Ақ Орда мемлекетінің саяси тарихы



Кіріспе

І тарау. Ақ Орда мемлекетінің саяси тарихы
І.І.Ақ Орданың астанасы . Сығанақ қаласы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
ХІІІ-ХҮ ғ.ғ. Орта Азия мен Қазақстан монғол шапқыншылығы зардабынан
арыла бастады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле бастады.
Көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай
тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің бірі - Ақ Орда. Оның шекарасы
Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін
созылып жатты. Ақ Орданың негізгі халқы - қыпшақтар, арғындар Алтайдан
осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер,
қарлұқтар т.б. Ақ Орда хандары - орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян,
Сасық-Бұқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтай, Орыс хан, Құйыршақ, Барақ т.б. Бұлар –
кейінгі Қазақ хандарының тікелей арғы бабалары еді.
Ақ Орданың саяси тарихы бірінші кезеңде Шығыс Дешті-
Қыпшақ жерін Алтын Орданың билігінен азат ету жолындағы ұзақ
күреспен өтеді, кейінірек Ақ Орда хандары Алтын Орда ісіне араласады,
ал өз тарихының соңғы кезінде Мәуераннахр билеушісі әмір Темір мен
оның ұрпақтарының басқыншылығына қарсы күреседі.
Ақ Орданың күшейген кезі ХІҮ ғ. 2 жартысы. 1361 ж. Ақ Орданың
билеушісі болған Орыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағын
иемденуге күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жж. Еділ бойымен жорыққа шыққан ол
Сарайды өзіне қаратып, Хажы-Тарханды (Астраханьды) қоршауға алды. Кама
бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Орыс ханның үстемдігі ұзаққа
созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті
Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 ж. Орыс хан қайтыс болды. Ақ Орда иелігі
Орыс ханның баласы Темір Мәлікке көшті. Бірақ осы кезде Маңғыстау
үстіртінің билеушісі - Жошы әулеті Түй хожа оғланның баласы Тоқтамыс Орта
Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін
талқандайды. Өзін 1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды. Ақ Орда
әмірлерінің қолдауына ие болған ол, 1380 жылы Сарайды, хажы-Тарханды,
Қырымды және Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне
басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 ж. Куликово даласында орыс
әскерлерінен жеңілуі себебінен мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтаған жоқ.
Атап айтқанда, Тоқтамыс Ақсақ Темірдің қамқорынан босануға тырысады. Бірақ,
1380, 1391, 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш
жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қирайды. Темірдің басқыншылық
соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан ХІҮ ғ. соңы мен ХҮ ғ.
бас кезінде Ақ Орда да әлсіреп қалады.
М. Әуезов Әдебиет тарихы атты монографиясында
(1927) Ақ Орда тұсындағы тарихи оқиғаларды талдай келе, көп дәуір
исі түркі жұртының бірлігі мен елдігін ойлаған ұлы батырларды
туғызды деген пікір түйеді. Ондай шығармалардың татарына Қобыланды,
Ер Тарғын, Ер Сайын, Шора батыр жырларын жатқызады. Жазушы
бұл тұжырымын : Батырлар әңгімесінің басы ескі түркі бірлігінің
заманындағы әңгімелерден шығады. Қазақ елінің ескілігі
жалғыз қазақтікі емес, жалпы түрік жүртының ескілігі деп саналуға
керек. Бұрынғы түрік, монғол дәуірі жүрген заманда Алтын Орда, Ақ Орда
күндері айтылатын жерлер бар. Ноғайлы, Қырым, Қыпшақ, Қырғыздардың
бір жалаудың астында бір ел болып жүрген кездерін айтады. Бұл
түрік журттарының жік-жікке бөлінбей тұрған күндері бірін-бірі
жат демей, бауыр көріп журген кездері. Қазақтағы батырлар әңгімесінің
осы кездер де шыққаны бір жік болып, кейінгі замандағы шыққандары
екінші бір жік болады. Алғашқы жіктегі – ұлы батырлар деп одан
әрі дамытады. Осы еңбекте түркі тілдес халықтардың бірлігін аңсаған
тарихи жырларды ерекше бөліп қарағаны үшін оған 1927-32 және 1945-51
жылдары Ұлтшыл - ұлы түрікшіл, Алтын Орда мен Ақ Орда дәуірінің
тұсындағы хандықты көксеп отыр деген айып тағылды.

Ақ Орданың саяси тарихы

ХІІІ-ХҮ ғ.ғ. басында Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде Ақ Орда мемлекеті
өмір сүрді. Ол - монғол шапқыншылығынан кейін Қазақстан жерінде пайда
болған бірінші ірі мемлекет. Ақ Орданың негізін қалаушы – Жошының үлкен
баласы Орда Ежен (1226-1280 жж.). Рашид әд-Диннің жазуына қарағанда (ХІҮ
ғ.), Жошы ұлысының шығыс бөлігін (сол қанатын) әкесінің көзі тірісінде
Жошының үлкен ұлы Орда Ежен алады. Әбілғазының айтуынша (ХҮІІ ғ.) осынау
жерді оған інісі Батухан ХІІІ ғ. орта кезінде бөліп береді. Орданың
мирасқорлары іс жүзінде дербес билеушілер болды. ХІҮ ғ. 2-ші жартысында
Алтын Орда билігі әлсіреп, Ақ Орда күшейіп, дамудың ең жоғары сатысына
жетті. Территориясы: батысында Жайық өзенінен шығыста Ертіс өзеніне
дейінгі, оңтүстікте Сырдария алқабы, Арал теңізінің солтүстік-шығысынан
солтүстікте Оңтүстік Сібір ормандарына дейінгі жерлер. Астанасы – Сығанақ
(Сырдарияның орта ағысы). Халқы – түрік тілді тайпалар.
Орда-Ежен (туылған жылы белгісіз – 1253 жылы дүниеден озған) – Ақ
Орда мемлекетінің негізін қалаған хан (1226 – 1253), қолбасшы Шыңғыс ханның
немересі, Жошы ханның үлкен ұлы, қазақ хандарының арғы атасы. Орда-Ежен
1236 – 1242 жылы моңғолдардың батысқа жасаған барлық жорықтарына белсене
қатысты. Жошы ұлысы екі қанатқа бөлінгенде сол қанатын Орда-Ежен, оң
қанатын Бату басқарған. Осының негізінде 13 ғасырдың ортасында әскери-саяси
иеліктер қалыптасып, соңынан олар дербес мемлекеттерге айналды. Жошы
ұлысының сол қанатын билеген Орда-Ежен інілерімен қосылып Алтын Орда
құрамына енетін, ішкі-сыртқы саясаты тәуелсіз Ақ Орда мемлекетін құрды.
Рашид әд-Дин Алтын Орда мен Ақ Орда жөнінде олар бір-бірінен өте алыста
жатты және өзара тәуелсіз ұлыстар болды деп жазды. Алғашында Орда-Ежен
өзінің ордасын әкесі Жошының орталығына жақын жердегі Ертіс өзенінің
жағалауына жайғастырды. Дегенмен, 1246 жылы П.Карпини Моңғолияға бара
жатқан сапарында оның ордасы Алакөл маңында болды деп көрсетеді. Орда-Ежен
өз беделінің күштілігіне қарамастан әкесінің орнына інісі Батудың Алтын
Орда тағына отыруын қолдады. Қарақорымда Күйікті ұлы хан көтерген
құрылтайға Жошы әулетінің атынан қатысты. Осы жиында Шыңғыс хан
ұрпақтарының үлкендері ретінде Мөңке екеуі бірігіп, көтеріліске
шыққандардың ісін тексеріп, жазаға тартты. Орда-Еженнің саяси рөлі тек Жошы
ұлысында ғана емес, бүкіл моңғол империясында да жоғары болды. Рашид әд-
Диннің айтуы бойынша, Алтын Орда билеушісі ресми түрде Бату болғанымен,
Мөңке хан Шыңғыс хан империясының атынан өзі шығарған үкімдері мен
жарлықтарында Орда-Еженнің атын Батудан бұрын қойған. Орда-Ежен өлген соң
оның орнына төртінші ұлы Күнқыран келді.
Мемлекетті Орда Ежен тегінен шыққан хандар басқарды. Алғашқы ханы –
Сасы Бұға (1309-1315), мұрагері – Ерзен хан (1315-1320). Ақ Орданың Алтын
Ордадан оқшаулануы ХІҮ ғ. 2-ші ширегінде Ерзен мен Мүбәракқожа тұсында
басталды. Мүбәрак қожа хан (1320-1344 жж.) Алтын Ордаға бағынбай дербес
саясат жүргізуге тырысты.
Ерзен хан 1315 — 1320 ж.ж. хандық құрған, Натанзидің мәліметтеріне
сүйенген Гаффари, Хайдар Разилер оны 1320 — 4445 ж. 25 жыл билік еткен деп
көрсетеді. Ерзен хан Жошының үлкен ұлы Орда Еженнің ұрпағы. Ерзен хан
Сасы Бұға қайтыс болғаннан кейін Алтын Орда ханы өзбектің жарлығымен Ерзен
хан әкесінің орнына отырады. Натанзи Ерзен хан жөнінде былай деп
жазады: “Ақылды, турашыл, діншіл және білімге құштар болды. Азғана жылда
беделі өзбек ханның дәрежесіне дейін жетті, бірақ оған бағыныштылығын
сақтады. Отырар, Сауран, Жент, Баршынкенттегі көптеген медреселерді,
ханакаларды, мешіттерді, т.б. қайырымдылық үйлерін салдырды. Әділдігі мен
мейірімділігі арқасында ол бүкіл Түркістан өңірін гүлдендірді. Әлділер
әлсіздерге қысымшылық жасамады, жастар жасы ұлғайғандарға сый-құрмет
көрсетуден ауытқымады. Ерзен хан билік еткен тұстағы ұлт қауіпсіздігі мен
гүлденуін ешкім түсінде де көрмеді”. Ерзен хан бір деректер бойынша, 1320
ж., ал басқа бір мәліметтерде 1345 ж. қайтыс болған деп көрсетіледі. Ол
Сығанақ қаласында жерленген. Хайдар Рази Ерзен ханның Мүбәрак қожа мен
Шымтай атты екі ұлы болғанын айтады. Ерзен ханнан соң таққа Мүбәрак қожа
отырды.
Шымтайдың (1344-1361 ж7ж.) ұлы Орыс ханның кезінде (1361-76 жж.) Ақ
Орда Алтын Ордадан бөлініп, тәуелсіз хандық болып жарияланды. Ақ Орда Орыс
хан тұсында едәуір нығаяды. Әйгілі тарихшы Қадырғали Жалайырдың айтуынша:
Орыс хан өз заманының қуатты да құдіретті, батыл билеушісі болған. Ол ең
алдымен Ақ Орданың саяси тәуелсіздігін нығайтуға мейлінше күш жұмсады. Оның
сыртқы саясаты негізінен Әмір Темірдің шапқыншылық жорығына тойтарыс беруге
бағытталды. Ал ішкі саясаты Ақ Орданың экономикасын өркендетіп,
мемлекеттік қуатын арттыруды көздеді, ол ең алдымен Сырдария алқабындағы
отырықшы егінші аймақтардың егін шаруашылығын өркендетуге және осы өңірдегі
шаруашылық, мәдениет орталығы болған қалаларды көркейтуге баса мән берді.
Орыс хан Алтын Орда тағы жолындағы күреске белсене қатысты. Ол
хан болып нығайып алған соң ішкі феодалдық қырқысты жойып, Алтын
Орданы өзіне бағындыруға әрекет етті. Бұл мақсатын жүзеге
асыру үшін 1368 ж. Еділ бойына жорық жасайды. 1374-1375 ж.ж. Сарай-
Беркені, Қажы-Тарханды (Астрахань) алып, Кама бұлғарларын
бағындырады. Бірақ Алтын Орданың уақытша билеушісі Мамайды жеңе
алмайды және бұл кезде Ақ Орданың өзіне Әмір Темір тарапынан қауіп
төнгендіктен Орыс хан Сырдария бойындағы өз иелігіне қайтып оралады. Ол
өзінің қайтар жолында Алтын Орданы жаулау кезінде өзіне көмекке келмеген
Жошы әулетінің бірі Маңғыстау аймағының билеушісі Түй-Қожаны өлтіреді. Оның
баласы Тоқтамыс Әмір Темірге барып паналайды. Темір бұл жағдайды
пайдаланып, Тоқтамысты көп әскермен Ақ Ордаға жібереді. Тоқтамыстың
алғашқы жорығы (1374-1375) сәтсіз аяқталды, Ақ Орда әскерлері оның
әскерлерін талқандады. Бұл соғыста Орыс ханның баласы Құтлық Бұқа қаза
болды. Әмір Темірден жаңадан әскер алған Тоқтамыстың екінші жорығы да
Орыс ханның ұлы Тоқтақия басқарған Ақ Орда әскерлерінен жеңілді,
тек төртінші жорығынан кейін ғана Тоқтамыс Ақ Орда тағына отырды.
Темір басқыншылығына қарсы күрестің негізгі ауыр салмағы Орыс ханға
түседі. Ұрыс барысында Орыс хан қаза тапты. Тоқтамыс Орыстың баласы
Темір-Мәлікті (1376-1379 жж.) 1379 ж. жеңіп, Ақ Орда билеушісі болды.
Тоқтамыс (шамамен 1350 – 1406) – Алтын Орда ханы, Маңғыстауда билеуші
болған Тұтқожа оғланның баласы. Жошы хан әулетінен. Әкесі Орыс ханның
қолынан қаза тапқаннан кейін, Ақ Ордадан Әмір Темірге қашып
барды. 1378 – 1379 ж.ж. Әмір Темірдің көмегімен Сығанақты
жаулап алып, Ақ Орданың билеушісі болды. Ол Мамайдың Куликово
шайқасында жеңіліске ұшырағанын пайдаланып, Алтын Орда тағына отырды.
Сарайды, Қажы-Тарханды, Қырымды басып алды. Таққа отырысымен Шыңғыс
хан әулетінің тақ үшін 25 жыл бойғы қырқысуларын жойды, ақша
реформасын жүргізді. Сонымен қатар Көк Орда, Хорезм, Қажы-Тархан, Қырым
иеліктері мен т.б. ұсақ ордалардың басын қосып, қуатты Жошы
ұлысының бірлігін қалпына келтіруге күш салды. Алтын Ордадан
бөлініп шықпақ болған Ресей жерлеріне шабуыл жасады. 1382 ж.
Мәскеуді басып алып, өртеп жіберді. Бірақ Тоқтамыстың ұлы державалық
ниеттері Әмір Темірдің қарсылығын туғызып, екеуінің арасында ұзаққа
созылған қиян-кескі күрес басталды. 1387 ж. туған Кавказдағы Кура
өзеніннде Әмір Темірден жеңіліс тапты, бірақ Орталық Азияда
Тоқтамыстың, Қамар әд-Дин мен Еңке төренің одақтасқан әскерлері Самарқанд
пен Бұхараның төңірегін шапқыншылыққа ұшыратты. Тоқтамыс 1391 жылы 18
шілдеде Құндызша өзенінің бойында, 1395 ж. 15 сәуірде Терек өзені
аңғарында Әмір Темір әскерлерінен жеңіліс тапты. 1397 ж. Едігенің
қудалауына ұшырап, Литваға қашты. 1399 ж. Ұлы Литва князі Витовтпен
одақтасып, Алтын Ордаға жорық жасады. 1399 ж. 12 тамызда Темір Құтлығ
пен Едіге әскерлерімен Ворскла өзені бойында болған шайқаста тағы да
жеңіліске ұшырады. 1406 ж. Түменге жақын жерде Тоқтамыс Едіге мен Шәдібек
әскерлерімен шайқасып, қаза тапты.
ХІҮ ғ. аяғы – ХҮ ғ. басында сыртқы саяси ауыр жағдайлар мен ішкі
қырқыстар кезінде Ақ Орда әлсіреп кетті. Ақ Орданың әлсіреу себептері:
Әмір Темірдің тонаушылық жорықтары және ішкі тартыстар.
1423-1428 жж. Орыс ханның немересі Барақ біраз уақыт бойы Ақ
Ордадағы өз әулетінің билігін қалпына келтірді.
Туған жылы туралы дерек жоқ, 1428 жылы қайтыс болған. 1423-1428
ж.ж. Ақ Орданың ханы болды. Құйыршық ханның ұлы, Орыс ханның немересі.
Барақ өз тұсында ең беделді хандардың бірі болған. Сығанақ
қаласын салуды басқаруға қатысты.
Алтын Орданың күйреуі кезеңінде, төре тұқымдарының таққа
тартысы кезінде, Ақ Орда бірқатар ұлыстарды иеленген болатын. Тақ
мұрагерлерінің бірі Барақ хан еді. 1416 ж. Дешті-Қыпшақтың билеушілері
мен Темірдің немересі Ұлықбектің арасында Сырдарияның төменгі
ағысындағы жерлер үшін күрес басталды. Бұл күрес бүтіндей жүз жылға
созылды. Ұлықбектің соғысқа араласуына Барақ ханның одан көмек сұрауы
себеп болды. Бұл 1419 ж. мамыр айында Самарқанда болған еді.
Ұлықбек Барақ ханға қонақжайлылық көрсетіп, оған көмектесуге бел
байлады. Барақ хан өз қарсыластарын жеңіп, билігін бірте-бірте
нығайта берді. 1422 ж. өзінің ең негізгі қарсыласы - Мұхаммед ханның
Ордасын бағындырғаннан кейін, Барақ хан Дешті-Қыпшақ аумағының
үлкен бөлігін жаулап алды. Оның аумағы Сырдарияның төменгі ағысынан
Арал теңізіне дейінгі аралықта, солтүстікте Жайық өзенінен Тобыл өзеніне
дейін, солтүстік-шығыста Ертіс өзеніне дейін созылып жатты.
1423 ж. хандық билікке қол жеткізген Барақ хан
Мауренахрға қарсы бағытталған саясатты жүргізе бастады.
1425 ж. Ұлықбек мемлекеті мен Сығанақ арасындағы шекараға ішкерілей
жақындаған Барақ хан бұрын атасы Орыс ханның қол астында
болған, одан Темір жаулап алған Сырдария өзенінің бойындағы Ақ
Орданың ежелгі жерлерін қайтаруды талап етті. 1427 ж. басында
Сығанақ түбінде Ұлықбек пен Барақ хан әскерлері арасында
кескілескен ұрыс болды. Жеңіліске ұшыраған Ұлықбек әскерлері Самарқан
қаласына дейін ығыстырылды. Тек 1427 ж. мамыр айында
соғысқа Шахрух бастаған Ғират әскерінің араласуымен Барақ
хан Дешті-Қыпшаққа кері оралуға мәжбүр болды. Сығанақ қайтадан Орыс
хан тұқымдарының ордасына айналды.
1428 ж. Моңғолстан сұлтаны Махмұд оғланға қарсы шайқаста Барақ
хан қаза болды. Сол 1428 ж. Дешті-Қыпшақты Әбілқайыр хан (1428-
1468) жаулап алған еді.
ХҮ ғ. алғашқы ширегінде Қазақстанның солтүстік-батыс және
орталық аймағында екі үлкен иеліктің – Ноғай Ордасы мен Әбілхайыр
хандығының пайда болуына әкелді. Қазақстанның орталық, батыс және
солтүстік-батыс бетінде бірнеше тәуелсіз феодалдық иеліктер
құрылып, олардың арасында билік үшін күрес толассыз жүрді. Осындай
жағдайда Жошы әулетіндегі Шайбанның ұрпағы Дәулет Шайх-
оғлының баласы Әбілхайыр саяси өмір сахнасына шықты. Яғни
Шайбани балалары уақытша үстемдік алды. Орталық және Солтүстік
Қазақстан тайпаларын билеп отырған топтардың қолдауымен ол 1428 жылы
Тура өңірінде (Батыс Сібір) хан болып жарияланды. Оның хандығының құрамына
Қият, Маңғыт, Шынбай, Найман, Қарлұқ, Үйсін т.б. тайпалар кірді.
Шығыс Дешті Қыпшақтың феодалдық бытыраңқы жерлерін біріктірген
"көшпелі өзбектер мемлекетінің", яғни Әбілхайыр хандығының Қазақстан
тарихында елеулі орны бар. Оның иелігі Ноғай Ордасының шығыс
бетін, батыста Жайыққа, шығыста Балқашқа дейінгі, оңтүстікте Арал
теңізі мен Сырдың төменгі ағысына, солтүстікте Тобыл мен Ертістің
орта ағысына дейінгі жерлерді қамтыды.
Әбілхайыр Шайбани басқарған 40 жылдай уақыт ішінде Көшпелі
Өзбектер елінің саяси жағдайында тұрақтылық пен тыныштық болмады.
Оның қолынан билікті алу үшін күрескен әр түрлі топтармен күрес
жүргізуге тура келді. Жошы әулетінің оның ішінде Ибақ хан, Береке
сұлтан, Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек, Керей Әбілхайырға үнемі қарсы
шығып отырды. 1446 ж. оған қарсы болып жүрген күшті шонжарлардың бірі
Мұстафа ханның әскерлерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақ Орда мемлекетінің территориясы және қоғамдық саяси құрылымы
XIV -XV ғ.ғ ортағасырлық мемлекеттер
Ақ орда мемлекетінің құрылуы, саяси тарихы
Дешті қыпшақтың мысыр мамлүк мемлекетімен XIII-XV ғғ. байланыстары
Ұлыс Жошы мемлекетінің құрылуы
Алтын Орданың саяси тарихы
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Ақ Орда тарихы
АЛТЫН ОРДА МЕМЛЕКЕТІ МЕН МАМЛҮКТІК ЕГИПЕТ АРАСЫНДАҒЫ САЯСИ БАЙЛАНЫСТАР
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша дәрістер
Пәндер