16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығы



Кіріспе

І тарау. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы.«Қасым ханның қасқа жолы»
ІІ тарау. Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығы
ІІІ тарау.Тәуекел хан
IV тарау.Тәуке хан . «Жеті жарғы» заңдары
VІ тарау.XVI.XVII ғғ. Қазақ хандығының шаруашылығы.Жазба мәдениеті

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы

Кіріспе

І тарау. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы.Қасым ханның қасқа жолы
ІІ тарау. Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығы
ІІІ тарау.Тәуекел хан
IV тарау.Тәуке хан . Жеті жарғы заңдары
VІ тарау.XVI-XVII ғғ. Қазақ хандығының шаруашылығы.Жазба мәдениеті

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Моңғол шапқыншылығынан кейін барлық қазақ рулары мен тайпалары Жетісуда
алғаш рет бір мемлекетке біріктірілді. XVI-XVII ғ. қазақ хандығының
шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз кезінде “Жерді біріктіру” процесін жедел
жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі – Жәнібек ханның
ұлы Қасым. Қасым ханның тұсында (1511-1523) феодал ақсүйектердің қарсылығы
әлсіреп, әскери қуаты артты. “Тарихи – Рашиди”, “Шайбанинама”, т.б.
деректерге қарағанда, қазақтардың этникалық территориясының негізгі
аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген.
Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүстік – батыста Сырдың оң
жағалауына, Аралдан Маңғыстауға дейінгі жерлерді алып жатты. Оған Сыр
бойындағы қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы
қазақтардың жайлау қоныстары Ұлытаудан асты. Оңтүстік – шығыста оған
Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады.
Бастапқы кездерде қазақ хандығының саяси-әкімшілік және сауда
экономикалық орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ қаласы болды. Кейіннен
Түркістан қаласы қазақ хандығына өткеннен кейін қазақ хандығының астанаы
Түркістан қаласы болды. Қазақ хандығы Түркістандағы Ақ сарайда отырып билік
жүргізген.
Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттік беделін арттырып,
сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым-қатынас саласында белгілі табыстарға
қол жеткізді. Қазақ хандығы өмір сүрген Орта Азия хандарымен, Еділ
бойындағы елдермен, батыс Сібір хандығымен және орыс мемлекеттерімен сауда
және дипломатиялық қатынас орнатты.
Қазақ хандығының негізін қалаушы Жәнібек, Керей, Бұрындық хандар – Ақ
Орданың атақты ханы Ырыс ханның мұрагерлері, Алтын Орда мен Ақ Орданың 200
жыл ел билеген дәстүрін дамытушы, әскери-саяси және дипломатиялық күрес
тәжірибесіне бай адамдар болды. Ал Қасым хан өте үздік шыққан мемлекет
қайраткері болды.
Қазақ хандығы алғашқыда Моғолстан мемлекетімен достық қарым-қатынас
орнатып, Әбілхайыр ханның Жетісуға төндірген қаупіне және ойрат- жоңғар
тайпаларының Моңғолстанға жасаған шабуылына қарсы күресті. Жошы тұқымынан
шыққан хандармен одақтасып Әбілхайыр ханның мұрагері Шаих Хайдарды жеңді.

Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы.
Қасым ханның қасқа жолы

Жәнібекұлы Қасым хан (1445-1518) – қазақтың ұлы хандарының бірі, Қазақ
хандығының негізін қалаушылардың бірі – Жәнібек ханның ортаншы баласы.
Шешесі Жаған бегім Шайбани әулетінің атақты ханы Мұхаммед Шайбанидің інісі
Махмұд сұлтанның шешесінің туған сіңлісі.
Қасым әуелгі кезінде Бұрындық ханның атты әскерін басқарады. Ол осылай
жүріп, қан майдандағы ерлігімен, ел басқаруға қосар ақылымен, көрші елмен
байланыста қиыннан жол табар саясаткерлігімен, жұртты соңынан ертіп әкетер
шешендігімен ел көзіне ерте түссе де, жеке билікке ұмтылмай, ел бірлігіне
жарықшақ түсірмей, Бұрындық ханның дегеніне көніп, оған қалтқысыз бағынады.
Сол кездің куәгері, тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати: Ол (Қасым) әкесінің
үлгісі бойынша барлық жағдайда Бұрындыққа бағынды, соған тәуелді болды деп
жазады. Бірақ Қасымның тәуелділігі Бұрындықтың ел басқарудағы
қабілетсіздігіне араша түсе алмайды. Ақыры ол хандығын тастап, Самарқандағы
қызына кетуге мәжбүр болады. Сонда қаза табады. Осыдан кейін барып, Қасым
билікті өз қолына алады.
Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы өзінің дәуірлеу биігіне көтеріледі.
Ол қауіпті көршісі Мұхаммед Шайбаниді талқандап, оның мемлекетінің құлауына
себепші болады. Моғолстанның ханы Сұлтан Саид ханмен достық қатынас
орнатады. Сондай ақ ол таяу көршілерімен ғана емес, сырт елдермен, мысалы,
Мәскеу мемлекетімен терезесі тең дәрежеде дипломатиялық қатынас орнатып,
орыстың сол кездегі кінәзі ІІІ Василиймен байланыста болған.
Қасым ханның ел басқарудағы кемеңгерлігіне, қол астындағы халқының
қамын ойлар даналығына тәніт болған көрші елдердің тынымсыз қақтығыстан
мезі болған ру-тайпа көсемдері әр кезеңде ақырын жылысып, мұның қарамағына
еніп жатқан. Қасым хан бүкіл қазақ халқын біріктіру арқылы үлкен әскери
күшке ие болды. Қарауындағы халықтың бақытына орай, ол өзінің бейбітшілік
сүйгіш саясатымен халықтың махаббатына бөленді. Осы бейбітшілік
сүйгіштігімен Қасым хан халықтар араснда ерекше әйгілі болды деп жазады
Әлихан Бөкейханов.
Керей хан мен Жәнібек хан тарихта Қазақ хандығының іргесін қалап,
шаңырағын көтеруімен ерекшеленсе, Қасым хан сол хандықты нығайтып, халқын
көбейтіп, жерін кеңейтіп, даңқын алысқа жаюымен, Қасым ханның қасқа жолы
деген атпен халық жадында сақталған қазақтың тұңғыш конституциялық
құжатының негізін жасауымен әйгілі болған ұлы хан.
Ол қартайып барып, Сарайшық қаласында өз ажалынан 1518 жыл (кей деректе
152324 ж.) қайтыс болады. Тарихшы А.П.Чулошников Қасымханның Сарайшықтағы
мазарының ХVII ғасырдың басында құламай аман тұрғанын жазады.
Шамамен 1445 жылы дүниеге келген, 1518 жылы қайтыс болған Қасым хан
мен Қазақ хандығының негізін салған Әз Жәнібектің ұлы. Анасы Жағанбегім –
Мұхаммед Шайбани ханның кенже інісі Махмұд сұлтанның апасы.
Қасым ханның мемлекетті басқару әдістері, ішкі және сыртқы саясаты
туралы мәліметтер өте аз. Қасым хан есімі бірінші рет Мұхаммед Шайбани
жөніндегі жазбаларда аталады. Ол мәліметтерде Қасым ханды атақты сұлтандар
мен батырлардың бірі, Бұрындық ханның атты әскерінің басшысы деп атайды.
Бұрындық хан Самарқанға кетуге мәжбүр болып, жат елде қаза болған соң,
Қасым хан билікті өз қолына алды.
Қасым хан билік құрған кезеңде де қазақтар мен Шайбани әулеті
арасындағы Сырдарияға жақын қалалар үшін қақтығыстар мен шайқастар болып
жатты. 1510 жылы қыста Шайбани ханның әскерлері Ұлытау баурайындағы Қасым
хан ұлысына шабуыл жасайды. Қасым хан олардың бетін қайтара алмайтынын
түсініп, шегінеді, біраз уақыттан соң күтпеген жерден шабуыл жасап, өз
қарсыласын жеңеді.
1511 жылы Қасым хан билікке қол жеткізгеннен кейін, Қазақ хандығы
Қасым хандығы деп атала бастады. Қасым хан тұсында Қазақ хандығы саяси
ықпалын күшейтіп, ірі және қуатты хандыққа айналды. Қасым хандығының аумағы
батыста Сырдарияның оңтүстік жағалауларына дейін, оңтүстік-батысында
Түркістан қалаларына дейін, оңтүстік-шығысында Жетісудың солтүстік
бөлігінің таулары мен таулы бөктерлеріне дейін созылып жатты. Кейбір
мәліметтер бойынша, Қасым хан тұсында Қазақ хандығының шекарасы солтүстік-
шығыста Ұлытау қыраттары мен Балқаш өзенінің жағалауын қаитып, ал солтүстік-
батыста Жайық өзеніне дейін жететін.
Қасым тұсында Қазақ хандығы халқының саны бір миллионнан асатын.
Сондықтан да ол халықаралық саясаттан тыс қала алмайтын. Қасым хан
заманында Қазақ хандығы еуропалық аренада әйгілілік пен саяси қуаттылыққа
қол жеткізген еді. Қазақ хандығымен алғашқы дипломатиялық байланыс орнатқан
көршілес Москва мемлекеті болды. Бұл князь Василий ІІІ билік құрған жылдары
(1505-1533) жүзеге асты. Қазақ хандығының тағы бір ерекшелігі – бұл кезеңде
қазақтар Батыс Еуропада жеке этникалық қауымдастық ретінде таныла бастады.
Австриялық дипломат Зигмунд Герберштейн Еуропа оқымыстыларының арасында
алғашқылардың бірі болып қазақтар туралы өзінің Москвалық жазуларында
айтып өтеді. Тарихта бұл ұлы тұлғаның ұстанған бағыты Қасым салған қасқа
жол атанып қалды.
Сыртқы саясатта Қасым хан Сырдария бойындағы қалалар үшін Шайбани
әулетімен күрес жүргізіп отырды. Осыған байланысты қазақ басшыларының
маңғыттар және моңғолдармен одақтық байланысы қалыптасты. Қасым хан өзінің
билік құрған кезеңінің басында Сайрам қамалын алды, Мауреннахр қамалын
басып алуға біраз әрекет жасады.
1513 жылы Қасым хан Қараталда болған кезде, Сайрам басшысы Қаттабек
қаланы оған беріп, Қасым ханды өзбектерге шабуыл жасауға үгіттейді. Қасым
хан қазақтар мен маңғыттардан үлкен қол жинап, Ташкентке жорыққа аттанады.
Өзбек ханы Сүйеніш қожаның әскерімен болған Ташкент түбіндегі шайқаста
Қасым хан жараланып, шегінеді. Бұдан кейін шамамен сол жылы Қасым хан Шу
өзенінің жағасындағы ордасында
Ташкент басшысы Сүйеніш ханға қарсы Моғолстан ханы Саидпен одақтас болады.
Екі басшы бірігіп, Ташкентке жорық жасауға келіседі.
Алайда қыстың таяп қалғандығына байланысты, келісімді жүзеге асыру
кейінге қалдырылады.
1516-1517 жылдардың қысында Шайбанид әулетінің сұлтандары бірігіп,
қазақтарға қарсы жорықты бастайды. Ортаазиялық өзбектердің қыпшақ жеріне
жасаған жорығының мерзімі Қасым хан билік еткен кезеңге сәйкес келеді.
Мұхаммед Хайдардың жазбаларына қарағанда, Қасым хан 1518 жылы қайтыс
болған. Ал Тахир Мұхаммед өзінің Раузат-ат Тарихирин атты еңбегінде Қасым
ханның өлген уақыты 1523-1524 жылдар деп көрсетеді. Қадырғали Қасымұлы
Жалайырдың сөзі бойынша, Қасым хан Сарайшық қаласында қаза болған. Қасым
хан өлгеннен кейін, өзара қырқысулардың өрши түсуіне байланысты, Қазақ
хандығы біраз әлсіреді, ал моғолдар мен қазақтардың арақатынасы өзгерді.
XVI ғасырдың бірінші ширегінде қазақ атын жер жүзіне жеткізген Қасым
хан есімі қазақ халқының тарихи санасында мәңгі орын алып, жарты мың жылдан
аса сақталып келе жатты. Қасым ханның қасқа жолы - осының куәсі.
Қасқа жол - деп аталатын заң, қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан
әдет-ғұрып ережелері негізінде Қасым хан тұсында жасалған. Оның жасалуына
себеп болған жағдайлар мыналар:
1. Қасым ханның билігі тұсында Керей, Жәнібек және Бұрындық хандар

кезіндегі қазақ қоғамы анағұрлым жоғары сатыға көтерілді;
2. Қазақ халқының этникалық территориясы толығымен біріктірілді;
3. Хандық билік этникалық территорияға толық тарап, рөлі артты;
4. Қазақ хандығының жаңа қалыптасқан жағдайына бұрынғы әдет-ғұрып заңы
сай келмейді.
Міне, осы аталған себептер Қасқа жолды дүниеге әкеледі. Бұл заңның
жазбаша мәтіні болмаса да қазақ есінде заң атының жарты мың жыл бойы
сақталуы Қасқа жолдың қазаққа өте қонымды, қоғамдық қатынастарға
үйлесімді болғанын көреміз.
Қасым хан тұсында қазақ хандығының нығайғанына қарамастан , ол әлі
орталықтанған мемлекет бола қоймады, мұның өзі Қасым хан өлгеннен кейін
бірден байқалды.
Қазақ хандығын нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсаған Қасым
хан қайтыс болғаннан соң, оның мұрагерлері арасында өкімет билігіне
таласқан ішкі енжарлық пен феодалдық қырқыстар туды. Сыртқы саяси жағдай
қолайсыз болып тұрған кезде өзара қырқысудың зиянды зардаптары хандықтың
жай – күйіне қатты батты. Қазақ билеушілеріне қарсы монғол және өзбек
хандарының одағы қалыптасты.
Өзара қырқысу кезінде Қасым ханның мұрагері Мамаш көп ұзамай қаза
тапты. Бұдан соң Қасымның немере інісі Тахир хан болды (1523-1533 жж.).
Тахир хан әскери – саяси істеріне олақ, дипломатиялық дарыны жоқ, қол
астындағыларға қатал,қытымыр адам болды.Ол ішкі енжарлық пен феодалдық
қырқыстарды тия алмады, бұған қарамастан төңіректегі елдердің бәрімен
жауласты. Қазақ хандығымен үнемі дүшпандасып жатқан Шайбани әулетімен ғана
емес, қазақ хандығының сенімді одақтасы болып келкен Ноғай ордасындағы
маңғыт мырзаларымен де, Моғолстан хандарымен де жауласты.
Ішкі саясатта халыққа рақымсыз қаталдық істеу, сыртқы саясатта дос пен
қасты айырмай төңіректің төрт бұрышымен түгел жау болу оны жеңіліске
ұшыратты.
Тахир хан қазақ хандығының барлық жеріне түгел билік жүргізе алмады.
Оның тұсында феодалдық қанаудың күшеюінен, оның үстіне Тахирдің қол
астындағыларына қаталдығына наразы болған халықтар үнемі одан айырылып
көшіп кетіп отырды. Мұхаммед Хайдар Дулатидің айтуынша: алғашқы Тахир хан
қол астына Қарахан 1 миллион адамнан кейін 400 мыңдай адам қалған,
бастапқыдағы он лек әскерден кейін 2 лек әскер қалған екен .
1533 жылы Тахир хан қайтыс болғаннан соң, қазақ хандығына Бұйдаш
(1533-1534 жж.) хан болды. Ішкі енжарлық қырқыстар мен феодалдық соғыстар
Бұйдаш хан тұсында да туып отырды. Сөйтіп, қазақ хандығы әбден әлсіреп,
бірнеше иеліктерге бөлініп кетеді. Мәселен, Қазақстанның батыс аудандарында
Ахмед хан, Жетісуда Тоғам хан болғаны белгілі. Міне, бұл Қасым хан қайтыс
болған соң туылған ішкі енжарлық пен феодалдық қырқыстар салдарынан қазақ
хандығының 3 бөлікке бөлініп кеткендігінің белгісі.
Сөйтіп, Қасым хан қайтыс болған соң қазақ хандығына туылған саяси
дағдырыс 15 жылға созылды. Ішкі енжарлық қырқыстар мен феодалдық
соғыстардың ауыртпалығы және күн санап күшейген феодалдық езгі мен қанау
халық бұқарасын қатты күйзелтті. Сонымен қатар қазақ хандығын да әбден
әлсіретті.

Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығы

Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) хан тұсында қазақ хандығы қайта
бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының
300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел
басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті
қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық
дарыны мол майталман екендігін көрсетті.
Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және
күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тапир хан және Бұйдаш хан
тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. 1523-
1524 жылдары жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын үздіксіз нығайтты, тіпті
сол заманның тарихи деректерінде Хақназар хан "қазақтар мен қырғыздардың
патшасы" деп аталды. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан
хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді.
Хақназар хандық құрған дәуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса
ірі тарихи оқиғалар туды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті
шығысқа қарай ірге кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахань
хандығын Россияға бағындырды. Осы жағдайға байланысты, Еділ мен Жайық
арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай ордасы ыдырай бастады. Ноғай
ордасын билеген маңғыт мырзаларының арасында үкімет билігіне таласқан
феодалдық қырқыс үдей түсті, бұл қырқыстар халық бұқарасын қатты күйзелтіп,
жаппай наразылық тудырды, Ноғай одағы құлдырап, ауыр дағдарысқа тап болды.
Хақназар хан тұсында Қазақ хандығының күшеюі және халық өмірінің оңалуы,
Ноғай ордасына қарасты қазақ тайпаларын қызықтырып өзіне тартты. Ноғай
одағына қарасты көшпелі тайпалардың бір бөлігі қаңлылар, қыпшақтар тағы
басқалар Қазақ хандығына келіп қосылып жатты.
Оларды Хақназар хан қарсы алып отырды. Ноғай ордасы н билеушілерінің
бірі Ысмағыл мырза ішкі феодалдық қырқыста өз ағасы Жүсіп мырзаны өлтірді.
Жүсіп мырзаның балалары Ысмағыл мырзамен соғысты. Ноғай ордасында өзара
қырқысқан екі топ пайда болды. Ысмағыл мырзаның тобы Москва княздығына
қосылуды жақтады, оған қарсы топ Қазақ хандығына қосылуға бой ұрды. Бұл
жағдайды пайдаланған қазақ ханы Хақназар Ноғай ордасының көп ұлысын
(бұлардың көбі қазақтың кіші жүзі алшын одағына енген тайпалар) өзіне қосып
алды. 1557 жылы Ноғай мырзасы Ысмағыл орыс патшасы Иван IV ке: Менің
туыстарым қазір Жайықтың арғы жағында, бізден қалып қойып, қазақ патшасына
қосылып кетті деп арыз айтты. Хақназар хан Ноғай ордасының ыдырауын
пайдаланып Жайық жағалауындағы көшпелі тайпаларды қазақ хандығына қосып
алумен ғана тынбады, Ысмағыл мырза бастап, батысқа қарай ауған ноғайларға
қуалай шабуыл жасап, оларды одан әрмен ығыстырып, ірге кеңейту әрекетін
жасады. Орыс патшасы Иван IV-нің ноғай арасына жіберген елшісі Семен
Мальцев 1569-жылы орыс патшасына: Хақназар патшаның, Шығай ханзаданың,
Шалым ханзаданың қазақ ордалары, ал олармен қоса 20 ханзада ноғайға келіп,
ұрыс болды деп хабарлаған.
Кейбір зерттеушілердің айтуына қарағанда, жоғарыдағы шабуылдар батысқа
қарай ауған ноғай тайпаларының Еділ мен Жайық өңірін тастап, Дон
сахараларына қарай кетуіне себеп болған көрінеді. Бұл жөнінде тарихшы Ахмет
Заки Уәлиди: 1969-жылы Шығай, Хақназар, Шалым сұлтандар бірлесіп,
Ысмағылдың баласы Орыс сұлтанға шабуыл жасады, осыдан соң ұзақ тұрмай ноғай
мырзалары ақырындап елдерін Жайық пен Еділдің батыс жағына, Дон
сахараларына көшіруге, башқұрт елдерін тастауға мәжбүр болды дейді. Бұл
жеңіс Қазақ хандығының жерін кеңейтіп, күш-қуаты мен беделін арттырды,
тарихи деректемелерде қазақ ханы Хақназарды қазақтар мен ноғайлардың ханы
деп атаған.
XVI ғасырдың ортасында ауыр дағдарысқа ұшыраған Ноғай одағы ішкі
феодалдық қайшылықтар мен қырқыстардың және халық бұқарасының феодалдық
үстемдікпен қанауға қарсы күрестерінің нәтижесінде бордай тозып, 1569-
жылдан соң мемлекет ретінде өмір сүруден қалды. Бұрын Ноғай одағына қараған
қазақ тайпалары және олардың этникалық территориясы Қазақ хандығына
бірікті. Бұрын Ноғай одағының астанасы болып келген Сарайшық қаласы да
қазаақ хандығына өттіі. Бұл қазақ хандығының, қазақ тайпаларының және
қазақтаардың этникалық территориясыын біріктіру жолында жасаған жеңісті
қадамдарының бірі болды. Сонымен қатар ноғайлы дәуірінде жасалған немесе
жаңғыртылып жырланған қыруар жырлар, Қырық батыр жыры сынды алып эпос
қазақ мәдениетінің қазынасына қосылды.
Ноғай ордасының ыдырауы, оған қарасты қазақ тайпалары мен олардың
мекендеген жерлерінің қазақ хандығына қосылуы хандықтың батыс,солтүстік
және оңтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті мен қазақ
хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай одағының ыдырауы, оның бір
бөлігінің қазақ хандығына қосылып, енді бір бөлігінің орыс патшасына
бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан орыс мемлекетінің шекарасын
қазақ хандығына жақындата түсті. 1563-жылы Сібір хандығының билігін тартып
алған Көшім хан ендігі жерде қазақ хандығына дұшпандық позиция ұстады. Оның
үстіне моңғол билеушілері мен қазақ хандары арасында да қақтығыстар болып
отырды.
Осындай күрделі жағдайлармен есептескен Хақназар хан Қазаақ хандығының
сыртқы саясатын өзгертті. Өзінен бұрынғы қазақ хандары үнемі жауласып
келген Мауараннахрдағы Шайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға
ұмтылды. Орта Азияның ең ірі қалаларының бірі Ташкентті басып алуға
бағытталған әскери қимылдарын тоқтатты. Сөйтіп, шайбани әулетінен шыққан
Бұхара ханы Абдолла ІІ-мен қазақ ханы Хақназар қастаспай дос болып, өзара
көмектесу жөнінде анттастық шарт жасасты. Хақназар ханның бұл
дипломатиялық шарасы оңды болды.
XVI ғасырдың 60-жылдарының соңы мен 70-жылдарының басында соғыс
қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың Орта Азия халқымен сауда-
саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы одан әрі өрістеді. Мұның өзі
қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, халқының шаруашылық өмірінің
оңалуына тиімді болды. Сонымен қатар қазақ хандығын да нығайта түсті.
Бұхара ханы Абдолла ІІ (1557-1598) тұсында Ташкент маңын Норозахмет
(Барақ) ханның баласы Баба сұлтан биледі. Ол Бұхараға бағынбай өз алдына
тұрды. Үнемі Абдолла ханмен соғысты. Сөйтіп, Баба сұлтан Бұхара хандығынан
бөлініп шығуға әрекет етті. Қазақ ханы Хақназар өзбек хандарының өзара
қырқысына араласып, біресе Абдолла ханды, біресе Баба сұлтанды қолдап
екеуін де әлсіретуге, осы арқылы өздеріне үлкен пайда түсіруге тырысып
бақты. 1579-жылы Абдолла хан екінші шеру тартып Баба сұлтанға қарсы жорық
жасады. Қазақ ханы Хақназар оның Баба сұлтанға қарсы күресін қолдады. Қазақ
хандығы осының бодауына Абдолла ханнан Түркістан аймағындағы бірнеше қаланы
қайтарып алды. Бұдан кейін Ташкент билеушісі Баба сұлтан қазақ хандығына
Түркістан, Сауран қалаларын бергенде, қазақ сұлтандары бір мезгіл Баба
сұлтанды қолдады.
1579-жылдың екінші жартысында қазақ сұлтандары әскерлерімен Ташкентке
келді. Олар қайтадан Абдолла жаққа шықпақ болып, Ташкент билеушісі Баба
сұлтанға қарсы астыртын әрекет істеді. Бірақ бұл астыртын әрекетті сезген
Баба сұлтан қазақ сұлтаны Жалымды, оның екі ұлын, Хақназар ханның екі ұлын
өлтірді. Іле-шала оның астыртын жіберген адамы 1580-жылы Хақназар ханды
өлтірді.
Хақназар хан қаза болғаннан соң, оның орнына Жәдік сұлтанның
баласы Әз Жәнібек немересі Шығай (1580-1582) хан болды.
Ол билік құрған кезінде Хақназарды өлтірген Бұхар ханы Абдолла II (1557-
98) тұсында Ташкент маңын билеген Норазахмет (Барақ) ханның баласы Баба
сұлтаннан өш алумен болды. Сол жорық кезінде қайтыс болды.

Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығы

XVI ғасырдың 90-жылдарынан XVII ғасырдың басына дейінгі Қазақ
хандығының тарихы Шығайдың Абдаллахқа өтіп кетуі, Тәуекелдің одан қалуы,
қазақ сұлтандары қатысқан 1588-жылғы Ташкент көтерілісі, 1594-1595
жылдардағы Тәуекел Түркістанды, Ташкентті, Ферғананы, Самарқандты басып
алған кездегі соғыс оқиғалары сияқты деректермен белгілі. Бұл аймақтардың
Қазақ хандығы құрамына қосылуының тарихи маңызы зор болды, бір тарихи
кезеңнің екіншісімен алмасуын көрсетті. Бұл оқиғалар тек қазақ хандығына
ғана емес, шайбанилік мемлекеттерге де елеулі ықпал жасады, өйткені Орта
Азиядағы әулеттер ауысуының солармен тікелей байланысы болды.
1582 жылы Шығай хан өлгеннен кейін Тәуекел хан болды. Абдаллахқа
вассалдық тәуелділік оның кезінде де сақталып қалды. Бірақ 1582 жылдың бас
кезінде-ақ Әндіжан мен Ферғанаға жорықтан қайтып келе жатқанда Тәуекел
өзіне ханның теріс ниетінен күдіктеніп, оны тастап, өзінің Дешті Қыпшағына
кетіп қалды делінген дерек те бар.
Тәуекелді осындай қадам жасауға итермелеген себептер деректемелерде
түсіндірілгенімен бірсыпыра пікір айтуға болады.
Тәуекел Сыр өңірінің қалалары үшін күресті бастап, 1586 жылы
Ташкентті алуға әрекет жасайды. Абдаллах ханның әскерлері оңтүстікте
шоғырланғанын біліп, Тәуекел Мауараннахрдың солтүстік аймақтарына
шабуылдайды. Оның шабуылы Түркістан, Ташкент, тіпті Самарқанд сияқты
қалаларды талқандады, Тәуекел шайқасқа түспей, асығыс шегініп кетті.
Сөйтіп, Тәуекелдің Ташкентті алуға жасаған алғашқы әрекеті сәтсіз аяқталды.
Ташкент өңірінде болған 1588 жылғы көтеріліс сол кезіндегі қазақ халқы
тарихындағы маңызды оқиғалар қатарына жатады. Ол жөнінде Хафиз Тыныштың
Шараф-наме – ий шахи және Мукимидің Зафар - наме деген еңбектерінде
қызықты мәліметтер мен жағдаяттар келтірілген. Ташкент көтерілісіне
зерттеушілер осы кезге дейін назар аудармай келді, ал ол Орта Азия –
Қазақстан аймағындағы тарихтың дамуына едәуір дәрежеде ықпал еткен еді.
Сол кезде қазақ сұлтандары Сауран билеушісі Ишанкелді аутаршы мен
Наурыз би құсшының өздеріне қакүнемдік жасауға дайындалып жатқанын біліп,
өзбек әскеріне қарсы аттанды. Алайда бұл күресте Ишанкелді би жеңіп, қазақ
сұлтандары мен бүлікші әмірлері жеңіліс тапты. Үш айға жуық уақытқа
созылып, әскери бүлік сипатында болған көтеріліс осылай аяқталды.
Көтеріліске бүлікші әмірлермен және қазақ сұлтандарымен қатар көшпелі
тайпалар да қатысты. 1588 жылғы оқиғалар содан кейінгі 1598-1599 жылдардағы
оқиғалардың, атап айтқанда, Шайбани әулетін Аштархани әулетінің алмастыруы
сияқты елеулі оқиғаның алғы шарты болды.
Сонау 1585 жылы-ақ Абдаллахқа дербес қарсы шыққан Тәуекел бұл
көтеріліске қатысқан жоқ. Ол жеңген жағдайда өзіне айтарлықтай пайда
келтіретін болса да, басқа қазақ сұлтандары жүргізген бұл күреске
қосылмады. Тәуекел 1582 жылдың аяғында Абдаллахтан кеткеннен кейін оның
жоғарғы билік үшін ұзақ уақыт табан тіресе күресуіне тура келді. 1596 жылы
оның хан атағы болғанымен, алайда ол осы заңды негізге алмаған еді.
Тәуекелдің сол жылғы Ташкентті шабуын суреттей келіп, Ескендір Мұңшының өзі
де өзіне хан атағын алған қазақ Тәуекел сұлтан сансыз көп әскермен
Ташкентке жақындап келді деп хабарлайды. Бұдан Тәуекелдің хан жағдайын
1586 және 1594 жылдар арасында жүргізілген ұзақ та табанды күрес
нәтижесінде жеңіп алғаны, оның содан кейін Мәскеумен қатынастар жасау
кезінде нағыз хан ретінде әрекет еткені анық болады.
1594 жылы Тәуекел өзін бодандығына қабылдауды өтініп, Федор патшаға
Құл-Мұхамедті елші етіп жіберді.
Қазақ елшілері орыс патшасына Қазақ хандығының жайы туралы бірқатар
қызықты мәліметтер жеткізді. Мәселен, Құл-Мұхамед былай деп хабарлаған: Ал
қазір Бұхара патшасымен уақытша татумыз, ал ноғайлармен бауырлардай
татумыз, Тинехматтың балаларымен де, ұрыс тұқымымен де ала-бөтен емеспіз.
Бұл елшілік туралы істе Тәуекел хан қазақ және қалмақ патшасы деп те
аталған, бұдан оған Орталық және Солтүстік Қазақсстанды мекендеген
қазақтарға жақын көшіп-қонып жүрген кейбір жоңғар рулары бағынған деген
қорытынды жасауға болады.
Сонымен қазақ елшілігінің алдында Ораз-Мұхаммедті қайтаруға қол жеткізу
және Абдаллахқа қарсы күресте Мәскеудің көмегіне уәдесін алу міндеттері
қойылды.
1595 жылғы наурыз айында елшіге патшаның жауап грамотасы тапсырылды,
онда Тәуекелге қазақ хандығын өзінің патшалық қол астына алатынын
хабарлаған және патша мен ханзадаларға оқ ататын қару жіберуге уәде етеді
де, одан әрі мынадай тілек айтады: Тәуекел біздің патшалық қол астымызда
болғандықтан және біздің патшалық әміріміз бойынша Бұхара патшасымен және
бізге опасыздық жасаған сібір патшасы Көшіммен соғысып, біздің ұлы
мәртебелі патшамызға жол салатын боласыздар.
Тәуекелдің елшілері Мәскеуге Иран шахы Абдаллахқа қарсы бірлесіп
күресуі туралы келісімге қол жеткізу үшін Иран елшісін өздерімен бірге
Тәуекелге жіберуін сұрады. Елшілердің өтініші орындалды.
Құл-Мұхаммед елшілігіне жауап ретінде 1595 жылдың наурыз айында
Мәскеуден Тәуекел ханға тілмаш Вельямин Степанов жіберілді.
Сонымен, қалыптасқан жағдайда қамқорлық туралы мәселе жөнінде
келісімге келу мүмкін болмай шыққанымен, дипломатиялық қатынастар, сондай-
ақ сауда байланыстары XVI ғасырдың кейінгі жылдарында да жалғаса берді.
Қазақ-орыс дипломатиялық қатынастарының дамуы керуен саудасының одан әрі
кеңеюіне жағдай жасады. Қазақтар рынокқа өз тауарларын: малын, мал
өнімдерін және т.б. апарып отырды. Ресейден Орта Азия мен Сібірге апаратын
жол Қазақ хандығының аумағы арқылы өтті. Тобыл қаласынан Орта Азияға
апаратын сауда жолы Ертіс өзені арқылы Есіл өзенінің бас жағына қарай, ал
ол жақтан Ұлытауды айналып өтіп, Сарысу арқылы Түркістанға дейін, сонан соң
Сырдария өзені арқылы Бұхараға өтетін еді.
1598 жылы Тәуекел Шайбани ұрпақтарының мемлекетіне жаңа шапқыншылық
жасайды. Абдаллах хан Тәуекелді өзіне лайықты қарсылас деп санамай, оған
қарсы шекаралас өңірлер сұлтандарының, әмірлерінің әскерлері мен өз
әскерінің бір бөлігін жіберген. Ташкент пен Самарқанд арасындағы бір жерде
шайқас болған. Абдаллах әскері ауыр жеңіліске ұшырайды. Абдаллах өлгеннен
кейін хандық саяси дағдарыс кезеңіне енді.
Сөйтіп Тәуекел аз уақыт ішінде Түркістанды, Ташкентті, Ферғананы
алды.
1598 жылы наурызда Абдолла хан қайтыс болып, Абдылһұмин хан болды.
Иран шахы аббас оған жаулық ойлады. Осыны пайдаланған Тәуекел
ханшапқыншылық соғыс қозғап, жүз мыңнан астам қазақ әскерімен Мауараннахрға
басып кіріп, Ахси, Әндижан, Ташкент, Самарқанд қалаларын басып алды.
Тәуекел хан өзінің туысы Есім сұлтанды 20 мыңдай әскермен Самарқанда
қалдырып, өзі 70-80 мың әскерімен Бұхараны алуға аттанды. Қазақ әскерлері
Бұхараны 20 күн қоршады. Қала бекінісі түбіндегі бір шайқаста Тәуекел хан
ауыр жараланып, Ташкентке қайтып келіп қаза болды.

Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы

Шығайұлы Есім хан (1598-1645) – Қазақ хандығының ханы, Шығай ханның
баласы, атақты Тәуекел ханның туған інісі. Есім хан туралы халық жадында
сақталған аңыз -әңгімелер, дастан-жырлар көп. Оны халқы Еңсегей бойлы ер
Есім деп ардақтайды.
Есім хан билік басына ағасы Тәуекел өлгеннен кейін келді. Бұл кезде
Қазақ хандығының шығысындағы жағдай Тәуекел тұсындағыдан әлдеқайда
күрделене түскен еді. Мұнда ойрат тайпаларының бірігіу процесі жүріп жатты.
Сондықтан ол көршілерінде болып жатқан жағдайды жіті қадағалап, олардың
тайпалары арасындағы алауыздықты өз пайдасына шешуге ұмтылып бақты.
Ойраттардың бір жағынан Ембі, Жайық, Еділ бойындағы ноғайлармен
шарпысуығ екінші жағынан орыс қамалдарының гарнизондарымен қақтығысуы Есім
хан саясатының ықпалды болуына елеулі жағдай жасады. Ақырында үш жақты
соғыстың өздеріне қырғын таптыратынын сезген ойрат әміршілері Есім ханның
үстемдігін мойындап, тату көршілікте тұру мақсатында ұсыныс жасап,
елшілерін жіберуге мәжбүр болады.
Хандығының шығысындағы жағдайды осылайша өз пайдасына шешкен Есім хан
оңтүстігін де ойдан шығармайды.
Хандығының шекарасын кеңейте түсу саясатын мұнда да батыл жүргізіп
бағады. Оған жағдай да көмектесе түседі. Себебі, бұл кезде қайтыс болған
Бәки Мұхаммед ханның орнына оның інісі Уәли Мұхаммед пен Герат-Хорасанның
билеушісі Дінмұхаммед баласы Иманқұлы таласып жатқан еді. Осы қақтығысты өз
пайдасына асыруда Есім хан үлкен ептілік танытады. Ол әуелі Уәли Мұхаммедке
көмектесемін деп уәде беріп, кейін Иманқұлы жағына аунап түседі. Соның
нәтижесінде онымен бірігіп, Уәли Мұхаммедті өлтірісіп, Иманқұлымен одақ
жасасады да, сол жылы Иманқұлыға қарсы шығып, Самарқантқа әскер жөнелтеді.
Бұл кезде Иманқұлының Есіммен соғысарлық шамасы жоқ еді. Сондықтан
онымен шартқа отырып, Ташкент пен оның төңірегінің түгелдей қазақтардың
иелігі екенін ресми түрде мойындайды.
Бұдан кейін Есім хан Моғолстан ханы Әбдірахымның қызы Падшахқа үйленіп,
ағасы Күшік сұлтанның қызын Әбдірахымға беріп, қарсы құда болу арқылы оны
өзінің жақтасы етіп, соның көмегімен өзіне опасыздық жасаған Тұрсын ханды
талқандап, дара билікке қол жеткізеді.
Есім ханның билігі тұсында (1598-1645) халық жадында Есім салған ескі
жол деген атпен қалған әдет-ғұрып нормаларын қалыптастырған конституциялық
құжат болғаны белгілі. Мұны Есімнің заңы деп ұққан жөн. Бірақ оның көктен
алынбағанын, өз заманының орайы мен талабына қарай Есім хан мен оның
кеңесшілері өңдеп, толықтырған баяғы Қасым салған қасқа жолдың бір
нұсқасы екенін де естен шығармаған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі мал шаруашылғы және егін шаруашылығы
Түркістан қаласының ерте ортағасырдан басталатын тарихын тың дерек көздері негізінде, араб-парсы және еуропалық саяхатшы-тарихшы, географтардың мәліметтерін сараптау арқылы, жаңа көзқарастар тұрғысынан қарастыра отырып, әлемдік тарихтағы алар орнын айқындау
Шайбанилық Әбілқайыр хан
XVI ғ. Мухаммед Шайбани ханның Қазақ хандығына қарсы жорықтары
Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы
Қазақ хандығының құрылуы және оның маңызы
Қазақстан Республикасы [qɑzɑqˈstɑn]
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-17 ғғ.)
Қазақтардың этникалық тарихының деректері
Пәндер