Кәсіпорындa aудитті жүргізуді тaлдaу


Мaзмұны
2. 3 «Мерей» жaуaпкершілігі шектеулі серіктестіктегі
aудиттің жүргізілу тәртібін тaлдaу
Кіріспе
Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан-2030» барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» жолдауында ХХ ғасырдың 90-шы жылдары республика экономикасында орын алған дағдарыстың себептері ашылып, оны жеңудің жолдары айтылған. Радикалдық саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру, КСРО-ның құлауы және қазақстандық экономиканың әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге обьективті жағдайлар тудырды. Бұл дәстүрлі нарықтың ығысуына, төлемге қабілетсіздік тудыруға, шектен тыс инфляцияға және көптеген шаруашылық жүргізуші субьектілер қызметінің тоқтап қалуына әкеп соқтырды. Қалыптасқан жағдайды ескеру арқылы ұзақ мерзімді жеті артықшылықтың бірі ретінде жоғары шетелдік инвестиция мен ішкі жинақ ақша деңгейіндегі ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу анықталды. Экономикалық өсу қаржы тұрақтылығына, өндірісті әртараптандыруды қамтамасыз етуге, аса маңызды салаларға инвесторларды тартуға, шешуші бизнес салаларының іскерлігін арттыруға белсенді өндіріс саясатын енгізуге және акценттерді шаруашылық жүргізудің макродан микро деңгейіне жылжытуға септігін тигізеді. Қазақстан Республикасында радикалдық реформалардың стратегиялық курсы нарықтың ролі мен барлық тауар-ақша қатынас жүйесін күшейтуге бағытталған. Нарықтың экономиканың тиімділігін, оның ғылыми-техникалық жетістіктерді жылдам енгізетінін, адамның қажеттілігін жан-жақты қанағаттандыруға мақсаттылығын әлемдік тәжірибе көрсетіп берді, делінген . . .
Қазақстандық экономиканы сәтті функциялау үшін, оны ұйымдастырудың озық құралдары мен нақты тетіктерін, оның ішінде мақсатты бағдарламалық әдісті көптеген факторлар бойынша талдауды, жүйелі бақылауды және оңтайлы шешімдерді қабылдауды қолдану аса қажет.
Елдің микроэкономикасына басқару құралына сай қажетті әр түрлі бизнес салаларындағы шаруашылық жүргізуші субьектілер қызметің талдау, аудит және басқару есебі сияқты арнайы ғылымдарға айырықша маңыз беріліп отыр. Аудитті ұйымдастырудың озық тәжірибесі Халықаралық валюталық қордың, Бүкіл әлемдік банктің, Халықаралық даму бойынша АҚШ агеттігінің, Еуроплық одақтың және Британдық кеңестің белсенді қатысуымен өткізілгендіктен, оны құрудың ағылшын американдық үлгісі негіз етіп алынды.
Қазақстан Республикасында индустриясы дамыған елдердің озық тәжірбиесіне сәйкес бизнестің жаңаша кешенді тәуелсіз кәсіби аудиті жүзеге асырылуда. Аудиттің жеткілікті дәрежеде әзірленбеу мәселесі оның біршама дайын нұсқасын нақтылауды ғана емес, сондай ақ белгілі бір экономика секторының әр түрлі салаларындағы дағдарыс жиілігінде, нарық коньюктурасы өзгергенде және бәсеке денгейінің болжап білуге болмайтын өзгеше жағдайларында, оны ұйымдастырудың принциптік жаңа тәсілдемелерін әзірлеуде талап етеді.
Аудиторлық іс экономикалық талдау, кешенді құжаттық тексеру, балансты немесе сот - бухгалтерлік сараптаманы есеппен тексеру туралы біздің ұғымымыздан бөлек болса да аудитор өзінің міндетін жүзеге асыру барысында аты аталғандардың және есептік, бақылаушы-талдамалы тәжірибе салаларының рәсімдерін пайдаланады. Белгілі ғалым Я. В. Соколовтың айтуынша, тексерудің мақсаты - кемшіліктерді құрту және жамандықты жою, аудиттің мақсаты-кемшіліктерді кеміту және қастықты шектеу.
Әкімшіліктік құқы бар және сатылас байланысты ұсынатын тексерушіні клиент өз қалауымен таңдамайды. Бұған керісінше, аудиторды клиент өз қалауымен таңдайды және олардың арасындағы қарым-қатынас бір деңгейлі байланысқа жол ашатын азаматтық құқықпен реттеледі.
Тексеру және бақылау түсініктеріне қарағанда, аудит ұғымының аясы кең, өйткені бұл ұғым қаржылық көрсеткіштердің шындыққа жанасымдылығын тексеруді ғана білдірмей ғылыми негізде шығындарды ұтымды ету мен табысты оңтайландыру үшін шаруашылық қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарды да әзірлеу ісін қамтиды. Аудитке келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын, оның ішінде, бухгалтерлік есеп, ішкі бақылау және қаржылық есеп берулердің жағдайын тексеретін, сондай - ақ артық шығындарды болдырмау, ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру және шаруашылық жүргізуші субьектілердің табысын өсіру мақсатында кеңес беретін бизнес сараптамасының өзінше бір түрі ретінде анықтама беруге болады.
Берілген дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстанның аудиторлық қызметтің қалыптасуын зерттеу болып табылады.
Берілген мақсатқа жету үшін, келесі міндеттерді шешу қажет:
- аудиттің тарихын, мәнін, қызметтерін ашып көрсету;
- қаржылық аудиттің ерекшелігін, қажеттілігін, түрлерін қарастыру;
- қәсіпорынның қаржылық қызметінде аудитті пайдалануын анықтау;
- аудитті жүргізу әдістемесімен танысу.
Жұмыстың жазылуының әдістемелік негізі Қазақстан, Ресей және шетелдік экономистердің монографиялары, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және бақылау бойынша Қазақстан Республикасы Агенттігінің есептік деректері, заң шығару және нормативтік актілер болды.
1 Нарық экономика жағдайында аудиттің рөлі
1. 1 Аудиттің даму тарихы, мәні, қызметтері
Қазақстан Республикасында индустриясы дамыған елдердің озық тәжірибесіне сәйкес бизнестің жаңаша кешенді тәуелсіз кәсіби аудитті жүзеге асырылуда. Әр түрлі аударымдарда «аудит» түсінігі шығатын «audit» сөзі «тыңдау» немесе «тыңдаушы» дегенді білдіреді. Қаржылық бақылау ретінде аудит Ежелгі Қытайда пайда болған, қытайлық жазбаларда б. э. д-гі 700 жыл бұрын мемлекеттік ақша мен мүліктерді қолдануға құқы бар үкіметтік ақсүйектердің адалдығына кепілдік беретін Генералдық аудит бекеті болған. Еуропада тәуелсіз аудиторлар XIX ғасырда құрылған, олар салық төлеушілердің жарғылық есеп беруін тыңдап, қазыналық құралдардың дұрыс қолдануына баға беретін болған.
XIV ғасырда бірінші рет аудит туралы сөз соттағы дәлелдеме ретінде есептік кітаптардың шығуы кезінде қолданыла бастады. Лука Пачоли бірінші бухгалтерлік есептің және бухгалтерлік есептің теориясының негізін қалаған және бухгалтерлік есепті бақылау керектігін дәлелдеген алғашқы кітап - «шоттар мен жазбалар туралы трактаттың» авторы болып табылады.
XVI ғасырда көптеген елдерде есептік кітаптардың құқықтық бақылауы ресми түрде енгізілді. Ал Англияда есептік жазбаларды тексерумен айналысатын адамдарды білдіру үшін «аудитор» сөзі қолданылды.
Қазіргі кезеңде аудиттің отаны болып Ұлыбритания танылады. Онда 1884 жылы акционерлік компаниялардың тәуелсіз бухгалтерлерге бухгалтерлік кітаптар мен шоттарды тексеруге және олардың алдында есеп беруге сенім білдіруді сипаттайтын Компаниялар туралы заңнамалық құжаттар қабылданған.
Осылайша, аудиттің пайда болуы ұйымды басқарумен айналысатындар (менеджерлер, әкімшілік) мен оған ақша салымдарын жасайтындардың (иелері, акционерлер, инвесторлар) мүдделерінін бөлінуі кезінде туындайды.
Аудиттің пайда болу тарихы құқықтың бастамасын Шотландиядан алады, онда 1853 жылы астанасы - Эдинбургте ресми түрде Эдинбургтік аудиторлар институты құрылған.
Аудиттің соттық - бухгалтерлік сараптамадан айырмашылығы бар екенін айта кету керек. Аудит - бұл тәуелсіз тексеру болса, соттық - бухгалтерлік сараптама сот органдарының шешімі негізінде жүргізіледі. Сот - бухгалтерлік сараптаманың өзіндік ерекшелігі оның үрдестік - құқықтық негізінде, шаруашылық операцияларды зерттеудегі бухгалтерлік есеп саласындағы эксперттік білімдерді қолдана отырып, дәлелдемелерді алу уақытында білінеді.
Аудит құқықтық немесе азаматтық істің болмауы немесе олардың жиынтығына байланыссыз әрекет етеді. Ал соттық - бухгалтерлік сараптама онсыз әрекет ете алмайды, себебі оның үрдістік - құқықтық негізі болады.
Аудитордың ревизордан өзінің мәні бойынша, құжаттарды тексеру әдісі бойынша, тапсырыскермен қарым - қатынасы бойынша, дәлелдемелер жасау бойынша, тексеріс нәтижелерін жасау бойынша көптеген айырмашылықтары бар.
Ресейде аудиторлық әрекет пен аудит мамандығы жақында ғана мемлекеттегі экономикалық жанданулармен бірге пайда болды. Бірақ, Ресейде аудиторлық институт ашу әрекеттері 1889, 1912, 1928 жылдары жасалғанмен, бәрі сәтсіз аяқталды.
Нарықтық қатынастарға көшуге байланысты, бірінші аудит туралы сөз 1987 жылы Одақ Үкіметінің № 48 және № 49 жарлықтарында қолданылып, онда 3 аудиторлық ұйымды тексеру керектігі айтылды. Жарты жылдан соң арнайы СССР Одақ Министрлерінің жарлығымен бірінші одақтық аудиторлық ұйым «Инаудит» пайда болды. 1987 - 1989 жылдар аралығында аудитке байланысты бірнеше құқықтық нормалар дайындалып, ұсынылғанмен, олар кейінге қалдырылып отырды. Тек 1990 жылы ғана Үкімет аудитті есіне алды.
Қазақстанда аудит өз бастамасын 1990 жылы ақпандағы ҚР Қаржы Министрлігімен Парламенттегі шаруашылық есеп айырысудың аудиторлық орталығынан алады, кейін ол «Қазақстан аудит» атты акционерлік компанияға айналып, сосын барлық облыстың орталықтарында аудиторлық ұйымдар пайда болды. Үкіметтік емес ұйым - Аудиторлар палатасы құрылып, өз қызметін жүзеге асыруда.
1993 жылы 18 қазанда Жоғарғы Кеңеспен «ҚР-дағы аудиторлық әрекет» туралы заң қабылданып, ал 1998 жылы 20 қарашада № 304 - 1 «Аудиторлық әрекет» туралы заң қабылданғанға дейін жұмыс атқарды. 1 - заңның 2 - бабына сәйкес аудиторлық әрекет болып аудитті жүргізуге байланысты аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың кәсіпкерлік әрекеті таңылған. Олар басқа да қызметтер көрсете алған.
«ҚР - ң Аудиторлық әрекет туралы» заңының 4 - бабына сәйкес аудит ҚР - ң заңнамасы бойынша қаржылық және шаруашылық операциялардың заңды және жеке тұлғалардың қаржылық есеп беруіне сәйкестігі мен оған баға беруді жүргізетін аудиторлармен аудиторлық ұйымдардың тәуелсіз тексерісін білдіреді. Бұл заң ҚР - да аудиторлық әрекетті жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдармен жеке заңды тұлғалардың, аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың арасындағы қатынасты реттейді. Сондай - ақ халықаралық стандарттық нормаларға сай аудит стандарттары құрылып, енгізілген.
ҚР - да кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар Институты құрылған. Ол мемлекеттегі бухгалтерлердің іскерліктігін көтереді және оларды даярлайды. «Аудитор» квалификациясын Мемлекеттік Квалификация Комитеті экзамен арқылы бекітеді және ол халықаралық тәжірибе шетел компаниялары арқылы іске асады, ал Аудиторлар Палатасы аудиторлар мен кандидаттарға экзаменді тапсырғанын куәландыратын куәлік береді. Барлық ұйымдардың басты мақсаты - мемлекеттің қаржылануынсыз және қатысуынсыз қаржылық - шаруашылық әрекетке бақылау жасауды қамтамасыз ете отырып, бухгалтер мамандығын санаушы ретінде ғана емес, сарапшы ретінде де қабылдау.
Қазақстан Реапубликасындағы аудиттің дамуымен пайда болуына келесі жағдайлар әрекет етті:
- біздің мемлекеттің әлемдік шаруашылыққа енуі, шетелдік инвесторларға экономиканың ашықтығы. Инвесторлар белгілі бір салаға капитал салмас бұрын, олардың инвестицияларының өсіп қайта келетінін білу керек. Оны қорытынды шығаратын аудиторлар кәсіпорынның қаржылық есеп беруі куәландырады;
- жеке меншіктің пайда болуы, ол меншік иелері мен кәсіпорын әкімшілігінің қызығушылықтары әр түрлі болды. Меншік иелері салымдарды кәсіпорынның дамуына салды, бірақ бухгалтер менеджерлердің берген ақпараттарына сүйенген жоқ. Сондықтан бұндай кәсіпорында, оның қаржылық жағдайын бағалау үшін тәуелсіз жеке аудиторлар керек;
- мемлекеттік бақылау жүйесінің құлауы, себебі бұрын бақылау объектісі болып мемлекеттік меншік болған. Қайта құрылған мемлекеттік бақылау органы бақылау объектісін әр түрлі құрылым бойынша қызметтерді бөліп алды. Фискалдық (салықтық) қызметті - салық салу объектілеріне байланысты барлық меншіктерді тексеруді іске асырады; кедендік басқару - кедендік даярлаудың экспорттық - импорттық операциялардың дұрыстығын, уақыттылығын қадағалайды; қаржылық бақылау органдары тек бюджеттік мекемелерде акция-қорларын дұрысты, толық қолдануын қамтамасыз етеді; құқық қорғау органдары (қаржылық полиция) - меншікті иелігіне алу, ұрлау сияқты фактілерді анықтайды. Көріп отырғандай, егер белгілі бір мекемелерге мемлекеттік органды бақылау жасамаса, тексеріс те болмайды екен. Ал аудитор ешқандай жаза шараларын қолданбай, жалпы кәсіпорын әрекетін бағалайды.
- коммерциялық құпияның пайда болуы және оның заңмен бірге қорғалуы. Бұл кәсіпкерге көмектесетін, мәліметтер беретін мамандардың керектігін көрсетті;
- берілген қаржылық жылға субъектілерге есеп беру саясатына бостандық беру. Бұны тек аудитор шеше алады;
- мемлекет территориясындағы жеке және заңды тұлғалардың міндетті табыстары туралы декларация жасау.
Осы негізде бухгалтерлік есеппен жинақталатын және мәліметтердің сенімділігін, қаржылық есеп берудің толықтығын бағалау үшін бухгалтерлік тәуелсіз әрекет ретінде аудит пайда болады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сай әрекет етеді.
Мұндай кәсіби бақылау аудитке деген қажеттілік көптеген жағдайларға байланысты артып отыр:
1) Кәсіпкерліктің дамуы мен капитал өсуінің әсері;
2) Өзін-өзі реттеуге ұмтылатын ұйымдар санының арта түсуі;
3) Экономикалық тұрақтылықты, меншік иеленушілерге және кредиторларға олардың салған ақшаларының сақталуына кепілдік беруді қамтамасыз ететін жағдай тудырудың қажеттілігі;
4) Компаниялардың операциясы көп әрі күрделі болуы мүмкін, пайдаланушылар ол туралы ақпаратты дербес алуға мүмкіндігі болмағандықтан аудиторлардың қызметіне мұқтаж;
5) Қаржылық ақпаратты пайдаланушылар компанияның есептік жазбаларына әдетте қолдары жете бермейді және олардың тиісті тәжірибелері жиі бола бермейді;
6) Пайдаланушылар қабылдайтын шешімнің салдары өздері үшін өте маңызды болуы мүмкін, сондықтан да аудитор арқылы алатын ақпараттың толық болуы мен анықтығы оларға ауадай қажет.
Аудит - бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің және басқа да шаруашылық жүргізуші субьектілердің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау мен тексеру қызметі жүзеге асырылмаған деп айтуға болмайды. Алайда көптеген операциялық мазмұны жағынан бір-біріне жақын болса да, ревизия мен аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді.
Аудит бақылаудың шығармашылық дамуын білдіреді. Ол экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей, керісінше толықтырады.
Аудиторлық іс экономикалық талдау, кешенді құжаттық тексеру, балансты немесе сот - бухгалтерлік сараптаманы есеппен тексеру туралы біздің ұғымымыздан бөлек болса да аудитор өзінің міндетін жүзеге асыру барысында аты аталғандардың және есептік, бақылаушы-талдамалы тәжірибе салаларының рәсімдерін пайдаланады. Белгілі ғалым Я. В. Соколовтың айтуынша, тексерудің мақсаты - кемшіліктерді құрту және жамандықты жою, аудиттің мақсаты-кемшіліктерді кеміту және қастықты шектеу.
Әкімшіліктік құқы бар және сатылас байланысты ұсынатын тексерушіні клиент өз қалауымен таңдамайды. Бұған керісінше, аудиторды клиент өз қалауымен таңдайды және олардың арасындағы қарым-қатынас бір деңгейлі байланысқа жол ашатын азаматтық құқықпен реттеледі.
Тексеру және бақылау түсініктеріне қарағанда, аудит ұғымының аясы кең, өйткені бұл ұғым қаржылық көрсеткіштердің шындыққа жанасымдылығын тексеруді ғана білдірмей ғылыми негізде шығындарды ұтымды ету мен табысты оңтайландыру үшін шаруашылық қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарды да әзірлеу ісін қамтиды. Аудитке келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын, оның ішінде, бухгалтерлік есеп, ішкі бақылау және қаржылық есеп берулердің жағдайын тексеретін, сондай - ақ артық шығындарды болдырмау, ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру және шаруашылық жүргізуші субьектілердің табысын өсіру мақсатында кеңес беретін бизнес сараптамасының өзінше бір түрі ретінде анықтама беруге болады.
Аудитті қаржылық, экономикалық, техникалық, заңдық және басқа да қызмет салаларында жүргізуге болады. Аудиттің ең негізгі мақсаттарының бірі - шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржылық есеп берулерінің нақты екендігін анықтау болып табылады.
Бұл арада клиенттің нормативті - құқықтық актілердідегі талаптарды сақтауын бақылауда үлкен мән беріледі. Компаниялардың қызмет нәтижелері және олардың заңды сақтауы туралы ақпараттың тәуелсіз расталуы мемлекетке, меншік иелеріне, акционерлерге, инвесторларға, кредиторларға және олардың бизнес бойынша серіктестеріне қажет.
ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» Заңында мынадай анықтама берілген: «Аудит ҚР-ң заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есептіліктің дұрыс және обьективті жасалғаны туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық есептілігін тексеру болып табылады»
Пән анықтамасы осы ғылымның басқа ғылымдардан айырмашылығын көрсететін ерекшеліктерді қамтуы керек. Оның ішінде:
- Ғылымның мақсаты мен мазмұны;
- Өзіндік ерекшелігі бар зерттеу принциптері;
- Зерделеу объектісі;
- Ақпарат көздері.
Осылайша аудит мазмұнын қалыптастырамыз, өйткені арнайы әдебиеттерде оның әзірге айтарлықтай нақты әрі дәл анықтамасы жоқ.
Аудит мазмұны алға қойылған мақсаттар мен бақылау объектілерін ескеру арқылы нақтылануы мүмкін. Егер аудиттің объектісіне кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің жағдайы кіретін болса, онда аудиттің мақсатына, оның қолданыстағы заңның талаптарына, шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз ішінде қабылданған есептік саясатпен және мемлекет белгілеген жалпы нормаларға, стандарттарға және ережелерге қаншалықты сәйкестігін тексеру жатады.
Аудит мақсатының консалтингтік қызмет жүзеге асыру барысында клиенттің коммерциялық қызметін жақсартатын жоғары сапалы кеңес беру қызметі болады, сонымен қатар аудитордың беделі мен табысы қоса өседі.
Алға қойылған аудит мақсаттарына қол жеткізу үшін нақты міндеттерді шешіп алу қажет. Олардың ішінен ерекшелеп мыналарды бөліп көрсету керек:
- Кәсіпорынның қаржылық есептемесінің шындыққа жанасымдылығын қамтамасыз ету және осы есеп беруді пайдаланушылар үшін ақпараттық тәуекелді қолайлы деңгейге дейін азайту;
- Шешім қабылдаудың логикалық тұрғыдан негізделген базасын құру үшін жеткілікті дәрежеде құзіретті мағлұматтарды алып, бағалау;
- Кәсіпорын экономикасын немесе оның белгілі бір қызмет түрінің, оның ішінде, инвестициялық, маркетингтік және сыртқы экономикалық қызметін жүйелі талдау;
- Кәсіпорын қызметі және оның жарғысының бір-біріне сәйкестігін, жасалған бизнес жоспардың және басқа да тапсырмалар мен нормативтердің орнықтылығын тексеру;
- Заңның сақталуын, бухгалтерлік есепті жүргізудің және есеп берудің дұрыстығын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық жағдайы туралы шындыққа жанасымды ақпаратпен пайдаланушылардың қамтамасыз етілуін бақылау;
- Заңды белгілейтін бастапқы құжаттар мен олардың шынайы мазмұнына шаруашылық операцияларының қаншалықты сәйкестігін тексеру;
- Кәсіпорынның өндірістік, маркетингтік, инвестицилық және басқа қызметтерін бақылау мен есебі саласындағы әр түрлі мәселелер бойынша клиентке кеңес беру қызметін көрсету;
- Клиенттің меншігін бекітіп беруге, оның бизнесінің тиімділігін арттыруға және кемшіліктерді жоюға ықпал ету.
Аудиттің ең нақты міндеттері алға қойылған мақсаттарға, оның түрлері мен жүргізу шарттарына байланысты болады.
Осылайша аудит - бақылау, бағалау, ұсыныстарды әзірлеу және әртүрлі кешенді қызметтерді қамтитын іскерлік кеңес беру бойынша күрделі қызмет түрлері.
Аудиторлық қызметті жүзеге асырудың негізгі формаларының біріне тексеру жатады. «Тексеру» термині латынның «revisio» сөзінен шыққан, оның аудармадағы мағынасы «қайта қарау» немесе «қызметтерді зерттеу» дегенді, ал «тексеруші» -«тексеріс жүргізетін тұлға» дегенді білдіреді.
Аудит ұғымы тексеру және бақылау ұғымдарынан әлдеқайда терең. Аудитор тексерушіден өзінің мәні, мақсаты, клиентпен қарым-қатынасы, тәуелсіз пікір білдіруі, терең баға беруі, объектінің даму келешегі мен жағдайы туралы қорытындысының негізділігі бойынша ерекшеленеді.
Аудит қаржылық көрсеткіштердің анық екендігін тексеруді ғана қамтамасыз етпейді, ол, сонымен бірге, кемшіліктерді жою мен шаруашылық жүргізуші субъекетілердің қызметін оңтайландыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді.
Аудит және оның рәсімі эволюцияның үш сатысынан өтті: растаушы аудит, жүйелі-бағдарламалы аудит, тәуекелге негізделген аудит. Бастапқы аудит бухгалтерлік құжаттар мен есеп берулерде көрініс тапқан операциялардың шындыққа жанасымдылығын тексеру және растаушы түрінде болды.
Растаушы аудитте негізінен мен есеп берудің формаларын дұрыс жасау мәселелері қарастырылады сол себепті де бұл кезең «кітапты аудиттеу» деп аталады.
Аудитке жүйелі - бағдарламалы тәсілдеме батыс елдерінде 1960 жылдардың соңында пайдаланыла бастады, әр аудиторлар сараптаманы іштей бақылаудың негізінде жүргізді.
Тәуеклге негізделген аудит-бұл кәсіпорынның жұмыс жағдайына, негізінен оның қызметіндегі тар әрі қиын межелеріне қарай тексеруді іріктеп жүргізетін аудит. Ол тексеру немесе кеңес беру барысында болуы мүмкін тәуекелдікті ескерту және оның алдын алуға бағдарланған. Тәуекелдік аудитінің айрықша маңызы-аудиторлық немесе аудиторлық фирмалар өз беделін жоғалту және клиенттен айрылып қалудың ықтималдығында ғана емес, аудиторлық компаниялардың арасындағы қатаң бәсекелестікте, ірі айыппұл мен моральдық зиянда, осы аталған қателерге ұрынып қалудың ықтималдығында болып тұр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz