ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихының тарихнамасы
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Ірі шығыстанушы В.В.Бартольд
2. М.Тынышпаев еңбектері
3. С.Асфендияров
4. Ә.Бөкейханов еңбектері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Тарихнама пәнінің дамуы тарихнамалық мәселелерді зерттеудің кеңеюін және бүтіндей тереңдеу үдерісін, тарихнама ғылымының (немесе тарих ғылымының тарихнамалық саласының) тұрақты қозғалу үдерісін көрсетеді. Неғұрлым ала басқан сайын, зерттеу нысанасы (немесе, дәлірек айтқанда, зерттеу нысандары) бір мезгілде тереңдей және кеңейе түседі; қазіргі кезде пайда болған тәжірибе мен оның теориялық негіздемесі көптеген нысандардың басын қосып тарихнама түсінігі арқылы зерттеуге ұмтылады.
ХХ ғасырдың басындағы отандық тарихнамада ерекше орны бар Ресей шығыстанушысы - В.В.Бартольд болып табылады. Ол Шығыс тарихына, оның ішінде Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеген тайпалар тарихына үлкен көңіл аударды.
Мемлекет билеу жүйесін кемелдендіріп, қоғамдық қызметтерін ағартушылықпен ұштастырған зиялылар бүкіл ел болмысын еуропалық өркениет жолына түсіруге талпынғаны аян. Осылайша қазақ халқының қоғамдық дамуына мән мен сән берген, үн мен сыр берген ұлттық зиялы қауым ұлылары ел көркеюіне үлес қосады. "Халық басына қайғылы күндер туған заманда қайрат көрсетпеген азамат - азамат емес" деп А.Байтұрсынов айтқандай, дүние тетігін қолына ұстар азаматтар ел ұранын биік көтере жүріп, өз дәуірлеріндегі мемлекет қайраткерлеріне айналады. Осы жылдары ел басқарған Алаш азаматтарының көпшілігіне тән басты қасиет - әмбебаптық болып табылады. Олар қоғамдық қызметімен қатар қазақ халқының өткентарихының сан алуан саласына үңіліп, зерттеп, шығармашылық қызметін де қатар ұстанады. Солардың бірі - Ә.Бөкейханов,М.Тынышпаев, С.Асфендияров. ХХ
ғасырдың бас кезінде қазақ зиялыларының басын бір мақсатқа жұмылдырып, солардың қалың үнін жұртшылыққа жеткізіп отырған "Қазақ" газеті еді.
Ірі шығыстанушы В.В.Бартольд
В.В. Бартольд 1869 ж. 3 қарашада Петербургте туды. Оның әкесі Ригадан шыққан биржалық маклер, анасы (Ресейге Гамбургтен қоныс аударған, лютерандық пастордың шөбересі) -- Питердің банкілік кеңсе иесінің қызы болатын. 1887 ж. В.В. Бартольд сегізінші Петербург гимназиясын алтын медальмен тамамдады.
Шығысқа деген құмарлығы мектепте оқыған жылдары басталып, оның әрі қарайғы таңдауына ықпал етті: 1887 ж. ол Петербург университетінің араб-парсы, түркі-татар тобының шығыс тілдері факультетіне түсіп, 1891 ж. оны бірінші дәрежедегі дипломмен бітіреді. Сол кездері әйгілі шығыстанушылардың: Н.И. Веселовский, В.А.Жуковский, В.Р.Розен және басқалардың дәрістері, университеттік бай кітапханадағы жұмысы және оның
ерекше қабілеттерінің аркасында, ғалымның негізі қаланып, В.В. Бартольд әлемдік және отандық шығыстануда бірінші қатардан орын алды. Ол студенттік жылдардың өзінде араб, парсы, түрік және кейбір басқа тілдерді меңгереді, бұл туралы оның бозбала шағындағы дәптерлері куә.
Терең білімдарлық, сирек кездесетін жан-жақтылық, ғылыми талдаудың әдістерін шебер пайдалануы, материалды өте жақсы баяндау әдісі -- осының барлығы В.В. Бартольдтың ғалым ретіндегі сипаты болып табылады.
Оның еңбектерінің гуманистік рухы XIX ғ. аяғында қалыптасқан және барон В.Р. Розен басқарған Ресей шығыстанушыларының мектебіне ұласады. Бұл тәртіп Шығыс елдерінің әлем тарихындағы рөлі мен орны, олардың мәдениетінің Еуропа мәдениетіне ықпалын зерттеудегі өзіндік ғылыми ізденістерімен қатар, ғалымдардың ұйымдастырушылық қызметінің сипаты мен ғылыми мектептерді қолдау және дамытуға да қатысты болатын.
В.В. Бартольдтың мұрасы орасан және сан алуан. Оның алғашқы еңбектері 1892 ж. жарияланды (ғалымның жасы небары 23-те болатын), ал 1896 ж. оны приват-доцент дәрежесіне бекіткен сәттен бастап, оның коп жылға созылған ұстаздық қызметі басталды. 1900 ж. ол Петербург университетінде шығыс тарихының докторы ғылыми дәрежесінің ізденуші диссертациясын қорғады. Ғылыми кеңестің назарына Орта Азия тарихын
зерттеуінің негізін қалаған Моңғол шапқыншылығы дәуіріндегі Түркістан еңбегі ұсынылды. Ғалым тарих ғылымының түпкі мақсаты -- бүкіл адамзат өмірінің өмірі бағынатын заңдарын зерттеу болатынын ескертіп, Еуропа мен Шығыс тарихын салыстыруға, сонымен қатар шығыс және батыс елдердің нәсілдік ерекшелігіне екпін салуға қарсы айтылған сөздерінде Ресейдің төңкеріске дейінгі зиялы қауым тәртібіне тән мәдениеттілігі байқалды. 1901 ж. Петербург университетінің экстраординарлық, ал 1906 ж. ординарлық профессоры болып тағайындалады.
1910 жылы Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі болды. Негізгі еңбектері: Моңғол кезеңіне дейінгі Түркістандағы христиандық, Шыңғысхан мемлекетінің құрылуы, 1893 -- 1894 жылдары Орта Азияға жасалған саяхат туралы есеп, Жетісу тарихы туралы очерк, Түркістанға іссапар туралы есеп , Иранның тарихи-географиялық шолуы т.б.
Бартольд ислам тарихы жөнінде "Ислам", (1918); "Мұсылман қауымы мәдениеті", (1918); "Мұсылман дүниесі", (1922); "Мүсейлима", (1925) атты еңбектер жазған. "Мир ислама" (1912-13), кейін "Мусульманский мир" (1917) журналдарын ұйымдастырып, әрі редакторы болған.
1921 жылы Азия музейінің жанынан құрылған Шығысты зерттеушілер алқасын және оның "Записки коллегии востоковедов" атты баспасөз органын басқарды. Кеңес Орта Азия университетін құру (1918), Шығыстану кітапханаларын ұйымдастыру, Шығыс авторларының көне қолжазбаларын жинау жөніндегі тапсырмаларын орындады. Оның көптеген монографиялары ағылшын, неміс, түрік, француз, араб, парсы, т.б. тілдерге аударылған.
В.В. Бартольдтың жеке тұлғасының ерекшелігі -- дәл ғылым және фактілердің шынайылығымен жылжу, бұл оның гуманистік тұрғысын анықтайды. Жүз жылдай бұрын В.В. Бартольд - өзінің мақалаларында үнемі мұсылман халқының мәдениетінің кешеуілдеуінің себебі болып табылатын, мұсылман фатализмі - соқыр наным, Шығыс тарихымен бұрынды-соңды таныс болғанға, өзінің нағыз көрінісіндегі фатализм христиандық Құдай еркіне бағынушылықтан мүлдем ерекшеленбейтіндігі және негізінен
бақытсыздыққа душар болғандардың жұбанышы болып табылатыны бұрыннан мәлім деп қайталайтын, Петербург университетінің шығыс тарихының тыңдаушысын қатаң сынайтын.
В.В. Бартольд профессорлық деп аталатын мәдениеттің ақырғы өкілдерінің бірі болып табылады. В.В. Бартольд төңкерістен кейінгі Ресейден қоныс аударушылардың легіне ілеспей, Кеңес билігімен ашықтан-ашық тайталаспады. Дегенмен оның мадақтаушысы да, сенімді қызметшісіне де айналған жоқ. Бүл туралы Орта Азия аймағында бір ұлттық республикаларды мақсат тұтатын -- Орта Азияны ұлт мемлекеттік межелеуге қатысуға тартуға деген әрекетінен байқауға болады.
Үкіметтік талапқа жауап бере отырып, В.В. Бартольд 1924 ж. жүргізілген Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік межелеуді іске асырудағы ұлттық қағида, XIX ғ. Батыс еуропалық тарихымен қалыптасқан деп тауып, және ол қазіргі кезде жасалып жатқан өзгерістерге негіз таппай отырғанын жазады.
В.В. Бартольд 1930 жылы қайтыс болды. В.В. Бартольдтың өмірі толықтай Б.В.Лунина Академик В.В. Бартольдтың өмірі мен қызметі (Ташкент, 1981) кітабында және В.В. Бартольдтың шәкірті И.И. Умняковтың Академик В.В. Бартольдтың еңбектерінің мазмұндама библиографиясы) кітабында баяндалады
М.Тынышпаев еңбектері
Алаштың ірі қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ағартушы, тұңғыш темір жол инженері Мұхамеджан Тынышбаев 1879 жылы 12 мамырда Жетісу облысы Лепсі уезі Мақаншы-Садыр болысында (қазір Алматы облысы Қабанбай ауданы) туған. М.Тынышпаев XX ғасырдың 10 жылдары Орынборда шығып түрған Қазақ газеті төңірегіндегілермен де араласып-хабарласып тұрады. Аталған газетте публицистің Соғысушы патшалар әскері, Сүңгуір қайық, Темір жол һәм Еуропа соғысы, Соғыс кемелері һәм мина, Барлыбек Сыртанов, Садуақас Шалымбеков т.б. мақалалары жарық көреді. Күрделі кезеңде түрлі саяси-мемлекеттік жүйеде қилы жауапты іс жасаған қайраткердің ұлтқа болысқан еңбегі нәтижесіз емес еді. М.Тынышпаев орасан жұмысын былайша топтап-таразылауға болады:
1. саяси қайраткер ретінде құқы аяққа тапталған ұлтының теңдігі жолында дәйекті іс атқарды;
2. маман-теміржол инженері ретінде төңкеріске дейін де, одан кейін де шойын жолды салуда ұлт мүддесін бірінші кезекке қойды;
3. публицист ретінде орыс тілінде шыққан мақалаларында Петербордың зиялы қауымына патша шенсуніктерінің әділетсіздігін жеткізсе, қазақ тіліндегі мақалаларында қандастарына теңдік алудың жөн-жобасын көрсетті;
4. тарихшы ретінде қазақ елінің көне дәуірден бүгінге дейінгі шынайы тарихын жасаудың батыл бағыттарын іс жүзінде анықтап берді.
М.Тынышбаев- қазақтан шыққан тұңғыш инженер-тарихшы. Ғалым қазақ халқының шежіре негізінде жазылған тарихы, ХII-ХIII ғасырларда жоңғар шапқыншылығына қарсы мемлекеттің тәуелсіздігі үшін күресі, Тәуке хан сияқты ұлы тұлғалардың тарихтағы орны, қазақ халқы тек көшпенді болып, мәдениетідамымаған деген көзқарасты жоққа шығаратын Қазақстан территориясындағы ежелгі, ортағасырлық қалалардың пайда болуы мен дамуы туралы тың деректер негізінде зерттеулер жүргізеді. Осының нәтижесінде туындаған еңбектері инженер М.Тынышбаевты тарихшы, өлкетанушы ретінде көрсетеді. Өз өлкесін зерттеу барысында тарихи дүниетанымы қалыптасады, шынайы тұжырымдар жасайды. М.Тынышбаев 1925 жылдан бастап Ташкент қаласындағы Орыс Географиялық қоғамы бөліміне мүше болып жүрген кезінде өлкетанушылық этнографиялық зерттеулермен шұғылданады. Соның нәтижесінде ғалымның қаламынан "Қазақ-қырғыз тарихына материалдар", "Көксу үйіндісі және Қойлық қаласы", "Қызыл өзен үйіндісі және Баласағұн қаласы" еңбектері жарық көреді. Бұл еңбетерде Қазақстанның Жетісу өлкесінде, орта ғасырларда мәдениеттің ошағы болып, Жүсіп Баласағұн сияқты ойшылдар еңбек еткен, аттары әлемге тараған, монғол, жоңғар шапқыншылығы нәтижесінде үйіндіге айналған Қойлық, Қызыл өзен, Баласағұн, Жыланбалық сияқты қалалардың тарихта алған орнын баяндайды.
1925-1926 жылдары Чулошниковтың "Қазақ-қырғыз
тарихының очерктері" еңбегіне М.Тынышбаевтың сын ескертпелері жарық
көреді. Осы еңбекте қазақ тарихының көп жағдайда бұрмаланып
берілгендігіне төзе алмаған ұлтжанды, ақиқатшыл азамат ғалымның жаңсақ
пікірлерін нақты деректер арқылы талдап, саралап береді. Қазақ тарихының білгірі М.Тынышбаевтың көзқарастары мен еңбектері жалпы қазақтың, оның мәдениетінің тарихын дамытуына елеулі үлес қосты. Ол қазақ халқының шығу тегін анықтау үшін оған қатысты деректерді ұзақ жылдар бойы жинақтайды да оны кейінірек қазақ шежіресін жазуға негіз етеді. М.Тынышбаевтың "Қазақ халқының тарихы" еңбегі ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының тарихын зерттеуге елеулі үлес болып қосылады. Бұл еңбегі жөнінде зерттеуші Озғанбаев "Қазақтың тарихи жазба дәстүрлері М.Тынышбаевтың қазақ руларының шығу тегі туралы еңбектерінен бір саты жоғары деңгейге көтерілді" деп жоғары бағалайды. Қазіргі таңда тарихнамалық зерттеу аймағының
шеңберіне тарихшы-ғалымдардың тарихи еңбектерді жазу барысында қандай дерек көздері мен ғылыми еңбектерді негізге алғандығына талдау жасау енуде. Бұл тұрғыда М.Тынышбаев өз еңбектерінің негізін құраған ғалымдар еңбектеріне өз тарапынан талдау жасай отырып, орыс ғалымдарының басым көпшілігінің қатесін "Қазақ-қырғыз халқының тарихы бойынша біршама еңбектер жазылған. Алайда Вельямин-Зернов пен А.Левшин зерттеулерін дұрыс деп есептеген жөн. Ал өзге авторлар оларды ала отырып, ешбір жаңалықтар енгізбеген. Аристов өзінің түркі халықтары мен қырғыздардың тайпалық құрамы жөніндегі зерттеуімен негіз салған. Ал өзге авторлар қырғыздар жайында әр түрлі деректерден тек "қазақ" сөзін іздеп, оның құрамына әр түрлі түркі-монғол ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz