Фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруын талдау


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

Диплом жұмысын дайындау

ГРАФИГІ

Реттік №
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі
Ескертулер
Реттік №: 1.
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі: Әдебиеттерді таңдау, оларды зерттеу мен өңдеу. Негізгі көздер бойынша библиография жасау
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі: 23. 12. 2010ж.
Ескертулер: Отандық әдебиеттер авторларын таңдау
Реттік №: 2.
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі: Диплом жұмысының жоспарын жасау және оны жетекшімен қарастыру
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі: 11. 01. 2011ж.
Ескертулер: Жоспарды өңдеу
Реттік №: 3.
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі: Бірінші бөлімді жазу және оны тексеруге ұсыну
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі: 02. 02. 2011ж.
Ескертулер: Теорияға толықтырулар енгізу
Реттік №: 4.
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі: Практикалық материалдарды және т. б. жинақтау, жүйелеу және талдау.
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі: 01. 03. 2011ж.
Ескертулер: Артық мәліметтерді алып тастау
Реттік №: 5.
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі: Қорытынды мен ұсыныстарды ғылыми жетекшімен келісу.
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі: 16. 03. 2011ж.
Ескертулер: Ұсыныстар мен қорытындыларды нақтылау
Реттік №: 6.
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі: Ескертуге сәйкес диплом жұмысын қайта өңдеу (толықтыру) . Аяқталған жұмысты кафедраға ұсыну.
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі: 07. 04. 2011ж.
Ескертулер: Техникалық рәсімдеуге байланысты кемшіліктер
Реттік №: 7.
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі: Рецензия мен пікірлермен танысу
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі: 15. 04. 2011ж.
Ескертулер: Қол қойылды
Реттік №: 8.
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі: Рецензия мен пікірлерді ескере отырып, қорғауға дайындықты аяқтау.
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі: 21. 04. 2011ж.
Ескертулер: Қорғауға жіберілді

Тапсырманың берілген күні 29. 12. 2010ж.

Кафедра меңгерушісі

э. ғ. к., доцент Арзаева М. Ж.

Жұмыс жетекшісі

аға оқытушы Купешова Б. К.

Тапсырманы орындауға

алған студент Кожабергенова М. К.

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС» ЖОҒАРҒЫ МЕКТЕБІ

«ҚАРЖЫ» КАФЕДРАСЫ

«ҚАРЖЫ» мамандығы

4 курс Ф07К6 тобының студенті Кожабергенова М. К. .

«Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару» атты тақырыбында диплом жұмысын орындауға арналған

ТАПСЫРМА

« ___07 » желтоқсан 2010 ж. № 4-2974 бұйрығымен бекітілді.

Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі «»

Жұмыстың бастапқы мәліметтері : Көпешова Б., Корпорациялар қаржысы., Кадерова Н. Н., Корпоративтік қаржы., Халықаралық қаржылық есеп стандарты (IFRS) 7 «Қаржылық құралдар».

Диплом жұмысындағы толықтырылуы қажет сұрақтар тізімі немесе жұмыстың қысқаша мазмұны:

a) Айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелердің мәні, мазмұны, құрылымы, басқару саясаты, үлгілері қарастырылған.

ә) Қазіргі уақыттағы фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруын талдау, «Институт Градтранспроект» ЖШС-тің айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін нарық жүйесіндегі фирмалардың айналым қаражаттары мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару саясаты мен басымдылықтары қарастырылған. «Институт Градтранспроект» ЖШС-тің қызметінің сипаттамасы. Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелердің құрылымы және көлемдері талданған.

б) Ғаламдық жағдайдағы фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруын жетілдіру. Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару бойынша перспективалары мен болашағы қарастырылған.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 5

1АЙНАЛЫМ АКТИВТЕРІ МЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 8

1. 1 Айналым активтерінің экономикалық мәні, құрылымы және мазмұны… . . . 8

1. 2 Міндеттемелердің мәні мен мазмұны және олардың жіктелуі . . . 16

1. 3 Айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару саясаты және үлгілері . . . 22

2 ФИРМАЛАРДЫҢ АЙНАЛЫМ АКТИВТЕРІ МЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН БАСҚАРУЫН ТАЛДАУ («ИНСТИТУТ ГРАДТРАНСПРОЕКТ» ЖШС МЫСАЛЫНДА) . . . 35

2. 1 «Институт Градтранспроект» ЖШС-нің қаржы-шаруашылық қызметінің сипаттамасы . . . 35

2. 2 Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелердің құрылымын және көлемін талдау . . . 39

2. 3 «Институт Градтранспроект» ЖШС айналым активтерін қолдану тиімділігін талдау . . . 50

3ҒАЛАМДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ФИРМАЛАРДЫҢ АЙНАЛЫМ АКТИВТЕРІ МЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ . . . 55

3. 1 Фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару бойынша мәселелері мен даму перспективалары . . . 55

3. 2 Ғаламдану жағдайында фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруды оңтайландыру . . . 58

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 65

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 68

ҚОСЫМШАЛАР . . . 69

КІРІСПЕ

Айналым активтері кез келген фирмада жалпы активтердің көп бөлігін құрайды. Оны дұрыс басқарудан шаруашылық жүргізуші субъектінің кәсіпкерлік қызметінің дұрыс жүруі анықталады. Фирмада, оның қызметін ұстап тұру үшін қажетті айналым қаражаттары мен қысқа мерзімді міндеттемелерінің бар болуы, бір жағынан, тиімді және қатаң, екінші жағынан, қадғалаушы және есепті жүйенің болуын талап етеді. Фирмада қысқа мерзімді міндеттемелер мен айналым қаражаттарының болуы, олардың құрамы, құрылымы, айналым капиталының қолдану тиімділігі және айналымдылық жылдамдығы, фирманың қаржылық тұрақтылығы мен нарықтағы орнын анықтайды.

Нарықтық қатынастардың дамуы фирманың қысқа мерзімді міндеттемелері мен айналым капиталының жаңа шарттарын және оны басқаруда жаңа әдістерді белгілейді. Жоғары инфляция, өндіріс көлемінің және тұтынушылық сұраныстың төмендеуі, төлемсіздік, шаруашылық байланыстардың үзілуі, салықтық төлемдердің ауыртпалығы, банктік пайыздардың жоғарлануынан несиеге деген қол жеткізу мүмкінсіздігі және басқа дағдарыстық жағдайлар фирма үшін қысқа мерзімді міндеттемелер мен айналым активтерін басқару саясатын өзгертуге, жаңа қаржыландыру көздерін іздеуге, оларды қолдану тиімділігін қайтадан зерттеуге мәжбүрледі. Айналым қаражаттарына инвестицияланатын қаржылық ресурстар көлемінің жоғары болуы, олардың түрлерінің көпқырлылығы, тұрақты төлемділіктің және капиталдың айналымдылығын жоғарлатудағы рөлінің маңыздылығы, сонымен қатар, басқа да жағдайлар айналым активтерін талдауда мақсаттардың қиындығын көрсетеді. Бұл мақсаттардың тізімі және оларға жету жолдары фирма құрастыратын қысқа мерзімді міндеттемелер мен айналым активтерін басқару саясатында көрініс табады. Фирманың операциялық қызметін бастамас бұрын жасалған айналым қаражаттарына капитал салу туралы шешімдердің қабылдануы - «табысты бүгін алу» нәтижесіне жету қорытындысы болып табылады. Фирмадағы өндірістік айналым қорларын дұрыс қоланудан, фирманың табыс көлемінің өсуі анықталады, яғни, фирманың ары қарай дамуы немесе тұрып қалуы шешіледі. Қысқа мерзімді міндеттемелер және айналым қаражаттары өндірістік үдеріске қатысады және де фирмада оларды тиімді басқару туралы сұрақтар негізгі қызмет болып саналады.

Қысқа мерзімді міндеттемелер мен айналым активтерінің есебін және талдауын жасаудағы методологиялық қамтамасыз ету және практикалық шешімдер, материалды-өндірістік қорлар, ақша қаражаттары, дебиторлық қарыздар және басқалары бухгалтерлік есептілік жүйесінде және экономикалық талдаулардағы мәліметтер әр түрлі қолданушылар үшін қажетті және көмектесе алатындай болуы керек. Бұндай мәліметтерді талдау және түсіну қысқа мерзімді міндеттемелер мен айналым қаражаттарының және оның әрбір элементінің бухгалтерлік (қаржылық) есептілікте көрсеткіштер жүйесін құрастыруға көмектеседі.

Фирманың немесе шаруашылық субъектінің дұрыс қызметін жүргізу үшін айналым қаражаттары, біріншіден, ол фирманың айналым қорларын және тұтыну қорларын сатып алуға көмектесетін - ақша қаражаттары болып саналады. Айналым қорларын рационалды және үнемді қолдану, кез келген фирма үшін басты міндет болып саналады.

Осымен байланысты фирманың айналым активтерінің қолдану тиімділігін көтеру мәселесі жоғарыға қойылады. Себебі, меншік формасына, саласына және техникалық сипатына, өндіріс ауқымына байланыссыз, айналым қаражаттарының осы үдерістерін қадағалау негізінде ғана ресурстардың құнының қозғалысын және олардың айналымдылығына қол жеткізуге болады.

Зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігі - қазіргі нарықтағы фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару тиімділігін анықтау.

Диплом жұмысының мақсаты - фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару туралы теориялық және әдістемелік негіздемелер жасау және Қазақстан Республикасындағы фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруын талдау.

Қойылған мақсаттарға орай жұмыста келесі мәселелерді шешу қарастырылды:

  • жалпы айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерге анықтама беру;
  • айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару ерекшеліктері мен теориялық аспектілерін зерттеу;
  • айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруының қазіргі жағдайына баға беру және анализ жүргізу;
  • айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқарудағы әр түрлі әдістер мен тәсілдердің маңыздылық рөлін көрсету;
  • фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруындағы мәселелерін көрсету, олардың даму перспективаларын анықтау және қызметін оңтайландыру.

Зерттеу объектісі - «Институт Градтранспроект» ЖШС-тің айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару қызметі.

Ал зерттеу пәні болып айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерді тиімді басқару әдістері, тәсілдері, ұйымдастырушылық-экономикалық, технологиялық факторлар жиынтығы және оларды дамыту жолдары мен перспективалары.

Диплом жұмысының құрылымы үш тараудан тұрады. Бірінші тарауында айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелердің мәні, мазмұны, құрылымы, басқаруының өзіндік ерекшеліктер, үлгілері қарастырылған.

Екінші тарауда қазіргі уақыттағы фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруын талдау, «Институт Градтранспроект» ЖШС-тің айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін нарық жүйесіндегі фирмалардың айналым қаражаттары мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару саясаты мен басымдылықтары қарастырылған. «Институт Градтранспроект» ЖШС-тің қызметінің сипаттамасы. Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелердің құрылымы және көлемдері талданған.

Үшінші тарауда ғаламдық жағдайдағы фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруын жетілдіру. Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару бойынша перспективалары мен болашағы қарастырылған. Сонымен қатар ХҚЕС-на сәйкес қысқа мерзімді міндеттемелер туралы Қазақстан Республикасының заңдары туралы ақпараттар көзі ашылып жазылған. Дипломдық жұмыстың орындалуы еліміздегі қолданылып жүрген құқықтық нысандарды да қамтыған.

1 АЙНАЛЫМ АКТИВТЕРІ МЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Айналым активтерінің экономикалық мәні, құрылымы және мазмұны

Айналым активтері (айналым капиталы) - бұл бір өндірістік-коммерциялық циклде толық қолданылатын және кәсіпорынның ағымдағы қызметіне қажетті меншікті құндылықтардың жиынтығы болып табылады. Тар мағынада - айналым активтеріне бір өндірістік цикл ішінде немесе бір жылдың ішінде ақша қаражаттарына айналатын активтерді айтады.

Айналым активтерін 2 топқа бөлуге болады:

  1. Тұрақты бөлімі;
  2. Өзгермелі бөлімі.

Тұрақты бөлімі - бұл белгілі бір цикл ішінде үнемі қажетті болып отыратын ағымдағы активтерді айтамыз .

Өзгермелі бөлімі - бұл ағымдағы активтерге қажеттілігі тек белгілі бір кезеңдерде ғана байқалатын активтерді айтамыз.

Өзінің айналым жасау кезінде айналым активтері ақшалай, өндірістік және тауарлық формаларда болып отырады, оларды келесідей бөлуді қажет етеді:

  • өндірістік қорлары (шикізат және материалдар, қосалқы бөлшектер, аяқталмаған өндіріс, отын, қорап және қорап материалдары, төмен бағалы инвеньтарлар және т. б. ) ;
  • айналым қорлары (дайын өнім, ақшалай қаражаттар және дебиторлық қарыздар) ;

Айналым активтерінің басқару объектісі болып:

  • өтімділік дәрежесі;
  • құрылымы;
  • мөлшері;
  • қалыптасу көздері және олардың құрылымы [1., ] .

Өтімділік дәрежесіне байланысты айналым қаражатының құрамы мен құрылымы келесі кестеде көрсетілген (1 кесте) .

Кесте 1

Айналым қаражаттарының өтімділік дәрежесі бойынша құрамы мен құрылымы

Айналым қаражаттарының топтары
Енгізілетін қаражаттар құрамы
Айналым қаражаттарының топтары: 1
Енгізілетін қаражаттар құрамы: 2
Айналым қаражаттарының топтары:
  1. Ең өтімді актив
Енгізілетін қаражаттар құрамы:

1. 1. Ақшалай қаражат

- Касса;

Айналым қаражаттарының топтары:
Енгізілетін қаражаттар құрамы:
Айналым қаражаттарының топтары: Кесте 1- нің жалғасы
Айналым қаражаттарының топтары: 1
Енгізілетін қаражаттар құрамы: 2
Айналым қаражаттарының топтары:
Енгізілетін қаражаттар құрамы:

- Есеп айрысу шоты;

- Валюталық шот;

- Өзге де ақшалай қаражаттар.

1. 2. Қысқа мерзімді қаржы салымдары

Айналым қаражаттарының топтары:
  1. Жылдам сатылатын актив
Енгізілетін қаражаттар құрамы:

2. 1. Жөнелетін тауар

2. 2. Дебиторлық берешек:

- Тауар, жұмыс, қызмет үшін;

- Алынған вексель бойынша;

- Еншілес фирмалармен;

- Бюджетпен;

- Қызметкерлермен өзге операциялар бойынша;

- Өзге дебиторлармен.

2. 3. Өзге айналым капиталы

Айналым қаражаттарының топтары:
  1. Баяу сатылатын актив
Енгізілетін қаражаттар құрамы:

3. 1. Алдағы кезеңде шығысы шегерілген запас және сатып алынған құндылық бойынша ҚҚА

Айналым қаражаттарының топтары: Дерек көзі:Кадерова Н. Н. Корпоративтік қаржы, [2., ] . Экономика, 2008ж., 93 бет.

Кестеден көріп отырғанымыздай, айналым қаражаттарының өтімділік дәрежесінің құрамы мен құрылымы қарастырылған. Бұл өз кезегінде сатылуы екіталай ағымдағы активті анықтауға мүмкіндік береді. Өндірістік кәсіпорындардағы айналым активтерінің құрылымы оның жұмыс істейтің саласына байланысты болады. Мысалы, материалды босалқы қорлар өндеуші салада, машина жасау саласында, жеңіл және тамақ өнеркәсібінде көбірек болады.

Тікелей жоспарлау мүмкіншілігіне байланысты айналым қаражаттары мөлшерлі және мөлшерсіз деп бөлуге болады. Мөлшерлі (жоспарланатын айналым қаражаттары) - ол өнімді өндіріп өткізу үдерісін үзбей қамтамасыз ету үшін және минималды материалдық - өндірістік босалқы қорларды (запастар) қалыптастыруға қажетті ақша қаражаттарын айтамыз. Ал мөлшерсіз - ол жоспарланбайтың айналым қаражаттары болып табылады [2., ] .

Қалыптастыру көздеріне байланысты айналым активтері келесі кестеде көрсетілген (2 кесте) .

Кесте 2

Айналым қаражат көзінің құрамы мен құрылымы

Айналым қаражат көзі
Айналым қаражат көзі: Меншікті
Қарыз
Қосымша тартылған
Айналым қаражат көзі:
  1. Жарғылық капитал
  1. Банктің ұзақ мерзімді кредиті
  1. Кредиторлық берешек:

- Жеткізушілер мен

Айналым қаражат көзі:
Кесте 2 - нің жалғасы
Айналым қаражат көзі:
  1. Үстеме капитал
  2. Резервтегі капитал
  3. Бөлінбеген таза кіріс
  4. Жинақтау қоры
  5. Мақсатты қаржыландыру, сондай - ақ бюджеттен және бюджеттен тыс қордан түсетін түсім
  1. Ұзақ мерзімді қарыз
  2. Банктің қысқа мерзімді кредиті
  3. Қысқа мерзімді қарыз
  4. Коммерциялық кредит
  5. Инвестициялық салық кредиті
  6. Қызметкерлердің инвестициялық жарнасы

мердігерлерге

- Еңбекақы төлеу бойынша

- Сақтандыру бойынша

- Бюджетпен

- Өзге кредиторлармен

  1. Тұтыну қоры
  2. Алдағы шығыс пен төлемнің резерві
  3. Күмәнді борыш бойынша резерв
  4. Қысқа мерзімді өзге міндеттеме
  5. Қайырымдылық және өзге түсім
Айналым қаражат көзі: Дерек көзі:Кадерова Н. Н. Корпоративтік қаржы, [2., ] . Экономика, 2008ж., 95 бет.

Кестеде айналым қаражат көзінің құрамы мен құрылымы көрініс тапқан. Әдетте, фирманың айналым қаражатына барынша аз қажеттілігі келесі меншікті көздің: пайданың, жарғылық капиталдың, жинақтау және мақсатты қаржыландыру қорының есебінен жабылады. Алайда бірқатар объективті себептерден (инфляция, өндіріс мөлшерінің ұлғаюы, клиенттердің шоттарын төлеуді кешіктіру және т. б. ) фирмаға уақытша қосымша айналым қаражаты қажет болады. Бұл жағдайда шаруашылық қызметті қаржымен қамтамассыз ету үшін қарыз көзі: банк және коммерциялық несие, қарыз, инвестициялық салық несиесі, фирма қызметкерлерінің инвестициялық жарнасы, облигациялық қарыз тартылады. Банк несиесі инвестициялық несие немесе қысқа мерзімді несие нысанынды береді. Банк несиесі негізгі және ағымдағы активті сатып алумен байланысты шығынды қаржыландыру, сондай - ақ фирманың маусым кезіндегі қажеттілігін, тауарлық материалдық босалқы қорларды уақытша ұлғайту, дебиторлық борышты, салық төлемдерін, күрделі шығындарды қаржыландыру үшін қажет. Қысқа мерзімді несие үкіметтік мекеме, қаржы фирмасы, коммерциялық банк, факторингтік фирма беруі мүмкін. Инвестициялық несиені үкіметтік мекеме, сақтандыру компаниясы, коммерциялық банк, андеррайтер, жеке инвестор беруі мүмкін. Айналым қаражатын қаржыландыру көзіне банк несиесі сияқты басқа фирма мен ұйымдардың қарыз, вексель, тауарлық несие мен аванстық төлем түрінде рәсімделген коммерциялық несие де жатады. Инвестициялық салық несиесін фирмаға мемлекеттік билік органы фирманың салық төлемінің уақытын ұзарту түрінде береді. Фирма инвестициялық салық несиесін алу үшін жергілікті салық органымен несие келісімін жасасады.

Фирманың айналым капиталының қалай сыныпталатыны келесі суретте көрсетілген (1 сурет) .

Айналым капиталы
Өндірістік айналым қорлары
Айналыс қорлары
Өндірістік босалқы қорлары
Аяқталмаған өндіріс пен болашақ кезең шығыстары
Дайын өнім
Ақша қаражаттары мен есеп айырысудағы қаражаттар
Мөлшерлі
Мөлшерсіз
Мөлшерлі:
Меншікті
Қарыз

Сурет 1. Айналым капиталының сыныптамасы

Дерек көзі: Көпешова Б. Корпорациялар қаржысы, [1., ] . Қазақ университеті, 2010ж., 66 бет.

Суретте айналым капиталының сыныптамасы көрініс тапқан. Фирма үшін айналым қаражаттарын сақтауды қамтамасыз ету фирманың маңызды мәселесі. Ол үшін жоспарлы кезең басында меншік айналым қаражаттарының болжамды немесе деректі сомасы жиынтық қажеттіліктерімен салыстырылады. Егер жоспарлы қажеттілік фирманың меншік қаражаттарынан асып кетсе, меншік айналым қаражаттарының жетіспеушілігі туындайды. Бұл жетіспеушілік меншік, уақытша және қарыз қаражаттар есебінен толықтырыла алады. Егер салыстыру барысында меншік айналым қаражаттарының артықшылығы пайда болса, онда ол артықшылық айналым қаражаттар өсімін қаржыландыру көзі болып табылады.

Айналым капиталын басқару айналым капиталын құру және оны қолдану іс-әрекеттерін білдіреді [1., ] .

Айналым капиталы фирманың жалпы бөлігі болып табылатындықтан, оған келесідей айналым капиталын қолдану ерекшеліктері көрініс табады:

  • капиталды қолданудың негізгі түрі, яғни экономикалық ресурс ретінде;
  • операциялық қызметті қаржыландырушы, экономикалық ресурс ретінде;
  • негізгі капиталды қолданудың спецификалық мүмкіндіктері мен механизмдері;
  • табысты (пайданы) жоғарлату арқылы айналым активтерінің өзіндік ерекшеліктерін көтеру;
  • әр түрлі тәуекелдерді тудыру;
  • айналым капиталының үнемі айналу кезінде олардың формасын өзгертуі;
  • әр түрлі нарықтардың жұмыс істеуіне тікелей байланысты;
  • кәсіпорынның тактикалық мақсаттарымен, миссияларымен тікелей байланысты.

Капиталды қолдануды басқару болып, басқару шешімдерінің жүйелік міндеттері мен методологикалық түрлері сналады. Оның негізгі мақсаты фирманың әр түрлі қызмет түрлерінде әсер ету, пайдалану болып табылады.

Капиталды қолдануды басқарудың негізгі міндеттеріне келесілерді жатқызуға болады:

  • фирманы басқарудың жалпы жүйесіне интеграциялау;
  • басқару шешімдерінің жалпы сипаттамасын құру;
  • басқарудың жоғары динамизмі;
  • белгілі шешімдерді қарастыру кезіндегі олардың көп қырлылығы; Фирманың стратегиялық және тактикалық даму мақсаттарының нақтылығы болып табылады [3., ] .

Айналым капиталын қолдануының басқару бүкіл фирманы басқару жүйесінде алатын орны келесі суретте көрсетілген (2 сурет) .

Кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесі.
Кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесі.: Кәсіпорынның қаржысын басқару жүйесі
Кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесі.: Кәсіпорынның капиалын басқару жүйесі
Кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесі.: Капиталды құруды басқару жүйесі
: Капиталды қолдануды басқару жүйесі.
Кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесі.: Айналым капиталын басқару жүйесі

Сурет 2. Фирманы басқарудың баспалдағы

Дерек көзі: Поляк Г. Б. Финансовый менеджмент, [3., ] . Прима, 2003 ж., 527 бет.

Суретте фирманы басқаруының баспалдағы көрсетілген, бұл жерде фирманы басқарудың жалпы жүйесі, оның ішінде: қаржысын басқару, қаржы қалай құрылады, қалай жұмсалынады, айналымда жүрген ақшалар қалай басқарылады қарастырылған.

Капиталды қолдануды басқару, яғни фирманы басқарудың арнайы облысы ретінде келесідей функцияларды орындауға міндетті болады:

  • қажетті көрсеткіштер негізінде айналым капиталын қолдану талдауын жасау;
  • капиталды қолдануды басқаруын, оның айналым жасау үдерісіне;
  • операциялық қызметте капитал қолдануының қозғалысын басқару;
  • капитал қолдануымен байланысты әр түрлі қаржылық тәуекелдерді басқару;

Операциялық қызметте капитал қолдануын басқару келесідей:

  • айналым капиталын қолдануын басқару саясатын құрастыру;
  • айналым капиталын қолдануын басқару.

Айналым капиталының қозғалысын басқару келесідей болып табылады:

  • ақша ағындарының қозғалысын басқару;
  • материалдық ағындарының қозғалысын басқару.

Капиталды қолдануды басқаруының механизмінің базасы болып, нарықтық механизмінің реттелінуі, фирмалардың қызметінің мемлекеттік-құқықтық реттелінуі, капиталды қолданудың ішкі реттеу механизмдері, айналым капиталын қолдануды басқаруының нақты жүйелері мен әдістері болып табылады.

Айналым активтерін қолданудың басқару мақсаты - ағымдағы және болашақ кезеңдерде фирманың меншік иелерінің пайдасын максималды дәрежесін тұрақты сақтап тұру.

Айналым активтерін қолдануының негізгі бағыттары ретінде:

  • әртараптандыруды оңтайландыру, яғни құрылған капиталды қызмет түрлеріне байланысты бағыттау;
  • қабылдап отырған тәуекел дәрежесінде капиталды пайдалану арқылы максималды табыс алуды қамтамасыз ету;
  • айналым капиталын пайдалану кезінде барынша қаржылық тәуекелдерді төмендету;
  • айналым активтеріне керекті кезде реинвестициялық қызметтер жүргізу болып табылады[3., ] .

Айналым активтерін басқару жалпы фирманың күнделікті атқаруды қажет ететін қызметтірінің бірі болып саналады. Айналым активтерін басқару ең алдымен айналым активтерінің қалай ұйымдастыратылығына байланысты, яғни оны келесідей кезеңдер бойынша сипаттауға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқару
ЖИНАҚТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруы
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау әдістері
Кәсіпорынның төлемдер сомасы
Қаржылық жағдайды талдау түсінігі
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ӨТІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару
Кәсіпорынның қаржысын басқару
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мақсаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz