Қазақстандағы тұтыну несиесінің қазіргі жағдайы және оны талдау


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1-Бөлім. Қазақстан Республикасы коммерциялық банктерінің жеке тұлғаларды тұтыну несиесімен несиелендірудің теориялық негізі . . . 6
1. 1 Тұтыну несиесінің мәні мен элементтері . . . 6
1. 2 Тұтыну несиесінің жіктелуі . . . 16
1. 3 Тұтыну несиесін ұсынудағы жалпы есептелінетін шығындар көлемі . . . 20
2-Бөлім. Қазақстандағы тұтыну несиесінің қазіргі жағдайы және оны талдау . . . 25
2. 1 Тұтыну несиесінің берілуі, рәсімделуі және өтеу механизмі . . . 25
2. 2 Несие мониторингінің тәртібі және мәселелік несиелермен жұмысы . . . 33
2. 3 Қазақстандағы банктердің ұсынатын несиелері бойынша талдау . . . 52
2. 4 «Казкоммерцбанк» Акционерлік Қоғамының қаржылық жағдайына талдау . . . 57
3-Бөлім. Нарықтағы коммерциялық банктердегі тұтыну несиесінің даму саясаты . . . 66
3. 1 «Казкоммерцбанк» Акционерлік Қоғамының тұтыну несиесінің тиімді жолдары және нарықтағы орны . . . 66
Қорытынды . . . 71
Қолданылған әдебиеттер . . . 74
Кіріспе
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшінде орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің осы жылдар ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді.
Қазақстанның банктік жүйесі бүгінгі таңда экономиканың дамушы және серпімді салаларының бірі. Банктер ақшалай есеп айырысуды жүргізіп экономиканы несиелеп, капиталдың қайта бөлінуінде делдал ретінде өндірістің жалпы тиімділігін арттырады әрі елдің қорлануына өз ықпалын тигізеді. Бүгінгі таңда, яғни осы заманғы жағдайда банк жүйесінің құрылымы күрделене түсті. Қаржа мекемелерінің жаңа түрлері, жаңа несие құралдары және клиентке қызмет көрсетудің жаңа әдістері пайда болып үлгерді. Пайда алуға, коммерциялық жетістікке бағдарланған, әр түрлі меншік формаларына негізделген серпімді әрі икемді несие жүйесіне өту қолға алынады.
Қазіргі таңда Республикамызда екі деңгейлі банк жүйесі халыққа қызымет көрсетуде. Бірінші деңгейлі банк яғни мемлекеттегі орталық банк, ал коммерциялық банктер екінші деңгейлі банктер құрамына жатады. Коммерциялық банктер - несие жүйесінің негізгі орталығы болып табылады.
Бүгінгі таңда банктер өз клиенттеріне өте жоғары қызмет түрін көрсетуде. Бұл банктердің клиенттерге ұсынатын қызметтердің экономикалық функциясы несиелендіру, кәсіпорындардың инвестициялық және тұтыну мақсатын қаржыландыруды жүзеге асыру, ұйымдар, жеке тұлғалар, мемлекеттік тұлғалар.
Банктердің экономикалық қызметтерінің көрсеткіштері, тұтынушыларға көрсетілген қызметтің жүйесіне байланысты анықталады. Нарықтық шаруашылық жағдайында несиенің басты нысаны болып банктік несие саналады яғни, коммерциялық банктер несиенің әрбір үлгісін және түрін ұсынады.
Қазіргі кезеде Батысқа кеңінен таралған тұтыну несиесі өзекті мәселелердің біріне айналған. Әсіресе тұтыну несиесі Қазақстанның нарықтық экономикаға өту кезінде тіптен маңызды бола бастады. Тұтыну несиесі басқа несиелер сияқты белгілі бір шаттарды орындау барысында алдымен, отбасы жағдайын жақсартуға қосымша мүмкіндік береді, бұл халықтың тұрмыс деңгейін көтереді. Осыған орай халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында банктің тарапынан ұсынылатын несиелері болып тұтыну несиесі табылады.
Несие - кеңейтілген қайта өндіру мақсатында жеделдік, төлемдік, қайтару талаптарына сай оларды ақшаны бөлу және экономиканың бос ақшалай қаражаттардың жұмылдыруын қамтитын несие капиталының қозғалысы себепті экономикалық қарым қатынасты көрсетеді. Несие объективті қажеттіліктен туындаған және ол қоғамдық өндіріс процесінде маңызды роль атқарады. Несие ақшалай капиталдың қарызға трансформациясын қамтамасыз етеді және несие берушілер мен қарыз алушылардың арасындағы қарым қатынасты білдіреді. Тұтыну несиесі бұл несие түрі халыққа оның ағымдағы сипаттағы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін беріледі.
Несие халыққа тауарлы және ақшалай формада берілуі мүмкін. Тауарлы форма халыққа тауарларды оның төлеу мерзімін ұзартумен сатуда қолданылады, яғни бұл коммерциялық несие болып табылады, ал ақшалай форма банк несиесі секілді халыққа тікелей немесе сауда желісі арқылы жанама түрде беріледі. Тұтыну несиесінің қосарлы қызметі бар: бір жағынан, тауар айналымы артатын болса, несие мөлшері де өседі, тауар сұранысы несие сұранысынан тудырыды, екінші жағынан халық неғұрлым несиеленетін боса, төлем қабілеті бар сұранысты арттырады. Несиелеу объектісі бойынша қазақстанда тұтыну несиесі мыналарға: кезек күттірмейтін қажеттілік несиеісіне, құрылыс салу және тұрғын үй сатып алу несиесі, ұзақ пайдалануға жарамды тауарларды сатып алуға арналған несиеге және шаруашылықты ұйымдастырып, жүргізуге арналған несиеге бөлінеді. Тұтыну несиесі көптеген елдерде маңызды роль атқарады және осыған байланысты мемлекет тарапынан реттеліп, қадағаланады әр банктік және коммерциялық несиелерге бақылау қояды.
Диломдық жұмыстың негізгі мақсаты - «Казкоммерцбанк» Акционерлік Қоғамының тәжірбиесін мысалға ала отырып тұтыну несиесін ұсынудың Қазақстандық тәжірбиесін зерделеу келесідей тапсырмалар берілген:
- тұтыну несиесінің теориялық негізін ашу
- тұтыну несиесі түсінігі мен мәнін ашу
- тұтыну несиесінің жіктелуін анықтау
- экспресс несиені - тұтыну несиенің формасы ретінде қарастыру
- Қазақстандағы тұтыну несиенің жағдайы және оған талдау жасау
- «Казкоммерцбанк» Акционерлік Қоғамының несиелік операцияларына қысқаша мінездеме беру
- «Казкоммерцбанк» Акционерлік Қоғамының басшылық етуімен құрастырылған тұтыну несиесінің бағдарламасын сипаттау.
Жалпы дипломдық жұмыс тақырыбының мағынасын ашып көрсетуде келесілерге тоқталынды: кіріспе, үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден.
Бірінші бөлімде тұтыну несиесінің мәнін ашып, олардың жіктелуіне және банктердің несиені рәсімдеуі барысында ұсталатын шығындар көлеміне тоқталдым.
Екінші бөлімде «Казкоммерцбанк» Акционерлік Қоғамының тұтыну несиесінің рәсімделуіне және банктердің несиелік және қаржылық жағдайына талдау жасадым.
Үшінші бөлімде «Казкоммерцбанк» Акционерлік Қоғамының болашағына болжанған жоспарды жүзеге асыру үшін бірнеше қағидалар шарттарына тоқталып және тұтыну несиесінің жалпы дамуы үшін бірнеше ұсыныстарды енгізуге болатыны айқындалды.
1-Бөлім. Қазақстан Республикасы коммерциялық банктерінің жеке тұлғаларды тұтыну несиесімен несиелендірудің теориялық негізі
1. 1 Тұтыну несиесінің мәні мен элементтері
Нарықты экономикалық елдерде халыққа қызмет көрсетудің қолайлы әрі пайдалы формасы ретінде тұтыну несиесі экономикада үлкен роль атқарады, сондықтанда ол мемлекет тарапынан белсенді түрде реттеледі. Реттеу несие берудің және оны пайдаланудың деңгейінде жүзеге асырылады әрі бұл реттеу несиеленетін операцияға өзіндік қаражатпен бастапқы қатысу, несие мерзімі, процент мөлшерлемесі арқылы түпкілікті тұтынушылардың несиеленуін мақұлдауда немесе несиелеу режимін қатайтуда көрінеді.
Тұтыну несиесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі рұқсатымен анықталатын белгілі статусы бар банктер жүргізеді. Тұтыну несиесі Қазақстан Республикасының келесідей заңдары мен нормативтік актілеріне сәйкес орындалады: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлім), Азаматтық процессуалды кодекс, Салық кодексі, «ҚР-ғы банктер және банк іскерлігі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы № 2155 30. 03. 1995ж, «Лицензилау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы № 2200 17. 04. 1995ж, «Жылжымайтын мүлік пен олармен мәміле жүргізу құқығын мемлекеттік тіркеу туралы» Президентінің Жарлығы № 2727 25. 12. 1997ж, «Жылжымайтын кепіл мүлкін тіркеу туралы» 30. 06. 1998 жылғы № 254 Қазақстан Республикасы Заңы, «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 23. 12. 1995ж №2723 Президент Жарлығы; 22. 12. 1995жылғы «Жер туралы» № 2717 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы; 27. 01. 1996ж «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» № 2828 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы; 19. 06. 1997ж «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» № 131-1 ҚР Заңы; 29. 06. 1998ж «Төлем және ақша аударымы туралы» № 237-1 Қазақстан Республикасы Заңы; «Банк активтерінің классификациясы және шартты талаптары және Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктерінің онымен провизиялық есеп айырысу» Ережесі, «Пруденциялық нормативтер туралы» Ереже, 16. 08. 1999ж «Екінші деңгейлі банктердің несиелік құжаттарын жүргізу тәртібі» № 276 Қазақстан Республикасы ҰББ Қаулысы, 25. 07. 1997ж «Екінші деңгейлі банктердің берген құжаттамаларының, кепілдіктері Қазақстан Республикасы ҰБ тіркелу тәртібі туралы» № 288 Қазақстан Республикасы ҰББ Қаулысы; 08. 04. 1997ж « Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктері шағын кәсіпкерлікті несиелеудің ең төменгі мөлшері және несиелеудің төменгі мөлшері» № 100 ҚР ҰББ Қаулысы, 24. 04. 1997ж «ҚР экспорттық-импорттық валюталық бақылауды ұйымдастыру туралы» № 229 ҚР ҰББ Қаулысы, 23. 05. 1997ж «ҚР валюталық операциялар жүргізу тәртібі туралы» № 206 ҚР ҰББ Қаулысы, сондай-ақ Екінші деңгейлі банктердің несие саясатына байланысты құжаттамаларды жүргізу ережесі.
Әр түрлі елдерде жеке қарыз алушыларды несиелеуге байланысты әр түрлі заңдар қолданылады, олардың бәріде баршаға ортақ нұсқама біріктіреді: тұтынушылардың өмір деңгейін арттыруға қажетті мөлшерінде несиеге қол жеткізу.
Біздің елімізде қайта құру процесіне дейін экономикада екі түрлі тұтыну несиесі басымдылыққа ие болды:
- ұзақ уақыт пайдалануға жарамды тауарларды сатып алуға арналған несие, (жанама сипатта болды, өйткені оны мемлекеттік банктің делдалдылығы арқылы әртүрлі сауда ұйымдары беріп келді)
- тұрғын үй құрылысының несиесі, (жеке және коперативтік), несиесін несие мекемелері (Мемлекеттік банк және Құрылыс банкі) тікелей берді.
Қазақстан экономикалық дағдарыс қызған кезде, көпшілікке түсініксіз болған, тұтынушыларды несиелендіру басталды. БАҚ кепілдікке несие алуды, халық тұтынатын тауарларды бөліп төлеуге аса қымбат тұратын несиелер алуды белсенді түрде жарнамалай бастады. Әрі бұл кезде, ресми статистика бойынша, еңбек адамының ай сайынғы табысы айына 100 долларға да жетпейтін, ал елдің басым көпшілігінің оданда аз болатын. [15\22]
Тұрғын үй несиесін, сонымен қатар тұтыну несиесінің кейбір түрлерін беруді де жүзеге асырылды.
Тұрмысқа қажетті тұтыну несиесін ҚР Халық банкісі заңды тұлғаларды несиелеуде қолданатын, атап айтқаны несиенің қайтарылуы, несие мерзімі, несиенің мақсатты бағыты, несиенің ақылылығы және қамтамасыз етілуі секілді принциптерді сақтай отырып берді.
Тұтыну несиесі - халықтың әр түрлі тұтынушылық қажеттілігін қанағаттандырудың құралы ретінде қызмет етеді.
Тұтыну несиесіне қарыз алушыға жеке тұлғаға, ал несие берушіге несие мекемесі, сондай-ақ әртүрлі меншік формасындағы кәсіпорындар мен ұйымдар жатады.
Тұтыну несиесі коммерциялық банктердің жеке тұлғаларға (тұрғындарға) автокөлік, жылжымайтын мүлік (ипотекалық несие беру), тұтынатын заттарды сатып алуға қарыз беру. [19]
Несие есебінен ұзақ мерзімді қолданыстағы тауарларды - тұрмыстық компьютерлік техника, жиһаздарды алуға болады; несие жеке сипаттағы түрлі шығындарды (білім алу, медициналық қызмет көрсету, және т. б. ) қызметтерді төлеуге мүмкіндік береді. Яғни, банктің қарыз есебінен төленетін тауарларға ұзақ мерзімде қолданылатын заттар немесе аса қымбат тұратын қызметтер жатады.
Тұтыну несиесінің екінші бірі түрі - капиталдық шығындарға арналған несие (ұзақ мерзімді), азаматтардың құрылыс салуда және тұрғын үй сатып алуда көмек көрсету мақсатында банктер тұрғын үй несиесінің үш түрін ұсынады:
- алдағы тұрғын үй құрылысына жерді сатып алуға және жайғастыруға арналған қысқа, орта мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер
- тұрғын үй құрылысына, құрылыс жұмыстарына тікелей қаржыландаруға арналған қысқа мерзімді несие
- тұрғын ұй сатып алуға арналған ұзақ мерзімді несие.
Тұрғын үй құрылысын несиелеу құрылысшыға белгіленген тәртіпте жер учаскесін бөліп беру және тиісті органдардың тұрғын үй құрылысына рұқсат ету шартымен жүзеге асырылады. Бұл жөніндегі тиісті құжаттарды қарыз алушы банкке ссуданы беру туралы өтінішімен қоса өтінуі мүмкін.
Азаматтардың қамтамасыз етілген міндеттемесі ретінде жылжымайтын мүлік кепілзатының келісімшартын, бір немесе оданды көп азаматтардың сақтандыру компаниясының және өзгеде заңды тұлғалардың кепілгерлігімен ұсынуға болады.
Кепілге салынатын затқа:
- қарыз алушының меншігіне жататын құрылыс салуға арналған жер учаскесі немесе өзгеде мүліктік құқық
- дайын тұрғын үй немесе аяқталмаған құрылыс, өзгеде мүлік түрлерімен кепілзат ретінде пайдалануға болатын, ҚР-дың қолданыстағы заңына сәйкес келетін мүліктік құқық.
Кепілге салынған мүлікті кепілзат беруші одан айырылып қалмас үшін сақтандыра алады.
Негізгі қарыздың сомасы және ссуда бойынша процент толық өтелмейінше қарыз алушының жылжымайтын мүлікті үшінші тұлғаға сатудын немесе оның мүліктік құқығын беруіне банктің жазбаша келісімінсіз құқығы болмайды.
Банк тұрғын үй несиесін несиелеудің, атап айтқанда мақсатты пайдаланылу, қамтамасыз етілуі, мерзімділігі, қайтарылуы және ақылылығы секілді негізгі принциптерін сақтай отырып береді.
Құрылыс салу үшін немесе тұрғын үй сатып алу үшін алынған ссуданың өз мақсатында пайдаланылмағаны анықталған жағдайда банк берілген несиені мерзіміненен бұрын қайтарып алуға құқығы бар, ал қарыз алушы несиені қайтармаған жағдайда банк несиені кепілге салынған мүліктен немесе кепіл берушіден қайтарып алады.
Тұрғын үй несиесінің келесі түрі - құрылыс несиесі қарыз алушы ашқан немесе желісінің негізінде беріледі.
Банк кезеңдері кейін инспекциялауымен құрылыс графигіне сәйкес кезең сайын аванс беру арқылы жұмысты қаржыландыра алады.
Тауардарды несиеге сатуда барлық меншік формасындағы бөлшек сауда кәсіпорындарды сатылу күніндегі баға бойынша жүзеге асырылады.
Несиеге автокөлік және де басқада ұзақ уақытқа пайдаланылатын тауарлар сатылады.
Несиеге алынатын тауардың қолма-қол ақшамен төленетін бастапқы жарнасы, сондай ақ бөліктеп төлеудің мерзімі тауардың құнына қарай анықталады.
Ұзақ уақыт пайдаланылатын тауарларды несиеге сатудың ережесіне сәйкес несиелеудің шегі азаматтардың деңгейіне қарай анықталып белгіленетін болады.
Тауардың құны несиенің шекті сомасынан асып түсетін жағдайда тауар құны мен несие соммасы арасындағы айырмашылық қолма-қол ақшамен немесе ақшасыз есеп айырысу бойынша төленуі қажет. [9\23]
Тұтыну несиенің қолданылатын механизмі келесідей элементтерден тұрады:
- несиелеу объектісі
- несие көлемі
- несиенің берілу шарты мен өтелу мерзімі және оның қарыз алушының қызметінің жақсаруына әсері
- сыйақы бойынша қойылым
- қарыз алушының қарызды қайтаруды қамтамасыз ету міндеттемесі (кепілдік)
- несиелеуге қажетті есеп - қисап тізімі мен ақпараттар, олардың қарыз алушы мен белгіленетін мерзімі басқа да шарттары
- несиелік келісімнің шарттары екі жақтың бірімен бұзылған жағдайдағы экономикалық әсер көлемі.
Банктегі несиелік комитет қарыз алушының таза табысы мен болжанған шығындар көлемін қарыз алушы мен бірге отырып анықтайды, және барлық қарыз түрлері осы көлемде беріледі. Қарыз меншік формасына қарамай несие қабілеттігіне және қарыз алушы іс-әрекетінің қабілеттілігене біртұтасты ұсынылады.
Қарыз алушының несиеқабілеттілігі дегеніміз жеке тұлғаның өз қарыз міндеттемелерін дәл өтеу мерзімінде, толықтай төлеу қабілеттілігі болып табылады.
Қарыз алушы кәсіп әрекетінің қабілеттілігі - бұл азаматтың өз іс - әрекетімен азаматтық құқығын жүзеге асыру және өзіне азаматтық міндеттемелер қойып, оны орындауы. Қабілеттілік кәмелетке толумен қатар пайда болады.
Банктерде қарыз алушыларға ақша беру, ережеге сай, бұрын берілген қарыздардан мерзімі өтіп кеткен болмаған жағдайда беріледі. Кейбір жағдайларда банк жетекшісінің шешімімен несие бойынша мерзімі өткен, бірақ жақын арада өтелуі мүмкін қарызы болған кезде де беріле береді. Әсіресе банкке жоғары тәуекел туғызатын төменгі тұрақсыз табыс алатын қарыз алушылар мен несиелік қатынас жасайтын ұйымдардың мәселелері мұқият қаралуы тиіс.
Мұндай белгілі бір аймақтың әлеуметтік экономикалық қанағаттандыру мақсатында несие алушыларға қарыз беру, тек қана, басқару органдарының немесе жоғарғы звенолардың дәйекті өтінішіне сәйкес, осы қарыздың қайтарылатындығына кепілдеме алған кезде ғана жүзеге асырылады.
Қиындатылған күдікті несиелермен жұмыс. Несие мониторингін жасау барысында несиені қайтаруға және оған тиесілі сыйақыны төлеуге бағытталған, қарыз алушыға несие бойынша міндеттемелерді орындамауға мүмкіндік бермейтін заңдарға сәйкес жоспарлы саясат жүргізу қажет. Несиенің қайтармауына әсер ету мүмкін мәселелердің тереңдеуіне жол беруге болмайды.
Несиенің қайтарылуы күдікті бола бастаса, бұл жағадайда талдау жүргізу қажет, егер ол уақытша болып, рұқсат етілетін болса, онда «Несие мониторингінің реті» жарлығына сәйкес оны болдырмайтын барлық нұсқаларды қарастыру керек.
Мұндай нұсқалар ретінде ошушының дәйекті өтініш бойынша шешілетін, берілген несиенің құрылымы (реструктуризация) мен пролонгация ұсыну мәселесін қарастыруға болады. Талдау шешімі бойынша іскерліктің тек проблема туына әсер еткен жақтары ғана күдікті болып табылады. Оның алдын-алу жолдары несие құрылымы (реструктуризация), пролонгация кезеңіне ақша ағымын болжауы мен байланысты. Бұдан басқа, несиені кепілдікпен қамсыздандыруды қайта бағалау және қажетті қосымша қамтамассыз ету жүргізіледі.
Несиенің құрылымы немесе пролонгация туралы шешімді одан әрі жүргізу немесе бекіту нағыз несиелік саясатын, жалпылама тағайындалған ретте жарлықтарға процедуралар мен өкілеттіліктерге сәйкес жүзеге асады.
Қабылданған оң шешімдерге сәйкес қарыз шарты (төлем графигіне өзгертулер енгізілген) мен кепілдеме шартына (кепілдеме тіркеген ұйымға 1 дана ұсынуы мен) қосымша келісім хатталады.
Егер банкке қарызды өтеу кезінде кепілдеме қауіпсіздігімен байланысты қарыз алушының адекватсыз әрекетінен проблемалар туындайтын болса, онда несие күдікті деп саналады және ол арқылы төмендегідей операцияларды орындау қажет:
- банк қауіпсіздік қызметін пайда болған проблемалар жайлы ескерту
- аталған қызметтің қызметшілерімен бірлесе отырып қарыз алушының жақын арада осы мәселені шешуге нақты мүмкіндігін бар жоғын анықтау
- кепілге алынған заттың жағдайын тексеру, оның нақты нарықтық құнын және оған сұраныс деңгейін, басқа қайнар көздер болмаған жағдайда қарызды өтеу үшін оны реализациялау мүмкіндігін анықтау
- күмәнді несиені сақтап қалу мүмкін болмаған жағдайда несиелік саясатқа және Қазақстан Республика заңдарына сәйкес оны өтеу шараларын қолдану қажет,
Мерзімі ұзартылған қарыздар пайда болып, өтелмеген жағдайда банк әр айдың 1-ші күні Несиелеу департаминтіне қарыз алушының қарыз өтемеу себептері мен оны қайтару үшін оны қолданып жатқан шаралар жайлы ақпараттар ұсынып отырады.
Бұдан кейін қарызын өтеуде үлкен проблемалары болған қарыз алушыларға несие тек несиелеу Департаментінің рұқсатымен ғана берілетін болады.
Шығынды несиелер бойынша пайыз (процент) қарыздың мерзімі өткен несиелер есебіне енгізілгеннен кейін 90 күн бойы тоқтатылады. [10\13\17]
Бүгінгі таңда Қазақстандық банктер тұтыну несиелерін әр түрлі мақсаттарға ұсынады
- Тұтыну тауарларын алу үшін
Тұтыну тауарларына ұзақ мерзімде қолданыстағы өнеркәсіптік тауарлар жатады:
- жиһаз
- сантехника
- аудио, видео және тұрмыстық техника
- компьютер және организациялық техника
- басқа да тұтыну тауарлары
Қарызды ұсынуының міндетті шарттарының біріне - біздің банкпен анықталған сақтандыру компаниясында, алынған тауарды сақтандыру жатады.
Қарыз алушының тұтыну тауарларын Жарлық шеңберінде иемденуін банкке серіктес компаниялар қадағалайды. Банк компьтермен келісім шартқа отырғаннан кейін оларды өзіміздің банктің басқа да қызметтерін ұсыну арқылы қызықтыру қажет.
Компания клиенттерге несиелеу шарттары мен қажетті құжаттар пакеті туралы кеңес береді және банк талаптарына сәйкес клиенттерінің төлем қабілеттілігіне алдын-ала минималды біліктілігі өткізіледі.
Тұтыну несиесін алуға жинақталған құжаттар пакетін банкке компания немесе қарыз алушы жеткізеді.
Алынған тауарды бағалау алынған тауардың техникалық сипаттамасы мен оның құны жайлы компанияның анықтамасы негізінде жүргізеді.
Алғашқы жарнамен несие беруге оң шешім қабылданған жағдайда клиент, алғашқы жарнаны компания кассасына немесе банкте ашылған компаниның ағымдағы шотына таңдалған тауар мен оның құны жайлы Компания анықтамасы мен төлем енгізілгенін дәлелдейтін квитанциялардың түпнұсқасын банкке ұсына отырып, алғашқы жарнаны енгізеді.
Қарыз келісімі мен кепілдеме келісіміне қол қойылып, басқа да құжаттар хатталғаннан кейін, банк компаниның ағымдағы шотына ақшаны аударады және компанияға төлем жасалғандығы жайлы хабарлайды. Кепілдеме шартын тіркеуді қарыз алушының өкілдігі мен Бэк-офис жүргізеді.
- Қызмет төлеміне ұсынылатын несие
Қызмет төлеміне қарыз санатына әр түрлі салтанат жиындарын өткізуге, білімге, медициналық қызметке, демалыс, туризмге, тұрғын үйді жөндеу жұмыстарын жүргізуге және т. б берілетін несиелер жатады, егер аталған қызметтерге несие беру Несие саясатының басқа процедуралармен регламенттелмесе.
Қарызды қамтамасыз етуде тиісті сипатта тіркелген, негізгі қарызды және несиелеу кезегіне тиісті сыйақы сомасын жабатын ликвидті қамсыздандыру қажет. Қарыз қолма қол түрінде және де қолма-қолсыз түрде, фирманың немесе мекеменің шотына аударылу мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz