Өнім сапасын басқару Қазақстан Республикасы жағдайында



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 САПА. БАСҚАРУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
1.1 «Сапа» категориясының түсінігі мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Өнім сапасының көрсеткіштері мен бағалау әдістері ... ... ...10
1.3 Сапаны басқару әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

2 ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖАҒДАЙЫНДА
2.1 Сапаны басқару бойынша халықаралық стандарттар жүйесінің құрамы мен құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
2.2 Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында сапа жүйесін енгізу ... ... .40

3 ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУ ЖШС «ЖАҢАӨЗЕН СҮТ ЗАУЫТЫ» МЫСАЛЫНДА
3.1 Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы және өнім сапасын талдау ... .50
3.2 Кәсіпорында өнім сапасын басқарудың жетілдіру жолдары ... ... ... ... .55

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 64
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...66

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. САПА- БАСҚАРУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
1. Сапа категориясының түсінігі мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2. Өнім сапасының көрсеткіштері мен бағалау
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
3. Сапаны басқару
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..25

2. ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖАҒДАЙЫНДА
1. Сапаны басқару бойынша халықаралық стандарттар жүйесінің құрамы мен
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 32
2. Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында
сапа жүйесін
енгізу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .40

3. ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУ ЖШС ЖАҢАӨЗЕН СҮТ ЗАУЫТЫ МЫСАЛЫНДА
1. Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы және өнім сапасын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
2. Кәсіпорында өнім сапасын басқарудың жетілдіру
жолдары ... ... ... ... .55

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..61

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..64

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..66

Кіріспе

Елдің ашық нарық экономикасына өту кезінде ішкі және сыртқы нарықта
тұтынушы үшін күрес нағыз бәсекеге қабілетті тауарларды жасау мен
өндіруді талап етеді. Себебі фирмалардың табысқа жетуі фирма өндіретін
тауардың бәсекеге қабілеттігіне тәуелді. Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауында айтқандай, біз әлемдегі
бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруіміз керек деген.1,1б. Қазіргі
жағдайда коммерциялық фирма өнімінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз
етудің шешуші факторларының бірі – сапаны көтеруге бағдарлау болып
табылады. Тек қана тауардың (қызметтің) жоғарғы деңгейлі сапалы түрі ғана
нарыққа шығарылады және өнімнің сапасын басқаруға, қамтамасыздандыру
сауалдарына көп зейін аударатын фирмалар мен мекемелер ғана тіршілік етуге
және табыс алуға мүмкіндігі бар.
Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, осыған жету тек парасатты басқару
процесінің негізінде мүмкін. Сондықтан, бәсекелестік күрестің әліппесін
танып жатқан отандық кәсіпорындар үшін сапаны тиімді басқару мәселесі
көкейтесті мәселеге айналуда.
Нарықтың дамуы мен оның тауарларға деген талаптардың өсуі, ондағы
сатып алушылар рөлінің күшеюі, ғылыми-техникалық себептер шарттарының
рөлінің өсуі – осының бәрі кәсіпорындардың сапа мен бәсекеге
қабілеттілігін, сапаны басқару механизімінің мәселесін шешу әдістері мен
түрлерін жетілдіруді талап етеді.
Бұл жерде, өндірушілермен ішкі және сыртқы нарықта тауарға деген
өзгеріп тұратын талаптарды жедел сезінуді, болашақта жаппай сапаны
қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін
стандарттау және сертификаттаудың әмбебап жүйесіне өту, сапаны басқаруда
ұйымдастырушылық-экономикалық шараларынан күштірек шараларға қарай сапа
бақылауда әкімшілік тұтқаның жылжуын, өндірушілермен нарық факторын толық
ескеруді талап ететін сапа мәселесіндегі жаңа әдістемелердің қажеттілігі
жөнінде сөз қозғайды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысының мақсаты
сертификаттаудың теориялық базасын, оның даму үрдісін, оның әдістері мен
ұстанымдарын қолдануын, сол сияқты сапаны басқарудың механизмдерін
зерттеу негізінде ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылықтарын
қалыптастыру және жету старатегиясының теориялық-әдістемелік негіздемесін
беру және оны жүзеге асырудың ғылыми-тәжірибелік ұсыныстарды әзірлеу болып
табылады.
Қойылған мақсаттарға сәйкес келесі мәселелерді шешуге талаптанылды:
- қазіргі жағдайда өнімнің сапасын басқарудың жаңа тәсілнамаларының
ұстанымдары мен ерекшеліктерін зерттеу;
- сертификаттаудың дамуы мен оның мүмкіндіктерінің ұстанымдарының
және әдістемелік тәсілнамаларының ерекшеліктерін ашу;
- нарықтық өзгерістер жылдарда ұлттық сертификаттау жүйесінің ахуалын
және дамуын зерттеу;
- сертификаттаудың даму стратегиясының тұжырымдамалық қағидаларын
әзірлеу;
- өнімнің сапасын басқарудың ұлттық үлгісін жасау;
Қазіргі заманғы Қазақстандық экономиканың ерекшеліктері өнімді
шығару көлемін төмендетуде ғана емес, басқа дамыған елдерге қарағанда,
технология деңгейі мен құрал-жабдықтардың төменгі дәрежеде болуы. Егер
шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілетті және тұтынушыдан сұранысы болғанда
жағдайда ғана, жаңа технологияларды құру, өндірісті қайта жабдықтауға
инвестицияларды шақыру арқылы іске асуы мүмкін. Мұндай жағдайда мекеме-
өндірушінің міндеті жоғары сапалы бұйымдардың өндірісін әзірлеу мен оны
меңгеру болып келеді.
Өнім сапасын қамтамасыз етуде маңызды рөлді кәсіпорындардың
маркетологиялық қызметтері атқарады. Тұтынушыларға өнімді өткізудің
негізгі шарты сапа болып табылады. Маркетинг қызметтері тұтынушылармен
қарым-қатынаста кәсіпорынның мүдделерін қорғайды. Олар өнім және қызмет
көрсету сапасын қамтамасыз ету бойынша түрлі бағдарламаларды жасауда
белсенді қатысуы тиіс. Содықтанда, сапаны басқару маркетингтен басталып,
маркетингпен аяқталады.
Қазіргі заман маркетологы өнім сапасының маңызды құраушы, негізгі
қағидалары мен сапаны тиімді басқару туралы білімдерімен таныс болуы қажет.

Қазіргі заманда сапаны басқару менеджменттің маңызды құрылымдық
бөлшегінің бірі ретінде қарастырылады. Сондықтан да білікті менеджерді
дайындауда оның сапаны басқарудың негізгі әдістемелерімен, ұйымдастырушылық
құралдар мен сапаны басқару жүйесін жетілдіру тәсілдерімен зерттеп білуін
талап етеді.
Дамыған өндірістік елдердің үлгілеріне қарағанда, сапа мәселелерін
шешу жалпыға ортақ сипатта болу қажет және оның салдары ретінде барлық
қоғам қабаттарының – тауарды тұтынушыдан әртүрлі деңгейдегі басшыларға
дейін оқыту мен дайындауды талап етеді. Әсіресе, дамыған елдерде сапаны
басқарушы мамандар даярлауда көп зейін аударылады, себебі, бүкіл әлем
бойынша сапаны басқарушы мамандарына сұраныс бірден тез өсуде. Мысалы, АҚШ
мен Еуропада сапа бойынша менеджерлерді дайындау мәселесі екі бағытқа
бөлінеді:
- екінші жоғарғы білімді (сапаны басқару бойынша) алу есебінен
сапаны басқару мамандарын даярлау;
- қызметтер мен өнімдер сапасын қамтамасыз ететін барлық дәрежедегі
қызметкерлерді үздіксіз оқыту жүйесін жасау.
Еліміздің мекемелерінің халықаралық нарыққа өнімдерді шығару
жолындағы кедергі – ол сапаны басқару мамандарының тіптен жоқтығы. Осы
уақытта Еуропада мұндай мамандарды даярлау сапа бойынша Еуропалық ұйымның
Бас Ассамблеясының меморандумына (1993ж) сәйкес және сапа бойынша
қызметкерлердің үш біліктілік деңгейде жүргізілу үстінде:
- сапа бойынша бас маман;
- сапа жүйесі бойынша менеджер;
- сапа бойынша аудитор.
Қазақстан Республикасында қазіргі уақытта сапаны басқару облысының
үздіксіз оқытуының бөлек элементтері ғана жұмыс істеуде.
Бұл дипломдық жұмыста өнім сапасын басқару жайлы негізгі түсінік
аппаратының теориясы мен тәжірбиесі, осы процесті жүзеге асыру механизмі
қарастырылған.
Өнім сапасын басқару бітіру жұмысы үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде сапа категориясының мазмұны мен мағынасымен таныс
болуына, сол сияқты өнім сапасының негізгі көрсеткіштері мен бағалау
әдістері және сапаны басқарудың әдістері жайлы түсінік алуға мүмкіндік
береді.
Екінші бөлімде өнім сапасын басқару Қазақстан Республикасы бойынша
қарастырылады. Онда сапаны басқару бойынша халықаралық стандарттардың
құрылымы мен құрамы, оларды отандық кәсіпорындарға енгізу жүйесі.
Үшінші бөлім өнім сапасын басқаруды тәжірибе жүзінде қолдану, яғни
ЖШС Жаңаөзен сүт зауыты мысалында қарастырылады. Яғни бұл жерде осы
кәсіпорынның жалпы жағдайы және өнім сапасының талдануы, кәсіпорында сапаны
басқару жүйесін жетілдіру жолдары жайлы ақпараттармен қамтылған.

1. САПА- БАСҚАРУ ОБЬЕКТІСІ РЕТІНДЕ

1. Сапа категориясының түсінігі мен мазмұны

Тауар сапасы - әлемдік экономиканың ең үлкен категориясы, өсіп келе
жатқан экологиялық дағдарыстағы оның келешектегі дамуының маңызды
проблемасы. Өндіру кезіндегі оның жетілуі мен қамтамасыз етілуі баяғыдан
бері адамзатты қызықтыруда.
Жер шарының көптеген аймақтарында оның дамуы табиғат пен адамның
арқасында және оларға кейде кесірін тигізіп те жүзеге асу кезінде,
қазіргі жаппай өндіріс заманында ерекше көкейтесті сипатына ие болды.
Сондықтан ХХ ғасырдың ортасынан бастап көптеген дамыған елдерде
сапаны жоғарылату мәселесі жалпыұлттық ретінде қарастырылуда. Қазіргі
заманда өнімнің бәсекеге қабілеттілігі негізгі фактор ретінде сапаны
жоғарылатуға бағдарлау дүниежүзіндегі ірі фирмалардың ұзақмерзімді
стратегиясы болып табылады.Сапаны басқару жөніндегі белгілі американдық
маман Дж.Харингтон өзінің әйгілі Американдық корпорацияларда сапаны
басқару кітабында өнім сапасы - 80-ші және 90-шы жылдардың әлемдік
нарығында негізгі күрес алаңы және осы күресте ұтылыстың құны –
экономикалық апат деп көрсеткен.
Сапалы өнімді шығару тұтынушы, әрі өндірушіге де экономикалық пайда
әкеледі. Тұтынушы үшін пайдалы әсер өседі, яғни жоғары сапалы өнімді тұтыну
және пайдалану кезіндегі шығындар азаяды деген сөз. Өндіруші үшін шығындар
өскен жағдайда да өнім сапасын жоғарылатуы өткізудің кеңейіп және сату
көлемінің көбеюі арқасында кіріс пен пайда арта түседі.
СӨ ↓ Кіріс - өзіндік құн = пайда , онда пайда ↓ (1)
СӨ ↑ Кіріс - өзіндік құн = пайда , онда пайда ↑ (2)
(2) Жағдайда көрініп тұрғандай, сапалы өнім (СӨ) шығарғанда, кіріс
пен пайда артады.
Және, керісінше, өнімнің сапасы төмен болған жағдайда өндіруші үшін
тұтынушының қанағаттанбағандығына байланысты болашақта өткізу көлемдері
азайып, тікелей шығындарға, сондай-ақ ақаулықтарды түзетуге жұмсалатын
шығындардың көбеюіне әкеледі. Ақырында, төмен сапалы өнімді шығару
нәтижесінде бүкіл қоғам ұтылады.
Соңғы онжылдықтарда сапаны қамтамасыз ету мәселесі ерекше назар
аудартуда. Бұл келесі жағдайлармен анықталады.
Біріншіден, соңғы жылдары әлемдік нарықта, ең алдымен, американдық
және жапондық өндірушілер арасында, бәсекелестік күрестің қатаң болуы.
Зерттеулердің көрсеткіштері бойынша, егер бұйымның сапасы әлемдік деңгейден
50% төмен болса, тәжірбиеде осы өнімді өткізу мүмкін емес.
Екіншіден, ғылыми-техникалық үдеудің дамуымен байланысты, себебі ол,
бір жағынан, сапаның өсуін қамтамасыз етуіне мүмкіндік берсе, екінші
жағынан – шығындар мен оған қойылатын талаптарды жоғарылатады
(жетілдірілген техника білікті еңбекті де қолдануды қажет етеді).
Үшіншіден, дамыған елдерде өндірістің қоғамдық-экономикалық
жағдайының өзгеруімен байланысты, дәлірек айтсақ, ХХ ғасырдың екінші
жартысындағы жаппай өндірістен, бір ғана қажеттіліктерді қанағаттандыруға
арналған тауарды саралап таңдауға мүмкіндіктерді туғызуы. Өндірістің
күрделенуі жүзеге асып, мамандандыру тереңдетіліп, шағын мөлшерді
өндірістердің бөлігі артып, сапаның көрсеткіштері даралана түседі, яғни
әрбір бұйым талғамдары мен қаржы мүмкіндіктері ескерілген әртүрлі
тұтынушылар үшін әртүрлі сапа көрсеткіштері бар түрлі нұсқаларға ие.
Мысалы, Филипс корпорациясы теледидардың негізгі 25 үлгілерінің
негізінде оның 500-ге жуық модификациясын шығарады.
Төртіншіден, тұтынушы және оның мәдениетінің өзгеруімен байланысты.
Соңғы екі-үш онжылдықта өнім сапасына қойылатын талаптар маңызды
өзгерістерге ұшырады. Инфляция кезінде тұтынушының жарнамаларға
шалдыққыштығы азайып, сапаның сенімділік, жөндеуге жарамдылығы, энергияны
үнемдеу, пайдаланудағы ыңғайлық пен қауіпсіздік, пайдаланудағы шығындардың
жалпы дәрежесі сияқты көрсеткіштерге назар аударады.
Дамыған елдердің сапаны қамтамасыз етуге жұмсайтын шығындар өспелі
ВНП бөлімін құрайды, өндіруші-фирма үшін сату көлемі құнының 10 және одан
да астам пайызды құрайды. Тұтынушы да пайдаланудағы шығындардың өсуіне
қатысты көп шығындалады, ал ол шығындар, кейде, бұйымның сатып алар кездегі
бастапқы құнынан да асады. Көптеген компаниялар толық шығындардың
есебінде құралған нарықтық стратегияларын құра бастады, яғни бұйымның
өмірлік циклы бойында жобалау мен өндіру шығындарынан басқа тұтыну
шығындары да кіретін шығындары. Сапаны кешенді басқару теориясының негізін
қалаушы А.Фейгенбаум бір фирманың мысалында осындай стратегияның
ұтымдылығын көрсетеді. Ертерек шығарылған бұйымдарға қарағанда
модернизацияланған бұйымның сату бағасы өскенде және сонымен қатар
сенімділікті көтеру мен пайдаланым шығындарын және, ең алдымен, еңбекке
бұйымды жарамды қалыпта ұстауға кеткен шығындарды сапаны қамтамасыз етудің
кешенді бағдарламасын енгізу арқасында, зерттеліп жатқан фирманың сату
көлемі 4 есе көбейді.
Бесіншіден, экологиялық мәселелердің асқынуы. Осыған сәйкес, қоғамның
экологиялық таза, яғни сапалы өнім шығару талаптары өседі.
Бұл мәселе өндірістің және еңбек өнімділігі өсу темптері төмендеуі,
құнсыздану, энергетикалық және экологиялық дағдарыс, жергілікті нарықта
шетел өндірушілер жағынан бәсекелестіктің қатаңдауы жағдайында, сондай-ақ
халықаралық сапа стандарттарына өскен талаптарға байланысты отандық
кәсіпорындар үшін маңызды, көкейтесті болады.
Сапа мәселесі тәжірбиелік қана емес, теориялық та болып табылады.
Сондықтан, сапаны басқарудың маңызын анықтаудан гөрі, сапа деген
түсініктің өзін ашып алған жөн.
Стандарт ретінде Стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйымның 1986 жылғы
берген анықтамасы қабылданған. Кейінірек, 1994 жылы сапа түсінігі дәлірек
анықталған. Осыған сәйкес, сапа – белгіленген немесе жорамалдағы
қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілеттеріне қатысты нысан сипатының
жиынтығы. Егер өнім сапасы жайлы айтатын болсақ, онда өнім жарамдылығына
себепкер арнайы қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілеттеріне қатысты өнім
қасиеттерінің жиынтығы деп түсінеміз. 2, 8 б.
Сапа- фирма мәртебесі, пайданың өсуі, фирманың гүлденуі және сапаны
басқару жөніндегі іс- шаралар басшыдан бастап нақты орындаушыға дейін
барлық қызметкерлер үшін альфа мен амегаға айналады.
Өнім сапасы- кәсіпорын қызметінің маңызды көрсеткіші. Өнім сапасының
жоғарылауы көптеген жағдайда нарық жағдайындағы кәсіпорынның өмір сүруге
бейімділігі, ғылыми- техникалық прогресс қарқыны, өндіріс тиімділігінің
өсуі, кәсіпорын қолданатын ресурстардың барлық түрін үнемдеуді білдіреді.
Өнім сапасының жоғарылауы- әлемнің барлық озық фирмалары қызметіне
тән сипаты. Ол американдық, еуропалық, азиялық кәсіпорындар болсын бүкіл
әлемді қамтыды. Және өндірілген өнім сапасы фирмалар арасындағы негізгі
бәсекелестік болып табылады.
Сонымен, экономикалық тұрғыдан, өнім сапасы – бұл өнімнің
тағайындалуына сәйкес белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыруына жарайтын
өнім қасиеттерінің жиынтығы деп білеміз (ГОСТ 15467-79). Егер өнеркәсіп іс-
шараларының басты мақсаты пайда табу болса, бұл мақсатқа жетудегі сапа
рөлі басты болып келеді. Сапа жүйесі – бұл, ең алдымен, тұтынушының
талаптарына сәйкес өнімді тұтынушыға жеткізіп тұруды қамтамасыз ететін
өнеркәсіптің жұмысын ұйымдастыру тәсілі болып табылады. 3 ,155 б.
Жоғарыда айтылғандарды қортындылай келе өнім сапасы күрделі түсінік
екені анық. Ол басқалардан еңбек сапасы түсінігімен тығыз байланысты,
себебі соңғы аталған, өнім сапасының басты себебі болып табылады.
Еңбек сапасы дегенде күрделілік, қиындылық пен еңбектің
қоғамдық маңыздылығы сияқты өлшемдерін түсінеді. Жұмысшының біліктілігі
жоғары болған сайын, еңбек сапасы жоғары болады. Бұл потенциалды мінездеме,
жұмысты сапалы істеудің басты шарттарының бірі. Орындаушы сапалы және
әсерлі жұмыс істеу үшін , ол бір жағынан, тапсырманы уақытында бітіруге
қабілетті болу керек, ал екінші жағынан - тапсырманы максималды әсерлі
және жоғары сапада орындауға ұмтылу керек. Бұл ұшін ол оның еңбегі дұрыс
бағаланып ынталандыратынын сезіну керек.
Сапаны басқару саласындағы әйгілі жапон маманы К.Исикава сапа
мәселесін кадрлар, оларды дайындау, ынталандыру еңбекке қатынасы
мәселесінен бөлінбейтінін атап кеткен. Сапаны басқару оқытудан басталып,
оқытумен аяқталады.
Жалпы айтқанда, сапа термині де белгілі өзгерістерге ұшырады. Оның
өзгеруіне жоғарыда айтылып кеткен өндіріс және пайдалану құрылымындағы
сапалы өзгерістер әсер етті.
Осы кезде сапа - өндірушінің ойындағы емес, тұтынушыға қажетті
нәрсе.Тұтынушының алдында сапа түсінігі көбінесе құндылық
категориясымен ассоциацияланады. Сатып алу кезінде таңдау жасаған ол:
Жұмсалған ақша үшін құндылыққа ие болу қағидасын ұстанады. Егер бұйымның
құны көтерілгенде соған сәйкес өнімнің сапасы мен беріктігі артпаса, оның
құндылығы азаяды. Осыдан, фирмалар арасында функционал сипаттары мен сапасы
сәйкестендірудің нарықтық стратегиясы, яғни өнімнің экономикалық құндылығы,
оның бағасы, кеңінен таралды.
Жоғарыда айтып кеткендей, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі оның сапа
категориясмен байланысты. Мұны бәсекеге қабілетті деген анықтаманың өзінен
көруге болады. Тауардың нарық жағдайларына толық сәйкестігін анықтайтын,
өндіруші мен тұтынушының мүдделері сақталатын, тұтынушы талаптары мен тауар
сипаттамасының, қасиеттердің мұндай сәйкестігі бәсекеге қабілеттілік деп
аталады.Мысалы, А.Н.Романов рынокта сәттілігін құрайтын тауардың
пайдаланымдық әрі бағалық сипаттарының (соның ішінде бағасы, шығындар,
пайда және т.б.) кешенін түсінеді, яғни бәсекеге түскен ұқсас тауарлардың
кең ұсыныс жағдайындағы нақты тауардың басқа тауарларға қарағанда
артықшылығы. Сонымен бірге, өнім сапасы сияқты, бәсекеге қабілеттілік
тұтынушыға мақсатты қызығушық тудыратын оның қасиеттерімен анықталады
(яғни осы қажеттілікті қанағаттандыратынына кепілдік береді).
Жоғарыда айтқанды қорытындылай келе, сапа тауардың бәсекеге
қабілеттілігін анықтайтын басты факторы ретінде оның өзегін құрайды.
Жоғары сапалы тауар – бұл бәсекеге қабілетті немесе бәсекеге жоғары
қабілетті тауар сияқты, төмен сапалы тауар бәсекеге төмен қабілетті болып
келеді. Тәжірбиеде осығын қатысты ерекшеліктер тек жалпы қағидаларды
растайды.
Сонымен бірге, бәсекеге қабілеттілік – тауардың нарық
сұраныстарына,тұтынушынының нақты талаптарына өзінің сапалық (техникалық,
экономикалық, эстетикалық және т.б.) әрі оны өткізудегі коммерциялық және
тағы басқа себептері (бағасы, жеткізу мерзімідері, өткізу каналдары,
сервис, жарнама) мен тұтынымдағы пайдаланым сипаттары бойынша сәйкес
келуді анықтайтын жан-жақты түсінік.
Сонымен қатар, сапа мен бәсекеге қабілеттілік арасындағы принципиалды
ерекшелігі – сапа тек нарықтық экономикаға ғана тән категория емес. Ал
тауардың бәсекеге қабілеттілігі – нарықтың негізгі сипатын – бәсекелестікті
ашатын нарықтық категория. Тауардың бәсекеге қабілеттілігін бәсекелстердің
тауарларын салыстырғанда ғана анықтауға болады. Бұл нақты нарық пен сату
уақытына қатысты түсінік. Және әрбір сатыпалушының өзіндік қажеттіліктерді
қанағаттандыру тұрғысынан өзіндік тауарды бағалаудың критерийі
болғандықтан, бәсекеге қабілеттілік өзіндік бояуға, динамикалық және
өзгермелі қасиетерге ие болады. Тауардың сапалық қасиеттері өзгермей оның
бәсекеге қабілеттілігі кеңінен таралып, конъюктураның өзгеруіне, бәсекелес-
өндірушілердің іс-әрекеттері мен бәсекелес тауарларға, бағаның өзгеруіне,
жарнаманың әсері мен осы тауарға әсер ететін басқа да факторларды елейді.
Осы категориялардың жоғарыда аталған ерекшеліктеріне қарамастан,
тауардың бәсекеге қабілеттілік мәселесі тауарды сәйкес сапамен қамтамасыз
етпей сәтті шешілмейді. Бұл – кешенді мәселе. Дамыған нарық жағдайында сапа
мәселесі мен тауардың бәсекеге қабілеттілігі мәселесін әсерлі шешу құралы
ретінде маркетинг болады, оған келгенде, оның мүмкіндіктерін кеңейтіп не
азайтып тұратын сапа мен бәсекеге қабілеттілігінің қайта әсерін сезінеді.
Өнімнің жоғары сапа мен бәсекеге қабілеттілігі маркетингтің бүкіл жүйесі –
конструкторлау, тәжірбиелі және сериялық өндіруден бастап өткізу және
пайдаланымдағы бұйымдарға қызмет көрсету, сол сияқты сапаны басқару және
бақылаудағы басқа да құралдар мен әдістер, тасымалдау және сақтау
тәсілдері, орнату (монтаж) және сатылғаннан кейінгі қызмет көрсетуімен
қамтамасыз етіледі.
Өнімнің сапасына әсер ететін факторлар. Сапаға әсер ететін көптеген
негізгі факторлардың арасынан техникалық, ұйымдастырушылық, экономикалық,
қоғамдық және мәдени факторларын бөлек қарастыруға болады.
Біріншіге дайындалып жатқан өнімнің түрі мен оның өндірісінің
сериясын, техникалық іс-құжаттарының қалпы? Технологиялық қондырғылардың
сапасы, жабдықтар, құралдар, сынау қондырғысының жағдайы,өлшеу және бақылау
құралдарының сапасы, бастапқы материалдардың, шикізат, жинақтау
бұйымдарының сапасын жатқызуға болады.
Ұйымдастырушылық факторларға материалдармен, шикізатпен қамтамасыз
етілуі, қондырғыларға техникалық қызмет көрсету, жұмыстың ырғақтығы мен
жоспарлылығы, жеткізіп берушілермен жұмыстың ұйымдастырылуы, ақпараттың
жеткізудің ұйымдастырылуы, еңбектің (жұмыстың ) ғылыми ұйымдастырылуы,
өндіріс мәдениеті және т.б. жатады.
Экономикалық факторлар – бұл нарықтағы бәсекелестік, жалақының түрі
мен көлемі, жоғары сапалы өнім мен еңбек үшін сылық берумен ынталандыру,
жіберген ақаулықтар үшін айлықтан ұстап қалу, өнім сапасы, шығындар мен
баға арасындағы ара-қатынасы, тиімділік және т.б. жатады.
Қоғамдық факторларға тәрбиелік жұмыстардың жағдайы, кадрларды таңдау,
орын ауыстыру, тағайындау, оқуды ұйымдастыру және біліктілікті жоғарылату,
ұжымдағы ахуал, жұмысшының тұрмыстық жағдайы, еңбек пен демалыстың
ұйымдастырылуы және т.б.2, 13 б.

1.2 Өнім сапасының көрсеткіштері және бағалау әдістері

Өнімнің сапа деңгейі онық салалық көрсеткіштері жүйесі негізінде
қалыптасады.Бұл деңгейді анықтау үшін мұның әрбір көрсеткіштерінің сандық
маңызын білу және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет. 4, 77б.
Сапаға қойылатын қазіргі заман талаптары. Егерде өнім арнайы
талаптарға сәйкес келсе өнімді сапалы дейді.
Талаптар дегенде тауардың белгіленуі бойынша белгілі бір уақыт
кезеңінде пайдалануға мүмкіндік беруді қамтамасыз ету үшін, тауар сәйкес
болуы тиісті ерекшеліктерді түсінеміз.
Тауарға қойылатын талаптар: ағымдағы және перспективті (болашақ),
жалпы және арнайы болуы мүмкін.
Ағымдағы талаптар сатылымдағы өндірісі сериялы тауарларға қойылады
және жасалады. Елдің экономикасының белгілі бір даму кезеңіндегі өндірістің
техникалық әрі экономикалық мүмкіндіктері және тұтынушылардың сұраныстары
ескеріліп жасалады. Бұл талаптар, әдеттегідей, мемлекеттік стандарттар мен
техникалық шарттармен регламенттеледі.
Болашақ талаптары тауардың сапа көрсеткіштерінің дәрежесі кеңірек
кешенін біріктіреді. Олар үшін ағымдағы талаптар негізін құрайды. Тауарға
деген болашақ талаптарды жасау тұтынушылардың қажеттіліктерін толығымен
қанағаттандырылуы, өндіріс процестердің жетілуі, шикізаттың жаңа түрлерінің
пайда болуы және т.б. факторларына тәуелді. Олар уақыт өте келе ағымдағы
талаптар тобына өтіп, ГОСТ және техникалық шарттарда регламенттеледі.
Жалпы талаптар не жалғыз, не басым тауарлардың көпшілігіне бірдей
дәрежеде қойылады. Оларға: тауардың өзінің белгіленуіне толық сәйкес келу
және негізгі функцияларын (қызметтерін) атқару дәрежесі, пайдаланудың
ыңғайлылығы, адам үшін қауіпсіз және ағзаның дұрыс, қалыпты өмір сүруін
қамтамасыз ету, белгіленген мерзім ішінде пайдаланымдағы беріктілік пен
сенімділік, жөндеуге келетін және жөндеу оңайлығы, эстетикалық,
эргономикалық және басқа да талаптар.
Барлық осы талаптар пайдаланымның қай қырын сипаттайтынына байланысты
өнім сапасының көрсеткіштерін қарастыруға болады. 2,19 б.

1- кесте. ГОСТ 22851-77 және РД 50-149-79 стандарттары негізінде жасалған
өнімнің сапалық көрсеткіштерінің жіктелуі

қатар Жіктелу белгілері Өнімнің сапалық көрсеткіштерінің
саны жіктелуі
1 Сипатталатын қасиеттеріБағытталу көрсеткіштері. Ресурстарды
бойынша (ресурстарды қорлау) экономды қолдану
көрсеткіштері. Сенімділік көрсеткіштері.
Эргономдылық көрсеткіштері. Эстетикалық
көрсеткіштері. Технологиялылығының
көрсеткіштері. Көлікпен
тасымалдаушылығының көрсеткіштері.
Стандарттау мен унификациялау
көрсеткіштері. Патенттік-құқықтық
көрсеткіштері. Экологиялық
көрсеткіштері. Қауіпсіздік
көрсеткіштері. Экономикалық
көрсеткіштері.
2 Көрсетілу әдісі бойыншаТабиғи бірліктерде бейнеленген
көрсеткіштері. Жалпылау бірліктерінде
бейнеленген көрсеткіштері.
3 Қасиеттердің Бірліктік көрсеткіштері. Кешенді
сипатталатын мөлшері көрсеткіштері (топтық, қорытылған,
бойынша ықпалдастырылған).
4 Бағалау үшін қолданылуыАбсолютті, салыстырмалы және базалық
бойынша мәнді көрсеткіштері.
5 Көрсеткіштердің Болжамдық, жобалық, өндірістік,
мәндерінің анықтау пайдаланушылық көрсеткіштері.
сатылары бойынша
6 Қасиеттердің өлшемі Функционалды, үлестік, баллдық,
бойынша келтірілген көрсеткіштері.
7 Сапаны бағалаудағы мәніНегізгі және қосымша көрсеткіштері.
бойынша
8 Көрсеткіштердің құрылу Көрсеткіштердің регламенттік мәні.
сипаты бойынша Көрсеткіштердің атаулы мәні.
Көрсеткіштердің оңтайлы мәні.

Осы 1-кестеде келтірілген және өнімнің сапасының көрсеткіштерінің
жіктелуінің қысқа түсініктемелері жіктелудің сегіз белгісі бойынша
қарастырылған көрсеткіштердің мазмұны мен құрамы жайлы мейлінше толық
түсініктеме беріледі. Олар төмендегідей:
1.Өнімнің тағайындалу көрсеткіштері. Осы топтың көрсеткіштері
тұтынушылар мен өндірушілерде алғашқы қатарлы қызығушылық тудырады, себебі
әсіресе олар өнімнің тағайындалуына сәйкестігінде белгілі қажеттіліктерді
қанағаттандыруда өнімнің жарамдылығын көрсетеді. Тіптен осы
көрсеткіштердің құрамы бұйымның тағайындалуы мен сипаты жайлы мейлінше
түсінік алуға көмектеседі. Мысалы, егер бұйымға двигательқуаты, салон
сыйымдылығы, қозғалыс жылдамдығы мен оны теру уақыты болса, әрине, ол жеңіл
автокөлік жайлы әңгіме болуда, егер жұмыс режимі, жылдамдығы, естің сипаты
мен сыйымдылығы, принтердің іс-әрекет қағидалары болса, әрине, компьютер
жайлы екендігін байқауға болады. Мұндай мысалдарды шексіз жалғастыруға
болады, бірақ олардың барлығы осы айтылған жағдайларды растайды.
Тағайындалу көрсеткіштері тобына мына келесі топшалар жатады.
- белгілі жіктелу тобына жататын өнімдерді сипаттайтын көрсеткіштер
(мысалы, двигатель қуаты, экскаватордың салыным ыдысының сыйымдылығы,
компьютердің процессорларының жылдамдығы өлшегіш құралдың дәлдігі,
болаттағы көміртегінің мөлшері және тағы басқалары);
- пайдаланушылықтың пайдалы әсерін немесе өнімді тұтыну мен өнімге
шешімдері прогрессивті ендіруді сипаттайтын функционалдылығы және
әсерлілігінің көрсеткіштері (мысалы, машинаның қолдануының
өнімділігі, транспорттық құралдың жүкті көтеруі, жарықтандырушы
құралдың айқындығы, тағамдық өнімдердің калориялылығы және тағы
басқалары)
- негізгі жобалық – құрастырмалық шешімдерді, монтаждың ыңғайлығы,
өнім құрылғылары, оны агрегаттау мен өзара алмастыра алушылық
мүмкіндігін сипаттайтын құрастырма көрсеткіштер (мысалы, бұйымның
құрамының жиынтықтық сызбанұсқасы және тағы басқалары)
- өнімдегі химиялық элементтердің мөлшері немесе құрылымдық топтардың
мөлшерін сипаттайтын құрылымдық және құрамдық көрсеткіштер(мысалы,
бір заттағы бір заттың пайыздық мөлшері, ерітінділердегі қоспалардың
концентрациясы, тағамдық өнімдердің құрылымдық құрамы және тағы
басқалары)
Тағайындалу көрсеткіштері өнімді әзірлеуде, пайдаланушылының
техникалық жағдайлардан, бұйымның құжатында техникалық міндетінде есепке
алынады. Әрбір өнімнің класы, түрі мен типінің тағайындалу көрсеткіштерінің
құрамы спецификалы, ол жоғарыда келтірілген мысалдарға сәйкес болады. Мұнда
бәрібір де тағайындалу көрсеткіштерінің жинақтық сипаттамаларымен бұйымның
типтік топтарын ажыратып көрсетуге болады.
Ең алдымен тағайындалу көрсеткіштері өндірілетін өнімнің нормативті
құжаттарына сүйемелдеу, жарнама обьектісі мен алдыңғы қатарлы стандарттау
болып келеді. Бұл көрсеткіштер сипатталатын қасиеттердің (сенімділігі,
эргономикалылығы, эстетикалылығы, стандарттығы, және унификациялылығы,
экономикалылығы, және тағы басқалары) басқа да топтар көрсеткіштерімен
тығыз байланысты. Ал тұтынушы өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру
әдістері мен нұсқаларын негіздеу шешімін шеше алады.
2.Өнімнің сенімділік көрсеткіштері.Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен
сапасын анықтауда сенімділік көрсеткіштері маңызды рөл ойнайды, себебі ең
жетілдірілген бұйымның өзі тағайындалу көрсеткіштері бойынша белгіленген
қызметтерді қажетті сенімділік деңгейімен жабдықталуын баса атқара алмайды.
[8] – ге сай сенімділік – техникалық қызмет көрсету, жөндеу, қолдану
шарттары, сақтау мен көлікте тасымалдаудың белгіленген режимдерінде талап
етілетін қызметтерді орындау қабілеттерін сипаттайтын барлық өлшемдердің
белгіленген мән шектерінің уақытында сақтап отыратын обьектінің қасиеті.
Сенімділік обьектінің тағайындалуы мен оны қолдану шарттарына тәуелді
күрделі қасиет. Ол мына қасиеттердің: бас тартпаушылық, ұзақ мерзімді,
жөндеуге жарамдылығы мен сақталу ұзақтығы сияқты қиылысуынан тұрады.
Нақты обьектілер мен оларды пайдаланушылық шарттары үшін бұл
қасиеттер әртүрлі қатынастың мәнге ие. Мысалы, жөндеуге келмейтін
обьектілердің негізгі қасиеті – бас тартпаушылық болса, ал жөнделетін
обьектілердің ең маңызды қасиеттерінің бірі – жөндеуге жарамдылық. Талап
етілетін қызметтерді атқару қабілетін сипаттайтын өлшемдерге, мысалы,,
кинематикалық, динамикалық, электрлік, төзімділік, жылдамдық, дәлділік және
тағы басқа өлшемдер жатады. Бұл өлшемдердің мәндері уақыт өте өзгеруі
мүмкін. Обьекті өлшемдердің өзгерулері шектен асқанда, онда ол еңбекке
жарамсыз жағдайға ауысады, бұл обьектінің тағайындалуы бойынша қолдану
үрдісі жағдайында немесе өту кезіндегі жағдайда болуы мүмкін. Құбылыстарға
әкелетін және негізгі жағдайлар сызбанұсқасы 1- суретте көрсетілген.

Негізгі жағдайлар мен құбылыстар сызбанұсқасы

Сурет- 1.

Мұнда ГОСТ 27.002-83 1-суретте көрсетілген құбылыстар мен жағдайларға
келесі анықтамаларды береді.
Түзетілген жағдай – обьектінің нормативті-техникалық немесе
құрастырмалық құжаттамалардың барлық талаптарына сай келетін жағдайды
белгілейді.
Еңбекке жарамды жағдай- обьектінің бекітілген қызметтеріне
қабілеттілігін сипаттайтын барлық өлшемдерінің мәндерінің нормативті-
техникалық құжаттамалары мен құрастырмалық құжаттамалардың талаптарына сай
келмейтін жағдайды белгілейді.
Шекті жағдай – обьектінің тағайындалуы бойынша ары қарай оны қолдануы
ақылға сыйымсыздық немесе оны түзетілген немесе еңбекке жарамды жағдайға
қайта құру мүмкін емес.Сенімділік көрсеткіштерін бағалау үшін принципиалды
мән обьектінің қайта құруына болмайтын, жөнделетін және жөнделуге
болмайтын деп бөлуді ұстанады. Қайта құруға болатын жәнне жөнделетін
обьектілер үшін осы жағдайда нормативті-техникалық құжаттамалары мен
құрастырмалық құжаттамалармен қарастырылған еңбекке жарамды жағдайды немесе
жөндеуді қайта құруға сай жүргізілуі тән. Ал қайта құруға болмайтын және
жөндеуге болмайтын обьектілер үшін мұндай іс-әрекеттер (жөндеу мен еңбекке
қабілеттілікті қайта құру) нормативті-техникалық құжаттамалармен
қарастырылмаған.
Сенімділік көрсеткіштері бір немесе бірнеше обьектілердің қасиеттерін
сипаттайтын бірліктік немесе кешенді түрінде (сай көрсеткіштер деп түсінуге
болады) сенімділікті шарттайтын бастартпаушылық, ұзақ мерзімділік, жөндеуге
жарамды және сақтауға болатындығын мөлшерлік бағалауға бекітіледі.
3. Өнімнің көлікпен тасымалдауының көрсеткіштері. Өнімнің көлікпен
тасымалдануының көрсеткіштері өнімнің кеңістікте орын алмастыруына
(транспорттауына), яғни, оны қолданумен немесе пайдаланумен
ілестірілмейтін, сонымен бірге көлікпен тасымалдануымен байланысты
даярлаушы және аяқтаушы операцияларға бейімделушілігін сипаттайды.
Көлікпен тасымалдануының көрсеткіштерінің тобына жоғарыда көрсетілген
жұмыстарды орындауға шартталған шығындарын көрсететін көрсеткіштер жатады.
Бұл көрсеткіштер көлікпен тасымалдаудың нақты түріне (автокөлікте, темір
жолға, ауалық жолға, судағы жолға), кейде көлік құралының нақты түріне
сүйене отырып анықталынады. Көлікпен тасымалдануының көрсеткіштеріне
мыналар жатады:
- өнім бірлігінің көлікпен тасымалдауға даярлауға орташа еңбек
сыйымдылығы;
- өнім бірлігін көлікпен тасымалдауға белгілі көлік құралын 1км-ге
кететін орташа құны;
- белгілі типті көлік құралынан өнім партиясын жүктеуге кететін
орташа жалғастырымдылығы;
- өнім бірлігінде (Nb) белгіленген көліктік құралдың сыйымдылығының
(V) ең көп шекті мүмкіндігін қолданылуы;
- көлікпен тасымалдау уақыты кезіндегі өзінің алғашқы қасиетін
белгілі шекте сақтаудағы өнімнің үлесі;
- көлікпен тасымалдаудағы рауалы температура;
- көлікпен тасымалдаудағы рауалы ылғалдылық;
- көлікпен тасымалдау үрдісін жылдамдатуға рауалы қайта жүктеу
(әсіресе, авиациялық және космостық көлікпен тасымалдау құралдары үшін);
- көлікпен тасымалдаудағы рауалы дірілдеу деңгейі;
- көлікпен тасымалдаудағы рауалы ұзақтығы;
- бұйымның салмағы мен оның габариттік өлшемдері (ұзындығы, ендігі,
биіктігі);
- бұйымды ораудың талаптары (дірілдеуге төзімділігі, ылғалдылыққа,
әсіресе, теңіз сулары мен буларға, газданған жерге тұрақтылығы);
- көлікпен тасымалдаудағы өнімнің бейімдеушілік деңгейі (жүктеу үшін
бейімдеушіліктердің болуы мен көлікпен тасымалдау кезінде қатыру деңгейі,
қысқыш, тұтқалардың және тағы басқаларының саны мен қайта жүктеу мен
алмастыру кезінде ыңғайлылығы және тағы басқалары)
Көлікпен тасымалдануының көрсеткіштерінің мәндерінің анықтамасы
тәжірибелік, есептеу немесе сарапшылық әдістермен анықталынады.
Мысалы, қарастырылып отырған өнімнің партиясы үшін көлік құралының
немесе ыдыстың сыйымдылығының максималды мүмкін қолдануының коэффициенті
мына формула бойынша анықталады:

V
КV=Nb --------
(1) V(1-I)
мұнда,
I – көліктік құралының сыйымдылығының нормативті ысырабының
коэффициенті.
Көлікпен тасымалдану кезінде өзінің алғашқы қасиеттерінің белгілі
шектерде сақталатын өнімнің үлесі мына формула бойынша анықталады:

KD=GPGH
(2)
мұндағы,
GH - көлік құралына сыятын өнім мөлшері;
GP - көлік құралынан жүктелген және рауалы шектерде сапа
көрсеткіштері мәндерін сақтаған өнім мөлшері.
KD коэффициенті- көлікпен тасымалдау үрдісінде сақталатын өнімнің
көрсеткіші болады.
Соңғы екі көрсетілген көлікпен тасымалдану көрсеткіштерін
сарапшылық әдіспен баллдық жүйемен анықтауға болады.
4. Стандарттау мен унификациялау көрсеткіштері. Стандарттау мен
унификациялау көрсеткіштері өнімнің стандартын, унификациялылығын және
түпнұсқалық құрамдық бөліктер мен қанықтығы, сонымен бірге басқа
бұйымдармен унификация деңгейі, яғни, нақты бұйымдағы бұйым
стандартталған бөлшектердің, нақты жинақталатын бірліктердің, блоктары және
тағы басқа да құрамдық бөліктерін қолдану деңгейін сипаттайды. Бұл
көрсеткіштер бұйымның құрастырмалық бір түрлілігінің деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді. Олар бұйымның құрамды қажетті типтік-атаулы бөліктерінің
ең аз шекті мөлшерімен өнімнің сапасын және өндірістің ықпалын жоғарылату
мақсатында қолдану мүмкіндігі туралы куәландырады.
Стандартталған түріне бұйымның халықаралық, мемлекеттік, сапалық және
аумақтық стандарттар бойынша жасалған құрамды бөліктері жатады.
Унификациялық түріне бұйымы мынадай құрамды бөліктері жатады:
- мекеме стандарттары бойынша жасалынады, екіден аз емес типтік-
атаулыларда қолданылады немесе бұйымның берілген немесе ұқсас
мекемелерден шығаратын түрлері жатады;
- мекеме дайын күйінде құрамды бөліктердің бірлесу қатарында
жиынтығын алады.
- алдын ала нақты бұйымдар үшін түпнұсқалық түрде жобаланып, екіден аз
емес тип-атаулыда немесе бұйым түрлерінде қолданылған.
Негізгі, аса көрнекті және көп қолданылатын стандарттау мен
унификациялау көрсеткіштері ретінде стандартау Кст; унификациялау Кун;
қолданушылығы Кпр; қайталанушылығы Кповт және тағы басқалары. Жоғарыда
келтірілген стандарттау мен унификациялау көрсеткіштеріне мына формулалар
бойынша анықталады:

Кст= Nст N0; Кун= Nун N0; Кповт=пповтп0; Кпр= п0-
пор п0 (3)

мұндағы,
N0 – бұйымдағы құрамды бөліктердің элементтерінің жалпы мөлшері.
Nст – бұйымдағы стандартталған элементтердің мөлшері;
Nун – бұйымдағы унификацияланған элементтердің мөлшері;
п0 - бұйымдағы тип элементтері атаулыларының жалпы мөлшері;
пти - бұйымдағы бір типті элементтерінің тип-атаулыларының мөлшері;
пор - бұйымдағы түпнұсқалық элементтерінің тип-атаулыларының
мөлшері.
5. Патенттік құқықтық көрсеткіштер. Өнім сапасының патенттік құқықтық
көрсеткіштері Қазақстан Республикасында және шет елдерде бұйымның патенттік
тазалығы мен патенттік қорғауды сипаттайды, ол, әсіресе, ішкі экономикалық
байланыстар мен халықаралық қатынастарында кең дамыту шарттарында маңызды.
Патенттік қорғаудың көрсеткіштері бұйымның Қазақстан Республикасының
патенттерімен болжанатын экспорттық елдерде немесе жергілікті жаңалықтар
мен өнертабыстарын лицензия сатудың қорғау деңгейін көрсетеді. Ол
бұйымдарға Қазақстан Республикасында және шет елдердегі өнертабыстармен
мойындалған жергілікті техникалық шешімдерді ендіруі жайлы айтуға болады.
Патенттік тазалығының көрсеткіштері елдің ішінде ғана өткізуге
арналған бұйымдарға ендіру деңгейін көрсетеді, мұнда техникалық шешімдер
елдегі жан-жақты құқықты патенттерге тәуелсіз болады. Қазақстан
Республикасында және шет елдердегі қорғау патентінің көрсеткішінің
сүбелілік коэффициенті, ол былай анықталады:

Pиз=∑ m; +∑ mj NjNjo; (4)

ал, тазалық патентінің көрсеткіштері былай анықталады:

Pn.r=∑ nj+∑mj Njo-NinrNio (5)

Қарастырылған көрсеткіштерге қосымша ретінде бұйымның патенттік
тазалығының аумақтық таралу көрсеткіштері қосылады, ол мына формула бойынша
анықталады:
Pτ=CnrCo (6)
мұндағы,
Cnr – бұйымның патенттік тазалығына ие елдер саны;
Co – бұйымдарды күтілген экспортқа шығаратын немесе лицензиясын
сатуға ие елдер саны.
Патенттік тазалық пен патенттік қорғау көрсеткіштері өнімнің сапасын
бағалау үшін ғана емес, оны шет елдерге сату сертификациясына қолданылады.
6. Экологиялық көрсеткіштер. Экология (гректің оікоs - тұрғылықты
мекені, ортасы дегенді білдіреді) түсінігінің анықтамаларының бірі -
обьектілердің өзара және қоршаған ортамен өзара қатынастары жайлы ғылым
ретінде сипатталады.
Өнімнің сапасының экологиялық көрсеткіштері өнімді пайдалану немесе
қолдану кезінде туатын қоршаған ортаға зиянды әсерлерінің деңгейін
анықтауын сипаттайтын көрсеткіштер. Әрдайым экологиялық көрсеткіштерге
мыналар жатады:
- өнімді қолданғанда (пайдаланғанда), көлікпен тасымалдауда, сақтауда
қоршаған ортаға шығарылатын зиянды заттарының мөлшері
(концентрациясы);
- қоршаған ортаға (суға, ауаға, жерге, жабық немесе желдетілетін
бөлмелерге немесе ғимараттарға)зиянды заттардың шығару
ықтималдылығы;
- өнімді жасауда, сақтауда, қолдануда, көлікпен тасымалдауда зиянды
сәулеленуінің деңгейі (радиациялық, жарықтық, жоғары жиілікті және
тағы басқалары);
- өнімнен шығатын шудың, дірілдеудің, зиянды әсер етудің адамға
ықпалының деңгейі және тағы басқалары.
Көрсетілген көрсеткіштер көп жағдайларда есептелген, өлшенген болады,
олар бойынша ақпараттар жүйеленіп, жинақталып, диаграмма, кесте түрінде
көрсетіледі, оларды қолдана отырып рауалы шекті деңгейлер бекітіледі. Мұнда
көрсеткіштердің берілген мәндері мөлшерінің жоқтығы практикада адам мен
қоршаған ортаға зиянды әсерлерден қорғалуын бағалау үшін экологиялық
жағдайлардың жанама бағалауға сапалық сипатталуы қолданылуы мүмкін –
мысалы, экрандардың дыбысты жоғалтқышы, шаң сорғыштардың тазалағыш
құрылғылардың, қорғаушы элементтерінің болуы.
Адам денсаулығы мен қоршаған ортаның қорғау талаптары мен нормалары
халықаралық, мемелекеттік және қоғамдық ұйымдардың, халықаралық экологиялық
регламенттер мен нормалардың кепілдемелерімен, ережелерімен,
стандарттарымен анықталады.
7. Қауіпсіздік көрсеткіштері. Қауіпсіздік көрсеткіштері адамдардың
өнімдердің (қызмет ететін қызметкерлерге) қолданылуы немесе пайдаланылуы
кезіндегі қауіпсіздікті шарттайтын қасиеттерін сипаттайды, сонымен бірге
оны өндіруде айналысында қолдануда және қайта құруды (жөндеу) кезінде
қауіпсіздік жағдайлардан қамтамасыз етуімен байланысты қасиеттерін
көрсетеді. Олар адамның апаттық жағдайында немесе өнімді қолдану
ережелерінде қарастырылмаған кез келген қауіпті шараларда қорғауды
қамтамасыз ететін талаптарды қамту керек.
Қауіпсіздік көрсеткіштеріне мыналар жатады:
- апаттың немесе штатты емес жағдайлардың пайда болу ықтималдылығы;
- өнімді қолданудағы орташа (регламенттелген) жағдайда белгілі уақыт
ішіндегі адамның қауіпсіз жұмыс жасау ықтималдылығы;
- регламенттелген уақыт ішіндегі адамның (оператордың,
қызметкерлердің) қауіпсіз еңбек ету ықтималдылығы;
- қорғаушы құрылғыларының жұмыс істеу уақыты;
- өнімнің электр тогы басқаратын бөліктің адамға әсерлесуге мүмкін
жерінің қарсы тұрушылығы мен оқшаулаудың электрлік төзімділігі;
- жоғары вольттік шынжырлардың электрлік төзімділігі мен қол
жеткізушілігі;
- қолдан жасаудан және тағы басқаларынан қорғау деңгейінінің мөлшері.
Көптеген осы көрсеткіштерінің барлығы статистикалық деректерді
қолдана отырып есептелініп, өлшеніп қойылады. Өнімнің қауіпсіздік
көрсеткіштері арқылы өнім сапасын бағалауда адамдардың талаптары мен
қауіпсіздік нормаларынан негіз алу керек, олар мемлекеттік стандарттардан
және қауіпсіздік ережелерінен, қауіпсіздік техника ережелерінен және
нормаларынан, өндірістік санитария, өрттен қорғау, халықаралық ұйымдардың
(ИСО, МЭК және тағы басқалары) ережелері, кепілдемелері, стандарттары
арқылы анықталады және нормативті – техникалық құжаттамалармен сәйкес
құрастырылады.
7. Экономикалық көрсеткіштер. Экономикалық көрсеткіштер өнімді
дайындау мен құруда, өнімді жоғарылату мен қамтамасыз етумен байланысты
шығындарды сипаттайды. Олар және де өнімді қолданудың экономикалық
әсерлілігін сипаттайды. Бұл көрсеткіштер бұйымның экономикалық бағасын
өнімнің өмірлік циклдерінің барлық сатыларына шығынды есептеу жолы арқылы
көрсете алады.
Өнім сапасын бағалау мен жоспарлауда экономикалық көрсеткіштер
ретінде мыналар кеңінен қолданылады:
- өнімнің өндірістік шығындар құрылымы (өзіндік құны) мен жалпы
суммасы;
- өнімнің прайс-бағасы;
- өнімнің бағасын нарықтық тетікпен құру;
- өнім бірлігіне кеткен шығындар (жылдық және қызмет ету уақытында);
- өнім сапасының салыстырмалы экономикалық көрсеткіштері, бағаланатын
өнімнің шығынының, соған сай базалық үлгінің шығынының қатынасы
арқылы анықталады;
- өнімнің сапасының біріктірмелі көрсеткіштері, өнімді қолдану немесе
пайдалану кезінде пайдалы әсердің суммасының өнідірісті құру,
қолдану немесе пайдалануға кеткен шығындар суммасына қатынасымен
анықталады;
- өнімінң негізгі өлшемдерінің (пайдалылығы мен еңбекке қабілеттілігін
анықтайтын) бірлігіне келетін өнімнің құны немесе өзіндік құны.
Экономикалық көрсеткіштер өнім сапасын жоғарылату мен қамтамасыз
етудегі оның барлық өмірлік циклдерінің сатыларында кететін шығындарды
талдауда және анықтауда маңызды роль ойнайды.
Жалпы жағдайларда өнімнің сапасын қамтамасыз етудегі кеткен шығындар
құрамына мекеменің шығындары келесідей енеді:
- өнім сапасына нарықтың әртүрлі сегменттеріндегі тұтынушыларының
негізігі талаптарын анықтауға нарықтың маркетингтік зерттеулері;
- өнімнің белгілі түрлерінің негізгі сапалық көрсеткіштерінің
беталысын болжау;
- өндірілетін өнімді нарық талаптарына сай сапасын жақсарту,
қамтамасыз ету бағыты мен мүмкіншіліктерін анықтау мақсатында ғылыми-
зеттеулік жұмыстардың орындалуы;
- жоғары сапалы өнімдерді шығаруға қажетті құрастырмалық және
техникалық құжаттамаларды жасау;
- жоғары сапалы өнімдерді өндіруде тізбектілік, параллельді немесе
агрегаттық әдістермен игеруді ұйымдастыру;
- жоғары сапалы өнімдерді өндірудің үрдістері;
- өнімді өндіру кезінде жарамсыздығын, қолдану үрдісінде бас тарту мен
ақауларының пайда болуының мүмкін себептерін талдау;
- жарамсыз өнімнің профилактикасы үйрету, ақаулар мен бас тартуларының
пайда болуын ескерту;5, 17б.
Өнімнің сапасының экономикалық көрсеткіштерін қарастырылған сапаны
бағалау мен қалыптастыруда дербес рөлін орындай отырып, өнімнің бәсекеге
қабілеттілігіне маңызды әсер беретін біріктірмелік қызметін де атқарады.
Қоғамның тауар және қызмет сапасына қоятын талаптарын көрсететін
нормативтік көрсеткіштерді іс жүзіндегі көрсеткіштерді салыстыру негізінде
өнім сапасын бағалау жүзеге асады. Өнім сапасын бағалау әдісі (ӨСБӘ) деп
жеке өнім сапасының көрсеткішін қолдаудың логикалық және математикалық
операцияларының жиынтығы және тұтынушыға сапа бойынша жақсырақ нұсқасын
таңдау туралы шешімді қабылдау үшін алдымен ұқсас бұйым нұсқасын таңдау
негізінде бұйымның жалпы сапасын анықтау үшін олардың нақты сәйкестіктерін
айтады.
Сапаның жеке және кешенді көрсеткіштерінің абсолютты шамасын анықтау
сапаны өлшеу деп аталады. Бұл көрсеткіштер таңдапалынған өлшемдер
шкаласының бірліктерінде өлшенеді. Ол физикалық немесе шартты бірліктерден
(бөлшектер, балдар және т.б.) тұрады. Көрсеткіш шамасын анықтауда келесі
әдістер қолданылады:
1. Эксперимент әдісі сапа шамасын құралдар не сезу мүшелері көмегімен
тікелей өлшеу арқылы жүзеге асады. Мысалы, сапа параметрлері түрлі
құралдармен өлшенеді: сандық, айырушы және т.б. Сапа белгілері сезу
мүшелерінің көмегімен анықталады. Балама әдіс те жиі қолданылады:
сапа көрсеткіштердің шамасы өлшенбейді, жарамды-жарамсыз ұстанымы
бойынша сынама, үлгі-нұсқа, калибр көмегімен тексеріледі.
2. Есептеу әдісі көрсеткіштердің шамасын есептеу арқылы жүзеге асады,
мысалы, бірліктер шамасы бойынша кешенді көрсеткішті есептеу.
3. Сарапшылау әдісі өнім сапасы жайлы сарапшы мамандардың ойын
ескеруге негізделген. Оның бір түріне дегустация немесе қоғамдық
әдістер жатады.
Толығырақ есептеу әдісіне тоқталайық.
Өнімнің сапасын басқарудағы тәжірбиедегі сұрақтарды шешу
кезінде (жаңа техника сапасы жобалау және жоспарлау, сапаны
аттестациялау, техникалық бақылау және сынау және т.б.) сапаның жеке және
кешенді көрсеткіштердің абсолютті шамаларын табу, яғни сапаны өлшеуден
бұрын сапаны бағалау – нақты (бағаланып жатқан) өнімнің көрсеткіштерін
негізгі көрсеткіштермен салыстыру.
Негізгі көрсеткіштер ретінде келесі көрсеткіштер болуы мүмкін:
• Техникалық тапсырмаға, алғашқы жоба, жаңа ілгері бұйымның техникалық
не жұмыс жобасына салынған сапа көрсеткіштері;
• Бағаланып жатқан бұйымға ұқсас біздің елімізде не шетелде шығарылатын
болмыстағы шынайы бұйымдардың көрсеткіштері (ең үздік отандық не
шетелдік нұсқа);
• Отандық не шетелдік стандартқа енген көрсеткіштер.
Кәсіпорын үшін ертерек шығарылған ұқсас өніммен өзінің жаңа өнімін
салыстыру қызығушылық тудырады. Бұл жерде ұқсас өнім тым ескіріп
кетпегені, яғни оның көрсеткіштері қазіргі заман талаптарына сәйкес келуі
маңызды.
Барлық жағдайда негізгі нұсқа нақты станок, қыспақ және т.б. болу
қажет. Түрлі бұйым, жоба, стандарттардың ең үздік көрсеткіштерін
таңдап идеалды моделді жасаудың қажеті жоқ. Мұндай бағалау алдын ала
сәтсіздікке ұшырайды. Себебі, әрбір бұйым ұқсас бұйымнан бір жағынан ұтса,
ал екінші жағынан ұтымсыз болады.
Негізгі көрсеткішпен бағаланып жатқан өнімнің сапа көрсеткіштерін
салыстырудың нәтижесі өнімнің сапа деңгейі деп аталады. Өнім сапасының
деңгейі техникалық және техникалық-экономикалық деп екі түрге бөлінеді.
Өнім сапасының дәрежесін дифференциалды әдіс, кешенді әдіс, аралас
әдіс және сапаның интеграл көрсеткішін есептеу әдістерінің көмегімен
анықтауға болады.
Дифференциалды әдіс бағаланып жатқан бұйым сапасының жеке
көрсеткіштерін негізгі аттас көрсеткіштермен салыстырудан тұрады. Осы жеке
қатысты көрсеткіштердің шамасымен сапа дәрежесі жайлы сөз етеді. Егер,
олардың бәрі бірден жоғары не бірге тең болса, бағаланып жатқан бұйымның
сапа дәрежесі негізгіден жоғары не оған сәйкес келеді. Егерде қатысты
көрсеткіштер немесе оның көп бөлігі бірден кем болса, бұйымның сапа
дәрежесі негізгі нұсқаның дәрежесінен кем.
Сапаның қатысты көрсеткішін (Q1) келесі формуламен анықтайды:

Q1 = P1Pjb, i = 1, 2, 3 ..., n, (7)

мұндағы,
P1, Pjb- бағаланып жатқан және негізгі нұсқаларына сәйкес j –сапа
көрсеткішінің мәні.
n - өнім көрсеткішінің саны
Кешенді әдіс бағаланып жатқан бұйымның кешенді көрсеткіштерін негізгі
кешенді көрсеткіштерімен салыстыруға негізделген.
Кешенді көрсеткіш (И) әдетте орта өлшеу арифметикалық көрсеткіштері
арқылы беріледі және келесі формуламен есептеледі:

И = М1P1 + М2P2 + ----+ МnPn (8)

мұндағы,
М1, М2, ..., Мn – сарапшылардың берген бағасы негізінде анықталған
сапа көрсеткішінің ауырлық коэфициенттері.
P1, P2, ..., Pn – жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелген
сапаның қатыстық көрсеткіштері.
Бағаланып жатқан және негізгі бұйымдар сапаларының интегралды
көрсеткіштерінің қатынасы бұйым сапасының техникалық-экономикалық дәрежесін
анықтайды.
Тәжірбиелік нұсқаны жасау кезінде өнім сапасының техникалық дәрежесі
өнім сапасының техникалық дәрежесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сапа қасиетінің көрсеткіштері
Кәсіпорынның сипаттамасы
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда өндірістік тауарлардың сапасын басқару
Өнеркәсіптік кәсіпорында өнім сапасын басқару
Сапа және оның теориясы
Өнім сапасы және оны жоғарылатудың маңызы
Өнім сапасын басқару
Өнім сапасы және оны жоғарылатудың маңызы,негізгі жолдары
Көлік қызметіндегі негізгі сервис элементтерін зерттей отырып, қызмет сапасының деңгейін, оны басқару мәселелерін анықтау нәтижесінде қызмет сапасын жетілдіру жолдары
Сапаны басқару
Пәндер