл облысы аймағында өзен ағысын реттеу мақсатында бірнеше бөгет салу құрылысы салдарынан ОҚО-на жыл сайын су аз мөлшерде келуде. Ол өз кезегінде пайдаланатын джер лер мен бақша өнімдерін суғарылуын қысқартады. Айтып өткен һөзендерден басқа Қаратау жотасы баурайына бірнеше су көздері ағады. Жиделі, бесарық, Ермексу, Қорашық, Арыстанды, Шаян, Бөген және т. б. Таудың шыға берісінде төбенің борпылдақ шөнінділерінде, өзеннің ағып шығу ағысы едәуір көлемін жоғалтады (50-60%) , ал жазықтыққа келетін қалғанбөлігі табиғи пішін шабу үшін жайылмалы суаруға тарылады. Кейбір өзендердің тасқын сулары да су қоймаларымен реттеледі. Мысалыға, Бөген, бадам және т. б бөгеттер сияқты.
Сырдария өзені геожүйелерінің оң жағалаулық саласында Келес өзені негізгі өзені болып табылады. Өзеннің жалпы ұзындығы 220 км. Су жинағы ауданы 2, 2 мың км² . Оның су көзлері Қазығұрт тауының оңтүстік баурайы мен Қаражантау жотпсының солтүстіке батыс пен батыс баурайларында орналасқан. Өзеннің негізгі қорегі атмосфералық жауын- шашын болып табылады, аз мөлшерде жер асты сумен қоректенеді. Терреторияның құрылымы жағынан Қаратас тау массивы бөліп тұратын батыс бөлігін Шу-Сарысу ойпаты және шығысын Қылқұм ойпаты алып жатыр. Бұл ойпаттар күшті қатты шөгінділерден құралған. Олардың құрамы палеоеген және бор жастағы су өткізгіш қабаттардрдан қысымсыз төртікттен жоғары қысымды неогенге дейінгі кешендерден тұрады.
Бадам - өзені Қаражантау тау жоталарының баураынан бастау алып солтүстік шығыстан - оңтүстік батысқа бағытталып ағады. Өзнен аңғары Өгем мен Телес өзендерінің аңғары мен шекаралас жатыр. Алғашқы 25 км өзен биік таулы аймақта жіңішке аңғармен өте қатты жылдамдықта, еңіске қарай бағытталып ағады . Бұл бөліктегі өзеннің жалпы еңісі (уклон ) 69 пайыз, шатқалдан шығар деп өзеннің еңіске бағыты бәсеңдейді. Аңғар кеңейе түсіп, арнасы тұрақсыз бола бастайды. Өзеннің орта бөлігінің еңістігі 1, 8 -0, 4 пайыз.
Ағысының алғашқы 25 км. Өзненнің оң жағасынан 5, сол жағасынан 2 кішігірім өзен тармақтарры қабылданды . Бастауынан 42 қашықтықта өзенге оң жағынан өзеннің ірі саласы Доңызтау өзені су жинау алаңы 90 км², ұзындығы 29 км келіп құяды. Бастауынан 46 км - оң жағанан Ленгір өзені ( су жинау алаңы 70 км², ұзындығы 19 км) , 53 км-Тоғыс өзені ( су жинау алаңы 150 км, ұзындығы 34 км ) . 62км- ең ірі және көк сулы саласы Сайрамсу өзені( су жинау алаңы 1060, ұзындығы 76км ) , 1000км - Ақбұлақ өзені және 129 км - ең соңғы саласы Бөржар өзені келіп құйылады.
Жоғарыда келтірілген деректерден біріншіден, Бадам өзеннінің алғашқы 62 км ғана жақсы дамыған өзен тармақтары бар, су жиналу аумағы жоғары жер аймағынан ағып, ал қалған бөлігі өзендер тармағы әлсіз дамыған аймақтарымен ағып өтнтіндігі мен көреміз. Екіншіден, өзнннің барлық тармақ салалары ( тек екеуінен басқа ) өзенге оң жақтан құяды . Қырық км -ден бастап өзеннің сол жақ жағалауы сусыз аймақа айнадады .
Бадамның және оған құятын басқа өзен тармақтарының сулары 135 канал арқылы ( оның ішінде 29 - Бадам өзені, 18- Доңызтау өзені, Леңгірсай-11, Тоғыс -14 Сайрам су -44, Қарабастау-2, Қарсу -2, Ақбұлақ -5, Бөржар -7жер суландыруға және шаруашылыққа қажеттерге жұмсалады.
Өзен негізі көктем суларымен қоректенеді. Көктемде жауын-шашынның мөлшерінің 50 пайызға жуығы құралады. Осы жауын-шашынмен еріген қар суларының жиналуы әсерінен өзенде көктемгі көктемгі су тасқыны болады. Жазғы жауын-шашын мөлшері өте аз болғандықтан, өзеннің қоректенуі үшін маңызы жоқ. Қысқы және күзгі мол жауын-шашындар өзеннің су көлемін салыстырмалы түрде осы мезгілдерде едәуір жақсы деңгейде ұстап тұрады.
Ақсу өзені-Сырдария өзені геожүйелерінің оқ жағалаулық саласын құрайды. Өзен Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби және Сайрам аудандар аумағын ағып өтіп, Арыс өзенннің сол сағасы болып есептеледі. Ұзындығы 133 км. Су жинау алабының аумағы-766 шаршы шақырым. Талас Алатауының солтүстік беткейіндегі 4042 м биіктіктегі мұздықтан басталады. Жоғарғы шатқалдан ағып өтіп, орта тұсындағы аңғардың ені 150-200 м-ге, жайылмачсы 40-50 м-ге жетеді. Негізгі толысу көзі-мұздықтар мен қар суы (70%) . Көпжылдық орташа су шығыныСарқырама ауылы тұсындағы 9, 68 м³/сек. Кей жылдары төменгі ағысына сарқылып қалады. Суы тұщы, минералдығы 200-400мг/л. Ақсу өзенінің алабында Ақсу-Жабағалы қорығы орналасқан. Өзен суы негізінен егістікті және бау-бақшаныв суғаруға пайдаланады.
Көлдері негізінен Сырдария өзенінің сағасында орналасқан. Олар тасыған өзен суларымен және жер асты суларымен толығады. Өзен бассейнінде 43 көл бар, олардың жалпы ауданы 25, 94 мың га. Өзен алаьбында Тұздық, Сарыкөл, Балтакөл, Көккөл және т. б ірілі --ұсақты көлдер көптеп кездеседі. Көлдер негізінен ауыл шаруашылығында және басқа да мақсаттарда пайдаланады. Шошқакөлде (көлемі 8, 6 млн м³) аң, Сарыкөлде (10, 2 млн м³) балық ауланады, Қызылкөл суының (5, 9 м³) емдік мақсатта пайдасы зор. Сонымен қатар өзендегі суқоймалардың жалпы көлемі 98 мыңнан астам гектарды алып жатыр. Оларға Шардара, Бөген, Бадам және т. б жатады. Шардара су бөгені 1965 жылдан бері іске асырылды. Ол Сырдария өзені геожүйелерінің ортаңғы бөлігінде орналасқан. Көлемі -5200 м³, ұзындығы 6000м, орташа тереңдігі 28, 2 м. Көлемі жағынан және ауылшаруашылығы жағынан екінші орныда тұрған Бөген су қоймасы 1967 жылы іске қосылған. Ол Арыс өзенінің бойында орналасқан. Көлемі 370 м³, ұзындығы 5400 м.
- Қазіргі егіншілік шаруашылығындағы минералды тыңайтқыштарды пайдалану мәселелері
Адамзат қоғамының минералды - шикізат ресурстарын пайдаланбай өмір сүруі мүмкін емес. Пайдалы қазбалар қалпына келтірілмейтін ресурстарға жатады. Ал бұл олардың көпшілігінің қорларының уақыт өте келе толығымен таусылуы мүмкін екендігін көрсетеді.
Қазақстан - жердегі минералды - шикізат базасына бай аздапған елдердің бірі. Әлемдегі алынатын 55 түрлі пайдалы қазбалардың ( олардың 29 -ы металдар) Қазақстанда 39 -ы алынады. Аталған пайдалы қазбалардың түрлерін өндіру, қайта өңдеу және байыту процесінде литосфера мен тұтас қоршаған орта жағдайына неғұрлым мұнай, табиғи газ концентраттарын өндіру ықпал етеді. Республикамызда 197 мұнай және газ кен орындары, олардың ішінде 102 мұнай, 29 газ конденсаты, 30 мұнай -газ конденсаты, 6 мұнай -газ, 11 газ конденсаты және 12 газ кен орындары ашылған. Мұнайдың ашылған кен қорлары 3млрд. тоннасы, ал газдың анықталған қорлары 3 трлн. Текше метрді құрайды. Негізгі мұнай мен газды өндіру Батыс Қазақстанда жүзеге асырылады. Онда мұнайдың 90, 4% және газ конденсатының 100% өндіріледі. Бұл регион Қазақстан территориясындағы неғұрлым ластанған және экологиялық жағдайы нашар аудандар қатарына жатады. Тау - кен өндіру өнеркәсәбәнің мұнай өндірі саласы жеке тұрғыдыан алғанда да басымдық маңызға ие ( 2030 жылға қарай мұнай өндіруді жылына қарай 150 млн. т - ға дейін жеткізу болжамын есепке алғанда) .
Тас көмір мен қоңыр көмір өндірудің де экологиялық салдары бар. қоршаған ортаның эколргиялық жағдайына негативті әсер ететін отын ресурстарының басқа түрлерінің ішінен уран рудаларының ірі кен орындарын атап өтейік. Жер қойнауы ресурстарын рационалды пайдалану және қорғау негізінде келесі басымдықтар жатқызылуы тиіс:
- пайдалы қазбалар өндіру технологиясын жетілдіру; бос, өңделген жынысты пайдалану арқылы кен орындарын кешенді түрде өңдеу; пайдалы қазбалар кен орындарын үнемдеп пайдалану олардың іске жарау мерзімін ұзартуға ұмтылу; қажетті жағдайларда сирек кездесетін минералды шикізаттардың орнына басқа нәрсе қолдану; тау -кен орындары игерілген жерлерді кеңінен рекультивациялаужәне т. б.
Жер қойнауын пайдалану мен қорғау тәртібі мен мән жайларын реттейтін және олардың рациональды, кешенді пайдаланылуына және экологиялық зардаптың алдын алуға бағытталған құқықтық нормалар бар. Табиғатты қорғау аясындағы тау -кен игеру қызметі Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қ Р заңымен реттеледі
Минералды тыңайтқыштар, әсіресе фосфор тыңайтқыштарын өндіруде республика ТМД-да алдағы орында. Бұған Жамбыл облысының Қаратау аймағындағы шикізат негізінде жұмыс істейтін Жамбыл суперфосфат зауыты, Шымкент фосфорлы тұздар зауытының үлесі мол. Сондай-ақ фосфор зауыты Ақтөбеде, фосформен қоса азот, калий тыңайтқыштарын өндіретін зауыттар соңғы жылдары Маңғыстауда, Степногорскіде іске қосылды.
Минералды тыңайтқыштарды сөз еткенде, негізгі үш микроэлементтерден (азот, фосфор, калий) басқа өсімдік тіршілігіне өте аз мөлшерде болса да, қажетті микротыңайтқыштар туралы да айта кету қажет. Қазақстан топырағында бұл микроэлементтерден жетіспейтіндері мырыш, молибден, кобальт екендігі анықталып отыр. Осы микроэлементтерді егістіктерге немесе мал жайылымдық жерлерге қолдан енгізген жағдайда, егістіктің өнімі, ал жайылымдағы малдың қоңдылығы жоғары болады. Қазақстан агрохимиктері бұл салада әлі де ізденіс үстінде.
Біз жоғарыда тек минералды тыңайтқыштар туралы сөз еттік. Ал негізінен егіс өнімдеріне тек минералды тыңайтқыштар емес, сонымен қатар тыңайтқыштардың басқа түрлері де көп әсер етеді. Бұл тыңайтқыштар органикалық тыңайтқыштар, соның бір түрі жасыл тыңайтқыштар және бактериялы тыңайтқыштар болып бөлінеді. Органикалық тыңайтқыштардың көп тараған түрлері малдың көңі, көң садырасы, құс саңырағы, шымтезек, компосталған жасыл шөптер.
Органикалық тыңайтқыштарды күрделі немесе кешенді тыңайтқыштар деп те атауға болады. Себебі оның құрамында органикалық заттардан басқа азды-көпті минералды заттар да бар. Органикалық тыңайтқыштардың бір түрі - жоғарыда айтылғандай, жасыл тыңайтқыштар. Жасыл тыңайтқыштар немес сидерация деп, еккен кезде топырақ құнарын көп талап етпей, өніп-өсіп жақсы өнім беретін көпжылдық, не біржылдық шөптерді өсіп-жетіліп тұрған кезінде тамырымен қоса жыртып тастауды айтады. Тыңайтқыштың бұл түрі еліміздің-оңтүстігінде органикалық және азотты заттарға кедей, құрамы жеңіл топырақтарды (құмдақ) органикалық заттармен байыту үшін қолданылады. Бактериялы тыңайтқыштар өзінің атынан-ақ белгілі болғандай, тірі бактериялардан тұрады. Оның себебі: жоғарыда айтқанымыздай, топырақ түзу процесіне, оның құнарлылығына микроорганизмдердің, оның ішінде бактериялардың маңызы өте күшті. Тіпті кейбір бактериялар түрлері бұршақ тұқымдас өсімдіктер ішінде (тамырында) түйіртпекті (клубни) болып өсіп ауадан бос азотты өз денесіне жинап, топырақтың тыңаюына көп “қолқабыс” тигізеді. Топырақ құрамындағы органикалық заттарды да ыдыратып, оны өсімдіктер үшін сіңімді қоректік заттарға айналдыратын да осы микроорганизмдер. Табиғи жағдайда көбінде топырақ микроорганизмдері топырақта өзінше өсе бермейді. Осы жағдайларды күшейту үшін топыраққа бактериялы препараттардың ішінен нитрагин, азотбактерин мен фосфорбактерин т. б. енгізеді.
Сонымен егістік жерлерге тыңайтқыштар енгізу мөселесі оңай шаруа емес. Бұған ұқыптылық пен сауаттылық қажет. Міне, осыларды ескере отырып, үкіметіміз егістікті химияландыру жұмыстарын тиімді жүргізу үшін барлық облыстарда, аудандарда арнайы химияландыру басқармаларын ұйымдастырған. Мәселе осылардың қолқабысын тиімді пайдалану.
2 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ЖЕРЛЕРДІ тиімді пайдалану жолдары
2. 1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану еркшеліктері
''Иелі жер - киелі'' деген сөз бар. Ендігі мәселе мекен етіп отырған жерімізді тазалығы одан дұрыс өнім алу өзімізге байланысты екені даусыз. Қай жеріміз егіншілікке жарамды, қай жеріміз мал шаруашылығына қажет, шаруашылыққа пайдаланбай, табиғи күйінде сақталатын жеріміз қайсы, осыны білу, оны адам баласының игілігі үшін дұрыс пайдалана білу, оны ұрпағымызға дұрыс жеткізу де біздің парызымыз. Сонда бұл игілікті істі неден бастау керек деген заңды сұрақ туады. Біздің ойымызша, ең алдымен республикамыздың экологиясы бұзылған жерлерді қалпына келтіру, құрғақ, шөлді жерді суару, сортаң жерлерді мелиорациялау тағы басқа шаралардан бастау керек.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану құрылымдары бойынша 27, 7% шаруа қожалықтарына, 67, 4% мемлекеттік емес заңды тұлғалардың үлесіне тиіп отыр. Шаруашылықты басқару реформалары бойынша ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерді пайдалану бөлінісін аудандар мен қалалар бойынша есептелініп шығарылып тұрады. Іс әрекеттегі мелиоративтік жүйелердің техникалық жағдайы мен инжинерлік деңгейі барлық жағдайларда қойылатын талаптар сәйкес келе бермейді. Қазір егістік алқаптарды түгендеу (инвентаризация) жұмыстарының аса қажеттілігі туындап отыр. Түгендеудің негізгі мақсаттары : егістік жерлердің жалпы көлемі мен пайдалану көлемдерінің шынайы картинасын ашу, оның мелиоративтік жағдайы мен суландыру жүйесінің техникалық мінездемесін анықтау, егістік жерлерді пайдаланудың тиімділігін арттырудың іс шарасын әзірлеу мен оны іске асыру және суландыру жүйесінің жағдайын жақсарту.
Жер адамзаттың ауыл шаруашылық қызметінің негізі болып табылады. Оларды азық -түлік ресурстарын мақсатында жақсарту бірнеше принциптік жағдайларды сақтауды талап етеді. ауыл шаруашылығындағы техникалық прогресс деп бұрынырақта ауыспалы егісті енгізу минералды тыңайтқыштарды қолдану, күшті техниканы қолдану деп есептелесе, қазір топырақ қабатында химиялық, механикалық және басқалай кері әсер ететін жағдайларды азайта отырып, өнімділікті көбейтетін техника мен технология элементтеріне көп көңіл бөлінеді. Ауыл шаруашылық еңбек бөліндісінің үздіксіз процесі, жеке тауар өндірушілердің мамандану дәрежесі және өндірістің интенсивтілігі өсу жағдайына ауыл шаруашылық жерлерін мақсатты пайдаланудың мәні өсуде. Астық өсірудің өнуі, мақта, күріш, күнбағыс, жүгері және жүзім өсіруге арнайы аймақтардың бөлінуі, табиғи жеміс өсіру аймағын құру, егістікті пайдалану құрылымына, ауыспалы егісті ұйымдас тыруға микроаймақ, кейде тіпті жеке англоландшафты жүйені құруға мақсатты әдісті талап етеді. Ауыл шаруашылық жерін мақсатты пайдалану екі принципті жағдайды қолайлы түрде үйлестіруге мүмкіндік береді:
а) жер және климат қасиеттерін толық және өнімді пайдалану;
б) халық шаруашылығының тұтас қажеттігін, нақты аймақ пен жеке шаруашылықтың ауыл шаруашылық өніміне деген қажеттілігін қанағаттандыру.
Ауыл шаруашылық өндірісі жерді тиімді пайдалануды есепке ала отырып үздіксіз өндірістің балансы мен пропорционалдығын жақсартуды талап ететін елуден аса саламен экономикалық байланыста. Қоғамның қажеттілігін анықтау, білу және есепке алу, аграрлы өндірістің тиімділігін зерттеу барысында ауыл шаруашылық жерін пайдаланудың алғы бағыттары анықталады. Жерді үйлесімді пайдалануға баға механизмі, келісім жүйесі, несиелеу қаржыландыру арқылы әсер ету тікелей декреттеуге қарағанда күрделірек. Ауыл шаруашылығында жерді тиімді пайдалану барлық өнімді жерді интенсивті пайдаланумен тығыз байланыста: жерді интенсивті пайдалану деңгейін төмендегі тәртіп бойынша бөлуге болады: Суармалы егістік, богара және суарылмайтые егістік, жақсартылған шабындық пен жайылым, табиғи шабындық пен жайылымдар.
Суармалы жер аумағының қысқаруы негізінен келесі себептерге байланысты:
а) мелиоративті жүйенің бұзылуынан
б) суару машиналарының ескіруінен
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz